Педагогикалық тәрбие туралы ғылым



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары.
2. Педагогиканың басты міндеттері.
3. Әдіснамалық негізін анықтау арқылы педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas» -баланы жеттектеуші сөзінен алған. Ең алғашында бұл сөз құл қожажасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретіңде аты ретінде қалды. Тәрбие қоғамның кеінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әр бір келешек ұрпақтың қоғамдағы орның табу ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның «тәрбиенің » қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеру үшін- делдал –ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді, ғылымдарды олардың нысанасымен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана – ақиқатың нақтылы сол ғылым зертеуге алатын саласы. Пән – бұл нақтылы ақиқатың мәнін құраитын негізгі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогика лық іс-әрекет обективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.
1. Анатомия педагогической мысли Казахстана Сост. К.Б.Жарықбаев, С.К.Калиев. — Алматы: "Рауан", 1995. 512 б.
2. XVI Әлімбаев. Халық - ғажап тәлімгер. — Алматы: "Рауан", 1994. -144 б.
3. Восптательная система школы. Проблемы и поиски. /Сост. Н.Л.Селиванова/ -М. Знание, -1989. —80с. Сер. "Педагогика и психология" №10
4. Ізгілік әліппесі. —Алматы. —1993.
5. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. Оқу құралы/ -Алматы "Санат", 1995. -3026./

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары.
2. Педагогиканың басты міндеттері.
3. Әдіснамалық негізін анықтау арқылы педагогиканың басқа ғылымдармен
байланысы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Педагогикалық пәні және оның міндеттері.
Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің
paidagogas -баланы жеттектеуші сөзінен алған. Ең алғашында бұл сөз құл
қожажасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе
ол тәрбие туралы ғылымның аты ретіңде аты ретінде қалды. Тәрбие қоғамның
кеінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі
қызметтерінің бірі. Әр бір келешек ұрпақтың қоғамдағы орның табу ең алдымен
өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат
есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі.
Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның
тәрбиенің қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп
шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеру үшін- делдал
–ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат
саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді, ғылымдарды олардың нысанасымен
пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана – ақиқатың нақтылы сол ғылым зертеуге
алатын саласы. Пән – бұл нақтылы ақиқатың мәнін құраитын негізгі.
Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым.
Демек, педагогика лық іс-әрекет обективтік шындықтың барлық жақтары,
педагогиканың нысанасы болады.
Ал педагогика пәні- индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік
тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыт бірлігіндегі бір тұтас
педагогикалық процесс болы табылады, ұстаздар әлеуметтік тәжірибенің
мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады.
Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет, ол оқыту ұстаздармен оқушылардың
өзара әрекет процесі, білім беру мен оқу орындарында оқылатын ғылымдар
негіздер мазмұнның меңгеру барысындағы оқудың бірлігі. Сабақ берудің рөлі
оқылатын материалдарды ғылыми білім мазмұнда , іс-әрекеттер тәсілдерін
айқындау көрсетіу. Оқу материалдары мазмұны мен оқушылар арасындағы делдал
ретінде ұстаз оқушыларды қажетті іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретеді.
Оқушыларды оқуға үйрету арқылы ғана, тек осы жағдайда ғана мұғалім өзінің
қызметін орындайды. Оқушылар іс-әрекеттер тәсілдерін меңгере отырып оқуға
үйренеді, оқу пәнінің мазмұны мен саналы және белсенді жұмыс істейді, соның
негізінде индивидтің әрекет күштері мен қабілеттері заттық формаға ауысады,
оқушы тұлғасының өзгеруі жүзеге асады.
Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы әлеуметтік белсенділік
пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортада іс-әрекеттерін талап етеді.
Сондықтан да әлеуметтену ең маңызды категорияға жатады. Ол тұлғаның өзін-
өзі сезінуі, меннен басқа менге қозғалысқа, әлеуметке енуі.
әлеуметтендірудің негізгі белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінез-құлық
нормалары жүйесін меңгеру деген сөз, ол сол тұлғаға сол қоғамның толық
жарамды мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Тұлғаның әлеуметтену
процесі стихиясы түрде болуы мүмкін, онда оның нәтижесін болжау қиын және
қоғам үшін зиянды болуы мүмкін. Міне , сондықтан да ұстаз әлеуметтендірудің
мәнін түсіне отырып, ынтымақтастық біздің иелену үшін қажетті
байланыстарды, оқушылардың оқу және отбасына осы мәселені шешуге көмектесе
алады және өзіндік менді оқу, оқудан тыс іс-әрекеттері арқылы қамтамасыз
ете алады. Педагогика категорияларының құрамында жоғарыдағы айтылғандардан
басқа мынадай: -тұлға, іс-әрекет, даму , қалыптастыру, жалпы ұғымдар
кіреді, олар педагогиканың әртүрлі тарауларын оқығанда қарастырылады.

Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны.
ХIX ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты
бөлінуі белсенді жүріп жатты. Сонымен білге білімдер аумағының өсуі жеке
пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп
даралануы басталды. Педагогика да бірте-бірте жалпы пәнмен байланысты бола
отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оқу-тәрбиелеу, оқу орнындарындағы
типтері бойынша ерекшелігі бар салалар айқындалады.
Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік
педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика , педагогика
мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, коррекциялық педагогика,
салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі
кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеуметтік педагогика
және тағы басқа дербес бөліне бастады.
Жалпы педагогика педагогикалық процес пен білім берудің негізгі
заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика анатомиялық және
физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне
сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшеліктерін зерттейді.
Кейінгі он жылда бірқатар ғалыммдар мектепке дейінгі педагогикадан бала-
бақша жасындағы педагогикасын бөліп көрсетеді. Мұндай бөлу әділетті себебі
сәби жасындағы балалардың санасы дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, міне
осыдан келіп бұл пәннің психологиямен , педагогикамен және медицинамен
тығыз байланыстылығы ерекше. Зейнеткерлердің тұрғындар құрамындағы үлес
салмағының өсуіне байланысты 3-ші жас педагогикасы пайда болды, ол
қалыптасу деңгейінде.
Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру
педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы – пәндері олардың пәні
педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге
әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл
пәндерге жұмысшылар да 2-ші 3-ші және т.б. мамандықтарды игелуге дейін
бағытындағы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика деп
жатады.
Әскери педагогика әр түрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды
әскери шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен
офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын
зерттейді.
Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта
тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады. Мұнда жас ерекшелігі
ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты
кездесетін заң бұзу зерттеледі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Педагогикалық зерттеудің библиографиясы
Педагогиканың категориялары
Педагогиканың негізгі категориялары
Ғылыми педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың әдістемесі мен әдіснамасы пәні бойынша дәрістер
Ғылыми-зерттеу нәтижелерін салыстырмалы талдау
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым
Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Пәндер