Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
1 Қадырдың қадірі.мықтылығы
2 Қадыр Мырза Әлі шығармалары
3 Кітаптағы өлеңдердің тақырыбы мен мазмұны
4 Өлеңнің мазмұнындағы қоспасыз шындық
5 Қадыр Мырзалиев . сөздің сәйгүлігі, ойдың өзарманы
6 «Оянған өлке» атты өлеңі

Қадыр Мырзалиевтің «Бұлбұл бағында» мынадай бір сырлы шумақ бар;
Жүйрік арман қуып жете қалсаң-ақ,
Жалт береді,
Соның өзі бір сабақ!
Осалдар жүр өзін жұрттан артық деп,
Ал мықтылар өзін жұрттан кем санап!
Тап-таза шындық!
Алдымен, азамат ойдың адамында ешқашан арман таусылмақ емес. Ардан туған адам әрқашан арман қуады және арман қуудан жалықпайды, туғаннан өлгенге дейін қуады және сол арманның шегіне жетпейді, жетседе жеткенін сезбейді. «Арманым жоқ дейтіндер» қателеседі, яки өтірік айтады. Адамның арманы болмаса, ертеңі болмағаны; арман бітсе, ертеңі бітеді, мақсаты түгелсігені; арманның таусылған жері¬-адамның өлген жері. Саналы кісіге мұның өзі сабақ екені рас.
Содан соң, осылардың өзіне-өзі қарық боп, өз деміне өзі буланып, жіпсіп, күпсіп жүретіні, ал мықтылардың өзіне-өзі көңілі толмай, өз ісіне өзі разы болмай, өзін-өзі іштей сынап, мінеп жүретіні және рас. Айтатыны жоқ, осалдық дегенде бір бататірсек бозбалашылық- өз көлнеңкесіне өзі жігітсіген қысыр қызтекелік қой, құрсын!

1. Таңдамалы туындылардың көп томдығы.
2. Алматы «Қазығұрт» баспасы 2001
3. Зейнолла Қабдолов
4.Қ. Мырзалиев «Қорамсақ», «Жалын» баспасы,
Алматы, 1980.
5.Қ.Мырзалиев «Өлеңдер мен поэма», Алматы,
1990.
6.Қазақ әдебиетінің тарихы, «Кеңес дәуірі»,
Алматы , 2005.
7.Сауытбек Абдырахманов «Жиырмасыншы
ғасыр жырлайды»»
қазақ поэзиясының антологиясы ІІ- том
2. Алматы «Қазығұрт» баспасы 2001
3. Зейнолла Қабдолов
4.Қ. Мырзалиев «Қорамсақ», «Жалын» баспасы,
Алматы, 1980.
5.Қ.Мырзалиев «Өлеңдер мен поэма», Алматы,
1990.
6.Қазақ әдебиетінің тарихы, «Кеңес дәуірі»,
Алматы , 2005.
7.Сауытбек Абдырахманов «Жиырмасыншы
ғасыр жырлайды»»
қазақ поэзиясының антологиясы ІІ- том
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
Қадыр Мырзалиевтің Бұлбұл бағында мынадай бір сырлы шумақ бар;
Жүйрік арман қуып жете қалсаң-ақ,
Жалт береді,
Соның өзі бір сабақ!
Осалдар жүр өзін жұрттан артық деп,
Ал мықтылар өзін жұрттан кем санап!
Тап-таза шындық!
Алдымен, азамат ойдың адамында ешқашан арман таусылмақ емес. Ардан
туған адам әрқашан арман қуады және арман қуудан жалықпайды, туғаннан
өлгенге дейін қуады және сол арманның шегіне жетпейді, жетседе жеткенін
сезбейді. Арманым жоқ дейтіндер қателеседі, яки өтірік айтады. Адамның
арманы болмаса, ертеңі болмағаны; арман бітсе, ертеңі бітеді, мақсаты
түгелсігені; арманның таусылған жері-адамның өлген жері. Саналы кісіге
мұның өзі сабақ екені рас.
Содан соң, осылардың өзіне-өзі қарық боп, өз деміне өзі буланып,
жіпсіп, күпсіп жүретіні, ал мықтылардың өзіне-өзі көңілі толмай, өз ісіне
өзі разы болмай, өзін-өзі іштей сынап, мінеп жүретіні және рас. Айтатыны
жоқ, осалдық дегенде бір бататірсек бозбалашылық- өз көлнеңкесіне өзі
жігітсіген қысыр қызтекелік қой, құрсын! Осылардан өпірем, өрекпігіш,
бойлауық, күпілдек келеді! Осалдығын сонымен жасырмақ болады. Онымен де
қоймай,осалдық омыраулап, мықтылықты біраз көзден тасалап, ықтыра алмасада
да бұқтыра тұруы мүмкін. Бірақ мықтылық деген- мықтылық, түбінде осалдық
атаулының бәрін көне тамдай қопара құлатып, сілкініп шыға келетіні сөзсіз.
Осындай мықтылық иесінің бірі-Қадырдің өзі. Дәлірек айтқанда,
Қадырдың қадірі-мықтылығында.
Мықтылығының бір дәлелі: Қадыр өлең өлкесіне күйбеңсіз,
кібірткісіз, тіпті ешқашан ешбір жаттығу жасамағандай кәнігі шебер қалпында
келді. Мұны біз тұнғыш рет Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясында
танып-білген едік.
Күні кеше шәкіртке сөз сиқырын үйреткен шабытты шақтарда Ұлы
ұстаздың өзі шынтақ сүйеген биік мінбеге киіктің асығындай ғана шып-шымыр
қара бала жүргізіп шыққан емес, тура шиырылып түскендей ... ... дік етіп
алшысынан тұра қалды да, ағытыла жөнелді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап-жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде-жақсылар бар қимайтын.
Жым-жырт тұна, тына тыңдаған дүйім жұрт кенет ду-ду етіп, зал іші
самал шайқаған көлдей теңселді де кетті. Хаос гармонияға көшті. Жұрттың
бәрі бір деммен тыныстады. Әлгі шумақты тыңдаған әр адамға қас пен көздің
арасында бұрын ешкім айтпаған бір шындық ашылды да қалды. Өлең әркімді
өзінің өзгеше философиялық тереңіне тартып, оқыс ойға шомдырды да қойды.
-Жаным-ау, жанартау ғой мынау- деп таңдай қақты көп ішінен бір
білгіш.-Жанғалы, жалындағалы тұрған жанартау ғой!
Дәл осы тұста Қадыр да дәл осыған үндес тағы бір тылсым сыр ашып,
тағы бір қызық түйін түйіп тұрған:
Жанар таудың сөнгендері-даңқты,
Атылмаған жанартаулар-қауіпті.
Аудиторияда ырғала бере қайта тынды. Енді жұрт дуылдамай үнсіз
ойланды. Тағы да сыр, тағы да шындық.Әркім-ақ айтуға болатын, бірақ
айтылмаған сыр; әркім-ақ ашуға болатын, бірақ ашылмаған шындық. Жалғыз-ақ
тыңдаушылар осыны табан аузында талдап түсініп отырған жоқ, тамсана
түйсініп отыр еді ... .
Сол кештен күні бүгінге дейін Қадыр ақын қалың оқырманын
таңдандырудан, тамсандырудан бір жаза басып көрген жоқ.
Неге?
Асылы, адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен
келеді: бірі-өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту; екіншісі-өзге ешкімге
ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі мақсат орындалған жерде ғана шын
мәніндегі әдеби туынды бар. Шын мәніндегі әдеби туынды дегеніміздің, Леонид
Леонов айтқандай, мазмұн жағынан жаңалық ашу, пішін жағынан өнер табу
болатын себебі де сондықтан.
Енді турасына көшсек, мүбәда қазақ поэзиясына осы ғасырдың орта
тұсынан өте бере келіп, соңғы отыз жылда тек ғана өзіне тән өзгеше мазмұнын
ашқан, тек ғана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант
екеу болса-бірі, біреу болса-өзі-Қадыр Мырзалиев. Бір кезде өзінің түлеп
ұшқан ұясы Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясын ғана білетін кәдімгі
бала Қадырдың бүгінде бүкіл елі-туған халқы тұтас таныған қадірлі дана
Қадырға айналу себебінде дәл осы арадан іздеген жөн.
Демек, қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр
десек, мұның құрамындағы Қадыр музасының қайталанбас өз үні, машығы мен
мәнері, айшығы мен өрнегі бар; Қадыр лирасының сыңғыры бөлек, сыры терең.
Қадыр Мырза Әлі соңғы ширек ғасыр меғдарында қатарынан қаздай
тізілтіп он кітап берді: Ақ отау, Бұлбұл бағы, Ой орманы, Дала
дидары, Домбыра, Жерұйық, Алақан, Қорамсақ, Көкпар, Қызыл
кітап, Мәңгі майдан, Қылыш пен қанжар, Заман-ай, Алмас жерде
қалмас, т.б. Мұның бәрі, әрине, қолыныздағы тандамалы томдарға сиған жоқ.
Ал сыйған кітаптардың бірі болмаса біріне аздап көз тоқтатқанның өзіндеде
әрқайсысының шежірелік мағынадағы мағынадағы шалқар мазмұн тұтастығы,
симфониялық сипаттағы сұлу композициялық құрылымы адам таң қалғандай. Соны
мен қатар бұлар жеке-жеке тұрғанда ақынның ондаған жыл бойы үздіксіз өнуін,
өсуін көрсететін эвалюциялық сатылар секілді де, бәрі қосылғанда тамаша
таланттың өзгеше творчествалық тұлғасын, айрықша ақындық мінезін, сайып
келгенде, ұланғайыр әсемдік әлемін қалыптастырған.
Айталық, Ой орманы-автордың азаматтық келбетін танытқан кітап.
Мұнда Қадырдың ешкімге ұқсамайтын айрықша бітімі мен мінезі бар. Ақындық
мінез ақындық мінез мағынасында айтып отырмыз.
Кітаптағы өлеңдердің тақырыбы мен мазмұны-адам, адамға тән алуан
түрлі сезімдер, ойлар, толғаныстар, адамның өмірге көз қарасы, адамның
табиғатқа қарым-қатынасы, сайып келгенде, адамның тағдыры мен тіршілігі.
Бұлардың қай –қайсысы да тақырып-мазмұн ретінде жаңалық емес, сан рет
толғанған сырлар,жырланған шындықтар, әбден шиыр болған тақырыптар мен
мазмұндар. Бірақ осы тақырыптар мен мазмұндардың қандай болмасын, Қадырдың
жырлауында жаңа қырынан, бұрын-соңды ешкім айтпаған соны мағынада, тың
пішінде көрінеді. Мәселен, бір өлеңде биікке шықпағандардың биіктен
құламайтыны оқыс айшықпен ойнақы кетеленіп,бір өлеңде қателесемін деп
қорқудың өзі-қателік екені ұтымды жеткізілсе, енді бір олең даңқ туралы;
даңқ дегенде бір шың секілді, шың басына шығалмай, етекте қалғандардың іші
күйсе, басына шыққандардың басы айналатынын майда жұмсақ юмормен
аңғартады. Осылардың бәрі әшейін ауызекі айтыла салмайды, әсем өрнекпен,
ақындық шабытпен шебер айтылуының үстіне, әр оқушының өзі ойлап, іздеп
тауып алғандай құпия сырмен, қызық астармен айтылады. Өлеңнін ойлылығы
дегеннің өзі осы емес пе?
Әрбір шын мәніндегі суреткер секілді Қадырдың да кешегі жыры-Адам
туралы болатын, бүгінгі жыры да-Адам туралы, ертеңгі жыры да-Адам туралы
болмақ.
Ал адам,оның тағдыры мен тіршілігі әдеби шығармада әрқашан белгілі бір
уақыт пен кеңістікте көрсетілуі шарт. Демек, Қадырдың Адамы да мезгіл-
мекенсіз әлдебір абстракциялық нәрсе емес. Сондықтан Мырза Әлі поэзиясына
үзілмейтін өзекті желі боп тартылып, жан-жақты ашыла суреттеліп, жинақтала
тұлғаланып келе жатқан бір күрделі образ бар. Ол-қазақ даласының образы.
Осынау шетсіз-шексіз кең далаға, өзінің туған даласына Қадыр Ой орманында
бір бөлім арнап, айрықша бір мол шабытпен, көкірегін кере, мақтана сөйлеп:
Уа,дала! Кеңдігіңе тамсандып көп, айта алман бәрін жазып тауыса алдым деп.
Сен-алып пластинка дөңгеленген, инең болып тұрады ылғи ән салғым кеп!-
десе, соның іс жүзіндегі дерегі секілді келесі кітабын түп-түгел далаға
арнап; тұп-тура-Дала дидары деп атады.
Дала дидары- Қадыр ақындығының жаңа белесі, тың өрісі. Бұл
кітаптың, яки кітапқа енген жүз өлеңнің бір ғана көркемдік құны мен идиялық
қасиетін бір сөзбен айтсақ, үндестік деуге болар еді.
Александр блок: ақынның ақындығы- үндестік деп ұққан және осы ұғымын
терең теориялық тұжырымға айналдырған. Ал үндестік, яки гармония
дегендішебер суреткердің шындықты сырға, сырды жырға айналдыруы, өмірді
өнерге, өнерді омірге көшіруі, сөйтіп, мынау әлемдік тіршіліктің небір
құпия сырларын ғажайып келісімге көшіре танытуы деп түсіндіреді.
Дала дидарында тек сырт қарағанның өзінде көзге бірден шалынатын
бір түрлі бір компазициялық бірлік, тың келісім бар. Кітаптағы төрт бөлім
өзара тұтасқан төрт алуан сыр мен шындықты желілі, арнаулы түрде тарата
жырлап жатса, осылардың ара-арасында ақын үш мәрте лирикалық шегініс жасап,
оқырманын өзгеше бір толғаныстарға түсіріп,оның сезімін тербейді. Сөйтіп,
ақын мен оқырманның көңіл күйлері өзара тағы бір тың үйлесім, үндестік
тапқандай болады.
Ал мазмұн жағынан келсек, мұндағы жүз өлең идеялық мақсатқа жарыса жол
тартқан тағы да тұтас толғамды сыр, толқынды жыр. Мысалы, Көне заман
көріністері атанған бірінші бөлім бір ғана басты тақырыптың кезеңді
құбылыстарын жан – жақты әрі қаз – қатар өре, өрістете толғайды: Жар –
жар мен Бесік жыры, Бәйге мен Көкпар, Қыз қуу мен Күрес, Ән
мен Бата, Қарақшы жыры мен Күндестер, Барымта мен Өлім, Ауыл
түні мен Көш...- осылардың әрқайсысында байырғы көне ауылдың әр алуан
шындғы әр қырынан көрініп кеп бір тұтас бейне-дала дидарын алдымызға
тартады.Сонда бір өлең осы даланың күлкісі, қайғысы мен көз жасы, бір өлең
әні мен назы болса, енді бір өлең мұңы мен зары, бір өлең күші мен ірілігі
болса, бір өлең әлсіздігі мен күйкілігі... секілді өзара өріліп-тұтасып,
өріліп-тұтасып кете барады.Жоқ, кете бармайды, ақын өзі сүреттеп отырған
шындық құбылыстардан қызық-қызық ойлар, философиялық байыптаулар, парасатты
түйін-тұжырымдар қорытып отырады.
Мәселен, Бабамыздың шоқ басқан табанымен, бірдей екен жақсысы
жаманымен: бір жаманы-танымсыз көше берген, бір жақсысы-қимаған даланы кең.
Бір жаманы-желге сөзге ерген екен, бір жақсысы-тілге ерік берген екен; бір
жаманы-кетпенге орашолақ, бір жақсысы-найзагер, мерген екен. Бір жаманы-
кешігііп әліппе ашқан, бір жақсысы-күйлері көбік шашқан, бір жаманы-
қыздарын малға сатып, бір жақсысы-сүйгені алып қашқан. Бір жаманы-шаруасын
маңдытпаған, бір жақсысы-қулықпен жанды ұтпаған; бір жаманы-үйленіп
жеңгесіне, бір жақсысы-жесірін қаңғыртпаған. Тату-тәтті көршілер шыр
бұзбаған, бірге тоңып суықта, бір мұздаған; бір жаманы-сонда да үй
салмаған,бір жақсысы-абақты тұрғызбаған!... Міне, бұл-бір жағынан, осыған
дейін әр қырынан суреттеліп көрсетілген дала шындығын енді бірде ойша
байыптаудан туған жиынтық-синтез болса, екінші жағынан, байтақ далада
ғасырлар бойы ғұмыр кешкен бүтін бір халықтың бір алуан мінез-құлқы екені
даусыз.
Байқасақ, осы секілді әр өлеңде және жинақтағы бар өлеңде автор мөп –
мөлдір шындықты тап – таза ағысқа, ақындық ағысқа айналдырып, соншалық кең
тыныспен еркін, ешқандай қитықсыз есіле, көсіле жырлаған. Әр өлең кәдімгі
қиыннан қиысу жағынан жасандылықтан аулақ, соншалық табиғи, тіпті оп –
оңай құйыла салған секілді.
Ең жеңілі мынау эпифораны оқып көрелікші:
Күншілдер өледі,
Көңілін от қарып.
Батырлар өледі,
Борышын атқарып.
Бұзықтар өледі,
Пышаққа құлшынып.
Сұлулар өледі,
Құшаққа тұншығып.
Арғымақ өледі,
Артында шаң қалып.
Ақындар өледі,
Бәріне таң қалып!
Өлеңнің мазмұнындағы қоспасыз шындықты айтпағанның өзінде, пішініндегі
мұндай шынайы, сұлу айшықты, яки фигураны асқан шебер ақын ғана жасай
алады. Дала дидарындағы өлеңдерде, міне, осындай өзіндік дидар бар ... .
Сонымен, бірінші томдағы бірнеше кітап – Ой орманынан Дала
дидарына, одан Бұлбұл бағына көшіп, ақыр – аяғында Қазақ ССР Мемлекеттік
сыйлығын алған Жерұйыққа келіп, өзінің ақындық өнер биігіне осылай
сатылап өрлеген Қадыр енді бір тұста поэзия жайлауына Ақ отау, яки өз
отауын, өзінің жыр отауын тігеді де төрінде отырып, екінші томда қолына
құйқылжыған көңіл күйінің екі ішекті, он екі пернелі Домбырасын алады,
сөйтіп тағы да сол өзі тапқан ырғақпен, мәнер – машықпен төңірегін ағыл –
тегіл шалқыған кербез күйге, сылқым сырға, сырбаз жырға толтыра күмбірлетіп
кетеді.
Сөзімізді ұзарта бермей, тұжыра түсу үшін біз Бұлбұл бағын араламай –
ақ, Ақ отауға кірмей, Жер ұйыққа бармай – ақ, бірден Домбыра сазына
сәл құлақ түріп көрсек дейміз.
Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін,
Мен оларға кейліккенді қой дейін.
Өзің көтер,
Алтын тиек идеям,
Егіз шектің беу – беуі мен
Гөй – гөйін!
Қадыр Домбыра тиегін осылай қондырады. Мұның өзі домбыра тиегі
болуымен бірге екі кітаптың өлең – эпопеяның беташары да: тиек тіреп
көтерген екі ішек құр құйқылжып ойнамайды, ой айтады, сыр шертеді, демек
Қадыр домбырасының тиегі шанақ пен ішек арасындағы мөлшерлі қашықтық қана
емес, жинақтағы өлеңдердің идеялық – көркемдік биігінің де мөлшерлі болуға
тиіс. Осы ұғыммен біз, міне, бірінші кітапты ашып оқыдық, яки домбыраның
үстіңгі ішегін шертіп тыңдадық дейік.
Ал, қане, не аңғардық ?
Дала дидарында Қадырдың оқушы қауымға ағынан жарыла айтқан мынадай
бір шыны мен сыры бар еді: Мына бассыз, мына қолсыз жоқ құным. Қолымда да,
басымда да жоқ тыным ... Іссіз өткен күнді өмірге санама! Онда өз қолым
жармасады жағама.
Домбыраның үстіңгі ішегі, алдымен, Қадырдың дәл осы айтқандарының
әшейін сөз емес, қолма – қол істелген іс екеніне көзімізді жеткізеді. Тағы
да тынымсыз әрекет: жазу, өлең жасау, о бастағы ұлы тақырыпты одан әрі
өрбіте жырлау, оның жаңа қырларын ашу, осыдан қиын, қызық қимылдар үстінде
ентікпеу, шаршамау, кең тыныспен, қылаң жүріспен келе жату, өзінің ақындық
сапарының үстінде тағыда ілгері басу, жаңа бел – белестен асу ... Шумақтап
айтар болсақ, біз Домбыра сазынан, міне,, осыларды аңғарамыз.
Табиғатпен табысу, яки сағатпен сырласу, Қазақтарды шетелдік
қонақтарға таныстыру, яки Ауылды аңсау, Кәрия және күн, яки дала мен
гүл ... Осылардың қай – қайсысын алып қарамалық, тақырып Қадыр өлеңдерінде
бұрын жырланған тақырып болғанмен, қазір мағына – мазмұны жаңарып, жаңа
қырынан көрінген, баяғы қаз – қалпында қатып тұрып қалмаған, орынсыз
қайталанбаған, уақытпен, мезгілмен ілгерілеу, даму үстінде көрсетілген:
Домбырадағы дала Ой орманындағы немесе Дала дидарындағы дала емес,
оянған өлке: Танымайсың бүгін Дала – ноянды. Ноян – дала қызыл ту боп
боянды. Оянды ол гудогы боп заводтың, дауысы зор аэропорт боп оянды.
Төңірегі жолдас толы, дос толы. Тізгініне берік бүгін қос қолы. Көзін ашты
шамы болып Ильичтің, көзін ашты Қазақстан ГЭС болып. Мұнан әрі ақын
төскейіндетелеграф сымдары мен темір жолдар жосылып жатқан алып даланың
төбесінде құс жолы сайрап, ол жолмен космос карабльдері зымырап
көтерілгенін, сөйтіп, бір кезде керуен жолы болған қазақ даласының бүгінде
ғарыш жолы болғанын шалқыған шабытпен жырлайды.
Мұның әрі Мырзалиев Дала төсіндегі космодромды, Дала мен ғарыш
арасындағы ұлы сапарларды, орыстың ер елі мен қазақтың сері елінің керемет
достығын, күн мен Жердің достығы секілді отандас ұлттардың ұлы ынтымағын
жырлай келіп, екінші кітапқа, яки астыңғы ішекке ауысады да одан
Алақанға көшеді.
Ал Алақан туралы осы кітаптың дәйектемесінде дәл айтылған: бір
кездері бір – біріне жұдырық боп жұмылып келген Орта азия халықтарының
қуатты қолдары бүгінде достықтың алып алақаны болып жайылса, татулық пен
туыстықтың бейбіт құсы сол алақаннан ұшып, сол алақанға қонады. Орта Азия
сапарларыннан туған қонақ – кәде кітабын Алақан атай отырып, ақын алдына
қойған мақсатын әдемі орындап шыққан. Ол өз дәуірінің үніне осылай
айналған.
Қадыр Мырзалиев – сөздің сәйгүлігі, ойдың өзарманы. Жеке бастың
дара мұңынан бастап, қым – қиғаш халықаралық қайшылықтарға шейін қысылмай,
қымтырылмай еркін жырлай алады. Мысалы, Қазақстанның тағдыр – тарихындағы
алатын жөне атқарып келген отаршылдық орнын екі – ақ өлең жолымен өдемі
жеткізе білген.
Қараса егер Ресей түйіп қабақ,
Көмейіңнен өтпейді сұйық тамақ, -
Дейді бір шағын поэмасында. Шынында да солай болып келген, біразға шейін
әлі де солай бола беретін шығар.
Қадыр Мырзалиевтің жазғандары бір кітаптан ғана тұрмайды, бірнеше
томнан тұрады. Бір ғана әдеби жанрмен шектелмейді, бүкіл көркем жанрларды
қамтиды.
Қадір Мырзалиев ноэзияға Жалғыз шапқан ат жүйрік дегендей жападан-
жалғыз келген жеке бас ақын емес. Ол осыдан жиырма жыл бұрын қазақ совет
әдебиеті және оның өте үлкен саласы – поэзия жанры қауырт өсіп, көп жағынан
жетілген шағында өз қатарымен келді. Бұл Ұлы Октябрь социалистік
революциясынан бастама алған қазақ совет поэзиясының арнасына қырық жыл
бойында толқын артынан толқын болып, үшқатар жаңа ақындар тобы қосылған кез
еді. Елімізде ғылыми-техникалық революция өріс ала бастап, социалистік
құрылыс жаңа қарқынмен даму дәуіріне көшкен жағдайда , осы қалың топқа
өзінің Көктем атты тұңғыш өлеңдер жинағымен төртінші қатарында қосылған
жас ақын Қадір Мырзалиев көптің бірі болып, қосақ арасында көрінбей
қалған жоқ, қайта сол бір жинағымен-ақ жарқ етіп көзге түсті, талант
жалынымен , шын мағынасында көктем шуағымен көңіл аударды. Тәжірибеде
көптің бірі болып келіп, көпке дейін еленбей қоятындар кездеспейді емес.
Ал Қадірдің жөні басқа. Бұл әлгі алғашқы адымынан –ақ еленіп те танылып та
үлгерді. Неге десеңіз , оның аяқ алысы басқалардан өзгеше еді, әдебиет
терминімен айтқанда талант ерекшелігі өзгелерден өзгеше еді. Ол неден
байқалады? Ой түйініне , үнінен, өлең құрылысынан . Ол жұрттың бәріне
белгілі , таныс, тіпті етене болып сүйекке сіңген күнделікті өмір, тұрмыс
құрылыстарынан өнегелі ой түюге өте шебер. Бірақ бұл түйін миға қонбайтын,
кісіні мезі қылатын жалаң үгіт-өсиет емес, миға да , жүрекке де оңай жол
табатын ақыл мен сезімнің жарасымды түйіні. Ал үні болса жылы, жұмсақ, онда
елірмелік те лепірмелік те жоқ - жатық , жағымды . Өлең құрылысы да өзінің
үйлесімді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz