Қазақстандағы экономикалық реформалар: уақыт талап еткен қажеттiлiк


Қазақстандағы экономикалық реформалар:
уақыт талап еткен қажеттiлiк
Сонау бiр жылдары Қазақстан да бiр тудың астына бiрiгiп, таңның атысы, күннiң батысы мызғымас одақтың игiлiгi үшiн еңбек еткен он бес мемлекеттiң бiрi болатын. Иә, өткен шақпен сөйлеймiз: БОЛАТЫН деп. Өйткенi, бүгiн бiз келешегiне сенiмдi қарайтын Егемен елмiз. Мiне, тәуелсiздiгiмiздiң он төртiншi жылы да аяқталып қалды. Осы уақыт аралығында өзгерiстiң сан түрiн өткердiк. Ең күрделiсi - экономикалық реформалар. Жуырда экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигi Сағындық САТЫБАЛДИНДI сұхбатқа тартып, нарықтық экономикаға өтудiң әр түрлi кезеңдерiнде елiмiздiң тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргiзiлген Қазақстандағы экономикалық өзгерiстердiң нәтижелерi туралы әңгiме өрбiткен едiк . . .
- Сағындық Сатыбалдыұлы, Кеңес өкiметiнiң iргесi сөгiлгеннен кейiн, ел қатарлы тәуелсiздiгiн жариялаған Қазақстан экономикасының дағдарысқа ұшырағаны аян. Дегенмен, әр нәрсенiң де өткiншi болатынындай, ол кездер де артта қалды. Бүгiнде экономикамыз бiршама нығайып, ТМД елдерi арасында алдыңғы қатардан көрiнiп келемiз. Сол, кешеден бүгiнге дейiнгi өтпелi кезеңдi «тайға таңба басқандай» етiп сипаттап, жiктеп берсеңiз . . .
- Өтпелi экономиканың бiрiншi кезеңiнiң соңы мен екiншi кезеңiнiң бас шенi Қазақстанда, әлбетте бүкiл бұрынғы кеңестiк кеңiстiктегi сияқты нақ күйзелiстi жағдаймен сипатталады. 12 мемлекеттiң (Балтық жағалауындағы үш республика өздерiнiң Кеңес Одағы құрамынан шығатыны туралы бұрын мәлiмдеген-дi) үшеуi ғана 1991 жылғы желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келiсiмге қол қойды. Ал экономикасы тұтас тiзбекте әлi қалыптаспаған тоғыз мемлекет жалпы одақтық шаруашылық жүйесiнде төңiректеп, бұл үрдiстен тысқары қалды.
Бастамалар мен ұсыныстар, үдемелi кеңестер, Қазақстан Президентi Н. Назарбаевтың 11 мемлекет басшысымен, үкiметтер төрағаларымен, қоғам қайраткерлерiмен өткiзген кездесулерi және келiссөздерi сол жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласында ТМД құру туралы келiссөзге жасалған хаттамаға қол қоюға жеткiздi. Экономикалық әлеуетi әр түрлi, мүдделерi қайшы келетiн, iшiнара шикiзат өткiзу рыноктары үшiн өзара бәсекелесетiн елдердiң бiрiгуiне қарамастан, құрамы бойынша неғұрлым тар ықпалдастық құрылымдар құру қызметiнiң тиiмдiлiгi жоғары болмаса да, ТМД сол кезеңде өзiнiң қалыптасуымен ғана Еуразия аумағында ұлттық алауыздық негiзiнде мүмкiн болатын азамат соғысының алдын алды деуге болады. Шетелдiк зерттеушiлер мен отандық талдаушылар Н. Назарбаевтың бұрынғы кеңестiк республикаларды ықпалдастыру жөнiндегi бiтiмгерлiк жұмысын бағаламауы былай тұрсын, соңғы уақытқа дейiн бұл фактi жайында ауыз ашпай келдi.
Реформалаудың екiншi кезеңi Қазақстанның егемендiгiн жариялап, шамамен өзiнiң ұлттық валютасын енгiзуге дейiнгi кезеңдi (1991-1993 ж. ж. ) қамтиды. Бұл кездегi реформаларды сапалы деп атауға болмайды. Бұлар, әсiресе бюджет және кредит-ақша саласында шалағайлығымен, жартыкеш шараларымен сипатталады. Өйткенi, бұл кезеңде рубль аймағында болған Қазақстан Ресейдiң әлеуметтiк-экономикалық және саяси шешiмдерiне толық тәуелдi едi. Көптеген мәселелердi шегiну және уағдаластық әдiсiмен шешуге тура келдi. Бұл жерде рубль аймағында Қазақстанның мүше болуын дәйектiлiкпен, табандылықпен жақтаған нағыз ықпалдастырушы-бiрiктiрушi ретiнде Н. Ә. Назарбаевтың рөлiн айрықша атап өткен жөн. Алайда, 1993 жылғы шiлдеде Ресейдiң Орталық Банкi оларды Қазақстанға бермей, жаңа 50 рубльдiк белгiлердi енгiздi. Сөйтiп, Ресей үкiметi бiздiң елiмiздi бұл аймақтан шын мәнiсiнде «шығарып жiбердi».
Қазақстан 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағының құрамында қалған соңғы республика едi. 1993 жылы рубль аймағынан шыққаннан кейiн де ол бұрынғы кеңес рубльдерi ұсталынатын бұрынғы кеңестiк кеңiстiктегi жалғыз ел болды. Сондықтан, елге өздерiнiң ұлттық валюталарын енгiзiп үлгерген бұрынғы барлық одақтас республикалардан кеңестiк ақшалардың қыруар легi жауып кеттi. Рабайсыз инфляция туындады, елден тауар легiн әкету басталды, экономикалық ырду-дырду жағдайы белең алды. Осыған орай, Президент Н. Ә. Назарбаевтың байсалдылығы мен батылдығы қажет болды. Ол жарты жылға толмайтын уақыт iшiнде жаңа ұлттық валюта - теңгенiң басылуы мен айналысқа енгiзiлуiн, сөйтiп экономиканы басқаруды қалпына келтiрудi, апаттан құтылуды, елдiң экономикалық егемендiгiн сақтауды ұйымдастыра бiлдi.
Мұндай кезеңдi әлемдiк экономикалық практика трансакционалдық, немесе ымыраға келушiлiк ретiнде белгiлейдi. Оның ерекшелiктерi: бағаларды және сыртқы сауданы ырықтандыру. Инфляциялық үрдiстердiң күшеюi өнiмдер айырбасын, яғни баспабас айырбасты қайта туғызуға әкелдi. Отын-энергетика және минералдық-шикiзат ресурстарына бағаларды еркiн қалыптастыру тетiгiнiң болмауы олардың экспортын және валюта түсiмiн қайтармауын ынталандырды. Инвестициялық саясатта, әлеуметтiк салада, басталған жекешелендiру үрдiстерiнде мемлекеттiк реттеу рөлiнiң төмендеуi, несиелер алу айырбасына халықаралық қаржы ұйымдарының ұсынылымындарына сүйену қажеттiлiгi 1994 жылға дейiн созылды. «Шағын» деп анықтама алған сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қамту, өзге де қызмет көрсету саласы объектiлерiн жекешелендiру басталды. Осы уақыт iшiнде 15 мыңға жуық кәсiпорындар жекешелендiрiлдi.
«Аялдамалармен қозғалыс» ретiнде сипатталатын келесi транзитивтi кезеңде (1994-1998 ж. ж. ) дербес макроэкономикалық саясатты қалыптастыру басталды. Өкiнiшке қарай, ол дәйексiз және кешендiлiксiз жүзеге асырылды. Мысалы, берешектердi өтеу үшiн кәсiпорындарға эмиссиондық директивтi кредиттердi беру мен төлемдер жасамау проблемасын шешу әрекетi инфляциялық үрдiстердi тек қана асқындырып жiбердi.
Дәрменсiз кәсiпорындарды сауықтыру және банкрот ету рәсiмдерi әр жерде және әр кезде ойдағыдай болған жоқ. Көп ретте оларды кейiннен сату «ашық емес» тендерлерде едәуiр төмендетiлген бағалар бойынша жүргiзiлдi.
Инвестициялық қаражаттың алғашқы ағысы энергетика, көлiк және байланыс, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ұқсату секiлдi өмiр сүрудi қамтамасыз ететiн объектiлер құрылысына бағытталды. Алайда, бұлар негiзiнен қолдаушы құрылыс болатын. Неге десеңiз, қаржылындырудың жетiспеушiлiгi мен ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң, яғни, жаңаша әзiрлемелердiң болмауы инвестицияларды: техника мен технологияларды енгiзуге мүмкiндiк бермедi. Ғылым, бiлiм саласының, әлеуметтiк-мәдени объектiлерiнiң жағдайы мүшкiл едi. Осы кезеңде Үкiмет балабақшаларын, селолық клубтарды, кiтапханаларды, аудандық ауруханаларды сақтап, уақытша басқаруға берудiң, немесе жұмысын уақытша тоқтата тұрудың орнына оңды-солды сатып, түсiнiксiз шараларды қолданды. Сөйтiп, ең алдымен түпкiлiктi халықтың басым көпшiлiгi тұратын ауылдардағы әлеуметтiк инфрақұрылым жойылып кеттi. Сонымен бiрге, салық салу, бюджет және банк, сыртқы экономика салаларындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк-құқықтық база жасала бастады. Мұның өзi мемлекет игiлiгiнен алу қарқынын күшейте түстi. Бұл үрдiстi жүйелi жүргiзу және әлеуметтiк әдiлеттiлiк қағидасын iске асыру әрекетi үшiн инвестициялық жекешелендiру қорлары құрылып, жекешелендiру чектерiн халық арасында бөлу жүргiзiлдi. Егер Ресейде ваучерлердiң белгiлi құны болып, олардың иелерi сол бағалы қағаздарды айналысқа жiбере алса, Қазақстанда чектердi инвестициялық жекешелендiру қорларына ғана орналастыру мүмкiн болды. Осы нобай бойынша кәсiпорындарды мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру акциялар пакеттерiне инвестициялар орнына олар инвестициялық жекешелендiру купондарын (ИЖК) алды. Нәтижесiнде сол объектiлердiң көпшiлiгi саналы түрде банкротталынды, екiншi-үшiншi бiреулерге сатылды, ал жекешелендiру чектерi былайша алғанда «күйiп кеттi». Алайда, кейбiр кәсiпорындар осылайша қағаз пакеттерден құтылып, жаңа иелердiң қолына барып, тығырықтан шығып қана қоймай, сонымен бiрге ел экономикасын жандандырып жiбердi. Шағын жекешелендiру үрдiсiнде шет елдiк инвестициялық капитал мейлiнше кеңiнен пайдаланылды. Обьектiлердiң бiр бөлiгi шетелдiктерге сатылып, кейбiреулерi солардың өзiне ұзақ мерзiм бойы басқаруға тапсырылды.
1997 жылы Iшкi жалпы өнiмнiң (IЖӨ) көлемi оның алдындағы жылғымен салыстырғанда 20%-ға өссе, жүктер тасымалының көлемi - 3, 4%-ға, инвестициялар - 20%-ға, өнеркәсiп өнiмiн шығару - 4%-ға артқан. Алайда, соңғы цифр шындыққа жанаспайды. Сондықтан, жеке сектордың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн IЖӨ-де есепке алудың қабылданған әдiсiнiң статистикалық иланымдылығы күдiк келтiредi. Үй шаруашылықтарының үлес салмағы үш еседен аса ұлғайған. Сөйтiп, оның өскелең көлемiн есепке алмағанда, республикалық өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi оның алдындағы жылғы (1995 ж. ) көлемiнiң небәрi 91, 2 %-ын құрады. Тұтас алғанда, тiптi 1991 жылмен салыстырғанда, кеңестiк экономика негiзiнде ұлттық экономика қалыптаса бастаған кезде нақтылы IЖӨ-нiң көлемi екi еседен аса азайды, халықтың басым көпшiлiгiнiң жағдайы тым нашарлады, қоғамда әлеуметтiк шиеленiс күшейдi. Кентау, Жаңатас және т. б. «күйзелiске ұшыраған қалалар» деген ұғым пайда болды. Бұларға, мысалы бұрынғы iрi мекендер саналатын Арал сияқты өңiрлер де жатқызылды. 1998 жылға қарай елде 500 кәсiпорын жұмысын толық тоқтатса, мыңға жуық кәсiпорын уақытша жұмыс iстедi, ал 300-ден астамы толық емес жұмыс күнi режимiне көштi. Республикада өндiрiс пен тұтыну арасындағы теңгерiмсiздiктен, төлемдер жасамаудың ұлғаюынан, өнеркәсiптiң ұқсатушы салаларының өндiрiстiк аппараты жүктемесiнiң төмен болуынан және жұмыс iстеушiлердiң санын орынсыз азайтуға орай еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуiнен көрiнiс тапқан жүйелi дағдарыс сақталды. Сонымен бiрге, айрықша атап өту қажет, халықаралық валюта қоры белгiлеген макроэкономикалық мақсаттарға формальды түрде қол жеттi. Алайда, әлеуметтiк-экономикалық ахуал нашарлай бердi, экономикалық жағынан өсудi ынталандыру шын мәнiсiнде болған жоқ, инфляцияның орташа деңгейi ресми статистика жариялағаннан (11%) гөрi бiздiң есебiмiз бойынша бiрсыдырғы жоғары (шамамен 14%) едi. Яғни, көрсеткiштердiң қайсыбiр жоғарылауы IЖӨ-нi қосып есептеудiң қолданылған әдiстемесiнiң ерекшелiктерiнен болды, мұның өзi экономикалық жандану туралы елес туғызып, үкiмет қызметiн қожырататындай едi. Осындай көрсеткiштермен Қазақстан өз дамуының келесi кезеңiне шықты.
- Яғни, төртiншi кезеңге . . .
- Иә, бұл - шешушi кезең, немесе экономика ғылымы пайымдайтындай, табалдырықты кезең (1998-2000 ж. ж. ) .
Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiндегi, Ресейдегi қаржы дағдарысы Қазақстанға да соқпай кеткен жоқ. Бiрақ, 1996 жылдан бастап қатаң монетерлық саясат жүргiзу, бюджет тапшылығын төмен ұстау, жеке секторды дамыту және ең бастысы, егемендiк ал- ғаннан кейiн шын мәнiсiнде алғаш рет мемлекеттiң реттеушiлiк рөлiнiң көрiнiс табуы арқасында республика макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткiзе алды. Экономиканың нақты секторының қарыштап қарекет етуi үшiн алғышарттар жасалды. Төлемдер жасамау проблемасы шешiлдi, салықтардың түсуi - индикативтiк жоспар шегiнде, ауыл шаруашылығында күйзелiстi жағдайдан шығу белең алды, отын-энергетикалық кешен, басқа да шикiзат салалары дами түстi, кәсiпкерлiк қызметi, соның iшiнде шетел инвесторларының қызметiн реттеушi заңнамалық және нормативтiк-құқықтық база жетiлдiрiлдi. Нақты IЖӨ-нiң өсу қарқыны тұрақтала бастады.
2000 жылға дейiн Қазақстан өтпелi экономиканы құрайтын проблемалардың үлкен бөлiгiн шеше алды.
Республиканың 2000-2005 жылдардағы даму кезеңi транзиттiк ретiнде сипатталады. Елiмiз ұзаққа созылған жүйелi дағдарыстан нарықтық реформалардың онжылдығында тұрақты даму жолына шықты. Бiрақ, бұл жетiстiктер оңайлықпен келмедi. IЖӨ-нiң көлемi 39%- ға жуық, өнеркәсiп өндiрiсi 50%-ға төмендедi. Химия және жеңiл өнеркәсiп, машина жасау, құрылыс материалдары индустриясы iс жүзiнде құлдырап кеттi. Ғылым өз әлеуетiнен айырылды. Әлеуметтiк сала: медицина, бiлiм беру, мәдениет күрделi жағдайға тап болды. Жұмыссыздық деңгейi жоғары. 10% шылқыған байлар мен 10% кедейлер арасындағы кiрiстер айырмасы 11 еседен асады, яғни әлемдiк индекстер ұсынылымынан 3-4 есе көп.
Экономиканы орнықты ұстау, қоғамдық-саяси үрдiстердi тұрақтандыру, әлеуметтiк саланы қайтадан жандандыру мынадай шараларды жүзеге асырғанда ғана мүмкiн: мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жандандыру; пәрмендi институционалдық қайта құру; сыбайлас жемқорлықпен және басқа да қылмыстармен белсене күресу; энергетикада жоспарлы бағдарламаларды орындау: жұмыс iстейтiн қуаттарды оңалту, өз энергия ресурстарын айналымға жедел енгiзу, экспортқа шығарылатындарын жасау есебiнен тапшылықты жою, саланы модерлендiру және техникалық жағынан қайта жарақтандыру. Тек осы шаралар елдiң энергетикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпек.
«Мұнай шығару және өңдеу салаларындағы стратегиялық бағыт - мұнай шығарудың прогрессивтiк әдiсiн енгiзу, мұнай қайтарымын ұлғайту, көлiк арналарын тұрғызу және басқалары. Қара металлургия саласында: метал сыйымдылығын азайту мен экспорттық әлеуеттi ұлғайту; түстi металлургияны дамыту тиiмдiлiгi жоғары қазiргi саланы құру. Көлiк-коммуникация саласында халықаралық қызмет көрсету базасы кеңейтiлуi керек. Ауыл шаруашылығы күйзелiс жайдан шығуға, бәсекелесуге қабiлеттi астық өнiмдерiн бiрсыдырғы арттыруға, шикiзатты ұқсатуға бағдарланады. Әлеуметтiк саланы қалпына келтiруге көптеген инвестициялар талап етiледi».
Қазақстан Президентiнiң халыққа Жолдауында белгiленген осынау мiндеттер кейбiреулерге қол жетпестей болып көрiнгенi бар. Жолдау жарияланғаннан кейiн қайсыбiр басшылардың бет-әлпетiнен сенiмсiздiк реңi байқалды, ал оппозиция Президент тапсырмаларын «өткiр» сынға алды.
Алайда, Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004 жылғы және 2005 жылдың қаңтарындағы қорытындылары мемлекет басшысы болжамының дұрыстығын дәлелдейдi. Нақты IЖӨ-нiң өсуi 2003 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 9, 4% болды. Оның құрылымындағы өндiрiс үлесi - 4, 5 %, қызмет көрсетулер - 50, 6 %. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 9%-ға өсiп, қолданыстағы бағалармен 47, 5 млрд. теңге болды. Кен өнеркәсiбiнде - 12, 8%, өңдеу өнеркәсiбiнде - 4, 8%, электр қуатын, газ және су өндiру мен бөлуде - 8, 6 %, ауыл шаруашылығында - 3, 5% ұлғайды. Бөлшек тауар айналымы 2005 жылғы қаңтарда 92, 5 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы қаңтардағыдан 9, 9% көп. Негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 2005 жылғы қаңтарда 97, 1 млрд. теңгеге тең болды, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңiндегiден 61%-ға жоғары.
2005 жылғы 1 қаңтарда елде 209884 шаруашылық жүргiзушi субъектiлер тiркелдi, оның iшiнде адам саны 50-ге дейiн, 196952 субъект, iс-қимыл жасайтын заңды тұлғалар - 157843.
Халықтың нақты ақшалай табыстары 2004 жылғы желтоқсанда 2003 жылмен салыстырғанда 12, 8%-ға, жалақы - 18, 5%-ға ұлғайды. Жұмыссыздық деңгейi 2005 жылғы қаңтарда экономика жағынан белсендi халық санының 8, 6%-ын құрады.
- Экономиканы орнықты дамытуға жасалған бұл бетбұрыс ненiң есебiнен болды?
- Бұл Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» деп аталатын стратегиясын iске асырудың заңды нәтижесi болып табылатыны айқын. Онда: «Отын-энергетика ресурстары негiзгi басымдылық» деп, ал «шетелдiк инвестицияларды молынан тарту есебiнен мүнай-газ секторын күрт дамыту - Қазақстан Республикасы экономикалық дамуының басты қозғаушы күшi» деп жарияланған-ды.
Сол деректерге орай, 2005 жылдан бастап Қазақстан экономикасын халық нақты сезiнетiн болды, яғни елiмiз өтпелi кезеңнiң соңғы белесi - тактилдi деп аталатын кезеңге шықты деп қорытынды жасауға болады. Ол Қазақстанның әлеуметтiк реформалар жағына шұғыл бетбұрыс жасауымен және әлеуметтiк реформа ретiнде шаруашылық қатынастарының нарықтық моделiн белгiлеумен сипатталады.
- Президент былтырғы Жолдауында бәсекеге қабiлеттi экономика құру туралы айтты . . .
- Иә, осы Жолдауда атап көрсетiлгендей, «Өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғарғы стандарттарын жасай отырып, Қазақстан әлемдегi тиiмдi дамушы елдердiң қатарына енуi тиiс. Мұны бiз ұлт және экономика бәсекеге қабiлеттi болғанда жасай аламыз». Осынау мақсаттарға жету үшiн алдыңғылардың қатарында, мысалы инновациялық экономиканы жасау және шикiзаттық емес секторды дамыту мiндетi, яғни экономиканың нақты секторын құрылымдық жағынан қайта құру тiлге тиек етiлдi.
Құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру құралдарының бiрi ретiнде технополистер құру көзделедi. Бұлар - ғылымның, бiлiмнiң және өндiрiстiң, фирмалар, инновациялық компаниялар, жоғарғы оқу орындары, консультациялық кәсiпорындар тоғысуының ұйымдастыру нысаны, мемлекеттiң тиiстi бөлiмшелерi мен муниципалдық органдарын бiрыңғай жоғары тиiмдi бәсекеге қабiлеттi тетiкке одақтасуы сияқты қазiргi нарықтық жүйенiң аса маңызды буыны. Мұндай тетiк жасау «Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиясы» Ұлттық бағдарламасында көзделген.
- Қазiргi уақытта кластерлер туралы көп айтылып жүр . . .
- Бұл - индустриялдық-инновациялық бағдарламаға енетiн перспективалы тетiктердiң бiрi. Кластерлер - тасқынды әдiспен бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi шығаратын, жоғары технологияларды, яғни, ғылым жасаған және практикада сыннан өткен бүкiл бiрегей жетiстiк пайдаланылатын шаруашылық жүргiзудiң жоғарғы индустриалдық нысандары.
- Қазақстанның таяудағы жылдары Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше болуына қатысты да жоспарлар бар. Жаңағы, экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi осы жерде қажет қой?!
- Бiздiң ырықтанған рыноктарды кеңiнен аша қалған жағдайда қазақстандық кәсiпорындар өнiмдерiнiң, тiптi iшкi рынокта да бәсекеге қабiлетсiз екенi айқын болады. Елiмiз екiншi жүйелi дағдарысқа ұшырауы ықтимал. Әрине, бұған жол беруге болмайды. Ел Президентiнiң Швецияға сапарына орай мемлекеттiк басқару органдары онда мемлекеттiң экономикалық әр түрлi құрылымдық өзгерiстерге белсене қатысатынына назар аударды. Бұл дұрыс. Неге? Өйткенi, экономиканың бәсекеге қабiлеттi болуына ден қоя отырып, мемлекет сонымен бiрге инфрақұрылымды дамыту жөнiнде өзiне мiндеттеме алады. Онсыз кез келген жеке күрделi қаржы тиiмдi болмайды.
Қазақстанда жасалып жатқан индустриялдық-инновациялық бағдарламаны iске асыру, ұлттық инновациялық жүйенi әзiрлеу керек. Бiз жоғарыда сөз еткен құрылып жатқан ұлттық даму институттарымен қатар, технологиялық парктер жүйесi дамуда. Бұлардың кейбiреулерiнiң жалпы ұлттық сипаты бар. Алматы маңындағы Алатау поселкесiнде бұрынғы Қазақстан Ғылым Академиясы институттарының негiзiнде «Ақпараттық технологиялар паркi» құрылса, бiрегей лабороториялық, зерттеу және технологиялық желiлерi сақталған бұрынғы әскери-өнеркәсiп кешенi негiзiнде Степногорск қаласында сондай парк құрылды. Курчатов қаласының ұлттық технопарк мәртебесi бар. Онда атомды бейбiт жағдайда қолданудың технологиялары әзiрленiп, таратылады. Салалық технопарктер мен аймақтық технопарктердiң арнайы институттары құрылады.
Алайда, технопарктер де, кластерлер де экономиканың дербес моделдерi болып табылады, олар - оның құрамды, айталық, шаруашылық дамуын неғұрлым жоғары деңгейге көтеретiн өзгертушi тетiктерi, құралдары iспеттi.
- Әңгiмеңiзге рахмет. Пайлық инвестициялық қор депозитке балама ма?
Қаржы нарығының дамуы, күнделiктi тұрмысқа жұмсалатын қаражаттан бөлек, бос қаражаты бар кез келген адамды - инвестор, ал оның ақшасын - капитал деп атауға мүмкiндiк бередi. Бiрақ инвестор атану үшiн, капиталды белгiлi бiр қаржы құралына инвестициялау керек. Әрине, егер барлық тапқан табысыңыз күнделiктi ағымдағы қажеттiлiктерге жұмсалатын болған жағдайда, ешқандай салымдар туралы сөз қозғау артық болар. Ал өзге жағдайда, қаржы нарығы бүгiнгi таңда потенциалды инвесторларға көптеген мүмкiндiктердi ұсынып отыр. Қаржы нарығында бiрнеше қаржы құралдарының дамуына байланысты, инвесторға өз капиталын инвестициялау үшiн, көптеген инвестициялық баламалардың арасында, ең тиiмдiсiн таңдау қиынға соғады. Статистика бойынша, қазақстандықтардың негiзгi бөлiгi жинақтарын үйде сақтайды екен. Мұндай жағдайда тоналу немесе өртке тап болу қаупiн ескермегеннiң өзiнде, инфляция деңгейiнiң әсерiнен үйде сақталған ақшаның сатып алу құны төмендейтiнi анық. Қарап отырғанымыздай, қазiргi заманда ақшаны сақтаудың бұл әдiсi ескi әрi жарамсыз.
Жинақтың инвестициядан айырмашылығын осындай ерекшелiктер арқылы айқындалады. Бүгiн жеке тұлғалар арасында инвестициялаудың ең таралған түрлерi депозит және пайлық инвестициялық қор (ПИҚ) болып табылады. Көптеген инвесторлар пайды депозитке балама ретiнде қарастырады. Депозит пен пайдың ерекшелiгi - белгiлi мерзiм өткеннен кейiн өсiп, иесiне пайда алып келетiндiгi. Бiрақ олардың өсу жолдары бiр-бiрiнен өзгешеленедi.
Ақшаны депозитке салу үйреншiктi болғандықтан, баршамызға түсiнiктi. Салымшы, банкте депозит ашу арқылы қаражаттарын депозитке инвестициялайды. Белгiлi бiр мерзiмнен кейiн оның салымы пайыздық ставкаға байланысты өсiп отырады. Инфляция деңгейiне қарамастан, банктер салымшыларды көптеп тарту үшiн депозиттердiң пайыздық ставкалары инфляция көрсеткiшiнен төмен емес деңгейде белгiлейдi.
Мәселен, 2006 жылдың сәуiр айында Ұлттық банктiң мәлiметтерi бойынша, орташа есеппен алғанда депозиттердiң сыйақы ставкасы жылына 9, 8 пайызды құрады. Ал инфляцияның жылдық мәнi 2006 жылдың мамыр айында 9 пайызға теңелген болатын. Осылай депозитке салынған ақшаның сатып алу құны инфляцияның әсерiнен төмендемейдi, бiрақ тәуекел төмен болғандықтан, иесiне жоғары пайда алып келмейдi.
Ал жоғары пайданы аңсайтын инвестор өз капиталын пайлық инвестициялық қорға инвестициялағаны жөн. ПИҚ дегенiмiз не? ПИҚ инвестициялаудың бiрлескен түрi. ПИҚ-қа салынған салым қордағы басқа пай иелерiнiң салымдарымен бiрiгiп қор нарығының құралдарына инвестицияланады. Ал қордың жұмысын бағалы қағаздар нарығының мамандандырылған өкiлi Басқарма компаниясы реттейдi. Пайдың сатып алу құны минималды болғандықтан, бос ақшасы бар кез келген адам пай иесi бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz