Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары


Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
Қазақстан жер ауданы жағынан әлемдегі ірі мемлекеттер қатарына жатады. Ол осы көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде екінші, ал бүкіл әлем мемлекеттері ішінде тоғызыншы орында.
Еліміз терістігінен оңтүстігіне дейін 1600, ал батысынан шығысына дейін 3000 км-ге созылған кеңістікті алып жатыр. Осындай ұлан байтақ аумақта орналасқандықтан елімізде кең алқапты жазықтық жерлер және сонымен бірге биіктігі әр түрлі болып келетін таулы өлкелер де кездеседі.
Қазақстанның жазықтық жерінде топырақтардың таралуы көлденең аймақтық топырақ таралу заңдылығына сәйкес, ал таулы өлкелерде топырақтардың тік биіктік белдеу болып таралу заңдылығына сәйкес қалыптасқан. Республикамыздың жазықтық жері аумағында солтүстіктен оңтүстікке дейін ендік бағытта төрт табиғи аймақтар кезектесіп орналасқан. Олар келесідей: орманның сұр топырағы бар, сілтісізденген қара топырақпен шалғынды қара топырақты жеткілікті ылғалданған орманды дала; қара топырақты дала; қара қоңыр топырақты құрғақ дала және шөл дала (шөлейт) ; құба және сұр-құба топырақты шөл аймақтары (1-сурет)
Орманның сұр топырағы, сілтісізденген қара топырақ және шалғынды қара топырақ жамылғысы бар жеткілікті ылғалданған орманды дала аймағы. Ауданы 0, 4 млн. га. Солтүстік Қазақстан облысының қиыр терістігінде, солтүстік ендіктің 55 0 -нен жоғары орналасқан кішкене аумақты алып жатыр. Бұл Батыс Сібір жазықтығының оңтүстік бөлігіне орналасқан Қазақстанның жазықтық жерінің ең салқын және ылғалды аймағы. Жер бедері ойпатты жазықтық болып келеді. Топырақ түзуші тау жыныстарының басым бөлігі төрттік дәуірдің аллювиалді-көл саздақтары.
Климаттың басты ерекшеліктері келесідей: ауаның температурасының орташа жылдық көрсеткіші 0, 4 0 С шамасында; шілдеде +18-19 0 , қаңтарда -18-21 0 ; топырақ 140-160 см тереңдікке дейін тоңазыйды; ауаның пәрменді температурасының қосындысы 2000-2050 0 ; жылына орташа есеппен 320-340 мм жауын-шашын түседі, булану 520-540 мм. Көктемде топырақтың бір метр қабатында өсімдіктерге тиімді ылғал қоры 140-160 мм болады.
Өсімдік дүниесі ақ қайыңды, немесе көк теректі ақ қайыңды ормандардың және шалғынды даланың шөптесін өсімдіктері алмасып орналасуымен ерекшеленеді.
Жер бетінің ойпатты келіп, әлсіз құрғатылуы себебінен топырақтың ылғалдылығы артып, шалшықтар мен батпақтардың пайда болып шалғында қара топырақтардың түзілуі осы аймақта жиі кездеседі.
Топырақ жамылғысы құрылымы келесі топырақтардан қалыптасқан: сілтісізденген қара топырақ, шалғынды қара топырақ (аймақ ауданының 40% қамтиды) ; орманның сұр топырағы және шалғынды сортаң топырақ (аймақ ауданының 20%) ; жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар (аймақ ауданының 20%) ; кебірлер мен сортаң топырақтар (аймақ ауданының 20% қамтиды) .
Бұл аймақта суарылмайтын егіншілік дамып, егістікке жарамды топырақтардың барлығы игерілген.
Қара топырақты дала аймағы. Ауданы 25, 4 млн. га. Биоклиматтық көрсеткіштеріне, негізгі және қосалқы топырақ түзілу процестері сипатына байланысты аймақ екі аймақшаға бөлінеді. Олар-кәдімгі қара топырақты ылғалдылығы жеткілікті дала және оңтүстік қара топырақты ылғалдылығы жеткіліксіз дала.
Кәдімгі қара топырақты ылғалдылығы жеткілікті дала аймақшасы 53-55 0 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан. Ауданы 12, 0 млн. га. Бұл аймақша Солтүстік Қазақстан облысының түгелдей дерлік жер ауданын, Қостанай және Ақмола облыстарының терістігіндегі аудандарды алып жатыр.
Жер бедері Батыс Сібір жазықтығының оңтүстік бөлігінде тегіс болып келсе, ал Сарыарқаның Көкшетау қыратында аласа таулар мен тегіс жазықтардан құралған.
Топырақ түзуші тау жыныстары механикалық құрамы саздақ немесе балшық болып келетін элювиалды-делювиалды шөгінділер және аллювиалды көл шөгінділері болып келеді.
Климаты орманды дала аймағымен салыстырғанда ылғалдылығының кеміп, жылумен қамтамасыз етілуінің жоғарылауымен ерекшеленеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300-330 мм. Көктемде топырақтың 1м қабатында тиімді ылғал қоры 130-145 мм-ге жетеді. Ауаның пәрменді температурасының (+10 0 С дан асатын) қосындысы 2100-2200 0 .
Табиғи өсімдік дүниесі өнімді аралас шөпті және бозды дала шөптесін өсімдіктерінен (боз, қау, көде, бетеге т. б. ) құралған. Көкшетау қыратының шоқылы-таулы аудандарында қарағайлы және қайыңды-қарағайлы ормандар жиі кездеседі. Сонымен бірге ойпатты жерлерде көктеректі-қайыңды шоқ ормандар да бар.
Аймақшаның топырақ жамылғысы құрылымы негізінен кәдімгі қара топырақтан қалыптасқан. Ол осы аймақша ауданынын 60%-дан астамын қамтиды. Ойпатты жерлерде, өзен мен көл жайылмаларында шалғынды қара топырақ, кебірлер, сор топырақтар, шалғынды, шалғынды-батпақты және ылғалды сортаң топырақтар таралған.
Аймақшаның ішінде қара топырақтармен жиынтық құраған кебірлер аймақша ауданының 17%, жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар-10%, ылғалды сортаң топырақтар-5%, кебірлер мен сор топырақтар-4%-ын құрайды.
Осы аймақшада еліміздің құнарлы, егіншілікке жарамды топырақтары орналасқан. Олар түгелдей жыртылып игерілген. Астық шаруашылығы өндірісінің негізгі көлемі осы аймақшада дамыған.
Оңтүстік қара топырақты ылғалдылығы жеткіліксіз дала аймақшасы солтүстік ендіктің 52 0 30 / -53 0 30 / бойында орналасқан. Аймақшаның ауданы 13, 4 млн. га. Ол Қостанай, Ақмола облыстарының орталық және солтүстік бөліктерін, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының қиыр солтүстігінде таралған.
Топырақ түзуші тау жыныстары жазықтық жерлерде төрттік дәуірдің карбонатты балшықтары мен лесс тәрізді саздақтары. Батыстағы Орал үстіртінде және Көкшетау қыратында элювиалды, элювиалды-делювиалды қиыршық тасты саздақтар мен балшықтар. Ойпатты алқаптарда палеоген-неоген дәуірінің сортаң балшықтары.
Ауа райының қуаңшылығы бұл аймақшада арта түседі. Жыл ішінде түсетін жауын-шашын мөлшері орташа есеппен алғанда 250-300 мм-ден аспайды, оның 150-180 мм жылы мезгілде жауады. Ауаның пәрменді температурасының қосындысы 2250-2450 0 С.
Табиғи өсімдіктер дүниесі ылғалдылығы жеткілікті дала аймақшасына қарағанда кедейлеу дамыған болып келеді. Негізінен бұл аймақшада аралас шөпті бозды дала өсімдіктері дамыған. Табиғи өсімдік дүниесі сирек сақталған, өйткені аймақшаның топырақтары түгелдей дерлік жыртылып егістік алқаптарға айналған.
Аймақшада негізінен оңтүстік қара топырағы дамыған. Ол аймақшаның жер ауданының 65% алып жатыр. Топырақ жамылғысының құрылымында кездесетін топырақтар келесідей:оңтүстік қара топырағымен кебір топырақтар кешенді жиынтығы 22%, жартылай гидроморфты және гидроморфты топырқтар-10%, кебірлермен сор топырақтар аймақшаның жер ауданының 3%, құрайды.
Осы аймақшада егіншілік шаруашылығымен ет-сүт өндіретін мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Қара-қоңыр топырақты құрғақ дала және шөл дала (шөлейт) аймағы еліміздің жалпы жер ауданының 38, 6% алады. Ауданы 90, 4 млн. га. Ол 48 және 52 0 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан. Бұл аймақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының көп жерін, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр.
Топырақ түзуші экологиялық факторлардың кейбір өзгешеліктерінің болуына байланысты аймақ үш аймақшаға бөлінеді. Олар: күңгірт қара қоңыр топырақты құрғақтау дала; нағыз қара қоңыр топырақты құрғақ дала; ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала (шөлейт) .
Күңгірт қара-қоңыр топырақты құрғақтау дала аймақша аймақтың солтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданы 27, 7 млн. га.
Аймақшаның батыс бөлігіндегі Жалпы Сырт, Орал және Торғай үстірттерінің жонды адырлы-бұдырлы жазықтарында аналық тау жыныстары карбонатты балшықтар мен лесс тәрізді саздақтар болып келеді. Сарыарқа төңірегінде аналық тау жыныстары элювиалды-делювиалды шеміршекті тастақ саздақтар мен құмдақ, кейде гипсі бар балшықтар, ал Ертіс өңірі жазықтығында-көне дәуірдің құмы, құмдағы және жеңіл саздағы.
Ауа райы бұл аймақшада құрғақ және күрт континенталды. Қысы аз қарлы, суық, жазы құрғақ, жылы. Жыл ішінде 240-280 мм жауын-шашын түседі, оның 55-60 % жылы мезгілде жауады. Ылғалдың булануы жауын-шашын мөлшерінен 4 есе көп. Жазда құрғақшылық және аңызғақ құбылыстары жиі байқалады. Ауаның пәрменді температура қосындысы 2300-2650 0 . Гидротермиялық коэффициент 0, 5-0, 7, ылғалдылық коэффициенті 0, 3-0, 35.
Табиғи өсімдік дүниесі ксерофитті астық тұқымдас және шамалы мөлшерде тараған аралас шөптерден құралған ( боз, бетеге, қазтабан, келлерия т. б. ) . Баянауылдың аласа таулы өңірінде және Наурзым-Аманқарағай аңғарларында қарағайлы, қайыңды-қарағайлы ормандар кездеседі.
Топырақ жамылғысының негізін күңгірт қара-қоңыр топырақ құрайды. Ол аймақша ауданының 50%-дан артық жерінде кездеседі. Сонымен бірге сорланған, кебірленген топырақтар да жиі тараған. Олар топырақ жамылғысы құрылымының 40% қамтиды. Аймақшада астық және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру дамыған.
Нағыз қара-қоңыр топырақты құрғақ дала аймақшасы сипатталып отырған аймақтың орта бөлігінде орналасқан. Қазақстанның Батыс бөлігінде аймақшаның ені 40-100км болса, Шығысында ол 150-225 км-ге дейін жетеді. Бұл аймақша Каспий маңы ойпатының, Орал үстіртінің, Мұғалжар аласа тауларының, Торғай үстіртінің, Сарыарқаның және Ертіс өңірі жазықтығының біраз бөлігін қамтиды. Аймақшаның ауданы 24, 3 млн. га. Литологиялық-геоморфологиялық құрылысы топырақ түзуші тау жыныстары күңгірт қара-қоңыр топырақ аймақшасына ұқсас. Климатының континенталдығы және құрғақшылығы артып, өсімдік дүниесі кедейлене түседі. Бір жылда түсетін жауын-шашын мөлшері 230-250 мм, оның 70% жылы мезгілде түседі. Ауаның 10 0 С асатын температуасының қосындысын 2500-2900 0 . Гидротермиялық коэффициент 0, 4-0, 6, ылғалдану коэффициенті 0, 3 шамасында. Қуаңшылықтың байқалуы елу процент болады.
Табиғи өсімдік дүниесі жусанды-бетегелі-бозды шөптер тобынан құралған. Ертіс өңірі жазықтығының құмдарында жолақтық-қарағайлы ормандар қалыптасқан.
Аймақшаның негізгі топырағы нағыз қара-қоңыр топырақ. Ол аймақша ауданының 50 % алып жатыр. Сонымен бірге нағыз қара-қоңыр топырақтың кебірлермен жиынтығыда мол тараған. Олар топырақ жамылғысының 40% құрайды. Ойпатты және сорланған аналық тау жыныстары бар жерлерде шалғынды нағыз қара-қоңыр топырақтар, кебірлер мен сор топырақтар кездеседі.
Аймақшада мал шаруашылығы мен және егіншілікпен айналысу мүмкіндігі бар.
Ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала аймақшасы
47 0 30 / -50 0 30 / солтүстікендіктер аралығында орналасқан. Ауданы 38, 4 млн га. Батысында Каспий маңы ойпатының солтүстігінен басталып шығысында Алтай және Тарбағатай таулары бөктерлеріне дейін созылып жатыр.
Каспий маңы ойпатының жер бедері аллювиальді теңіз жазықтары, ал топырақ жүзуші тау жыныстары сорланған балшықтар және ауыр саздақтар. Орал және Торғай үстірттері маңының жер бедері адырлы-бұдырлы жазықтықтар және аңғарлармен сайлардан құралған. Аналық тау жыныстары карбонатты балшықтар және саздақтар. Сарыарқа төңірегінде бұдырлы жазықтықтар мен ұсақ шоқылар және аласа таулар орналасқан. Аналық тау жыныстары элювиалды - делювалды шеміршекті, қиыршық тасты саздақтар, кейде құмдақтар.
Климатының континентальдылығы батыстан шығысқа қарай арта түседі. Ауадан түсетін ылғал жылына орташа есеппен 180-210 мм. Ауаның пәрменді температурасы қосындысы 2600-3100 0 . Ылғылдану коэффиценті 0, 2-0, 3.
Өсімдік дүниесі негізінен жусанды - бетегелі шөптер тобынан құралған. Олармен қатар шамалы түрде қараған, баданалы қоңырбас, бәйшешек кездеседі.
Топырақ жамылғысы негізінен кебірленген ашық қара-қоңыр топырақтармен кебірлерден тұратын кешендерден құралған. Ойпатты жерлерде шалғынды, шалғынды-қара-қоңыр, кебір және сор топырақтар кездеседі. Топырақ жамылғысы құрылымы ауданының 63, 3 % ашық қара-қоңыр топырақ, 20, 2 % кебірлер, 5, 2 %-жартылай гидроморфты, 4, 0 % гидроморфты, 1, 6 %-сор топырақтар және 1, 2 %- құмдар алып жатыр.
Аймақшада қуаншылық жағдай аса дамығандықтан дәнді-дақылдар өнімділігі өте төмен. Сондықтан бұл аймақшада мал шаруашылығын дамыту басты бағыт болуы тиіс.
Құба топырақты шөл аймағы солтүстік жарты шардың 41 0 -48 0 (кей ауданда 49 0 ) ендіктері аралығында орналасқан. Ол батыстан шығысқа дейін 2800 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 850 км-ге созылған кең өңірді алып жатыр. Ауданы 119, 4 млн. га, немесе республика жер ауданының 43, 8% құрайды.
Бұл аймақ Атырау, Манғыстау, Қызылорда облыстарының түгел жерін, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының біраз жерін, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлерін алып жатыр. Аймақ құба топырақты солтүстік шөл және сұр-құба топырақты орталық шөл аймақшаларына бөлінеді.
Құба топырақты солтүстік шөл аймақшасы 57, 4 млн. га жерге орналасқан. Ол Каспий маңы ойпатының және Орал үстіртінің оңтүстік бөлігін, Манғыстаудың біраз бөлігін, Сарыарқаның оңтүстік беткейін алып жатыр.
Топырақ түзіуші тау жыныстары Каспий маңы ойпатында лесске ұқсас саздақтар, сорланған аллювиальды көл шөгінділері және құм мен құмды-балшықты көне дәуірдің аллювий шөгінділері. Сарыарқа төңірегінде құба - сары карбонатты лесске ұқсас саздақтар және үштік кезеңнің алапес сорланған шөгінділері. Гранулометриялық құрамы жеңіл шөгінділер де көп тараған.
Аймақшада атмосферадан түсетін ылғал өте аз. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 130-170 мм, және оның түсуі ерте көктем мен күздің аяғында байқалады. Буланғыштық түсетін ылғал мөлшерінен 10-12 есе көп. Ауаның пәрменді температурасының қосындысы 3100-3900 0 . Осындай климаттық жағдайдың әсерінен топырақта ылғалдың өте тапшылығы байқалады. Топырақта өсімдіктердің, микроорганизмдердің тіршілігінің екі тыныштық кезеңі өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезеңі.
Аймақшада өсетін өсімдіктер де ауа райының осындай қысымшылығына бейімделген. Олар сирек өскен жусанды - сораң және жусан шөптер тобы өсімдік жамылғысынан құралған. Олардың топыраққа қалдыратын қалдықтары шамалы. Жоғарыда келтірілген топырақ түзілуінің экологиялық жағдайына байланысты қарашірігі аз, түсі бозғылт тартқан, аналық тау жынысының түсіне ұқсас құба топырақтар түзілген.
Топырақ жамылғысы құрылымның 53% құба топырақтар, 15%-кебірлер, 14, 9% құмдар, 8% сор және 5% гидроморфты топырақтар құрайды.
Сұр-құба топырақты орталық шөл аймақшасы батысында Каспий теңізі жағалауынан (Маңғыстау үстіртінен) басталып шығысында Балқаш - Алакөл ойпатына дейін созылған кең алқапты алады. Оның ауданы 61, 8 млн. га. Аймақшаның басым бөлігі аллювиальді-жазықтықтарда, біраз бөлігі Манғыстау, Үстірт, Бетпақдала көтеріңкі жазықтықтарында (үстірттерде) орналасқан. Аналық тау жыныстары саздақты, саздақты - қиыршықты, құмдақты, құмды шөгінділер. Олардың құрамына карбонаттар және гипс жиналған.
Климаттың құрғақшылығы және континентальдылығы, құба топырақты шөл аймақшасына қарағанда арта түседі. Жылына 120-150 мм жауын-шашын түседі, оның негізгі бөлігі көктемде байқалады. Ауаның пәрменді температурасының қосындысы 3450-4000 0 . Гидротермиялық коэффициент 0, 1-0, 3, ылғалдылық коэффициенті 0, 2-ден аз.
Өсімдік жамылғысы жусанды-сораң, және сораң өсімдіктер тобынан құралған, сонымен бірге аздап эфемер өсімдіктерде кездеседі. Бұлардың органикалық заттар түзуі мардымсыз болып келеді.
Топырақ жамылғысы құрылымында сұр-құба топырақ 44, 6%, құм және құмды шөл топырағы-30, 2, тақырлар мен тақырлау топырақтар-11, 0, кебірлер мен сорлар-8 және гидроморфты топырақтар 6 % үлес алады.
Құба және сұр-құба топырақты шөл аймағында мал шаруашылығын дамытуға жағдай бар. Егін шаруашылығы өзен аңғарларында суармалы егістік ретінде шамалы дамыған
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz