Басқарушылық есеп бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі ретінде


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
I БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕП БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ4
1. 1 Басқарушылық есеп туралы жалпы ұғым4
1. 2 Басқарушылық есептің әдістері мен тәсілдері7
II ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ10
2. 1 Шығындардың жіктелуі (классификация) және тәртібі10
2. 2 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау17
2. 3 Ақау, ысырап және тауарлы - материалдық қор қалдықтарының есебі25
ҚОРЫТЫНДЫ28
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР29
КІРІСПЕ
Қазіргі заманда мемлекеттің дамуы үшін бухалтерлік басқарушылық есепке үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев кәсіпкерлерге үндеуінде есепті, есеп беруді жетілдіріп, халқаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталады. Ол өзінің бұл үндеуінде қаржылық есеп беруді жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қойған жоқ, сондай-ақ әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдай білуге шақырды.
Қайта құру жылдарында көптеген фирмалар әр қилы меншік түрлерін тудырады, олардың көбі соңғы он жылда бәсекелестікке төтеп бере алмады.
Нарықтық және экономикалық факторларға қарсы тұра алатын бірқатар аса ірі фирмалар бар. Тек аса ірі компаниялар ғана нарыққа елеулі ықпал ете алады, алайда мұндай компаниялардың саны аз.
Негізінде бұлар (компаниялар) мұндай мүмкіндігі жоқ аса үлкен де емес. Сондықтан олардың негізгі міндеті - нарық проблемаларымен «сыйысу» болып отыр және ең жоғарғы деңгейдегі экономикалық пайданы алу үшін нарық факторларын өз пайдаларына айландыруды көздейді.
Бәсекелестіктермен нарық жағдайының өзгеруіне қарсы тұра алмаудан және басшылықтың жетіспеушілігінен кәсіпорын күйреуге ұшырайды. Басқа субъектімен өзара әрекет тудыру мақсатында кәсіпорынға ықпал ететін менеджмент (басшылық) маңызды рөл ойнайды. Оның міндеті - кәсіпорын жұмысына қолайлы мүмкіндік іздестіру (тудыру), сондай - ақ оны (кәсіпорын жұмысын) тиімді тәсілмен басқару және үйлестіру болып табылады.
Осыған байланысты қаржы қызметі және қаржы менеджменті сияқты аса маңызды да өзекті мәселелерге, сондай - ақ қаржылық және басқарушылық есепке үлкен мән беріледі, өйткені бұл жалпылай және оперативтік басшылық үшін менеджерлердің қажеттіліктеріне сай келеді. Оның ішінде атқарымдық (функциональды) менеджмент, шығындарды басқару, әулетті (потенциальный) мүмкіндіктерді дамыту және оны субъектінің пайдаға асыруы, шығын калькуляциясы, қаржылық өндірушілікті қадағалау, басқарушылық шешімді қабылдаудың негізгі ретіндегі экономикалық талдау, стратегиялық есеп (әрекет ету нұсқаларын баламалы (альтернативта) таңдау үшін) және басқарушылық бақылау мәселелерін қарастыру қажет. Бұлар одан әрі өңдеуді (жетілдіруді) талап ететін негізгі мәселелер тобы болып табылады.
Шаруашылық жүргізу жағдайында субъект басшысының басқарушылық шешімді қабылдауда жауапкершілігі артады. Кәсіпорынды тиімді әрі оперативті басқару үшін қаржылық есеп беруде келтірілген ақпарат жеткіліксіз.
Сатуға жататын өнімді жоспарлау сомасындағы басқарушылық шешімді қабылдауға, баға қалыптастыруға, шектеу факторлары қоса ескерілетін өнім құрылымын анықтауға, бизнес пен күрделі қаржы жұмсалымдарының құрылымын өзгерту (реструктуризация) туралы шешуге және басқарушылық есеп шешуге тиісті басқа мәселелерге қажетті әлдеқайда барабар (адекватты) ақпаратты алу қажеттілігі туады.
Басқарушылық есеп басқару процесін есептік процеспен байланыстырады. Сондықтан бухгалтер басшылардың ақпараттық қажеттіліктерін анықтап, оларға керекті ақпаратты (қандай ақпаратты және қандай көлемде әзірлеу қажет) тез тауып беруі керек.
Бұл есеп екі аспектіде - субъектінің ақпараттық жүйесінің бөлігі ретінде және басқарушылық шешімді қабылдау, қызметті жоспарлау, оперативтик басқару мен бақылауға көмектесу, субъект қызметкерлерін межеленген шараларға ынталандыру, жекелеген бөлімшелерді, басқару аппаратын және жекелеген қызметкрлерді қызметпен қамтамасыз етуді (функционирования) бағалау және талдау үшін басшылар мен менеджерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатындағы қызмет ретінде қарастырылуы керек.
Басқарушылық есеп мына принциптерге сәйкес ұйымдастырылады: субъекті үздіксіз қызмет етеді; жоспарлауда және есепте өлшеудің біркелкі бірліктерін пайдалану; тұтас субъект пен құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелерін және шығынды бағалау әрі талдау; бастапқы және аралық деректерді жинау, өңдеу және тапсыру процесінде оларды жиі пайдаланудағы сабақтастық; субъект ішінде коммуникация жүйесін ұйымдастыру; ақпараттардың жеткіліктігі және талдамалығы; өндірістік және коммерциялық циклды аңғаратын кезеңдігі; шығындар мен нәтижелерді сметалық басқару.
I БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕП БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ
1. 1 Басқарушылық есеп туралы жалпы ұғым
Басқарушылық есеп - субъект ақпарат жүйесінің құрамдық бөлігі.
Басқарушылық есеп - бұл идентификация, өлшеу, жинау, талдау, жіктеу, интерпретация (түсіндіру) және қандай да бір объектіні (яғни, ішкі есеп) басқаруға қажетті ақпаратты тапсыру.
Өндірістік есептің мақсаты - өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау. Алайда өндірістік есептен алынған ақпаратты менеджерлер сату бағасын белгілеу, пайданы есептеу және т. б. үшін қолданады. Сол себепті, өндірістік есеп - бұл басқарушылық есеп қосу (плюс) қаржылық есептің бір бөлігі.
Кәсіпорынды басқаруға қажетті барлық ақпаратты бухгалтерлер дайындайды, осыған байланыстырлылған кәсіби қызмет «эккаунтинг» деп аталады. Бұған есеп беруді жұмсау жұмысы, субъектінің қаржылық жағдайын талдау, жоспарлау жұмысы, субъект қызметін бақылауға байланыстының барлығы қатысты болады.
Басқарушылық есептің объектісі - бұл шарушылық жүргізуші субъектінің және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелері мен шығындары, баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру.
Басқарушылық есептің пәні - объектілерінің жиынтығы және өндірісті басқарудың толық кезеңді процесіндегі оқиғалар.
Басқарушылық есептің негізгі тапсырмалары (міндеттері) - есеп, жоспарлау, бақылау, талдау және субъект пен оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызмет нәтижелері мен шығындары туралы деректерді бағалау; аса қажетті басқарушылық шешімді жедел (оперативті) қабылдау үшін ақпарат беру.
Басқарушылық есептің принциптері - субъектінің үздіксіз қызмет етуі; жоспарлау мен есепте өлшеудің біркелкі бірліктерін пайдалану; тұтас субъект және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік нәтижелері мен шығынды бағалау және талдау; алғашқы және аралық деректерді жинау, өңдеу, тапсыру процесінде оларды сабақтастырып жиі пайдалану; субъект ішіндегі коммуникация жүйесін ұйымдастыру; ақпараттардың жеткіліктілігі және талдамалығы; өндірістік және коммерциялық циклдерді бейнелейтін кезеңдігі; субъект қызметінің нәтижелері мен шығындарын сметалық басқару.
Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Респуликасында шаруашылық жүргізуші субъектілер заңды және экономикалық дербестік алады. Бұл олардың өзіндік әлеуметтік даму бағдарламалары мен жоспарларын құру әрекеттерінен, баға белгілеудегі стратегияны анықтаудан, субъект басшыларының басқарушылық шешімді қабылдауға асқан жауапкершілікпен қарауынан байқалады. Өндірістік қызметті тиімді басқару үшін жекелеген бөлімшелер мен қызметтерді белгілі бір ақпараттармен қамтамасыз ету аса қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, күрделі өндірістік құрылымға ие субъект өзінің қызметіндегі қаржылық нәтижелер мен шығындарды оңтайландыруға және орнықты экономикалық шешім қабылдауға септігін тигізетін экономикалық және қаржылық ақпараттарды жедел алуға мұқтаж. Алайда, өндірістік - шаруашылық қызметті дамыту мен ұымдастыру бойынша басшылық қабылдаған шешім әрдайым орнықты сипатта болмайды және арнай өндірістік есепсіз қабылдаудың салдары субъект қызметін жағымсыз нәтижаелерге жиі ұрындырады.
Оперативті басқаруға қажетті ақпарат бухгалтерлік есептің бірден бір келешегі зор бағытына жататын басқарушылық есеп жүйесінен табылады. Әйтсе де бұл отандық есеп дамуның тіпті де жаңа бағыты емес. XX ғасырдың басында бухгалтерлік қызметтің функциясы одан кейінгі жылдарға қарағанда әлдеқайда ауқымды болды - бухгалтер тек есеппен айналысып қана қойған жоқ, ол, сонымен бірге, жоспарлы талдамалы жұмыстармен де шұғылданды. Алайда, социолистік жүйедегі шаруашылықта жоспар және қаржы бөлімдері бөлініп, нәтижесінде бухгалтердің қызметі шаруашылық процесіндегі фактілерді есептік тіркеуге алып отырумен шектеліп қалады.
Қазақстан халықаралық есеп жүйесіне көшкеннен кейін жағдай жақсы жағына өзгеріп, бухгалтерлік - басқарушылық есептің біртұтас жүйесіндегі әдістерді интеграциялауға мүмкіндік алды. Әр түрлі оперативті экономикалық шешімдерді қабылдау үшін менеджерлер мен басшыларға кәсіпорынның өндірістік әрі қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды мәліметтер керек.
Бұл бухгалтерлік есеп жүйесінен басқарушылық есепті элемент ретінде бөліп қарастыруға мүмкіндік тудырады.
Амеркандық бухгалтер ассоциациясының берген анықтамасы бойынша, бухгалтерлік есеп - бұл ақпараттарды, есептеулерді және көрсеткіштер бағасын сәйкестендіру (идентификация) процесі, бұл ақпараттар көрсеткіштерін өңдеу, негіздеу және шешім қабылдауда пайдалану. Ал, басқарушылық есеп - бұл басқаруда шешім қабылдауға, жоспарлауға, бақылауға және қызметті реттеуге көмектесетін ақпараттармен қамтамасыз ету жүйесі. Оған басқарушы қызметкердің өз қызметін орындауына аса қажетті анықтау, өлшеу, жинау, талдау, әзірлеу, түсіндіру, ақпаратты тапсыру және қабылдау жатады. Ол зерттеудің жүйесі мен және саласы болып табылады.
Есеп беруді жасау және оның сыртқы көрсеткіштерін ұсыну қаржылық есептің айрықша құқы болып табылады.
Бухгалтерлік есеп қаржылық ақпараттың сипаты және көлеміне байланысты. Субъект оны әр түрлі категориядағы адамдарға, мысалы, кредит беретін инвестицияны жүзеге асырушыға немесе қызметті бірігіп жүргізуге пайдалануға береді.
Әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдау кезінде олар әр қилы деңгейде қаржылық және субъектінің басқа есеп беру құжаттарына сүйенеді.
• іштей пайдаланушы;
•сырттай пайдаланушылар.
Өз кезегінде бұл топтар пайдаланушылардың екі категориясына бөлінеді.
• субъектіні басқарушы.
• субъектіден тыс болса да, оған тікелей қаржылық мүддесі бар;
• субъект қызметіне жанама қажылық мүддесі барлар.
Тікелей қаржылық мүддесі барлардың категориясына жататындар:
• нақты және әулетті инвесторлар;
• нақты және әулетті кредиторлар;
• сатып алушылар;
Жанама қаржылық мүддесі барлардың қатарына кіретіндер:
• салық органдары;
• реттеуші органдар;
• статистикалық органдар;
• басқа топтар (аудитор, кеңес берушілер, тұтынушылар және т. б. ) .
Қаржылық есеп беруді әзірлеу және ұсыныу жауапкершілігін субъект басшысы арқалайды.
Басқарушылық есеп - бұл есептік процесс пен субъектіні басқаруды байланыстырушы буын.
Басқарушылық есептің объектілеріне кәсіпорын мен оның жекеленген құрлымдық бөлімшелері - жауапты орталықтардың шығындары; тұтас субъектінің және оның құрлымдық бөлімшелерінің (жауапты орталықтарының) шаруашылық қызметтерінің нәтижелері; трансферттік бағаны пайдалануды ұйғаратын ішкі баға белгелеу; бюджеттеу, болжа және іштегі есеп беру жатады. Басқарушылық есептің ең маңызды функцияларының бірі - бұл калькуляциялау, яғни өнімдердің (жұмыс, қызмет) жекеленген түрлеріндегі бірліктердің өзіндік құнымен экономикалық есеп айырысу жүйесі.
Орындалған есеп айырысу базасында бір тапсырманы шешудің әр түрлі баламалы нұсқаларын кездестіруге болады және олардың ішінен оңтайлысын іріктеп алып, тиімді басқарушылық шешімді жедел қабындау керке. Шешім қабылдау тәжірбиесі баламалы нұсқаларды салыстырып бағалауды және олардың ішінен оңтайлысын іріктеп алуды ұйғарады. Бұл үшін жіберілген пайдаларды да қоса ескеретін, барлық баламалы нұсқалар бойынша алдағы кезде болуы мүмкін шығындар туралы ақпарат аса қажет.
Басқарушылық есеп негізінде (базасында) мыналар шешімін табады:
1) оперативтік тапсырмалар:
залалсыздық (безубыточность) нүктесін анықтау;
өнім шығарылымын жоспарлау;
өнім құрылымын анықтау;
қосымша тапсырыстардан бас тарту немесе алу (тапсырыс беру) ;
бәсекелестік жағдайда баға белгілеу бойынша шешім қабылдау.
2) ұзақ мерзімді стратегиялық маңызы бар келешек сипатындағы (келешектегі міндеттерді көздейтін) тапсырмалар:
күрделі салымдар (капиталовложения) ;
бизнесті қайта құрылымдау (реструктуризация) ;
өнімнің жаңа түрлерін игерудің мақсатқа лайықтылығы;
Қазіргі заманның экономикалық әдебиеттерінде «өндірістік» және «басқарушылық» есеп ұғымдарын қатар қарастыру жиі кездеседі. Алайда бұлай қарастыру дұрыс емес, өйткені тарихи қалыптасуы бойынша өндірістік есеп - бұл басқарушылық есептің ізашары болып табылады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі заман жағдайында өндірістік есепке үлкен талап қойылады, өйткені ол өндіріс шығындарын қадағалайды, өткен кезеңмен, сметамен немесе болжаумен салыстыру арқылы артық шығынның есебін талдап, оны кемітудің жолдарын іздестіреді.
Өндірістік есептің негізгі бөлімдеріне жататындар:
түрлер бойынша шығын есебі - өнімді өндіру процесінде кәсіборынның қай тобында шығын шыққанын көрсетеді;
пайда болу орны бойынша шығын есебі - шығын пайда болған орны бойынша оны жекелеген бөлімшелерге таратуға мүмкіндік береді;
шығын шегушілер бойынша шығын есебі - қандай да бір нақты өнімнің немесе орындалған нақты тапсырыстың өндірістік бірлігіне байланысты барлық шығындарды анықтауға ұйғарады.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: өндірістік есеп аясында ғана оған келетін табыс және рентабельдік деңгейдегі өнім бірліктерінің өзіндік құнын есептеуге болады. Алайда өндірістік есеп - бұл субъектінің тек жеке өзінің ғана мақсаты (самоцель) емес. Оның ақпараты менеджерлерге оперативті өндірістік шешім қабылдау үшін керек.
1. 2 Басқарушылық есептің әдістері мен тәсілдері
Басқарушылық есептің пәніне өндірістік басқару процесінің барлық кезеңіндегі объектілердің жиынтығы жатады. Пән мазұнында оның үш топқа бөлуге болатын көп объектілері бар:
1. Өндірістік ресурстар. Ол объектінің шаруашылық қызметі процесінде адамдарды мақсатқа сай еңбекпен қамтамасыз етеді. Оған жататындар:
негізгі құрал - еңбектің құнын елемейтін, пайдалы қолдану мерзімі жылдан асатын еңбек құралы, оның жағдайы және пайдаланылуы;
материалдық емес активтер - ұзақ мерзімді жұмсалым объектісі, оның жағдайы және пайдаланылуы;
материалдық активтер - еңбек құралының көмегімен өндіріс процесінде өңдеуге арналған еңбек пәні.
2. Шаруашылық процестері және олардың нәтижелері жиынтығында субъектінің өндірістік қызметін құрайды. Бұлар:
дайындау процесі - алу, сақтау, өндірістің шикізатпен, материалдармен, отынмен, өндірістік жарақтармен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілуі, маркетингтік қызмет;
өндіріс процесі - өнім (жұмыс, қызмет) өндірудің технологиясымен шарттасылған. Ол шығарылған өнімдерді жетілдіру және жаңаларын әзірлеу бойынша негізгі және қосалқы операциялардан тұрады;
қаржылық-өткізушілік қызмет - бұл өнімді өткізу, буып-түю, тасымалдау, жарнамалау сапасын арттыру, тұтынушылармен тікелей байланыс орнату бойынша нарықты қалыптастыратын маркетингтік қызметтер.
Ұйымдастырушылық топ - субъектіні заңды тұлға ретінде, оның құрылымын, бөлімдерін, қызметін, учаскесін жасау; жоспарлау, бақылау, жоспардың орындалуын бағалау, ынталандыру, субъектінің мақсатына жетуді көздеген орындаушылардың әрекеттерін іштей үйлестіру қызметтеріне сәйкес құрылымдық бөлімшелердің арасында ақпараттық жүйені ұйымдастыру.
Басқарушылық есеп пәніне субъектінің ақпарат жүйесіндегі басқарушылық есеп объектілерінде көрініс табатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы жатады.
Басқарушылық есептің негізгі әдістері:
құжаттау - алғашқы құжаттар мен басқарушылық есепке субъектінің өндірістік қызметін толық бейнелеуге кепілдеме беретін машиналық ақпарат құрылғысы;
түгендеу - объектінің нақты жағдайын, сондай-ақ есептік құндардан ауытқуды, ескерілмеген құндылықтардың дерегін, шығын, кем шығуды, тлан-таражды анықтау тәсілі. Ол құндылықтардың сақталуына ықпал етеді, олардың пайдалануын бақылайды, есептік ақпараттың толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді;
бағалау, топтау және қорытындылау, бақылау шоттарын пайдалану - объект туралы мына белгілер бойынша ақпараттарды жинастырады және жүйелейді:
― өндірістің өзіндік ерекшелігі;
― басқарудың технологиялық ұйымдастырушылық құрылымы, басқару жүйесінің мақсаты қызметі.
Топтастырылған ақпарат оперативтік және стратегиялық шешім қабылдауға керекті қызмет нәтижесін бағалауда пайдаланады.
Бақылау шоты - бұл есептік кезең операцияларының қорытынды сомасы бойынша қорытынды шот. Бұл қаржылық және басқарушылық есептердің байланыстыру буыны (журнал-ордердегі жазумен, материалдық атауы мен бақылау шоты бойынша жинақтаушы тізімімен хронологиясы сәйкес келуге тиісті материалдардың қоймалық есеп карточкалары) ;
жоспарлау - субъектінің мүмкіндігін нақық жағдайымен сәйксетендіруеге бағытталған үздіксіз циклды процесс. Ол болашақтағы проблемаларды шешумен тікелей байланысты;
мөлшерлеу - барлық ресурс түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған оңтайлы мөлшерлік пен нормативтердің ғылыми негізделген есебі және шығынды өнімге айландырудың әлдеқайда өнімді (ұтымды) жолын іздестіру;
лимиттеу (шектеу) - қор мен шығын мөлшерлік жүйесіне негізделген материалдық шығындарды бақылау. Лимит - бұл технологиялық құжатпен белгіленген және өнім шығарылымының ассортиментіне қарай әрбір өндірістік бөлімшелерге жоспарланған өнім бірлігіне кететін ресурстардың шығын нормасы;
талдау - барлық қалған элементтермен өзара әрекеттеседі, талдау процесінде жоспарлы тапсырманы орындау бойыншы, тиісті басқарушылық шешімді қабылдауға керекті өндірістік нәтижеде өзгерістер тудыратын ауытқулар мен себептер бойынша бөлімшелердің арасынағы өзара тәуелділік пен байланысты анықтайды;
бақылау - белгіленген тапсырманы орындауға бағытталған жоспарлау мен талдаудың аяқтаушы кезеңі (этап), пайда болған ауытқуларды ашуға және жоюға мүмкіндік береді.
Өндірістің мына түрлері бар:
1. Негізгі - шығарылуы үшін кәсіпорын құрыған өнімді, сондай- ақ сатуға және ішкі зауыттық тұтынуға (литтік, ұсталық, престеу, цехтарына) қажетті жартылай өнімді дайындуға арналған.
Қосалқы - өндірістік процеске аса қажетті шыныққан жұмысшылары, құралсайманы, аспаптары бар оқшауланған кәсіпорын, кәсіпорын негізгі өндіріске арналған өнімді өндіреді және оны мына топқа өткізеді (механикалық - жөндеу, аспаптық, электрмен жүретін көлік цехтары және т. б. ) .
Бұған қоса кәсіпорында (негізгі және қосалқы өндірісте) мыналар бар:
а) қосалқы цехтар (побочные цехи) - қалдықтарды кәдеге жаратады (мақтаның қалған құтқанын вата (мақта) өндіру цех және т. б. ) ;
ә) қосалқы (подсобное) - өнімді негізгі материалдан, алайда негізгі және қосалқы өндірістерде пайдаланған, материалдардан дайындайды (тараны және буып - түйу материалдарын дайындайды) ;
б) экперименттік тәжірбиелі цехтар - тәжірибелік үлгілерді дайндайды және әр түрлі эксперименттік жұмыстарды орындайды.
3. Қосалқы өндіріс - өндірістік процеске аса қажетті шыныққан жұмысшылары, құрал - сайманы, аспаптары бар ұйымдасқан - оқшауланған кәсіпорын, негізгі өндіріске қажетті өнімдерді өндіреді және оны мына тараптарға өндіреді (ашық кеніш, ағаш өндіру шебрханалары, кірпіш және т. б. ) .
1. Жеке (жеке - дара) - өнім жеке даралармен немесе аса көп емес, қайталанатын партиямен дайындалады (бірегей станок, турбин өндірудегі ауыр машина жасау), бұл арада цехтардың тұрпаты нақты мамандандырылудан айырылған, бұйымдардың және олардың бөліктерінің көп бөлігі өндіріледі, әзірлеу және аяқтау жұмыстарына үлкен шығын кетеді, өндірістік кезең ұзаққа созылады.
2. Сериялық өндіріс - біркелкі бұйымдарды әзірлеу және шығару кезеңдік қайталануымен сипатталады. Сериялардың мөлшеріне байланысты сериялық өндірістің үш түрін бөліп көрсетуге болады:
а) ірі сериялық өндіріс ( өнім үзіліссіз жыл бойы дайындалады) ;
ә) сериялық (мамандандырылуы тар болады, ал өндірістік желілер мен цехтардың пәндік және технологиялық мамандандырылуы болады) ;
б) ұсақ сериялы (ұсақ сериядағы өнімдерді шығару жеке-дара өндірістен келген формамен шығарылады) .
Сериялық өндірісте шығын есебінің мөлшерлік немесе қайта бөлу (попередельный) әдісі қолданылады және өнімнің өзіндік құны калькуляцияланады.
3. Жаппай өндіріс - уақыт кезеңінің ұзақтығында (ұзақты күні) біркелкі өнім дайындалады.
Сипаттық белгілері:
аса көп ассортиментінде өнім шығарылымының көлемі айтарлықтай (значительно) болады;
жабдықтардың жоғары деңгейде мамандандырылуы;
өндіріс ырғақтығының жоғары болуы.
Жаппай өндіру машина жасауда қолданылады (аспаптар, жабдықтар өндіреді) ; прибор жасауда, кондитерлік өнеркәсіпте және басқа өндірістерде қолданылады. Жаппай өндірісте шығын есебінің мөлшерлік әдісі және оның элементі қолданылады.
Ірі сериялы және жаппай өндірісте талдамалы есеп ауысым үшін өнімділік туралы рапорт ұштастырылған бағыттық құжатта жүргізіледі, ал жеке және ұсақ сериялыда - кесімді жұмысқа жүктеліммен (наряд) жүргізіледі.
II ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
2. 1 Шығындардың жіктелуі (классификация) және тәртібі
Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты.
Шығындар - активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы.
Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады.
Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі аса қажет. Бухгалтерлік есептің № 7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» стандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:
1) пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;
2) өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша - оның өзіндік құндарын есептеу үшін керек;
3) шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі бойынша - экономикалық элементтер және калкуляциялау баптарымен.
Сонымен бірге:
а) экономикалық элемет бойынша - өнім өндіру үшін қандай шығын кеткенін көрсетеді. БЕС 7-ге сәйкес мына экономикалық элементтер анықталады:
― материалдық шығындар;
― еңбекақы шығындары;
― аударым;
― құралдың тозуы;
― басқадай шығындар;
ә) калкуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылады.
БЕС 7-ге сәйкес оған жататындар:
― материалдар;
― еңбекақы;
― аударым;
― үстеме шығындар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz