Өсімдікті күтіп баптау


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Өсімдікті күтіп баптау

Бұл адыраспан (гармала) бұтақтанып жайылып өседі. Оның биіктігі 60 см-ге жетеді. Гүлдері үлкен, гүл тұғырына бір-бірден орналасқан, ал жапырақтары болса кезектесе өскен. Тостағанша жапырақшалары және желектері 5-тен, аталықтары он бес.

Адыраспан мамыр-шілде айларында гүлдейді, ал шілдемен мен тамыз айында жеміс береді. Жемісі үлкен қара дөңес тұқымға толы шар тәрізді қорапша болып келеді.

Қазақстандағы ең жабайы танымал өсімдіктердің бірі - адыраспан. Оның кептірілген бумалары (тоқтары) базарларда сатылады. Оның шөбінің түтінімен үйлерді, басқа да жерлерді аластайды. Кейде жұқпалы аурумен ауырған адамның бөлмесін аластап жатады.

Пеганин гидрохлоридін (ампула, таблетка түрінде) бұлшық ет аурулары, іш қатқанда, ішек ауруларына қарсы қолданады. Сонымен қатар клиникалық зерттеуден кейін қол-аяқтың селкілдеп семіп қалуы мен Паркинсон ауруларын емдеуде кеңінен пайдаланылады.

Халықтық медицина саласында адыраспанның шөбін қышыма мен өзге де тері ауруларына, ал қайнатпасын суыц тию мен безгек ауруын емдеуде қолданылады. Оның тұқымы маталар мен терілерді қызыл түске бояйды. Сондай-ақ тұқымының құрамында бояудан өзге сабын жасауға қажетті қою май бар.

Өсімдіктер - халық игілігіне жарайтын жер бетіндегі таусылмас қазынаның бір түрі болып саналатыны анық. Әрі осы жасыл өсімдіктердің тіршілігі тылсым сырларға толы. Өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі және жемісінің атқарар қызметтері сан алуан. Олардың әрқайсысына тән жасырын құпиялары бар.

Гүл өсіру де үлкен шаруа. Егер бөлме гүлдерін өсіруді қолға алған болсаңыз, мойыныңызға қосымша жауапкершілікті алғаныңызды ұғынғайсыз. Өсімдіктерді өз балаңызды баққандай, күтіп-баптасаңыз, өскен соң сіздің денсаулығыңызға оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ қатты шаршаған адам гүлдердің қасында бір сағаттай отырса, шаршауы басылып, еңсесі көтеріледі.

Өсімдіктердің тылсым сырларын зерттеуші ғалымдардың сөзіне құлақ асар болсақ, қазтамақ (герань) гүлі отбасының ынтымағы мен береке-бірлігін арттыратын көрінеді. Әсіресе бұл гүлді жиі-жиі ренжісіп қалатын ерлі-зайыптылардың жатын бөлмесіне қойған жөн. Себебі, екі адам бір-біріне қабақ шыта бастағанда қазтамақ өсімдігі адамның жүйке жүйесін тыныштандыратын зат бөле бастайды екен. Соның әсерінен ұрсысып қалғандар тез татуласып кететін көрінеді. Сонымен қатар қазтамақ гүлін адам көп жиналатын бөлменердс (асүй мен қонақ бөлме) өсіріңіз.

Көк жуа (зеленый лук) құрамы - дәрумендер мен микроэлементтерге толы. Құрамындағы мырыш (цинк) микроэлементі ағзаға аса қажет болып табылады. Оның жетіспеушілігінің салдарынан - шаштың түсуі және тырнақтың сынғыштығымен қатар адамның иммунитеті төмендеп, түрлі ауруларға жиі шалдыға бастайды. Нақтырақ айтсақ, сәл салқын тисе тұмауратып әрі аллергияға бейім болады. Тағамның дәмін келтірумен қатар бұл көк жуаның емдік қасиеттері де баршылық. Бұл әсіресе, әлсіз әрі жүрегі ауыратын адамдарға пайдалы. Себебі көк жуаның құрамындағы заттар қан тамырлары қабырғасы мен жүрек бұлшық етін нығайтып отырады. Сондай-ақ көк жуаны үнемі пайдаланатын адамның тіс дәрігеріне сирек баратынына сенімдіміз. Өйткені оның құрамы кальций мен фосфор микроэлементтеріне бай.

Шаштың түсуін тоқтату үшін жаңадан жұлынған көк жуаны езіп, шаштың түптеріне жағып, басты орамалмен байлап қою керек. Бір сағаттан соң сумен шайып, сонсоң шампуньмен жақсылап жуыңыз.

Қатаң бір ескертетін жайт, егерде сіздің бүйрек не бауырыңыз ауырып, не болмаса ішек-қарын жолыңыз (желудочно-кишечный тракт) қабынған болса, көк жуаға әуес болмағаныңыз дұрыс.

Көк жуаны тек бау-бақшада емес, үйде бөлме гүлдерімен қатар гүлсауытқа отырғызып, өсіруіңізге болады. Қыс мезгілінде дәмдеуіштерді сатып алмай-ақ терезенің алдындағы көктерден пайдалана бересіз.

Узамбар шегіргүлі (фиалка) - геснерия тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Отаны - тропиктік Африка. Оның барқытқа ұқсас теңге жапырақтары сабағының түп жағына шоғырланады. Бұл сәндік гүлін кейде сенполия шегіргүлдері деп те атай береді.

Гүлі шегіргүлдікі сияқты жасыл, жасыл көк және қызғылтым (атауы осыдан барып шыққан) болып әртүрлі түске боялып өседі. Сондай-ақ узамбар фиалкасының гүлі ақ, қызғылт, қызыл және қызыл күрең түсті болып келетін түрлері де болады. Оны тікелей күн көзі түспейтін, терезесі шығыс немесе батыс жаққа қараған бөлмеге қойған жөн. Онымен қоса, өсімдікке су бүркуге болмайды. Узамбар фиалкасын бөлме температурасында 1-2 күн тұрған сумен суарған жақсы. Ол күн көзі аз болатын қыс айларынан басқа уақыттың барлығында үнемі гүлдеп тұрады. Дегенмен күндіз лампа жарығын пайдаланып, оның гүлдеу мерзімін ұзартуға болады.

Өсімдікті 2 жылда бір рет ауыстырып отырғызған жөн. Оны отырғызатын топырақтың 4 бөлігі шіріген жапырақ, 1 бөлігі шымтезек және бір бөлігі құм болу керек. Узамбар фиалкасын жапырағын кесу, бұтасын бөлу арқылы немесе қаңтарда тұқымын сеуіп, көбейтуге болады. Қалемшеден де өсіруге болады. Шағын құмыраға отырғызылған (диаметрі 5-7см) жас өркен айдан кейін гүлдейді.

Аскөк құрамы А, С және В тобындағы дәрумендер мен микроэлементтерге өте бай. «В» дәрумен тобы адамның жүйке жүйесін нығайтып, ұйқысыздықтан айықтырады. Ал «А» дәрумені тері клеткалары мен көздің көру қабілетін жақсартса, «С» дәрумені ағзаны түрлі вирусты аурулардан, әсіресе тұмаудан сақтайды. Бұл өткір иісті «жасыл шөптің» түнбасы мен қайнатпасы тәбетті ашып, астың қорытылуын жақсартып, өтті айдайды әрі ішек жолдарының түйілуін болдырмайды. Сондай-ақ қан қысымы жоғарылағанда аскөк тұнбасын ішу арқылы қалпына келтіруге болады. Сонымен қатар аскөк тұқымының түнбасы жас босанған аналардың омырау сүтінің молаюына септігін тигізеді.

1-рецепт. Эмаль ыдысқа 2 ас қасық аскөк тұқымын салып, ұстіне 1 стакан қайнаған су құйып, 15 минут қайнап жатқан су буына қыздырады. Сонсоң 45 минуттай салқындатып, сүзіп алады. Түнбаның көлемін 200 мл-ге жеткізеді де күніне 3-4 рет стаканның үштен бір бөлігін қабылдап отыру керек. Екі тәуліктен кейін түнбаны жаңадан дайындау қажет.

2-рецепт. 1 ас қасық аскөк тұқымын үгітіп, оған бір стакан қайнаған су құйып, ыдыстың бетін жауып 10-15 минуттай қоя тұрады. Дайын болған тұнбаны күніне 3-4 рет 1 ас қасықтан ішкен абзал. Бұл түнба бүйрек ауруларының алдын алумен қатар, терідегі түрлі қабынуларды басады. Ол үшін компресс ретінде пайдалану керек.

Аскөк түнбасын қаны аз (гипотония) адамдардың пайдалануына мүлдем болмайды. Себебі, қан қысымы төмендеп, бірден басы айналып, әлсіздікке тап болуы мүмкін.

Ақжелкеннің құрамы да дәрумендер мен микроэлементтерге толы. Оның кішігірім будасы (пучок) ағзаның «С» дәруменіне деген бір тәуліктік қажеттілігін өтей алады. Ақжелкен құрамындағы аскорбин мөлшері де өте жоғары. Тіпті лимон мен қара қарақаттан да асып түседі.

Ақжелкен Фитонцидті өсімдіктер қатарына жатады. Яғни оның құрамында табиғи антибиотиктер бар. Сондықтан ақжелкен тұнбасымен тұмау мен баспа кезінде тамақты шайса, жақсы көмектеседі. Халық емшілігінде ақжелкен тамырының қаинатпасы маса, 1 ара, сона тәрізді жәндіктердің шаққан жерін емдеу үшін қолданылады. Бет - терісін ағартумен қатар, ондағы секпіл мен пигментті дақтарды және қабақтағы ісікті кетіру үшін де пайдаланады. 0, 5 шай қасық ақжелкен тұқымына 2 стакан суық су құйып, 8-10 сағаттай түндырады. Сосын дәкені бірнеше қабаттап сүзіп алады да күніне 2-3 ас қасықтан 3 рет ішеді.

Ақжелкеннің тұқымынан, жапырағы немесе тамырынан қайнатпа әзірлеу үшін қажетті 1 ас қасық шикізатқа 1 стакан қайнаған су қүйып, 30-40 минут қайнатады. Суыған соң дәкеден сүзіп, сұйықтық мөлшерін алғашқы бір стақан көлеміне жеткізу қажет. Қайнатпаны күніне 3-4 рет 2 ас қасықтан тамақтануға дейін ішіп отыру керек.

Есте сақтайтын бір жайт, ақжелкен түнбасы мен қайнатпасын жүктілік мерзімінің қай триместрінде болмасын пайдалануға қатаң тиым салынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үй өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері
Тірі табиғат мүйісі және оны ұйымдастырудың маңызы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жағдайында қызанақты аурулардан қорғау шараларының жүйесі
Анар өсімдігін жылыжай жағдайында көбейту
Қантты жүгері
Дәндік жүгері өсіру технологиясы
Суккулентті бөлме өсімдіктерін өсіру
Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының мазмұны
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Жылыжайда қияр өсіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz