Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары

QLIFE. KZ · ФЕВ 14, 2012 · 0 КОММЕНТАРИЕВ

Гинекологиялық аурулардың 60-75% қабыну аурулары құрайды (әйелдер кеңесіне қаралғандардан алынған мәліметтер бойынша) . Жыныс мушелерінің қабыну аурулары пайда болғанда әйел мүшелерінің және жүйелерінің функциялары жиі бұзылады. Қабыну процесстеріне спецификалық және бейспецификалық этиологиялы деп ажыратады. Бейспецификалық қабыну процессі стафилококктар, ішек таяқшасы, стрептококктар, көк іріңді таяқшаларымен қоздырылады, екінші топты - трихомонадтар, гонококктар, кандидалар, вирустар, микоплазмалар, хламидиялар қоздырады. Қазіргі уақытқа дейін септикалық этиологиялы жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының негізгі қоздырғышы стрепкоккок болып табылады. Бірақ қазіргі уақытта жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының қоздырғыштары ішінде антибиотикке төзімділік штаммдарын тез шығаратын шартты патогенді стафилоккоктар және грамм теріс бактериялар әсіресе ішек таяқшасы кең орын алған. Стрептокктармен және көк ірің таяқшасымен қоздырылатын аурулар сирек кездеседі. Қабыну патогенді қоздырғыш әсеріне қарсы және қоздырғыш микробты иммобилизациялауға оны жоюға организмнен шығаруға бағытталған организмнің қорғаныштық-бейімделу реакциясы. Қабыну процесі жедел, жеделдеу және созылмалы деп ажыратылыды. Созылмалы қабыну процесі өз кезегінде жиі өршулермен өтеді немесе жыныс мүшелерінің тыртықтық-жабысқақтық өзгерісі түрінде жүреді. Қабыну реакциясының маңызды звеносы дәнекер ұлпасы болады. Бұлар алдымен қан тамыр өткізгіштігін жоғарылататын, тонусын өзгертетін, микроциркуляцияны реттейтін биологиялық активті заттар және гистамин, серотонин құрамына кіретін ірі клеткалар. Қабыну реакциясына қатысатын жасушалық элементтерге қорғану тосқауылын құрайтын нейтрофильдер, гистиоциттер, фибробластар жатады. Қабыну ошағында күрделі биофизикалық өзгерістер жүреді: қан айналым бұзылысы, тіндік ыдырау өнімдерінің жиналуы, ацидоз дамиды, нуклеинді қышқылдар, лейкотоксиндер түзіледі, кең мөлшерде серотонин, гистамин ацетилхолин бөлінеді, олар қан тамыр өткізгіштігін арттырады. Әйел жыныс мүшелері тініндегі жергілікті қабыну реакциясының түзілуі қоздырған микроб түрінде, науқастың жалпы жағдайына және организмнің иммунологиялық реактивтілігіне байланысты. Жиі қабыну аурулары инфекциялық текті болады. Сирек олар өнеркәсіп факторларымен байланысты механикалық, химикалық, термиялық және эндогенді әсерлер нәтижесінде дамиды. Кез-келген зақымдаушы фактор әсерінен дамитын қабыну реакциясын тізбекті биохимиялық реакциялар түрінде жүретін екі фазаға бөледі. Бірінші фаза-тез (тез арада) 35 минут өтеді және серотонин, гистамин, ацетилхолин және басқа биохимиялық активті заттар түзілуі нәтижесінде дамитын веналар өткізгіштігінің бұзылысымен суреттеледі. Екінші фаза - баяуланған 1-8 сағат, кейде 1-7 тәулік ішінде дамитын кининдер, жоғары молекулярлы глобулиндердің және баска брадикинин тәрізді заттардың капиллярларға әсері нәтижесінде қантамыр өткізгіштігінің өзгеруімен байланысты болады. Науқастардың 60-70% да қабыну процесі септикалық микрофлорамен байланысты, ал 15% - гонореямен, 8% - туберкулезбен байланысты. Қайталап өршуге және созылмалы түрге өтуге бейім болып, ол әйел организмінің функцияларының бұзылуымен жүреді (етеккір, жыныстық, репродуктивті, секреторлы) . Сирек емес жағдайда жыныс мүшелерінің қабыну аурулары уақытша, кейде тұрақты еңбекке жарамсыздыққа себеп болады.

Вульвит - әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы. Біріншілік, екіншілік вульвит болып ажыратылады. Біріншілік ол жарақат әсерінен дамып, сол жердің инфекциялануымен жүреді. Жарақат кезінде диабетте, гельминтозда, тері ауруларында (пиодермия, фурункулез және басқаларында вульвит, вульвовагинит) кездесетін сыртқы жыныс мүшелерінің қышуы болуы мүмкін. Екіншілік вульвит әйелде кіші жыныс мүшелерінің қабыну процесі болғанда дамиды. Қынаптан, жатыр мойынынан патологиялық бөліністердің ағуы вульваның эпителиальды жабындысын бұзып, микробтың енуіне қолайлы жағдай (стафиликокктар, ішек таяқшасы, стрептококктар және т. б. ) тудырады.

Клиникасы . Жедел және созылмалы вульвитті ажыратады. Жедел вульвит тіндер ісінуімен, диффузды гиперемиямен, ірінді бөліністермен, шап катпары мен санның ішкі бетінің гиперемиясымен, кейде сыртқы жыныс мүшелерінен лимфа келіп ағатын шап лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жүреді. Кейде вульвит тік ішекте және жыныс қуысында орналасатын жедел кандиломалармен бірігіп келеді. Науқастар жыныс мүшелерінің ашуына, қышуына, әсіресе зәрге шыққаннан кейінгі іріңді бөліністерге және ауырсынуларға шағымданады. Вульва ішек таяқшасымен зақымдалғанда болатын бөліністері сұйық және жағымсыз иіспен, сарғыш жасыл түсті, ал стафилакокк зақымдағанда бөліністері қою және сары-ақшыл түсті. Созылмалы вульвит қышумен, ашумен гиперемиямен сипатталады.

Диагностикасы . Диагнозы анамнез мәліметтеріне (өндірістік шандар, жыныстық гигиена бұзылуы, химиялық және физикалық әсер етуі), шағымдарына гинекологиялық қарау нәтижесіне вульвадан бөлінген бөліністерді бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеу мәліметтеріне негізделіп қойылады.

Емі . Комплексті болып, құрамына жергілікті және жалпы әрлендіргіш заттар кіреді. Жедел вульвитте төсектік режим сақтау және жыныстық қатынастан бас тарту қажет, жылы (36-370С) калия перманганаты ерітіндісімен (1000 г), түймедақтың жылы тұнбасымен (1 ас қасық түймедақ 1 стакан қайнаған су құйып 20 минутқа қоямыз), 2-3% бор қышқылы ерітіндісімен сыртқы жыныс мүшелерін тәулігіне 2-3 рет жуу керек. Фурацилин ерітіндісі (1000 г) сіңірілген таңғышты қолданамыз және анестезин майымен майлаймыз. Жеделдеу ағымда перманганат калиймен немесе түймедақ тұнбасымен ванна жасау тағайындалады. Тәулігіне 2-3 рет 10 минуттан.

Кольпит - қынаптың кілегей қабатының қабынуы. Бейспецификалық кольпит стафилакоккпен, ішек таяқшасымен, стрептококкпен қоздырылуы мүмкін. Кольпит дамуының қауіп факторларына қосалқылардың созылмалы қабынулары кезінде байқалатын аналық безінің эндокриндік функциясының төмендеуі, пубертатты және қартайған жаста эпителиальды жабынды бүтіндігінің бұзылуы жатады.

Клиникасы . Кольпиттің негізгі бөліністеріне аурудың жедел және созылмалы сатысына тән серозды, ірінді бөлініс болады. Жедел кольпитте науқас қынап, вульва аймағының қышуына және ашуына шағымданады, зәрге шыққанда ауырсыну мен ашу күшейеді. Созылмалы сатысында бұл белгілер басылады.

Диагностикасы . Көтергіш және қасық тәрізді айна көмегімен қынапты қарағанда аурудың жедел қынаптық гиперемиясы байқалады, серозды немесе іріңді жабындымен жабылады, тигенде қансырайды. Кольпиттің созылмалы сатысында кілегейлі қабаттың аздаған гиперемиясы болады, ауырсыну азаяды. Кольпоскопиялық зерттеу қынаптың кілегей қабатының өзгерісін дәл анықтауға және диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Емі . Бейспецификалық кольпитте жергілікті және жалпы ем жүргізіледі. Жергілікті емде сыртқы жыныс мүшелерінің туалетінде перманганат калий, түймедақ, цинк сульфаты ерітінділерін қолдану керек. Қынапқа галоспоргинмен, облепиха майымен қаныққан тампонды енгізеді.

Эндоцервицит - жатыр мойыны каналының кілегей қабатының қабынуы. Қоздырғыштары стафилакокктар, стрептококктар, ішектаяқшалары, энтерококктар, гонококктар, вирустар, кандидалар болып табылады. Эндоцервициттің дамуына босану, аборт кезінде жатыр мойынының жыртылуы және жыныс жүйесінің басқа бөліктерінің аурулары (кольпит, сальпингоофорит, жатыр мойынының псевдоэрозиялары) себеп болады.

Клиникасы . Жедел сатысындағы науқастар кілегей-іріңді немесе іріңді бөліністерге, кейде іштің төменгі бөлігіндегі және белдің сыздап ауырғандығына шағымданады. Дене қызуының көтерілуі жиі болмайды. Айна көмегімен сыртқы жатыр каналы айналасының гиперемияланғаны және жатыр мойынынан бөліністер анықталынады (лейкоциттер жинағы) Созылмалы сатысында аурулар шағымданбайды, сирек жыныс жолдарынан кілегейлі сипаттағы бөлініс болады. Ауру ұзаққа созылса, жатыр мойны гипертрофияланып, жиі жалған эрозия дамиды.

Диагностика . Клиникалық суреті мен кольпоскопия мәліметтеріне сүйеніп қойылады. Жиі өзгерген жерден алынған биоптатты морфологиялық және цитологиялық зерттеуге аламыз.

Емі . Жедел сатысында антибиотиктер немесе сульфаниламидті препараттар, эвкалипт немесе 2%, натрий бикарбонаты ерітіндісімен ванночкалар, цинкпен электрофорез (эндоцервикалды) тағайындайды. Жатыр мойны жыртылысы фонында дамыған эндоцервицитке қабынуға қарсы еммен, кейін жатыр мойнына пластикалық операция жасау қажет. Емнің түрі жатыр мойны жарақатының ерекшелігіне байланысты.

Эндометрит - жатырдың кілегей қабатының қабынуы. Асқынған аборттар, босанулар, жатыр қуысын диагностикалық қыру, және басқа да жатыр ішілік араласуларынан кейін жиі кездеседі. Қабыну процесі барлық кілегей қабатқа тарауы мүмкін немесе ошақтық сипатта болады. Эндометриттің ауыр түрінде процесс диффузды және ошақты түрде болып бұлшық етке тарайды.

Клиникасы . Дене қызуының көтерілуі, іштің төменгі бөлігіндегі және шап аймағындағы ауырсынуға, іріңді сұйық, кейде жағымсыз иісті (ішек таяқшасы) бөлініске шағымданады; эндометрийдің эпителий жабындысының кейбір аймақтары десквамацияланып, нәтижесінде іріңдіге қанды бөлініс қосылады. Қынап арқылы зерттегенде жұмсақ консистенциялы, аздап ауырсынатын жатырды анықтаймыз. Жиі қабыну процесі лимфатикалық капиллярлар және қан тамырлар арқылы бұлшық ет қабатқа (эндомерит) және қоршаған қабатына тарайды.

Диагностика . Ауруды анықтау қиындықтар тудырмайды. Жатыр қуысындағы түзілісті бактериокопиялық және бактериологиялық зерттеу микробтық флораны анықтауға мүмкіндік береді.

Емі . Жедел эндометритте төсектік режим, іштің төменгі бөлігіне салқын қою. Антибиотиктер мен сульфаниламидтер, ауырсынуды басатын(натрий салицилаты, ацетилсалицил қышқылы) . Седативті (бромкамфора, валерьяна), ал қанды бөліністерде жатырды жиыратындар (эрготал 0, 001 г тәулігіне 2-3 рет, хинин 0, 15 г тәулігіне 3 рет) қолданылады.

Созылмалы эндометрит . Ұзақ уақыт дамығанда қабыну процесі бұлшық ет қабатына тарайды; бұл кезде бұлшық ет тіні дәнекер тінмен алмастырылады (эндометрит) . Жатыр тығыздау, ұлғайған болады. Бөліністер кілегейлі-іріңді болады. Іштің төменгі бөлігіндегі, сегізкөзде, белде ауырсыну болады, жиі ұзақ және көп мөлшерде етеккір (гиперплоименорея), қан кету болады. Жатырды жабатын іш перденің және көрші органдардың қабынуы (периметрит) әсерінен жатырдың қозғалғыштығы тежеледі.

Диагностикасы . Анамнездік мәліметтер, клиникалық көріністер, сонымен қатар жатыр қуысының түзілістері мен эндометрийден алынған жағынды дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйел жыныс мүшелерініңісіктәрізді аурулары мен нағыз ісіктері
Әйел жыныс мүшелерінің қабынуы
Фармакология бойынша
Вульвит - әйелдің сыртқы жыныс мүшесінің қабынуы
Сыртқы жыныс мүшелерінің бейспецификалық қабыну аурулары
Отбасын жоспарлау мәселелері туралы кеңес берудің негізгі принциптері
Сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері
Қазіргі кездегі контрацепция әдістерінің түрлері
Жатырдан тыс жүктілік
«босанудан кейін туындайтын септикалық аурулар»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz