Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы



КІРІСПЕ:
1. Негізгі бөлім:
1.1. Мемлекеттік бюджет
1.2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.3. Экономикалық бюджеттің сапалық сипаииамасы
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
2.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
3.1. Бюджеттің шығындары
3.2. Бюджет тапшылығы
Қорытынды: Республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстары
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жургізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдык қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарынын бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ езгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: Қазақстан, 2000.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
3. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. Қазақстан Республикасының кодексі. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2004 ж.
4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). — Алматы: ЮРИСТ, 2002.
5. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. — Алматы: 1999.
6. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник. — М.: 2001.
7. Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие. - Петербург: 2000.
8. Балабанов И. Т. Основы финансового менеджмента. Учебное пособие. - М.: 1999.
9. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2000.
10. Госшенко Л. Н. Страхование. Учебное пособие. — Алматы: 2003.
11. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. — М.: ЮНИ-ТИ, 2000.
12. Дюсембаев К.Ш. Ананлиз финансового положения предприятия. Учебное пособие. — Алматы: Экономика, 1998.
13. Елубаева Ж.М., Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. — Алматы: 2004
14. Заяц Н.Е., Фисенко М.К., Бондаръ Т.Е. и др. Теория финансов. Учебное пособие. — Мн.: Высш. шк., 1998.
15. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. — Алматы. Қаржы-қаражат. 1995.
16. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Алматы: 2005
17. Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета. Учебное пособие. — Алматы: Экономика, 2003.
18. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обес-печении устойчивого развития экономики Казахстана. — Алматы: 2002.
19. Құлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. — Алматы: Мерей, 2001.
20. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. В 4-х т. - Алматы: Экономика, 2002.
21. Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. - Алматы: Институт развития Казахстана, 2001.
22. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгал-терский учет на предприятиях. - Алматы: Центраудит - Казах-стан, 2002.
23. Финансы. Учебник для вузов. Под. ред. М.В. Романовского. - М.: Перспекгива / ЮРАЙТ, 2001.
24. Финансы, денъги, кредит. Учебник. Под.ред. О.В. Соколовой. - М.: ЮРИСТ, 2001.
25. Финансы. Денежное обращение. Кредит. Учебник для ву-зов. Под. ред. Л.А. Дробозиной. - М.: ЮНИТИ, 2000.
26. Қлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Оқулық. - Алматы: 2003.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ:
1. Негізгі бөлім:
1.1. Мемлекеттік бюджет
1.2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.3. Экономикалық бюджеттің сапалық сипаииамасы
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
2.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
3.1. Бюджеттің шығындары
3.2. Бюджет тапшылығы
Қорытынды: Республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстары

КІРІСПЕ

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жургізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдык қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарынын бұл жиынтығы
"мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек,
мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ езгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен
және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында қүнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі
үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де,
өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып
жатады.
1. Мемлекеттік бюджет

1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық- заттай турінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылган ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағьшында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор — бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен
айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекетік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен
бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет
бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық
табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша
қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау
жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет
қорларын белудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының
қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын
анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалык категория және мемлекеттің орталықтандырылган ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары —
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, ор-талықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі
қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды
орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ
қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары
мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы
жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын
Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық кәлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының
бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заң).
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған
жөн (1 сызбаны қараңыз).
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға
бағытталуы тиіс.
1 сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ

Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
қүралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен
етене байланысқан.

2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы
— бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының
жиынтығы — бюджет құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемелекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
- мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджеті;
- федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та — штаттардың, ГФР-да -
жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде -
федерация субъектілерінің бюджеттері);
- жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті
бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі
дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі
бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рел орталық бюджетте
сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан — федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер
жүмыс істейді (2 сызбаны қараңыз):
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.

2 сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік
бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың
республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында
болды.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара
өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті
бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және
бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер
кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
орталық буыны болып табылады. Бюджет — мемлекеттің қажетті атрибуты және
оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және
муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы
маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың
қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса
ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру
мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет — бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық
бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен
қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын
жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің
бюджеттері)—облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік
органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға
ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте
мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры
облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып
табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты
мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз
етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік
саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен
бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан
Республикасындағы тетенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген төртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс
жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше
мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып
табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар
шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген
мерзім ішінде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың
шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай
енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір
мезгілде төтенше жағдай енгізуге төтенше жағдайдың зардабы ұлттық
мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер
тендіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге
негіз бола алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің
өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау,
бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі,
дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет
жүйесінде неғүрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену
жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді.
Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге
бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің
жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс
көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына,
төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға,
сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын
жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай бюджет заңнамасын қолданумен, соның
ішінде Үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, бюджет процесін
жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет
жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық
саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты
болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды.
Бюджеттердің дербестігі қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы
түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын
анықтайды.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады.
Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді
шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы
барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының
бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті
бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге
бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-
экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты
функцияларымен, құзырымен анықталады. Бюджет қаражатта-рын пайдалана
отырып, өзара талаптарды есепке алу сияқты бюджет қаражаттары бойынша
талаптардан да шегінуге жол берілмейді.
Бюджеттің толықтығы (толымдығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын
шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында
белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз
етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық
кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік
қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін,
сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси
ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке
алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл
қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп
көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп
есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың
орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап
мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың-зейнетақы, әлеуметтік
сақтандыру және т.б. қорлардың қаражаттары енгізілген.
Реалистік қағидаты — параметрлердің экономиканың ағымдағы жай-күйінің
көрсеткіштеріне, сондай-ақ Қазақстанның және аймақтардың параметрлеріне
және әлеуметтік-экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің
реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы
Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік
жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі.
Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс,
бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы
жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке
алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын
ағымдағы жылға, анағұлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы
жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады.
Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы
тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Реалистік қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және
бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының
шынайы көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың
атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың болжамдары
мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік
резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар
бағыттарының есеп-қисаптарының негізділігімен анықталады.
Транспаренттілік қағидаты—бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы
есептемелерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты
міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық
бақылауды жүргізу.
Дәйектілік қағидаты дегеніміз мемлекеттік басқару органдарының бюджет
қатынастары сферасында бұрын қабылдаған шешімдерінің сақталуы.
Тиімділік пен нәтижелілік қағидаты—бұл бюджеттік бағдарламалардың
паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының
оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің
қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.
Басымдық қағидаты—бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың
әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.
Жауапкершілік қағидаты—бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет
заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.
Бюджеттердің жариялылығы қағидаты бекітілген бюджеттер мен алдағы
қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың
атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы)
бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің
және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар
бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың
тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы
тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін
қабылдайды және оның атқарылуы бюджет ресімінің қатысушылары үшін міндетті
болады. Заң, өткен кезендегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз
бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі,
оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және
оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар,
ақша эмиссиясы) жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара ұйлестірілген және
бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және Бюджет кодексінде, "Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы",
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" арнайы
зандарда және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып көрсетілген.
Нақтылы жағдайда бұл қағидаттардан жиі ауытқиды. Мысалы, кейде
бюджеттің бірлігі қағидатынан аутқиды, өйткені көптеген арнаулы және
бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Нақтылық қағидаты да өзінің маңызын
жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар
арқылы мемлекет қаржы қатынастарын саралауға ұмтылады.
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және
аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге
асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы
бюджетттік сыныптамамен айқындалады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама сыныптау
объектілеріне топтастыру кодтарын бере отырып функциялық, ведомстволық және
экономикалық сыныптамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын
топтастыру болып табылады. Ол кірістердің сыныптама-сынан, бюджет
шығыстарының функциялық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай
бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің барлық
деңгейлері бюджеттерінің көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз
етеді.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бірыңғай және бюджеттердің барлық
деңгейлері үшін міндетті болып табылады оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі
уәкілетті орган әзірлейді және республика Үкіметі бекітеді.Бюджет процесі
бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.
Бюджет түсімдерінің сыныптамасы бюджет заңнамасына негізделген барлық
деңгейлер бюджеттерінің түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша
топтастыру болып табылады. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы
санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады. Санаттар
түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыру болып табылады.
Сыныптар мен ішкі сыныптар түсімдерді оллардың көздері мен түрлері бойынша
топтастырады. Ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін
айқындайды.
Бюджет шығыстарының фунщиялық сыныптамасы барлық деңгейлер бюджетінің
шығыстарын топтастыру болып табылады, ол мемлекет функцияларының
орындалуын, республикада мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтып
көрсететін функциялық және ведомстволық белгілер бойынша бюджет
қаражаттарының жұмсалу бағыттарын анықтайды.
Бюджет шығыстарын функциялық сыныптауды топтастыру мынадай
деңгейлерден тұрады: функциялық топтар, функциялық кіші топтар, бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар және ішкі
бағдарламалар.
Функциялық топ — салалық белгілері мен функциялық бағыты бойынша
бюджет шығыстарын біріктіру. Функциялық ішкі топ —функциялық топ ішінде
бюджет қаражаттарын жұмсаудың бағыттарын нақтылайды.
Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасының негізінде бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерін, функциялық топтар мен бюджеттік бағдарламаларды
(ішкі бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының
ведомстволық сыныптамасы калыптастырылуы мүмкін.
Мемлекеттік басқарудың функциялары мен мемлекеттік саясатты жүзеге
асыру жөніндегі бюджеттің шығыстары бюджеттік бағдарлама деп орындау
кезінде қол жеткізуге тиіс белгілі бір түпкілікті нәтиже болып табылады.
Экономикалық нәтижелерге қарай бюджеттік бағдарламалар былайша
ажыратылады:
- ағымдагы бюджеттік бағдарламалар, олар тұрақты сипаты бар немесе
дамудың бюджеттік бағдарламаларына жатпайтын біржолғы шаралар өткізуді
көздейтін заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік басқарудың
функциялары мен мемлекет міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге
бағытталады;
- дамудың бюджеттік бағдарламалары, олар бюджеттік инвестицияларды
жүзеге асыруға бағытталады.
Белгілі бір функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне қарай
бюджеттік бағдарламалар республикалық бюджетте бектілетін республикалық
және жергілікті бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.
Жүзеге асыру тәсіліне қарай бюджеттік бағдарламалар бір әкімші жүзеге
асыратын жеке-дара бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік бағдарламалардың
бір әкімшісі бойынша бюджетте бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың
түрлі әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік
бағдарламалар болып белінеді.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау үш стадияда — бюджеттің
жобасын әзірлеу кезінде, бюджетті атқару кезінде және бюджеттің атқарылуын
бақылау кезінде жүзеге асырылады.
Жоғарғы және төменгі бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары
бюджетаралық қатынастар болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында бюджет процесінде жоғарғы және төменгі
бюджет арасындағы бюджетаралық қатынастар және кірістер мен шығыстарды
бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың бірі болып
отыр.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджет процесінде облыстық бюджеттің,
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басқа осындай
бюджеттермен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-
бірімен өзара қарым-қатынастарына жол берілмейді.
Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында
функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме-дәл ажыратуға, бюджеттер
деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай-ақ
бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына
негізделген.
Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті
атқарушы органдарының тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.
Шығыстардың өкілеттіктерін немесе түсімдердің жекелеген түрлерін
бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру бюджет кодексіне өзгертулер
енгізгенде ғаңа жүзеге асырылады.
Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидатгарға негізделеді:
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің
республикалық бюджетпен езара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар
қалалар) бюджеттерінің жоғарғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарда
тендігі;
2) түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жігін ажыратудың мынадай
өлшемдерін бір мезгілде сақтауды ескереді:
- төменгі бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне
тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;
- мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшін төлемақы болып
табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған қызметтер
көрсету қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;
- қайта бөліну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркелкі
орналастырылатын салықтар бюджет жүйесінің неғүрлым жоғары
деңгейлеріне бекітіледі;
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бекіткен
кезде оларды жинаудың неғүрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін
бюджет деңгейіне артықшьшық беріледі;
- нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар
жергілікті бюджеттерге бекітіледі;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің
бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
4) жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеттік қызмет
көрсетуін қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызмет көрсетуде ұсынудың барынша тиімділігі мен
нәтижелілігі — мемлекеттік қызмет көрсетудің неғүрлым тиімді және нәтижелі
жүргізілуі мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару
деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекітіп беру;
6) мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін оны алушыларға барынша
жақындату—қызметтерді алушылардың қажеттерін жақсылап есепке алу және
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетілетін
қызметтерді атқаруды бюджет жүйесінің мүмкін болғанша неғүрлым төмен
деңгейіне беру;
7) бюджеттің әрбір деңгейінің алынған ресми трансферттер мен
кредиттердің тиімді және нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы.
Бюджетаралық қатынастар:
1) республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала,
астана бюджетінің арасында:
- ресми трансферттермен; бюджеттік кредиттермен;
2) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары
Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны жайында
Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Қазақстанның бюджет жүйесі
Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік құқықтық қатынастар 7 3. Мемлекеттік борыш 13
Шардара аудандық бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
Пәндер