Шиалық атаудың қалыптасуы



Кіріспе

Негізгі бөлім

Шиалық атаудың қалыптасуы
1. Зейдилік
2. Исмаилдік
3. Имамия

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Шиа араб тілінен аударғанда “жақтас”, “көмекші” және “фырқа” (топ) мағыналарын береді. Термин ретінде “шиа” Хз.Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Хз.Али және ұрпағының имамдық (халифалық) үшін ең лайықты кісілер екеніне және мұның насс (аят пен хадис) және таинмен (тағайындау) анықталғанына сенетін қоғамға берілген есім болып табылады.
Шииттіктің мәзһап ретінде пайда болуы туралы әртүрлі көзқарастар бар. Шии туралы деректерде бұл мәзһаптің Хз.Пайғамбардың тірі кезінен бастап бар екендігі баяндалады. Кейбір жазушылар шииттіктің Хз.Осман халифалығының соңғы кезінде, Хз.Али халифалығының алғашқы жылдарында, Жамал және Сыффын соғыстарынан кейін бір фырқа ретінде шыққанын айтады. Осылайша харижилікпен бірге шииттіктің де пайда болғанын көрсетеді.
Бірақ кең таралған және тарихи шындыққа сай келетін көзқарас бойынша шииттік саяси іс-әрекеттері Хз.Османның өлтірілуімен басталған, Хз.Алиді өлтіргеннен кейін топтаса бастаған және Хз.Хусейінді Кербелада өлтіргеннен кейін бір фырқа ретінде пайда болған саяси-діни әрекет болып табылады. Осы соңғы көзқарасқа біз де қосыламыз. Өйткені, тарихи оқиғалар мен саяси-діни әрекеттер нақты бір мезгілде және бір фактор арқылы ғана туындамайды. Белгілі бір процесс кезінде пайда болады және бірнеше фактордың ықпалымен қалыптасады.
Сөйтіп, Хз.Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Хз.Алидің халифа-имам (мемлекет басшысы) болғанын қалайтын адамдар бар еді. Хз.Османның өлтірілуіне байланысты бұл түсінік айқын анықталды және Хз.Али халифа болып таңдалды. Сыффын соғысынан кейін және хакем оқиғасынан кейін бір топ мұсылман Хз.Алиді күпірлікпен кінәләп, оған қарсы дұшпандық әрекет жасаса, ирандықтар мен хижаздықтардан тұратын үлкен мұсылман тобы Хз.Алидің қасынан орын алып, оның халифалығын қолдады. Бұл түсініктегі адамдар Муауие бин Әби Сүфянның мемлекет басшылығын қолға түсіріп, Емеви хандығын құрғаннан кейін, біраз азап пен қайғыға душар болды, бюрократиядан алыстатылды. Қысым мен зұлымдық көрді. Сондықтан ұйымдасуға және Емеви сұлтандығына қарсы әрекет көрсетуге тырысты. Бұл қарсы әрекеттің мақсаты саяси басқаруды қолға түсіріп, Емеви сұлтандығын құрту еді. Шииттік саяси әрекет Хз.Хусейін 61/680 ж. Кербелада шейіт болғаннан кейін, 65/684 ж. қоғам назарын аударып, бір фырқа ретінде қалыптасты. Бастапқыда Хз.Хусейіннің жақтасы болып, оны Иракка шақырған, бірақ кейіннен Кербалада дұшпандарға тастап, көмек көрсетпеген бұл адамдар Хз.Хусейіннің өшін (кегін) алу үшін жиналып, көмек бермегендіктеріне өкініп, тәубеге келеді. Осылайша тәубе жасағандардың (тәууәбун) жүзеге асырған әрекеті, шианың бір термин болуының және саяси топтасу әрекетінің, яғни бір мәзһап болып ұйымдасуының басты үлгісі болып табылады. Шиа саяси бір әрекеттің атауы болып табылады. Мемлекет басшылығының Хз.Алиге тән екенін қолдайтындар тарапынан басталып ұйымдастырылған. Осы саяси әрекеттен бұрын мұсылман қоғамында шии және сүнни ұғымдары қолданылмаған еді. Осы атаулармен аталған саяси және діни топтар жоқ еді. Мұсылмандар арасында бөлінуге, тіпті қанды соғыстарға себеп болған шии-сүнни деп бөліну уақыт өте келе түрлі діни көзқарастар мен өмірді де көрсеткен.
1.И. Абдулхамид (1981). Исламда Итикади Мезһеплер ве Акайд Есаслары (ауд.: М. Сайым Йепрем). Истанбул: Марифет Баспасы.
2. А. Әл-Багдади (2001). Мезхеплер Арасындаки Фарклар (Ал-Фарк Байн ал-Фирак). (Арапша күнделіктен ауд.: Е. Рухи Фиғлали). 2ші Баспа. Анкара:ТДВ Баспасы.
3. Е. Р. Фиғлали (1996). Чагымызда Итикади Ислам Мезхеплери. Баспа. Стамбул: Селчук Баспасы.
4. Й .Кутлуай (1959), Исламийетте Итикады Мезһеблерин Доғушу. Анкара: Балканоңлу Матбаасы.
5. О. Айдынлы (2003). Мутезиле еколу. Тешеккулу, илкелери ве Ислам душунжесинекаткылары. Марифе Дер., Жилт:3, Сайы: 3. 27-54.
6. А. Асаоглы. Ислам мазхабтары тарихы. Түркістан, 2011. Тұран баспасы.
7. М.Исахан. Мазхабтар тарихы. Алматы, 2010.

Web сайттар:
1. http://www.topos.ru/article/2197
2. http://dic.academic.ru/dic.nsf/islam/572/

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе

Негізгі бөлім

Шиалық атаудың қалыптасуы
1. Зейдилік
2. Исмаилдік
3. Имамия

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Шиа араб тілінен аударғанда "жақтас", "көмекші" және "фырқа" (топ) мағыналарын береді. Термин ретінде "шиа" Хз.Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Хз.Али және ұрпағының имамдық (халифалық) үшін ең лайықты кісілер екеніне және мұның насс (аят пен хадис) және таинмен (тағайындау) анықталғанына сенетін қоғамға берілген есім болып табылады.
Шииттіктің мәзһап ретінде пайда болуы туралы әртүрлі көзқарастар бар. Шии туралы деректерде бұл мәзһаптің Хз.Пайғамбардың тірі кезінен бастап бар екендігі баяндалады. Кейбір жазушылар шииттіктің Хз.Осман халифалығының соңғы кезінде, Хз.Али халифалығының алғашқы жылдарында, Жамал және Сыффын соғыстарынан кейін бір фырқа ретінде шыққанын айтады. Осылайша харижилікпен бірге шииттіктің де пайда болғанын көрсетеді.
Бірақ кең таралған және тарихи шындыққа сай келетін көзқарас бойынша шииттік саяси іс-әрекеттері Хз.Османның өлтірілуімен басталған, Хз.Алиді өлтіргеннен кейін топтаса бастаған және Хз.Хусейінді Кербелада өлтіргеннен кейін бір фырқа ретінде пайда болған саяси-діни әрекет болып табылады. Осы соңғы көзқарасқа біз де қосыламыз. Өйткені, тарихи оқиғалар мен саяси-діни әрекеттер нақты бір мезгілде және бір фактор арқылы ғана туындамайды. Белгілі бір процесс кезінде пайда болады және бірнеше фактордың ықпалымен қалыптасады.
Сөйтіп, Хз.Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Хз.Алидің халифа-имам (мемлекет басшысы) болғанын қалайтын адамдар бар еді. Хз.Османның өлтірілуіне байланысты бұл түсінік айқын анықталды және Хз.Али халифа болып таңдалды. Сыффын соғысынан кейін және хакем оқиғасынан кейін бір топ мұсылман Хз.Алиді күпірлікпен кінәләп, оған қарсы дұшпандық әрекет жасаса, ирандықтар мен хижаздықтардан тұратын үлкен мұсылман тобы Хз.Алидің қасынан орын алып, оның халифалығын қолдады. Бұл түсініктегі адамдар Муауие бин Әби Сүфянның мемлекет басшылығын қолға түсіріп, Емеви хандығын құрғаннан кейін, біраз азап пен қайғыға душар болды, бюрократиядан алыстатылды. Қысым мен зұлымдық көрді. Сондықтан ұйымдасуға және Емеви сұлтандығына қарсы әрекет көрсетуге тырысты. Бұл қарсы әрекеттің мақсаты саяси басқаруды қолға түсіріп, Емеви сұлтандығын құрту еді. Шииттік саяси әрекет Хз.Хусейін 61680 ж. Кербелада шейіт болғаннан кейін, 65684 ж. қоғам назарын аударып, бір фырқа ретінде қалыптасты. Бастапқыда Хз.Хусейіннің жақтасы болып, оны Иракка шақырған, бірақ кейіннен Кербалада дұшпандарға тастап, көмек көрсетпеген бұл адамдар Хз.Хусейіннің өшін (кегін) алу үшін жиналып, көмек бермегендіктеріне өкініп, тәубеге келеді. Осылайша тәубе жасағандардың (тәууәбун) жүзеге асырған әрекеті, шианың бір термин болуының және саяси топтасу әрекетінің, яғни бір мәзһап болып ұйымдасуының басты үлгісі болып табылады. Шиа саяси бір әрекеттің атауы болып табылады. Мемлекет басшылығының Хз.Алиге тән екенін қолдайтындар тарапынан басталып ұйымдастырылған. Осы саяси әрекеттен бұрын мұсылман қоғамында шии және сүнни ұғымдары қолданылмаған еді. Осы атаулармен аталған саяси және діни топтар жоқ еді. Мұсылмандар арасында бөлінуге, тіпті қанды соғыстарға себеп болған шии-сүнни деп бөліну уақыт өте келе түрлі діни көзқарастар мен өмірді де көрсеткен.
Мұсылмандар қайтадан бірлік пен тұтастыққа жету үшін қоғамда шии-сүнни деп бөлінуді тоқтатып, бұл сөздердің қолданылмауы, олардың орнына әртүрлі түсінікке сенген адамдарды да қамтитын "мұсылман" сөзінің қолданылуы керек.
Шиа, бір жағынан таңдауға қарсы шығатын, мемлекет басшылығының аят және хадиспен айқындалғанын қолдайтын теократиялық мемлекет құру түсінігіндегі қоғамды көрсетеді. Ислам тарихында Хз. Али мен оның ұрпағының есімін қолданып, жеке пайда түсіруге тырысқан адамдар мен қоғамдар кездесіп отырған.
Тәууәбун әрекеті мен Хз.Алидің балаларының бірі Мұхаммед бин әл-Ханефие атына шақырылған әл-Мұхтар бин Әби Убейд Әс-Сахафидің әрекеті - алғашқы шииттік әрекеттер, ал мехди, ғаиб, имам, рижад және беда пікірлері алғашқы шииттік пікірлер ретінде пайда болған.
Әл-Мұхтар немесе Мұхаммед бин әл-Ханефиге жақтас болғандар Ибнул-Ханефие өлгеннен кейін (81-700-701), Хз.Хүсейннің аман қалған баласы Алидің маңайына топтаса бастады. Бірақ, ол халықты өзінің айналасына жинауға тырыспаған, атын пайдалануды қаламаған. Кербела оқиғасынан кейін Мәдинаға қайта оралып, тыныш, қарапайым өмір сүрген. Өмірін тақуалық және ғибадатпен өткізгендіктен, оны "Зейнул-Абидин" (ғибадат жасағандардың әшекейі) деп атаған.
Хз.Хусейн шейіт болғаннан кейін емевилерге қарсы алғаш көтеріліске шыққан Али, жақтасы Хз.Хусейннің немересі, Имам Зейд бин Али бин Хусейн бин Али еді. Оның пікірлерін жалғастырған ұлы Яхяның басқаруымен Зейдия мезхебі шыққан.
Уақыт өте келе осы алғашқы топ арасында бірқатар саяси-діни келіспеушіліктер пайда болды. Жафар әс-Садықты (148-785) алтыншы имам деп қабылдайтындар "Жафари-Имами" деп аталса, оның үлкен ұлы Исмаилды имам деп қабылдайтындар және имамдықтың соның имамдығымен бітетіндігін қолдайтындар "Исмаилия" деп аталады. Шиа имамдықты (халифалықты) насс пен өсиетке арқа сүйете отырып, діннің әдісі деп санағандықтан "имамия", саяси жақтастықты анықтайтындықтан "шииттік", пікірлік мәселелерде көбінесе имам Жафар Садықтың көзқарасы мен пікірін қолдайтындықтан "Жафарилік", он екі имамды қабылдағандықтан "Иснә ашария" деп аталған.
Шииттік Али мен оның ұрпағын дос деп қабылдайтындар (уалаят) және дұшпандарын мұсылман деп санамайтындар (берает) деп те анықталған.
Шииттер тарихта келіспеушілік жағдайда болған, бір-бірін күпірлікпен кінәлайтын бірнеше бөліктерге бөлінген. Зейдилік, Исмаилік және Имамия қазірге дейін жеткен соның бөліктері болып табылады.

1. Зейдилік
Зейдилік - шииттіктің қазіргі кездегі тармақтарының бірі. Имамия шиасының төртінші имамы Али бин Хусейн Зейнелабидиннің ұлы Зейдке (80-122699-740), одан кейін ұлы Яхяға (125-743) бағынып, олардың имамдығын қабылдағандардың мезхебі болып табылады. Шии мәзһаптерінің ішінде Әхл-и сүннетке ең жақыны - Зейдилік. Осы тұрғыдан зейдилікті шиадан деп санамайтын жазушылар да бар. Білімді, мәдениетті әрі тақуа кісі болған имам- Зейдтің атымен Зейдилік деп аталған.
Емевилер кезінде қиын күндерді басынан кешірген Зейд Емеви мемлекетінің басшысы Хишам бин Абдулмәлікпен сөйлескеннен кейін, оған қарсы әрекет жасауға шешім қабылдаған. Куфаға келіп, көтеріліс жоспарын жасаған бауыры Әбу Жафар Мұхаммед әл-Бакырмен бірге осы жоспарды талқылаған. Әбу Жафар оған куфалықтарға сенбеу керектігін айтса да, оны тыңдамай, өзіне сеніп, ант берген он бес мыңдай куфалықпен бірге емевилердің Куфа әкімі Юсуф бин Омар әс-Сақафиге қарсы көтеріліске шығады. Куфа әкімінің әскері мен Зейд әскерінің арасында соғыс жүріп жатқан кезде, халифа Хишамның тыңшылары оның әскерлері арасында келіспеушілік туғызатын үгіттер жүргізген. Имам Зейдке "Әбу Бәкір мен Омар туралы өз көзқарасыңды айт, әйтпесе саған көмек бермейміз" деген. Имам Зейд: "Бұл екеуі туралы жақсылықтан басқа ешнәрсе айта алмаймын, әкемнің де бұлар туралы тек жақсы нәрсе айтқанын естігенмін. Мен Мәдинаға шабуыл жасаған Емеви хандығына қарсы көтеріліске шықтым" - дейді. Бұл жауаптан кейін адамдар одан кетеді. Зейд оларға: "Мені тастадыңыз (рафазтумуни)" - дейді. Оның қасында аз ғана адам қалады, бірақ олар өлгенше соғысады. Зейд осы соғыста өлтіріледі.
Кейіннен аман қалған Зейдтің жақтастарының өз араларында келіспеушіліктер туындап, жарудия, сүлеймания және бетрия деген топтарға бөлінген.
Зейдилік - қазіргі кезде Йеменнің ресми мәзхабы.
Көзқарастары
Аббасилердің алғашқы кезеңдерінде итиқадтық фырқа ретінде пайда болған Зейдия өзінің көзқарастарымен үлкен мәнге ие болған. Әсіресе, имамдық және үлкен күнә істеген адамның жағдайы туралы пікірлері шииттікте бір жаңалық болып саналған.
Зейдиліктің көзқарасы бойынша имамдық насс және тағайындаумен болмайды. Хз. Пайғамбар, нұсқап есімін айту арқылы өз орнына ешкімді имам ретінде мемлекет басшысы етіп тағайындамаған. Сондықтан да, имам тек сипаттарымен ғана анықталады. Өзіндегі сипаттары бойынша Хз.Алидің имам болуы керек. Өйткені, оның имамдыққа керекті сипаттары бар. Ал имамның сипаттары - хашими, тақуа, сенімді, ғалым және жомарт болу. Сонымен қатар имам имамдығын жариялауы керек. Міне осы түсінік Зейдияның имамдықтың насс және тағайындаумен болатынын қолдайтын имамия тобынан ерекшеленетінін көрсетеді. Зейдие көзқарасы бойынша имамның исмет (күнәсіздік) сипаты жоқ. Яғни, барлық күнәлардан сақталмайды, қате іс істейді және барлық нәрсені біле бермейді (вехби ғылым иесі емес).
Зейдилік ғайып имам түсінігін қабылдамайды. Мемлекет басшысын көсемдік сипатқа теңестірмейді. Лайықтылық жағынан адамдардың әртүрлі болатындығын қабылдап, ең лайықты адам (афдал) бар кезде, сол лайықтының (мафдул) имам бола алатынын айтады. Яғни, Әбу Бәкір, Омар және Османның халифалықтарының дұрыс екенін қолдайды. Ешқандай сахабаны күпірлікпен кінәламайды.
Зейдиліктің бұл көзқарасы мұсылман қоғамда саяси тұрақтылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың орнатылуында үлкен мәнге ие болып, қолдау тапқан.
Зейдия үлкен күнә жасаған мүмін толығымен тәубе жасамаса, тозақта мәңгі қалады дейді. Харижилік және мүтәзиләмен бірдей болған бұл көзқарас күнә жасағандардың үмітін үзетін ерекшелік болып табылады.
"Әл-әмру бил-маруф уән-нәхиу әніл-мүнкәрдің" толық жүзеге асырылуын қалайтын Зейдия фыкыхтық амелдік мәселелерде әхл-и сүннеттің ханафия мәзһабының көзқарастарына ұқсас болып келеді.

2. Исмаилдік
Шииттіктің асыра сілтеуші бөлімдерінің бірі. Имамияның алтыншы имамы Жафар ас-Садықтың (148765) өлімінен кейін пайда болды. Яғни, имамия шиасы жетінші имам ретінде Мұса әл-Қасымды алса, исмаилер Жафар-ас-Садықтың үлкен ұлы Исмаилді жетінші имам деп қабылдайды. Жеті имамды қабылдайтындықтан оларды "жетішілдер" (сәбинә) деп те атайды.
Исмаилдің ең жақын досы Әбул-Хаттаб (138-755) Исмаилия атымен шыққан батыни фырқаның діни сенімдері мен жалған құрылымын қалыптастырған адам болып табылады.
Исмаилдің өлімінен кейін (158-774) баласы Мұхаммедтің айналасына жиналған исмаилдіктер жұмыс басына Әбул-Хаттабты әкелді, одан кейін Мәймүн әл-Каддах пен баласы Абдуллахқа (761784) бағынған. Бұл адамдар көне Орта Шығыс діндері мен жаңа Эфлатон философиясынан пайдаланып, батыни дін сенімі мен ұйымын құрған.
Құрылғаннан бастап 150 жылдан астам уақыт имамдары жасырын (ғайып) болған исмаилияны үгіт жүргізушілер басқарған. Куфа, Йемен, Ирак және Солтүстік Африкада әрекет жасап, үгіт жүргізген бұл имамдар өз мәзһаптарының көзқарасын таратуды қалады. Бахрейннің үгітшілері Бахрейндегі басқару ісін өз қолдарына алып, сол жерде Кармати мемлекетін құрды. Зұлымдық пен қысым басым болған бұл дүниеге әділдік орнататын құтқарушы (мехди) келетінін, оның залымдардан өш алатынын айтуы маңайына көптеген адамның жиналуына себеп болды. Сол кездегі тәртіпке (басқаруға) қауіпті болған исмаилдік үгітшілер Йемен мен Солтүстік Африкада да жетістікке жетті. 297909 ж. Мысыр мен оның айналасында Фатими мемлекетін құрды. Мысырда атақты әл-Әзхар университетін салдырып, Каирды астана, әрі білім және мәдениет орталығы етіп алды. 5671171 жж. Аюбилер тарапынан жойылған фатимилер ұзақ уақыт Йемен, Мысыр, Сирия, Хижаз және Солтүстік Африканың маңызды бөлігін өз қолдарында ұстады.
Исмаилия әл-Мустансырдың халифалығы кезінде (427-4871036-1094) Низари және Мустами тобы болып екіге бөлінді.
Алдымен имамия шиасы болған Хасан Саббах үгітшілердің жұмысының нәтижесінде Исмаилдік болды. Низардың имамдығына қолдау көрсетті. Көтерілісші және батыни пікірлерімен Ислам әлемінде батыни сенімдерді таратушы болды. Уақыт өте келе Йеменнен басқа аймақтардағы исмаилдіктер де Низардың қасына барып, низарилік көптеген аймақта үстемдік етті.
Исмаилдықтың басқарушысы "нағыз үгітші" деп аталған. Низари исмаилдіктері қазіргі кезде дүниенің көптеген аймағына тараған. Үндістандағы Бохра деп аталатын батыни сенімді топ бұлардың бірі болып табылады. Хасан Саббах тарапынан Иранда құрылды. Ол 4831090 жж. Казвин маңайындағы Аламут қаласын басып алып, Иран Низари исмаили мемлекетін құрған. Гашиш берілген қорғаушылар осы мемлекеттің көмегімен Исмаилікті Ирак және Сириямен қоса Анадолыда да таратуға тырысқан. Уақыт өте келе Ираннан Үндістан және Ауғаныстанға келген Низари исмаилилігі 12331840 жж. Бірінші Аға Хан Хасан Али шахпен үндістанда жаңа бір кезең бастады. Үшінші Аға Хан сұлтан Мұхаммед шах кезеңінде үлкен жетістікке жетіп, төртінші Аға Хан болған Кәрим шах Алидің басқаруымен қазірге дейін жеткен.
Қазіргі кезде исмаилдіктер Үндістанда ғана емес, Азия, Еуропа және Африканың көптеген елдеріне тараған. Өмір сүріп жатқан елдерінде маңызды орын алған исмаилдіктер түрік әлеміне де таралуда. Материалдық мүмкіншіліктерін қолданып, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжикстан, Өзбекстан және Әзірбайжанда көптеген адамдарды исмаилдікке тартуда.
Көзқарастары
Исмаилияның көзқарастары толығымен батыни негіздерге сүйенеді. Көне грек философиясы және Таяу Шығыс діндері кейбір исламдық мәліметтерді батыни мағынада біріктіріп жорамалдаудан тұрады. Ислам әлеміне үлкен зиян келтіретін бұл исмаилдік түсінігі көптеген қате көзқарасты, исраилият пен хурафаны мұсылман мәдениетіне енгізген. Олар өздерінің көзқарастарын кейде үгіт жүргізу, кейде террор мен анархия арқылы жүзеге асыруға тырысқан. Есірткі зат қолдану, мафия ұйымын құру және әйелдерді қолдану - исмаилдік үгіт жүргізу құралдарын құрайды.
Исмаилия Аллаһтың бір екенін және Хз. Мұхаммедтің пайғамбарлығын қабылдаумен қатар Алиді пайғамбардың өкілі және мұрагері деген пікірді қолдайды. Батыни көзқарастарын мұсылман халыққа қабылдату үшін Хз. Али мен Ехли Бейтті қолданады. Осындай уәләет (дос деп қабылдау) түсінігі исмаилиенің сенім негіздерінің бірі болып табылады.
Исмаилдықтар күніне үш рет намаз оқиды. Бірақ жұма намазын оқымайды.
Зекет беру жақсы ғибадат деп саналып, басшыға беріледі. Жылжитын және жылжымайтын дүние-мүліктен жиналатын зекет исмаилдік қоғам жұмыстары үшін жұмсалады.
Исмаилдіктер Әхли сүннеттегі сияқты рамазан айында отыз күн ораза тұтады. Қажылық ғибадаты да Исламдағы сияқты жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, иман имамға бағыну арқылы ғана болады. Исламның элементтері уәлаеттің көмекші бөлігі болып саналады. Ал иманның анықтамасы "әрбір анық нәрсенің жасырын жағы болады" деген түсінікке сүйенеді.
Бұл түсінік бойынша имамды қабылдамайтындарға барлық адал нәрсе арам, ал имамды қабылдағандар үшін барлық нәрсе адал болып табылады. Екінші жақтан діни үкімдерді батыни мағыналарында түсіну және философиялық тұрғыдан жорамалдау керек.
Исмаилдіктер Ислам ғибадаттарын теорияда қабылдағанмен оларды жүзеге асыруға көп мән бермейді. Қожа және Аға хан исмаилдіктер намаз оқымайды.
3. Имамия
Имамия имамдықты және он екі имамға сенуді діннің негізі деп санап, Хз.Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Хз.Али мен оның ұрпағының имамдар екенін қабылдаған мәзһап болып табылады. Бұл мәзһаптің көзқарасы бойынша Хз.Али және оның он екі ұлы мен немерелері Аллаһтың аяттары және Хз.Пайғамбардың өсиетімен имам болып тағайындалған.
Қазіргі кезде Иранның ресми мәзхабы болған шииттік, міне осындай сенімге ие.
Имамдықтың насс және өсиет арқылы болатынына, сондықтан да діннің парыздарының бірін құрайтынына сенгендіктен имамия деп аталатын бұл қоғам, он екі имамды қабылдағандықтан "он екішілдер" (Иснә-ашария); сенім, ғибадат және іс-әрекет мәселелерінде имам Жафар әс-Садықтың көзқарастары мен анықтамаларына бағынғандықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін және саясат
Уахабилік ағымы
Үржар топонимінің қалыптасу тарихы – лингво-мәдени аспектіде
Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар және діни экстремизм
НОМИНАЦИЯНЫҢ ОНОМАСИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ. НОМИНАЦИЯ ТҮРЛЕРІ
Сөзжасамның тәсілдері
СӨЗЖАСАМ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы
Этнолингвистика және этимология
Жалпы туынды сөз қазақ тілінің бір үлкен саласына айналуы заңды
Пәндер