Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісін пайдалану
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.1 Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісін
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Эмбриондарды трансплантациялауда малдардың жыныстық қызметін реттеудегі гонодотропты гормондар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2 Донорларды, реципиенттерді және қошқарларды іріктеу ... ... ... ... ... ..19
3 Донорларды гормоналдық препараттармен өңдеу тәсілдері ... ... ... ... ..23
3.1 Донор саулықтарды суперовуляция жасау тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... .23
3.2 Донорларды ұрықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.3 Донорлардан эмбриондарды жуу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.4 Эмбриондардың сапасын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
4 Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
4.1 Тәжірибе малдарын биологиялық және нәсілдік қасиеттері бойынша іріктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
5 Донор саулықтардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
5.1 Донор саулықтардың суперовуляциялану деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... 36
5.2 Жуып алынған эмбриондардың сапасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Мал тұқымы ауыл шаруашылығындағы өндіріс құралы, ал олардың әртүрлілігі және өнімділігі еңбек қарқынын арттырып қана қоймай, шаруашылықтың экономикасын көтеріп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруын қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығын өзгертудегі келеңсіз жағдайлар мал шаруашылығына да әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл еліміздегі сапалы, әрі жоғары өнім беретін асыл тұқымды мал басының күрт азаюына, асылдандыру жұмысының қарқынсыздануына әкеп соқтырды. Мұндай жағдайда селекциялық жолмен тез арада мал басын сақтап қалудың немесе оларды өз төлінен көбейтудің мүмкіншілігі шектеулі, әрі ұзақ уақытты қажет етеді.
Жаһандандыру кезеңде биоресурстардың гендік қорын сақтау өте өзекті мәселе болып келеді. Осы орайда мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау жойылып бара жатқан мал түрі мен тұқымының гендік қорын сақтауда кеңінен қолданылуда. Сондай-ақ, айтарлықтай табысты нәтижелер бере бастаған биотехнологиялық әдістің негізгі тиімді саласы.
Бұл технология мал шаруашылығы селекциясына енгізілген жаңа генетикалық әдістеме ретінде ерекше мән берерлік жетістік. Мәселен, суперовуляциялау мен қолдан ұрықтандыруды және эмбриондарды трансплан-тациялауды біртұтас үйлестіріп қолданған жағдайда, ауыл шаруашылығында құнды генотиптерді жеделдете көбейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі ғылымның шарықтау уақытында ұрғашы малдан мол өнім алудың бірнеше тәсілі бар. Солардың бірі гормондарды пайдалана отырып, күйітке келген ұрғашы малдың овуляциясын көбейту және эмбриондарды трансплантациялау. Сондықтан ауыл-шаруашылығында гормональды индукциялық суперовуляция және эмбриондарды ауыстырып отырғызу тәсілін қолдана отырып, саулықтарды ұтымды пайдаланып, асыл тұқымды мал санын көбейтуге болады. Алайда гонадотропты гормондар қолданудың морфологиялық негізі терең зерттеуді қажет етеді. Гонодотропиндердің әр түрлі мөлшерінің әсері, морфологиялық механизмі әлі зерттелмеген. Ал, мал санын көбейтіп, сақтауда суперовуляцияны индукциялаудың орны ерекше.
Зерттеудің мақсаты. Сирек түсті және жойылуға таяу қалған қаракөл қой донорларында суперовуляция жасауда ББС (СЖК) препаратын пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- сирек түсті қаракөл қойларын елтірілік белгілері бойынша іріктеу;
- қойлардың аналық бездерінің суперовуляциялану деңгейін анықтау;
- эмбриондарының сапасын анықтау;
Зерттеудің жаңалығы. Эмбриондарды трансплантациялау биотехнологиясында пайдаланылған қойлардың аналық безінің суперовуляциялану деңгейі, эмбриондардың сапасы анықталды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1 Омбаев А.М., Актуов Б. Каракулеводство Казахстана и перспективы ее развития //Материалы Международной научно-практической конференции, Узбекского научно-исследовательского института и экологии пустынь. – Самарканд, 2005. – С.89-92.
2 Юсупов С.Ю., Фазилов У.Т., Газиев А. Племенные ресурсы каракуле-водство Узбекистана //Овцы, козы, шерстяное дело. –М., 2004. - №3. - С.40-44.
3 Джалолов Х.Д., Сафаров М. Развитие каракулеводства в Таджикистане //Овцы, козы, шерстяное дело. –М.,2004. - №3. - С.45-47.
4 Алибаев Н., Бекетауов О. Сущность проблемы сохранения генетичес-ких ресурсов каракульской породы овец //Вестник с.-х. науки Казахстана - 2002. - №12. - С.11-13.
5 Эрнст Л.К., Сергеев Н.И. Трансплантация эмбрионов сельскохозяйст-венных животных. - М.: Агропромиздат, 1989. - 302 с.
6 Шипилов В.С. Акушерство и гинекология. - М.: Колос, 1986. - С.108-121.
7 Dowling D.E. Problems of the transplantation of fertilized ova. J.Agr.Sci., 1949, 39.374.
8 Лопырин А.И., Логинова Н.В., Карпов П.Л. Влияние измененных условий эмбриогенеза на рост и развитие ягнят //Советская зоотехния - М., 1951. - №11.- С.82-95.
9 Квасницкий А.В. Опыт межпородной пересадки яйцеклетки //Советская зоотехния - М., 1952. - №1. С.36-42.
10 Willet E.L., Buckner P.J., Larson G.L. Three successful transplantations of fertilized bovine eggs. J. Dairy Sci., 1953, 36, 5.
11 Rowson L.E.A. Egg transfer.- Discovery, 1964, v.25.
12 Greve T. Embryo transplantation in cattle. Non-surgical recovery of embryos from repeat breders. Acta. Vet. Scaud. 1980. 21. Р.25-33.
13 Эрнст Л.К., Жильцов Н.З. Из материала ХІ Международной конференций по трансплантаций эмбрионов // С.х. биология - М., 1986. - №2. - 117 с.
14 Бугров А.Д., Невинный И.А. Трансплантация эмбрионов на молоч- ном комплексе //Зоотехник - М., 1990. - №5. - С.67-69.
15 Willadsen S.M. Micromanipulation of ambryos of the large domestic species. J.R.Agr. Soct. England, 1985, 146, 160-171.
16 Greve T. Non-surgical egg transfer in the cow. 1976. Proc. 27th Ann. Meet. European Assoc. Anim. Prod. Zurich. Ang. 23-26.
17 Bradford G.W. and Kennedy B.W. (1980). Genetic aspects of embruo transfer. Theriogen. 13(1), 13-16.
18 Завертяев Б.П. Биотехнология в воспроизводстве и селекции круп-ного рогатого скота. - Л.: Агропромиздат, 1989. - 255 с.
19 Дондитов У.Ж., Николаев Б.И., Муруев А.В., Хоженоев Ю.К., ЖаповЖ.Н. Перспективы использования биотехнологических методов в интенсификации воспроизводства овец в технологии ведения овцеводства. Аграрная наука- сельскохозяй»ственному производству Сибири, Монголии, Казахстана и Кыргыстана // Труды 8-й Международной научно-практической конференции - Барнаул, 2005. - Т.2. - С.57-61.
20 Мухамедгалиев Ф.М., Тойшибеков М.М., Абильдинов Р.Б. и др. Трансплантация зигот в племенном овцеводстве. – Алма-Ата:Наука, 1981. – 168с.
21 Тойшибеков М.М. Использование метода трансплантации эмбрионов в овцеводстве: Аналит обзор Алматы: КазНИИНТИ. – 1988. - 68 с.
22 Касымов К.Т. Трансплантация эмбрионов у овец // Овцеводство. – 1994. - №8. - С.29.
23 Малмаков Н.И. Индуцирование суперовуляции, извлечение и биосекция эмбрионов у казахских тонкорунных овец: автореф. канд. сельхоз. наук:.28.11.91. - Алматы:Мынбаево, 1991. - 25 с.
24 Утесинов Ж. Факторы способствующие снижению эмбриональной смертности //Овцеводство. – 1976. - №9. –С.38 .
25 Укбаев Х.И., Адырбеков И., Алибаев Н., Бекетауов О. Приживляе-мость эмбрионов- трансплантатов у каракульских овец //Сб. науч. тр. КазНИИК. - Алма-Ата, 1989. - С.5-9.
26 Укбаев Х.И., Алибаев Н., Бекетауов О., Есимбеков А. Эффективный способ гормональной обработки доноров каракульских овец в трансплан-тации эмбрионов //Сб. науч. тр. КазНИИК. - Алматы, 1993. - Т.1. - С. 90-96.
27 Алибаев Н., Бекетауов О. Биотехнологические исследования в караку-леводстве: достижения и перспективы развития /Каракулеводство Казахстана: история и проблемы развития. - Алматы:Бастау, 2002. - С.55-59.
28 Завертяев Б.П. Повышение многоплодия в скотоводстве. - М.:Россельхозиздат, 1987. – 188с.
29 Rowson L.E.A. The role of research in animal reproduction, 1974, 95, P.276-280.
30 Rowson L.E.A. Embryo transfer, 1979, P.17-19.
31 Гордон А. Контроль воспроизводства сельскохозяйственных живот-ных. - М.:Агропромиздат, 1988. – 415с.
32 Мадисон В.Л., Некрасов А.А., Сальников И.М. Выбракованные коровы-доноры эмбрионов //Животноводство. - М., 1986. - №5. - С.48-49.
33 Orer H., Strelkaukas A.J., Callery R.T. Cell. Immunol, 1979, 45, №2, Р.334-343.
34 Seidel G.E. Superovulation and embryo transfer in cattke, 1981, 211, P.351-358.
35 Аметиславский С.Я., Кривохорченко А.С., Ротт Н.Н. Создание гене-тических криобанков и использование методов биологии развития как спо-соб сохранения редких видов животных //Тезисы докладов III Международ-ной конференции. - М., 1997. - Т.28. - №6. - С.412-420.
36 Курбатов А.Д., Корбан Н.В., Протасов Б.И. Криоконсервация гамет и эмбрионов сельскохозяйственных животных //С.х. биология. - М., 1985. - №10. - С.91-100.
37 Пушкарь Н.С., Белорус А.М. Введение в криобиологию. - Киев:Наук думка, 1975. – 343с.
38 Салыкбаев Т.Н., Тойшибеков Е.М., Аскаров С.М., МолжигитовБ.Б., Даминов Б., Тойшибеков М.М. Витрификация ооцитов овец //Сборник научных трудов института экспериментальной биологии. - Алматы, 2004. - С.110-111.
39 Богатырев А.Н., Эрнст Л.К. Генная инженерия сельско-хозяйст-венных животных - мощный рычаг селекций ХХІ века //Генноинженерные сельскохозяйственные животные.:сб. науч. тр. ВРНСХН. - М., 1995. Вып.1. -С.3-13.
40 Завадовский М.М. Теория и практика гормонального метода стиму-ляции многоплодия сельскохозяйстенных животных. М.:Сельхозиздат, 1963. - 672 с.
41 Casida L.E., Megr R.K. Effect of pituitary gonadotrophins on the ovaries and the induction of superfecundity in cattle, 1943, 4, 76 p.
42 Seidel G.E. Superovulation and embryotransfer, 1981, 211, 4479. P.351-358.
43 Прокофьев М.И. Регуляция размножения сельскохозяйственных животных. М.:Моск. Рабочий, 1989. – 66с.
44 Анганов В.В., Амагырова Т.О., Муруев А.В. Гормональная стимуляция стадии эструса полового цикла на фоне коррекции иммунобиологического реактивности организма коров. Аграрная наука- сельскохозяй»ственному производству Сибири, Монголии, Казахстана и Кыргыстана //Труды 8-й Международной научно-практической конференции. - Барнаул, 2005. Т.2. - С.15-18.
45 Gordon J., Williams G., Edwods J. The use of serum gonadotrophin (PMS) in the induction of twin-pregnancy in the cow, 1962, Vol. 59, P.143-198.
46 Sanwal P.C., Dandc J.K., Varshney V.P., Nogha I.V.Gonotropin – indaced ovulation in melengestrol acetata trated female goats, 1983, Vol. 27, 1, P.57-60.
47 Elsden R.P., Hasler J.F., Seidel G.E. Non-surgical recovery of bovine egss, 1976, Vol. 6, №5, Р. 523-532.
48 Утесинов Ж. Трансплантация эмбрионов у овец пород североказах-ский меринос и казахская тонкорунная (Совершенствование метода и ускоренное размножение): автореф. докт. с.-х. наук.: Алматы:Мынбаево, 1993. - 38 с.
49 Сергеев Н.И. Трансплантация эмбрионов сельскохозяйственных животных. – Алма-Ата:Кайнар, 1987. – 158с.
50 Scanlon P., Srenan J., Gordon I. Hormonal indaction of superovulation in cattle, 1968, Vol. 70, P. 179-182.
51 Джанабеков К. Суперовуляция и межпородная пересадка зародышей овец: автореф. канд. с.-х. наук:.21.10.75. - Алматы.:АЗВИ, 1975. - 28 с.
52 Даминов Б., Сартаев Ш., Тойшибеков М.М. Индуцированная поли-овуляция у овец //Генетика и селекция сельскохозяйственных животных. - Алматы. 1986. - С.134-136.
53 Буралхиев Б.А. Синхронизированная суперовуляция, иньекция ДНК в эмбрионы и получение трансгенных свиней: автореф. канд. с/х. наук: 1.07.99. - Алматы.:Каз.Гос.Агр.унив., 1999. - 25 с.
54 Амарбаев А.-Ш.М. К дозировке СЖК в овцеводстве //Сборник научных трудов института экспериментальной биологии. - Алматы, 1966. - С. 208-216.
55 Алибаев Н., Бекетауов О.,Адилбеков Н. Новый способ гормональной стимуляции суперовуляции овцематок-доноров //Тезисы докладов Междунарной конференции. - Астана, 2003. - 244.с.
56 Бекетауов О., Алибаев Н.Н., Адилбеков Н.Ч. Новое в биотехнологии воспрозводства каракульских овец //Вестник.- 2004. - №5. - С. 41-42.
57 Әлібаев Н., Бекетауов О., Әділбеков Н.Ч. Қаракөл қойын өсіру биотех-нологиясында донорлардың гормональдық статусы //Жаршы. - 2004. - №5. - 40-41 б.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.1 Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісін
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Эмбриондарды трансплантациялауда малдардың жыныстық қызметін
реттеудегі гонодотропты
гормондар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2 Донорларды, реципиенттерді және қошқарларды
іріктеу ... ... ... ... ... ..19
3 Донорларды гормоналдық препараттармен өңдеу
тәсілдері ... ... ... ... ..23
3.1 Донор саулықтарды суперовуляция жасау
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ...23
3.2 Донорларды
ұрықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...27
3.3 Донорлардан эмбриондарды
жуу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.4 Эмбриондардың сапасын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
4 Зерттеу
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..31
4.1 Тәжірибе малдарын биологиялық және нәсілдік қасиеттері бойынша
іріктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...31
5 Донор саулықтардың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...32
5.1 Донор саулықтардың суперовуляциялану деңгейі
... ... ... ... ... ... ... ... 36
5.2 Жуып алынған эмбриондардың
сапасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...37
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...39
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.40
1 Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мал тұқымы ауыл шаруашылығындағы өндіріс құралы,
ал олардың әртүрлілігі және өнімділігі еңбек қарқынын арттырып қана қоймай,
шаруашылықтың экономикасын көтеріп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік
жағдайының жақсаруын қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығын өзгертудегі келеңсіз жағдайлар мал
шаруашылығына да әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл еліміздегі сапалы, әрі
жоғары өнім беретін асыл тұқымды мал басының күрт азаюына, асылдандыру
жұмысының қарқынсыздануына әкеп соқтырды. Мұндай жағдайда селекциялық
жолмен тез арада мал басын сақтап қалудың немесе оларды өз төлінен
көбейтудің мүмкіншілігі шектеулі, әрі ұзақ уақытты қажет етеді.
Жаһандандыру кезеңде биоресурстардың гендік қорын сақтау өте өзекті
мәселе болып келеді. Осы орайда мал шаруашылығында эмбриондарды
трансплантациялау жойылып бара жатқан мал түрі мен тұқымының гендік қорын
сақтауда кеңінен қолданылуда. Сондай-ақ, айтарлықтай табысты нәтижелер
бере бастаған биотехнологиялық әдістің негізгі тиімді саласы.
Бұл технология мал шаруашылығы селекциясына енгізілген жаңа генетикалық
әдістеме ретінде ерекше мән берерлік жетістік. Мәселен, суперовуляциялау
мен қолдан ұрықтандыруды және эмбриондарды трансплан-тациялауды біртұтас
үйлестіріп қолданған жағдайда, ауыл шаруашылығында құнды генотиптерді
жеделдете көбейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі ғылымның шарықтау уақытында ұрғашы малдан мол өнім алудың
бірнеше тәсілі бар. Солардың бірі гормондарды пайдалана отырып, күйітке
келген ұрғашы малдың овуляциясын көбейту және эмбриондарды
трансплантациялау. Сондықтан ауыл-шаруашылығында гормональды индукциялық
суперовуляция және эмбриондарды ауыстырып отырғызу тәсілін қолдана отырып,
саулықтарды ұтымды пайдаланып, асыл тұқымды мал санын көбейтуге болады.
Алайда гонадотропты гормондар қолданудың морфологиялық негізі терең
зерттеуді қажет етеді. Гонодотропиндердің әр түрлі мөлшерінің әсері,
морфологиялық механизмі әлі зерттелмеген. Ал, мал санын көбейтіп, сақтауда
суперовуляцияны индукциялаудың орны ерекше.
Зерттеудің мақсаты. Сирек түсті және жойылуға таяу қалған қаракөл қой
донорларында суперовуляция жасауда ББС (СЖК) препаратын пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- сирек түсті қаракөл қойларын елтірілік белгілері бойынша іріктеу;
- қойлардың аналық бездерінің суперовуляциялану деңгейін анықтау;
- эмбриондарының сапасын анықтау;
Зерттеудің жаңалығы. Эмбриондарды трансплантациялау биотехнологиясында
пайдаланылған қойлардың аналық безінің суперовуляциялану деңгейі,
эмбриондардың сапасы анықталды.
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Эмбриондарды трансплантациялау әдістемесін қазіргі кезде қолдану
деңгейі және келешегі
Қой тұқымдары ішіндегі елтірі өнімін беретін негізгі тұқым - қаракөл
қойлары. Ең бастысы бұл қой тұқымы шөл-шөлейт аймаққа жақсы бейімделген
және жалпы биологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Қаракөл қойының түсі,
реңі және басқа да елтірілік белгілері бойынша генетикалық құрылымы өте
күрделі. Мұндай өте бай гендік қоры бар басқа қой тұқымы кездеспейді.
Қазіргі кезде Қазақстанда қаракөл қойлар саны 2,45 млн., оның ішінде
193,4 мың бас асыл тұқымды [1], Өзбекстанда 5 млн. [2], Тәжікстанда 206
мың бас [3]. Бұл мәліметтерге сүйенсек, онда еліміздегі қаракөл қой саны
2,5 есеге азайған. Сонымен қатар, келешекте атқарылатын сұрыптау
жұмыстарына өте қажетті генетикалық материалды жоғалтып алуға мүмкін
екендігін байқауға болады. Сондықтан да, бұл қой тұқымының генетикалық
құрылымын сақтау және олардың өсімталдығын арттыру бүгінгі таңда өте
күрделі, әрі келелі мәселе болып тұр. Әрине мұндай жағдайда малды өз
төлінен көбейтудің мүмкіндігі аз, әрі ұзақ уақытты қажет етеді [4].
Л.Н.Эрнст және Н.И.Сергеевтің [5] мәлімдеуінше эмбриондарды
трансплантациялау ауыл шаруашылық малдарының асыл тұқымдылығын және
өнімділік сапасын жоғарылататын, болашағы зор әдістердің бір болып
саналады. Биотехнологиялық тәсілдер малдардың генетикалық құнды тұқымдарын
көбейтуді айтарлықтай тездетуге мүмкіндік туғызады. Бұл тәсілге қызығу-
шылық көптеген ғалымдар мен ізденушілерде туындады және ол өзінің
өзектілігін әлі күнге дейін жоймай отыр.
Бірінші болып эмбриондарды трансплантациялауды, 1890 жылы ағылшын ғалымы
В.Хип жүргізді. Ол донор қояннан зиготаны алып, басқа тұқымды реципиент
қоянға ауыстырып салды. Ал, 1891 жылы орыс ғалымы М.Ононов және 1897 жылы
қазандық дәрігер-гинеколог В.Груздев тәжірибе жүзінде ұрғашы қояндардың
эмбриондарын трансплантациялады (Шипилов В.С. цит. бойынша [6]).
Арада біраз уақыт өткен соң, алғаш рет 1931 жылы Хартман өлген сиырдың
жұмыртқа жолынан өміршең эмбриондар алды.
Сондай-ақ, 1949 жылы Техаста (АҚШ) зиготаларды ауыстырып отырғы-зудың
мәселелері бойынша алғашқы ғылыми конференция өтіп, онда ірі қара малдың
және қойлардың эмбриондарын трансплантациялау жайында тәжірибе
қорытындылары жарияланды [7].
Ал, Кеңестер Одағында үй жануарларының эмбриондарын транспланта-циялау
тәжірибе жүзінде 1949-1952 жылдары қой және ешкі шаруашылығы институтында
қойларға А.И.Лопыринмен [8] және Бүкілодақтық шошқа шаруашылығы
институтында шошқаларға 1949-1953 жылдар аралығында И.В.Квасницкиймен [9]
жүргізілді .
Трансплантация нәтижесінде туылған әлемдегі бірінші бұзауды 1951 жылы
және 8-12 бластомер сатысындағы зиготаны 5 рет ауыстырып отырғызғаннан
кейін екі бұзауды (1953) Е.Л.Вильлет тағы басқалар [10] алды.
1961 жылы Л.Е.А. Роусон [11] 6 мың миль қашықтыққа ұшақпен қойлар-дың
зиготасын тасымалдауды тірі инкубаторлар - қоянның жұмыртқа жолын
пайдалана отырып жүзеге асырды.
Жоғарыда көрсетілген, 70-ші жылдардың басына дейінгі жинақталған
тәжірибелік жұмыстардың оң нәтижесі эмбриондарды трансплантациялауды
зертханадан тікелей мал шаруашылығына ендіруге болатынын дәлелдеді.
Эмбриондарды трансплантациялау тәсілін, оларды мұздату әдісімен
біріктіру арқылы асыл тұқымды малдардан алынған эмбриондарды сақтауға,
сондай-ақ, жойылып бара жатқан тұқымдардың гендік қорын жасауға және кез-
келген уақытта, қажеттілігіне қарай қайта қалпына келтіріп, өсіруге
мүмкіндік береді.
Л.К.Эрнст, Н.И.Сергеевтің [5, 9б] мәлімдеуінен, бұл тәсілді келешекте
жойылып бара жатқан тұқымдардың гендік қорын және басқа да тұқымдар-дың
жылдамдатылған селекция барысында жоғалтқан бағалы сапаларын қайта қалпына
келтіруде пайдаланылуы мүмкін.
Бұл тәсілді қолдану барысында тұқымаралық қана емес, түр аралық
отырғызулардан да ұрпақ алуға мүмкіндік туды. Мысалы, ірі қара малдардың
Bos taurus және Bos indious арасында ұрықтарды реципрокты отырғызу арқылы
қалыпты ұрпақ алынды [12].
Л.К.Эрнст және Н.И.Сергеев бұл мәселенің шет елдердегі жай-күйін
сараптай келе, 70-ші жылдары жоғары құнды сиырлардан трансплантат-
бұзауларды алумен айналысатын фермалар пайда болған бірқатар елдерде,
(Ұлыбритания, АҚШ, Канада, ФРГ, Австрия, Жаңа Зеландия ЧССР, Венгрия) осы
әдісті іс жүзінде нақты қолдана бастағанын мәлімдейді.
Эмбриондарды трансплантациялау технологиясындағы жоғары жетістікке 1983
жылы Франция жетті. Осы жылдың өзінде 3,3 мың эмбрион ауыстырылып
отырғызылған. Оның көпшілігі мал шаруашылығы фермалар жағдайында
жүргізіліп, мыңнан жоғары эмбриондар мұздатылып сақтауға дайындалған. Осы
кезде бұл елде практикалық жұмыстармен қатар ғылыми зерттеулер өріс алған
тоғыз трансплантациялық орталықтар жұмыс істей бастады. Бірқатар
жетілдірулердің арқасында, эмбриондарды трансплан-тациялау қолдан
ұрықтандыру әдісі сияқты қарапайым және қолайлы әдіс бола бастады [13].
А.Д.Бугров және Н.А.Невинный [14] эмбриондарды трансплантациялау АҚШ
және Канада да іс жүзінде қарқынды дами бастады, өйткені бұл елдерде жылына
100 мыңнан астам эмбрион ауыстырылып отырғызылады деп жазады. 1986 жылдың
өзінде-ақ мүйізді ірі қараларды қолдан ұрықтандыру орталықтарында мыңнан
аса трансплантат бұқалар алынған.
Дамыған елдердің фермерлері эмбриондарды трансплантациялау әдісінің
құндылығын түсініп, оның бағасы қымбат болса да (2 мың америка доллары)
өздерінің ауыл шаруашылық бағдарламаларына енгізді. АҚШ-тағы аукцион-дардың
бірінде голштино-фриз тұқымды трансплантат бұқа 150 мың долларға бағаланды
деген хабар бар [15].
Ірі қара малдардың эмбриондарын ауыстырып отырғызумен айналысқан
Европадағы бірінші ел - Дания, бұл елде зиготаларды трансплантациялау ірі
қара мал шаруашылығындағы асылдандыру бағдарламасының негізгі бөлігі болып
саналады [16].
Қазіргі уақытта АҚШ-та эмбриондарды трансплантациялау бойынша 80-нен
астам коммерциялық мекемелер құрылған. Эмбриондарды транспланта-циялау
технологиялық негізге қойылған бұл елде жыл сайын 100 мыңдай бұзаулар
алынады. Осы тәсілмен алынған бұзаудың аукциондағы құны 500-ден 3000 АҚШ
доллары шамасында болады және де, фирмалардың сатудан түсетін табысы барлық
шығындарды өтейді. Мысалы, аталған технологияны қолдану нәтижесінде әр
сауын сиырдың жылдық сүт өнімділігі орташа 6000 литрге артты. Бұл
селекционерлердің жалпы малдың генетикалық потенциалын жоғарылатуда
трансплантация әдісі арқылы генетикалық тұрғыдан құнды аналық дараларынан
мүмкіндігінше көп ұрпақ алып, оларды онан әрі селекциялық үрдісте
қолданудың нәтижесінде іске асырылады [17].
Германияның мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығында сүтті ірі қара
малдардың селекциясын жаңартылған жетілдіру бағыттарымен жұмыс жүргізілсе,
нәтижесінде дәстүрлі селекция жағдайында сүттің майлылығы 10,8 кг-ды
құраса, трансплантацияға жарамды төрт эмбриондарды бір рет алғанда және
реципиенттердің 70% буаз болса, генетикалық прогрес нәтижесінде сүт
өнімділігі 15,3 кг-ға дейін артып, ол 41% жоғарылаған. Генетикалық ілгері
даму эмбриондар трансплантациясы нәтижесінде, әр донардан 10 эмбрион
алынған жағдайда күтіледі. Бұл генетикалық прогрестің арқасында сүттің
майлылығы 16,7 кг-ға жетеді немесе 54,4% құрайды [18].
Соңғы кезде дәстүрлі биотехнологиялық тәсілдермен бірге асыл тұқымды
малдарды жылдамдата көбейтудің тиімді тәсілі ретінде эмбриондарды
трансплантациялаудың да практикалық маңызы жоғары. Ресейде эмбриондарды
трансплантациялау тәсілі арқылы жылына 5000 бұзау алатын орталықтардың
айтарлықтай саны жұмыс істеуде 19].
Қазақстанда бірінші болып эмбриондарды трансплантациялау бойынша
тәжірибелерді Ф.М.Мухамедгалиев және Р.Т.Абильдиновтар [20] жүргізді. Олар
1964 жылдың күзінде қойлардың эмбриондарын ауыстырып отырғы-зудың
хирургиялық операция тәсілін меңгеру үшін алдын-ала тәжірибе жасаған. Осы
мақсатта қазақы биязы жүнді қойлардың 10 эмбрионы қылшық жүнді тұқымды 10
саулыққа ауыстырылып отырғызылған, нәтижесінде екеуі буаз болған. Олардың
біреуі әдеттегідей қозы туса, ал екінші саулық буаздықтың төртінші айының
соңында түсік тастаған. 1965 жылы күзде 2-ден 7 жасқа дейінгі қылшық жүнді
15 қойға қайта тәжірибе жүргізілген. Бес аналықтан ауыстырып отырғызылған
эмбриондардан өсіп дамыған бес қозы туылған. Осыдан соң, бұл әдісті іс
жүзінде ауыл шаруашылығында қолдану мүмкіндігі Қазақстан Республикасының
ғалымдарын қызықтыра түсті.
Осыған байланысты академик Ф.М.Мухамедгалиевтің басшылығымен
республиканың оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарыда жергілікті биязы жүнді
қойларды ағылшын тұқымды линкольн, ромни-марш және бардер-лейстер
қошқарларымен шағылыстыруда алынған будандар селекциясы негізінде жартылай
биязы жүнді қойлардың кросбредті жүнді жаңа тұқымдық топтарын алу жұмыстары
жүргізілді. Жұмыс барысында ғалымдар өндірушілердің жеткілікті басын сатып
алу қиындығына кез болды, бірақ бұл суперовуляциялау және эмбриондарды
трансплантациялау жолымен шешілді.
Эмбриондарды ауыстырып отырғызу әдісін тиімді пайдаланудың нәтижесінде
жергілікті жағдайға қиын бейімделген линкольн тұқымынан көптеген
трансплантат өндіруші-қошқарлар алынды, олардың бірқатарын қолдану арқылы
3000 басты кросбредті қойлардың аналық табыны құрылды.
Ал, 1981 жылы И.М.Тойшибеков [21] және басқалар эмбриондарды
трансплантациялау әдісін барынша қолдану негізінде, Алматы облысының Іле
совхозында биязы жүнді кроссбредті қойлардың жаңа тұқымдық тобын құру
мәселесін алға қойды. Осы ғалымдардың зерттеулері трансплантация әдісін
қолдану, өсірудің басқа әдістерімен салыстырғанда қой шаруашылығында
асылдандыру прогресін 2-3 есе жылдамдататынын дәлелдеді.
Эмбриондарды трансплантациялау әдістерін жетілдіру бойынша солтүс-тік
қазақ мериносы және қазақы биязы жүнді қойларымен ҚазНИТИО маңызды
жұмыстар жүргізілді [22, 23, 24]. Ауыстырып отырғызу жолымен алынған жоғары
бағалы малдар селекциялық асылдандыру жұмыстарында қолданылды.
Қазақ қаракөл ғылыми зерттеу институтында қаракөл қойларының
эмбриондарын трансплантациялау тәсілі 1986 жылы басталып, 1990-1995 жылдар
аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында Шу совхозында
селекция және эмбриондарды тарнсплантациялау әдістемелерін қолдана отырып
жаңа елтірі, етті-майлы атырау қой тұқымының шу популяциясын құрды [25, 26,
27].
Бірқатар авторлардың зерттеулерінде [5, 9б]; Завертяев Б.П. [28, 29,
30, 31] ауыл шаруашылығы малдарының эмбриондарын трансплантация-лау, оның
сапасын бағалау және оларды алудың технологиялық тәсілдері толық ашып
көрсетілген.
Қазіргі уақытта эмбриондарды жуып алудың екі тәсілі бар – хирургиялық
және хирургиялық емес [32].
Хирургиялық әдістің мәні - донордан эмбриондарды жуып алу мақсатын-да
құрсақ қуысын жару. Ол үшін қуыстық операцияларға тән ветеринарлық-
хирургиялық кешендік шараларды сақтау қажет: жануарларды байлап, бекіту,
наркоз, ауырсыздандыру, асептика және антисептиканы сақтау, операциядан
кейінгі асқынулардың алдын-алу жұмыстарын жүргізу. Мұндай талаптарды
реципиенттермен жұмыс істегенде де орындау қажет.
Хирургиялық тәсілдің бірқатар артықшылығы, эмбриондарды бөліп алу және
оларды реципиенттерге ауыстырып отырғызу сияқты жауапты да маңызды жұмыстар
маманның қадағалауымен оның көз алдында жүргізілуі болып табылады.
Бірақ, бұл тәсілдің бір кемшілігі операцияның салдарынан донорларды бірнеше
рет пайдалану мүмкіншілігінің болмауы. Сондай-ақ, эмбриондарды хирургиялық
тәсілмен бөліп алудың тиімділігі 14,4%-57% [30] аралығында болса, ал
хирургиялық емес әдіспен овуляция саны 42-55% шамасында болады [33].
Дегенмен, хирургиялық тәсілде эмбриондардың өміршеңділігі орта есеппен
65% және одан да жоғары болса, ал хирургиялық емес әдісте ол 55%-төмен [18,
11б].
Ресей Федерациясында негізінен ірі қара эмбриондарын бөліп алу мен
ауыстырып отырғызудың хирургиялық емес әдісі қолданылады [5,9б].
Егер, эмбриондарды трансплантациялаудың алғашқы кезеңінде сүт өнімділігі
жоғары құнды сиырдан жылына бір емес бірнеше бұзау алу міндеті қойылған
болса [34], қазір бұл әдіс шеттен немесе бір елдің алыс аймақтарынан
әкелінген малдардың аз топтарын тез көбейтуге мүмкіндік береді, өйткені
олар генетикалық табиғи жолмен тез көбейе алмайды. Сонымен қатар, егер
табиғаты, ауа-райы басқа аймақтан әкелінген эмбрионды жергілікті
реципиентке ауыстырып отырғызатын болса, онда жаңа жағдайда туылған
бұзаудың бейімделуі әкелінген малға қарағанда жеңіл жүреді [30, 12б].
Соңғы кезде эмбриондарды трансплантациялау және оларды төменгі
температурада мұздату әдістемелерін үйлестіру арқылы генетикалық тұрғыдан
аса құнды мал тұқымдарын сақтап қалуға және жойылуға таяу асыл тұқымды
дарақтардың басын қалпына келтіруге болатындығы ғылыми, әрі практикалық
тұрғыдан дәлелденген [35, 36, 37].
Т.Н.Салыкбаев, Е.М.Тойшибеков, және басқалар [38] өз тәжірибелерінде
қазіргі уақытта эмбриондарды криоконсервациялаудың жаңа бағыты-
витрификация (шапшаң аз уақыт ішінде мұздату) тәсілін қолданғанда
эмбриондардың 47,3% жарамды болып, реципиенттерге ауыстырып отырғызғанда
21,8 % эмбрион дамуының ақырғы сатысына дейін жеткен.
Биотехнологияның, әсіресе оның негізгі тармағы жасушалық және гендік
инженерияның қазіргі таңда қарқынды дамуы селекецияның мүмкіндігі мен
болашағын түпкілікті өзгертті.
Осы орайда Россияның ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының академигі
Л.Н.Эрнст және корреспондент мүшесі А.Н.Богатырев [39] биотехнологияның
қазіргі таңдағы мүмкіндігін талдай келе былай дейді: Биотехнологияның
селекцияға бірінші және айтарлықтай тигізер үлесі эмбриондарды
трансплантациялау әдістемесін жедел түрде селекцияда қолдану арқылы
популяциядағы ұрғашы дарақтардың ондағы генотиптерге генетикалық әсері
күшейтілді. Ал, жасушалық инженерия тәсілі арқылы шын мәнінде малдарға
генетикалық клон жасауға болатындығын шындыққа айналдырды. Қорыта
айтқанда, биотехнология әдістемелері аса құнды мал тұқымын жеделдетіп
көбейтуге және эмбриобанк жасау арқылы гендік қорды сақтап қалуға тиімді
болумен қатар, эмбриондарды бөлу және гендік инженерия тәсілдері арқылы
тұқым қуалаушылық қасиеті бойынша бірдей мал тобын құруға мүмкіндік береді.
1.2 Гормондық препараттар көмегімен суперовуляцияны индукциялау
Ауыл шаруашылығы малдарын эмбриондарды трансплантациялау тәсілі арқылы
көбейтуде ғалымдардың назарын аударған негізгі мәселелердің бірі - көптік
суперовуляцияны гормоналдық жолмен болдыру болды.
Эмбриондарды трансплантациялау технологиясында барынша қажетті кезең -
донорларда суперовуляцияны тудыру болып табылатындықтан, ауыл шаруашылығы
малдарын өсіруде оны енгізбесе, бұл әдістің мәні болмайды.
Көптік овуляцияны болдырудың гормоналдық әдісінің теориялық негізін
М.М.Завадовский [40] қалаған.
Генетикалық тұрғыдан құнды болып келетін донор-саулықтардың
репродукциялық мүмкіншілігін барынша тиімді пайдалану үшін суперовуля-цияны
гонадотропты гормондардың көмегімен күшейту қажет екендігін ескере отырып,
алғаш рет L.E.Casida мен R.K.Megr [41] 1943 жылы сиыр-ларда көптік
овуляцияны болдыру мақсатында буаз бие қан сары суын (ББС) қолданды.
Гонадотропиннің ББС эстрадиолмен, хориондық гонадотропин-мен және
простогландиндерді витаминдермен бірге қолданған полиовуля-цияны тудыру бір
үлгіде өтпейтіні байқалды. Ол шет елдік және отандық ғалымдардың
жұмыстарында өте жақсы сипатталған [42, 43].
В.В.Анганов, Т.О.Амагырова, А.В.Муруев [44] тәжірибелерінде сиыр-ларда
овуляцияны жылдамдату және ұрықтандыруды жоғарылыту мақса-тында
простагландиннің аналогы эстрофанды және рилизинг – гормонның аналогы
сурфагонды, сонымен қатар суда ерігіш кешенді витамин Нитамин,
нуклеиндерді иммуно ықпалдаушы полирибонатты пайдаланған. Нәтижесінде
тәжірибедегі малдардың 81,8% күйге келіп, оның 88,8% ұрықтанған.
Осы зерттеулердің қорытындылары бойынша ауылшаруашылық малдарының
аналықтарында полиовуляция деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі
- енгізілген гормоналдық препараттардың мөлшері екені дәлелденген.
J.Gordon, G.Williams және J.Edwods [45] мәліметтері бойынша енгізілетін
ББС 1000 - 2000 ИЕ мөлшерінен 3000 - 5000 ИЕ дейін жоғары-ласа, онда
сиырларда овуляция саны көбейеді. Дегенмен, ББС өте көп мөлшерін қолдану
овуляция санын аздап қана арттырады.
Осыны P.C.Sanwal, J.K.Dandc және басқалар [46] енгізілетін ББС
мөлшерін 500 МЕ ден 1000 МЕ жоғарылатқанда ешкілерде овуляция саны азғана
көбейеді деп көрсетеді.
Донорлардың күйітін полиовуляцияны күшейтумен үйлестіру үшін әр түрлі
тәсілдер қолданылады. Мысалы R.P.Elsden, J.F.Hasler және G.E.Seidel [47]
донор сиырларда полиовуляция күшейтудің екі тәсілін қолданған. Бірінші
тәсіл - жыныстық циклдің 10-шы күні бұлшықетке 1800 ИЕ ББС және 12-ші күні
45 мг простогландинді енгізу. Екінші тәсілде фолликула жандандырушы гормон
(ФЖГ), лютейндеуші гормондарын (ЛГ) 5:1 қатынаста бірнеше рет салу
негізделген. Жыныстық циклдің 10-шы күнінен бастап, әрбір келесі күнде
тиісінше 5,5; 4,4; 3,3; 2,2 мг мөлшерінде күніне екі рет салынады.
Простогландинді жыныстық циклдің 12-ші күнінде 45 мг мөлшерде енгізілу
ұсынған.
Касымов К.Т. және тағы басқалар [22, 12б] донорларды өңдеу үшін сарысу
гонадотропинін пайдаланған. Препараттың мөлшері 1 басқа 1600-1800 ИЕ
құраған, ал басқа топқа 250-300 ИЕ мөлшерде граффолон қолданған. Сарысу
гонадотропині аналық-донорлардың көптік овуляциясын 56-93% белсендірген,
бұл кезде бір донордан 5,48 дана қалыпты эмбрион алынған. Графоллон
саулықтарда полиовуляция дәрежесін жоғарылата отырып, бір донордан 6,14-
7,33 эмбрион алуды қамтамасыз етеді.
И.Н.Малмаков [23, 12б] қазақтың биязы жүнді тұқымының суперовуля-циясын
1000-1200 МЕ мөлшерде ББС енгізу арқылы келтірген. Ол 61 донордан 600
овуляция немесе 1 донорға шаққанда бір ұядан 0-ден 31-ге дейін немесе орта
есеппен 9,8 овуляция алған.
Ж.Утесинов [48] қазақтың биязы жүнді тұқымының саулықтарын 1000 МЕ
мөлшерде ББС гонодотропинімен өңдегенде әр донор орта есеппен 6,7, ал
құрамында микроэлементтер және витаминдер болғанда 7,6 овуляцияны
құраған.
Гормоналдық препараттарды пайдаланудың нәтижесі олардың енгізу уақытына
да байланысты болатындығы туралы мәліметтер бар [49]. Мәселен, P.Scanlon,
J.Srenan, I.Gordon [50] сиырларда овуляция санының артуы оларды жыныстық
қозу байқалар алдында 4-7 күн алдын, ал қойларды 4-5 тәулік бұрын
гонадотропинмен өңдегенде байқалады дейді.
Ал, К.Джанабеков [51] қазақы биязы жүнді тұқымды саулықтарға жыныстық
циклдің 13-14 тәулігінде ББС пайдаланып, екі аналық безден 6 овуляцияға
дейін алған.
Ф.М.Мухамедгалиев, М.М.Тойшибеков, Р.Б.Абильдинов және басқалар [20,
11б] ББС препаратын қолданғанда, үш донор-саулықтан әр түрлі даму сатысында
болған 19 эмбрион алған.
Б.Даминов, Ш.Сартаев және М.М.Тойшибеков [52] жүргізген зерттеулер
эстралды циклдің 10-12 –тәулігінде ББС 1200-1450 МЕ мөлшерде енгізу
қойлардан салыстырмалы түрде көп мөлшерде овуляция алу үшін қолайлы жағдай
екенін көрсетеді.
Б.А.Буралхиев [53] донор мегежіндерді гормоналдық өңдеудің келесі
үлгісін ұсынады: жыныстық циклдің 13-ші күні простагландин F препаратын
және 14-ші күні 1000-12000 ИЕ мөлшерінде ГББС, ал 72-80 сағаттан кейін 750-
1000 ИЕ адамның хориондық гонадотропинін (АХГ) енгізеді де, АХГ- дан соң
40-42 сағатта ұрықтандырады. Автор, осы тәсілді қолдануда донор
–мегежіндерде эмбриондар 22,9%, ал зигота 25% жоғарылайды деп пайымдайды.
Бірқатар зеттеулер ББС мөлшерін донордың тірілей салмағына байла-нысты
анықтауға бағытталған. Мысалы, А.-Ш.М. Амарбаев [54] пікірінше, гормоналдық
сарысудың физиологиялық орташа отарлық мөлшері етті-майлы қойлар үшін -
1300 МЕ, ал қаракөл қойлары үшін 1200 МЕ құрайды. Препараттың мөлшерін
саулықтың тірілей салмағына байланысты есепте-генде 1кг тірі салмаққа
тиісінше 23-26 және 22-25 м.е. сәйкес деп есептеледі. Автордың ойынша бұл
мөлшерлер барынша қажетті нәтиже береді.
Қазіргі уақытта полиовуляцияны келтіруге қолданылатын әдістер
биологиялық ғылымның талаптарына сай емес. Бұл мәселені шешу үшін, отандық
гормоналдық препараттарды пайдаланумен суперовуляцияны келтіретін жаңа
әдісті жасау немесе бұрынғы белгілі әдістерді жетілдіру қажет.
Осы орайда Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы
РМК қаракөл қойларының эмбриондарын трансплантациялау зертханасында
Н.Алибаев О.Бекетауов Н.Адилбековтермен [55] даралық гормоналдық деңгейді
анықтай отырып, олардың эмбриондарын трансплантациялауда қаракөл қойларының
жоғары овуляциясының гормоналдық индукциясының тиімді үлгісі жасалды. Ол
бірқалыпты суперовуляция жасауға және өміршеңділігі қалыпты эмбриондарды
көптеп алуға мүмкіндік береді. Олар донор саулықтардың және дайындалған
препараттың гормоналдық деңгейіне байланысты үш топқа біріктірді: I топқа
ФЖГЛГ ара-қатынасы 1:1; II топқа- 2:1 және III топқа- 3:1. Бірінші
топтағы донорларға (1:1) жыныс циклінің 10 және 11 күндері ФЖГ мен ЛГ-ның
ара-қатынасы 3:1, ал 12 күні-2:1 ББС препаратын еккен. Екінші топтағы
донорларға (2:1) жыныс циклінің 10-күні гормондар арақатынасы 3:1, ал 11-ші
күні 2:1 және 12-күні 1:1 препаратын ендіріп, үшінші топтағы донорларға
тиісінше (3:1) күйіті келгеннен кейінгі 10 күні 3:1, ал 11 және 12 күндері
гормондардың ара-қатынасы 1:1 ББС қолданған. Барлық донор саулықтарға жыныс
циклінің 13 күні ФЖГ мен ЛГ ара қатынасы 1:1 препаратын әр тірілей
салмағына 12 МЕкг мөлшерінде қайта енгізілді. Сонымен қазіргі қолданып
жүрген трансплантациялау технологиясына бір күндік суперовуляцияны
индукциялаудың орнына ББС препаратындағы және донор қанындағы ФЖГ мен ЛГ-
ның әр түрлі ара-қатынасын есепке ала отырып үйлестіріп салудың 4 күндік
схемасын ұсынды. Бұл биотехнологияның жаңа әдістері, асыл тұқымды қой
шаруашылығының одан әрі дамуына өте тиімді әсерін тигізеді.
Жоғарыда көрсетілген тәсілдердің әрбірі отандық ауыл шаруашылығы малдары
тұқымдарының гендік қорын сақтау оны қалпына келтіру және тиімді пайдалану
жұмыстарында аса қажетті. Дегенмен, қазіргі уақытта эмбриондарды ауыстырып
отырғызу және криоконсервациялау барынша жетілдірілген және тиімді әдістер
болып саналады.
Осыған байлансты, жоғарыда айтылған әдеби шолудағы мәлімет ауыл
шаруашылығы малдарының гендік қорын сақтау маңызды мәселе екендігін
мойындауға мәжбүр етеді, өйткені бір субпопуляция ішінде бір генотиптің
жоғалып кетуінің өзі бүкіл популяцияның гендік қорына орны толмайтын шығын
әкеледі. Сондықтан да, гендік қор популяциясы санының тұрақтандыруын
көтермелеу үшін қолда барды сақтау және жоғалып бара жатқан фенотиптерді
қалпына келтіру қажет [56].
Бұл мәселені шешудің және селекциялық дәстүрлі әдістердің көмегімен шешу
мүмкін емес, себебі оны іске асыру үшін ұзақ уақыт қажет.
Препаратпен өңделген ұрғашы малдарды қолдан ұрықтандыру, оларда бірден
бірнеше ұрықтың дамуына әкеп соқтырады. Ал, сиырлар мен қойлардың жыныс
жолдары бір, екі, сирек жағдайда үш ұрықтың дамуын қамтамасыз еткенмен,
буаздықтың табиғи жалғасуында артық ұрықтар сорылып, жойылып кетеді.
Сондықтан эмбриондарды трансплантациялауда пайда болған ұрықтанған сапалық
жасушалар донордың жыныстық жолдарынан жуылып алынып, донордың жыныстық
циклінің сатысына үйлестірілген реципиенттің жыныс жолдарына ауыстырылады.
Осылай жануарлар популяциясында аса құнды генетикалық белгілері бар
донордың саны көбейеді [57].
Сонымен қорыта айтқанда, малдарды гормоналды препараттармен өңдегенде
олардың жыныс мүшелері үлкен өзгеріске ұшырайтындығын жоғарыдағы
келтірілген ғалымдардың жұмыстарынан байқауға болады. Сондықтан ауыл
шаруашылық малдарда гормоналды препараттар арқылы суперовуляция жасау
эмбриондарды трансплантациялау тәсілінің негізгі бөлігі болатындығын ескере
отырып, оған ерекше мән беру керек.
2 Донорларды, реципиенттерді және қошқарларды іріктеу.
Зерттеу жұмыстары Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік
орталағының биотехнология зертханасында жүргізілді.
Зерттеу мақсатына байланысты, қазіргі таңда қаракөл қойы популяция-сында
басы азайып, сирей бастаған қарақалпақ сұрының - шамшырақгүл, бұқар сұрының
- алтын және қазақ сұрының - платина реңді саулықтары мен қошқарларын осы
орталықтың РМҚ Бірлік кәсіпорынында елтірілік белгілері және трансферрин
типтері әр түрлі 24 бас қаракөл саулықтары іріктелініп, зерттеуде донорлар
ретінде пайдаланылды.
Жалпы қаркөл қой тұқымы түсі ойынша былай бөлінеді: қара, сұр, қоңыр,
ақ, көк, қызғылт. Олармен қатар түс қанықтылығы және реңдері бойынша
бөлінеді. Елтірілік типтері бойынша – жакеттік, жазықгүл, қабырғагүл,
кавказдық және қаракөлше. Қаракөл қой тұқымының структурасында қара түсті
80% құрайды, көк пен сұр -12%, қалған түс -8%. Қазіргі таңда қаракөл
қойларының гендік қорында мынадай түсті қойлар сиреп барады:
- қарақалпақ типті сұрдың болат, шамшырақгүл және өрікгүл реңді мал
тобы;
- бұар типті сұр қой тобында алтын реңді;
- сұрхндария типті сұр қой тобында платина, янтарь, шағыл реңді
генотиптері;
- көк түсті қой тобында көгілдір, қырау, күміс және гауһар реңді қойлар
тобы;
- күлгін, қаракөгілдір, қызғылт.
Қаракөл қойларының селекциялық белгілерін зерттеу нәтижесінде оларды донор
ретінде пайдалану үшін іріктеудің критериясы анықталған. Донорларды
селекциялық белгілері арқылы іріктегенде олардың түсін, реңін, елтірілік
типін, конститутциясын, жасын және класстылығын Қаракөл қозыларының
сапасын анықтау нұсқауына сүйене отырып анықтайды (1996 ж.).
Қаракөл қойларын іріктеу және жұптаудың төмендегідей әдістемелері
жасалынған:
1. Сұр түсті қаракөл қойын іріктеу әдістемесі (А.С. 1625468, 1990).
Бұл
тәсілдің мәні іріктеу әдістемесінің дәлдігін арттыру. Ол үшін сұр түсті
қаракөл қозыларын туылған кезінде түсінің қанықтылығына байланысты іріктеп
алады. Сұр түстің қанықтылығы (ВОС) жүн талшығының қаралау және ақшылдау
тұсын өлшеу және жүн бұйрасының параметрлерін өлшеу арқылы төмендегі
формуланы пайдалана отырып анықтайды:
0,5*РЗ*П
ВОС = ------------------
ДТО
РЗ – бұйраның өлшемі; П – тұрақты сан (3,14); ДТО – жүн талшығының
негізгі қара тұсының ұзындығы. Тұқымдыққа қалдырылатын қозылардың ВОС
бойынша іріктеу параметрлері -0,98 – 1,17 аралығында болуға тиіс.
2. Сұрхандария типті сұр түсті қаракөл қойларын іріктеу тәсілі (А.С.
1711756, 1991). Бұлтәсілдің мәні сұр түсті платина реңді қозының туылған
кезінде жүн талшығындағы эумеланиннің деңгейін анықтап, тұқымдыққа тек жүн
талшығында 45-55% эумеланині бар қозыларды қалдырады.
3. Жоғарғы сапалы жакеттік қаракөл елтірісін алу тәсілі (А.С.1586650,
1990). Бұл тәсіл бойынша қозылардың туылған кезінде жүн бұйрасының ені мен
биіктігін өлшеп, жұптауға бұйра биіктігі мен енінің арақатынасы 1-ге тең
қойларды пайдаланады.
4. Тұқымдық қаракөл қошқарларын іріктеу тәсілі (А.С. 1780672, 1992). Бұл
тәсіл бойынша қозыларды туылған және енесінен бөлінгенге дейінгі аралықтағы
жүн талшығының өсу қарқындылығына байланысты іріктеп алады. Жүн талшығының
өсу қарқыны (ИРВ) мына формула бойынша анықталады:
Дх*Дк1
ИРВ =----------------- 1
Дк*Дх1
Дх – шоқтықтағы жүн талшығының еуылған кезіндегі ұзындығы; Дх1 –
енесінен бөлінген кезіндегі шоқтықтағы жүн талшықтарының ұзындығы; Дк –
туылған кезіндегі сегізкөз тұсындағы жүн талшығының ұзындығы; Дк1 –
енесінен бөлінген кездегі сегізкөз тұсындағы жүн талшығының ұзындығы.
7. Қаракөл қойларын донор ретінде іріктеу тәсілі (А.С. 10835, 2001).
Жыныс циклінің 10-11 күндері донорлардың тірілей салмағына байланыс-ты 25-
26 МЕкг мөлшерінде гонадотрапин гормонын және 48 сағаттан кейін әр донорға
250 мкг мөлшерінде простагландин егіледі. Гормональді препаратты еккеннен
кейін 4-5 күндері күйі келген қойларды донор ретінде іріктеп алады.
6. Қаракөл қойларын иммуногенетикалық тест бойынша селекциялау тәсілі
(А.С. 11140, 2002). Бұл тәсіл бойынша 1,5 жасар қаракөл қойлары-ның қан
сарысуындағы бактериоциттік (БАСК) және лизоцимдік (ЛАСК) белсенділігінің
тірілей салмағына (ЖМ) қатынасы арқылы табиғи резистенттілігінің (УЕР)
деңгейі мына формула бойынша анықталады.
УЕР=БАСК + ЛАСКЖМ
Жұптауға тек УЕР көрсеткіші 2,15–тен жоғары қойларды іріктеп алады.
7. Үлкен көлемді елтірі алу тәсілі (А.С. 11141, 2002). Бұл тәсіл
бойынша селекцияға қозы кезіндегі тері көлемі 1700 см2 кем емес қозыларды
іріктеп алады.
8. Көк түсті көгілдір реңді қаракөл қойларын іріктеу тәсілі (А.С.
13480, 2003). Қозылардың туылған кезіндегі денесіндегі 4 топографиялық
бөлігін-дегі (шоқтығы, сегізкөз тұсы, оң және сол жамбасы) 1 см2 тері
көлеміндегі ақ және қара жүндердің арақатынасы мен ақ жүннің өсу
қарқындылығын анықтау арқылы селекциялық топқа іріктейді. Көк түсті
қошқарларға бұл фенотиптік индекс (ФИБ) 41, ал қара түсті қошқарларда 01
болуы тиіс.
Донор, реципиент және қошқарларды іріктеу жұмыстарын құрамында
селекционерлер, ветврачтар және эмбриондарды трансплантациялау мамандары
бар комиссия жүргізеді. Қошқарларды, донорларды және реципиенттерді жұқпалы
аурулары жоқ деген ветеринарлық куәлігі немесе сертификаты бар
шаруашылықтан жинақтап алады.
Малдарды шаруашылықтан әкелу алдында оларды карантиннен өткізеді және
төмендегі аурулар бойынша зерттеу жүргізеді:
- бруцелезге, пробиркадағы РАжәнеРСК (РДСК) қан сарысуы;
- листерноз – РСК қан сарысуы;
- паратуберкулезді энтерит – бактерескопиялық фекаль;
- хламидозды іш тастау-серологиялық РСК (РДСК) қан сарысуы.
Іріктелген донор мен реципиенттің шығу тегі биотехнологиялық
лабораторияда жүргізілген иммуногенетикалық экспертиза нәтежиесімен
дәлелдену керек. Сырттан әкелінген донорларды селекциялық топқа іріктеу
үшін олардың асыл тұқымды екендігін дәлелдейтін сертификаты болуы керек.
3. Донорларды гормоналдық препараттармен өңдеу тәсілдері.
Донорларды гормоналды препараттар арқылы өңдеп, суперовуляция жасау
эмбриотрансплантациялаудың негізгі этапы болып саналады. Мұндағы негізгі
мақсат жуып алынатын эмбриондар санын арттыру.
Донорларды суперовуляция жасау үшін буаз бие қанының сарысуы (СЖК), буаз
бие қанының гонадотропиндік сарысуы (ГСЖК) және фолликулдерді жетілдіретін
гормон (ФСГ) және тағы басқа гормондар пайдаланылады. ББС дайындауда
алынған қанның жалпы мөлшерінің 40-60% -нен дәрмек дайындалады. Биелерден
қан алу буаздылығының 45-күннен бастап 90 күндігі аралығында, аптасына 1
рет әр 1кг салмағына 10 мл-ден келетіндей есеппен жүргізіледі. Яғни, әр
биеден 4-5 литрден қан алынады.
3.1 Донор саулықтарды суперовуляция жасау тәсілдері.
Донор ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz