Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау және жиналған мәліметтерді талдау әдісі



Мазмұны:
Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөлігі ретінде
Ғылыми ақпаратпен жұмыс жасау әдістері
Педагогикалық зерттеуде негізгі ұғымдарды сараптау
1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөлігі ретінде
Ғылыми эдебиетпен жұмыс жасау - қандай да бір ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөлігі, дайындық кезеңінің негізі. Ғылыми эдебиетті оқу зерттелуші пән туралы бастапқы ақпарат алуға, оның басқаларымен байланысын анықтауға, зерттелетін мәселенің кемшіліктерін анықтауға жәрдемдеседі. Әдебиетті терең менгеру зерттелетін пән туралы белгілі немесе белгісіз жайттарды айқындауда, осыған дейінгі жасалған концепцияларды, жинақталған педогогикалық тәжірибелерді тіркеуде, зерттелу нысанын нақты белгілеуде бағыт береді.
Ғылыми эдебиетті оқу - бұл уақыт пен назар аударуды ғана емес, сонымен қатар ғылыми ақпаратпен сауатты жұмыс жасауды талап ететін салмақты жұмыс.
Әдебиет туралы мыңдаған кітаптар мен мақалалар жазылған, ал оны оқу туралы - кем де кем. Ал бұл құбылыстарды бөліп жару мүмкін емес. Оқусыз кітап - бұл қағаз үйіндісі ғана. Әдебиетсіз оқу - таза механикалық құбылыс. Олар тек бірге ғана жанданып, мәдениеттілікке айналады.
Оқу дегеніміз - бұл кітап мазмұнымен танысу, автордың кітаптағы ойын ұғыну. Оқу - бұл графикалық белгілермен берілген басқа біреудің ойын меңгеру.
Кез келген адам, ақыл иесі ретінде, өмір сүруге және оған қоса өзінің білімін жетілдіріп отыруға міндетті. Кітап ең мықты ой иелерінің ойластырып, құрастырғандарының жақсысын береді. Сондықтан оқу әр адам үшін қажет, оқусыз өмір мағынасыз өмір болып қалады. Конфуций: «Ойланбай оқу - бекер еңбек; оқымай ойлау - қауіпті,» - деген. Ал Сенека: «Қорғанды оқудан ізде, сен өмірдің барлық қайғы-қасіретінен құтыласың. Күндіздің қамы түнде күрсіндіруін қояды, сен өз-өзіңе масыл және басқаларға пайдасыз болмайсың,» - деп жазған.
Кітап, бізді көбірек алғыр ойлауға баулып, албырт сезімді тежеуге, ішкі ойлау күші арқылы біздің барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады (Пьер Гито Вокелен). Кітап - ол дос, жұбатушы, басшы, біздің түсініксіз және белгісіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен нәр татқызып, рухани қолдау береді.
Өздігінен оқу өздігінен білім алудың ең қолайлы жолы, ал кітап - ой еңбегінің элде қайда кең таралған құралдарының бірі болып табылады. Бүгінгі күндерге шейін А. С. Пушкиннің оқу - ол ең жақсы білім деген ойы өзінің мағыналық тереңдігін жоғалтқан емес.
Кітап адамды бүкіл өмірлік жолында қолдап жүруі керек: мектепке дейін отбасында, қазіргі кезде отбасылық оқу дәстүрін қайта жаңғырту тектен тек емес, отбасының үлкен мүшелері баланы балалар эдебиетімен таныстырғанда, оқуға деген сүйіспеншілік пен қызығушылығын оятады; мектепте, жоғары оқу орнында кітаппен жұмыс істеу алдыңғы уақытта ғылыми, көркем эдебиетті өздігінен оқуға баулиды.
Дегенмен кез келген адам, әсіресе жастар арасында дұрыс кітап оқуды біле бермейді, оқу мәдениеттілігінің элементтерімен таныс емес. Оқудың қарапайым дағдылары, әрине, кез келген сауатты адамға тэн, бірақ бұл дағдылар біз оқу ретінде түсінетін өте күрделі шығармашылық процестер үшін тек негіз бола алады. Кейбіреулер оқуды тек көңіл аулау деп түсінеді. Оларды әдетте сюжет бойынша не болып жатқаны немесе не болатыны қызықтырады, бірақ оқиғаның қалай суреттелгеніне, автордың қандай ой қозғағаны, суреттеушінің шеберлігіне көңіл аудармайды. Кейбіреулер ғылыми және техникалық эдебиеттерді оқуды және жұмыс істеуді білмейді.
Кітаппен шындап жұмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген сүйіспеншілігін мұқалтса, енді біреулерді жүйесіз, ойланбай оқуға экеліп соқтырады. Сондықтан, басылған шығарманы дұрыс пайдаланып, одан неғұрлым көбірек пайда, сабақ алу үшін бір ғана оқудың техникалық дағдысы жеткіліксіз. Ол үшін оқу мәдениеттілігін игеру керек.
Ғылыми эдебиет қазіргі ғылымның жай-күйін, табиғаттың, қоғаммен ойлаудың объективті заңдылығын сипаттайды.
Негізгі ғылыми мэтіндердің қысқаша сипаттамасын қарастырып көрейік:
Монография - бір ғылыми көзқарас ұстанған бір немесе бірнеше автордың ғылыми еңбегі, бұнда белгілі бір тақырып не мәселе толыққанды зерттеледі.
Монографияда аталмыш мәселе бойынша ғылыми эдебиеттер талданып сарапталады, ғылымның дамуына әсер ететін болжамдар мен шешімдер ұсынылады.
Кітапша - мерзімсіз аз көлемдегі басылым (халықаралық тәжірибеде 5-48 бет аралығында), азғантай көлемде, ғылыми - танымдық сипатта. Ғылыми еңбектер жинагы - ғылыми ұйымдармен оқу орындардың зерттеу жұмыстарын біріктіретін жинақ.
Мақала - зерттелетін мәселенің теориялық және қолданбалы мәнін негізге ала отырып, жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі мен әдісітемесін бейнелейтін кіші көлемдегі ғылыми туынды.
Баяндама тезистері - ғылыми хабарламаның қысқаша мазмұны. Оқу құралы - оқу бағдарламасында және оқулықтарда қарастырылған білімді толық меңгеруге, тереңдетуге арналған оқу кітабы; оқулықты толықтырады немесе (жартылай немесе толық) алмастырады.
Қажетті эдебиетті іздеу - ұзақ еңбек. Бұның мәні зор, себебі жарияланған деректердің толықтығына зерттеу жұмысының сапасы тэуелді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау және жиналған мәліметтерді
талдау әдісі
Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөлігі ретінде
Ғылыми ақпаратпен жұмыс жасау әдістері
Педагогикалық зерттеуде негізгі ұғымдарды сараптау

1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөлігі ретінде
Ғылыми эдебиетпен жұмыс жасау - қандай да бір ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөлігі, дайындық кезеңінің негізі. Ғылыми эдебиетті оқу зерттелуші пән туралы бастапқы ақпарат алуға, оның басқаларымен байланысын анықтауға, зерттелетін мәселенің кемшіліктерін анықтауға жәрдемдеседі. Әдебиетті терең менгеру зерттелетін пән туралы белгілі немесе белгісіз жайттарды айқындауда, осыған дейінгі жасалған концепцияларды, жинақталған педогогикалық тәжірибелерді тіркеуде, зерттелу нысанын нақты белгілеуде бағыт береді.
Ғылыми эдебиетті оқу - бұл уақыт пен назар аударуды ғана емес, сонымен қатар ғылыми ақпаратпен сауатты жұмыс жасауды талап ететін салмақты жұмыс.
Әдебиет туралы мыңдаған кітаптар мен мақалалар жазылған, ал оны оқу туралы - кем де кем. Ал бұл құбылыстарды бөліп жару мүмкін емес. Оқусыз кітап - бұл қағаз үйіндісі ғана. Әдебиетсіз оқу - таза механикалық құбылыс. Олар тек бірге ғана жанданып, мәдениеттілікке айналады.
Оқу дегеніміз - бұл кітап мазмұнымен танысу, автордың кітаптағы ойын ұғыну. Оқу - бұл графикалық белгілермен берілген басқа біреудің ойын меңгеру.
Кез келген адам, ақыл иесі ретінде, өмір сүруге және оған қоса өзінің білімін жетілдіріп отыруға міндетті. Кітап ең мықты ой иелерінің ойластырып, құрастырғандарының жақсысын береді. Сондықтан оқу әр адам үшін қажет, оқусыз өмір мағынасыз өмір болып қалады. Конфуций: Ойланбай оқу - бекер еңбек; оқымай ойлау - қауіпті, - деген. Ал Сенека: Қорғанды оқудан ізде, сен өмірдің барлық қайғы-қасіретінен құтыласың. Күндіздің қамы түнде күрсіндіруін қояды, сен өз-өзіңе масыл және басқаларға пайдасыз болмайсың, - деп жазған.
Кітап, бізді көбірек алғыр ойлауға баулып, албырт сезімді тежеуге, ішкі ойлау күші арқылы біздің барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады (Пьер Гито Вокелен). Кітап - ол дос, жұбатушы, басшы, біздің түсініксіз және белгісіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен нәр татқызып, рухани қолдау береді.
Өздігінен оқу өздігінен білім алудың ең қолайлы жолы, ал кітап - ой еңбегінің элде қайда кең таралған құралдарының бірі болып табылады. Бүгінгі күндерге шейін А. С. Пушкиннің оқу - ол ең жақсы білім деген ойы өзінің мағыналық тереңдігін жоғалтқан емес.
Кітап адамды бүкіл өмірлік жолында қолдап жүруі керек: мектепке дейін отбасында, қазіргі кезде отбасылық оқу дәстүрін қайта жаңғырту тектен тек емес, отбасының үлкен мүшелері баланы балалар эдебиетімен таныстырғанда, оқуға деген сүйіспеншілік пен қызығушылығын оятады; мектепте, жоғары оқу орнында кітаппен жұмыс істеу алдыңғы уақытта ғылыми, көркем эдебиетті өздігінен оқуға баулиды.
Дегенмен кез келген адам, әсіресе жастар арасында дұрыс кітап оқуды біле бермейді, оқу мәдениеттілігінің элементтерімен таныс емес. Оқудың қарапайым дағдылары, әрине, кез келген сауатты адамға тэн, бірақ бұл дағдылар біз оқу ретінде түсінетін өте күрделі шығармашылық процестер үшін тек негіз бола алады. Кейбіреулер оқуды тек көңіл аулау деп түсінеді. Оларды әдетте сюжет бойынша не болып жатқаны немесе не болатыны қызықтырады, бірақ оқиғаның қалай суреттелгеніне, автордың қандай ой қозғағаны, суреттеушінің шеберлігіне көңіл аудармайды. Кейбіреулер ғылыми және техникалық эдебиеттерді оқуды және жұмыс істеуді білмейді.
Кітаппен шындап жұмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген сүйіспеншілігін мұқалтса, енді біреулерді жүйесіз, ойланбай оқуға экеліп соқтырады. Сондықтан, басылған шығарманы дұрыс пайдаланып, одан неғұрлым көбірек пайда, сабақ алу үшін бір ғана оқудың техникалық дағдысы жеткіліксіз. Ол үшін оқу мәдениеттілігін игеру керек.
Ғылыми эдебиет қазіргі ғылымның жай-күйін, табиғаттың, қоғаммен ойлаудың объективті заңдылығын сипаттайды.
Негізгі ғылыми мэтіндердің қысқаша сипаттамасын қарастырып көрейік:
Монография - бір ғылыми көзқарас ұстанған бір немесе бірнеше автордың ғылыми еңбегі, бұнда белгілі бір тақырып не мәселе толыққанды зерттеледі.
Монографияда аталмыш мәселе бойынша ғылыми эдебиеттер талданып сарапталады, ғылымның дамуына әсер ететін болжамдар мен шешімдер ұсынылады.
Кітапша - мерзімсіз аз көлемдегі басылым (халықаралық тәжірибеде 5-48 бет аралығында), азғантай көлемде, ғылыми - танымдық сипатта. Ғылыми еңбектер жинагы - ғылыми ұйымдармен оқу орындардың зерттеу жұмыстарын біріктіретін жинақ.
Мақала - зерттелетін мәселенің теориялық және қолданбалы мәнін негізге ала отырып, жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі мен әдісітемесін бейнелейтін кіші көлемдегі ғылыми туынды.
Баяндама тезистері - ғылыми хабарламаның қысқаша мазмұны. Оқу құралы - оқу бағдарламасында және оқулықтарда қарастырылған білімді толық меңгеруге, тереңдетуге арналған оқу кітабы; оқулықты толықтырады немесе (жартылай немесе толық) алмастырады.
Қажетті эдебиетті іздеу - ұзақ еңбек. Бұның мәні зор, себебі жарияланған деректердің толықтығына зерттеу жұмысының сапасы тэуелді.

2. Ғылыми ақпаратпен жұмыс жасау әдістері
Ғылыми ақпараттармен жұмыс жасау әдістеріне: ақпаратты іздестіру тәсілі; алынған ақпаратты өңдеу тәсілі; ғылыми ақпараттарды жүйелеу және сақтау жатады. 1) Ақпарат көзін таңдау және игеру
Ғылыми ақпаратты іздестіру. Ғылыми ақпарат ғылыми эдебиетте ұсынылады. Б.Г. Тяпкин ғылыми ақпаратқа келесідей анықтама береді: зерттеу жұмысының барысы, оның нәтижелері, ғылымның соңғы жетістіктерімен мамандарды құлақтандыру мақсатында баспа, жазба түрінде ұсынылатын ақпараттар жиынтығы. Білімнің белгілі бір салаларына тэуелсіз, ғылыми эдебиеттің негізгі мазмұны - ғылым және ғалымдар ашқан жаңалықтар, заңдар және ойлар болып табылады.Зерттеу жұмысының нәтижесі жазбаша түрде басылып, көпшіліктің назарына ұсынылмаса, ғылыми жұмыс толық аяқталмаған болып есептеледі.
Библиографиялық ізденістің ең дұрысы энциклопедиялармен арнайы сөздіктерге жүгіну. Энциклопедия мақалалары белгілі бір мәселе бойынша қысқаша ақпарат мазмұнын емес, сонымен қатар сол тақырып бойынша жарияланған мақалалар тізімін береді.
Зерттеу жұмысы туралы жалпы ақпарат алғаннан кейін, кітапхана тізімдемесімен жұмыс бастауға болады.
Каталогтың мынадай түрлері бар: эліпбилік, пәндік, жүйелік, жаңа түсірілімдер тізімдемесі.
Әліпби тізімдеме- автордың аты-жөнімен ақпарат алу көзін нақты білгенде жүгінуге болады.
Пәндік тізімдеме - пәндер бойынша библиографиялық жазбалар эліпбилік ретпен жасалатын кітапханалық тізімдеме.
Жүйелік тізімдемеде кітаптар аты бойынша топталады. Пәндік каталогпен салыстырғанда, алфавит бойынша емес, пән бойынша топталады.
Каталогты назар аударып қарау маңызды. Қысқа да нұсқа тізімдемелік карточкалар мол ақпарат береді: автордың аты-жөні, кітаптың аты, басылымды дайындаған ғылыми мекеменің аты, баспа аты, кітаптың шығарылған жылы, беттерінің саны. Тізімдік карточкадан кітап, мақала туралы библиографиялық ақпарат толық әрі нақты жазылып алынады. Жазбаларды бөлек карточкаларда жасаған дұрыс. Библиографиялық оқылым барысында жасақталған биоблиографиялық карточка бойынша библиографиялық тізім жасалады. Библиографиялық тізім зерттеушінің ғылыми еңбегінде пайдаланған библиографиялық ақпарат көздерінің тізбектілігін бейнелейді.
Зерттеу жұмысының барысында библиографиялық тізімді құрастырудың бірнеше тәсіл қолданылады: эліпбилік, тақырыптық, хронологиялық.
Әліпбилік тәсілде библиографиялық тізім авторлардың аты-жөні және ақпарат көзінің аты (автор белгісіз жағдайда) бойынша жасалады.Осы эліпбилік жолмен ғылыми еңбектердің библиографиялық тізімі жасалады.
Ғылыми ойлардың дамуын кезеңдермен бейнелеу қажет болғанда хронологилық библиографиялық тізім жасалады.
Кейде зерттеу жұмысы кезінде библиографиялық тізім алфавит бойынша емес, саны бойынша топталады.
Зерттеуші жұмыс барысында жүгінген энциклопедиялар мен анықтамалықтар бөлек тізіммен көрсетілетінін атап өту керек.
Ғылыми эдебиетпен және оқулықпен жемісті жұмыс жасау үшін кітап оқу мәдениетін білу қажет. Оқу мәдениетіне келесілер жатады: уақытылы оқу, оқу жылдамдығы, оқу түрлері, кітапханалардың ақпараттық-іздестіру жүйесімен және тізімдемесімен жұмыс жасай білу, оқылым тиімділігі, жазбалар жүргізе білу.
Әдеби материалдарды көп игеру үшін жылдам оқи білу қажет. Оқу жылдамдығы - негізгі мақсат емес. Ол міндетті түрде оқыған мэтінді қабылдау, алынған ақпараттарды есте сақтау сапасымен өлшенеді.
Зерттеуші үшін оқудың мақсатын айқындап алу және кітап оқудың әр түрлі тәсілін меңгеру маңызды. Оқудың келесі мақсаттары бар:
Ақпараттық-ізденуші - қажетті ақпаратты табу;
Қорытушы - ақпаратты және ойлау қисынынтүсінуу;
Сараптамалық-сынаушы -мэтінді ұғыну, кітап оқушының мэтінге қатыстылығын анықтау;
- Шығармашылық - ақпаратты ұғыну негізінде оны толықтыру, дамыту. Мамандар оқудың негізгі үш түрін жиі қолданады:
1. Ізденуші: кітаппен, мақаламен алдын ала танысу үшін. Басты міндеті -кітапта қажетті ақпараттың бар-жоқтығын анықтау. Бұл үшін алғы сөз, аңдатпа, қорытынды сөз қаралады. Кейде кітап туралы ой қалыптастыру, автордың негізгі ойын ұғыну мен жұмыстың ерекшеліктерін білу үшін осының өзі жеткілікті болады.
Егер оқудың осы түрінде жасалатын жүйелі іс-әрекетті анықтасақ,төмендегідей болады:
Мэтіннің құрылымы мен мазмұны туралы жалпы мағлұмат алу үшін тақырыпшаны белгілеңіз. Тақырыпшаны сұрақ түрінде ұсынуға болады. Мысалы, тақырыпша Тәрбиелеу жүйесі тұлғаның даму шарты ретінде дегенді сұрақ түрінде Өсіп келе жатқан баланы тұлға ретінде қалыптастыру үшін тәрбиелеу жүйесі қандай болуы қажет деп өзгертуге болады;
Мазмұны жайында жалпы мағлұмат алу үшін алғашқы және соңғы азат жолды қараңыз;
Тұтас мэтінге көз жүгіртіп көріңіз;
Оқитын мэтінге сұрақ қойыңыз: Бұл тақырып туралы мен не білемін?, Не білуім керек? Тақырыпшаларды оқи отырып және сұрақ қою арқылы сіздің кітап оқу үрдісіңіз белсенді болады және оқу мақсатыңыз айқындалып, бұрын жинаған мәліметтеріңізбен жаңа ақпараттардың арасында байланыс пайда болады.
2. Таңдап оқу (танысу, қысқаша мазмұндау) белгілі бір ақпаратты толық меңгеру қажеттілігі туындағанда кітапты немесе мақаланы қайталап оқу. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Библиографиялық тізім
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі курсын педколледждерде оқытудың ұйымдастыру формалары
Бастауыш мектепте жобалап оқыту технологиясын қолданудағы ерекшеліктері
Құжаттың библиографиялық суреттемесі
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
Өздік жұмыстардың әдістері
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Медициналық жоғары оқу орнында тиімді оқыту негіздері - әдістемелік құрал
Дереккөздер дегеніміз не. орыс тілдерімен ұқсатығы мен өзгешелігі неде?
Пәндер