Көру, есту, иіс, дәм, тепе-теңдік талдағыштарының бөлімдері



Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Көру талдағыштарының шеткері бөлімі.
2. Есту талдағыштарын құрылымдық ұйымдастыру:
3. Вестибулярлы талдағыштар. Дене қалпын кеңістікте ұстап тұру және қозғалу барысын бағалау ролі.
8. Жылдамдатылған кезінде және салмақсыздық жағдайындағы вестибулярлы талдағыштың рецепторлық, өткізгіш және қыртысты бөлімдері. Вестибулярлы аппаратын жаттықтыру.
Кіріспе

Талдағыштар туралы жалпы түсінік. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді. Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс,тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. Висцералис – ішкі мүшелерге қатысты) яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе. Барлық талдағыштар 3 бөлімнен турады:
1)сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды;
2)өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те атайды;
3)орталық немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.
Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан турады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады ( рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін еске түсірініз).
Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
Талдағыштардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысыңда орналасқан сезім орталықтары қурады. Мысалы, көру талдағышының сезгіш рецепторларына көз алмасында орналасқан таяқша және сауытша пішінде жарық қабылдағыш рецепторлар-фоторецепторлар жатады, ал өткізгіш бөлімі көру нервтерінен тұрады да, қыртыс бөліміне ми қыртыстарының желке тұсында орналасқан ми сыңарларының көру орталығы, яғни Бродманның 17, 18, 19 аймақтары жатады. Көру орталығында жоғары дәрежедегі талдау мен талқылау жасалады және заттың бейнесі туралы сезім пайда болады.
Талдағыштардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау – алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.
Тітіркендіргіштің әсерін рецепторларда қозу толқындары ( қозу импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты келеді. Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды өткізіп қана қоймай аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау жасайды. Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқыланған кейін рецепторлардан келген біраз қозу импульстері қосылады. Талдағыштардың орталық немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Бұл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет. Былайша айтқанда шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды қажет етеді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Көру, есту, иіс, дәм, тепе-теңдік талдағыштарының бөлімдері

Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Көру талдағыштарының шеткері бөлімі.
2. Есту талдағыштарын құрылымдық ұйымдастыру:
3. Вестибулярлы талдағыштар. Дене қалпын кеңістікте ұстап тұру және қозғалу
барысын бағалау ролі.
8. Жылдамдатылған кезінде және салмақсыздық жағдайындағы вестибулярлы
талдағыштың рецепторлық, өткізгіш және қыртысты бөлімдері. Вестибулярлы
аппаратын жаттықтыру.

Кіріспе

Талдағыштар туралы жалпы түсінік. Сыртқы және ішкі орталардың
әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім
тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді.
Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс,тері, қозғалыс, дәм
және висцеральды (лат. Висцералис – ішкі мүшелерге қатысты) яғни ішкі
мүшелерге байланысты жүйе. Барлық талдағыштар 3 бөлімнен турады:
1)сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те
атайды;
2)өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те атайды;
3)орталық немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары,
сезім аймақтары деп те аталады.
Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш
рецепторлардан турады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға
айналдырады ( рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін еске
түсірініз).
Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен
шығып ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
Талдағыштардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысыңда орналасқан
сезім орталықтары қурады. Мысалы, көру талдағышының сезгіш рецепторларына
көз алмасында орналасқан таяқша және сауытша пішінде жарық қабылдағыш
рецепторлар-фоторецепторлар жатады, ал өткізгіш бөлімі көру нервтерінен
тұрады да, қыртыс бөліміне ми қыртыстарының желке тұсында орналасқан ми
сыңарларының көру орталығы, яғни Бродманның 17, 18, 19 аймақтары жатады.
Көру орталығында жоғары дәрежедегі талдау мен талқылау жасалады және заттың
бейнесі туралы сезім пайда болады.
Талдағыштардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау – алғашқы саны
мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.
Тітіркендіргіштің әсерін рецепторларда қозу толқындары ( қозу
импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне
байланысты келеді. Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды өткізіп қана
қоймай аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау жасайды. Айталық, көру
төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқыланған кейін рецепторлардан
келген біраз қозу импульстері қосылады. Талдағыштардың орталық немесе
қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау
жасалып қоймай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен
талқылау жасалады. Бұл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет.
Былайша айтқанда шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды қажет етеді.

Көру талдағыштары

Көру талдағышы (көру сезім жүйесі) — адам мен жоғары омыртқалы
жануарлар үшін аса маңызды сезім мүшелерінің бірі. Ол барлық рецепторлардан
миға келетін мәліметтің 90%-ін жеткізеді. Көзге ілінген заттардық кескіні
торлы қабыққа түсіп, сондықтан қабылдағыштарды қоздырады. Сөйтіп, қозу
толқындары ми кыртысындағы көру талдағышының жоғарғы бөліміне жетіп
талданады. Заттарды анықтап қарау үшін көзді аударып, оған тура бағыттау
керек. Сондықтан табиғатта жануарлардың көптеген түрлерінде көз алмасы шар
тәрізді болып келеді. К.өз алмасының үш қабықшасы бар, олар көз ұясында
орналасқан. Оны сыртынан ак, қабықша немесе склера каптайды, бұл тығыз
дәнекер тканьнен тұрады. Склераның артқы жағында тесік болады, ол арқылы
көру жүйкесі енеді. Ақ қабықшаның алдыңғы бөлімі мөлдір қасаң кабыққа
өтеді.
Ақ қабықшадан кейін тамырлы қабықша орналасқан. Тамырлы қабықшаның
алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Торлы қабық — көздің ішкі үшінші
қабықшасы.
Нұрлы қабықтан кейін екі жағы да дөңес мөлдір линза — көз бұршары
орналасқан. Көздің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырып тұрады.
Жарық сәулесін сындыратын орта (қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәріздес
дене) және торлы қабық (ретина) көздің негізін қүрайды. Осы ортаның әркелкі
қисықтығы және сыну көрсеткіштері көздің ішіндегі жарық сәулесінің сынуын
анықтайды. Әрбір оптикалық жүйенің жарық сәулесін сындыру күшін диоптриймен
(Д) белгілейді. Бір диоптрий — сынып өтетін жарық сәулесінін түйісетін
нүкте аралыры 100 см-ге тең линзаның сындыру күші. Адам көзінің сындыру
күші алыстағы заттарға қарағанда — 70,5 (Д) болады. Демек, фокус қашықтыры
неғұрлым аз болса, сындыру күші соғұрлым күштірек келеді. Жақындаған сайын.
сәулелердің түйісу нүктесі кейін шегінеді, ал торлы ка-быктары бейне
көмескіленеді яғни шашырау шеңбері пайда болады.

Көру талдағышының шеткі бөлімі
Торлы қабықтың құрылымы мен қызметі. Торлы қабық күрделі көп кабатты
құрылымы бар көздің ішкі қабыры болып саналады. Осы жерде әрекеттік
мағынасы өзгеше екі түрлі көру қабылдағыштары — таяқшалар мен сауытшалар
орналасқан және көптеген өсінді бұтақтары бар жүйке клеткаларының бірнеше
түрлері кездеседі.
Жарық сәулесінің әсерінен қозу рецепторларында фотохимиялық әсерленіс
пайда болады, ол көздің жарық сезгіш пигменттерінде болатын өзгерістер. Бұл
көру рецепторларын қоздырады және одан әрі таяқшалар мен сауытшалар
байланысқан нейрондарда қозу шығарады. Осы клеткалар көздің негізгі жүйке
жүйесін кұрастырады, ол арқылы көру хабарларын мида орналасқан орталыққа
жеткізеді және оның талдануы мен өцделуіне катына-сады. Сөйтіп, көздің
торлы қабығы мидың шеткі бөлімі болып саналады.

Торлы қабыктың сыртқы қабаты пигменттік эпителиймен жабылған, оның
ішінде фусцин деген пигмент бар. Бұл пигмент жарықты сіңіріп, оның
шағылысуына және шашырауына кедергі жасайды, соның салдарынан көру түйсігін
анық етеді. Өсінділері таяқшалар мен сауытшалардың жарық сезгіш мүшелерін
қоршаған пигменттік клеткалар фоторецепторлардағы зат алмасуына және көру
пигментінің түзілуіне катысады. Пигменттік эпителийдің ішкі жағынан
фоторецепторлар қабаты жалғасады, олардың жарық сезгіш мүшелері жарыққа
қарама-қарсы бетке орналасады.

Торлы қабықтағы фотохимиялық әсерленістер.
Көздің торлы қабығында, жарық түскенде оңып кететін, жарық сезгіш
пигмент болады. Адамдар мен көптеген жануарлардың торлы қабығындағы
таяқшаларда родопсин немесе қан-қызыл (пурпур) көру пигменті түзіледі. Оның
құрамы, қасиеті және химиялық өзгерістері толық зерттелген. Сауытшаларда
йодопсин деген пигмент табылған. Одан басқа сауытшаларда хлоролаб және
эритролаб деген пигменттер бар. Оның біріншісі жасыл түске сәйкес, ал
екіншісі қызыл түсті спектрдің сәулелерін сіңіреді. Басқа да иигменттер
болуы ықтимал.
Родопсин А витаминінің альдегиді — ретинал және опсин деген белоктан
тұрады. Сәуленің бір мысқал (квант) мөлшерінің әсерінен осы заттың бірнеше
өзгерістері туады. Мәселен, ретиналдің изомері пайда болады, оның белокпен
байланысы бұзылады, белоктың ферменттік орталырының белсенділігі артады.
Алғашқыда ломиродопсин және метародопсин деген аралық заттар түзіледі,
содан кейін ретинал опсиннен бөлініп шығады. Редуктаза деген ферменттің
әсерінен ол А витаминіне айналады.
Көзді қараңғылағанда қан-қызыл пигмент қайтадан қалпына келеді, яғни
родопсин құрастырылады. Егер организмде А витамині жетіспесе, родопсиннің
құрылуы кенеттен бұзылады. Осының салдарынан, акшам соқырлығы туады, адам
ымырт жабылғанда мүлдем соқыр болып қалады.
Көздің торлы қабығындагы фотохимиялық әсерленістер аса үнемді түрде
өтеді, яғни тіпті өте жарқыраған сәуленің әсерінен таяқшадары барлық
родопсиннің тек азғантай ғана бөлшегі ыдырайды.
Иодопсин құрылымы жағынан родопсинге жақын, ал оның жарық сіңіру
қабілеті өзгеше болады.

Түсті ажырату теориясы.
Кейбір түсті айыру кемістігін, жартылай түсті танымауды - тұңғыш рет
осыдан зардап шеккен арылпіын физигі Д. Дальтон сипаттап жазды. Сондықтан
аса кеп таралран тұсті түйсіну аномалиясы (ауыткушылыры) осы ғалымның
есімімен дальтонизм деп аталған. Дальтонизм ер адамдардың 8% де
кездеседі, ол жыныс анықтайтын Х-хромосоманың белгілі генде-рінің жоктырына
байланысты. Дальтонизмді анықтау үшін, адам-ра түрлі-түсті
(полихроматикалық) кестелерді көрсетеді немесе әртүсті заттардың ішінен
т.үсі бірдей заттарды тавдап алып тексереді. Дальтонизмді анықтаудың
мамандық тавдауда зор маңызы бар. Дальтониктерге транспорт жүргізушілері
болып жүмыс істеугг болмайды, себебі олар бағдаршамның түстерін айыра
алмайды.
Түсті жарым-жарты танымаудың уш түрі болады: протанопия, дейтеранопия
және тританопия. Олардың әркайсысы негізгі үш түстің біреуін толық ажырата
алмағандықтан байкалады.
Протанопиямен зардап шегетін адамдар қызыл түсті тапымайды, көк, көкшіл
сәулелер оларға түссіз болып көрінеді. Дейтеранопиямен зардап шегетін
адамдар көк және қошқыл-қызыл тустерден жасыл түстерді аныра алмайды. Түсті
танымау аномалиясының ішіндегі сирек кездесетін тританопия жағданында
адамдар көк және күлгін түсті сәулелерді танымайды.
Кейде ахромазия деп аталатын түтті толық танымайтын ауыт-кушылық
кездеседі, ол торлы қабықтағы сауытшалардың зақым-далуы салдарынан болады.
Сондықтан мұндай адамдарға бүкіл заттар әртүрлі реңді сұр түсті болып және
сыртқы әлем түссіз сурет сияқты көрінеді.

Есту талдағышының құрылымдық ұйымдастырулары
Есту талдағышы — мағынасы жағынан адамның екінші дис-танциялық
талдағышы болып саналады. Адам анық сөйлей бас-тағаннан, есту сезім
жүйесі оған ең жогары дәрежеде кызмет атқарады.
Есту мүшесі негізгі үш бөліктен — сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан
тұрады. Есту рецепторы ішкі құлақтың иірім түтігінде орналасады, ол самай
сүйегінің жуандағаң бөлігінде жатады. Дыбыс толқындары оларға бірнеше
жүйелі құрылымдар: сыртқы дыбыс тесігі, дабыл жарғағы, есту сүйекшелері,
лабиринт суйықтығы және иірім түтігіндегі негізгі жарғақ арқылы тікелей
жеткізіледі. Есту талдағышының рецептордан ми қыртысына дейінгі жолда
сигналдарды өңдеп, жүзеге асыратын көптеген дәйекті қосылран бөлімдері бар.

Дыбыс шалушы және өткізуші аппараттар

Сыртқы құлак. Күлақтың сырткы есту тесігі дыбыс толкындарын дабыл
жарғағына жеткізу міндетін атқарады. Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен дабыл
қуысын немесе ортаңғы құлақты бөліп тұрған перде сияқты қалыцдыгы 0,1 мм
әртүрлі багытқа таралып өрілген талшықтардан түрады. Оның пішіні, түбі
ііпіне қарай бағытталған воронка тәрізді. Дабыл жарғағы сыртқы есту тесігі
арқылы келетін дыбыс толқындарының әсерінен соган сән-кес тербеліске
келеді.
Ортаңғы құлақ. Ауамен толған ортаңғы құлактың. негізін аса маңызды
өткізгіш қызметін атқаратын бір-бірімен дәйекті байланысқан балғашық, төс
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дыбыс анализаторы
Есту талдағыштары туралы түсінік
Түйсіктің жалпы заңдылықтары
Сезімтал жүйелер туралы түсінік. Әлемді тануда талдағыштардың маңызы
Синапстың құрылымы және жіктелуі
Түйсік жөніндегі ғылыми көз қарастары
Түйсік пен қабылдау
Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда қалыптасуы
Сезім мүшелері туралы түсінік
Иіс сезу талдағыштары. Иістердің жіктелуі
Пәндер