Сұлтан Бейбарыстын өмірі



1.1 Сұлтан Бейбарыстын өмірі
1.2 Сұлтан Аз.Захир Бейьарыс кім?
Жамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады.
Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен.
Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен. Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді.
Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Бейбарыстың әкесі - Жамақ, анасы - Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген екен. Бейбарыс - қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам.
Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мұхаммед пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көпжылдық қақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауда олар жергілікті халыққа емес, күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты. Ал 1271 жылдан бастап исламның сопылық бағытта көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальяндық көпестерден сатып алды. Осылайша Бейбарыс та Дамаскіде 800 дирхемға сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Бейбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді. Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің әскері орта ғасырлардағы екі ірі қолға - "крестілер жорығы" мен моңғол басқыншыларына тойтарыс берді. 1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Бейбарыс таққа отырды. Мысырда тарихи әдебиет мемлекет басына мәмлүк (қыпшақ) әулетінің келуімен Алтын Ордамен байланыстың нығаюына орай жедел қарқынмен дамыды. Түркі әулеттері, халықтарының тарихи-географиялық мәліметтерін толық қамтитын энциклопедиялар пайда болды. Мысырда сұлтан Бейбарыстың өмір-дерегіне арнап жазған хатшысы Абд-аз-Захирдің тарихи еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Алтын Ордамен қарым-қатынастар туралы мәліметтер, сонымен бірге Қырымнан Волгаға дейінгі аралықтағы қысқаша "жолсілтеме". Қырымның тұрғылықты халқы туралы діни, этнографиялық мәліметтер келтіріледі.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Сұлтан Бейбарыстын өмірі
2. Сұлтан Аз-Захир Бейьарыс кім?

Бейбарыс Сұлтан

Жамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан
мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда
Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай
жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм,
Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады.
Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ
тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға
мүмкіндік берді. Араб елдерінің Мың бір түнмен қатар қоятын халық романы
– Бейбарыста оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін
атап көрсеткен.
Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы
араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен. Бейбарыс Дамаскінің
базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин
Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың
ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны
өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді
жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол
осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне
қолбасшылық етеді.
Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин
Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-
қайшылықтарға толы. Бейбарыстың әкесі - Жамақ, анасы - Әйнек. Ол хорезмдік,
бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген.
Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. Алғашқысы бойынша,
әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны
құлдыққа сатып жіберген екен. Бейбарыс - қатардағы құлдан Мәмлүк
мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам.
Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мұхаммед пайғамбар мұрагерлерінің
арасындағы көпжылдық қақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы
Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауда
олар жергілікті халыққа емес, күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек
артты. Ал 1271 жылдан бастап исламның сопылық бағытта көшуіне байланысты,
әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери
төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді
итальяндық көпестерден сатып алды. Осылайша Бейбарыс та Дамаскіде 800
дирхемға сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Бейбарыс өзін
әскери өнердің шебері ретінде таныта білді. Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің
хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк
мемлекетінің әскері орта ғасырлардағы екі ірі қолға - "крестілер жорығы"
мен моңғол басқыншыларына тойтарыс берді. 1260 жылы
Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Бейбарыс таққа отырды. Мысырда тарихи
әдебиет мемлекет басына мәмлүк (қыпшақ) әулетінің келуімен Алтын Ордамен
байланыстың нығаюына орай жедел қарқынмен дамыды. Түркі әулеттері,
халықтарының тарихи-географиялық мәліметтерін толық қамтитын
энциклопедиялар пайда болды. Мысырда сұлтан Бейбарыстың өмір-дерегіне арнап
жазған хатшысы Абд-аз-Захирдің тарихи еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте
Алтын Ордамен қарым-қатынастар туралы мәліметтер, сонымен бірге Қырымнан
Волгаға дейінгі аралықтағы қысқаша "жолсілтеме". Қырымның тұрғылықты халқы
туралы діни, этнографиялық мәліметтер келтіріледі.
Билік тізгінін мықтап қолға алған Бейбарыс әр қаланы күшейтіп,
әрбір қалада тұрақты әскер ұстады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты, Сарай
маңында орын алатын өзара қырқысуларды түпкілікті тоқтатты. Арналық жүйені
енгізді. Мәмлүк мемлекеті көркейе түсті. Мәмлүктерге әлемнің түкпір-
түкпірінен көпестер ағылып келе бастады. Барлық өзендерге көпір және әрбір
қалаға бір мешіттен салынды. Бейбарыс шығыстағы барлық араб иеліктерінің
әміршісі деген атаққа қол жеткізді. Орта Азиядағы селжүктерді, кіші
Арменияны, берберліктерді толығымен өзіне бағындырды. Франктердің зәулім
қамалдарын бірінен соң бірін талқандай берді. Барлық көршілес елдер
мәмлүктер мемлекетімен санасатын болды.
Ол сұлтандық билікке қол жеткізген кезде қыпшақ жерлері моңғол
ханы Берке Құлағу билеп отырған Алтын Орданың иелігінде еді.Бейбарыс
бірінші кезекте достық пиғылдағы хат жіберді. 1262 жылы сұлтан екі ел
арасында достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін
әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнатты.
1277 жылы Бейбарысты уәзірі қыпшақ Қалауын у беріп өлтірді. Оның
сүйегі Дамаскідегі Баб-әл-Барид зиратына қойылды. Осылайша Бейбарыс сұлтан
мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырып, Мысыр мен Сирияны "крестілер
жорығы", моңғол шапқыншылығынан қорғап қалды, бүкіл мұсылман елдеріне
қорған болды. 17 жыл Мысырда билік құрды.

Сұлтан аз-Захир Бейбарыс деген кім?

Арабтың, мамлюк деген сөзінің көп мағынасының бірі — ақ құлдар. Ал осы
мамлюктердің бір тобы қазіргі қазақ сахарасы мен Еділ, Жайық, Қара теңіз
бойында МОҢғОЛ шапқыншыларымен болған қырғын соғыс кезінде тұтқынға алынған
қыпшақтар болған. И. М. Фильштинский зерттеулеріне қарағанда, моңғолдар
өзгелермен бірге қыпшақтарды да шетелдік көпестерге, әсіресе италиялық
саудагерлерге сатып отырған. Ал олар мұндай өтімді тауарды Жерорта
теңізінің арғы жағалауындағы Мысыр еліне апарып, артық бағамен қайта
сататын болған. Тұтқындар ішінен қыпшақтардың батырлығына, ер
жүректілігіне, төзімділігіне, шыдамдылығына қызыққан Мысыр сұлтандары
оларды әскери қызметке тартқан, сарай жасақтары еткен. Біртіндеп жоғары
әскери қолбасшы мәртебесіне қолы жеткен қыпщақтар жұрты қолдамаған
сұлтандарды тақтан оп-оңай-ақ тайдырып отырған. Мысырлық қыпшақтардың
салтанат құруы, әсіресе, XIII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Мысалы,
1250—57 жылдары Египетті түркінің бахрлықтар деп аталған Айбек бастаған
қауымы билеген. Олардың бахралықтар деп аталуына себеп болған жайт
қыпшақтардың әскери казармаларының Ніл өзені ортасындағы аралда
болғандығынан еді. Сондықтан да олар бахрлықтар, яғни аралдықтар деп
аталып кеткен.
Мемлекет билігі қолдарына тигеннең кейін қыпшақтар күрдтер әулетін
аластаған. Сөйтіп, олар Египетті ұзақ уақыт билеген. Олардың басын
біріктіріп, жеңістерге жетелеген, күні бүгінге дейін аты халық аузында аңыз
боп қалған қыпшақ текті сұлтан аз-Захир Рукн ад-Дин Бейбарыс болған.
Жазба деректерге қарасақ, Бейбарыс 1223 жылы монғолдар ойрандаған Дешті
Қыпшақ даласында дүниеге келген. Жетім қалған жас бала өзге де тұтқындармен
бірге Мысырдық сол кездегі курд текті сұлтаны Салих Наджм ад-Динге
сатылған.
И. М. Фильштинский еңбектеріне карағанда жас батыр әуелі
Сириядағы әскери мектепте оқығаннан кейін, мамлюк жасақтарына жазылады. Әл-
Мансур деген жерде болған алғашқы шайқаста-ақ ол ерлігімен көзге түскен.
Крест тағушыларды талқандағаннан кейін Бейбарыс өзінің,
негізгі қарсыласы Туран шаһ пен бақталасы Кутузды да тақтан тайдырған.
Бейбарыс үкімет басына келген тұс монғолдардың 1258 жылы Бағдадты қиратып,
Аббастан тараған халифалар әулетінің бірқатарын дарға асып үлгірген кезі
болатын. Солардың тірі қалған біреуі соңынан Шамға қашып кеткен. Оны сол
жерден Бейбарыс Мысырға алдырып, 1261 жылы әл-Мустансир деген атпен халифа
етіп жариялаған. Сол жаңа халифаның қолынан өзі де сұлтан лауазымын алған.
Бейбарыс енді Машриқ елдерін жаулап алып, Мысырға ұмтылған монғолдардың
тас-талқанын шығарғаң. Әскер ішінде темірдей тәртіп орнатқан.

Осы қыпшақ батыры тұсында Мысырдың егін шаруашылығы мықтап дамыған.
Суландыру жүйелері жөнделіп, қалпына келтірілген. Қыпшақ текті көптеген
әскербасыларға Сирия мен Египеттен жер бөліп берілген. Бейбарыс басқарған
жылдары Мысыр, сөйтіп, тез дами бастады. Египеттің әл-Искандария
(Александрия), Дамиетта, Әл-Қаһира (Каир) секілді қалалары ірі-ірі сауда
орталығына айнала бастаған. Сауданың өсіп-өркендеуіне Бейбарыс та барынша
жағдай жасауға тырысқан. Мұнда Венеция Сицилия, Генуя, Индия, Орта Азияның
сауда керуендері мен кемелері соқпай кетпейтін. Сол үшін де қыпшақтар
олардан көп заттар алатын.
Бейбарыс ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қол басшы
болған. Әуелі ол елдің әл-ауқатын көтерді. Мұсылман текті халықтардың
ежелгі жауы — крест тағушыларды талқандады. Монғолдарды Мысырға қарай қия
бастырмаған.
Көп ұзамай-ақ Бейбарыстың есімі де Мың бір түн
хикаяларының негізгі кейіпкерлерінің бірі Аббас әулетінен шықкан халифа
һарун ар-Рашид (786—809) секілді аңызға айналған, Өйткені, Бейбар-ыс жайлы
риуайаттарда ол да халифа һарун ар-Рашид сияқты қарапайым киініп, түнгі
Каирді аралап кетеді екен. Халық өмірімен жақын танысқандықтан,
қылмыстыларды жазалап, күнәсіздерге көмектеседі екен. Міне, оның осы қырына
мұхаддистер де ол туралы қиссаларға ерекше мән беріп, ұзағырақ айтатын
болған.
Араб халкы шығарған Бейбарыс жайлы аңыздар, кисса,
әңгімелер бір емес, бірнеше ғасырдың жемісі. И. М. Фильштинский Бейбарыс
туралы халык романдарына негіз болған деп қыпшақ батырының хатшысы әрі оның
ғұмырнамасын жазған Мухий ад- Дин ибн Әбд ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбарыс сирасындағы жас бейбарыс бейнесі
Сұлтан Бейбарыс тұсындағы Мысырдың сыртқы саясаты
Бейбарыс сұлтанның қысқаша өмірдеректері
Бабамыз Бейбарыстың ноғай ханымен жазысқан хаттары
Египет билеушісі қыпшақ бейбарыс
Алдыңғы азиядағы мамлюктер
Сұлтан Байбарыс
Сұлтан Бейбарыс және оның Қыпшақ тарихындағы рөлі
СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫ
Байтұрсынұлы Ахмет
Пәндер