«Экономикалық талдау» пәні бойынша теориялық материал



1. Экономикалық талдаудың түсінігі және мәні. Талдаудың пәні, мазмұны және мәселелері.
2 Шаруашылық қызметті экономикалықталдаудың түрлері.
3 Экономикалық талдау салыстырмалы көрсеткіштері.
4. Факторлық талдау әдістемесі. ӨШҚТ.да факторлардың ықпалын өлшеу тәсілдері
5. Кәсіпорынның өндірістік.шаруашылық қызметін кешендік экономикалық талдаудың әдісі және әдістемесі
6.7. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды талдау
8. Материалдық ресурстардың пайдаланылуын талдау. Айналым капиталы
9. Өнімнің өндірілуі мен өткізілуін талдау.
10.11. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуді және еңбекақы қорын пайдалануды талдау пайдаланылуын талдау.
12. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
13. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау. Пайда, рентабельділік көрсеткіштерін талдау
Талдау әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі.
Еңбектің қоғамдық бөлінуіне негізделген салалық белгі бойынша талдау келесі түрлерге бөлінеді: салалық талдауға – оның әдістемесі экономиканың жеке салаларының ерекшелігін ескереді және салалар арасындағы талдауға – бұл ШҚТ-дың ұлттық экономиканың барлық салаларындағы теоретикалық және әдістемелік негізі немесе, басқаша айтқанда, шаруашылық қызметті талдаудың теориясы болып табылады.
Уақыт белгісі бойынша ШҚТ-дың келесі түрлері бар: алдын ала (перспективалық, болашақ) және кейінгі (ретроперспективалық, тарихи).
Алдын ала талдау шаруашылық операцияларды жүзеге асырғанға дейін өткізіледі. Бұл – жоспарлық тапсырмалар мен басқарушылық шешімдерді негіздеу үшін, сонымен қатар болашақты болжамдау және жоспардың күткен орындалуын бағалау, қаланылмаған нәтижелерді екскерту үшін керек.
Кейінгі (ретроперспективалық) талдау шаруашылық акттерді жасағаннан соң жүргізіледі. Бұл – жоспардың орындалуын бақылау, пайдаланбаған резервтерді айқындау, кәсіпорынның қызмет ету нәтижелерін объективті бағалау үшін қолданылады.
Бұл екі талдау өзара тығыз байланысты. Рестроперспективалық талдау жедел және қорытынды (нәтижелік) болып бөлінеді.
Жедел (ахуалдық) талдау шаруашылық операцияларды орындай салғанынан кейін немесе уақыттың қысқа аралықтары (ауысым, тәуелік, декада) ішінде ахуалды өзгерткеннен кейін өткізіледі. Оның мақсаты – кемшіліктерді жедел түрде айқындап алу және шаруашылық үрдістерге ықпал ету.
Қорытынды (нәтижелік) талдау уақыттың есеп беру аралығы үшін (ай, квартал, жыл) жасалады. Оның құндылығы мынада: кәсіпорынның қызметі сәйкес кезең үшін есеп беру деректері арқылы кешенді түрде және жанжақты жүргізіледі. Бұның арқасында қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану бойынша кәсіпорынның қызметіне толығырақ баға беру қамтамасыз етіледі.
Кеңістік белгісі бойынша шаруашылық ішіндегі және шаруашылық арасындағы талдауды айыруға болады.
Шаруашылық ішіндегі талдау тек зерттелетін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің ғана қызметін зерделейді.
Шаруашылық арасындағы талдау кезінде екі немесе одан да көп кәсіпорындардың қызмет ету нәтижелері салыстырылады. Бұл – алдағы тәжірибені, резервтерді, кемшіліктерді айыруға және осының арқасында кәсіпорын қызметінің тиімділігіне объективті баға беруге мүмкіндік жасайды.
ШҚТ-дың басқару объекттері бойынша классификациясының (жіктелуінің) маңызы зор. Шаруашылық қызмет жеке жүйешелерден: экономика, техника, технология, өндірісті ұйымдастыру, еңбектің әліуметтік жағдайлары, табиғатты қорғау қызметі және т.с.с. жүйешелерінен тұрады. Осыған байланысты талдаудың келесі түрлерін айырады.
Кәсіпорынның техникалық қызметтері айналысатын техникалық-экономикалық талдау. Оның мазмұны – бұл техникалық және экономикалық үрдістердің өзара әсерлесуін зерделеу және олардың кәсіпорын қызметінің экономикалық нәтижелеріне ықпалын анықтау.
Қаржылық-экономикалық талдау – негізінен көңіл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне: қаржылық жоспардың орындалуына, меншікті және қарызға алынған капиталдың пайдаланылу тиімділігіне, пайда сомасын көбейту резервтерін айқындауға, пайдалылықтың (рентабельділіктің) өсуіне, кәсіпорынның қаржылық жағдайының және төлем қабілеттілігінің жақсартылуына бөлінеді.
Аудиторлық (бухгалтерлік) талдау – бұл кәсіпорын қаржылық «денсаулығының» сарапшылық диагностикасы. Шаруашылық ету субъекттерінің қаржылық жағдайы мен қаржылық тұрақтылығын бағалау және болжамдау мақсатымен аудиторлармен немесе аудиторлық фирмалармен өткізіледі.
1. Ковалев В.В. Финансовый анализ: управление капиталом, выбор инвестиций, анализ отчетности. – М.: Финансы и статистика, 1996;
2. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – Мн.: ИП «Экоперспектива», 1999;
3. Теория анализа хозяйственной деятельности. / под ред. А.Д. Шеремета. – М.: Прогресс, 1997;
4. Дүйсенбаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы-2001.
5. Витченко М. Н. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия ж.д. транспорта. Москва 2003.
6. Иваненко А.Ф. Анализ хозяйственной деятельности на ж.д. транспорте. Москва 2004
7. Прыкина Л.В. Экономический анализ предприятия. Москва 2001.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

8. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит. – М.: Инфра-М, 1995.
9. К.К. Жуйриков, Т.Б. Баяхметов. Анализ предприятия (управленческий и финансовый). Алматы 2006.
10. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта. – М.: Финансы и статистика, 1994
11. Жак Ришар. Аудит и анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М.: ЮНИТИ,1997;
12. Кравченко Л.И, Анализ финансового состояния предприятия. – Минск: ПКФ «Экацит», 1994;
13. Маркин Ю.П. Анализ внутрихозяйственных резервов. – М.: Финансы и статистика, 1991.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
4. ТЕОРИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ

1. Экономикалық талдаудың түсінігі және мәні. Талдаудың пәні, мазмұны
және мәселелері.

Талдау түсінігі грек сөзі analyzis дегеннен шыққан және аудармасы
бөлемін, бөлшектеймін дегенді білдіреді.
Талдау дегеніміз – бүтіннің бөлшектері ретінде зерделеу үшін құбылысты
немесе затты құрамдас бөлшектерге бөлшектеу. Бұндай бөлшектеу зерттеліп
жатқан заттың, құбылыстың, үрдістің ішкі жағына қарауға, оның ішкі мәнін
түсінуге, зерделеніп жатқан заттағы немесе құбылыстағы әрбір элементтің
рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Кең мағынада талдау дегеніміз – бүтінді құрамдас бөлшектеу негізінде
қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын тану тәсілі және оларды көптеген
түрлі байланыстар мен тәуелділіктер арқылы зерделеу.
Бүгінгі күні экономикалық құбылыстар мен үрдістерді макродеңгейде
зерделейтін жалпы теоретикалық экономикалық талдау мен жеке кәсіпорындардың
экономикасын зеделеу үшін қолданылатын шаруашылық қызметті талдау, яғни
микродеңгейдегі экономикалық талдау – конкретиканы айыра білу қажет.

2 Шаруашылық қызметті экономикалықталдаудың түрлері.
Талдау әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі.
Еңбектің қоғамдық бөлінуіне негізделген салалық белгі бойынша талдау
келесі түрлерге бөлінеді: салалық талдауға – оның әдістемесі экономиканың
жеке салаларының ерекшелігін ескереді және салалар арасындағы талдауға –
бұл ШҚТ-дың ұлттық экономиканың барлық салаларындағы теоретикалық және
әдістемелік негізі немесе, басқаша айтқанда, шаруашылық қызметті талдаудың
теориясы болып табылады.
Уақыт белгісі бойынша ШҚТ-дың келесі түрлері бар: алдын ала
(перспективалық, болашақ) және кейінгі (ретроперспективалық, тарихи).
Алдын ала талдау шаруашылық операцияларды жүзеге асырғанға дейін
өткізіледі. Бұл – жоспарлық тапсырмалар мен басқарушылық шешімдерді
негіздеу үшін, сонымен қатар болашақты болжамдау және жоспардың күткен
орындалуын бағалау, қаланылмаған нәтижелерді екскерту үшін керек.
Кейінгі (ретроперспективалық) талдау шаруашылық акттерді жасағаннан соң
жүргізіледі. Бұл – жоспардың орындалуын бақылау, пайдаланбаған резервтерді
айқындау, кәсіпорынның қызмет ету нәтижелерін объективті бағалау үшін
қолданылады.
Бұл екі талдау өзара тығыз байланысты. Рестроперспективалық талдау жедел
және қорытынды (нәтижелік) болып бөлінеді.
Жедел (ахуалдық) талдау шаруашылық операцияларды орындай салғанынан
кейін немесе уақыттың қысқа аралықтары (ауысым, тәуелік, декада) ішінде
ахуалды өзгерткеннен кейін өткізіледі. Оның мақсаты – кемшіліктерді жедел
түрде айқындап алу және шаруашылық үрдістерге ықпал ету.
Қорытынды (нәтижелік) талдау уақыттың есеп беру аралығы үшін (ай,
квартал, жыл) жасалады. Оның құндылығы мынада: кәсіпорынның қызметі сәйкес
кезең үшін есеп беру деректері арқылы кешенді түрде және жанжақты
жүргізіледі. Бұның арқасында қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану бойынша
кәсіпорынның қызметіне толығырақ баға беру қамтамасыз етіледі.
Кеңістік белгісі бойынша шаруашылық ішіндегі және шаруашылық арасындағы
талдауды айыруға болады.
Шаруашылық ішіндегі талдау тек зерттелетін кәсіпорынның және оның
құрылымдық бөлімшелерінің ғана қызметін зерделейді.
Шаруашылық арасындағы талдау кезінде екі немесе одан да көп
кәсіпорындардың қызмет ету нәтижелері салыстырылады. Бұл – алдағы
тәжірибені, резервтерді, кемшіліктерді айыруға және осының арқасында
кәсіпорын қызметінің тиімділігіне объективті баға беруге мүмкіндік
жасайды.

ШҚТ-дың басқару объекттері бойынша классификациясының (жіктелуінің)
маңызы зор. Шаруашылық қызмет жеке жүйешелерден: экономика, техника,
технология, өндірісті ұйымдастыру, еңбектің әліуметтік жағдайлары,
табиғатты қорғау қызметі және т.с.с. жүйешелерінен тұрады. Осыған
байланысты талдаудың келесі түрлерін айырады.
Кәсіпорынның техникалық қызметтері айналысатын техникалық-экономикалық
талдау. Оның мазмұны – бұл техникалық және экономикалық үрдістердің өзара
әсерлесуін зерделеу және олардың кәсіпорын қызметінің экономикалық
нәтижелеріне ықпалын анықтау.
Қаржылық-экономикалық талдау – негізінен көңіл кәсіпорын қызметінің
қаржылық нәтижелеріне: қаржылық жоспардың орындалуына, меншікті және
қарызға алынған капиталдың пайдаланылу тиімділігіне, пайда сомасын көбейту
резервтерін айқындауға, пайдалылықтың (рентабельділіктің) өсуіне,
кәсіпорынның қаржылық жағдайының және төлем қабілеттілігінің жақсартылуына
бөлінеді.
Аудиторлық (бухгалтерлік) талдау – бұл кәсіпорын қаржылық
денсаулығының сарапшылық диагностикасы. Шаруашылық ету субъекттерінің
қаржылық жағдайы мен қаржылық тұрақтылығын бағалау және болжамдау
мақсатымен аудиторлармен немесе аудиторлық фирмалармен өткізіледі.

Әлеуметтік-экономикалық талдау әлеуметтік және экономикалық үрдістердің
өзара байланысын, олардың бір-біріне және шаруашылық қызметтің экономикалық
нәтижелеріне ықпалын зерделейді.
Экономикалық-статистикалық талдау басқарудың әртүрлі деңгейлерінде:
кәсіпорында, салада, аймақта көпшілік қоғамдық құбылыстарды зерделеу үшін
қолданылады.
Экономикалық-экологиялық талдау қоршаған ортаны сақтаумен және
жақсартумен, сонымен қатар экологияға шығындармен байланысты экономикалық
және экологиялық үрдістедің өзара әсерлесуін зерттейді.
Маркетингтік талдау кәсіпорын қызмет етуінің, шикізат нарықтары мен
дайын өнімді сатып өткізу нарықтары қызмет етуінің сыртқы ортасын, оның
бәсекеге қабілеттілігін, сұраныс пен ұсынысты, коммерциялық тәуекелдікті,
баға саясатының қалыптасуын, маркетингтік қызметтің тактикасы мен
стратегиясының жасап шығарылуын зерделеу үшін қолданылады.
Объекттерді зерделеу әдістемесі бойынша ШҚТ салыстырмалы,
диагностикалық, факторлық, маржиналдық, экономикалық-математикалық,
экономикалық-статистикалық (стохатикалық), функционалдық-құндық болуы
мүмкін.
Салыстырмалы талдау кезінде шаруашылық қызметтің нәтижелері жөніндегі
есеп беру көрсеткіштері ағымдық жылдың көрсеткіштерімен, өткен жылдардың
деректерімен, алдыңғы қатардағы кәсіпорындардың деректерімен салыстырылады.
Факторлық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткіштердің өсімі мен
деңгейіне ықпал ету шамасын айқындауға бағытталған.
Диагностикалық (экспресс) талдау – бұл экономикалық үрдістердің қалыпты
барысының бұзылу сипаттамасын берілген бұзылуға ғана тән типтік белгілер
негізінде анықтау тәсілі.
Маржиналдық талдау – бизнестегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін
сатылымдар көлемі, өзіндік құн және пайданың себеп-салдық өзара байланысы
мен шығындарды тұрақты және айнымалы қылып бөлуге негізделген бағалау және
негіздеу әдісі.
Экономикалық-математикалық талдау арқылы экономикалық мәселені шешудің
ең оңтайлы (оптималды) нұсқасы таңдалып алынады, қолда бар ресурстарды
толығырақ пайдалану есебінен өндірістің тиімділігін көтеру резервтері
айқындалады.
Стохастикалық талдау кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің зерттеліп
жатқан құбылыстары мен үрдістері арасында стохастикалық тәуелділіктерді
зерделеу үшін қолданылады.
Функционалдық-құндық талдау (ФҚТ) – резервтерді айқындау әдісі. Бұл
объект орындайтын функцияларға негізделеді және бұйым тіршілік ету циклінің
барлық сатыларында оларды жүзеге асырудың оңтайлы (оптималды) әдістеріне
бағ,дарланған. Оның негізгі тағайындалуы – керек емес буындарды,
бөлшектерді жою, бұйымның конструкциясын қарапайымдандыру, материалдарды
алмастыру және т.с.с. есебінен артық шығындарды айқындау және ескерту.
Субъекттер (талдаудың пайдаланушылары) бойынша ішкі және сыртқы талдауды
айырады.
Ішкі талдау өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметті жедел, қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді басқару қажеттіліктері үшін тікелей кәсіпорын
ішінде жүргізіледі.
Сыртқы талдауды қаржылық және статистикалық есеп беру негізінде
шаруашылық басқару органдары, банктер, қаржылық органдары, акционерлер,
инвесторлар жүргізеді.
Зерделенетін объекттердің қамтылуы бойынша талдау жаппай және таңдалмалы
болып бөлінеді.
Жаппай талдау кезінде барлық объекттерді зерделегеннен соң ғана
қорытынды шығарылады, ал таңдалмалы талдау кезінде қорытынды объекттердің
бір бөлігін зерттеу нәтижелері бойынша шығарыла береді.
Бағдарламаның мазмұны бойынша талдау кешендік және тақырыптық болуы
мүмкін.
Кешендік талдау кезінде кәсіпорынның қызметі жанжақты зерделенсе,
тақырыптық талдау кезінде белгілі бір сәтте кәсіпорын қызметінің ең көп
қызығушылық танытқан жақтары ғана зерделенеді.
3 Экономикалық талдау салыстырмалы көрсеткіштері.
Өзара байланысқан аналитикалық көрсеткіштердің жүйесін жасап шығару.
Өзінің мазмұны бойынша көрсеткіштер санды және сапалық болып бөлінеді.
Сандық көрсеткіштерге даярланған өнімнің көлемі, жұмыскерлердің саны және
т.с.с. жатады.
Сапалық көрсеткіштер – еңбек өнімділігі, өзіндік құн, пайдалылық
(рентабельділік) және т.с.с. Бір көрсеткіштер экономика салаларының қызмет
етуін талдаған кезде қолданылады, басқа біреулері – белгілі бір салаларда
ғана қолданылады. Сондықтан да олар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы көрсеткіштерге жиынтық өнім, еңбек өнімділігі, пайда, өзіндік құн
көрсетеіштері жатады.
Арнайы көрсеткіштер – тас көмірінің нәрлілігі, торфтың ылғалдылығы және
т.с.с.
ШҚТ-дағы қолданылатын көрсеткіштер синтез дәрежесі бойынша жалпылама,
дербес және қосалқы болып бөлінеді.
Еңбек өнімділігінің жалпылама көрсеткіштері – бұл бір жұмыскердің орташа
жылдық, орташа күндік, сағаттық өнім шығарылымы.
Еңбек өнімділігінің дербес көрсеткіштері – өнім бірлігін өндіруге жұмыс
уақытының шығындары немесе жұмыс уақытының бірлігінде өндірілген өнімнің
мөлшері.
Қосалқы (жанама) көрсеткіштер талдаудың қандай-да бір объектін толығырақ
сипаттау үшін пайдаланылады.
Аналитикалық көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді.
Абсолюттік көрсеткіштер бақылау, шартты-табиғи және құндық болып
бөлінеді.
Себеп-салдық қарым-қатынастарды зерделеген кезде көрсеткіштер факторлық
және нәтижелік болып бөлінеді.
Егер көрсеткіш бір немесе бірнеше себептердің ықпал ету нәтижесі ретінде
қарастырылса және зерттеу объекті ретінде алынса, онда өзара байланыстарды
зерделеген кезде оны нәтижелік көрсеткіш деп атайды.
Нәтижелік көрсеткіштің мінез-құлқысын анықтайтын және оның шамасы
өзгеруінің себебі ретінде алынатын көрсеткіштер факторлық деп аталады.
Қалыптасу тәсілі бойынша нормативтік, жоспарлық, есептік, аналитикалық
(бірлік) көрсеткіштерді айыруға болады.
Блок 1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын, басқару құрылымын, өндірістің
концентрация және мамандандырылу деңгейін, өндірістік циклдің ұзақтылығын,
еңбектің техникалық және энергетикалық қаруландырылуын, механизация,
автоматизация дәрежесін және т.с.с. сипаттайды.
Блок 2. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен, жабдықтармен,
материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі.
Блок 3. Өнімді өндіру көрсеткіштері: табиғи және шартты-табиғи өлшемдегі
құнмен берілген жалпы тауарлық өнім көлемі, өнім құрылымы, оның сарасы,
өндіріс ырғақтылығы және т.б.
Блок 4. Өнімнің жүктелуі мен сатып өткізілуі, қоймалардағы дайын өнім
қалдықтары жөніндегі деректер.
Блок 5. Қорқайтарылымы, қорсиымдылығы, негізгі өндірістік қорлардың орташа
жылдық құны, амортизация.
Блок 6. Материалсиымдылығы, уақыттың талданатын аралығында пайдаланған
еңбек заттарының құны және т.с.с.
Блок 7. Кәсіпорын капиталының көздері мен орналасу нысандары бойынша қолда
бар болуы және құрылымы, меншікті және қарызға алынған қаражаттардың
пайдаланылу тиімділігі және қарқындылығы (интенсивтілігі), қаржылық
органдармен, банктермен және т.с.с. қарым-қатынастар.

3. Экономикалыө талдауды ақпараттық қамтамасыз ету және экономикалық
өндеу тәсілдері.

Өндірістік-шаруашылық қызметті талдаудағы салыстыру тәсілі.
Бұл тәсілдің мәні келесі түрде анықталуы мүмкін. Салыстыру – бұл танудың
ғылыми әдісі, оның барасында белгісіз (зерделінетін) құбылыс мен заттар
олардың арасында ортақ ерекшеліктерді немесе айырмашылықтарды анықтау
мақсатымен белгілі, бұған дейін зерделініп қойған құбылыстар мен заттармен
салыстырылады.
Салыстырудың көмегімен экономикалық құбылыстардағы ортақ және арнайы
ерекшеліктер анықталады, зерттелетін объекттердегі өзгерістер, даму
тенденциялары мен заңдылықтары зерделінеді.
Экономикалық талдауда салыстыруды оның барлық мәселелерін шешу үшін
негізгі және қосалқы тәсіл ретінде пайдаланады.
1. Жоспардың орындалу деңгейін бағалау үшін жоспарлық нақты
көрсеткіштерді салғастыру.
2. Нақты көрсеткішті нормативті көрсеткішпен салғастыру шығындарды
бақылауға мүмкіндік береді және ресурстарды сақтандыратын
технологиялардың енгізілуіне жәрдемдеседі.
3. Нақты көрсеткіштерді өткен жылдардың көрсеткіштерімен салғастыру
экономикалық үрдістердің даму тенденцияларын анықтау үшін қажет.
4. Талданатын кәсіпорынның көрсеткіштерін ғылымның жетістіктерімен және
басқа кәсіпорындардың немесе бөлімшелердің алдағы қатардағы
тәжірибесімен салғастыру резервтерді іздестіру үшін қажет.
5. Талданатын шаруашылықтың көрсеткіштерін аудан, аймақ, облыс бойынша
орташа көрсеткіштермен салғастыру қол жеткен нәтижелерді бағалау және
пайдаланбаған ресурстарды анықтау үшін қажет.
6. Параллельдік динамикалық қатарларды салғастыру зерттелетін
көрсеткіштердің өзара байланыстарын зерделеу үшін қажет.
7. Арасынан ең оңтайлысын (оптималдысын) таңдау мақсатымен басқарушылық
шешімдердің әртүрлі нұсқаларын салғастыру.
8. Қызмет ету нәтижелерін қандай-да бір фактордың өзгерісіне дейін және
кейін салғастыру факторлардың ықпалын есептеген кезде және резервтерді
есепке алған кезде пайдаланылады.
Нақты деректерді жоспарлық деректермен салыстыру ай, квартал, жыл
ішіндегі жоспардың орындалу дәріжесін анықтауға мүмкіндік береді.
Нақты деректерді жоспарлық деректермен салыстыру жоспарлық шешімдердің
(көрсеткіштердің) негізделуін тексеру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Көрсеткіштердің нақты деңгейін жоспарлық деңгеймен салыстыру өндірістің
резервтерін айқындау үшін қажет.

4. Факторлық талдау әдістемесі. ӨШҚТ-да факторлардың ықпалын өлшеу
тәсілдері.

ӨШҚТ-дағы көп өлшемді салыстырулар.
Кешендік бағалаудың мәселесі аймақтық мағынада қазіргі кезеде екі бағыт
бойынша шешілуде.
Бірінші – бұл шаруашылық қызмет етудің ең салмақты жақтарын құрайтын
жалпылама (синтетикалық) немесе интегралды көрсеткішті жасап шығару.
Кешендік бағалаудың басқа бір бағыты – кешендік көрсеткіштердің негізінде
шаруашылық қызмет ету нәтижелерінің бір мәндік бағалауын қамтамасыз ететін
есептеуіш процедуралардың алгоритмін жасап шығару.
Көп өлшемді талдау мәселелерін шешудің тәжірибелік жағы келесі
сатылардан тұрады:
Саты 1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері бағаланатын
көрсеткіштер жүйесін негіздеу, осындай көрсеткіштер бойынша деректер
жинастырылады және бастапқы деректердің матрицасы қалыптастырылады.
Саты 2. Кестенің әрбір бағанасында 1 ретінде қабылданатын максималдық
элемент анықталады. Содан соң, осы бағананың барлық элементтері эталондық
кәсіпорынның максималдық элементіне бөлінеді. Нәтижесінде стандартталынған
коэффициенттердің матрицасы құрастырылады.
Саты 3. Координаттар матрицасының ьарлық элементтері квадратқа алынады.
Саты 4. Алынған рейтинг бағалары ранжир бойынша орналастырылады және
шаруашылық ету нәтижелері бойынша әрбір кәсіпорынның орны анықталады.
Бірінші орынды ең үлкен сома сәйкес келетін кәсіпорын алады.
– Көрсеткіштерді салғастырымды түрге келтіру тәсілдері.
– ӨШҚТ-дағы салыстырмалы және орташа шамаларды пайдалану тәсілдері.
– Шаруашылық қызметін талдаудағы ақпаратты топтастыру тәсілдері.
– ӨШҚТ-дағы баланстық тәсіл.
– ӨШҚТ-дағы графикалық тәсілді пайдалану.
– Аналитикалық деректерді кестелік бейнелеу тәсілдері.
Факторлық талдау әдістемесі.
Факторлық талдау түсінігі, түрлері және мәселелері.
Факторлық талдау дегеніміз факторлардың нәтижелік көрсеткіштердің
шамасына ықпалын кешенді және жүйелі түрде зерделеу және өлшей әдістемесі.
Факторлық талдаудың келесі түрлері бар:
– Детерминирленген (функционалдық) және стохастикалық;
– Тікелей (дедуктивті) және кері (индуктивті);
– Бір сатылы және көп сатылы;
– Статикалық және динамикалық;
– Ретроперспективалық және перспективалық (болжамдық).
Детерминирленген факторлық талдау – бұл нәтижелік көрсеткішпен байланысы
функционалдық сипатқа ие болатын, яғни нәтижелік көрсеткіш – факторлардың
көбейтіндісі, дербес немесе алгебралық сомасы ретінде келтірілуі мүмкін
болатын факторлардың ықпалын зерттеу әдістемесі.
Тікелей факторлық талдау кезінде зерттеу дедуктивті тәсіл арқылы, яғни
жалпыдан дербеске қарай жүргізіледі.
Кері факторлық талдау себеп-салдық байланыстардың зерттелуін логикалық
индукция тәсілі арқылы, яғни дербес, жекеден жалпыға қарай жүзеге асырады.
Факторлық талдау бір сатылы және көп сатылы болуы мүмкін. Бірінші тип
(бір сатылы факторлық талдау) бағынудың тек бір деңгейіндегі (бір
сатысындағы) ғана факторларды оларды құрамдас бөлшектерге бөлмей-ақ зерттеу
үшін қолданылады:

Y = a × b.
Көп сатылы факторлық талдау кезінде a және b факторлары олардың мінез-
құлқысын зерделеу мақсатымен құрамдас элементтерге бөлінеді.

Статикалық түрі белгілі бір мерзімге қарай факторлардың нәтижелік
көрсеткіштерге ықпалын зерделеген кезде қолданады.
Динамикалық түрі – бұл динамикадағы себеп-салдық байланыстарды зерттеу
әдістемесі.
Ретроперспективалық түрі өткен кезеңдері аралығында нәтижелік
көрсеткіштер өсімінің себептерін зерделейді.
Перспективалық түрі факторлар мен нәтижелік көрсеткіштердің мінез-
құлқысын перпективада (болашаққа қатысты) зерттейді.
Факторлық талдаудың негізгі мәселелері:
– Зерттелетін нәтижелік көрсеткіштерді анықтайтын факторларды іріктеу.
– Жүйелік қатынастың мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін олардың
жіктелуі және жүйелендірілуі.
– Факторлар және нәтижелік көрсеткіш арасындағы тәуелділік нысанын
анықтау.
– Нәтижелік көрсеткіштері арасындағы тәуелділіктерді үлгілеу.
– Факторлардың ықпалын есептеу және нәтижелік көрсеткіш шамасының
өзгерісіндегі әрқайсысының рөлін бағалау.
– Факторлық үлгімен жұмыс істеу.
ӨШҚТ-дағы факторлардың жіктелуі.
Факторлар негізгі және екінші реттік, ішкі және сыртқы, объективті және
субъективті, жалпы және арнайы, тұрақты және айнымалы, экстенсивті және
интенсивті (қарқынды) болып бөлінеді.
Егер талдау кезінде әр фактордың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне
ықпалын өлшеу мақсат етіп қойылса, онда оларды сандық және сапалық, күрделі
және қарапайым, тікелей және жанама, өлшенетін және өлшенбейтін қылып
бөледі.
Талдаудағы факторлардың ықпалын өлшеу тәсілдері.
Тізбекті қойылым тәсілдері (ТҚТ).
ТҚТ барлық факторлық үлгілерде: аддитивті, мультипликативті, еселік және
аралас үлгілерде факторлардың ықпалын есептеу үшін пайдаланылады. Бұл тәсіл
әрбір факторлық көрсеткіштің базистік шамасын нәтижелік көрсеткіш көлемінде
есеп беру жылындағы нақты көрсеткішіне ақырындап алмастыру ырқылы нәтижелік
көрсеткіш шамасының өзгерісіне жеке бір факторлардың ықпалын анықтауға
мүмкіндік береді.
2-факторлық мультипликативті үлгісі бар:
ЖӨ = ЖС × ЕӨ.
Бұл үлгі үшін тізбекті қойылым тәсілімен есептеу алгоритмі:
ЖӨ = ЖС× ЕӨ= 1000 × 160 = 160 000 миллион теңге;
ЖӨ = ЖС× ЕӨ= 1200 × 160 = 192 000 миллион теңге;
ЖӨ = ЖС× ЕӨ= 1200 × 200 = 240 000 миллион теңге,
мұндағы ЖӨ – жалпы өнім (жоспарланған және нақты);
ЖС – жұмысшылар саны (жоспарланған және нақты);
ЕӨ – еңбек өнімділігі (жоспарланған және нақты).
Яғни жұмысшылар санының көбеюі арқасында жалпы өнім 32 000 миллион
теңгеге (192 000 – 160 000 = 32 000) көбейеді. Еңбек өнімділігін көтеру
арқасында жалпы өнім көлемі 48 000 миллион теңгеге (240 000 – 192 000 = 48
000) көбейді. Сөйтіп, жалпы өнім көлемі бойынша жоспардың артық орындалуы
келесідей факторлар ықпалының нәтижесі болып табылады:
а) жұмысшылар санының көбеюі: + 32 000 миллион
теңге;
б) еңбек өнімділігі деңгейінің жоғарылауы: + 48 000 миллион теңге;
барлығы: +
80 000 миллион теңге.
∆ ӨШ+ ∆ ӨШ= ∆ ӨШ.

Индекстік әдіс.
Индекстік әдіс талданатын көрсеткіштің есеп беру кезеңіндегі нақты
деңгейінің оның базистік кезеңіндегі деңгейіне қатынасын білдіретін
динамиканың, кеңістік ішіндегі салыстырулардың, жоспар орындалуының
салыстырмалы көрсеткіштеріне негізделген.
Imn =∑q1 p1 ∑q0 p0, Imn = Iq × Ip ;

Iq =∑q1 p0 ∑q0 p0, Ip =∑q1 p1 ∑q1 p0;

Iөш = (ЖСн × ЕӨн) ( ЖСж × ЕӨж) = (1200 × 200) (1000 × 160) = 240 000
160 000 = 1,5;

Iжс = (ЖСн × ЕӨж) ( ЖСж × ЕӨж) = (1200 × 160) (1000 × 160) = 192 000
160 000 = 1,2;

Iеө = (ЖСн × ЕӨн) ( ЖСн × ЕӨж) = (1200 × 200) (1200 × 160) = 240 000
192 000 = 1,25;

Iөш = Iжс × Iеө = 1,2 × 1,25 = 1,5.

Егер жоғарыда келтірілген формулалардың алымынан бөлімін алып тастаса,
онда әрбір фактордың есебінен пайда болған жалпы өнімнің абсолюттік
өсімдерін, яғни тізбекті қойылымдар тәсілімен қол жеткізілген нәтижелерді
аламыз.

Абсолюттік айырмалар тәсілі.
Бұл тәсіл талдаудағы нәтижелік көрсеткіштің өсіміне факторлардың ықпалын
есептеу үшін келесі түрдегі мультипликативті және аралас үлгілерде
қолданылады:
Y = (a – b) × c;
Y = (a × b) – c.
Факторлардың ықпалы үлгіде зерттелетін фактордың абсолюттік өсімін оң
жағында орналасқан факторлардың базалық (жоспарлық) шамасына және сол
жағында орналасқан факторлардың нақты шамасына көбейту арқылы есептеледі:
Y = a × b × c × d;
∆ a = Aн – Aж;
∆ b = Bн – Bж;
∆ c = Cн – Cж;
∆ d = Dн – Dж.
Әрбір фактордың есебінен нәтижелік көрсеткіш шамасының өзгерісін
анықтаймыз:
∆ Ya = ∆ a × Bж × Cж × Dж;
∆ Yb = Aн × ∆ b × Cж × Dж;
∆ Yc = Aн × Bн × ∆ c × Dж;
∆ Yd = Aн × Bн × Cн × ∆ d;

ЖӨ = ЖС × К × Ұ × ОСӨ;
∆ ЖӨ жс = (ЖСн – ЖСж) × Кж × Ұж × ОСӨж = (1200 – 1000) × 250 × 8,0 ×
80,00 = + 32 000 миллион теңге;
∆ ЖӨ к = ЖСн × (Кн – Кж) × Ұж × ОСӨж = 1200 × (256 – 250) × 8,0 × 80,00
= + 4 608 миллион теңге;
∆ ЖӨ ұ = ЖСн × Кн × (Ұн – Ұж) × ОСӨж = 1200 × 256 × (7,6 – 8,0) × 80,00
= – 9 830 миллион теңге;
∆ ЖӨ осө = ЖСн × Кн × Ұн × (ОСӨн – ОСӨж) = 1200 × 256 × 7,6 × (102,796 –
80,00) = + 53 222 миллион теңге;
барлығы: + 80 000 миллион теңге.
Мұндағы К – бір жылдағы бір жұмысшының жұмыс істеген күндерінің саны;
Ұ – жұмыс күнінің орташа ұзақтылығы;
ОСӨ – орташа сағаттық өндірім, мың теңге.
Салыстырмалы айырмалар тәсілі.
Бұл тәсіл арқылы факторлардың ықпалын есептеу әдістемесі келесі түрлі
мультипликативті үлгілер үшін пайдаланылады:
Y = A × B × C.
Алдымен факторлық көрсеткіштердің салыстырмалы ауытқуларын есептеу
қажет.
∆ A % = (Aн – Aж) Aж × 100%;
∆ B % = (B н – B ж) B ж × 100%;
∆ C % = (C н – C ж) C ж × 100%.
Нәтижелік көрсеткіштің әрбір фактордың есебінен ауытқуы келесі түрде
есептеледі:
∆ Yа = (Yж × ∆ A %) 100%;
∆ Yв = ((Yж + ∆ Yа) × ∆ B %) 100%;
∆ Yс = ((Yж + ∆ Yа +∆ Yв) × ∆ C %) 100%.

Біздің мысал үшін:
∆ ЖӨ жс = (ЖӨ ж × ∆ ЖС %) 100% = (160 000 × 20%) 100% = + 32 000;
∆ ЖӨ к = ((ЖӨ ж + ∆ ЖӨ жс) × ∆ К %) 100% = ((160 000 + 32 000) × 2,4%)
100% = + 4 608;
∆ ЖӨ ұ = ((ЖӨ ж + ∆ ЖӨ жс + ∆ ЖӨ к) × ∆ Ұ %) 100% = ((160 000 + 32 000 +
4 608) × (–5)%) 100% = – 9 830;
∆ ЖӨ осө = ((ЖӨ ж + ∆ ЖӨ жс + ∆ ЖӨ к + ∆ ЖӨ ұ) × ∆ ОСӨ %) 100% =
((160 000 + 32 000 + 4 608 – 9 830) × 28,5%) 100% = + 53 222.
Жұмысшылар санының есебінен жалпы өнімнің көлемі қаншалықты өзгергенін
анықтау үшін оның жоспарлық шамасын жұмысшылар саны бойынша жоспардың артық
орындалу пайызына, яғни ЖС% көбейту керек.
∆ ЖӨ жс = (ЖӨ ж × (ЖС % – 100%)) 100% = (160 000 × (120% – 100%) 100%)
= + 32 000;
∆ ЖӨ к = (ЖӨ ж × (К % – ЖС %)) 100% = (160 000 × (122,88% – 120%) 100%)
= + 4 608;
∆ ЖӨ ұ = (ЖӨ ж × (с % – К %)) 100% = (160 000 × (116,736% – 122,88%)
100%) = – 9 830;
∆ ЖӨ ұ = (ЖӨ ж × (ЖӨ% – с %)) 100% = (160 000 × (150% – 116,736%) 100%)
= + 53 222,
Мұндағы:
ЖС% – жұмысшылардың орташа тізім саны бойынша жоспардың артық орындалу
пайызы;
К % – барлық жұмысшылардың бір жылдағы жұмыс істеген күндерінің жалпы саны
бойынша жоспардың артық орындалу пайызы;
с % – барлық жұмысшылардың бір жылдағы жұмыс істеген сағаттарының жалпы
саны бойынша жоспардың артық орындалу пайызы;
ЖӨ % – жалпы өнім бойынша жоспардың артық орындалу пайызы.
Сонымен қатар, пропорционалдық бөлу және үлестік қатысу тәсілі,
интегралдық тәсіл, логарифмдеу тәсілі бар.

5. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін кешендік экономикалық
талдаудың әдісі және әдістемесі.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін кешендік экономикалық талдаудың әдісі
және әдістемесі.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерделеу барлыө өзара байланыстарды
ескере отырып жүргізілуі қажет. Талдаудың маңызды әдістемелік ерекшелігі –
оның себеп-салдық байланыстарды анықтап қана қоймай, оларға сандық
сипаттама беруі, яғни қызмет етудің нәтижелеріне факторлар ықпалының
өлшенуін қамтамасыз ету. Талдаудағы себепкер байланыстарды зерделеу және
өлшеу индукция және дедукция әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Талдау объекттерін зерделеуде жүйелік қатынастың қажеттілігі тағы да бір
ерекше сипаты болып табылады. Жүйелік қатынас зерделенетін құбылыстар мен
үрдістерді элементтерге максималды бөлшектенуін, олардың жүйелендірілуін
және синтезін көздейді.
Элементтердің жүйелендірілуі – олардың өзара байланысын, өзара
әсерлесуін, өзара тәуелділігін және өзара бағынуын зерделеу негізінде
жүргізіледі.
Жалпылау (синтез). Талдау нәтижелерін жалпылаған кезде зерделенетін
факторлардың бүкіл жиынтығынан типтік факторларды кездейсоқ факторлардан
бөліп алу қажет, қызмет ету нәтижелері тәуелді болатын басты және шешуші
факторларды айырып алу керек.
Алдыңғы ерекшелігінен пайда болған ШҚТ-дың маңызды әдістемелік
ерекшелігі – бұл көрсеткіштер жүйесін жасап шығару және пайдалану.
ӨШҚТ әдісі – бұл жоспар, есепке алу, есеп беру және ақпараттың басқа да
көздерінің көрсеткіштер жүйесін өндірістің тиімділігін көтеру мақсатымен
арнайы тәсілдермен өндеу арқылы кәсіпорын қызмет етуінің нәтижелеріне
факторлардың ықпалын жүйелік, кешендік зерделеу, өлшеу және жалпылау.
ӨШҚТ-дағы жүйелік қатынас.
Жүйелік қатынас – зерттеу әдістемесіндегі бір бағыт. Жүйелік қатынастың
басты ерекшеліктері – жүйе элементтерінің серпінділігі (динамикалылығы),
өзара әсерлесуі, өзара тәуелділігі және өзара байланысы, кешенділік,
біртұтастық, бағыныштылық, басты буынды айыру. Жүйелік талдаудың барасында
бірнеше тізбекті сатыларды айыруға болады.
Зерттеудің бірінші сатысында талдау объекті белгілі бір жүйе ретінде
беріледі. Жүйе элементтері ретінде қарастырыла алатын объекттің жеке
бөліктері атап көрсетіледі. Бірінші сатыда жүйе дамуының мақсаты
қалыптастырылып, шешетін мәселелері, басқа жүйелермен байланысы, жеке бір
элементтер арасындағы өзара байланыстар, әр элементтің және бүкіл жүйенің
қызмет етуі көрсетілуі қажет.
Жүйелік талдаудың екінші сатысының негізгі мақсаты – бүкіл элементтерге,
өзара байланыстарға, сонымен қатар жүйе тіршілік ететін жағдайларға ең
толық және сапалық баға бере алатын көрсеткіштерді іріктеу.
Үшінші сатыда зерделенетін жүйенің жалпы сұлбасы жасап шығарылады.
Графикалық түрде ол блоктық сурет түрінде келтіріледі, бұндағы әрбір
элементке белгілі бір блок сәйкес келеді. Жеке блоктар бір-бірімен
тілшелер арқылы байланысқан, бұл тілшелер жүйенің ішкі және сыртқы
байланыстарының бар болуын және бағытын көрсетеді.

Талдаудың төртінші сатысы жалпы түрде жүйенің экономикалық-математикалық
үлгісін құрастыруға арналады. Бұнда сапалық талдау негізінде жүйенің барлық
теңдеулері мен теңсіздіктерінің математикалық нысандары анықталады. Бұл
сатыда барлық теңдеулер мен теңсіздіктердің коэффициенттері, мақсаттың
функциялары және шектеулердің параметрлері анықталуы тиіс.
Талдаудың бесінші сатысы үлгімен жұмыс істеу деп аталады. Оны жеке
электрондық есептеуіш машинасында (ЖЭЕМ-да) диалог түрінде жасаған дұрыс.
Экономикалық-математикалық үлгінің жеке параметрлерін алмастыру арқылы,
функцияның мәнін анықтайды. Бұл көрсеткіштерді нақты, жоспарлық және басқа
да көрсеткіштермен салыстыру шаруашылық жүргізудің нәтижелерін, нәтижелік
көрсеткіштердің шамасына факторлардың ықпалын бағалауға, шаруашылық
ішіндегі пайдаланбаған резервтердің қайнар көздерін және көлемін анықтауға
мүмкіндік береді.
Шаруашылық қызметті кешендік талдаудың әдістемесі.
Әдістеме деп қандай-да бір жұмыстың ең тиімді орындалуының тәсілдер мен
ережелер жиынтығын айтады.
Жалпы әдістеме – бұл ұлттық экономиканың әртүрлі салаларында
экономикалық талдаудың әртүрлі объекттерін зерделеу кезінде біркелкі
пайдаланылатын зерттеу жүйесі.
Дербес әдістемелер экономиканың белгілі бір салаларына, өндірістің
белгілі бір типіне немесе зерттеудің белгілі бір объектісіне қатысты жалпы
әдістемені нақтылайды.
Әдістеме келесідей элементтерден тұрады:
а) талдаудың мәселелері және мақсаттарының формулировкасы;
ә) талдау объекттері;
б) талдаудың әрбір объекті зерттелетін көрсеткіштер жүйелері;
в) тізбектілік пен мерзімділік бойынша кеңестер, аналитикалық
зерттеулерді жүргізу;
г) зерделенетін объекттерді зерттеу тәселдерін сипаттау;
д) талдаудың жүргізілуі негізделетін деректердің көздері;
е) талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар;
ж) ақпаратты аналитикалық өндеу үшін пайдаланылатын техникалық құралдар;
з) талдау нәтижелерін рәсімдейтін құжаттар сипаттамасы;
и) талдау нәтижелерінің тұтынушылары.
Шаруашылық қызметін кешендік талдау кезінде келесі сатыларды атап өтуге
болады:
I саты. Талдау объекттері, мақсаттары және мәселелері нақтыланады,
аналитикалық жұмыстың жоспары жасалынады.
II саты. Талдау объекті сипатталатын синтетикалық және аналитикалық
көрсеткіштер жүйесі жасап шығарылады.
III саты. Қажетті ақпарат жинастырылып, талдауға даярланады.
IV саты. Нақты көрсекткіштерді есеп беру жылындағы жоспар көрсеткіштерімен,
өткен жылдардағы нақты көрсеткіштермен, жетекші кәсіпорындардың, салалардың
жетістіктерімен салыстыру.
V саты. Факторлық талдау: факторлар айқындалады және олардың нәтижеге
ықпалы анықталады.
VI саты. Өндірістің тиімділігін көтерудің пайдаланбаған және перспективалық
резервтері айқындалады.
VII саты. Әртүрлі факторлардың ықпалын және пайдаланбай қалған айқындалған
резервтерді ескере отырып, шаруашылық жүргізудің нәтижелерін бағалау және
пайдаланбай қалған айқындалған резервтерді пайдалану бойынша шаралар жасап
шығарылады.
ӨШҚТ әдістемесінің маңызды элементтері – бұл талдаудың техникалық
тәсілдері мен әдістері:
– жинастырылған ақпараттың алғашқы өнделуі (тексерістер, топтастырулар,
жүйелендірулер);
– зерттелетін объекттердің жағдайын және даму заңдылықтарын зерделеу;
– кәсіпорындар қызмет етуінің нәтижелеріне факторлардың ықпалын
анықтау;
– өндірістің тиімділігін көтерудің пайдаланбаған және перспективалық
резервтерін есептеу;
– талдау нәтижелерін және кәсіпорындар қызмет етуін кешендік бағалау
нәтижелерін жалпылау.

Экономикалық талдаудағы резервтерді анықтау және санау әдістемесі.

Резервтер термині екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден,
резервтер дегеніміз кәсіпорынның тоқтамай жұмыс істеуі үшін қажетті
ресурстардың запастары. Оларды қосымша қажеттілік туып қалған жағдай үшін
құрайды. Екіншіден, резервтер – бұл өндіріс тиімділігін көтеру
мүмкіндіктері. Осыдан, резервтер – запастар және өндірістің тиімділігін
көтеру мүмкіндіктері ретінде – мүлдем әртүрлі түсініктер.
Резервтердің экономикалық мәні және олардың объективті сипаты уақытты
үнемдеудің жалпыға бірдей заңының негізінде дұрыс айқындалуы мүмкін.
Қоғамдық өндіріс дамуындағы объективті үрдіс ретінде жұмыс уақытын әрдайым
үнемдеу – бұл резервтердің пайда болу табиғаты.
Резервтердің, өндіріс тиімділігін көтерудің экономикалық мәні – бұл өнім
бірлігіне кеткен тірі және заттандырылған еңбектің ең аз шығындары кезінде
жоғары сапалы өнімнің үлкен мөлшерін алу үшін әрдайым өсіп келе жатқан
потенциалды толығырақ және рационалды пайдалану.
Шаруашылық резервтері әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі:
– кеңістік белгісі бойынша шаруашылық ішіндегі, салалық, аймақтық және
жалпы мемлекеттік резервтерді айырады;
– уақыт белгісі бойынша резервтер пайдаланбаған, ағымдық және болашақ
(перспективалық) болып бөлінеді;
– бұйымның тіршілік ету циклінің сатылары бойынша өндіріс алдындағы,
өндірістік, бұйымды пайдалану және пайдаға асыру (утилизация)
резервтерді айырады;
– ұдайы өндіріс үрдісінің сатылары бойынша өндіріс саласындағы
резервтер және айналыс саласындағы резервтер болып айырылады.
ӨШҚТ-да ресурстардың түрлері бойынша резервтерді топтастырудың маңызы
зор. Өндірістің нәтижелеріне ықпал ету сипаты бойынша резервтер экстенсивті
және интенсивті (қарқынды) болып екіге бөлінеді. Резервтер меңгерілуінің
шығын сиымдылығының деңгейі бойынша резервтердің топтастырылуы алдыңғы
жіктелумен айтарлықтай тығыз байланысты. Айқындау тәсілі бойынша резервтер
айқын және жасырын болып бөлінеді. Айқын резервтерге – бухгалтерлік есептің
материалдары бойынша оңай айқындап алуға болатын резервтер жатады. Олар
шартсыз және шартты болуы мүмкін. Жасырын резервтерге жоспармен
ескерілмеген Ғылыми-Техникалық Прогрес (ҒТП) жетістіктерін және озат
тәжірибені енгізумен байланысты резервтер жатады. Оларды айқындау үшін
салыстырмалы шаруашылық ішіндегі, шаруашылық арасындағы, ал кейбір
жағдайларда – халықаралық талдауды жасау керек.
Резервтерді жіктеген кезде маңызды белгі – бұл олардың пайда болу
уақыты. Бұл белгі бойынша оларды жоспарларды жасап шығарған кезде
ескерілмеген резервтер және жоспарды бекіткеннен кейін пайда болған
резервтер қылып бөлуге болады.
Резервтердің іздестірілуін жүзеге асырған кезде келесі принциптерді
ұстанған жөн:
– ғылыми сипаты;
– кешенділік және жүйелілік;
– резервтердің қайталанып саналуын болдыртпау;
– жинақталымдылық;
– экономикалық негіздеу;
– жеделдік;
– дискреттіліктің жоқтығы;
– резервтерді іздестірудің көпшілігі;
– жетекші буын.
Айқындалған резервтердің шамасы нақты болуы үшін резервтердің саналуы
мүмкіндігінше дәл және негізделген болуы тиіс. Резервтерді санау әдістемесі
резервтердің сипатына, оларды айқындау тәсілдеріне және олардың шамасын
анықтау тәсілдеріне тәуелді болады.
ӨШҚТ-да резервтердің шамасын санау үшін бірқатар тәсіл пайдаланылады:
тікелей санау, салыстыру, детерминирленген факторлық талдау, функционалды-
құндық талдау, математикалық бағдарламалау тәсілдері.
Тікелей санау тәсілі ресурстардың қосымша тартылатын шамасы немесе
сөзсіз жоғалтулар шамасы белгілі болған жағдайда резервтерді санау үшін
қолданылады. Бұл жағдайда өнім шығарылымын көбейту мүмкіндігі келесі түрде
анықталады: ресурстардың қосымша мөлшері немесе кәсіпорынның кінәсі бойынша
ресурстардың сөзсіз жоғалтулар шамасы олардың өнім бірлігіне шығындалатын
жоспарлық немесе мүмкін болатын нормасына бөлінеді, немесе жоспарлық ресурс
қайтарылымына көбейтіледі.
Салыстыру тәсілі ресурстардың жоғалтулары немесе олардың мүмкін болатын
үнемделуі жоспарлық нормалармен немесе озат кәсіпорындарда олардың өнім
бірлігіне шаққандағы шығындарымен анықталатын жағдайларда резервтерді санау
үшін пайдаланылады.
Нормалармен салыстырғанда ресурстардың артық шығындалуын болдыртпау
есебінен өнім өндіруді көбейту резервтері былайша анықталады: өнім
бірлігіне келетін ресурстардың жоспардан артық шығыны оны өндірудің нақты
көлеміне көбейтіліп, шығынның жоспарлық нормасына бөлінеді, немесе ресурс
қайтарылымының жоспарлық деңгейіне көбейтіледі.
ӨШҚТ-да резервтердің шамасын анықтау үшін детерминирленген факторлық
талдаудың тәсілдері кең қолданыс тапқан: тізбекті қойылым, абсолюттік
айырымдар, салыстырмалы айырымдар және интегралдық әдіс.
Корреляциялық тлдау нәтижелері де шаруашылық резервтерді есептеу үшін
кең қолданылады. Бұл мақсатпен сәйкес факторлық көрсеткіштер кезіндегі
регрессияның алынған коэффициенттерін соңғылардың мүмкін болатын өсіміне
көбейту керек. Резервтерді анықтауда математикалық бағдарламалау тәсілдері
көп көмек тигізеді. Олар шаруашылық ету жағдайларын және ресурстарға
қойылған шектеулерді ескере отырып, көрсеткіштердің шамасын оңтайландыруға,
сонымен қатар, зерттелетін көрсеткіштердің шамасын оңтайлы нұсқа бойынша
олардың нақты немесе жоспарлық деңгейімен салыстыру арқылы өндірістің
қосымша және пайдаланылмаған резервтерін айқындауға мүмкіндік береді.
Резервтерді айқындауда тиімділігі ерекше жоғары тәсіл – бұл
функционалдық-құндық талдау. Оның басты тағайындалуы – бұйымға кеткен
қажетті және аса шығындар мен бұйымның тұтынушылық қасиеттері арасындағы
қатынастарды мақсатты түрде оңтайландыру. Бұл әдісті пайдалану бұйымның
тіршілік ету циклінің ерте сатыларында оның конструкциясын, өндіріс
технологиясын жақсарту, арзанырақ шикізат пен материалдарды пайдалану
арқылы артық шығындарды табуға және ескеруге мүмкіндік жасайды.
Резервтерді санаған кезде есеп-конструктивтік әдістің орны айтарлықтай
маңызды. Бұл тәсіл нәтижелік көрсеткішті еселік үлгі түрінде келтіруге
болатын жағдайларда пайдаланылады.
Барлық айқындалған резервтер сәйкес шаралармен бекітілуі тиіс. Тек осы
жағдайда ғана резервтердің шамасы нақты және негізделген болады.
Бұл екі тәсіл арқылы іске асырылады. Резервтер формалдық әдістемелермен
айқындалып алады да, кейін айқындалған резервтерді меңгеруге мүмкіндік
беретін шаралар жасап шығарылады. Шаралар жасап шығарылады, кейін резервтер
саналады.

6-7. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды талдау

Негізгі қорлар – өзгермейтін табиғи нысанында ұзақ кезең бойы қызмет
ететін еңбек құралдырының жиынтығы. Олар негізгі өндірістік және негізгі
бейөндірістік қорларға бөлінеді. Негізгі өндірістік қорлар (НӨҚ) өнімді
өндіруге көп рет қатысады, және, ақырындап, тоза бастағанда, өзінің құнын
өнімге амортизациялық төлемдер түрінде жүктейді. Амортизациялық төлемдер
өндіріс шығындарының бір элементі ретінде өнімнің өзіндік құнына кіреді.
Өндіріс барысында негізгі өндірістік қорлардың әртүрлі топтары қатысады.
Оларға материалдық өндіріс саласында орналасатын және материалдық
игіліктерді өндіруге тікелей қатысатын, өндірістік үрдісті жүзеге асыруға
жағдай жасайтын еңбек құралдары жатады: ғимараттар мен құрылыстар,
тасымалдау құрылғылары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-
саймандар, өндірістік және шаруашылық инвентарь және т.б. Негізгі
бейөндірістік қорларға (НБҚ) кәсіпорындардың меншігінде болатын, бірақ
өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын объекттер жатады.
Негізгі өндірістік қорлардың (НӨҚ) пайдаланылуын талдау.
Кәсіпорынның техникалық даму деңгейін талдау.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістің тиімділігін көтерудің маңызды
факторларының бірі – кәсіпорындардың қажетті мөлшерде және ассортиментте
негізгі қорлармен қамтамасыз етілуі және олардың толығырақ пайдаланылуы.
Талдаушының мәселелері – кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің
негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін және оларды пайдаланудың деңгейін
жалпылама және дербес көрсеткіштер бойынша анықтау, сонымен қатар, олардың
өзгеру себептерін орнату; өнім өндірісінің көлеміне негізгі қорлар
пайдаланылуының ықпалын және басқа да көрсеткіштерді есептеу; кәсіпорынның
және жабдықтардың өндірістік қуатының пайдаланылу дәрежесін зерделеу;
негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін көтерудің резервтерін айқындау.
Талдау үшін деректердің көздері: кәсіпорын жоспары, техникалық даму
жоспары, №1 Кәсіпорын балансы, Кәсіпорын балансына қосымша 1-ші бөлім
Негізгі қорлардың құрамы мен қозғалысы, нысан №11 Негізгі қорлардың
қолда бары және қозғалысы жөніндегі есеп беру, Өндірістік қуат балансы,
негізгі қорларды қайта бағалау жөніндегі деректер (нысан №1 – қайта
бағалау), негізгі қоларды есепке алудың инвентарлық карточкалары, жобалық-
сметалық, техникалық құжаттама және т.б.
Талдау, әдетте, негізгі қорлардың көлемін, олардың динамикасын және
құрылымын зерделеуден басталады. Кәсіпорын қорлары өнеркәсіптік-өндірістік
және өнеркәсіптік емес, сонымен қатар, өндірістік емес тағайындалған қорлар
болып бөлінеді. Кәсіпорынның өндірістік қуатын өнеркәсіптік-өндірістік
қорлары анықтайды. Қорлардың активтік (жұмыс машиналары мен жабдықтары)
және пассивтік бөлігін, сонымен бірге, олардың функционалдық
тағайындалуларына сәйкес жеке топшаларды (өндірістік тағайындалған
ғимараттар, қоймалар, жұмыс және күш машиналары, жабыдқтар, өлшеу құралдары
мен құрылғылары, көлік құралдары және т.с.с.) айыруға болады. Бұндай
бөлшектеу құрылымды оңтайландыру негізінде олардың пайдаланылуының
тиімділігін көтеру резервтерін айқындау үшін қажет.
Жұмыс машиналарының, жабыдықтардың, құрал-саймандардың, айлабұйымдардың
(приспособления) жағдайын сипаттау үшін техникалық жарамдылық бойынша
топтастыруды қолданады: жарамды жабдық; капиталдық жөндеуді талап ететін
жабдық; есептен шығару керек жарамсыз жабдық.
Талдаудың келесі сатысы – кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен
қамтамасыз етілуін зерделеу. Машиналардың, мехнаизмдердің, жабдықтардың,
бөлмелердің жеке түрлерімен қамтамасыз етілу – олардың нақты қолда барын
өнім шығарылымы бойынша жоспарды орындау үшін қажетті жоспарлық
қажеттілікпен салыстыру арқылы орнатылады. Кәсіпорынның негізгі өндірістік
қорлармен қамтамасыз етілу деңгейіе сипаттайтын жалпылама көрсеткіштер –
бұл еңбектің қормен қарулануы және еңбектің техникалық қарулануы. Еңбектің
қормен қарулынуының жалпы көрсеткіші өнеркәсіптік-өндірістік қорларының
орташа жылдық құнын ең үлкен ауысымдағы жұмысшылардың орташа тізімдік
санына (бұнда басқа ауысымда істейтін жұмысшылар еңбектің дәл сол
құралдарын пайдаланады деп есептеледі) бөлу арқылы есептелінеді. Еңбектің
техникалық қарулану деңгейі өндірістік жабдықтардың құнын ең үлкен
ауысымдағы жұмысшылардың орташа тізімдік санына бөлу арқылы анықталады.
Оның өсу қарқындары еңбек өнімділігінің өсу қарқындарымен салғастырылады.
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін талдау.
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін жалпылама сипаттау үшін қор
қайтарылымы (тауарлық өнім құнының негізгі өндірістік қорларының орташа
жылдық құнына қатынасы), қор сиымдылығы (қор қайтарылымына кері шама),
пайдалылық (рентабельділік) (пайданың негізгі қоралрдың орташа жылдық
құнына қатынасы), өнім өсімінің бір теңгесіне шаққандағы үлестік капиталдық
салымдардың көрсеткіштері қолданылады. Сонымен қатар, негізгі қорлардың
салыстырмалы үнемделуі есептелінеді:
±Үнөқ = НӨҚ1 – НӨҚ0 × Iжө,
мұндағы НӨҚ0, НӨҚ1 – сәйкесінше базистік және есеп беру жылдарындағы
негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық құны;
Iжө – өнім өндірісі көлемінің индексі.
Қор қайтарылымы көрсеткіштерін есептеген кезде бастапқы деректерді
салғастырылымды түрге келтіреді. Өнім көлемін көтерме бағаларының
өзгерісіне және құрылымдық ығысуларға, ал негізгі қорлардың құнын – олардың
қайта бағалануына түзету қажет.
Негізгі өндірістік қорларының қор қайтарылымына ықпал ететін бірінші
деңгейдегі факторлар – бұл: қорлардың жалпы сомасында олардың активтік
бөлігінің өзгерісі; қорлардың активтік бөлігінің қор қайтарылымының
өзгерісі:
ҚҚ = ҮС@ × ҚҚ@,
мұндағы ҚҚ – негізгі өндірістік қорларының қор қайтарылымы;
ҮС@ – қорлардың активтік бөлігінің үлес салмағы;
ҚҚ@ – негізгі өндірістік қорларының активтік бөлігінің
қор қайтарылымы.
Негізгі өндірістік қорларының (технологиялық жабдықтың) активтік
бөлігінің қор қайтарылымы оның құрылымына, жұмыс істеу уақытына және орташа
сағаттық өндірімге тәуелді болады.
Талдау үшін келесі факторлық үлгіні пайдалануға болады:
ҚҚ@ = (С × Тбірл × СӨ) НӨҚ@,
мұндағы С – технологиялық жабдық орташа жылдық саны;
Тбірл – бір жылда жабдық бірлігімен істелген сағаттар
саны;
НӨҚ@ – негізгі өндірістік қорларының активтік бөлігінің
орташа жылдық құны.
Жабдық қор қайтарылымының факторлық үлгісін кеңейтуге болады, егер жабық
бірлігінің жұмыс істеу уақытын істелініп қойған күндер (К), ауысымдылық
коэффициенті (Кауыс) және ауысымның орташа ұзақтылығының көбейтіндісі
түрінде келтіретін болсақ. Технологиялық жабдықтың орташа жылдық құнын –
күндер санының (К) және технологиялық жабдық бірлігінің салғастырылымды
бағалармен (Б) берілген орташа құнының көбейтіндісі ретінде келтіруге
болады, бұдан кейін соңғы факторлық үлгі келесі түрде болады:
ҚҚ@ = (С × К × Кауыс × Ұ × СӨ) (С × Б) = (К × Кауыс × Ұ × СӨ) Б.

Жабдық қор қайтарылымының өсіміне факторлардың ықпалын есептеу үшін
тізбекті қойылымдар тәсілі қолданылады.
Үшінші реттегі факторлардың қор қайтарылымы деңгейіне ықпалын есептеу
үшін жабдықты алмастыру немесе оның жетілдірілуіне байланысты өнім
өндірісінің көлемі қалайша өзгергенін білу керек. Бұл мақсатпен оның
алмастырылу уақыты аралығында жаңа және ескі жабдықта өнім шығарылымын
салыстыру қажет және алынған нәтижені технологиялық жабдықтың нақты орташа
жылдық құнына бөлу керек:
∆ҚҚ@ж = (∑Ті × СӨжі – ∑Ті × СӨеі) НӨҚ@н,
Мұндағы:
Ті – енгізу сәтінен бастап есеп беру кезеңінің аяғына дейін і-ші жабдықтың
жұмыс істеу уақыты;
СӨжі, СӨеі – сәйкесінше і-ші жабдықты алмастырғанға дейін және
алмастырғаннан кейін бір машиналық-сағат үшін өнім өндірімі.
Ұқсас тәсілмен өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуын жетілдіру
бойынша ҒТП шараларын енгізу есебінен өнім өндірісі көлемінің және қор
қайтарылымының өзгерісі анықталады:
∆ҚҚ@ҒТП = (∑Ті × СӨжі – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІ КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жалпы білім беру пәндер циклы
Оқушыларға экономикалық білім берудің педагогикалық негіздері
Ұйым қаржысының қызметтері
Тіл мәдениетінің сипаты
Оқытудың дидактикалық ұстанымдары
Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері. Математика оқу материалдары мазмұнына жалпы сипаттама
Пәндер