Ғасырлық туынды – «абай жолы»


Жоспар :
І. Кіріспе . . .
1. Ғасырлық туынды - «Абай жолы» . . .
1. 1 « Абай жолы» роман-эпопеясы - әлемдік әдебиеттің озық туындысы . . .
1. 2 «Абай жолының» эпопеялық сипаты
ІІ. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы образдар жүйесі
2. 1 Роман-эпопеяның басты тұлғасы - Абай . . .
2. 2 Абай және кедей жатақтар . . .
2. 3 Эпопеядағы Құнанбай характері
2. 4 Эпопеядағы әйелдер образы . . .
ІІІ. Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті : курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі - Абай болса, ХХ ғасырдағы заңғар биігі - Мұхтар әуезовтің өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы - бүкіл совет әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық-көркемдік биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Орыс совет жазушысы К. Федин «Ұлт туралы толық, та тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді . . . Мұхтар Әуезов өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырады, мен енді ғана хош иісті самал өскен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ, болып кеткен тәріздімін . . . » [1; 12] - деп жазды. Француз жазушысы Л. Арагонның : «Эпикалық, «Абай» романы . . . XX ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі» [1; 14] - деген сөздері демократиялық бағыттағы шетел жазушыларының ортақ, лебізі болып естіледі. Бұл пікірлер роман қазақ, совет әдебиетінің зор жетістігі болғанын айғақтайды. Қараңғы ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі шағын жас ақынның аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде: «Бұл қалай?» - деп күдер үзіп, торыққан да жайлары болады. Бұл ретте сол кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да азын - аулақ әсері болуы ғажап емес. Бірақ, ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, қайтадан өзінің бастапқы сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен енді еш қайтпайды.
Автордың жиырмасыншы жылдардағы шығармалары оның қаламының жылма - жыл төселіп, талантының ұдайы өсіп отырғанын көрсетеді. Тақырыбының ұлғайып, сарынының молайып, ақындық үнінің барған сайын күшейе түскенін аңғартады.
Курстық жұмысты жазудағы мақсат: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық талдап, оқырманға жеткізу.
Курстық жұмыстың құрылымы : Кіріспеден, екі тараудан, алты тақырыпшадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) - 1897 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыс болысында көшпелі қазақ отбасында дүниеге келген. Семей қаласында медреседе, онан соң бес кластық орыс мектебінде, ал 1915-1919 жылдары мұғалімдер семинариясында білім алған. 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша «Еңлік - Кебек» пьесасын жазады. Бұл қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Осы пьесасы мен 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты. Сол жылдарда Семейде, Орынборда әр түрлі қызмет істей жүріп, Алаш партиясының көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты басқа да белгілі әдебиет және мәдениет қайраткерлерімен танысады. «Абай» журналын шығаруға атсалысады. Алашорда қайраткерлері өкімет орындарынан, ресми саясаттан ығыстырыла бастаған соң, 1923 жылдан бастап көркем әдебиет саласына бар күш-қуатын жұмсап, өнімді еңбек етуге кіріседі. 1923-1926 жылдары «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімелері жарық көреді. 1923-1928 жылдары Ленинград университетінде оқып, тіл мен әдебиет факультетін бітіреді. Одан кейін Ташкентте Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасында шығыс фольклоры бойынша маманданады. Ленинградта оқыған соңғы жылында «Қараш-Қараш» пен «Көксерек» атты повестерін дүниеге әкеледі. Саяси қызметтен бас тартып, бірыңғай зерттеуге ойысқан кезде, ол әдебиетшіге де сол саясаттың шырмауынан шығу қиын екенін ұға білді. Ондаған жылдар бойы оған ұлтшылдық, байшылдық идеяларды жақтаушы деген кінә тағылып, 1930-1932 жылдары қамауда болды. Әуезовтің тарихи тақырыпқа баруының тамыры тереңде жатыр. Тұңғыш көркем туындысы «Еңлік - Кебек», онан кейін «Хан кене» мен «Қилы заман», «Айман - Шолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды» драмалары да осыны аңғартады. Бұлардың кейбіреуі ел арасында кең тараған, бұрыннан белгілі сюжетке құрылса, «Хан Кене», «Қилы заман» тарихта болған нақтылы оқиғаларды арқау еткен. Жазушы 20-жылдардың өзінде проза мен драматургияда келелі туындылар жазып, қазақ әдебиетінің классигіне айналды. 30 - жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, онан кейін де қым-қиғаш пікірлер айтылып жүргенде, Абайды тереңдеп, кеңінен тануды өзіне өмірлік мақсат ету ол кезде біліктілік, даналық қана емес, үлкен ерлікте болғаны хақ. Кесек, кең тынысты, сан миллион оқырмандардың жүрегіне жол табатын көркем шығарма арқылы Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Әуезовтің дүние жүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді. 1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Татьянаның қырдағы әні» атты прозалық үзінді жарияланды. Бұл - болашақ романның бір тарауы еді. Мұхтар Омарханұлы 15 жыл бойы «Абай жолы» атты өзінің 4 томдық даңқты тарихи роман-эпопеясын жазды. Мұның «Абай» аталған бірінші кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарық көрді. «Абай» романының екі кітабы 1949 жылы 1-ші дәрежелі КСРО Мемлекеттік сыйлығын алса, 4 кітаппен біткен эпопея 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. «Абай жолы» 30 тілге аударылып, дүйім дүние оқырманынан өте жоғары баға алды. Көркем тәржіме жұмысына да белсене атсалысып, И. Тургеневтің «Дворян ұясын» аударды. Қырғыздың «Манас» эпосы туралы монография жазды. Әуезовтің шығармашылық мұрасының аса қомақты бөлігін ғылыми-зерттеу еңбектері құрайды. Ғалым қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық және проблемалық мәселелері іргелі еңбектер жазған. Сан алуан мақалаларымен ағымдағы әдеби үдеріске дер кезінде үн қосып отырған. «Әдебиет тарихы», «Әр жылдар ойлары», «Уақыт және әдебиет», т. б. кітаптарында ұлы жазушының ғылыми зерттеулері мен философиялық, эстетикалық ойлары жинақталған. Ол қоғам және мемлекет қайраткері ретінде дүниежүзілік аса маңызды мәселелерді шешуге, халықтардың рухани ынтымақтастығын дамытуға елеулі үлес қосқан. 20-дан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірген. Әуезовтің озық ойы, таным-парасаты қолдау тауып отырған. Жазушы суреткерлігіне тәнті болған шет ел жазушылары мен әдебиетшілері де оның шығармаларында қазақ қоғамының өзіндік сипаты мол, қайшылыққа толы өмір-тұрмысы, әдет-салттары әсерлі бейнеленетіне ерекше көңіл қойған. Әлем әдебиеттерінің өкілдері Әуезовтің шығармашылығын жоғары бағалаған. «Абай жолы» роман эпопеясына Луи Арагон «ХХ ғасырдағы ең ұлы шығармалардың бірі» деп баға берген. [2; 25] Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т. б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы»топтамасында екі том болып басылды.
1. 1. « Абай жолы» роман-эпопеясы - әлемдік әдебиеттің озық туындысы.
Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз қазақ Мұхтар Әуезов еді. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдебиетте толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты шығармасы “Абай жолы” романында жүзеге асты. Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» - қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «Абай жолы» роман- эпопеясы творчествоның тылсым сырына, өмір мен өлеңнің өзара байланысына терең бойлаған туынды, ақын мен проза жайлы әлем әдебиетіндегі ең шоқтығы биік үздік шығарма» (М. Луконин), [3; 140] , «Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті » (Н. Тихонов), [4; 161], «Шынында, бұл қазақтар - неткен ғажайып халық! Осы кереметтік « Абай » романында қандай тамаша суреттелген!» (Б. Матип), [5; 180] , деген жоғары баға алды. «Абай жолы » - қазақтың көркем прозасын классикалық стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. Сондай-ақ, бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Ш. Айтматовтың « Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі - « Манас », бірі - Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы » [6; 124] - деуі осыны айғақтайды.
« Абай жолы » роман-эпопеясы жазушының ұзақ жылғы ғылыми ізденістері мен көркемдік танымының жемісі. 30-жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым-қиғаш пікірлер айтысы туғанына қарамастан Әуезов Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты зерттеулерін тоқтақан жоқ. Л. Соболевпен бірігіп жазған « Абай » трагедиясын 1939 жылы Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий жазды. «Абай » трагедиясында оның жанрлық ерекшелігіне байланысты ақын өмірінің соңғы кезеңі, яғни, хакім Абай бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қамқоршысы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер-білімді уағыздаған ағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін-ақ Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 жылы жазылған «Татьянаның қырдағы әні » атты үзінді болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған болатын. «Татьянаның қырдағы әнін » оқушы-қауым жылы қабылдады. Көп ұзамай жазушы өз ойын жүзеге асыруға тікелей кірісті. Алғашқыда романға « Телғара » деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда, жұмыс барысында оның шеңбері кеңейтіле түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын « Абай », онан кейін мұның жалғасы болып табылатын « Абай жолы »(бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. Бірінші кітабы 1942, екіншісі 1947, үшіншісі 1952, төртінші томы 1956 жылы жарыққа шықты.
Алғашқы екі кітаптан тұратын « Абай » романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық « Абай жолы » роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Абайдың заманы, өмірі мен өнерпаздық, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға Әуезов мол дайындықпен келді. Бұл жазушының дүниетанымы, ойшылдығы тереңдеп, кемеліне келген, суреткерлік шеберлігі шыңдалып әбден жетілген кез болатын. Әрине, бүтін бір тарихи дәуірді, бір халықтың ұлттық өмір-салтын, толып жатқан қым-қиғаш оқиғаларды, сан алуан кейіпкерлер бейнесін, іс-әрекетін, бір-бірімен қарым-қатынасын ұлы ақын, ойшыл, ұстаз Абайдың өмір жолымен ұштастыра суреттеу үшін мүлде жаңа, тың көркемдік шешімдер тауып, ұлттық көркем прозада зор жаңашылдық таныту қажет еді. Мұның бәрі өмір шындығына терең бойлап, тарихи шындықты бүгінгі заманның талғам-танымына үйлестіріп, жалпы адамзаттық түбегейлі мүдделермен сабақтастырғанда ғана іске асатынын жазушы жақсы сезінді. Ақын, ойшыл, Абайды жазушы басты кейіпкер етіп ала отырып, айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен (бұлардың ішінде аса ірі тұлғалар мол) тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады. Абай барлық оқиғалардың топ ортасында жүреді. Бір қарағанда оған қатысы жоқ оқиға, сурет-көріністер, оған Абайдың көзқарасы не оның тікелей араласуы арқылы жаңа мазмұн, мағынаға ие болып, жарқырап шыға келеді. Сөйтіп, бас кейіпкердің тұлғасы толыға түседі де, оның характерінің сипаттары айқындалып, ашыла береді. Оқиғалар мен эпизодтардың көптігіне қарамастан шығарма сюжет құрылысының қарапайымдылығымен, шынайлығымен, композициясының шымырлығымен көзге түседі. Бірінші кітапта жеті тарау (Қайтқанда, Қат-қабатта, Жолда, Шытырманда, Бел-белесте, Өрде, Қияда), екінші кітапта жеті тарау (Тайғақта, Жайлауда, Еңісте, Оқапта, Асуда, Тарауда, Биікте), бір эпилог, үшінші кітапта алты тарау (Абай аға, Кек жолында, Қарашығын, Өкініште, Қақтығыста, Қоршауда), төртінші кітапта алты тарау (Түн-түнекте, Құз-қияда, Қапада, Қастықта, Шайқаста, Жұтта), бір эпилог - эпопеяда барлығы жиырма тараушаға бөлінген. Олар және жеке көрініс, ситуациялардан тұрады. Әрбір тараудың аты бөлімде өтетін басты оқиғаның, психологиялық қалпын дәл береді. Жинақтай келгенде, Абай өмірінің, жеке адам тағдырының бір шақтағы болмыс-бітімін анықтайтын образдық-символдық мәні күшті бейнелі сөз. Екі тарау аты, екі эпилогтан өзге жиырма төрт тарау аты түгелдей бір-бірімен ұйқасып, сабақтасып, жалғасып тұр. Нұрлы, бақытты, сәулелі сәттерден гөрі, қайғылы, драмалы, трагедиялы күйлер көп. Мыңмен жалғыз алысқан данышпан, ақын ғұмырының мұңлы-зарлы шежіресі іспетті. Бірінші кітаптың соңында бейнеленетін шыңға шыққан жалғыз балғын шынар төртінші кітаптың аяғында зәулім болып өсіп барып, ақыры құлайды. Бұл - символ. Айта берсе, романда мұндай жинақтаушылық мәнге ие болып кететін образ бейнелер көп, осы қатарда теңіз кейпіне айналатын дала, ондағы болашаққа тартқан кеме, тарих белестері іспеттес боп көрінетін таулар тізбегін де қосу керек.
Әлем әдебиеті қазынасына ерекше қымбат көркемдік-эстетикалық игілік болып қосылған « Абай жолы » эпопеясының шығармашылық тарихында, жазушының ұстаханалық баянында бірнеше оқшау белгілі қасиет-сапа бар. Қаламгердің болашақ, роман қаһармандары, олардың ұрпақ-нәсілдері ортасында туып, алаңсыз сәбилік, бақытты балалық, бозбалалық күндерін солар кешкен қат-қабат әлеуметтік-психологиялық, тұрмыстық-этнографиялық табиғи-экологиялық қоршауда, қаймағы бұзылмаған көшпелілер мәдениеті құшағында өткізуі бір олжа болса, екінші сәттілік Құнанбай - Әуез, Абай - Омархан әулеті өзара қыз беріп, қыз алысқан, нағашылы-жиендік орайда туысып, ортақ қуаныш, ортақ қайғы бөліскен, сүйек-шатысты, жүз жылдық күйеулік, мыңжылдық құдалық рәсімін берік ұстанған жақын, бауыр адамдар екендігінде жатыр. Кезінде М. Әуезовтің өзі ескерткендей, бір ру, бір бұтақ болып, біте қайнасып кеткен.
Мұның үстіне жазушы көптомдық шығарма тудыруға бел байлаған соң, өзі бейнелейтін дәуірдің басты кісілері, басты оқиғалары туралы тарихи құжаттарды, сол кезеңді көрген, білген адамдардың жадында қалған ескі сөздерді арнайы теріп, жинап, екшеп пайдаланған. Осыларға қоса әлемдік реалистік проза үлгілері, классикалық тарихи романдар тағылымы, қазақ қарасөзінің өз мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылып, терең зерттеліп, автордың эстетикалық мұраттарына бағындырылып, батыл шешіммен, соны шеберлікпен қаламгерлікпен нақты тәжірибеде ғажайып жемістерін берді. Сөйтіп, М. Әуезов өнер адамы мен халық тағдырын тұтас бірлікке көрсететін зор реалистік шығарма жазудың жаңа көркемдік мектебін ашты.
Негізінен, өмірде өткен адамдардың басында болған оқиғалардың жалпы сорабын сақтай отырып, жазушы көркемдік логика, эстетикалық мұратты, реалистік шығарма жасау талап-шарттарын бірінші орынға қойған. Өз атымен, өзінің тіршіліктері нақты, дәмді әрекеттерімен бейнеленген кейіпкерлердің өзін сомдауда жазушы қиялға, авторлық фантазияға мол орын береді. Тыңнан, ойдан шығарылған оқиғалар, ситуациялар, бейнелер толып жатыр. Бұл ретте Әуезов шеберлігі шомбал шұбар тасты ойып, қашап, жан бітіріп, көркем тұлға, жауһар туынды жасайтын тынымсыз еңбекқор мүсіншінің азапты да рахат әрекеттерін еске түсіреді.
Бір адамның, бір шаңырақтың, бір тайпаның, бір халықтың іштей жарылуы, осы іргеден туып, өрістейтін неше түрлі психологиялық халдер: түңілу мен үміт, қайратсыздық пен батырлық, надандық пен мәдениет, жақсылық пен жамандық, алауыздық пен бірлік дейсіз бе, әйтеуір қарама-қарсы полюстер, контраст бояулардың шарпысуын, ұстасулар, қақтығысулар кернеуін бейнелеудің хас шебері Мұхтар Әуезов түптеп келгенде, ең биік тұғыр - өмір мен өлімнің соңғы айқасының сан алуан түрлерін жан-жақты суреттейді.
Жазушы алғашқы шығармаларында-ақ өмір мен өлімді қатар-егіз алып, екеуін де тең күйде бейнеледі. Жиырмасыншы жылдардағы жас Әуезов әңгіме, повестерінің көбі адамдардың ерікті-еріксіз ажалдарымен, өліммен аяқталады. Бұл енді тарих сахнасынан кетіп бара жатқан кешегі көшпелі өркениеттің мерт болуы деген идеямен сабақтас көркем ой.
Осы сарынның тереңдеген тасқыны « Абай жолы »эпопеясының басынан аяғынан дейін ыңыранып ағып жатыр: Қодар мен Қамқаның зорлықпен жасалған қанды өлімі, намыстан күйіп кеткен Бөжейдің кекті өлімі, ауыр сырқаттан көктей қиылған Әбіштің аянышты өлімі, асарын асап, жасарын жасап, ұрпағын өсіріп болған Зеренің разы өлімі, қатыгез, тасжүрек ру басыларының құрбандығына шалынған титтей Кәмшәттің ащы өлімі, кезінде қылышынан қан тамған Құнанбайдың шымылдық артындағы сопылық, мінажат өлімі, ең ақырында халқының ары мен ұяты, жаны мен сыры, өлеңі мен үні болған дана Абайдың трагедиялық өлімі бар.
Ұлы жазушының бас шығармасында бейнеленген негізгі тартыс-әділет пен зорлық, тұтастық пен алауыздық, білім мен надандық, махаббат пен ғадауат майданында түптің түбінде жарқын өмірдің, нұр сәуленің, береке-бірліктің жеңетінін мадақтаған, өзі құлай сүйіп, сол жолға барлық қайрат-жігерін, өр талантын, сапалы ғұмырын арнаған - қазақ халқының өрісті келешегі мәңгілік деген асқақ арманды үміттің оты маздап жанып тұр. «Абай жолы » эпопеясының танымдық мәні туралы айтқанда Абай заманын, сол ортаны, Абайдың ақындық, азаматтық тұлғасын, өнерпаздық жолын танытуы арқылы әдебиеттану, соның ішінде абайтанудың өзінің одан әрі өрістеп, дамуына әсер-ықпалы да аса зор болды дейміз. Эпопеяның кең мағынасында тарих, этнография секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде академик Қ. Сәтбаев атап көрсеткен болатын. Ал жалпы халықтық мүдделер тұрғысынан келгенде, біз « Абай жолы » эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі орасан зор рөлін баса айтуымыз қажет.
2. 2. «Абай жолының» эпопеялық сипаты.
«Абай жолы»- қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея. Реализмнің
нағыз жетілген кезеңінде туатын роман-эпопея жанрының қазақ әдебиетінде
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz