Жиембет жырау


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ

(XVII ҒАСЫР)

Жиембет жырау Бортоғашұлы XVI ғасырдың соңғы ширегі, XVII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүреді. Алшын руын ежелден билеген ірі феодалдар тұқымынан шыққан Жиембет Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы батыры қызметін атқарады. Есімнің көрші хандықтармен арадағы соғыстарына қатысады, ерлігімен, іскерлігімен танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылы ойраттармен арада шыққан соғыста қазақтардың жауды ойсырата жеңуіне мұрындық болады. 1627 жылы Қазақ Ордасы құрамынан бөлініп, өз алдына тәуелсіз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басу кезінде де Жиембет елеулі роль атқарады. Алайда, көп ұзамай-ақ орталық үкіметке сөз жүзінде ғана бағынып, Кіші жүзде дербес билік құра бастаған Жиембеттің өзі де ханның қаһарына шалынады. Жыраудың інісі Жолымбеттің бір жеңілтек ісін сарайды қорлау деп санаған Есім бұл мәселеге Жиембеттің өзін де іліктіреді. Жырау ойраттармен шекара шығыс бетке айдалады

Ол ұзақ уақыт қуғында жүрді, сүйегі қазіргі Қарағанды және Семей облыстарының шекарасындағы Өгізтауда жерлеиген.

Бізге жеткен туындыларынан Жиенбеттің өлең сөзге шебер ақын болғаны көрінеді. «Есім ханға толғау», «Басы саудың түгел - дүр», «Қол, алғым бұғауда», т. б. Бұл өлең жолдарынан біз өз басының көңіл күйін, арман-мұңын жырлағанын көре аламыз. Жиенбет шығармаларының тарихи, жтнографиялық мәні де зор.

Жыраудың туған жеріне шынайы сүйіспеншілігі оның толғауларынан айқын көрінген. «Ханға қарсы тұрам деп» елінен айдалған батыр Жиембет:

Қайрылып қадам басарға Қиядан қолды көрсеткен

Күн болар ма екен мен сорға Төбеңе шығар күн бар ма,

Өзен, Арал жерлерім? Жотасы биік Дендерім?!-

деп шер төгеді, соларды бір көруді армандайды. Демек, жырау елі, жері үшін емірене ерлік жыр теккен, сол елдің елдігі, бүтіндігі жолында жырымен де, ерлігімен де қызмет еткен.

Жиембеттің көлемді бір толауы „Жақсы үгіт" жинағында 1908 жылы басылып шықты. Ол - жыраудың Есім ханға айтқан жыры. Сөэ болып отырған толғауына қарағанда, жырау жас кезде ханға қызмет етіп, оның сенімін ақтаған срлердің бірі болған. Хан қолымен бірге аттанып, ерлік жорықтарды басынан кешкен. Ол кезде ханға өз дегенін істеткендей ықпалы да болғанға ұқсайды.

Менің, ер екенімді көргенсің,

Әуелден бірге жүргенсің.

Дегенімді қылғансың,

Қайратымды білгенсің.

Өзінің сарай маңындағы орнын ханның есіне салып, оған адал қызмет еткен ердің бірі болғанын айтады. Тек оларға қас топтың сөзіне еріп, бекер жазаланып отырғаны, бұл достар арасына от салғандардың зұлымдығы екеніне ханның көзін жеткізбек болады. Ол өзінің бағасын біледі, елге де, ханға да керек адам екенін сездіреді.

Халық Жиембетті әділ би, шешен жырау, айлады, «аруақты» батыр деп дәріптейді.

XVII ғасырдан бізге жеткен мұралардың енді біразы Жиенбет Бортағашұлының есімімен байланысып жатады. Жиенбет те өзінің философиялық топшылауларында Асан Қайғы, Шалкиіз жыраулар шыққан биіктің деңгейінде көрінеді. Оның шығармаларынан дербесі билік құруды көксеген сол заманның өктем тұлғасынын, үні естіледі. Мәселен, оның інісі Жолымбетке айтқаң толғауында өз басының көңіл-күйін, толғаныс-тебіреністерін, арман-мұңың жырлайды.

Өмірінің соңғы жылдарында Жненбет жырау сірә, ханның қуғынына ұшырап, шет жерде жүрсе керек. Осы, жайт мына жолдардан жақсы аңғарылады:

Азап шектім аралда . . .

Қашырды бүйтіп елімнен . . .

. . . Қайырымсыз болған хандарға,

Тиер ме екен бір күні,

Жолбарыстай шеңгелім!

Жиенбет жырларынан да әртүрлі моральдық психологиялық топшылау - пайымдаулар, педагогикалық түйіндер, яғни келер ұрпаққа тәлім берер тамаша пікірлер де ұшырасады. Осы айтылғанға олай жырау толғауларындағы мына жолдарға бір сәт назар аударып көрелікші:

Менің ерлігімді сұрасаң,

Жолбарыс пенен аюдай,

Өрлігімді сұрасаң,

Жылқыдағы асау тайындай,

Зорлығымды сұрасаң

Мекіре менен жайындай,

Берікутігімді сұрасаң

Қарағай менен қайындай . . .

Бұларда өз заманындағы жас жеткіншектерге жан-жақты жетілген, елге қорған болатын батырлардың өнеге, үлгісі суреттеледі. Айлар, жылдар бойы шыдамдылыққа, жүректілікке, төзімділікке, қару-жарақты меңгеруге баулу арқылы ғана жас ұрпақты ел қорғаны етіп тәрбиелеуге болады. Жырау жастарды өзі секілді жауынгер, ер тұлғалы болуға шақырады. Мәселен, Жиенбет толғауындағы: «Менің ер екенімді көргенсің», «Сенсіз де күнім көрермін», «Қайратым қанша қайтса да, мұныңа ханым шыдаман», «Жолбарыстай Жолымбет», «Бас кессе де басылмай, ақ ісімді жасырмай», -деген жолдарда еркіндікті аңсаған намысқой, бір беткей батырдың бейнесі, үлгісі ұсынылады. Сөз болып отырған кезеңдегі ақын-жыраулардың дүние танымы мен философиялық бағыттары жайлы ғалым әрі белгілі ақын, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиенбет, Бұхарлар айтқан толғаулардың бізге жеткен бөлшектеріне қарап отырсақ, тыңдаушысын теңіздей шайқайтын терең ойлардың толқынында жүзгендей сезінеміз. Кейде жақыннан, кейде ишаратпен, кейде алысқа меңзеулер, әлде қандай, біз біле бермейтін арнаулы сөздерден жаралады да, өмір, тарих, қоғам, адам жөнінде ғажайып бір топшылаулар, толғау түюлер айтады. Бұл сөз болып отырған дәуірдегі ақын-жыраулардың дүние танымы жайлы айтылған байсалды ғылыми баға.

Бірақ қазақ ақын-жазушыларыцың философиялық түйіндеулері туралы айтқан пікірлерінің бір қайнауы әлі де жетісе қоймаған сыңаржақ тұжырым екендігі хақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиембет толғауларының тақырыбы
Жиембет Бартоғашұлы
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Жыраулар поэзиясы
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Жерұйық іздеген желмаялы Асанқайғы. Қызыл тілдің шешені Қазтуған жырау. Шәлгез (Шалкиіз) жырау. Жиембет жырау
Атақты жыраулар
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеялары
Доспамбет жыраудың толғаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz