Табиғаттағы су айналымы түрлері


Табиғаттағы су айналымы түрлері

Су үздіксіз қозғалыста болады. Ол үздіксіз айналым процесінде буға, одан суға айналып отырады. Су айналымының негізгі себепкері күн энергиясы болып табылады.

Жер бетінің радиациялық тендестігі (R ж ) 320 кДж \(см 2 жыл) -ға тең ал жұтылған радиация мен радиация теңдестігінің айырмасына тең жер бетінен эффективті шағылысуы (J ж ) 192 кДж/(см 2 -жыл) мөлшерінде.

Әлемдік кеністікке кететін жердің ұзын толқынды шағылысуы (J s ) 700 кДж/(см 2 -жыл-ға) тең, яғни жұтылған радиацияның мөлшеріне сәйкес.

J ж /J s катынасы Q a /Q қатынасынан әлдеқайда аз, яғни жер бетіндегі радиациялық режимге көктеме (парниктік) эффектінің әсерімен сипатталады. Көктеме эффектінін тағы да бір сипаттамасы болып 320 кДж/(см 2 -жыл-ға) тең жер бетінің радиациялық теңдестігінің мөлшері есептеледі.

Радиациялық теңдестіктің қуаты судың булануына L Е = 270 кДж/(см 2 -жыл) және жер беті мен атмосфераның турбуленттік алмасуына (Т = 50 кДж/(см 2 -жыл) ) жұмсалады. Атмосфера жылу энергиясын үш түрлі жолмен алады: қысқа толқынды жұтылған радиация (188 кДж/(см 2 -жы^) ), су буынын конденсацияға ұшырауы кезіндегі жылу бөлінуінен сіңірілген (LС = 277 кДж/ (см 2 -жыл) ), жер бстінен тарайтын турбуленттік жылу ағысы арқылы (50 кДж/см 5 • жыл. Бұл керсеткіштердің қосындысы жылудың әлемдік кеңістікке жұмсалатын ұзын толқынды шағылысуына тең яғни J s -J ж = 508 кДж/(см 2 -жыл) .

Жыл сайын жер бетінен 577 мың текше километр су буланады. Оның көбі 505 мың км 3 мұхит бетінен, азырағы 72 мың км құрлықтан буланады.

Бу атмосферада белгілі бір жағдайларға байланысты конденсацияланады, яғни жауын-шашынға айналады. Жауын-шашын жер бетіне қар, жаңбыр немесе бұршақ түрінде түседі. Құрлыққа жауған жауын-шашын топыраққа сіңу жолымен жер асты суларын байытады, жер беткейлерімен ағып келіп тұрақты немесе уақытша ағын суларды құрайды, ал қалған бөлігі тағы да булануға түседі.

Бұл жер бетімен атмосфера арасындағы үздіксіз жүретін тұйық ылғал алмасу табиғаттағы су айналымы деп аталады. Су айналымының екі түрі болады.

Кіші немесе Мұхиттық су айналымы, яғни мұхиттар мен теңіздердің бетінен буланған ылғал құрлыққа тасымалданбай, су бетінен аспанға тік көтеріліп конденсацияға ұшырап, теңіздер мен мұхиттардын бетіне жауын-шашын болып кайта оралады.

Үлкен айналым. Бұл - ылғалдың ауа ағындарының күшімен мұхиттардьщ үстінсн құрлықтарға тасымалдануы және оның құрлықтардың бетіне жауын-шашын ретінде түсіп, мұхиттар мен теңіздерге жер беті немесе жер асты жолымен қайта оралу процесі. Су буының мұхит бетінен келген кішігірім бөлігі құрлықтың тұйық аймақтарына жауын-шашын турінде түседі және қайтып оралмайды, яғни үлкен айналымға қатыспайды.

Судың жеке түрлерінің тасымалдану көлемі мен жылдамдығы біркелкі емес. Біздің ғаламшардың көлемінде әдетте ылғал айналымының мынадай типтері қарастырылады: жер мен ғарыш арасындағы, атмосфера мен мұхит аралық, атмосфера, топырақ және биосфера аралық. Ылғал айналымының барлық типтері тұйықталмаған болып келеді.

Ылғалдылық, атмосфералық жауын-шашын және булану құрлықшілік ылғал айналымының негізгі элементтері болып табылады.

Қарастырылып отырған аумақтан сыртқа кететін су буының мөлшері - С мына теңдеу арқылы өрнектеледі:

С = А-Х+Е

Мұндағы А - сырттан келген су буының мөлшері; X - екі түрден тұратын жауын-шашын мөлшері: X А -адвективтік жауын-шашын, Хе - жергілікті буланудан құралған жауын-шашын; Е - булану.

Ылғал айналымының құрамы мен шығутегі әр түрлі жауын-шашындарды есептеу үшін М. И. Будыко мен А. Дроздовтың формулаларын пайдалануға болады:

Х Е =Х/ (1-+-2WuE. l) ; Х А =Х/`1+E. l2W u ) ;

К=XX A =1+(E. l 2W u )

Мұндағы W - атмосфераның ылғалдылығы, мм; и - су буын адвективті тасымалдаудың орташа - жылдамдығы, м/с; / - осы аумақтың масштабы (1 = Ғ), км; Ғ - бүкіл аймақтың ауданы, км 2 ; К - ылғал айналым коэффициенті, жергілікті су буының сыртқа кетерден бұрын жасайтын айналым циклінің санын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
Өсімдік географиясы
Экология ғылымы туралы түсінік
Биосферадағы бео, гео, химиялық айналымдар
Химиялық реакция теңдеуі
Табиғи ресурстар және оларды топтау
Гидрология. Суды қорғау
Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар туралы
Сулы орта
Биологиялық экология туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz