Адамзат қоғамының табиғи ресурстары мен қамтамасыз етілу проблемалары



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Адамзат қоғамының табиғи ресурстары мен қамтамасыз етілу проблемалары
2.1. Әлемдегі жер ресурстарына жалпы сипаттама
2.2. Әлемнің су ресурстарына жалпы сипаттама
2.3. Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстар мен қамтамасыздандыру мәселелері


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері – табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік, жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де тікелей не өңделген күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де табиғи ресурстарға жатады.
Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай - өндірістік, денсаулық сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді. Жаратылыстың құрамында болуына қарап, олар – жер, су, кен қазбалары деп тағы бөлінеді. Сонымен қатар, мөлшеріне қарай сарқылатын және сарқылмайтын болып та топтасады. Таусылатын қорларды жаңғыратын, салыстырмалы жаңғыратын және жаңғырмайтын деп те жіктеледі.
Жаңғырмайтын ресурстарға, адамзаттың пайдалануы барысында қайта пайда болмайтын және қайта қалпына келуі өте ұзаққа созылатын жаратылыс заттары тән. Бұлардың қатарына пайдалы кен қазбаларын жатқызуға болады.
Салыстырмалы жаңғыратын қорларға - өзінің бастапқы күйін қайта қалпына келтіріп алатын жүйелер жатады. Мысалға, жер бетінің топырақты қыртысын келтіруге болады.
Жаңғыратын қорлар - өсімдіктер және жануарлар дүниесі, кейбір минералды кен көздері.
Сарқылмайтын ресурстарға – ғарыш, ауа райының әсері және су көздері жатады.
Ғарыш қорларына – күн сәулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады.
Климаттық қорға – атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.
Жерді пайдаланудың функциялық ерекшелігі оның табиғи ресурстардың арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және өндірістік күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторының – еңбек, материалдық-техникалық және табиғи ұдайы өндірістік процестердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Тарих В.Петти формуласының дұрыстығын көрсетті, оның ойынша: «еңбек – заттай байлықтың атасы, ал жер – анасы».
Құрал ретінде жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан жасалған құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
1. Үпішев М. «Табиғатты пайдалану экономикасы» Алматы, 2005 ж.
2. Молдахметов «Экология» Қарағанды, 2002ж
3. А.Ж. Ақбасова «Экология» Алматы, 2002 ж.
4. А.Г. Оспанова «Экология» Қарағанды, 2002 ж.
5. Қаженбаев С., Махмутов С. «Табиғат қорғау» Алматы, 1992 ж.
6. Баешов А., «Экология және су проблемалары» Алматы, 2003 ж

Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Адамзат қоғамының табиғи ресурстары мен қамтамасыз етілу проблемалары
2.1. Әлемдегі жер ресурстарына жалпы сипаттама
2.2. Әлемнің су ресурстарына жалпы сипаттама

2.3. Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстар мен қамтамасыздандыру
мәселелері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар және
табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері – табиғи ресурстар деп аталады.
Су, жер, өсімдік, жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де тікелей
не өңделген күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де
табиғи ресурстарға жатады.
Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай - өндірістік,
денсаулық сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді. Жаратылыстың
құрамында болуына қарап, олар – жер, су, кен қазбалары деп тағы бөлінеді.
Сонымен қатар, мөлшеріне қарай сарқылатын және сарқылмайтын болып та
топтасады. Таусылатын қорларды жаңғыратын, салыстырмалы жаңғыратын және
жаңғырмайтын деп те жіктеледі.
Жаңғырмайтын ресурстарға, адамзаттың пайдалануы барысында қайта
пайда болмайтын және қайта қалпына келуі өте ұзаққа созылатын жаратылыс
заттары тән. Бұлардың қатарына пайдалы кен қазбаларын жатқызуға болады.
Салыстырмалы жаңғыратын қорларға - өзінің бастапқы күйін қайта
қалпына келтіріп алатын жүйелер жатады. Мысалға, жер бетінің топырақты
қыртысын келтіруге болады.
Жаңғыратын қорлар - өсімдіктер және жануарлар дүниесі, кейбір
минералды кен көздері.
Сарқылмайтын ресурстарға – ғарыш, ауа райының әсері және су
көздері жатады.
Ғарыш қорларына – күн сәулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы
мен тасуы жатады.
Климаттық қорға – атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын
жатады.
Жерді пайдаланудың функциялық ерекшелігі оның табиғи ресурстардың
арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының
бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және өндірістік
күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім
факторының – еңбек, материалдық-техникалық және табиғи ұдайы өндірістік
процестердің қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Тарих В.Петти
формуласының дұрыстығын көрсетті, оның ойынша: еңбек – заттай байлықтың
атасы, ал жер – анасы.
Құрал ретінде жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан
жасалған құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
Біріншіден, жер –табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда оның
құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын шығын жоқ.
Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалатындықтан, олардың құны
болады.
Екіншіден, өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына қарай ұдайы
өндірілуі мүмкін. Жердің топырақ жамылғысы да жаңғыртылатын табиғи ресурс
болып табылады, алайда оны табиғи жолмен қалпына келтіру үшін жүздеген
жылдар қажет. 2,5см қалыңдықтағы топырақ қабатының қалпына келуі үшін 300-
1000 жыл керек, ал 18 см егістік қабатының қалпына келуі үшін 2-7 мың жыл
қажет болады екен.

Адамзат қоғамының табиғи ресурстары мен қамтамасыз ету проблемалары
2.1. Әлемдегі жер ресурстарына жалпы сипаттама

Жер ресурстары. Біздің планетамыздың беті – 510 млн км² (51000 млн
га). Оның көп бөлігі – 361 млн км² (36100 млн га), яғни 71%-ін су алып
жатыр; құрлыққа тиесілісі – 149 млн км² (14900 млн га). Бұл территорияның
4060 млн га (28 %-ін) орман алып жатыр, шалғын мен жайылым – 2600 млн га
(17%), өнделетін жер (егістік) – 1450 млн га (10%). Жер категориясы
бойынша жер ресурстарының бөлінуі диаграммада бейнеленген.
Бұрынғы КСРО территориясы – 22,3 млн км² (2230 млн га);
Қазақстанның территориясы – 2,72 млн км² (272 млн га).
Ауыл шаруашылығына жарамды жердің жалпы үлес салмағы елдер
бойынша: ТМД - 27% , АҚШ - 53%, Канада - 7%, Бразилия -28%, Аргентина -
65%, Қытай -40%, Жапония -6%, Үндістан - 60%, ГФР - 50%, Франция - 63%.
Бұл айырмашылық олардың ( әр түрлі елдердің ) табиғи климаттық
жағдайларымен түсіндіріледі (суық немесе жылы климат, шөл, таулы және
т.б.).
Жер жағдайының нашарлауы ауыл шаруашылық жұмыстарының қарқынын
ұдайы арттыруға, жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал етіп отыр.
Көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығына жарамды жердің көлемі
тарылып барады. Мәселен, АҚШ-та пайдалы жердің көлемі 1960 жылы 540 млн га-
дан 1990 жылы 492 га-ға дейін, ал Жапонияда 7-ден 5,6 млн га-ға дейін,
Францияда 39-дан 35 млн га-ға дейін, ГФР-да 14-тен 12 млн га-ға дейін,
Италияда 22-ден 20 млн га-ға дейін кеміген. Халық санының өсімінде бұл
өнеркәсіптердің, көліктің, қалалардың өсу есебінен жердің орташа
қамтамасыз етілу деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Бүгінгі таңда халықтың
жан басына орташа есеппен 0,28 га егістік жерден келеді екен. Жекелеген
елдер бойынша: жан басына шаққанда ТМД-да – 0,81, АҚШ-та – 0,63, Қытайда –
0,16, ГФР-да – 0,15, Ұлыбританияда – 0,13, Жапонияда – 0,04 га-дан келеді
екен.
Әлемде қосымша пайдалануға болатын алаңдар бар, бірақ олардың
сапасы төмен, өйткені ауыл шаруашылығына қажетті шұрайлы алаңдар бос емес
әрі бұл алаңдардың көлемін кеңейтудің мүмкіндіктері шектеулі.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылық ғылымы мен техникасы топырақтың
құнарлығын қаз-қалпында сақтайтын, тіпті оны арттыратын мүмкіндіктерге ие.
ГФР, Франция елдерінің ауыл шаруашылық өндірісінің жағдайына жоғары баға
беруге болады: екі ел астық бойынша да, өндірістік мүмкіндіктерді толық
пайдаланады, бұл елдердегі топырақ құнарлығын жоғалтпаған.
Дамыған елдерде ауыл шаруашылығын химияландыру, минералдық
тыңайтқыштардың барлық түрі, пестицидтер, гербицидтер кеңінен қолданылады.
1 га егістікке Франция 300 кг-нан Нидерландияда 800 кг-ға дейін, Жапонияда
шамамен 400 кг-ға дейін, АҚШ-та 110 кг-ға дейін, Канадада 56 кг-ға дейін
тыңайтқыш қолданылады.
Ауыл шаруашылық өндірісінің көлемі бойынша АҚШ алдыңғы орында тұр.
Бұған елдің қолайлы табиғи жағдайы, ұлан-байтақ жазық даласы, оңтүстіктен
субтропикалыққа дейінгі біркелкі климаты, ылғалдың жеткіліктілігі өз
әсерін тигізеді.
Салмағы ауыр тракторлар топырақты жаншып (тығыздығын арттырады), оның
құнарлығын кемітеді. Су шайып кеттетіндіктен минералдық тыңайтқыштардың
бір бөлігі өсімдіктерге сіңбей қалады. Гербицидтер мен пестицидтер суды
ластап, ұсақ жәндіктердің қырылуына себепші болып отыр.
Жер ресурстарының өнімділігі мен ауданын (алаңын) климаттық жағдайлар
да көп шектеп, тарылтып отыр. ТМД-дағы 60-тен де көп ауыл шаруашылығына
пайдалы жер +5°С орташа жылдық температурадан төмен аудандарда кездеседі,
ал АҚШ-та 10% қана. Жылына 700 мм жауын-шашын түсетін аймақтарға ТМД-ның
1% егістігі ғана кіреді, ал АҚШ-тың 60% егістігі осы аймаққа жатады. Бұл
факті былайша түсіндіріледі: жер ресурстарының ауыл шаруашылығына пайдалы
жердің және егістіктің үлес салмағы бұрынғы КСРО территориясында орташа
әлемдік деңгейден төмен (33%).
Ауыл шаруашылық аудандарды қолайлы агрофонмен жерді пайдалану
экологииялық баланстың шегіне жетті. Орташа есеппен алғанда ТМД бойынша
егістік барлық территорияның 10 пайызын, ал жыртылатын жер ТМД, Украина,
Молдавия елдерінің еуропалық бөлігінің орталық аудандарында 50-80 пайызды
құрайды. Еуропа мен АҚШ-та өңделетін топырақ барлық алаңның 30-36
пайызынан аспайды.
Кеңес одағы планетадағы құрлықтың алтыдан бір бөлігін алғанына
қарамастан ауыл шаруашылығына пайдалы жері – 1990 жылы (статистикалық
басқарманың мәліметі бойынша) 600 млн га-дан сәл асып түсетін, яғни ел
территориясының 27,3 %-ін құрады, оның ішінде 228 млн га-ды, яғни 10,2%-ін
егістік құрады.
Жердің ең қарқынды жыртылған кезі (П.И. Полатаевтың мәліметі бойынша) –
1940-1965 жылдар. Бұл кезеңдегі бүкіл әлемдегі өңделетін жер 830 млн га-
дан 1,5 млн га-ға дейін артқан. Алғашқы онжылдықта бұл өсім 5 пайызды
құраса, соңғы жылдары – 2 пайыз ғана.
Әлемдегі егістік жердің кемуіне адам ғана кінәлі емес, бұған эрозияда
себепші болып отыр. Тек соңғы 100 жылда эрозияға ұшыраудан 20 млн км2
топырақ жарамсыз болып қалған, бұл барлық егістік алабының 28 %-ін
құрайды.
Сонымен, ғылым мен техниканың осы заманғы даму кезеңінде тек жер ғана,
оның үстіңгі топырақ қабаты ғана негізгі тағам көзі болып табылады.

2.2. Әлемнің су ресурстарына жалпы сипаттама

Табиғи ресурстар таусылмайды дейтін көрінер көзге аңғал ұғымның мәні
қалмай барады. Күні кеше ғана таусылмайтындай көрінген, тегін пайдаланылып
келген табиғат байлығы тапшылыққа айналды. Мұны әлемдегі тұщы судың азайып
бара жатқанынан байқауға болады. Су планетамыздағы табиғи ресурстардың
ішінде айрықша орын алады. Белгілі болғандай, жердің беткі қабатының 30
пайызынан азын құрлық алып жатыр, ал қалған бөлігі әлемдік мұхитқа
тиесілі.

Жердің су ресурстарының арақатынасы

Әлемдік мұхит, судың көлемі 97,2-97,5%
Мұздықтар (Антарктиданы қосқанда) 1,75-2,15%
Жерасты сулары 0,72%
Тұщы көлдер 0,009%
Ішкі теңіздер, ащы көлдер 0,008%
Өзендер 0,0001%

Жер шарында су мол болғанымен, ол Жердің аудандары мен елдер бойынша
біркелкі емес. Планетамыздағы жалпы су ресурстарының қатысы бойынша
Арктиканың, Гренландияның және Антарктиданың мұздықтарын қоса алғанда тұщы
судың қоры өте аз – шамамен 3%. Тұщы сусыз өмір сүрудің мүмкін еместігі
бәрімізге белгілі. Шындығына келсек, ғалымдардың есептеуінше, планетадағы
барлық өзендерде ағатын бір тәулік ішіндегі ағынды су бүкіл адамзатқа кем
дегенде жарты ғасырға жетеді екен.

Су тек шөл басу үшін ғана керек емес. Ол өндіріс үшін де қажет.
Қазіргі технологияның су сыйымдылығы өте жоғары: 1 тонна құрышты қорыту
үшін 250 м3 су қажет, 1 тонна қағаз өндірісіне 900 м3 су, 1 тонна капронға
– 5600 м3 су кетеді екен. Егер Жердің 1 тұрғынына кететін барлық су
шығынын есептесек, ол жылына 1,2 тоннадан да көп көрсеткішке тең болады
екен.

Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи ресурстың
бұл түрі мыналарға арналған:

Адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік
қажеттіліктерін өтеуге;

өндірістік-шаруашылық қажеттіліктерге (жуу, материалдар мен құралдарды
суыту, өсімдіктерді суару);

гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға;

өзіндік ерекшелігі бар технологиялық процестерді қамтамасыз етуге (электр
энергиясын өндіру).

Су биосфераның барлық қабатында болады; дәлірек айтқанда, ол тек су
қоймаларында ғана кездеспейді, сонымен қатар, оны ауадан да, топырақтан да
және бүкіл тірі жан йелерінің бойынан да ұшырастырамыз. Адам тамақ ішпей
40 күн өмір сүре алады, ал шөлге бар-жоғы сегіз-ақ күн шыдайды екен.
Оттегінсіз тіршілігін жалғастыратын бактериялар бар. Ал, сусыз өмір сүре
алатын ешқандай тіршілік йесі жоқ.

Әлемнің сумен қамтамасыз етілуі

Соңғы 80 жылдағы байқау көрсеткендей, теңіздің деңгейі жыл сайын 1,2
мм-ге көтеріледі, бұл құрғақтағы судың қорын жылына 430 км3-ге кемітеді.
Бұл көрсеткіш Каспий теңізіне құятын барлық өзендерге де (оның ішінде Еділ
мен Жайық секілді аса ірі өзендерге) қатысты. Адамзат өз қажеттілігіне
пайдаланатын судың жыл сайынғы мөлшері теңізге тек гидрографикалық желі
бойынша құйылатын судың мөлшерін ескергенде 37,3 мың. км3-ді құрайды екен.
Бұдан басқа 13 мың км3-ге тең болатын жерасты суының бір бөлігін
пайдалануға болады.

Әлемдегі су ресурстары (Калинин мен Быков бойынша)

Көлемі, мың км3 Жыл сайынғы Жаңғыртуды тудыратын
-пен алғанда жаңаратын процестер
(жаңғыратын)
бөлігі, мың
км3-пен алғанда
Жалпы көлемі 449 Булану
Әлемдік мұхит 1370000 37,3 Бет жағындағы ағын
5 км тереңдікке дейінгі 60000 13 Жерасты ағыны
жерасты суы
Көл 750 Булану
Мұздақ пен қар 29000 1,8 Ағын
Топырақтың және топырақ 65 7114 Жерасты ағынды судың
астындағы қабаттың булануы
ылғалдылығы
Атмосферадағы ылғал 14 520 Жауын-шашын
Өзендер 1,2 37,3 Ағын

Жер шарындағы халықтың (5 млрд адам) су ресурстарын тұтынуын былайша
бөлуге болады (км3-пен алғанда):

Ирригация - 7000

өнеркәсіп - 1700

тұрмыстық қажеттілік - 600

ластанған суды таза сумен араластыру - 9000

басқа қажеттіліктер - 400

Барлығы: 18700 .

Сумен қамтамасыз етілу дегенді өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының,
коммуналдық және басқа да халық шаруашылығы салаларының және олардың жыл
сайын жаңғыртылатын ресурстардың суға деген қажеттіліктерінің қанаттану
мүмкіндігін түсінеміз. Бұл арада судың статистикалық қоры ескерілмейді,
өйткені, оны халық шаруашылығы айналымына тартатын болса, қолайсыз
экологиялық салдарды тудырады. Бұл өз кезегінде шаруашылық жүргізудің
негізгі принципіне қайшы келеді. Мәселен, принцип бойынша еріту арқылы
таудағы мұздықтарда ғасырлар бойы жинақталған су қорын пайдалануға болады.
Сондай-ақ, терең жерасты суларын да пайдалануға болады. Оны көптеген
қалаларды сумен жабдықтау үшін жүзеге асыруға болады. Алайда мұздықтарды
және терең жерасты суларының қалпына келуі ұзақ жылдарға созылатындықтан,
экологиялық тұрғыдан алғанда бұл қауіпті болып саналады.

Орташа есеппен алғанда планетаның 1 тұрғынына күніне 3 мың литрге дейін су
кетеді екен, алайда Жердегі 5 миллиардтың 1 миллиард тұрғыны күніне кем
дегенде 2-3 литр тұщы суға қолы жетпей отыр.

Әлем елдерінің сумен қамтамасыз етілуі

Мемлекеттер Ауданы Халықтың Су бойынша орташа есеппен алғанда су ресурсы,
мың км3 саны, млн жылына
алғанда адаммен
алғанда
Жиынтығы, Жылына 1 квЖылына 1 әлемдік
км3-пен км ауданға адамға ресурстағы
алғанда мың текше шаққанда, құрайтын
метрмен м3-нен %-і
алғанда алғанда
Бразилия 8512 107145 9230 1080 86000 20,8
Бұрынғы КСРО 22274 268844 4740 212 17500 10,6
ҚХР 9597 838800 2550 266 3050 5,8
Канада 9975 22831 2472 248 108000 5,6
Үндістан 3269 598097 1680 514 2800 3,8
АҚШ 9347 213611 1938 207 8700 4,4
Норвегия 324 4007 405 1248 108800 0,9
Югославия 256 21356 256 1000 9150 0,6
Франция 551 59913 183 332 3060 0,4
Финляндия 337 4707 110 326 23500 0,2
Бүкіл әлем 134800 3967000 44500 330 1120 100
(Антарктиданы
қоспағанда)

2.3. Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстар мен қамтамасыздандыру
мәселелері

Қазақстанның негізгі байлықтарының бірі – бұл оның пайдалы қазбалары. 
Қазақстан табиғи ресурстарының қоры бойынша әлемде 6-шы орында. 
Д.И.Менделеевтің химиялық элементтер кестесінің 110 элементінің ішінен
Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент табылған, 70 элемент барланған, 60
элемент өндірілуде және пайдаланылуда: мұнай, газ, уран, мырыш, вольфрам,
боррит, күміс, қорғасын, хромиттер, мыс, флюориттер, молибден, алтын.
Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады,
олардың болжамды құны шамамен 46 триллион АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан қазірдің өзінде вольфрамның әлемдегі ең ірі өндірушісі болып
табылады, ал оның қоры бойынша дүние жүзі елдерінің арасында бірінші
орында, хром және фосфор кендерінің қорлары бойынша - екінші орында,
қорғасын мен молибден - төртінші орында, Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ,
Үндістан, Ресей және Украинадан кейін темір рудаларының жалпы қорлары
бойынша - сегізінші орында (16,6 миллиард тонна).
Қазақстан Республикасында мұнай мен газдың әзірге тек 160 кен орны
барланған, ал өндірілетін мұнай қорлары 2,7 миллиард тоннаны құрайды.
Бүгінгі күнгі Қазақстанда алтынның шамамен 300 елеулі кен орындары
болжамдалған, олардың ішінен 173- і егжей-тегжейлі барланған.
Қазақстанның аумағында 100-ден астам көмір кен орындары барланған, олардың
ең ірісі –қоңыр көмір қыртыстарының үлкен қуаттылығымен ерекшеленетін
Екібастұз кен орны, және  50 миллиард тоннадан астам кокстенген көмір
қорлары бар Қарағанды көмір бассейні.
Қазақстанда калийдің және басқа тұздардың, борат, бром қоспаларының,
сульфаттардың, фосфориттердің, лак және бояу өнеркәсібіне қажетті алуан
түрлі шикізаттардың,  күкірт қышқылы және басқа химиялық өнімдердің
өндірісін ұйымдастыруға арналған полиметалл кендерінің құрамындағы күкірт
колчеданның мол қорлары бар.
Қазақстанда шыны және фарфор-фаянс өнеркәсібінде қолданылатын аса бай
шикізат ресурстары бар: сирек кездесетін асыл тастар, алуан түрлі құрылыс
және қаптауыш материалдар.
Қазақстан жер қойнауындағы басты байлық – түсті және қара металдар:
мыс, мырыш, қорғасын, никель, вольфрам, молибден, темір және марганец
рудалары, хромиттер. Республикада сондай-ақ, тас көмір мен қоңыр көмір,
мұнай мен газ, фосфориттер, ас тұзы мен асбест көп. Жалпы алғанда,
Қазақстан жер қойнауында 90-нан астам пайдалы қазбалардың түрі бар.
Менделеевтің периодтық кестесіндегі элементтердің республикада табылмағаны
жоқ деуге болады. Экологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда, осынау пайдалы
қазбалардың өте маңызды ерекшелігі сол, олар көбінесе, жер бетіне жақын
жатады, және сондықтан карьерлерден ашық әдіспен арзан алынады. Қазба
қорларының молдығымен және сан алуандығымен кенді Алтай, Қаратау, Мұғаджар
таулары, Торғай жазығы мен Маңғыстау түбегі ерекше көзге түседі.
Қазақстанның дәлелденген газ қоры 2009 жылдың басында 1,82 трлн м³ (BP
бағалауы бойынша), ол әлемдік қордың 1,7% -ын құрайды. Республика әлемдегі
барланған уран кен орындарының қоры бойынша әлемде екінші орын алады,
Қазақстан кен орындарында 1,69 млн тонна уран бар. 
Пайдалы қазба кен орындары үш топқа бөлінеді: жанатын, рудалы және
рудасыз
Қазақстан жер қойнауында геологиялық даму кезеңіне сәйкес әр түрлі
пайдалы қазбалар түзілген. Кейбір пайдалы қазба кен орындарының қоры
жөнінен хром, ванадий, вольфрам, мыс, калий, висмут,, фтордан Қазақстан
дүние жүзінде бірінші орын алады. Қазастанның геологиялық құрылысы мен
даму ерекшеліктері оның жер қойнауында көптеген пайдалы қазбалардың
түзілуіне әсер етеді. Пайдалы қазба кен орындары үш топқа бөлінеді:
1. жанатын
2. рудалы
3. рудасыз
Жанатын пайдалы қазбалар көбінесе шөгінді жыныстарда кезедеседі. Ал
рудалы пайдалы қазбалар көбінесе кристалды тау жыныстарда болады.
Рудасыз пайдалы қазбалар магмалық шөгінді жыныстарда кездеседі. Бүгінде
республикамызда 6000-нан астам пайдалы қазба кен орындары бар.
Жанатын пайдалы қазбалар.
Мұнай мен газ
Мұнай мен газ қоры негізінен республикамыщдың батыс аймағында
шоғырланған. Алғаш рет мұнай 1911 жылы Доссор кен орнында
өндіріледі. 60 жылдардан бастап Маңғыстау түбегінде, Каспий маңы
ойпатында Өзен, Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас мұнай кен орындары
ашылады. Өзен мен Жетібай кен орнынан мұнай 1250-2500 метр
тереңдіктен өндіріледі. Бұл ең бағалы мұнай өндіретін кен орнына
жатады. Юра мен бор дәуірінде пайда болған Құлсары мұнайы негізінен
50-2400 метр тереңдіктен өндіріледі. Жайық-Жем алабы жанғыш газға
бай. Жанғыш газ көбінесе мұнаймен бірге өндіріледі. Дүние жүзіндегі
қоры жөнінен ірі кен орнынан жататын Теңіз мұнайын өндіріп,
өңдеуге американдық Шеврон компаниясы атсалысуда. Қазстан көмірге
өте бай. 1833 жылы шопан Аппақ Байжановтың Қарағанды өңірінен
кездейсоқ тауып алған отқа жанатын қара тасы кейін аңыз емес
шындыққа айналды. ХІХ ғасырдың Қарағанды көмір алабынан жылына 10
мың тонна көмір өндірілсе, қазір жылына 50 млн тоннаға жуық көмір
өндіріледі. Тас көмірінің сапасы жоғары кокстелінеді, көмір
қабатының жалпы қалыңдығы 120 метр. Қарағанды көмірінен кем түспейтін
Екібастұз көміріжер бетіне жақын жатқандықтан, мұнда көмір ашық
әдіспен өндіріледі. Екібастұз алабының Алып, Солтүстік және Шығыс
кеніштері бар. Алып кенішінде сағатына 5 мың тонна көмір өндіретін
роторлы экскаваторлар жұмыс істейді. Жалпы Қазақстан жерінде тас көмір мен
қоңыр көмірдің 10 алабы мен 400 кен орны бар. Олардағы көмірдің жалпы
қоры 160 млрд. Тоннаға жетеді.
Рудалы пайдалы қазба.
Қазақстан рудалы пайдалы қазбаға бай. Рудалы кен орнадарына:
Кемпірсай (хром), Торғай (темір және боксит), Атасу (темір, марганец),
Жезқазған (мысты құмтас), Майқайың (алтынды полиметалл), Қаратау мен
Текелі (қорғасын, мырыш) кен орындары жатады. Қазақстан темір рудасының
қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орнды иеленеді. Ең негізгі кен орны
– Қостанай алабына кіретін Аят, Лисоков, Қашар, Соколов – Сарыбай. Соколов-
Сарыбай темір рудасы кен орынның ашылу тарихы қызық. 1948 жылы ұшқыш
М.Сургутанов осы күнгі Сарыбай кен орнының үстінен ұшып бара жатып кенет
компас тілінің ауытқығанын байқап қалады да сол маңды геологтарға магнитті
темір рудасы кен орнын ашты. Марганец рудасы кен орнымен іргелес жатады.
Марганецті ірі кен орнадары Жезқазған, Атасу, Қаратау Маңғыстауда ашылды.
Хром мен никельдің ірі кен орндары Мұғалжар тауы аймағындағы Кемпірсайдан
табылған. Хром рудасы ашық әдіспен Қазақстанның 40 жылдығы,
Бейбітшілік, Оңтүстік кен орындарында өндіріледі. Бұл жердің рудасы
сапасы жағынан өте жоғары, құрамында 45 пайызға дейін таза хром бар.
Никель кен орнады Жезқазған, Семей маңынан ашылды. Дүние жүзіндегі хром
кенінің жалпы қорының жартысына жуығы Қазақстанның жерінде шоғырланған.
Алюминий негізінен бокситтен алынады. Неігзгі кен орындары – Сарыарқаның
солтүстік-шығысында, Торғай ойысында. Қазақстан алюминий өндіруде алдыңғы
орнадардың бірінде. Қазақстан мыс рудасына да бай ел. Жезқазған кен орны
дүние жүзінде екніші орнда иеленеді. әрі оның мысының сапасы жоғары бағалы.
Қоңырат, Бозшакөл кен орндарында мыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани және материалды өндірістің өзара байланысы
Экономикалық ресурстардың мәні мен түрлері
Дүниежүзінің табиғат ресурстары
Табиғат ресурстарын пайдалану принциптері
Халықаралық табиғи ресурстар
Қазақстанның табиғат ресурстары
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері
Жалпы экологияға кіріспе
ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәндер