Қысқа мерзімді активтер есебінің теориялық сұрақтарын және нақтылығын жоғарылатуға ұсыныстар беру



Кіріспе

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
1.1 Бәсекеге қабілеттік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары
1.2 Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау
1.3 Есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында есеп және аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілері

2. Кәсіпорынның қорларын тиімді пайдаланудың есебі
2.1 ҚЕ 2 ҰС бойынша баланстың «Қысқа мерзімді активтер» бөлімін трансформациялау
2.2 Қорлар жайлы түсінік, олардың жіктелуі және бағалау әдістері
2.3 Қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
2.4 Қорлардың есебін инновациялық жағдайда дамыту мәселелері

3. Кәсіпорынның қорларынның аудиті және тиімді пайдаланудың талдауы
3.1 Кәсіпорынның қорлар аудитін жоспарлау және аналитикалық процедуралары
3.2 Қорлардың ішкі бақылау жағдайын бағалау
3.3 Кәсіпорын қорларын тиімді пайдалануын талдау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Қазiргi нарықтық экономикаға түбегейлi көшу кезеңiнде бухгалтерлiк есепке жүктелетiн мiндеттер қай кездегiден болмасын күрделi, ауқымды болып отыр. Өйткенi қазiргi қоғамдық дамудың жаңа кезеңiнде өндiрiс құрал-жабдықтарының мемлекеттiк меншiктен ұжымдық және жеке меншiктерге ауысуы кең етек алуда. Осыан орай қазiргi кезде мемлекет, субъектi және жеке тұлғалар арасындаы экономикалық және қоамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа си-пат алып отыр. Бұл бойынша елiмiздегi халық шаруашылыының қай саласындаы субъектiлер болмасын олардың өндiрiстiк және қаржылық iс-әрекетi өз шыындарын өзi өтеу, өзiн-өзi қаржыландыру прин-циптерiне негiзделуi тиiс.
Нарық қатынастары жадайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде бухгалтерлiк есептiң маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектiлерiнде бухгалтерлiк есеп жұмысы «Бухгалтерлiк есеп туралы», «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлiк есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметi бухгалтерлiк есебiнiң бас шоттар жоспарына сай бекiтiлген ортақ принциптерi мен ережелерi және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кiрiс министрлiктерiнiң бухгалтерлiк есеп жөнiнде шығарған нұсқаулары мен ережелерi, сондай-ақ ұсыныстары негiзiнде ұйымдастырылады. Қазiргi кезде елiмiзде қолданылып жүрген бухгалтерлiк есеп жүйесi халықаралық бухгалтерлiк есеп стандартына барынша жақындатылған.
Бухгалтерлiк есеп және есеп беру мәлiметтерi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және олардың құрылымдық бөлiмшелердiң қызметiн жедел басқару үшiн, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшiн қолданылады.
Өндiрiс процесi еңбек заттары және еңбек құрал-жабдықтары болып бөлiнетiн өндiрiс құрал-жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады.
Негiзгi құралдардың кәсiпорын қызметiн үздiксiз ұдайы жүргiзуге қосатын үлесi көп, сондықтанда олардың жағдайын қарастыру, есебiн жүргiзу, пайдалануына талдау жүргiзу әрдайым қажет. Бұл тақырыптың өзектiлiгi осымен айқындалады.
Нарықтық экономикаға тән қызмет ресурстардың оның ішінде материалдық, еңбек, қаржы және ақша ресурстарының икемділігі әрбір басталған нәтижелі іс бастауға жұмсалған қаржылардың тек қана өз-өзін ақтаумен қатар іс егесіне пайда әкелетіндігіне сондықтанда нарықтық экономика тұсында әрбір бизнес иесі ұсыныс пен сұраныс, баға және рентабельдік нормасы жөнінде жан-жақты забардар болуы қажет, сонымен қатар қазіргі заманға нарықтық экономикалық тұсында меншік түріне қарамай өзінің жұмысын тиімді және дер кезіндегі нарықтық экономикадағы өзгерістерге сәйкес іс-әрекеттер жасау үшін бухгалтерлік есеп ауадай қажет.
1. Дүйсенбаев К.Ш. Төлегенов Э.Т.,Жұмағалиев Ж.Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау/оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001.–330бет
2. Қаржылық есеп берудің халықарарлық стандарттары. – Алматы: Корпорация «КАРАНА – ЮСАИД», 2007. – 321бет.
3. Аудиторлық қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 1998ж. 20 қарашадағы Заңы (15.02.2006 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар). – Алматы: Юрист, 2009.-140бет.
4. «Аудиторлық қызмет туралы заңы» 1998ж. 20 қарашадағы №304-І (20.02.2009ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар). – Астана: Юрист, 2009.-26бет.
5. Қазақстан аудиттің халықаралық стандарттары. – Алматы: Раритет, 2004.-786 бет.
6. Исақова С.А., Қалабаева А.Б. Аудит. Оқу құралы. – Тараз: Тараз университеті, 2008. – 301бет
7. Найманбаев С.М., Мухитдинов Н.Б., Мұқажанов Н.М. Қазақстан Республикасындағы салықтар: маңызы, ерекшеліктері, түрлері, заңды сипаттамалары. – Алматы: Экономика, 2000. – 452бет.
8. К.Ш.Дүйсембаев Бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Алматы: Издат Маркет, 2005. – 312бет.
9. Кеулімжанов Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негізі. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 384бет.
10. Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары.//Файл бухгалтера. – 2007.- №30 (330).- шілде.- С.6-7.
11. Дипломдық жұмыстарды орындау және қорғау бойынша әдістемелік нұсқау // Исакова С.А., Игликова А.Н. – Тараз: 2009. – 32 бет.
12. . Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет: Учебное пособие. Изд. 2-е перераб. И доп. – Алматы: ТОО «Издательство» LEM, 2005. – 548с.
13. Радостовец В. К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп:Өңделіп және толықтырылғап 3-ші басылуы. –Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002. – 656бет.
14. Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» Кодексі.-2009ж. 15 қыркүйек Салық кодексі. №99-ІҮ. – Алматы: БИКО, 2009.-504бет.
15. Исакова С.А. Международные стандарты учета и аудита. – Тараз: Тараз университете, 2007. – 351с.
16. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. Жалпы ред. Басқарған Н.Қ. Мамыров. – Алматы: Экономика, 2006. – 310бет.
17. Тасмағамбетов Т.А., Абленов Д.О. Бизнестегі есеп пен талдау: Оқу құралы. – Алматы: Дәуір, 2002. – 416бет.
18. Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп/ Оқулық құралы.-Алматы, «Издательство LEM» ЖШС, 2009. – 428бет.
19. Нұрымов А.А., Шоимбаева С.А. Салық және салық салу: Оқу құралы. – Астана. – Қаз ЭҚХСУ: БПО, 2009. – 546бет.
20. Бухгалтерлік есеп стандарттары, әдістемелік ұсыныстар, Шоттардың типтік жоспары: құжаттар жинағы. – Алматы: Раритет, 2004. – 320бет.
21. Исакова С.А. Проблемы развития современного бухгалтерского учета – Тараз: Тараз университеті, 2009.-124с.
22. Тасмағанбетов Т.А. Басқарушы есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау. (Кәсіпорында басқарушы есепті құрудың методологиялық және практикалық қағидасы). Оқу құралы. – Алматы: «Дәуір», 2002. – 416бет.
23. Толпоков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Қарағанды, «Қарағанды полиграфиясы» АҚ, 2009. – 568бет.
24. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-ІІІ Заңы //Егемен Қазақстан. -2007. -№53 (52354). – ақпан. 3-11бет.
25. Дюсембаев К. Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами (теория и методология). - Алматы: Экономика, 2002. – 293 с.
26. Ковалев В. В. Финансовый анализ: управление капиталом, выбор инвестиций и анализ отчетности. - М.: Финансы и статистика, 2004. – 432с.
27. Ержанов М.С., Нурумов А.А. Финансовая отчетность казахстанских предприятий: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2007. – 180с.
28. Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Оқу құралы. – Алматы: «Заң әдебиеті», 2006. – 163бет.
29. Нурсейтов Э.О: Бухгалтерский учет в организациях / Учебное пособие. – Алматы, 2006. – 472с.
30. Нурумов А.А., Бекболсынова А.С. Налоги и налогообложение: учебник. – Астана: Изд. Каз УЭФМТ, 2009. – 583с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы 6
және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
1.1 Бәсекеге қабілеттік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және 6
оның келешектегі даму жолдары
1.2 Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын 7
талдау және оларды бағалау
1.3 Есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу 11
жағдайында есеп және аудитті ұйымдастырудың теориялық және
методологиялық аспектілері

2. Кәсіпорынның қорларын тиімді пайдаланудың есебі 18
2.1 ҚЕ 2 ҰС бойынша баланстың Қысқа мерзімді активтер бөлімін 18
трансформациялау
2.2 Қорлар жайлы түсінік, олардың жіктелуі және бағалау әдістері21
2.3 Қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау 25
2.4 Қорлардың есебін инновациялық жағдайда дамыту мәселелері 38

3. Кәсіпорынның қорларынның аудиті және тиімді пайдаланудың 42
талдауы
3.1 Кәсіпорынның қорлар аудитін жоспарлау және аналитикалық 42
процедуралары
3.2 Қорлардың ішкі бақылау жағдайын бағалау 45
3.3 Кәсіпорын қорларын тиімді пайдалануын талдау 52

Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Қосымша

Кiрiспе

Қазiргi нарықтық экономикаға түбегейлi көшу кезеңiнде бухгалтерлiк
есепке жүктелетiн мiндеттер қай кездегiден болмасын күрделi, ауқымды болып
отыр. Өйткенi қазiргi қоғамдық дамудың жаңа кезеңiнде өндiрiс құрал-
жабдықтарының мемлекеттiк меншiктен ұжымдық және жеке меншiктерге ауысуы
кең етек алуда. Осыан орай қазiргi кезде мемлекет, субъектi және жеке
тұлғалар арасындаы экономикалық және қоамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа
си-пат алып отыр. Бұл бойынша елiмiздегi халық шаруашылыының қай саласындаы
субъектiлер болмасын олардың өндiрiстiк және қаржылық iс-әрекетi өз
шыындарын өзi өтеу, өзiн-өзi қаржыландыру прин-циптерiне негiзделуi тиiс.
Нарық қатынастары жадайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде
бухгалтерлiк есептiң маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектiлерiнде
бухгалтерлiк есеп жұмысы Бухгалтерлiк есеп туралы, Салық және бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлiк есеп стандарты мен қаржы шаруашылық
қызметi бухгалтерлiк есебiнiң бас шоттар жоспарына сай бекiтiлген ортақ
принциптерi мен ережелерi және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кiрiс
министрлiктерiнiң бухгалтерлiк есеп жөнiнде шығарған нұсқаулары мен
ережелерi, сондай-ақ ұсыныстары негiзiнде ұйымдастырылады. Қазiргi кезде
елiмiзде қолданылып жүрген бухгалтерлiк есеп жүйесi халықаралық
бухгалтерлiк есеп стандартына барынша жақындатылған.
Бухгалтерлiк есеп және есеп беру мәлiметтерi шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң және олардың құрылымдық бөлiмшелердiң қызметiн жедел басқару
үшiн, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшiн
қолданылады.
Өндiрiс процесi еңбек заттары және еңбек құрал-жабдықтары болып
бөлiнетiн өндiрiс құрал-жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады.
Негiзгi құралдардың кәсiпорын қызметiн үздiксiз ұдайы жүргiзуге қосатын
үлесi көп, сондықтанда олардың жағдайын қарастыру, есебiн жүргiзу,
пайдалануына талдау жүргiзу әрдайым қажет. Бұл тақырыптың өзектiлiгi осымен
айқындалады.
Нарықтық экономикаға тән қызмет ресурстардың оның ішінде материалдық,
еңбек, қаржы және ақша ресурстарының икемділігі әрбір басталған нәтижелі іс
бастауға жұмсалған қаржылардың тек қана өз-өзін ақтаумен қатар іс егесіне
пайда әкелетіндігіне сондықтанда нарықтық экономика тұсында әрбір бизнес
иесі ұсыныс пен сұраныс, баға және рентабельдік нормасы жөнінде жан-жақты
забардар болуы қажет, сонымен қатар қазіргі заманға нарықтық экономикалық
тұсында меншік түріне қарамай өзінің жұмысын тиімді және дер кезіндегі
нарықтық экономикадағы өзгерістерге сәйкес іс-әрекеттер жасау үшін
бухгалтерлік есеп ауадай қажет.
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы бухгалтерлік есеп
жүйесін реформалаумен сипатталады. Елдегі нарықтық қатынастар дамуының
стратегиялық бағыты есеп пен есептік ақпараттық сапасына айрықша талаптар
қояды. Сондықтан қазіргі кезде бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші
субъектілерінде ерекше маңызды орынға ие. Ол Бухгалтерлік есеп туралы,
Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы, Қазақстан
Республикасының стандартында, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі
бухгалтерлік есебінің типтік шоттар тізбегінде бекітілген ортақ принциптер
мен ережелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есепке алу
жөніндегі Ұлттық комиссиясының бухгалтерлік есепке алу жөніндегі шығарған
нұсқаулары, ережелері мен ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Оның үстіне
Республикада қолданылып жүрген бухгалтерлік есепке алу жүйесі халықаралық
бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.
Қаржы айналысқа түсіп, түптің түбінде өнімдермен көрсетілген
қызметтерге айналады. Қаржы ресурстары аса жоғарғы шешуші роль атқарады.
Бүгінгі күнде актуалды мәселе кәсіпорындар мен ұйымдар үшін қаржылық
есептің халықаралық стандартының талаптарына сәйкес Халықаралық қаржылық
қорытынды стандарттарын (ҚЕХС) жалпы принциптерін пайдалана отырып
әдістемелік және теоретикалық негізі және басқару шешімдерді қабылдау
мақсатымен шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты қаржы есебінің
механизмін құрастыру болып табылады.
Бухгалтерлік есепте ағымдағы активтердің есебі маңызды орынға ие,
себебі өндіріс процесі еңбек құралдарының қатысуымен орындалады, барлық
есептесу операциялары ақша қаражатымен байланысты. Ақшалай есептесулер
өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады
және табысты қамтиды. Есептесулерді ұйымдастыру кезінде кәсіпорынның түрлі
міндеттемелері және дебиторлық қарыздар пайда болдаы. Сондықтан ағымдағы
активтердің есебі мен талдауын ұйымдастыруды зерттеу ерекше өзектілікке ие
болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қысқа мерзімді активтер есебінің теориялық
сұрақтарын және нақтылығын жоғарылатуға ұсыныстар беру, көрсеткіштерін
тиімді пайдалануына талдау жүргізу.
Қойылған мақсатқа сәйкес қаралатын мәселелер келесідей:
- қолданыстағы қысқа мерзімді активтер есебінің жүйесін зерттеп оны нарық
экономика талаптарына сәйкестендіріп дамыту;
- ағымдағы активтер есебінің тәжірибесін зерттеп оны дамыту ұсыныстарын
беру;
- қысқа мерзімді активтерді пайдалану жөніндегі ақпараттың жеделдігі мен
талдамалылығын жоғарылату ұсыныстарын орындау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына және төлем қабілетіне талдау жүргізу;
Зерттеу объектісі ретінде қаржылық есеп беру және аудиттің халықаралық
стандарттарын енгізу жағадайында қысқа мерзімді активтерінің есебі мен
талдауын ұйымдастыру.
Зерттеу мәліметі ретінде Кнауф Гипс Тараз ЖШС мәліметтерін қолдана
отырып, ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметін талдау мен жетілдіру, салықты
дұрыс есептеп, мерзімінде уақтылы бюджетке төлеп беру көзделген және
салықтар бойынша есеп-тесудің талдауы мен кәсіпорынның қаржы жағдайына баға
беру қарастырылады.
Зерттеу нәтижесі дипломдық жұмыстың зерттеудегі біртұтас ұсыныстары
және кепілдемелері оперативтік шешімдерін дайындау және өткізу жайында
байланыс желісінің барлық дәрежелерінде басқару қызметкерлерге, бас
бухгалтер және қаржыгерлер үшін тәжірибелік қызығушылығын білдіреді.
Теориялық және әдістемелік зерттеу негізі. Зертттеу барысында жұмыстың
негізгі тұжырымдарын дәлелдеу құралы ретінде келесі ғылыми зерттеу әдістері
алынды: ғылыми абстракция әдісі; талдау және синтез әдістері; индукция және
дедукцияға байланысты себеп-салдар әдісі; салыстыру және модельдеу әдісі.
Автордың көзқарасын дәлелдеу үшін әлеуметтік зерртеулерді түсіндіру үшін
статистикалық әдістердің элементтері қолданды. Тәжірибе негізінде
жинақталған зерртеулер қорытындылары, есеп беру қиыншылықтарын шешу үшін
жасалған ұсыныстарда пайдаланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ақпараттың бұрмалалануын төмендету
мақсатында, БЕХС және ХАС сәйкес бюджетпен есептесудің есеп тиімділігін
арттыру үшін теореялық және әдістемелік нұскаулар кешенін ұсыну.
Зерттеуден алынған нәтижелердің тәжірибелік маңызы. Зерттеуден алынған
нәтижелердің тәжірибелік мәні оның негізгі тұжырымы, нәтижелері және
ұсыныстары қорларды есептеу бойынша кеңінен қолдануға бағытталған

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
1.1 Бәсекеге қабілеттік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның
келешектегі даму жолдары

Кнауф Гипс Тараз жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылдан
бері жұмыс істеуде.
2005 жылдан бастап Кнауф Гипс Тараз ЖШС негізгі шаруашылық қызметі
гипсокартон шығару.
Кнауф Гипс Тараз ЖШС екі түрлі гипсо тастарын өндіреді, 3 сорт
құрамында 80 %-дық гипс және 4 сорт құрамында 70 %-дық гипс бар.
Кнауф Гипс Тараз ЖШС өндірістік аумағы - 30 шаршы метр. Қызметкерлер
саны - 529 адам. Мекен-жайы : 080013 Тараз қаласы, Абай даңғылы, 98.
Кез-келген уақытта, кез-келген елде бухгалтерлік есеп маңыздылығымен
оның кәсіпорнынның соңғы нәтижесіне тигізетін септігі даусыз. Қазіргі
экономиканың шарықтап дамуымен қатар жалпы әлемдегі жаһандау процесінің
кезінде бухгалтерлік есеп пен аудиттің шешім қабылдауда, экономикалық
жоспар әзірлегенде, жалпы бизнесті қадағалағанда маңызы тіптім артып отыр.
Сондықтан кез-келген кәсіпорын өзіндегі есеп-қисапқа үлкен мән беріп отыр.
Кнауф Гипс Тараз ЖШС Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды
тұлға болып табылады. Серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде Инамжанов
Салижан болып, оған жарғылық капиталдың 100 пайыздық үлесі тиісті.
Серіктестік жеке атауымен қоса өз мөрі, жеке бухгалтерлік есебі мен
қаржылық есебі бар.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты таза пайда табу.
Кнауф Гипс Тараз ЖШС атқарушы орган – директор, яғни жеке меншік
иесі. Серіктестіктің есеп саясаты Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік
есеп және қаржылық есеп беру заңына (28 ақпан 2007 жылғы) сәйкес жасалған.
Сонымен қоса есеп саясатын жасау кезінде бухгалтерлік есеп және қаржылық
есеп берудің халықаралық стандарттары –IAS, IFRS және басқа да
нормативтік актілерге арқа сүйенді.
Кнауф Гипс Тараз ЖШС бухгалтердік есебін жүргізу тәсілін ХҚЕС-да
ұсынған әдісті қолданып отыр. Жалпы кәсіпорын қаржылық және басқару
есебінде жаңа инновациялық әдістерді қолдануда. Олар меншікті капитал
есебінде, негізгі қүралдар есебінде, инвестициялар есебінде, ақша-
қаражаттар есебінде, қорлар есебінде және т.с.с. нақтылық, уақыттылық,
шындыққа сай келу принциптерін қолдануда. Ал салық есебіне келгенде
жариялылық принципін қолдануда. Кәсіпорын тиімділігін жоғарлату мақсатында
орынсыз шығындарды азайтып, еңбек өнімділігін еңбек уақыттың дұрыс
пайдадану арқылы арттыруға жағдай жасап отыр. Жалпы кәсіпорында
бухгалтерлік есеп, басқару жүйесі және жұмысшылар бір жақсы дамыған,
функционалды жүйе ретінде 1 суретке сәйкес жұмыс жасап жатыр.
Материал бухгалтері

Сурет 1. Кнауф Гипс Тараз ЖШС бухгалтериясының құрлымы

Бухгалтердің алдында тұрған тапсырмалар:
1. Бухгалтер алғашқы құжаттар мен журнал ордерлерді, ведомосттарды
тапсырып жазған кезде қате жазбау керек және түзетулер болмау керек;
2. Бухгалтерлік есептеу жұмыстарында қаржы шығындарын дұрыстап есептеп,
ұрлық жұмыстарына жол бермеу керек және жұмысты әділетті атқару керек;
3. Алғашқы қабылдау құжаттары мен шығын құжаттарын дұрыстап жазу керек;
4. Алғашқы құжаттар арқылы ведомосттар мен журнал ордерлерді уақытысында
толтыру керек;
5. Негізгі құралдарды дұрыстап бағалап, уақытысында кәсіпорынға қабылдау
керек;
6. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын дұрыстап есепте керек;
7. Негізгі өндіріске, көмекші өндіріске жұмсалған қаржыларды және өнімнің
өзіндік құнын дұрыстап есептеу керек;
8. Бюджетке аударылатын салықтарды дұрыстап есептеу керек;
9. Материалдық заттарды дайындауға бөлінген қаржыларды тиімді пайдалану
керек;
10. Дайын өнімдерді, тауарларды сатудан түскен кіріс қаржыларын дұрыстап
есептеу керек;
11. Айдың соңында, тоқсан соңында және жыл соңында қаржы ақпараттарын
уақытысында жазу керек.

1.2 Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау
және оларды бағалау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл оның қаржы бәсекелестік
қабілеттілігінің сипаттамасы, қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану,
мемлекет алдында және басқа да кәсіпорынның алдында өз міндеттерін орындау.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық
тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен өзінің
кредиторлық қарыздарын уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілуін көрсетеді.
Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін
кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы. Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан
табыстың шығыннан артуын - қаржылық тұрақтылық деп атайды. Ол ақша
қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен
өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ
кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын,
кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық
кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан
да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс – шаруашылық қызметі процесінде
қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып
табылады. Ал, кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен
әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын
көрсетеді. Нарық жағдайда ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың
тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен,
несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін
жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы
үшін барлық есеп айырысулар мен барлық кредиторлық қарыздарды орындағаннан
кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық
базасын жаңартуға және әлеуметтік жағдайды жақсартуға және басқаларға
мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс алуы қажет.
Кәсіпорын қызметін басқару үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін
пайдаланады, ол бойынша өз жұмысын жоспарлайды, есеп пен есеп беруді
ұйымдастырады, баға және жұмысқа ынталандыру жүзеге асырылады. Бұл жүйе
өзінше өзара бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жиынтығын құрайды.
Экономикалық көрсеткіштер өзінің қалыптасу жағдайына байланысты жоспарлы
және есепті болып бөлінеді. Есепті көрсеткіштер бұл белгілі кезеңдегі нақты
жеткен көрсеткіштерді қамтып көрсетеді. Міне сондықтан бухгалтерлік есепті
ұйымдастыруда экономикалық көрсеткіштер жүйесін барынша белгілеуді
қамтамасыз ету қажет. Оған шаруашылық процестері мен көрсеткіштер,
кәсіпорын қорларының жағдайы, жоспарлы тапсырманың орындалу ақпараты
көрсетілуі қажет. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштер жүйесінің мүлтіксіз шарты
кәсіпорын басқаруда шешім қабылдауға ақпараттармен барынша қамтамасыз ету
болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі – қаржылық
есеп беру болып табылады. Олар: Баланс; Кірістер мен шығыстар туралы
есеп; Ақша қаражаттары туралы есеп; Меншікті капиталдың қозғалысы
туралы есеп; есеп саясаты және түсіндірме жазбадан тұрады. Есеп беру
пайдаланушыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп берудің
құрамдық бөліктері өзара байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін
емес.
Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыстың өзгеруіне
келесідей факторлар әсер етеді:
1. Кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету және тиімді пайдалану;
2. Кәсіпорынды негізгі құралдармен қамтамасыз ету және тиімді пайдалану;
3. Кәсіпорынды материалдық ресурстармен қамтамасыз те ужәне тиімді
пайдалану (1.1 кесте).
Кесте 1.1
2008-2009 ж.ж. Кнауф Гипс Тараз ЖШС қаржы нәтижесінің қалыптасуын талдау

№ Көрсеткіштер Өлшем Іс жүзінде Ауытқу
бірлігі (+;-)
2008ж 2009ж
1 2 3 4 5 6
1 Өнімді өткізуден және қызмет мың.тг. 40920,0 48666,0 +7746,0
көрсетуден түскен табыс
2 Өткізілген өнімнің және көрсетілгенмың.тг. 33625,0 14192,0 -19433,0
қызметтің өзіндің құны
3 Жалпы пайда (зиян) мың.тг. 7295,0 34474,0 +27179,0
4 Кезең шығыстары мың.тг. 6628,0 30471,0 +23843,0
5 Салық салынғанға дейінгі табыс мың.тг. 667,0 4003,0 +3336,0
6 Корпоративтік табыс салығы мың.тг. 200,0 1201,0 +1001,0
7 Таза пайда (зиян) мың.тг. 467,0 2802,0 +2335,0
8 Негізгі құралдардың орташа жылдық мың.тг. 22043,0 22937,0 +894,0
құны
9 Қызметкерлердің орташа тізімдік адам 19 17 -2
саны
10 Қызметкерлердің орта жылдық мың.тг. 8713,0 11003,0 2290,0
еңбекақысы
11 Қор қайтарымы теңге 1,8 2,1 +0,3
12 Қормен қарулануы мың.тг. 1160,1 1349,2 +189,1
13 Бір қызметкердің орташа жылдық құнымың.тг. 458,6 647,2 +188,6
14 Қызметкерлердің орташа айлығы теңге 38215,0 53936,0 +15721

1.1 кесте мәліметтері бойынша Кнауф Гипс Тараз ЖШС негізгі қызметінің
көрсеткіштеріне талдау жасаймыз. Дайын өнімді өткізуден табыс 2009 жыл
48666,0 мың теңге болып, өткен жылдан 7746,0 мың.тг. өскен, немесе 18,9%
өскен. Өнімнің өзіндік қүны 57,8% төмендеген, соның нәтижесінде жалпы табыс
27179,0 мың теңгеге өсіп отыр. Ал салықтан кейінгі таза табыс 2802,0 мың
теңге құрап, өткен жылдан 2335,0 мың теңге өсті. Қор қайтарымы 1,8-2,1
теңге аралығында. Қызметкерлердің орта жылдық еңбекақысы 647200,0 теңге
болып (2009 жылы) 188600,0 мың теңге өскен, ол орташа айлық 53936,0 мың
теңге құрап өткен жылдан 15721,0 мың теңге өскен, яғни 41,1%-ға
Жалпы Кнауф Гипс Тараз ЖШС 2008-2009 ж.ж. қызметке оң нәтижелі баға
беруге болады.
Материалдық ресурстардың тиімді пайдалануын 1.2 кесте мәліметтері
бойынша талдаймыз
Кесте 1.2
Кнауф Гипс Тараз ЖШС материалдық ресурстарының көрсеткіштері 2008-2009
жж.

№ Көрсеткіштер Өлшем Іс жүзінде Ауытқу
бірлігі (+;-)
2008ж. 2009ж.
1 2 3 4 5 6
1 Өнімді өткізуден және қызмет мың тг.40920,0 48666,0 +7746
көрсетуден түскен табыс
2 Материал шығындары мың тг.1710,0 1827,0 +117
3 Материал қайтарымы теңге 29,93 26,64 -3,29
4 Материал сыйымдылығы теңге 0,042 0,038 -0,004

1.2 кесте мәліметі бойынша материал қайтарымы 2008 жылы 29,93 тг
құраған (409201710), ал 2009 жылы 26,64 тг құрап, өткен жылдан 3,29 тг
төмендеген; оған әсер еткен фактор жалпы материал шығынының өткен жылға
қарағанда 117 мың тг өсуі.
Материал сыйымдылығының төмендеуі материал ресурстарының тиімді
пайдалануын көрсетеді, ол өткен жылмен салыстырғанда 0,004 тг төмендеді.
Аталған екі фактродың нәтижесінде 2009 жылы өткен жылдан кірісті 7746,0
мың тг артық алуға әсерін тигізді.
Төмендегі кестелердің 1.3 мәліметі бойынша еңбекақы қорының пайдалану
көрсеткіштерін талдаймыз.
Кесте 1.3
2008-2009 жж. Кнауф Гипс Тараз ЖШС еңбекақы қорының құрамы мен құрылымы

№ Көрсеткіштер Өлшем Іс жүзінде Ауытқу
бірлігі (+;-)
2008ж. 2009ж.
1 2 3 4 5 6
1 Еңбекақы қоры мың тг. 8713,0 11003,0 +2290,0
2 Қызметкерлердің орташа тізімдік адам 19 17 -2
саны
3 Бір қызметкерлердің орташа жылдық мың тг. 458,6 647,2 +188,6
еңбекақысы
4 Бір қызметкердің орташа айлық мың тг. 38215,0 53936,0 +15721,0
еңбекақысы

1.3 кесте мәліметі бойынша қызметкерлердің орташа тізімдік саны 2009
жылы 2 адамға кеміген. Ал қызметкерлердің орташа жылдық еңбекақысы 2009ж.
өткен жылдан 188,6 мың тг өскен (647,2 – 458,6), яғни +41,1 %
(647,2\458,6*100). Орташа айлық еңбекақысы 2009 жылы 53936,0 тг құрап,
өткен жылдан 15721,0 тг өскен. Жалпы еңбек көрсеткіштерінің Кнауф Гипс
Тараз ЖШС тиімділігін байқаймыз.
1.5 кестеде Кнауф Гипс Тараз ЖШС 2008-2009 жж. негізгі құралдардың
тиімді пайдалануына баға беру мәліметтерін талдаймыз.
Кесте 1.5
2008-2009 жж. Кнауф Гипс Тараз ЖШС негізгі құралдарын тиімді
пайдалану мәліметтері

№ Көрсеткіштер Өлшем Іс жүзінде Ауытқу
бірлігі (+;-)
2008ж. 2009ж.
1 2 3 4 5 6
1 Өнімді өткізуден және қызмет мың тг. 40920,0 48666,0 +7746,0
көрсетуден түскен табыс
2 Негізгі құралдардың орташа жылдықмың тг. 22043,0 22937,0 +899,0
құны
3 Қор қай тарымы теңге 1,8 2,1 -0,3
4 Қор сиымдылығы теңге 0,538 0,4711 +0,067
5 Қызметкерлер саны адам 19 17 -2
6 Қормен қарулануы теңге 1160,1 1349,2 +189,1

1.5 кесте мәліметі бойынша 2009 жылы негізгі құралдардың құны өткен
жылдан 7746,0 мың тг. өскен. Қор қайтарымы 2009 жылы 2,1 тг. құрып, өткен
жылдан 0,3 тг. өскен.
Қор сиымдылығы ол қайтарымына кері көрсеткіш. Ол негізгі құралдардың
бір тенге өндірілген өнімге қаншадан айналатынын көрсетеді. Ол 2008 жылы
0,538 тг. болса (22043,040920,0), ал 2009ж. 0,471 тг. құрап, өткен жылдан
0,067 тг. кеміген.
Сонымен, негізгі құралдардың сомасының өсуі және қор қайтарымының өсуі
өнімді өткізуден табысты, өткен жылға қарағанда 7746,0 мың тг. артық алуына
оң нәтижесін тигізді.

1.3. Есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында
есеп және аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық
аспектілері

Шаруашылық қаржылары олардың қорлану көздерінің қалыптасуы қозғалыс
күйін басқару және бақылау мақсатындағы баланстық әдіс арқылы шаруашылық
операцияларын жинақтап, зерттейтін ғылымды бухгалтерлік есеп деп атаймыз.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Призидентінің
Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар жарлығы қолданылады.
Осы жарлықты іске асыру мақсатында 1996 жылы Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясы құрылды. Ұлттық клмиссияның
алдына қойған мақсаты – бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары
негізінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді ұсыну стандарттарын
жасау болды.
Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан Республикасының
Призидентінің 1995 жылғы 26 желтоқандағы заң күші бар №2732 жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу және қаржы
есептемесі жүйесін реттеп, есеп жүргізудің негізгі қағидалары мен жалпы
ережелер осы жарлық Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепке алу
жүйесін анықтайды.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс-әрекеті
туралы күмәнсіз сенімді және уақытылы ақпарат алу мен ресурстарды , дайын
өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін
құрудың шарттары және элементттер (қосылатын) жүйесі. Негізгі қосылғыштар
мыналар: алғашқы есеп пен құжат айналымы, түгендеу, субъектінің қаржы-
шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп формалары,
есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі
мен мазмұны.
Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері мен есептің жалпы ережелері
Қазақстан Республликасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін
реттейтін құқықтық нормативтік актілермен белгіленеді. Бухгалтерлік есепті
реттеу жүйесінің бес деңгейі бар:
1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы Заң.
2. Заңнамалық актілер мен ҚР Үкіметінң Қаулылары.
3. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен оларға әдістемелік ұсыныстар.
4. Шоттардың типтік жоспары мен оларды қолдануға берілген нұсқау.
5. Субъектінің есеп саясаты.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы Заңының 6-бабы 2-
тармағына және Қаржылық есеп берут туралы ұсыныс 30 Бухгалтерлік есеп
стандарттарына сәйкес есеп саясаты – ұйымның талаптары мен қызмет
ерекшеліктеріне сай , Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен есеп
шоттарының үлгі жоспары туралы заңдарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік
есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылданған принциптер,
негіздер, шарттар, ережелер мен практика.
Аудит Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға
сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы
тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін
тексеру болып табылады.
Негізгі бухгалтерлік есеп пен аудит мынандай бағыттарда дамуы
көрсетілген:
- кәсіпкерлік ісіндегі бухгалтерлік есеп
- бюджет қаражаты есебінен қамтылған ұйымдардағы бухгалтерлік есеп
- комерциялық емес ұйымдағы бухгалтерлік есеп
- ішкі бақылау мен тәуелсіз аудит
- бухгалтерлік есепті компьютерлендіру.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есепті енгізу,
қаржылық есепті дайындау ерекшеліктері әр түрлі. әлеуметтік, саяси және
экономикалық шарттардың әр түрлілігі бухгалтерлік істегі айырмашылықтарды
тудырады. Бухгалтерлік есептің даму ерекшеліктеріне байланысты мынандай
модельдерге бөлінеді:
1. Британ-американдық модель
2. Континенталдық модель
3. Оңтүстік – американдық модель
4. Интернационалдық модель
5. Исламдық модель
Біздің елімізде 1996 жылдың қарашасында осы модельдердің Британ-
американдық модельді қолдану қабылданды. Британ-американдық модель
Ұлыбританияда, Голландияда және АҚШ-та негізін қалады. Бұл модельдің басты
мақсаты инвесторларға және кридиторларға ақрараттар дайындау. Басқаша
айтқанда қаржы есебінің ақпараты инвесторлар мен кридиторлардың
қажеттілігін қамтамассыз ету болса, басқару шешімін қабылдауда оның ең
маңызды критериі болып – ақпараттың сапалығы табылады. Осы модельді
қолданып отырған үш мемлекеттеде құнды қағаз нарығы өте жақсы дамыған. Бұл
елдерде қосымша қаржы көзі бар компаниялар саны өте көп. Сондықтан
Қазақстан Республикасында англо-американдық модель өз өрісін кеңейтуде.
Бухгалтерлік есеп стандарттары: есеп саясатын қалыптастыру бөлігінде –
меншік нысандарына қарамастан субъектілерге қолданылады.
Есеп саясатын ашып көрсету бөлігінде - өздерінің қаржы есептемесін
заңдарға, құрылтай құжаттарына сәйкес болмаса өз бастамашылығы бойынша
жариялайтын субъектілерге қолданылады. Стандарттың ішіндегі №7 стандартқа
дейінгісі барлық шаруашылық субъектілерінде қолданылады.
Стандарт дегеніміз барлық шаруашылық субъектілер үшін орындаған
міндетті есептік жүйе деңгейін нормативтік құқықтық құжаттармен реттеу.
Стандарттар – қаржылық есеп беруді дайындау ережелері.
Бүкіл әлемдегі қаржылық есеп берулерде қолданылатын бухгалтерлік есеп
прициптерін бірегейлендіруге қол жеткізу үшін 1973 жылы Қаржылық есеп
берудің халықаралық стандарттар комитеті (ҚЕХСК) Австралия, Канада,
Франция, Германия, Жапония, Мексика, Голландия, Ұлыбритания, Ирландия және
АҚШ-тың кәсіби бухгалтерлері арасындағы келісім нәтижесінде құрылды. 1983
жылдан бері барлық кәсіби бухгалтерлік ұйымдар – Бухгалтерлердің
Халықаралық Федерациясы мүшелері ҚЕХСК-ның мүшелері болды.
Бухгалтерлік есеп – халықаралық қатынас құралдарының бірі және бизнес
түрлері болып саналып келген басқада қызметтердің байланыстырушысы.
Қазақстан экономикасындағы жаңа болмыстардың пайда болуын ескере
отырып, бухгалтерлік есеп жүйесінде де айтарлықтай өзгерістер болып өтті.
Республикалық бухгалтерлік есебін жетілдіру үшін сенімді құқықтық база мен
оның нарықтық қатынастағы қажеттіліктерін реттеудің үйлесімділігі
стандарттар мен оларды айқындаушы әдістемелік сипаттамаларды қамтитын
Бухгалтерлік есеп туралы заңында көрініс тапты. Типтік үлгідегі есеп
жоспары, бухгалтерлік есепке қатысты қолданған нұсқаулар мен ережелер
халықаралық стандарттарға сай болып келеді. Бұл жағдайда нарықтың
шарттарына сай жаңа есептік әдістеме мен қаржы талдауының пайдалануы шарт.
Мұндай әдістеме іскер серікті негізі таңдауға, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығының деңгейін анықтау үшін кәсіп иелік қызметінің іскерлік
белсенділігі мен тиімділігіне баға беру үшін қажет. Қазақстан
Республикасында бухгалтерлік есептің реформалау процесі белсенді түрде
халықаралық тәжірибеге сәйкес болу мақсатымен жүріп жатты. Бұл, біріншіден
– құрамына нарықтық қатынастар кіретін жаңа экономикалық жүйе құрылымымен,
екіншіден – Қазақстан Республикасының әлемдік эконометрлік кеңістікке
енуімен байланысты. Осы жағдайдағы пайда болған түбегейлі өзгерістер
экономикалық тетіктерін басқаруын, соның ішінде, бухгалтерлік есептің
аянсыз қалмауын талап етті.
Үшінші мыңжылдықтың басы Қазақстанның бухгалтерлік есебі үшін
халықаралық стандарттарға көшуді жалғастыру жұмыстарымен байланысты.
Бухгалтерлік есеп жүйесін Халықаралық стандарттарға қайта құру бағдарламасы
1998 жылы 28 қантарда №3838 ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданды.
2002 жылы 24 маусымда Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
туралы ҚР Заңы қабылданды.
Қазақстанда бухгалтерлік есепті қайта құрудың негізгі мақсаты ұлттық
жүйені нарық экономикасы мен ҚЕХС талабына сәйкестендіру. 2002 жылы 29
қазандағы №542 ҚР Қаржы - Министрлігінің Бұйрығымен Қаржылық есеп берудің
тұжырымдамалы негізі бекітілді.
Бұл тұжырымдамада нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп
жүйесін құру негіздері анықталған. Ақпарат құру әдістемесіне сәйкес ішкі
және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық есеп беру қағидалары нақты
көрсетілген. Бухгалтерлік есептің міндеті-ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі
туралы мәліметтер дайындау, соның негізінде салық салу үшін қажетті
көрсеткіштер алу.
2007 жылдың ақпанның 28-і күні Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы жаңа Заңға
қол қойды.
Осы Заңға бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру бойынша қоғамдық
қатынастарды нақты реттеуді қамтамасыз ететін заң аясындағы нормативтік
құқықтық актілер әзірленуі және бекітілуі тиіс, ал олар кейінірек
әзірленіп, бекітіледі.
Осыған байланысты бухгалтерлік есеп жүргізуден және қаржылық есеп
беруден босатылуы мүмкін, ҚХЕС-на кешу қажеттілігі болмайтын және ҚХЕС-ны
қолдану міндетті болатын кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің үлкен тобы
болып отыр [1].
Қаржылық есеп беру стандарты - бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық
есептілік жасау принциптері мен әдістерін белгілейтін құжат;
қаржылық есеп беру ұлттық стандарттары - қаржылық есептіліктің
уәкілетті орган бекіткен стандарттары;
ҚЕХС Қаржылық есеп беру халықаралық стандарттар Комитеті құрып,
қабылдайды. Комитет 1973 жылы бүкіл әлемде бухгалтерлік есепті үйлестіру
ережелері мен стандартизация мақсатында құрылған. Еуропа елдеріндегі
үйлестіру ережелері мен стандартизациялау ерекше көзге түсті. Бірыңғай
валюта енгізілгеннен кейін, капитал қозғалысы жеңілдеді, тек бірыңғай есеп
беру стандарттары туралы мәселе туындады. Бұл инвесторлар үшін қолайлы,
себебі олар түрлі елде отырып кез келген компанияның қаржылық жағдайына
баға бере алады және ол елдердің бухгалтерлік есебінің ерекшеліктеріне
талдау жасаудың қажеті жоқ.
№16062002 Еуропа қауымдастығы Еуропа Парламенті мен Кеңесінің 2002
жылғы 19 шілдедегі Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарын қолдану
туралы ережесі 2005 жылы 1 қантарынан ірі Еуропа компанияларында бірыңғай
есеп беру стандарттарын қолдануды міндетті түрде енгізуін қарастырды. Өзге
стандарттарды пайдаланып келген компаниялар 2007 жылдың 1 қантарынан бастап
көшеді.
ҚЕХС – қаржылық есеп беру мен дайындаудың тәртібі туралы қоғамдық мүдде
үшін қабылданған жүйе. Бұл бүкіл әлемге қаржылық есеп беруді үйлестірудің
маңызы, ҚЕХС Комитетінің қызметін қолдау,сондай-ақ бухгалтерлердің,
аудиторлардың, қаржы менеджерлерінің кәсіби мамандығын арттыру үшін
қолданылады. Стандарттар қаржылық есеп беруді дайындауға арналған, оларды
пайдаланушылар кәсіпорынның қаржылық ақпарат көзі ретінде пайдаланады.
БЕҚС есептің қағидалары мен әдістерін ашуда, шектеулі болғанымен,
Қазақстандық бухгалтерлер үшін ҚЕХС игеруде жақсы дайындық болды. Қазіргі
кезеңде қазақстандық есептің құрылымдық қағидалары ҚЕХС ережелеріне ұқсас.
БЕС кейбір ережелері мен қағидалары іс-жүзінде әлі қолданылмайды. Құнды
қағаздар мен акционерлік қоғамдар туралы жаңа заң акционерлік қоғамдардың
қаржылық есеп беруін пайдаланушылардың қызығушылығын арттыруы тиіс. Осыған
сәйкес ҚЕХС игеруде бухгалтерлерге жоғары деңгейлі білім дәрежесі қажет
[2].
ҚЕХС мен БЕҚС ерекшелігі мынада:
- ҚЕХС бойынша компанияның активтері өткен, қағидаларға байланысты
бақыланады және болашақтағы экономикалық пайда есепке алынады. БЕҚС бұл
ережені қайталайды, бірақ мұндағы негізгі фактор кәсіпорынға меншік
ретінде тиесілі активтер мен мүлік алынады;
- ҚЕХС әлеуметтік мазмұнына талап қояды, ол БЕҚС да қарастырылған.
Мазмұнның басымдылығы компанияның шаруашылық жүргізу ережесіне сәйкес,
ол құқықтың формасы есепке алынбайды. Қазақстандық тәжірибеде бұл
қағида сақталмайды.
Халықаралық стандарттар қаржылық есеп дайындау кезінде кәсіби пікір мен
бағалауда құрылған. Қазақстандық бухгалтерлер бухгалтерлік есепті жүргізуде
қатаң тәртіп сақтап, ондай әдістерге жоламайды.
Жалпы айырмашылықтар мен бірге сәйкестіктер де бар. Мысалы, ҚЕХС
компанияларға бірыңғай есеп беру кезеңін бекітпейді, ол қаржылық жыл
календарлық жылмен сәйкес келмеуі мүмкін. Қазақстандық стандарттар есеп
беру кезеңі деп есепті жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі аралықты
бекітті. БЕҚС меншік иелері мен мүдделі тұлғаларға есепті жыл ішінде есеп
беруіне рұқсат етілген.
ҚЕХС сенімді Қазақстандық стандарттарында да қаржылық есепті
пайдаланушылар ішінен инвесторлар қажеттілігі басым бекітілген, бұның
себебі инвесторлар компанияға қажетті капиталды жеткізеді, қаржылық есепті
пайдаланушылардың көптеген қажеттіліктерін өтейді. Қаржылық есеп беруді
дайындау мен ұсынудың қағидаларына мыналар кіреді: түсініктілік,
сенімділік, салыстырмалылық және орындылық.
ҚЕХС сенімділік пен орындылық қағидаларын пайдалану шектелген.
Ақпараттың сапасына деген талаптың сақталуы алынған ақпаратқа кеткен
шығыннан пайдасы көп болуы, ҚР заңына сәйкес ұйымдар жылдық қаржылық есеп
беруді есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.
Қаржылық есеп беруге бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы
есеп, қаржы жағдайының өзгеруі туралы есеп, есеп саясаты және түсіндірме
жазбаны қамтиды.
Қазақстандық тәжірибеде қаржылық есеп беру: Баланс; Кірістер мен
шығыстар туралы есеп; Ақша қаражаттар туралы есеп; Меншікті капиталдың
қозғалысы туралы есеп; есеп саясаты және түсіндірме жазбадан тұрады. Есеп
беру пайдаланушыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Қазақстандық заңда кейбір субъектілерге (АҚ, банктер) қаржылық есебін
баспа бетіне беру міндеттелген, қарыз беруші банкке, өкілеттік мемлекеттік
органға тендер жариялағанда немесе шығарылатын акцияны тіркеуде міндетті
түрде қаржылық есеп баспа бетіне берілуі тиіс. Қаржылық есеп беру жалпы
есеп беру болғандықтан оның ешқандай коммерциялық құпиясы жоқ, оны қажетті
жағдайда серіктес кәсіпорын немесе мүдделі тұлға талап ете алады.
Компания басшылығы, ҚЕХС сәйкес тек қаржы есебін дайындау мен ұсынуға
ғана емес, сонымен бірге қаржылық есеп беру ақпаратына да жауапты.
Қаржылық есеп берудің құрамдық бөліктері өзара байланысты, оларды бір-
бірінен бөліп қарау мүмкін емес.
ҚЕХС негізгі мүмкіндіктерді анықтайды. Мысалы, қаржылық есеп беруді
құруда есептеу әдісі тек өткен операцияларды ғана көрсетіп қана қоймай,
ақша төлеу міндеттері мен келешекте алатын ақша қаражатында көрсетіледі.
Келісім-шарт нәтижелері және өзге жағдайлар түсуі бойынша есепті кезеңде
көрсетіледі. Есептеу әдісі қазақстандық бухгалтерлік есепте 1997 жылдан
бастап қолданылады. Есеп берудің кейбір ерекшеліктері мен белгілерін
атайық.
Сатып алудың нақты құны активтердің сатып алынған саласына немесе
эквивалентіне оларды сатып алудағы әділетті бағаны көрсетеді. Кредиторлық
қарыздардың айырбасқа түскен сома немесе істің әдеттегі барысында
жағдайында төленетін ақша сомасын немесе эквивалентін есептейді.
Қазақстандық бухгалтерлік есепте сатып алудың нақты құны бастапқы құн болып
есептелінеді [3].
Ағымдағы құн әдісін қолданған кезде актив немесе ұқсас активтер сатып
алғандағы ақша қаражатының саласын көрсетеді.
Ағымдағы құн есеп объектілерінің нарықтық құны пайдаланатын қалпына
келтіру құнын білдіреді.
Дисконттық құн әдісінде активтер қалыпты қызмет кезінде келешектегі
таза ақша түсімін көрсетеді.
Дисконттық баға – активтерді сатудан келешекте түскен ақша көлемі.
Дисконтталған баға болашақтағы бағадан артықтығын, соның салдарынан
пайыздық пайда алуға болатындығын көрсетеді. Кредиторлық қарыздар
келешектегі ақша ағымының дисконттық құнымен бағаланады, бұл қалыпты
жағдайларда кредиторлық қарыздарды өтеу үшін қажет. Бұл жағдайда арнайы
кесте арқылы есеп жүзеге асырылады. Негізінен бухгалтерлік есептің
қазақстандық тәжірибесінде дисконттық баға қолданылмайды.
Бухгалтерлік есептің қазақстандық жүйесінде капиталды қолдау қағидасына
көңіл бөлінбеген. Осыған байланысты бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесін
тереңдете реформалау халықаралық практикада қолданылатын қаржылық есепке
көшудің маңызы зор екендігін көрсетеді.
11.06.04 жылғы №562 ҚР Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есеп
заңына өзгерістер мен қосымшалар заңының енгізілуіне байланысты Қазақстан
мекемелерінің кезеңмен ҚЕХС көшуін қарастырады.
- Барлық ұйымдар мен мекемелер 2008 жылдың 1 қантарынан бастап ҚЕҰС
өтеді.

2. Кәсіпорынның қорларын тиімді пайдаланудың есебі
2.1 ҚЕ 2 ҰС бойынша баланстың Қысқа мерзімді активтер бөлімін
трансформациялау

Баланста дебиторлық берешек құрамына тек сауда берешектері, яғни сатып
алушылар мен тапсырысшы-лардың берешектері кіреді. Өзге дебиторлық бере-
шектер өз кезегінде басқа да қысқа мерзімді актив-тер болып табылады.
Мұндай активтердің құрамына сондай-ақ есеп беруші тұлғаның берешегі,
мойындал-ған талаптар бойынша берешек және т.б. кіреді.
Осылайша, 2-ҰҚЕС-на сәйкес дебиторлық берешек-ке есептелуі қажет және
сәйкесінше күмәнді қарыз-дарға резерв есебінде көрініс табуы қажет.
Жоғарыда қарастырылғандай, қысқа мерзімді деби-торлық берешек құрамына
тек қысқа мерзімді (өтеу мерзімі 12 айға дейін) сауда берешегі (сатып
алушылар мен тапсырысшылар) жатқызылуы қажет.
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегі күмәнді берешектің затын
бекітудегі талдауға жата-ды. Әлемдік тәжірибеде күмәнді қарыздар бойынша
резервтерді қалыптастыру ретінде екі әдіс: өтеу мерзімі бойынша және сату
шамасы бойынша әдістері қабылданған.
Күмәнді қарыздар бойынша резерв дебиторлық бере-шектің өзінің есебінің
шотына контршот болып табы-латын шотта есепке алынады, сондықтан баланста
бұл шоттар жиналады және дебиторлық берешектің шамасы таза күйінде
көрсетіледі.
Бұрын қолданылған стандарттар бойынша өзге дебиторлық берешекті бағалау
және мойындау тәртібі 2-ҰҚЕС бойынша бағалау мен мойындау тәртібінен еш
айырмашылығы жоқ. Сондықтан бұл жерде қайта есептеудің қажеті жоқ.
Жеткізушілермен мойындалған талаптар, оларды қайтарып алу кепілдігі
болмағандықтан, компанияның ак-тивтері құрамында мойындауға жатпайды.
Компания есеп саясатында күмәнді қарыздарға резервін есептеу әдісін
(етеу мерзімі және сату шамасы бойынша) ескеруі қажет.
ҚР Қаржы министрінің 23.05.2007 жылғы № 185 бүйрығымен бекітілген, 2008
жылғы 1 қаңтардан бас-тап күшіне енетін жаңа терт мәнді белгісі бар шот-
тардың үлгілік жоспарында (бұдан әрі - шоттардың жаңа үлгілік жоспары) ақша
қаражатын есепке алу үшін 1200-Қысқа мерзімді дебиторлық берешек кіші
белімінің ішінен шоттардың мынадай топтары көзделеді:
1210-Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық
берешек тобы;
1220-Еншілес үйымдардың қысқа мерзімді дебиторлык берешек тобы;
1230-Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді
дебиторлық берешек тобы;
1240-Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық
берешек тобы;
1250-Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешек тобы;
1260-Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек тобы;
1270-Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар тобы;
1280-Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек тобы;
1290-Күмәнді талаптар бойынша резерв тобы.
Компания оларға төрт мәнді белгі қоя отырып, әр топтың құрамында өзіне
қажетті синтетикалық шот-тар ашуы тиіс.
2-ҰҚЕС-ның қорлар есебі бөлімінде бүрын қолданылған 7 Тауар-
материалдық қорлардың есебі ҚБЕС-нан еш айырмашылығы жоқ. 2-ҰҚЕС-на сәйкес
қорлар - бұл активтер:
1. қарапайым қызмет кезінде сату үшін арналған;
2. ендіріс процесі кезінде осындай сатуға.немесе;
3. өндіріс процесі кезінде немесе қызмет көрсету ке-зінде қолдану үшін
арналған материал және шикізат түріндегі активтер.
Активтер - бұл олардан болашақ экономикалық пай-да күтілетін, өткен
оқиғалар нәтижесінде компания ба-қылай алатын:
1. активтермен байланысты болашақ экономикалық пайда түсімінің ықтималдығы
бар;
2. құн сенімді елшенуі мүмкін ресурстар екенін еске саламыз.
Шикізат және материалдар ендіріс процесінде кол-дану үшін арналған
активтер болып табылады; тауарлар қарапайым қызмет кезінде болашақта қайта
сату үшін сатып алынады; дайын өнім және аяқтал-маған өндіріс компания
қызметінің нәтижесі болып табылады және, соңғысы қарапайым қызмет үшін
арналған. Осыған байланысты қорлар құрамында мойындалған барлық активтер
ҚБЕС негізінде 2-ҰҚЕС-на сәйкес мойындалған талаптарын қанағат-тандырады.
ҚБЕС бойынша құрастырылған баланстың басқа баптарының құрамына 2-ҰҚЕС
бойынша қорлар құрамына кіруі мүмкін активтер ескерілмеген.
2-ҰҚЕС-на сәйкес компания қорларды екі шаманың азы бойынша елшеуі
қажет: аяқтау және еткізуге мүмкін шығындарды шегергендегі өзіндік құн және
сату бағасы.
Бұл дегеніміз, сақтық принципіне сәйкес баланстағы активтердің көлемін
есіруге болмайды.
Қорлардың өзіндік қүнының қүрамына сатып алуға, қайта өңдеуге барлық
шығындар және ағымдағы жағ-дайына дейін дайындау және қазіргі орналасқан же-
ріне дейін қорларды жеткізу мақсатында ендірілген өзге шығындар кіруі
қажет.
Компания сонымен қоса әрбір есептік кезеңде қорлардың құнсыздануының
болған-болмағанын, яғни қорлардың құрамындағы шығындар қаншалықты өтеле
алатынын (құнсыздану бүзылу, ескіру немесе сату бағасының темендеуі
есебінен болуы мүмкін) анықтауы қажет. Қорлар бабының (немесе бап топтары)
құнсыздануы болған жағдайда, стандарт компанияның қорларды аяқтау және
өткізуге шығынды шегеріп тастағандағы сату бағасы бойынша өлшеуді және
құнсызданудан залалды мойындауды міндеттейді.
ҚБЕС бойынша да өлшемнің неғұрлым азы бойынша есеп қарастырылды, бірақ
ісжүзінде ұйым қорлары-ның қайта бағалануы жүргізілмеді.
Өткізудің таза құны - бұл қорлар нарықта сатыла алу мүмкін құн.
Өткізудің таза құнын сарапшылар-ды тарту арқылы анықтауға болады, ол мүмкін
бо-латын ұқсас активтердің құны туралы ақпаратты қолдану арқылы мүмкін
болады. Өткізудің таза құны активтерді сатуға дайындауда мүмкін болатын
шығын елшеміне (мысалы, орап-буу, жиынтықты-лау, қайта өңдеу, және басқа да
ұқсас шығындар) азаяды.
Біздің мысалымызда компания 2007 жылдың 31 қарашасындағы жағдай бойынша
өзінде бар қорлардың қайта есептеуін жүргізді.
Кәсіпорынмен шығарылатын өнімнің нарықтық құны төмендеді, бірақ та
езіндік құн оны сатудың мүмкін болатын құнынан аспайды. Осы жағдайдан көріп
отырғандай, дайын өнім де, аяқталмаған өндіріс те арзандатуға жатпайды.
Көбіне қысқа мерзімді активтерге қысқа мерзімді болып табылатын
активтер (тәртіп бойынша, есептік күннен кейін 12 ай мерзімі ішінде
қолданылатын не-месе есептен шығарылатын болады) жатқызылады және ағымдағы
активтер бөлімінде басқа баптар құрамына қосыла алмайды.
2-ҰҚЕС-на сәйкес ұқсас баптарды тану мүмкіндіктерін бағалау үшін
олардың тану өлшемдеріне сәйкестігін:
- активті қолдану нәтижесінде экономикалық пайданың түсімі
күтілетіндігін;
- активтің құны сенімді анықталуы мүмкіндігін тексеру керек.
Және алдын ала теленген шығыстар және тауарларды жеткізу бойынша
аванстар танудың жоғарыда көрсетілген елшемдеріне жауап береді: олардың
құны нақты анықталуы мүмкін; экономикалық пайда түсімі болатыны анық.
Қандай да бір себептерге байланысты өзінің міндеттерін орындай алмайтын
жеткізушілерге төленген аванстар немесе алдын ала төленген шығыстар бойынша
ережеден айырмашы-лықтар болуы мүмкін.
Бұл жағдайда актив таныла алмайды және бөлінбеген пайдаға үмітсіз
борыштар ретінде есептен шығарылуы қажет.
Қаржылық есептің өзге баптарында көрініс таппаған барлық қысқа мерзімді
активтер езге қысқа мерзімді активтер құрамында есепке алынуы мүмкін. Оған
банкке салынған шетелдік қызметкерлерден Қазақстан Республикасына тартылған
депозиттер мысал бола алады (егер депозит мерзімі 12 айдан аспаса немесе
белгілі бір мерзімге бекітілмесе).
Берілген жағдайлардағы ұқсас баптарды бағалаудағы қиындықты шетел
валютасында берілген аванстар ғана тудырады. Өйткені 2-ҰҚЕС-на сәйкес
тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) үшін жеткізушілерге аванстар монетарлық
емес баптар (ақшалай қаражаттарсыз етеуге жата-ды) болып табылады, олар
шетел валютасының бағамының езгеруі кезінде қайта бағаланбайды. Мүндай
баптар тарихи құны бойынша есепке алынады.
Есеп саясатында сатуға арналған езге қысқа компания қабылданған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді активтер есебінің әдістемесін зерттеу
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Қаржылық есептеме
Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны
Кәсіпoрындaғы бухгaлтерлік есепті ұйымдaстыру және есеп сaясaты
Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті
Мүлікке салынатын салық
Ұйымның міндеттемелер есебі мен аудитті ұйымдастырудың әдістемесі және оларды жетілдіру жолдары
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Дебиторлық борыштар есебінің аудиті
Пәндер