Тарау «байқоңыр» ғарыш айлағының құрылуы және ресейге жалға берілуі


Қала
Қала: Байқоңыр
Қала: Таңбасы
Қала:
Қала: Ел
Қазақстан
Қала: Статусы
Республикалық маңызы бар қала
Қала: Координатасы

Кординаттар: 45 0 37`00`` c. e. 63 0 19`00``

ш. б. (G) (O) (Я)

Қала: Құрылған уақыты
1955
Қала: Бұрынғы атауы
Ленинск (1996 дейін)
Қала: Қала статусы
1965
Қала: Жер аумағы
57 км 2
Қала: Орталығының биіктігі
100 м
Қала: Тұрғыны
37 096 [1] адам (2010)
Қала: Уақыт белдеуі
UTC+6
Қала: Телефон коды
+7 73622
Қала: Пошта индекстері
468320-710501
Қала: Автомобиль код
94RUS
Қала: Ресми сайты

Сілтеме

(қаз. ) (орыс. ) (ағыл. )

Қала:
Қала: Ортақ қордағы санаты: Байқоңыр

Кіріспе

ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі - адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтар 12 - де қағылды. Байқоңыр ғарыш аймағы-Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Жер аумағы 57км 2 қала статусы 1965 жылы берілді. 1

Адамзат баласы жаратылғаннан бері пенде атаулы қиялына қанат байлап, аспан кеңістігіне шығып оның қыр - сырын білуді армандаған. ХХ ғасырдың басында ұшақты ойлап тауып 30 жылдары алғаш зымырандар әуеге самғады. Осы кезден бастау алған зымыран қозғалысы 60 - шы жылдары қанатын кеңге жайды. 1957 жылы 4 қазанда Жердің жасанды серігі ғарышқа шығарылып, 1961 жылы 12 сәуірде өркениетті адамзат тарихында тұңғыш Кеңес Одағының азаматы Ю. А. Гагарин ғарышқа самғады. Міне, осы күннен бастап жыл сайын бүкіл дүниежүзілік ғарышкерлік және авиация күнін айтулы оқиға ретінде атап жүрміз. Бұл дүниежүзін елеңдеткен оқиға біздің жеріміздегі Төретам стансасының түбіндегі Байқоңыр (бұрынғы Ленинск) қаласымен тікелей байланысты. Байқоңыр (1996 жылға дейін Ленинск қаласы) - Қызылорда обл. Қармақшы ауданындағы қала. Төретам т. ж. стансасынан Батысқа қарай 2 км жерде. Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдемінде орналасқан. Тұрғыны 53 000 адам (1997) . Қаланың іргесі 1955жылы Байқоңыр ғарыш алаңын салуға байланысты қаланған. 1960 жылы қаланың тұрғыны 40 000 -ға, ал 1975 жылы 74 000 - ға жетті. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң.

Қаңтардың көп жылдық орташа температурасы - 11 0 С, кейбір күндері 35 0 С төмендейді, шілдеде 26 0 С, кейбір күндері 45 0 С-қа дейін көтеріледі.

Жауын - шашынның жылдық орташа мөлш. 100 мм шамасында. Байқоңырдың жер қыртысы палеоген кезеңінің құмтасты және тақтасты жыныстарынан түзелген. Оның бетін Сырдария аңғарының шөгінділері жапқан. Шалғында - боз және бозғылт құндақты топырағында баялыш, күйреуік, жусан, сораң шөптесіндер басын. Бірнеше мыңға жерді алып жатқан ұзақ жылдар бойына аса құпия нысан болып саналды. Жергілікті тұрғындар да, әскери мамандар да қаланы «10 алаң» деп атап келген. Ал қалаға іргелес жатқан «Крайний» әуежайы мен көптеген шаруашылық мекемелері және Төретам т. ж. ст. «9-алаңға» кіреді. Қалада Мәскеу авиатция институтының филиялы, электр тех. колледжі, ірі есептеу орталығы, әскери аурухана, емхана, әуежай, электр ст., нан, сыра заттары, түрлі мәдениет ошақтары, көптеген сауда, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Байқоңыр қаласының орталық алаңына бас конструкторлар С. П. Королев пен М. Г. Янгелдің ескерткіштері, сондай - ақ, тұғырға С. П. Королев құрастырған ғарыш кемесі орнатылған. Қаланың демалыс саябағында ракеталарды сынақтан өткізу кезінде қаза болғандардың (200-ден астам) бауырластар зираты, ғарышты зерттеу тарихы музейі бар. Байқоңыр қаласы мен ғарыш алаңына қажетті құрал-жабдық, техника, құрылыс материалдары, т. б заттар Төретам т. ж. ст. арқылы жеткізіледі. Қала инфроқұрылымына енетін көптеген кәсіпорындар мен мекемелер Байқоңыр ғарыш алаңымен бірге 1993 жылы Ресей Федерациясына 20-жылға жалға берілді. 1957 жыл 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. 2

Бірінші ғарышкер ұшардан жарты жылдан астам бұрын 1960 жылдың 24 қазанында ең алғаш апат болды. Баллистикалық ракетаны ұшыру кезінде өрт болып, 124 адам қаза тапты. Одан кейінгі қайғылы оқиға 1983 жылы 28 қыркүйекте болды: бортында 2 ғарышкер Виктор Титов пен Владимир Стрекалев бар «Союз» ғарыш кемесі ұшар алдында жарылды. Байқоңыр ғарыш айлағы қызметі басталғалы бері 1200 - ден астам ғарыш апараттары және 1200 -ге жуық континнент аралық баллистикалық зымырандар ұшырылды. Пайдаланылған жылдар ішінде Байқоңырдан 1189 ғарыш апараттары, 1186 континнентаралық баллистикалық зымырандар ұшырылды. Осы мерзім ішіндн ядролық қаруы бар 70 зымыранның ірі апатына жол берілді. Ғарыш алаңын салу ұшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтіп оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы тағы басқа факторлар ескеріледі. Ғарыш аймағынан зымырандар ғарыш кеңістігіне қарай басты - басты 5 тұрлі мақсатпен ұшырылатынын білеміз.

Біріншісі: зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері. Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді.

Екінішсі: тасымал кемелері. Онымен құрал - жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық - түлік, су, киім-кешек, ең аржағы оттегіне дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады.

Үшіншісі: Әскери мақсаттағы зымырандар. Олардың не зерттеп, не тындырып жатқаны бізге құпия. «Зымыран құралдармен жерде жатқан «Правда» газетінің тақырыптарына оқуға болады» дегенді талай естідік. Демек, ол жердегі қыбырлап жүрген адамдар, әсіресе әскери адамдар не істеп, не тындырып жатыр деген сұраққа жауап алу үшін таптырмайтын құрал. Оның сыртында ғарыш кеңістігінен шапқын салатын лазерь қаруы дегеннің пайда болғанын, отты басы ғарышқа шығып алған соң онға, отызға бөлініп әрқайсысының өз алдында дербес қаруға айналатынын білеміз. Міне, соның бәрінің бабын тауып, аясына келтіретін осы әскери зымырандар.

Төртініші: байланыс - жер серіктері. Біздің түрлі - түрлі құрлықтармен телефон байланысымызды былай қойғанда, үйіміздегі телефондар арналарына дейін осы жер серіктері арқылы жұмыс істейді. Мұны дәлелдеп бүгінде көзқарасы адамға артық.

Бесінші: Планеталық ғарыш кемелері. Осы жерден жеті айлық ғарыш жолы бар Марсқа әлденеше зымырандардың ұшырылғанын білеміз. Айға да алғаш зымырандар осы Байқоңырдан қонып, зымыранның айдан ұшып шығып, жерге қайтып оралуы дер едік. Бұл өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жүзеге асырылған шаруа. Сондай - ақ, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей ғарыш кеңістігіне еркін самғауға қоя берген және текте бір мәліметалып тұратын зымырандар да болды. Олардың ғылым үшін не бергенін Ресейдің ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы біледі, біздің білетініміз жылма - жыл жүздеп ұшырылып жатқан, зымырандардың әрқайсысы Сыр бойының экологиясына белгілі дәрежеде кері әсерін тигізетіндігі. 3

Косманавтиканың табыстарын, жетістіктерін айтқан кезде, оның жолындағы қиындықтарды да, тіпті құрбандықтарды да айтпай кетуге болмайды. Сонау Байқоңырдың ортасында генерал Неделин бас болған бір топ ғарыш қызметкерлерінің бейіті жатыр. Олар касмодромда ұшқалы тұрған ракетаның жарылуынан қаза тапқандар. Тамаша азамат - қабілетті инженер Владимир Камаров орбитадағы бар жұмысын атқарып, жерге қона берген кезде паращюттың бауы оралып қалып, келесі жерге қатты соғылып, жарылып кеткен.

Сол сияқты Ақтөбелік жерлесіміз Владимир Пауаев өзінің екі серігімен бірге ғарыш сапарынан қайтып келгенде, кеменің ішкі қабырғасы сөгіліп кетіп, үшеуі бірден қаза тапты. Мұндай құрбандықтар шежіресі, өкінішке орай азаяр емес.

Деректер. Біздің облыс аймағында әлемдегі ең ірі экологиялық қауіпті үш объект - Семей ядролық сынақ полигоны, Сарыағаш әскери полигоны және «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан.

«Байқоңыр» пайдалануға берілген уақыттан бері 1300 - ге жуық зымыран ұшырылған.

Ақтоғай ауданы жерінің 37%-ы, шет жерінің 93%-ы, Жаңаарқа ауданы жерінің 37%-ы, Ұлытау ауданы жерінің 74%-ы «Протон» зымыран тасығышының отыны - гептилмен ластанған.

Гептил - адам және жануарларға концерогендік және мутагендік әсері бар улы зат.

«Протон» зымырантасығышының алғашқы сатысына (5 сатылады) 500 тонна гептил отыны толтырылса, оның бөлініп жерге құлайтын бөлшегінде 10-30 тонна отын жанбай қалады.

Гептилдің концентрациясы бір текше метр ауады - 0, 001 ал 1кг топырақта 0, 1мг болғанда ғана зиянсыз.

«Қазмехонобр» кәсіпорнының 1994 жылы жасаған есебінен қарағанда, зымыранның бірінші сатысы құлайтын жерлердегі малдың еті мен сүтіндегі гептил мөлшерден ондаған есе асып кеткен.

Республика аумағында 47 аймаққа зымыран қалдықтары түсетін болса, соның 39-ы біздің облыстың үстінде.

Апаттар

1996ж. 14 мамыр - «Союз» зымырантасығышы құлады.

1997ж 20 мамыр - «Зенит» зымырантасығышы құлады.

1999ж 5 шілде - «Протон» зымырантасығышы құлады.

1999ж - «Протон» зымырантасығышы құлады.

(Негізінен осындай 37-38 апат болған, бірақ нақты дерек жоқ. ) 4

4. С. Грибанова, «Байконур» сегодня и завтра . . . // Новое поколение. 2001. 4мая. С. 5

І. Тарау «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылуы және Ресейге жалға берілуі.

1. 1 «Байқоңыр» ғарыш айлағының тарихы

Берлин қаласында «Бостандық жауынгері» монументін салған атақты құрылысшы генерал - майор Г. М. Шубников «Байқоңыр» ғарыш кешенін салу жұмыстарына жетекшілік еткені белгілі. Алғаш бетон зауытын, араластыру бөлігін, құм мен тас жинайтын қоймаларды, ағаш өңдейтін цехтарды салу жұмстары басталды. ІІ Дүниежүзілік соғыстың от пен оғын көрген майдангерлер осындай жұмыстардың басы - қасында тұрды. Қиындықтарға қарамастан теміржол мен тасжолдар салынып, бірінші старттық кешенді салу ісі қолға алынды. Төрт ай ішінде старттық нысан ұшрылым қондырғысы орнатылса, аз ғана уақытта монтажды - сынақ корпусы да дайын болды. 5

1955 жылдың 5 мамырында сынақшылыр поселкесі, яғни бүгінгі Байқоңыр қаласы салына бастады. Сол жылы 2 маусымда Бас штабтың директивасымен 5 ғылыми - ізденіс сынақ полигонының ұйымдастыру - штаттық құрылымы бекітілді. Міне, осы күн қазір ресми түрде «Байқоңыр» ғарыш айлағының туған күні болып есептеледі. 1955 жылдың аяғында полигон құрамына 26 әскери бөлім кірді. Бірінші болп автомобиль батальоны, авиациялық бөлім, қорғау ротасы және госпиталь құрылды. Ал жыл соңына қарай полигондағы әскерилер 1900-ге, жұмысшылар 664- ке жетті. 1957 жылы 15 мамырда полигоннан бірінші Р-7 континентарлық баллистикалық зымыраны (ұзындығы 32 метр салмағы 273 тонна, жердегі тарту күші 3940 кН, қашықтығы 8600 километр) ұшырылды. 6

Байқоңыр деген кім өзі? Есімін ерекшелеп айтатындай не еңбегі бар? Келесі кезекте осыған оралайық. Оны ауқатты, дәулеті мол, парасаты биік, белгілі тұлға болған деп тану дұрыс. Жаз жайлауы Арқада өтіп, қыстауға Сырға құлайтын ежелгі дәстүр баршамызға белгілі. Сол үрдіс оның да тіршілігіне тән келеді. Ол кезде Қарсақбай, Сарысуды бойлап, Қарамола, Тайлақ, Қармақшы атырабын қыстау дағдылы дәстүр болған. «Қырда бір пәле, Сырда мың пәле» дейтін ескі қағида жаз айына жуықтап айтылған жайт. Өйткені, сона мен маса мазалап, қарақұрт шаққан қайғылы оқиға да көп кездескен. Алайда, қыста қар қалың түспей, мал аяғымен жүріп, азығын тауып жейтін жайлы жағдай Арқа үшін тіпті тиімді. Сондықтан, маңғырған малы барлар Сырды сағалайды.

Байқоңыр бай болған, жыл сайын жақын - туысымен келіп, елмен етене араласқан адам. Жомарт жан кедей - кепшікке көмектесіп, бәсіре берген, түліктің түрінен тиісінше үлес таратқан. Жергілікті тұрғындардың оны ерекше құрметтеуінің бір себебі де содан. Мына әңгіме соған сабақтас. Бір жылы құс ұзаққа созылып, көктем кешігеді. Содан, үйреншікті мезгіл өтсе де, әліптің артын күтеді. Мамыржай мамыр туғанда жердің тоңы жібіп, өзен арасынан асады. Маңайды су басып, өткелді ағыс бұзады да, бүкіл мал -жан әбігерге түседі. Абырой болғанда, тұрғылықты халықтың көмегімен бай ауылы арғы бетке әрең табан тигізеді. Бұған ризашылық білідіріп, Байқоңыр оларға бір үйір жылқы сыйлайды.

5. Н. Шәкішев, «Ғарыш кешені мерекесі» президент және Халық газеті. №23 8. 06. 2007ж 8-бет.

Сонда бір ақсақал: «Пейіліңе рахмет, біздің де құрметті қабыл ал. Бұдан былай мына өзен Байқоңыр болсын», - деп бата беріпті. Айтушылардың сөзіне қарағанда, сол өзен алғашқы атауын әлі жоғалтпапты. Қармақшылық қаламгер Қали Шыңғысов мнадай дерек келтіреді: Байқоңырдың үш әйелі болған. Солардың бірі Сырда қалып, елге қымызмұрындық тарапты. Ал, енді байдың тұңғыш ұлы Атығай (оның денесі Ақшиге (Байқоңырға жуық) қойылып, күйдірілген қыштан бейіт тұрғызылған) қыстың қатал уақытында кенеттен ауруға шалдығып, Арыста көз жұмған. Мұн естіп, Байқоңыр қос ат жегіп жетеді. Сөйтіп, қабырғасымен кеңесіп, көне қыстаудағы қара жерге аманаттап, арулап жерлейді. Жаз шыға арнайы келіп, қыш күйдіріп, басын қарайтқан екен. Байқоңырдың ауа райын алдын - ала болжап білетін қасиеті де болған деседі . . . Күз ауа малшылар күтпеген жағдайға тап болады. Қойды қанша қаумаласа да, қораға баспайды. Отарды бастаған қоңыршұнақ тіксініп, әлденеден үрікке сыңай танытады. Әбден шаршаған шопан жігіт болған істі Байқоңырға баяндайды. Мал жайын маңдайынан танитын ол бір сұмдықтың белгісін біліп, отарды еркіне жіберуді тапсырады. Содан өздері отарға ілесе - ілесе, бүгінгі Байқоңрға бет алады. Араға күн салып буырқанған боран тұрып, үш тәулік бойы тынбайды. Әйтеуір, қалың қамысты ықтап, қой басы аман қалпты. Біз мұнша мәліметті ақтарған Байқоңырдың тікелей ұрпағы Кәрім Байділдаев болатын. Жалпы, шежіреге ой жүгіртсек, Байқоңырдың үлкен ұлы Атғай 1871 жылы 28 жасында өмірден өткен. Ол кезде бел баласы Байділдә бес жаста екен. Байділдә 1914 жылы қайтыс болды. Оның үлкен ұлы Түсіпбай 1890 жылы туылған. Сол Түсіпбайдың ұлы Кәрім бүгінде зейнетте. Қазіргі кезде әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағының бабасының есімімен байланысты екеніне ол шәк келтірмейді. 6

Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жерді елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т. б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары тең аймаққа орналасқан, олар бір - бірімен автомоб. Жолдары және т. ж. арқылы байланысқын.

6. Қ. Шәрібекұлы, «Байқоңыр деген кім?» Қазақ елі газеті, 18. 12. 2008ж. 9-бет.

Байқоңырдың негізгі объектілеріне: Тех. туғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері ғарыш алаңына әр түрлі жіптерді жеткізетін кірме жолдар, т. б. Көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын, (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін зауоттар, энергия және сумен қамтамассыз ететін жүйелер, байланыс дүйесі, телевизия, т. б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше тех. тұғырлар және олардың әр қайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізімен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 7

Байқоңырда ракета тасығыштың әрбір түріне сәйкес бір немесе бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына орналасқан бірнеше спорттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю. А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруге көптеген жаңашыл бастамалардың старттық өрнегіне айналады. Байқоңырдан күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері «Салют», «Мир», орбиталық станциялары, сондай - ақ, зерттеу барлау жұмысын жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланатын және метеорал бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Гаризонт», «Радуга», «Метеор» тағы басқа жердің жасанды серіктері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш апараттары бар РТ-лар Байқоңырдан аттандырылды. [3]

1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров «Саюз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т. А. Мұсабаев ғарышта екі рет

(1994-1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңынан салуға әр түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхаммедов, С. Мұхаммедқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұханов, Ә. Исмаилов, М. Құлымгеров, В. Мәжіғұлов, М. Мұқанов тағы басқа болды.

Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М. З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю. А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қ. Р-сының қаласына қайтарылып, 1993 жылы Ресей Федерациясына берілді. Байқоңыр кешенін Қ. Р-сы аумағына 30-35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарына зиян келтіреді. [4]

Салмағы 83, 6 килограмм жер серігі ғарышта 92 тәулік болғаны белгілі. Жерді 1400 рет айналып өткен жер серігінің жүріп өткен қашықтығы 60 миллион шақырымды құрады. Міне, осылайша «ғарыш ғасыры» басталған болатын. 5 Бүгінгі Байқоңырдың тарихы туралы ел ішінде естеліктераз емес. Оларды сана таразысына салсақ, бір шындықтың беті ашылатындай. Байқауымызша, Байқоңыр кісі аты екен де, соның құрметіне жердің осылай аталуын халық құп көрген. Деректер бойынша Байқоңыр шамамен 1816 жылы туылып, 1896 жылы 80 жасында қайтыс болған. Оның кенже ұлы Жетпісбай өмірден өтерінде: «Мен әкемнің жасынан да астым. Әкем мені жетпісінде көргенін білдіріп, Жетпісбай атаған. Қазір 89-ға шақтым», депті. Демек, туған уақыты ХІХ ғасырдың басы. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экол. зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қ. Р аумағына жылына 30-35 мың т улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді. [13]

7. М. Мұханов, Қ. Базарбаев, «Байқоңыр» Қазақ Ұлттық энциклопедиясы Т-2, Алматы 2004 59-60 бет

1955ж. 12 ақпан - «Байқоңыр» ғарыш аймағын салу жөніндегі шешім қабылданды. 1955ж. 12 мамыр - кешеннің құрылысы басталды. 1957 ж. «Р-Э» зымыраны ұшырылды.

1961ж. 12 сәуір - Тарихта тұңғыш ғарышқа адам ұшты. Ю. Гагарин ғарышта болып қайтты.

1991ж. 2 қазан - Қазақтың тыңғыш ғаршкері Т. Әубәкіров ұшты.

1957-95 жж. - Айналадағы ортаға және халық денсаулығына кері ықпал туралы деректер шектеліп келді.

1997ж. 4 қазан - Ресей Федерациясы «Байқоңыр» кешенін жалға (аренда) алған жағдайда оның аймағындағы экология және табиғатты пайдалану мәселесі жөніндегі келісімге қол қойды.

1998 ж. 21 қазан - табиғатты қорғау заңның бұзылуын болдырмау жөніндегі Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ұйғарым шығарды.

1998 ж. қараша - 1999 ж. мамыр ұйғармды орындау туралы Ресей жағымен хат алмасылды. Ресей жағы ұйымдарының барлық тармақтарын орндайтындғы туралы хабардар етті.

1999 ж. 29 наурыз - Ресей - Қазақстан комиссия кездесіп, бірлескен хаттамаға қол қойды.

1999ж. 2 шілде - Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ғарыш айлағынан зымырантасығыштардың ұшуына тыйым салынатыны туралы Ресей жағына ескерту хат жолдада.

1999ж. 5 шілде - Ақаумен ұшырылған «Протон» зымырантасығышы Қарқаралы ауданының жеріне құлады.

1999ж. 18 қараша - келісімдерге қол қойылды. Келген шығынның орнын толтыру Ресейден талап етілді.

2006ж. «Kazsat1» ұшырылды

2011ж. «Kazsat2» ұшырылды. [14]

1. 2 Қазақстан мен Ресей қарым - қатынастары

Ықылымда ғұлама ғалым Арихимед іздеген жұмыр жердің тірек нүктесі қазақ еліне бұйырып, бүгінде ғалымдастырудың ғаламат негізіне айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Байқоңырдың экологиялық проблемасы
Байқоңыр ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Байқоңыр космодромы
Байқоңыр ғарыш айлағы
Протон зымырантасығышының апаты
Байқоңыр ғарыш айлағы құрылғалы 49 жыл болды
Байқоңыр ғарыш айлағының көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz