Терроризмнің жалпы сипттамасы, терроризмнің түсінігі, түрлері және негізгі белгілері


ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I-ТАРАУ. Терроризмнің жалпы сипаттамасы

1. 1. Терроризмнің түсінігі, түрлері және негізгі белгілері . . . 7

1. 2. Терроризм үшін қылмыстық жауаптылық даму тарихы . . . 16

1. 3. Террорист тұлғасының әлеуметтік сипаттамасы . . . 28

1. 4. Террорист тұлғасының психологиялық сипаттамасы . . . 33

II-ТАРАУ. Терроризмнің қылмыстық-құқықтық талдауы

2. 1. Терроризмнің объективтік белгілері . . . 39

2. 2. Терроризмнің субъективтік белгілері . . . 47

III-ТАРАУ. Терроризмнің криминалогиялық талдауы.

3. 1. Терроризмнің себептері 50

3. 2. Терроризмнің таралуына әсер ететін факторлар . . . 57

3. 3. Терроризммен күресу жолдары . . . 66

3. 4. Терроризмге қарсы күреске бағытталған іс-шаралар . . . 71

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 82

КІРІСПЕ

2001 жылдың кыркүйегі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат О8:55-те Американ Эйрлайнз компаниясының Бойнг-767 ұшағы Нью-Иорктің ең ірі ғимараттарының бірі - Дүниежүзілік сауда орталығының солтүстік мұнарасына соғылды.

Он сегіз минут өткеннен кейін екінші ұшак-камикадзе оңтүстік мұнараға найзадай қадалды.

09:43 тағы бір ұшак Америка Құрама Штаттарының әскери орталығы -Пентагонға құлады.

10:30 ақпарат агенттіктері Питсбургтін маңында тағы бір ұшақтың құлағанын хабарлады. Уакыт өте террористердің бұл ұшақты Ак үйге бағыттағысы келгендігі анықталды, тек жолаушылардың жанкешті әрекеттерінің аркасында ғана бұл ой жүзеге аспай қалды.

2001 жылдың 11 кыркүйегі, дәлірек айтқанда, бұл күннің үш сағаты әлемді дүр сілкіндіріп, келбетін өзгертіп жіберді. Осы үш сағат ішінде болған оқиғалар адамзаттың төбесіне түскен жайдай болды, естен тандырып, дәл сол есті жидыратын суык жаңбырдай болды. Әлем үшін сол бір каралы күн халықтардың, Үкіметтердің және қарапайым адамдардың назарын бұрын жеткілікті мән берілмей келсе де, толғағы жеткен мәселелерге бұрды, олардың қаншалықты көкейкесті, каншалықты өзекті, ең бастысы, қаншалықты қауіпті екендігіне көз жеткізгендей болды. Көптеген процестер, құбылыстар жаңа тұрғыдан, мүлде жаңа ракурстан қарастырыла бастады. Алайда осының барлығы 11 қыркүйекте болған оқиғалар жаңа зорлық-зомбылық дәуірінің беташары ғана екендігін, адамзаттың асқынып кеткен кеселі - терроризмнің алғашқы да, аса ауыр нышандары екендігін дәлелдеп берді.

Қазіргі заман саяси өміріндегі көрнекті құбылыстардың ішінен терроризм ерекше орынға ие. Оның халықаралык қатынастар, әлемдік экономикалық жүйе саласында болып жатқан процестерге тигізетін әсері айтарлықтай ұлғайған.

Әрине, 11 қыркүйекке дейін терроризм болмаған деп айта алмаймыз. Бұл ақиқатты бұрмалау болар еді. Терроризмнің өте көне, әрі өте бай тарихы бар десек, кателеспейміз. Террористік актілер атам заманның өзінде орын алып отырған. Кейін дүние жүзіндегі саяси процестермен ілесе оның да қолданыс шеңбері айтарлықтай ұлғая бастады, дамыған елдердің арнайы қызмет орындары ең қауіпті деген террористік ұйымдар мен терроршылдардың тізімін де жасаған болатын. Алайда, сол кезде әр елде террористік топтармен күрес осы елдің ішкі ісі ғана болып келді. Бірақ жағдай дәл бүгінгі таңдағыдай ешқашан ушыққан емес. Әлем терроризмнің бірінен соң бірі жаңа күшпен келіп жатқан толкындарына батуда. Жаханның сан бұрышынан озбырлығы, хайуандығы және шығыны жағынан бірінен бірі асып түсетін террористік актілер туралы хабар адамзат қауымдастығын есінен тандырарлықтай жиілікпен келіп түсуде. Терроризм ошақтарымен қатар бөлімшелері мен филиалдары әлемнің түкпір-түкпірінен орын алған. Жергілікті-жерде терроршылардың жай ғана жанкүйер тілеулестері ғана емес, жанын қиюға дайын жақтас сыбайластары да көптеп шоғырланған. Ал аталмыш трансұлттық ұйымдарының қаржылық жоспарлары кей мемлекеттердің бюджеттерінен де асып түседі. Және де бұл жете ұйымдасқан бірлестіктердің қаражатты табу көздері есірткі, қару-жарак саудасы болып табылады.

Бүгінгі таңда терроризм өзінің идеологтарының арқасында мыңдаған бейбіт адамның өміріне қол сұғатын сұмпайы қылмыстан діннің тазалығы үшін немесе жылдар бойы аянбай жүргізілетін бостандық үшін қасиетті күреске айналып кетті. Соған қоса, терроризмнің таралуына әлеуметтік жағдайы қиын, халқы ашынған, тұғанса, лап етейін деп тұрған қауіпті аймақтардың көп болуы да өзінің әсерін тигізіп отыр.

Қазіргі кезде қоғамда мәні жағынан жаңа, бүгінгі заманда калыптасқан жағдайды түсіндіре алатын халықаралық терроризм, трансұлттык террористік ұйымдар, экстремистік топтар және шахидтер сияқты ұйымдар пайда болды. Естілуінің өзі үрейлі бұл сөздердің жинағы көбейе беретін сыңайлы.

Халықаралық терроризмнің қауіп-қатері күннен-күнге ұлғаюда. Оның көріністері жаппай адам шығындарына, материалды және рухани құндылыктардың жойылуына әкеп соғуда. Терроризм географиясының кеңеюі әлеуметтік, ұлттық топтар мен халықтар арасындағы қатынасты шиеленістіруде.

Ең бастысы, адамзат үшін бір зат аян болды. Бұның барлығы қарқынды кадаммен адымдап келе жатқан жахандау процесімен қатар жүретін құбылыстар.

Адамзатта тұтастай төніп тұрған осыншама қауіп еліміз Қазақстанға да өз ызғарын сездіруде. Аллаға шүкір, елімізде террористік актілер орын алмаған жоқ. Алайда ыстық лебі сезілуде. Күн сайын терроризм өрті біздің шекараларымызда біртіндеп жақындауда, жарылыстардың жаңғырығы біздің кұлағымызда да жетуде. Ресейде күнделікті іске айналған террорист-камикадзелердің жанкешті әрекеттері мен жақында ғана өзбек ағайындарымызды шулатып тастаған жарылыстар тізбесі Қазақстанды бейрахат қалдыра алмайды.

Халықаралық терроризмнің таралу тенденцияларын саралау оның басты ұйтқысы Орталық Азияға көшкендігін көрсетті. Бүгінгі күні Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдер өзінің геосаяси орналасуына байланысты тұтастай аймақтардың картасын радикалды өзгертуге бет ұстаған зұлымдықпен күрестің алдыңғы шебінде қалды.

Бұндай жағдайда елімізде дүрбелеңнің басталуына жол бермей, басқа елдермен біріге отырып, терроризмнің таралуына қарсы тұру бірден-бір дұрыс жол. Алайда белгілі бір қадам жасамастан бұрын оны жан-жақты ойластырып, оң мен солын өлшеп, жоспарлап алуымыз қажет. Терроризммен тиімді күресу үшін жалпы терроризмнің не екендігін, оны тудыратын себептер мен оның дамуына жағдай жасайтын факторларды, терроршылардың кім екендігін және бұл зұлымдықпен калай тиімді де, нәтижелі күресуге болатынын аныктап алған жөн, яғни, бұл күрес ғылыми негізделген болу тиіс.

Әрине, қазіргі кезде терроризм жан-жақты зерттелуде, оған қарамастан терроризмді мүлде жоймаса да, ішінара болдырмайтын әмбебап әдіс-тәсіл әлі де табылған жок. Сол себепті бұл іске қосар үлесіміз артык болмас деп санаймыз. Сондықтан да аталмыш дипломдық жұмыстың басты мақсаты -терроризмнің криминологиялық аспект тұрғысынан алып, көптеген ғылыми ой-пікірлерді бір жүйеге келтіру арқылы теорияға негізделген тәжірибелік құндылығы бар ғылыми зерттеуді жүзеге асыру болып табылады.

Зерттеу жүргізуде алға қойған міндеттеріміз:

  • Терроризм ұйымына құбылыс ретінде анықтама беру;
  • Терроризмді сипаттайтын белгілерді даралау;
  • Терроризмнің тудырушы себептері мен факторларын кұрастыру;
  • Ұсыныстар негізінде тәжірибелік маңызы бар кеңестер дайындау. Аталмыш міндеттердің орындалуы осы зерттеу жұмысының алға қойғанмақсатына жеткендігін көрсетеді. Осындай теориялық сипаттағы болатындығына үміттіміз.

1. Терроризмнің жалпы сипттамасы.

1. 1. Терроризмнің түсінігі, түрлері және негізгі белгілері

Террор түсінігінің мазмұнын ашудың алғашқы қадамы 1930 жылы Брюссельде өткен қылмыстық заңнама бір ізге түсіру бойынша өткен ІІІ халықаралық конференцияда қабылданды. «Террор тақырыбындағы ІІІ конференция мен конференция революциясының қарауына берілген комиссияның қабылдауында келесілер қамтылды».

Жалпы қауіп төндіретін ұйымдасыр құралдарды қолдану адам денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін жағдайларды айыпталушы бірнеше рет жасаған жағдайда, қаттырақ айтқанда мынандай жағдайларда:

а) алдын ала сөз байласу арқылы өрт қою жарылыс қауіпті өлімге әкелетін заттарды тарату, белгілерді, қол шамдарды, өрттің алдын - алуға арналған қару-құралдарды жою;

б) дұрыс жүріп - тұрған транспорттың жұмысын тоқтату, темір жол, телеграф, телефон, пошта, гидравликалық құрылғы, жарық беру, жылу немесе қоғамдық қолданыстағы қозғаушы күштерді ерікті түрде тоқтату.

в) ауыз суды улау, жұқпалы ауруларды тарату, немесе шақыру, індет, эпизооттар немесе т. б. адам өміріне күнделікті қажетті заттарға зақым келтіру.

Ең бірінші анықтама 1937 жылы «Террор іс - әрекеттерін жазалау және алдын алу конвенциясында берілді, конвенцияға сәйкес террор іс - әрекеттерінде қылмыстық істер немесе басқа мемлекетке қарсы қылмыстық істер, яғни халықтың, тұрғынның қорқынышын тудыру».

Соғыстан кейінгі жылдары террормен күресу бойынша бірінші халықаралық конвенция 1971 жылы 2 ақпанда бекітілді және онда халықаралық террор іс - әрекеттері сипатын көрсететін жазалау және алдын алуға байланысты сұрақтар қарастырылды.

1972 жылы желтоқсанда Бас Ассамблея террорды жою бағыттары мен шараларын қарастыру барысында және күш көрсетудің басқа да түрлері, кінәсіз адамдардың өміріне қауіп төндіру, немесе олардың өліміне әкелу немесе негізгі еркіндіктеріне қауіп төндіру, сияқты сұрақтарға шара ретінде, 1973 жылы халықаралық терроризм сұрақтарына байланысты арнайы комитет № 3034 қарар қабылдады.

Паралельді түрде Европаның мемлекет мүшелері 1977 жылы 27 қаңтарда Страсбургте террормен күрес жөнінде Европалық конвенцияны қабылдады.

І бабында террорды саяси құқықтық бұзушы ретінде немесе террорды шетел мемлекеттеріне жалпы қылмыстық қылмыскер ретінде жіберу қажеттілігі; мұнда террорға келесілерді жатқызады:

а) 1970 жылы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған, ұшу аппараттарын ұстау қылмыстарымен күрестегі конвенцияны қолдануға байланысты құқықтық бұзушылық;

б) 1971 жылы 23 қыркүйекте Монреальда қол қойылған азаматтық әуе қауіпсіздігіне қарсы бағытталған, қылмыстық актілермен күрестегі конвенцияны қолданудағы қылмыстық бұзушылық.

в) адам өміріне қарсы еркіндікке қарсы халықтық құқықтық қорғауда орын алатын ауыр қылмыстар;

г) кепілге алу немесе заңсыз еркінен айыру қылмыстары.

д) адамға қауіпті бомба, граната, зымыран автоматты оқ қаруларды қолдану қылмыстары.

е) жағдайда көрсетілгендердің бірін қолданбақшы болған немесе сол сияқты қылмыстарды бірге ұйымдасып істемек болғандар.

Сонымен қатар 2 бабта конвенциядағы 1 бабта аталмаған, бірақ адам өміріне қарсы мүлкіне қарсы және осымен қатар адамдарға ұжымдық қауіп төндіретін қылмыстарға дайындалу, қатысу сияқты қылмыстар қарастырылмайды.

Дүниежүзілік бірлестікте халықаралық қылмыстық кодексты қабылдау жөнінде алғышарттар қарастырылды, онда террорды жан-жақты қарастырып, оның қоғамға тигізетін қауіптілігіне байланысты ескеріп қарастыруға болар еді. Бұл ұмтылыстар, ойдағыдай болмады, кодекстың жобасы бір жағынан саяси жағынан бәрінің көңілінен шықпады, ал екінші бір жағынан мемлекеттің қылмыстық субъект ретінде қылмыстық жауапкершілік конвенциясын көптеген зеттеушілер қолдамады.

Бір жағынан, құқық қорғау органының антитеррорлық қызметінің тиімділігін шынайы төмендететін фактор «террор» түсінігінің тәжірибелік әмбебапты дефинициясы мен теориялық жетіспеушілігі болып табылады. Ресейдің, осы террормен күресу мәселесін зерттеушілер С. С. Босхолов пен Н. Д. Литвиновтың айтуы бойынша бүгінгі күнде бұл түсініктің 100-ден 200-ге дейінгі анықтамасы бар, бірақ оның ешқайсысында классикалық болып табылмайды. 1

А. Роберт «Террор туралы халықаралық пікірсайыс тарихын нақты анықтама беруден бас тартумен куәландырады». 2 Бірқатар жағдайларда бірқатар елдердің заңнамалары террордың анықтамасын мүлде бермейді, бұл дүниежүзілік әлеуметтік қауіпті құбылыспен күресті күшейтеді, сонымен қатар террорлық белсенділіктің өсуіне жағдай жасайды.

Біздің ойымызша, террорға теориялық саяси сипаттама беріледі. Осыған мысал ретінде Л. А. Моджарянның ойы бойынша террор және тұлғалармен, ұйымдармен немесе билік органдарымен нақты саяси нәтижеге жету үшін істер жүргізбеуден тұрады. 3 Көптеген террорлық іс - әрекеттер саяси уәжге бағытталады, бірақ та біз көптеген зерттеушілер террор туралы қарастырғанда онда үнемі саяси құрамдас бөлігін байқай бермейді. Жалпы қылмыстың террорға қылмысты уәж болады. М. Тамкоча былай деп анықтама берген, террор адам өмірін бұзуға бағытталған анархизмнен де кең . . .

Террордың ешқандай да саяси жағы жоқ, бұл тек тағылықтың қорқынышты түрі.

Соңғы жылдары зерттеушілер, террордың шығу тегі сұрақтарын қарастыра отырып, террор уәжін кең мағынада қарастырып жалпы осы террорға саяси ғана емес әлеуметтік үстем идея болады деген пікірге келді. Сонымен АҚШ тың ФБР қызметкерлері террор деп «заңсыз күш, зорлық көрсету, қорқыту немесе үкіметке азаматтарға немесе кез - келген, саяси немесе әлеуметтік бағытқа жету үшін қысым көрсету» дейді.

Россияның заңгері В. Е. Петрищев осыған ұқсас ойды қолдайды. Яғни, «террор - бұл жүйелі түрде, әлеуметтік немесе саяси уәжделінген, күш қолдану немесе қорқыту арқылы идеологиялық жағынан танылған, физикалық тұлғаларды қорқыту арқылы терроршы өз бағыттарына қарап қолайлы жетістіктерге жетуді көздейді».

Байқағанымыздай АҚШ тың ЦРУ мамандандырылған спецификалық күші саяси анықтамаларды басып өтеді. Ішкі ведомстволық меморандумдағы «террор халықаралық террор құрылымы» (1980 жылы) қандай да бір саяси бағыттағы бір адам немесе топпен жүзеге асырылатын күш көрсету әрекеті ретінде түсіндіріледі. Олар мемлекеттік билік институттарына қарсы және көп адамдарды қамтитын, террор акцияның жәбірленушелер санының көбеюін шектеу немесе қолдауға бағытталады. 4

Халықаралық террор - бұл бір ғана емес бірнеше елдердің аумағында азаматтармен жүзеге асырылатын террор. Бұл Кеңес Үкіметі кезінен келе жатыр. Сонымен халықаралық террорға қарсы қызмет субъектісінің түсінігі бойынша «террор» өзіндік құқықтағы саяси санат болып табылады.

Кеңес кезіндегі зерттеушілердің бірі Е. Г. Ляхов, Американың зерттеушілері В. Малисон мен С. Малисонның ойларына сүйенеді. Яғни террор деп халықаралық немесе саяси жетістікке жету үшін күш қолданудың ең соңғы шегін жүйелі түрде қолдану. 5

Шамамен төрт ғасыр өткеннен кейін де Ресей зерттеушілері Ю. В. Гаврилин және Л. В. Смирнов, сол кездегі В. Малисон мен С. Малисонның анықтамасы халықаралық немесе саяси жетістікке жету үшін күш қолданудың ең соңғы шегін жүйелі түрде қолдану террорды көрсетеді дейді.

Террроршы Ильич Рамирес Санчес (Карлос) өзінің Израиль журналисына берген сұхбатында: «Террор - бұл соғыс». Бұл қорқыныштың көмегімен алға қойған объектіні жеңу үшін қолданылатын әскери стратегия және күресудің құралы деді. 6

Террор және «терроризм» түсініктерінің байланысы олардың бір түбірден болғаны көптеген осы террордың мәні мен шығу тегі мәселелерін зерттеушілер осы әлеуметтік феномен анықтамасының латын сөзі «TERROR - үрей, қорқыныш деген мағынасынан да байқайды. Р. Т. Завотпаевтың ойы бойынша осы семантикалық және бір түбірден шыққан терминдер бір латынның негізгі «TERRA» (жер) мағынасымен байланысты жерде болатын әрекет. 7 Тағы бір жағынан алсақ ерте Римдегі эплиндік мәдениет пен ерте гректік тілде «τερας» - «құбыжық» пен осы «TERROR» сөзіндегі «үрей, қорқынышты» ұқсатуға болады. Жалпы алғанда осы террор мен терроризмнің бірегей бір бағыты «билік ету» - нақты бір аумақта заңсыз әрекет арқылы жетістікке жету.

Бірақ та осыған қарсы диаметральді қарсы ой да бар. С. Гуревичтің «Третья мировая, или воспоминания о будущем» мақаласында партизан соғысы мен террорды қарама - қарсы қойып, партихан соғысы бұл аумақты жаулап алуға бағытталған, тұрақты реттелген әскерге қарсы әрекет. Партизан қозғалысы халықтың қолдауынсыз мүмкін емес.

Террордың бұдан ерекшелігі - бұл күрестегі жүйелі түрде күш қолданудың: өлтіру, ұрлау және тағы да басқа адамдардың өміріне қауіп төндіретін әрекеттегі тактикасы.

Террор, негізінен бейбіт халыққа бағытталады, және оның бағыты саяси қарсыластарды қорқыту және жою. Бүгінгі таңдағы террордың қорқынышты тенденциясы - диверсия максимальды мөлшердегі адамдарға қарсы, бағытталады. «Террор тактикасы (әдісі) аумақты жаулап алуды көздемейді».

В. М. Вакуленко «террордың қалыптасуы өздерінің корпоративті қызығушылықтарын жүзеге асыруға бағытталған қылмыстық әрекеттердің жүйелілігін көрсетеді». 8

Осы позицияда заңнамада көрсетілген «террор» мен «террор іс - әрекеттернің» анықтамасын талдау керек.

Қазақстан Республикасының «Террормен күрес» заңының 1 бөліміндегі 1 бабында (жаңа басылымда) «террор - заңға қайшы, қылмыстық әрекет немесе оны жасаумен қорқыту, физикалық тұлғаларға немесе қоғам қауіпсіздігін тудыру», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қабылданған әрекеттерге қарсы, шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қарсы келу және т. б. әрекеттер жоғарыда көрсетілген заңның осы бабында «террорлық іс - әрекет» ретінде «өрт қою, жарлыс қою немесе басқа да ұқсас әрекеттер, адам өміріне, мүлкіне көп залал келтіру» сонымен қатар қоғам қауіпсіздігін бұзу, Қазақстан Республикасы шет елдерінің немесе халықаралық ұйымдардың қабылдаған шешімдеріне қарсы әрекеттер жасау, сонымен қатар адам өміріне, мемлекет немесе қоғам қызметкерлеріне мемлекеттік немесе саяси қызметі үшін қауіп төндіру».

Қазақстан Республикасының Қ. К. 233 б (жаңа басылымдағы) сәйкес «террор» - қазіргі дәуірдегі ең қауіпті түрі болып табылады. Жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс әрекеттер жасау, егер осы іс - әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіруіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының шет мемлекеттің немесе халықтың ұйымның шешімін қабылдауға ықпал ету мақсатында болады.

«Террор» мен террорлық іс-әрекет анықтамаларының жоғарыда көрсетілген заңнамадағы талдауы бірегей және нақты емес Г. М. Миньков пен В. П. Ревинның ұстанған позициялары осы контексте әділ көрінеді, яғни олар «террор» әлеуметтік - құқықтық құбылыс және нақты террор актілеріне қатысты түсінікті береді деп түсіндіреді. «Осыған байланысты бір қылмысқа екі түсінік берудің мүлде қажеттілігі жоқ». 9

Заңнамадағы террормен күрес бөлімін анализ жасау үшін ТМД елдерінің заңнамалық актілері, соның ішінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстандікі пайдалы.

Сонымен Ресей Федерациясының федеральді заңнамасындағы 1998 жылы 25 шілдедегі «террормен күрес» заңында террор ретінде» күш көрсету, физикалық тұлғалармен немесе ұйымдармен қауіп төндіру, сонымен қатар мүлікті жою немесе мүлікті жоятын деп қорқыту және басқа да адам өміріне қауіп төндіретін, үлкен мөлшердегі мүлікке зиян келтіріп, қоғам қауіпсіздігін бұзу мемлекет билігіндегілердің қабылданған шешімдеріне қарсы келіп, терроршы өздеріне ұтымды саясаттар ұстанады, халақаралық қатынасты қиындатады.

Қырғыз Республикасының 1999 жылы 21 қазандағы «террормен күрес» заңының 2 бабында террорды жарылыстар қою, өрт қою және басқа да әрекеттер, яғни адам өміріне қоғамға елеулі түрде зиян келтіретін әрекеттер, жалпылай айтқанда терроршы өздеріне қолайлы әрекеттерді қоғамға, адам өміріне көп залал келтіру арқылы жетеді.

Өзбекстан Республикасының 2000 жылғы 15 желтоқсанындағы бекітілген «террормен күрес» заңы келесідей анықтама береді: «Террор - күш көрсету, қорқыту және т. б. әрекеттер арқылы жасалатын қылмыстық әрекет, яғни адам өміріне, денсаулығына, мүлкін және басқа да материалдық объектілерді жою, халықтық қатынастарды қиындатады, суверенитетті бұзады, мемлекет қауіпсіздігіне қорқыныш тудырып, саяси діни, идеологиялық және басқа да бағыттағы жетістікке жету үшін қолданылады, жауапкершілігі Өзбекстан Республикасының қылмыстық кодексінде көрсетілген».

Біздің көзқарасымызша Қазақстан Республикасының заңында кең және жан - жақты көрсетілген ТМД елдерінің аналогиялық нормативтік - құқықтық актілеріне қарағанда, қоғам қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық- құқықтық және криминологиялық аспектілері талданған.

Бірақ, заң шығарушы органдармен берілген анықтамалар, заң шығарушы техникалардың қайшылықтарына байланысты белсенділік танылмайды. Террор заңнамада жауапкершілікке тартылатын қылмыстың, заңға қайшы әрекеті.

Террор әр түрлі және әр түрлі нысанда пайда болады. Осы әлеуметтік - қалыпты құрылымның бұзылуы феноменмен тиімді күрес, біздің ойымызша келесі образбен көрсете алатындай пайда болған құбылыс түрінің теоретикалық қорректі классификациялық жағдайы, ең бірінші халықаралық террор терроршылар өздері азаматы болып табылмайтын шет ел мемлекеттеріне, шетел державаларының өкілдеріне және халықаралық ұйымдарына басқа мемлекеттерге қарсы (қандай да бір мемлекеттің және сол сияқты атынан шығуы мүмкін) жүзеге асырылады.

- мемлекеттік террор (ішкі) өз халқының билік құрлымын құлату, оппозицияны құрту, ал ашық және құпия сипатта болады деп анықталады.

- саяси террор (мотив және бағыт бойынша) билік үшін саяси күреспен байланысты саяси қарсыластарды құртуға жоюға бағытталады және әр түрлі саяси террор болып тбылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терроризммен күресудің қылмыстық құқықтық мәселелері
Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Терроризм: қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Терроризмнің ұғымы және белгілері
Терроризмнің халықаралық құқықтағы алатын орны
Терроризм: оның ұғымы және түрлері
Халықаралық құқықтағы терроризм және оған қарсы күрес
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Діни экстремизм мен терроризмнің оппозициялық биліктік сценариі
Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz