Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ

ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

1. 1. Географиялық орнының әлеуетіне талдау . . . 5

1. 2. Қазақстан табиғи қорлар әлеуеті . . . 10

1. 3. Қоғамдық әлеуметтік құрылымның әлеуеті . . . 11

ІІ. ҚАЗАҚСТАН НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІГІ

2. 1. Ел экономикасының даму жолдары . . . 17

2. 2. Қазақстан экономикасының ТМД елдері арасындағы

ерекшелігі . . . 28

ІІІ. ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМУ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСЫМ

БАҒЫТТАРЫ

3. 1. Білім беру дамыту бағдарламасы . . . 38

3. 2. Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы . . . 42

3. 3. Ғарыш қызмет саласын дамыту бағдарламасы . . . 47

3. 4. Мұнай өндіріс саласында . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 70

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде әлемдік экономикалық интеграция барлық елдерді қамтып отырғанда аймақтағы елдер арасындағы өзара байланысты дамыту барынша маңызды болып саналады. Еліміз ашық нарықтық ұстанымды қолға алған аз уақыт ішінде Орталық Азия аймағында, ТМД елдері арасында қара озып алға шығып келеді. Еліміздің осы жетістіктерінің себебі оның жан жақтылы әлеуетінде болып отыр. Жұмыста аталмыш әлеуеттері жан жақтылы ортаға салынып талдау жасалады, сол арқылы еліміздің жеткен жетістіктеріне құр сөзбен емес нақтылы ғылыми деректер мен дәйектер негізінде талдау жасалып дәлелденеді.

Еліміз болашағының тіпті де баянды боларына, өркениетті елдер санатына, Ел басы айтқан дамыған елу елдің қатарына қосылуға толық мүмкіндігі бар екендігі бүгінгі және таяу болашақта қолға алынуға жоспарланған келелі жұмыстар арқылы ғылыми тұрғыда тиянақталады.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу.

Жұмыстың міндеті: Көздеген мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының шаруашылығының дамуына қажетті мүмкіндіктеріне экономикалық географиялық тұрғыда сипаттама берілді, Қазақстанның нарықтық экономикасының даму барысы мен даму мәселелеріне талдау жасалды, болашақтағы даму мүмкіндіктері ең басты салалар болып табылатын ғылым білім саласы, денсаулық сақтау саласы, ғарыштық өнеркәсіп саласы және бүгінгі экономиканың тірегі саналған мұнай өнеркәсібі саласы бойынша қарастырылды.

Жұмыстың теориялық негізі: Соңғы кезде жарық көрген әдебиеттер мен мерзімді баспа сөздерде жарияланған еңбектер және интернет беттері пайдаланылды. Жұмыстың мазмұнын аша түсу мақсатында салыстырып бағалау, баяндау, математикалық, тарихи және картаграфиялық әдістер пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады. Жұмыс құрамында 9 кесте, 4 карта, 6 сурет бар.

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ

ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

1. 1. Географиялық орнының әлеуетіне талдау

Қазақстан Республикасының экономикалық-географиялық орыны физикалық-географиялық орынының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Олар: Еуразия материгінің ортасында, Атлант, Тынық мұхиттарынан бірдей қашықтықта, Үнді мұхитынан біршама алыста орналасуы, ішкі континенталдық орнына байланысты табиғат жағдайлары тәуелді болуы: айқын қатты-континенталдық климат, көпшілік ішкі өзендердің теңіздер мен мұхиттарға құймауы, территориясынан батыс және солтүстік ауа массаларының кедергісіз ауысуы, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан шекарасындағы таулардың (Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы) барьерлік климаттық рөлі және беткейлерінде жауын-шашынның (ылғалдылық) аккумуляциялануы.

Сонымен бірге, Қазақстанның шаруашылығын тиімді орналастыру мен территориялық ұйымдастыру үшін экологиялық-географиялық орынының ерекшелігін де білген дұрыс болады. Олар мыналар: біріншіден, Жер планетасы атмосфера қабатының оттегімен толықтырылып отыратын экожүйеге негізінде орман мен шабындық жатады десек, жаһандық ауа айналымы үрдісінде Қазақстан оттегін тұтынушы аймақ болып есептеледі. Себебі орман көлемі барлық республика территориясының 2, 8%-ын алып жатса, шабындықтың үлесі 2% ғана жетеді. Екіншіден, Қазақстан халқының тығыздығы 1ш. ш. 5, 5 адам болып келеді, яғни сирек орналасқан елге жатады, оның ішінде 50% территориясында халықтың тығыздығы 1 адамнан аспайды, мұнда 18 млн. га жыртылуға жарайтын топырақты жер ресурстары бар (оның 35 млн. гектары жыртылған), яғни Қазақстан стратегиялық жер ресурстары қорымен ерекшеленеді. Үшіншіден, Қазақстан биосфералық экологиялық қауіпті аймаққа жатады. Мұнда биосфераға жаһандық әсері бар Арал теңізі, Семей ядролық полигоны, әскери - ракеталық сынау полигондары, "Байқоңыр" космодромы сияқты экологиялық нысаналар орналасқан. Төртіншіден, Қазақстан геожүйесі (ландшафты) (45 % - шөл, 20 %-ы - таулы аймақтар) антропогендік әсерлерге тұрақсыздығымен, берік еместігімен сипатталады. Мысалы, пайдалануға жарайтын 80 млн. га жердің 61 % шөлейттенуге жылдам шалдығады.

Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы 13311 шақырым, солтүстігі және шығысында Ресей мемлекетімен шектесіп жатыр, оның ұзындығы - 7591 км, оңтүстік-батысында Түркменстан 380 км, оңтүстігінде Өзбекстан 2300 км, Қырғызстан 980 км, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен 1460 км шектеседі. Сонымен бірге Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркменстан мемлекеттерімен Каспий теңізі арқылы жалғасады. Оның қазақстандық бөлігінің ұзындығы - 600 км. Батысында Волга жағалауына жақын жерден, шығысында Алтай тауларына дейінгі ара қашықтық 3000 шақырым болса, солтүстік шекаралық нүктеден оңтүстігіне дейін 1800 шақырым қашықтықты алып жатыр. Территорияның үлкендігін республиканың екі сағат белдеуінде орналасуы көрсетеді.

1 сурет. Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы

Біраз тарихшы-ғалымдар Қазақстанның шекарасының құрылуын XV-XVII ғ. ғ. Қазақ хандығының құрылуымен байланыстырғанмен, негізінде ол Кеңес үкіметі кезінде анықталды (1920 ж. Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының, одан кейін 1936 ж. Одақтық республикаға айналуына байланысты) . Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан Республикасы көршілес елдермен (Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Қытай) шекарасы өркениеті екі жолмен: делимитация және картаға түсіру екіжақты келісім арқылы шекараның орыны мен бағытын анықтау және демаркация - жергілікті (микродеңгейде) шекараның орынын нақтылы белгілеу арқылы жүзеге асты [1] .

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы толығымен анықталып, екіжақты қазақстан - қытай, қазақстан - өзбекстан, қазақстан - түркменстан, қазақстан - қырғызстан келісімдеріне қол қойылды. Мемлекеттік шекара туралы соңғы нүкте 18 қаңтар 2005 ж. қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын айқындайтын, әлемдегі ең ұзын шекара болып саналатын қашықтығы 7591 шақырымдық шекара мәселесі рәсімделіп, халықаралық құжатқа Ресейдің бұрынғы Президенті В. В. Путин мен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қол қойды. Алайда Каспиий теңізінің құқықтық статусы бүгінге дейін анықталмай отыр. Оның себебі Каспий маңайында орналасқан бес елдің (Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркменстан, Қазақстан) арасында ортақ келісімнің болмауында. Қазақстан мен Ресей Каспий теңізін табаны арқылы бөлу және судың акваториялық бетін жалпы қолдануды ұсынса, Иран бес елге 20%-дан бөліп тастауды, Әзірбайжан мен Түркменстан ұлттық секторларға бөлуді ұсынады. Каспиий теңізі қайраңдары мен табаны мұнай - газ ресурстарына бай болғандықтан, оларды пайдалануда даулы мәселелер (мысалы, Түркменстан - Әзірбайжан, Иран - Әзірбайжан) шешілмей отыр. Каспий теңізінің құқықтық статусы туралы конвенцияға бес елдің келісім шарты қабылдануы үшін мына мәселелерді шешу керек: теңіз көлігі, минералдық және биоресурстарды пайдалану, экология, делимитация және демаркация, қайраң ресурстарын пайдалану құқығын анықтау, Волга - Дон, Волга - Балтық каналдары арқылы дүние жүзі мұхитына шығу т. б. Бұл мәселелерді шешуде екіжақты келісім шарттар жасалып, қол қойылғанмен (мысалы, 1998 ж. 6 маусымда Ресей мен Қазақстан арасында Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі түбін шектеу келісім шартына екіжақты қол қойылды), жақын арада толығымен шешілетін түрі жоқ.

Шекаралас көрші елдерге баға беретін болсақ, Қазақстан екі Ұлы мемлекеттері мен мұсылмандық шығыс елдері арасында орналасқаның көреміз. Ресей мен Қытай мемлекеттері дүние жүзінде территориясы, халқы, табиғат байлықтары, экономикалық пен ядролық потенциалы жағынан ірі державалардың қатарына жатады. Сондықтан бұл елдермен экономикалық, саяси, мәдениет, ғылыми - техникалық, әскери т. б. байланыстар жаңа көріністе, жаңа деңгейде болу керек, Қазақстан бұл елдер арқылы Батыс және Шығыс Еуропа елдерімен, Орта Азия мен азиялық Тынық мұхит аймақтарымен қатынастарды байланыстырушы мемлекетке айналуға толық мүмкіндігі бар. Мысалы, Қазақстан территориясы арқылы Трансеуразиялық темір жолы магистралын салу немесе транзиттік әуе жолдарын ашу еліміздің экономикалық-географиялық орнын жақсартуға әсер етеді. Тәуелсіздік алған Орта Азия елдерімен нарықтық экономикаға байланысты қарым-қатынастар жасау республиканың экономикалық-географиялық орнының өзгеруіне әкеп соғады. Мысалы, бұл елдердің (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан) тарихи, мәдени-этникалық ортақтығы, табиғат жағдайларының ұқсастығы және экономикалық-географиялық орнының ортақтығы, мұсылман елдері: Иран, Ауғанстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Біріккен Араб Эмираты, Түркия т. б. елдердің көршілес таяу орналасуы Қазақстан Республикасының экономикасына, мәдениетіне, ұлттық саясатына, Орталық Азия экономикалық қауымдастығының құрылуына көп әсер еткені анық. Каспий теңізі (ішкі континенталдық болса да) Қазақстанның дүние жүзі теңіздеріне шығатын бірден-бір жолы. Екіншіден, бұл теңіз табиғи және биология ресурстарымен (мұнай, газ, балық) ерекше көзге түседі. Сондықтан Каспий теңізі оның маңындағы экономикалық, сауда, экологиялық т. б. қарым-қатынас жасау аймағына айналып отыр [2] .

Қазақстанның географиялық орны (Еуразия ортасында) ыңғайлы дей отырып, оны жан-жақты тиімді пайдалана білуіміз керек. Ол үшін басқа мемлекеттермен әр түрлі байланысты ішкі және сыртқы мемлекеттік шекараларды белсенді түрде қолдана білу керек. Сонда ғана Қазақстан Республикасы дүние жүзі қауымдастығында бейбітшілік сүйгіш, құқықтық, демократиялық, саяси-экономикалық тұрақтылығы бар мемлекетке айналады. Бұл жайында Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1997 ж. қазан айындағы "Қазақстан-2030" деген Қазақстан халқына жолдауында былай делінген: "Тоғыз жылдың торабында орналасқандықтан, шекараларымыздың өн бойында өз өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сиымдылығы 2 млрд. адамға жуық нарықтардың бірен-сарандары болмаса, қалған кез-келгені Қазақстан өнімін, әлбетте, оның бәсекелестік қабілеттілігі болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жұтып қоюға қабілетті. Бұл көршілер - Ресей, Қытай және ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің бір тобы. Таяу және Орта Шығыс елдері тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады. Күллі Еуразия құрлығында бейбітшілік пен тату көршілік және өзара сенім қарым-қатынастарын табысты дамудың шарты". Еліміздің географиялық орынын тиімді пайдалануды іске асыру мәселелеріне тоқтала келіп, Елбасы былай деп тұжырымдайды: " . . . бірінші мүмкіндік біздің Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан жағдайымыздан туындайды. Әлемдік экономикалық және саяси процестердің ауқымдану процесі осы факторды түсіндіреді. Біздің бабаларымыз түркі халықтарының біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды тиімді пайдалана білді. Атақты Ұлы Жібек жолы бойымен Еуропа мен Азия елдері арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Бүгін біз осы арнаны аймақтағы басқа елдермен ынтымақтаса отырып және әлемдестік қоғамдастықтың қолдауымен қалпына келтіре бастадық" [3] .

Қазақстанның экономикалық-географиялық орнының тиімділігін пайдалану оның көліктік - транзиттік потенциалына байланысты. Дүние жүзілік экономиканың дамуына, эксперттік баға берушілердің айтуы бойынша, негізгі жүк тасымалдау ағымдары АҚШ - Еуропа - Оңтүстік Азия және Қытай үшбұрышында шоғырланады. Сондықтан саудалық серіктестер мен трансұлттық корпорациялар Қазақстанда қазіргі заманға сай көліктік - коммуникациялық жүйелердің құрылғанына құштарлық білдіреді. Себебі Қазақстанға жақын аймақтарда 2 млрд. -тан астам халық тұрғандықтан (Ресей, Қытай, Оңтүстік Азия және Каспий өңіріндегі елдер), тауарлық рыноктың ауқымдылығымен көзге түседі. Көршілес басқа елдерге қарағанда Қазақстандағы саяси және экономикалық тұрақтылық, нарықтық экономикаға көшу, еуразиялық және стратегиялық көліктік саясат, ішкі және сыртқы маңызы бар көлік жолдарын дамыту т. б. шаралар әсер етеді. Еуропа Азия - Еуропа желісі бойынша теміржол жүк айналымын қамтамасыз ететін Транс-Азиат магистралі (ТАТЖ, ТАДЖ, солтүстік және оңтүстік коридорлар) - орталық коридор Еуропа - Кавказ - Азия (ТРАСЕКА), Еуропа, Қара теңіз өңіріндегі елдер, Кавказ, Каспий теңізі өңірі және Азия елдерін байланыстыратын трансконтинеталдық магистраль. Сондықтан ол Қазақстанның транзиттік потенциалын пайдалануға экономикалық тұрғыда өте тиімді болып келеді. Мысалы, Қазақстан арқылы Қытай - Еуропа теміржол желісі бойынша жүк тасымалдау, теңіз арқылы тасымалдаумен салыстырғанда (Ляньюннан (Қытай) - Берлин (Германия), екі есеге қысқарады (теңізбен - 20-30 тәулік, Достық - Алашанкөл темір жолымен 11 тәулікке тең) .

Қазақстан территориясының экономикалық-географиялық орнының потенциалын күшейтуге аса жылдамдықпен ақпарат беретін Транс - Азиат - Еуропа ақпараттық супержелісі жобасын салып бітіру, Ақтау сауда теңіз портының іске қосылуы Қазақстанның батыс-шығыс көліктік жүйесін солтүстік пен оңтүстік теміржол желістерімен байланыстыруға үлкен әсер етеді.

Қазақстан дүниежүзілік мұхитқа ашық шыға алмайтын дүние жүзіндегі 34 елдің қатарына жатады, халықаралық коммуникациялық жолдардың алыс болуы сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды қиындатады. Мысалы, қазақстандық тауарлар Ресей арқылы Балтық теңізі порттарына жеткенше 15-20 %-ға дейін қымбаттайды. Сондықтан БҰҰ басшылығымен 2004 ж. Алматы қаласында теңізге тікелей шыға алмайтын дүние жүзіндегі 34 елдің "Географиялық әділетсіздік" туралы конференциясы өтіп, арнайы декларация қабылданды. Ресей және Қытаймен тең құқылы және өзара тиімділік негізінде экономикалық, ғылыми-мәдениеттік байланыстарды дамыту іргелі міндет болып есептеледі. Осы арқылы еліміз дүние жүзі рыногына шыға алады. Жерорта және Қара теңіздеріне шығу, Тынық мұхитына дейін транзиттік темір жол магистралін салу Қазақстанның дүние жүзіндегі экономикалық-географиялық орынының тиімділігін өзгертеді.

Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің, Қытайдың эконмикасының жедел қарқынмен дамуы, Еуропа елдерінің отын-энергетика, минералдық-шикізат ресурстарына тапшылығы, табиғат ресурстарына бай Орталық Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның, дүние жүзі рыногындағы ролін арттыра түсуі ықтимал. Қазақстаннан Тынық мұхиты жағалауына (Қытайдың Сары теңіздегі Ляньюньнан портына дейін), Батыс және Оңтустік-Батыс Азия елдері арқылы Жерорта теңізі, Парсы шығанағы, Үнді мұхиты жағалауына дейін мұнай құбырын салу идеялары осыған байланысты болса керек. Көршілес елдермен бірге, алыс жатқан (АҚШ, Батыс Еуропа мемлекеттері, Жапония) елдермен экономикалық интеграциялық процестерді дамыту Қазақстанның дүние жүзіндегі экономикалық, географиялық және геосаясаттық орнын өзгертуге, сонымен бірге жақсартуға мүмкіндік туғызады [4] .

1. 2. Қазақстан табиғи қорлар әлеуеті

Еліміздің кең байтақ жері кен қазбаларына, пайдалы қазба байлықтарына өте бай келеді. И. Д. Менделеев кестесінің бір жүз бес элементінің тоқсан тоғызы Қазақстан жерінде табылған. Соның ішінде жетпісінің қоры анықталып, өндіріске алпыстан астамы енгізілген.

Қазақстан дүние жүзі бойынша мырыштың, вольфрамның және бариттің зерттелген қорлары бойынша - бірінші орын, күміс, қорғасын және хром қорлары бойынша - екінші орын, мыс пен флюорит қорлары бойынша - үшінші орын, молибден қорлары бойынша - төртінші орын, алтын қорлары бойынша - алтыншы орын алады. Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрі бар 493 кен қазба орны белгілі болып отыр.

Ал ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан хром рудалары және қорғасын бойынша - бірінші орын; мұнай қорлары, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель және фосфор шикізаты бойынша - екінші орын; газ, көмір, алтын және қалайы бойынша үшінші орын алады.

Республика күміс, хромит, қорғасын және мырыш өндіруден ТМД елдерінің арасында - бірінші орын, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфат шикізатын өндіруден - екінші орын, алтын өндіруден үшінші орын алады. Қазақстанның батыс өңірінде мұнай мен газдың айтарлықтай мол қоры жинақталған, бұл елімізді әлемдегі мұнай өндіретін ірі мемлекеттер қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Оңтүстік Торғай ойпаты маңынан мұнай шығатын жаңа ауданның ашылуы республиканың мұнай өндіру саласының болашағын одан әрі кеңейтеді.

Қазақстанның пайдалы қазбалар қорын геологиялық-экономикалық бағалау нәтижесі бойынша экономикалық маңызы жағынан көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш, хромит, алтын, марганец алдыңғы қатарда тұр.

Д. И. Менделеев кесесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде ашылып, 70-сі зерттеліп, 60-ы шаруашылқ көзінде пайдаланады. Арнайы экспеттік баға беру боайынша дүние жүзінде ғалымдардың есептеуі бойынша еліміз алтыншы орында, ал мұнай мен табиғи газ қоры бойынша алғашқы 10 мемлекеттің қатарына кіреді. Ғалымдардың айтуынша, зерттелген табиғат қоры АҚШ долларымен 10 трлн. -ға бағаланып отыр. Мұнай, көмір, темір, хром және марганец рудасы, көптеген түсті металл рудалары, фосфат қорлары бойынша жан басына шаққанда Қазақстан дүние жүзілік орта көрсеткіштен әлде-қайда асып түседі. Табиғат ресурстары мен энергетиканы пайдалану мәселелерімен ғылыми айналысатын Массачусете технология институтының докторы Даниель Файнның бағалауы бойынша, Кеңес Одағы ыдырау кезеңінде (1991) Қазақстанның үлесі: хром рудасы - 90%, барит - 88, фосфорит - 65, вольфрам - 38, қорғасын - 33, никель - 33, молибден - 29, мыс рудасы - 26, боксит - 22, асбест - 20, темір рудасы - 15, марганец - 13, көмір 12 %-ға тең келді. Ал, мұнай мен газ, титан, магний, қалайы, уран, алтын, германий, индий, теллур, селен, цирконий, кадмий, галий сияқты пайдалы қазбалар ресурсынан дүние жүзінде алдыңғы қатарда орын алды. Қазіргі уақытта дүние жүзінде (газ және қымбат металдар рудаларынан басқа) 9 млрд. т. минералдық шикізат өндіріледі. Оның құрылымы 84, 6 %, отын-энергетикалық ресурстар, қара металл рудалары - 7, 9; түсті металл - 1, 9; қалған ресурстарға 5, 6 % тиесілі. Минералдық шикізат өндіруден дүние жүзілік иерархияда Қазақстан жылына 100 мың т өндіріп, 13-ші позицияны алады, мұнай мен газды қосып есептегенде 18 орында тұр. ТМД елдерінің ішінде бұл көрсеткіштен Ресей - 5-ші, ал Украина 10-шы орында. Қазақстанның тау - кен өнеркәсібі дамыған басқа елдерден айырмашылығы шикізаттың көптеген түрлерінің өндірілуі және кейбіреуіне қорынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде 9-шы орында, ТМД елдерінде екінші орында иемденеді. Қоры жағынан әлемде бірінші орында: мырыш (13%), вольфрам, барит және ваннадий, рений, висмут, фтор; екінші - уран (25), күміс, қорғасын (20) және хромит (30) ; үшінші - асбест, мыс (10 %), флюорит, марганец және волластонит; төртінші - молибден; алтыншы - фосфорит және алтын; жетінші - темір рудасы; 13-ші мұнай, 16-шы орында - табиғи газ; қазақстандық Каспий қайраңында геологиялық барлаулардың болжамы бойынша, Қазақстан мұнай мен газ қорынан алғашқы алты елдің қатарына кіруі мүмкін [5] .

1. 3. Қоғамдық - әлеуметтік құрылымның әлеуеті

Жылдың басында тәуелсіз Қазақстан тарихында екінші рет ұлттық халық санағы өтті. Бұл шара өткен жылдарды саралаумен бірге болашаққа экономикалық болжам жасауға да сенімді негіз болды. 2009 жылғы Санақтың нақты қорытындысы алдағы күзде мәлім болады. Санақ қорытындысының мәліметтеріне қарағанда республика халқының саны 16 мил. 402 мың 861 адамға жеткен. Ал санақ баталмай тұрғандағы есеп бойынша халық саны 15 мил. 730 мың адам болған. Яғни, 672 мың адамның өсім көрсеткіші белгілі болды. Тек Астана қаласының тұрғындары соңғы 10 жылда 2 еседен артық өсіп, 678 мың адамды құраған. Осы кезеңде Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы 30 %-ға, Маңғыстау облысының халқы 60 %-ға өскен. Республикадағы қазақтардың саны 67 %-дан астам болды. 1999 жыл бұл көрсеткіш 53 %-ды ғана құраған. Республикадағы халықтың орташа жасы 32 жас шамасын құрайды. Халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 6 адамнан келеді. Әзірше Статистика агентігі халықтың 50, 4 %-ы қалада, 49, 6 %-ы ауылда тұратын, сондай-ақ оның 47, 9 % ерлер, 52, 1 %-ы әйелдер екенін анықтады.

Қазақстан Республикасында бір жүз отыз бес ұлттың өкілдері тұрады. Қазақтан, орыстар, украиндер, немістер, өзбектер, татарлар, ұйғырлар - республика жеріндегі ең ірі этникалық топтарға жатады. Жалпы халықтың тоқсан бес пайызы осы топтардың үлесіне тән.

Қазіргі таңда жалпы халықтың санындағы өзбектердің үлесі - 0, 3%, Осы ұйғырлардың үлес салмағы - 0, 1 %, әзірбайжандардың үлес салмағы - 0, 1 %-ға артты. Немістердің үлес салмағы 0, 9 %, украиндардың үлес салмағы - 0, 7 %, орыстардың үлес салмағы - 3, 3 %, татарлардың үлес салмағы - 0, 2 % -ға кеміді. Өткен жылдардағы сияқты, жекелеген ұлттар бойынша халықтың табиғи азаюы байқалып отыр. Негізінен халық саны табиғи өсімнің есебінен артуда, нақты айтқанда жетпіс бес пайызы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зияткерлік меншік дегеніміз не
Қазақстанның сыртқы саясаты және тәуелсіздікпен жаңа болашақта жаңа серпін
Тәуелсіз Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасы
Қазақстан Республикасының ҚХР-мен қарым-қатынастарының даму барысы
Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары
Интеграция
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары
Марат Тәжин
Шекаралық сауда және экономикалық байланыстары
Қазақстан Республикасы мен Белорусь арасындағы қарымқатынас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz