Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

Физика-математика факультеті

Ақпараттық жүйелерді оқыту кафедрасы

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі проректоры

Ж. А. Қараев

«___»2007ж.

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Пәннің аты: Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар

Пән коды:

Мамандығы (шифры) : ФМФ, ТФФ, ЭБСФ,

шифры: 050110, 050111, 060602, 050117, 050119, 050207, 050205, 050114

Кредит саны: 1

Алматы, 2007ж.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі дайындаған жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік оқыту бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Оқу әдістемелік бағдарламаны құрастырушылар: оқытушы Ж. Ж. Қожамқұлова

Кафедраның «» 2007ж. мәжілісінде талқыланған,

хаттама №___

Кафедра меңгерушісіп. ғ. к., доцент Н. Н. Керімбаев

Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып, бекітілген «»2007ж. Хаттама №___

Факультеттің ОӘБ төрайымы п. ғ. к., доцент Б. Р. Қасқатаева

«Келісілді»

Факультет деканы

п. ғ. д., профессор С. М. Кеңесбаев

«___»2007ж.

1. Пәннің оқу бағдарламасы - Syllabus

1. 1. Оқытушылар туралы мәліметтер

Сабақ жүргізетін оқытушылар (тьюторлар) :

Қожамқұлова Жазира Жұмағұлқызы - оқытушы (лектор)

Байланыс түрі: 33-18-41 ж. т.,

Кафедрада болатын уақыты 8. 30 - 17. 20

1. 2. Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар

Кредит саны 1

Жүргізілетін орын компьютерлік класс

Оқу жоспарынан көшірме

Күндізгі бөлімдер: Күндізгі бөлімдер
Күндізгі бөлімдер: Шифр, мамандық
Кредит саны

1 семестр

2 семестр

3 семестр
4 семестр
5 семестр
6 семестр
7 семестр
8 семестр
Күндізгі бөлімдер: лек/пр/лаб/сөжж/сөж
Күндізгі бөлімдер: ФМФ, ТФФ, ЭСО
1
1515/15

Сырттай бөлімдер

Шифр, мамандық,оқу жылы:

Шифр, мамандық,

оқу жылы

Кредит саны: Кредит саны
1-курс: 1-курс
2-курс: 2-курс
3-курс: 3-курс
4-курс: 4-курс
5-курс: 5-курс
Шифр, мамандық,оқу жылы: лек/пр/лаб/сөжж/сөж
Шифр, мамандық,оқу жылы: 5-жылдық
Кредит саны: 3
1-курс:
2-курс: 6///6/33
3-курс:
4-курс:
5-курс:
Шифр, мамандық,оқу жылы: 3-жылдық
Кредит саны: 3
1-курс:
2-курс: 3///3/36
3-курс:
4-курс:
5-курс:

1. 3. Пререквизиттер: Информатика, Педагогика, Психология сабақтарында алынған білімдеріне негізделген.

1. 4. Постреквизиттер: пәнді оқыту барысында алынған білімдер мамандықтары бойынша пәндерді оқыту әдістемесі және т. б. пәндерде қолданылады.

1. 5. Пәннің мақсаты мен міндеттері

1. 5. 1. Пәнді оқыту мақсаты

Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру.

Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілген. Бұл - бүгінгі таңда білім беру саласында білім мазмұнын жаңаша мазмұнмен тереңдету негізінде кәсіби мамандарды даярлаудағы негізгі мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу болашақ маманның жоғары оқу орындарындағы кәсіби сапалы білім алуынан туындайды. Өйткені, оқушылардың тұлғалық жетік қалыптасуы маманның кәсіби шеберлігі мен мақсатқа бағытталған дайындығы мектептегі педагогикалық процесті сауатты басқаруына байланысты. Оның негізгі болашақ маманды кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану - мұғалім мамандығындағы негізгі талаптардын бірі.

Жаңа педагогикалық технологиялар студенттердін кәсіби- шыгармашылық қабілетін, бейнелеу процесінің құрылымын және теориялық негіздерін эстетикалық көзқарастарын байымдау, баға беруін танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, біз оқыту технологияларының тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізуіміз керек. Өйткені еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

1. 5. 2. Пәнді оқытудың міндеттері

Студенттерді педагогикалық инновациялық білім беру негіздеріне, жаңа ақпараттық педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде қолдана білуге үйрету; осы заманғы информациялық технология мүмкіндіктерін және олардың келешектегі дамуын зерттеу; педагогикалық инновациялық технологиялардың келешектегі дамуын зерттеу.

Білім, дағды және қабілет минимумы: қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдануда тәжірибелік дағдыға ие болу; жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялардың, ақпарат көздерін, жергілікті және ауқымды желілердің негізін және келешекті дамуын білу мен оларды салалық ауданда қолдану.

1. 6. Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі :

- тапсырмалар тізімі және түрлері (курстық жоба (жұмыс), есептеу-графикалық тапсырмалар, типтік есептеулер т. б. ) ;

- пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі;

- орындау мерзімі;

- бақылау түрі (тестілер, экспресс-сұрақтар, есеп, реферат, баяндама т. б. ) .

График төмендегі үлгі бойынша тьютор құрастырады (2-кесте)

Тапсырмалардың тізім мен оларды орындау кестесі

Бақылаутүрі:

Бақылау

түрі

Жұмыс түрі: Жұмыс түрі
Жұмыстың тақырыбы: Жұмыстың тақырыбы
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету: Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету
Балдар /баллы/: Балдар /баллы/
ТапсыруУақыты:

Тапсыру

Уақыты

Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі: Реферат
Жұмыстың тақырыбы: Білім беру жүйесі және ақпарат. Жаңа ақпараттық педагогикалық технология ұғымы.
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:

5 нег. [14-20]

7 нег. [33-37]

2 нег. [7-15]

Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты: 1-2-апта
Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі: Баяндама
Жұмыстың тақырыбы: Педагог мамандарды ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:

5 нег. [20-21]

4 нег. [127-134]

Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты: 2-3-апта
Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі:
Жұмыстың тақырыбы: Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:

4 нег. [15-31]

7 нег. [33-37]

2 нег. [7-15]

Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты: 4-апта
Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі:
Жұмыстың тақырыбы: Жаңа технологияны оқыту үрдісінде шығармашылықпен пайдалану
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:

4 нег. [134-165]

6 нег. [99-141]

2 нег. [21-30]

3 нег. [32-60]

Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты: 5-апта
Бақылаутүрі:
Жұмыс түрі: 15
Жұмыстың тақырыбы: 6-апта
Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі:
Жұмыстың тақырыбы: Жаңа технологияларды енгізудің маңызы
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:

4 нег. [134-165]

6 нег. [99-141]

2 нег. [21-30]

3 нег. [32-60]

Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты: 7-апта
Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі:
Жұмыстың тақырыбы: Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдары.
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:

4 нег. [134-165]

6 нег. [99-141]

2 нег. [21-30]

3 нег. [32-60]

Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты: 8-апта
Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі:
Жұмыстың тақырыбы: Оқытудың психологиялық, педогогикалық негіздері
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:

8 нег. [189-214]

3 нег. [60-75]

2 нег. [152-162]

Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты: 9- апта
Бақылаутүрі: 2- ағымдық бақылау
Жұмыс түрі: 15
Жұмыстың тақырыбы: 10-апта
Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі:
Жұмыстың тақырыбы: Педагогикалық технологияларға сипаттама
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:

1 нег. [275-290]

8 нег. [6-30]

Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты: 11-апта
Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі:
Жұмыстың тақырыбы: Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:

1 нег. [306-349]

8 нег. [16-28]

Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты: 12-апта
Бақылаутүрі: Аралық бақылау
Жұмыс түрі: 30
Жұмыстың тақырыбы: 12-апта
Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі:
Жұмыстың тақырыбы:
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:
Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты: 13-апта
Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі:
Жұмыстың тақырыбы: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын оқыту үрдісіне пайдаланудың әдiстемелiк негiздерi.
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:

8 нег. [103-109]

3 нег. [76-85]

2 нег. [79-81]

Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты: 14-апта
Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі:
Жұмыстың тақырыбы: Тұлғаға бағытталған білім
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:

8 нег. [103-109]

3 нег. [76-85]

1 нег. [30-34]

Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты:
Бақылаутүрі: ағымдық
Жұмыс түрі:
Жұмыстың тақырыбы: Модульдеп оқыту технологиясын оқыту үрдісіне пайдаланудың әдiстемелiк негiздерi
Ұсынылған әдебиеттерге сілтеме, беттерін көрсету:

3 нег. [86-96]

1 нег. [30-34]

6 нег. [158-177]

2 нег. [114-115]

Балдар /баллы/:
ТапсыруУақыты: 15-апта
Бақылаутүрі: Емтихан
Жұмыс түрі: 40
Жұмыстың тақырыбы:
Бақылаутүрі: Барлығы
Жұмыс түрі: 100
Жұмыстың тақырыбы:

1. 7. Әдебиеттер тізімі

1. 7. 1. Негізгі әдебиеттер

1. Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М. : Академия, 2001. С. 26.

К. Өстеміров. Кәсіптік педагогика., Алматы, 2006ж.

2. Введение в педагогическую деятельность: Учеб. пособие для студ. высш. пед. Учеб. заведений. М. : Академия, 2002. С. 66.

3. Информационные технологии в системе непрерывного педагогического образования. (Проблемы методологии и теории) /Под ред. В. А. Извозчикова. СПб. : Образование, 1996.

4. Захарова И. Г. Информационные технологии е образовании: Учеб. пособие для студ. высш. учеб, заведений. М. : Академия, 2003.

  1. Информационная культура: Новые информационные технологии. 11кл. : Пособие для обшеобразоват. учеб. Заведений /А. Г. Кушниренко, А. Г. Леонов, М. А. Кузьменко и др. - М. : Дрофа, 2000г.

1. 7. 2. Қосымша әдебиеттер

1. Кеңесбаев С. М. Білімді ақпараттандыру процесі, оның негізгі бағыттары мен болашағы. Жоғарғы оқу орындарындағы педагогикалық білімді жетілдіру: бүгіні мен болашағы. Қаз. Мем. Қыз. ПИ, ғылыми мақалалар жинағы, Алматы, 2004ж, 42 бет

2. Беспалько В. П. Образование и обучение с использованием компьютеров (педагогика третьего тысячелетия) . М., 2002.

3. Балафанов Е. К. Информатикадан 30 сабақ. - Алматы, 2003

4. Нұрғалиева Г. К. Білім беруді ақпараттандырудың тарихы, қоғамдық тану. - Алматы, 2006

1. 8. Білімді бақылау және бағалау

Қорытынды бағалауға:

Ағымдық бақылау - 60%

Емтихан - 40%

Қорытынды бағалау келесі формула бойынша есептелінеді:

\[{\hat{\mathrm{E}}}{\hat{\mathrm{l}}}=0{\frac{\hat{\mathrm{l}}(\hat{\mathrm{l}})_{+}^{1}+\mathrm{D}2}{\mathrm{G}}\vartheta\vartheta\ +\check{A}}\]

мұндағы:

ИО - қорытынды бақылау;

Р1 - бірінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;

Р2 - екінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;

Е - емтихан бағасының сандық эквиваленті.

1. 9. Курстың саясаты мен процедурасы

Қорытынды баға осы курс бойынша Сіздердің алған нәтіжелерге сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бағаланады:

  • үй тапсырмасы (макс. балл-10)
  • ағымдық бақылау (макс. балл-20)
  • аралық бақылау (макс. балл-30)
  • қорытынды емтихан (макс. балл-40)

Төмендегі кестеде оқытудың кредиттік технологиясымен жалпылама қабылданған, әріптік символдар қолданылатын, GPA - студенттің оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасын - анықтау үшін қажет бағалау жүйесі көрсетілген.

Әріптік жүйе бойынша бағалануы: Әріптік жүйе бойынша бағалануы
Балдардың цифрлік эквиваленті: Балдардың цифрлік эквиваленті
Балдары: Балдары
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалануы: Дәстүрлі жүйе бойынша бағалануы
Әріптік жүйе бойынша бағалануы: А
Балдардың цифрлік эквиваленті: 4, 0
Балдары: 95-100
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалануы: Өте жақсы
Әріптік жүйе бойынша бағалануы: А-
Балдардың цифрлік эквиваленті: 3, 67
Балдары: 90-94
Әріптік жүйе бойынша бағалануы: В+
Балдардың цифрлік эквиваленті: 3, 33
Балдары: 85-89
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалануы: Жақсы
Әріптік жүйе бойынша бағалануы: В
Балдардың цифрлік эквиваленті: 3, 0
Балдары: 80-84
Әріптік жүйе бойынша бағалануы: В-
Балдардың цифрлік эквиваленті: 2, 67
Балдары: 75-79
Әріптік жүйе бойынша бағалануы: С+
Балдардың цифрлік эквиваленті: 2, 33
Балдары: 70-74
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалануы: Қанағаттанарлық
Әріптік жүйе бойынша бағалануы: С
Балдардың цифрлік эквиваленті: 2, 0
Балдары: 65-69
Әріптік жүйе бойынша бағалануы: С-
Балдардың цифрлік эквиваленті: 1, 67
Балдары: 60-64
Әріптік жүйе бойынша бағалануы: D+
Балдардың цифрлік эквиваленті: 1, 33
Балдары: 55-59
Әріптік жүйе бойынша бағалануы: D
Балдардың цифрлік эквиваленті: 1, 0
Балдары: 50-54
Әріптік жүйе бойынша бағалануы: F
Балдардың цифрлік эквиваленті: 0
Балдары: 0-49
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалануы: Қанағаттанарлықсыз

Курстың саясаты - бұл оқытушының курсты оқыту барысында студентке қоятын талаптар жүйесі. Төменде ұсынылатын талаптар тізімі көрсетілген:

  • сабақтан кешігуге оны жіберуге болмайды;
  • сабақ үстінде ұялы телефондарды өшіру;
  • барлық тапсырмаларды өз уақытында орындау;
  • сабақ үстінде сағыз шайнамауоқытушы ұсынған сабақ жоспарын мұқият тыңдап, оған белсенді түрде қатысу;
  • себепті жағдаймен қатыспаған сабағын (деканаттың рұқсатымен) қайта тапсыру;
  • өз бетінше кітапханада жіне үйде дайындық жасау;

Академиялық этика ережесі:

  • тәртіп сақтау;
  • тәрбиелік;
  • адамшергілік;
  • шыншылдық;
  • жауапкершілігінің бар болуы;

Оқу топтарындағы келіспеушілік жағдайларды оқытушылар немесе тьюторлардың қатысуымен ашық түрде талқыға салу керек, шешілмеген жағдайда деканат қызметкерлері көмегімен қарастырылады.


2. Негізгі таратылатын материалдар

2. 1. Курстың тақырыптық жоспары

№:


Тақырыптар аты: Тақырыптар аты
Сағаттар мөлшері: Сағаттар мөлшері
№: Мамандық
№: күндізгі
Тақырыптар аты: 5 жылдық сырттай
Сағаттар мөлшері: 3 жылдық сырттай
№:

Лекция

Тақырыптар аты:

Лаборат

Сағаттар мөлшері:

СОӨЖ

СӨЖ

Лекция

Лаборат

СОӨЖ

СӨЖ

Лекция

Лаборат

СОӨЖ

СӨЖ

№: 1
Тақырыптар аты: Білім беру жүйесі және ақпарат. Жаңа ақпараттық педагогикалық технология мәні, мақсаты, міндеттері.
Сағаттар мөлшері: 1
№: 2
Тақырыптар аты: Педагог мамандарды ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Сағаттар мөлшері: 1
№: 3
Тақырыптар аты: Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру
Сағаттар мөлшері: 1
№: 4
Тақырыптар аты: Жаңа технологияны оқыту үрдісінде шығармашылықпен пайдалану
Сағаттар мөлшері: 1
№: 5
Тақырыптар аты: Жаңа технологияларды енгізудің маңызы
Сағаттар мөлшері: 1
№: 6
Тақырыптар аты: Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдары.
Сағаттар мөлшері: 1
№: 7
Тақырыптар аты: Оқытудың психологиялық, педогогикалық негіздері
Сағаттар мөлшері: 1
№: 8
Тақырыптар аты: Педагогикалық технологияларға сипаттама
Сағаттар мөлшері: 1
№: 9
Тақырыптар аты: Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы
Сағаттар мөлшері: 1
№: 10
Тақырыптар аты: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын оқыту үрдісіне пайдаланудың әдiстемелiк негiздерi.
Сағаттар мөлшері: 1
№: 11
Тақырыптар аты: Сабақ типтері. Тұлғаға бағытталған білім
Сағаттар мөлшері: 1
№: 12
Тақырыптар аты: Модульдеп оқыту технологиясын оқыту үрдісіне пайдаланудың әдiстемелiк негiздерi
Сағаттар мөлшері: 1
№: 13
Тақырыптар аты: Дамыта оқыту технологиясынын жеке тұлғаның дамуына әсері
Сағаттар мөлшері: 1
№: 14
Тақырыптар аты: Ойын арқылы оқыту технологиясы
Сағаттар мөлшері: 1
№: Барлығы
Тақырыптар аты:
Сағаттар мөлшері:

Глоссарий

Инновация - жаңашылдық, жаңалық енгізу.

Технология - өнер, шеберлік, ғылым

Құзырлылық - күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік.

«Құзырлылық» ұғымы - латын тілінен «сотреію» аударғанда «жасай алу» мағынасын білдіреді.

Ақпараттық құзырлылық - бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.

Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық - бұл адамдардың кез келген проблема мен міндеттерді компьютермен, ақпараттық құрылғылармен және телекоммуникациямен шешу қабілеті.

Ақпараттық мәдениет - ақпараттық технология арқылы кез келген алға қойылған міндеттерді шешу мен ақпараттарды түрлі формаларда түрлендіріп, адамдардың өзара бір-бірімен қарым-қатынасын дамытуға бағытталған дағды.

Модуль - қандай да бiр жүйенiң, ұйымның анықталатын, бiршама дербес бөлiгi.


2. 2. Дәрістік сабақ конспектілері

Дәріс- 1. Білім беру жүйесі және ақпарат. Жаңа ақпараттық педагогикалық технология ұғымы.

  • Білім беру жүйесіндегі ақпараттың маңызы.
  • Қоғамның жаңа ақпараттық технологияға өтуі.
  • ақпараттық технологиялар арқылы оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін қарқындату.

Бүгін оқу үрдісінің мақсаты тек қана ептілік пен дағдыны, білімді беру ғана емес, сонымен қатар, ақпаратты-интеллектуалды ресурстарды тәуелсіз құру мен пайдалану қабілетін қалыптастыру болып табылады. Білім беру нормалары бүгінгі жоғары жетістіктермен тоқталмайды. Енді олар ертеңгі күнге бағытталып, 10-15 жылдан кейін білім алушылардың өмір сүруі мен жұмыс істеу уақытын жобалауы қажет. Әлемдегі жағдайдың барлық өзгерістерге тез әрі теңбе-тең әрекетті қамтамасыз ететін ақпаратты технологиялар басым орынды алады.

Елімізде соңғы онжылдықта ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақ тәрбиелеуге жаңаша көз қараспен қарауды талап етуде. Қоғамның қазіргі дамуы кезеңінде оқыту мен тәрбиені нәтижелі ету білім беру мекемелерінің өзекті мәселелеріне айналды. Мұғалім - барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесін міндетінің бірі ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу туралы айтылған. Соңғы жылдарда болып жатқан бұл демократиялық өзгерістер, мектепке дейінгі мекемелер мен кешендердің қызметкерлеріне - тәрбиешілер, әдіскерлер, мұғалімдерге балаларды мектепке даярлауды педагогикалык шығармашылығын толыққанды пайдалану мүмкіндіктерін туғызып отыр.

Білім мазмұнын қалыптаструдың осындай жаңа жолдарын қолдану нәтижесінде балаларды мектепке даярлауды интенсивтендру мен оңтайландруға әкелетін оқыту мазмұны мен әдістерінің үилесімділігі артып, оқытудың тиімділігі күшейеді.

Инновация (латын сөзі) - «жаңарту», «жаңа», «жаңалық» немесе «инновация», «инноватциялық үрдіс». Бұл ұғымдар К. Ангеловский, В. Загвязинский, В. Ляудис, Л. Подымова, М. Поташник, А. Пригожина, В. Сластенин, Т. Шамова, Н. Юсуфбекова сияқты ғалымдардың еңбектерінде кеңінен ашылған.

Қазақстанда «инновация» ұғымын пайдалануды қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Н. Нұрахметов. Ғалым «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз-білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады.

С. Ожеговтің сөздігінде «инновация» ұғымына келесі анықтамалар берілген 1) «жаңа» шыққан немесе жасалған жақында пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған жаңалық; 2) жақын арада өткенге немесе қазіргі уақытқа жататын жаңалық; 3) бұрыннан таныс емес, беймәлім енгізілген жаңалық.

Л. Румянцева өз зерттеуінде «жана» ұғымының екі типін атап көрсетеді: 1) алғаш жасалған, таза жаңа, бұл жаңалық ашу, жаңа ақиқат, ұстаным; 2) жаңалық, құрамында ескі және жаңаның араласуы, екеуі қосылып бұрынғы білімді толықтырады, нақтылайды.

Сонымен «жаналық» ескі мен жаңаның синтезі бола тұрса да, жүйеге прогрессивтікті алып келеді.

Қазіргі танда мектепке дейінгі білм мазмұнын қалыптастырудың осындай тарихи жаңа баламалы түрі - «инновациялық оқытуды» ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Бұл ұғымға 1979 жылы Дж. Боткин басқарған ғалымдар «оңтайлы анықтама беріп, инновациялық оқыту мен нормативтік оқытудың» айырмашылығын атап көрсеткен. Сонымен инновациялық оқыту-саналы ұйымдастырылған, жобаланған, басқарылатын, болашаққа ұмтылған, оны жүзеге асыруға дайын тұлғаны дамытуға бағытталған оқу үрдісі.

Инновациялық оқытуға көшу өз кезегінде инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалануды көздейді. Бұл-мектепке дейінгі мекемелердің білім мазмұны мен оқыту әдістері, бағдарламаларын, формаларын, жаңашыл педагогтердің тәжірибесін, соның ішінде педагогикалық жүйенің қазіргі талаптарға сай әдістемелік жаңаруы болып табылады. Осы аталған жаңа құралдарды біз педагогикалық технология ұғымы шеңберіне жинақтасақ, ол «әдістеме» немесе «бағдарламаға» қарағанда ауқымды, кең болып табылады, білім беру мен тәрбиенің жана мазмұнын айқындап ашады, адам ресурстары мен техникалық ресурстарды есепке алады және т. б.

Инновациялық-педагогикалық техрологияларды теориялық және ғылыми-қолтанбалы бағыт тұрғысынан отандық ғалымдар Д. Жүнібәлиева, Б. Әбдікәрімұлы, М. Мәлібекова, Г. Нұрғалиева, Қ. Қабдықайырұлы, Ж. Қараев, Ш. Таубаева, т. б. өз зерттеулерінде қарастырған.

«Педагогикалық технология» ұғымы алғашқы рет АҚШ-та ендіріліп, әр түрлі семантикалық түрде қолданды. Педагогикалық технология» ұғымын С. Смирнов былайша анықтайды:

-оқытуды ұйымдастырудың «әдістемесі» немесе «формасы» ұғымдарының синонимі ретінде (бақылау жұмысын жазу технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, т. б. ) .

Оның мағынасын басқа ғалымдар түрліше белгілейді:

- педагогикалық технология - оқу үрдісіне белгілі бір мақсатты көздей әсер ететін педагогикалық ықпал (Б. Лихачев) ;

- педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті (М. Кларин) ;

- педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана (В. Беспалько) ;

- оқытудың технологиялары - дидактикалық жүйенің құрамдас, процессуальдық бөлігі (М. Чошанов) ;

- педагогикалық технологиялар - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі (В. Монахов) ;

- педагогикалық технология - мақсатты қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісі (С. Сполдинг) ;

Г. Селевко педагогикалық технологияны анықтай отырып оның негізгі құрылымын атап көрсетеді: а) ғылыми негізгі (педагогикалық технология - педагогикалық ғылымның бірлігі, ол оқытудың мақсатын, мазмұнын, оқыту әдістерін зерттейді, анықтайды, педагогикалық үрдістің жобасын дайындайды) ; ә) процессуалды сипаттау бөлімі - (үрдісті сипаттау, алгоритмдеу, іс жүргізу, суреттеу, мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың жиыны) ; б) әрекеттілік (процессуалдық) бөлімі - технологиялық үрдіс (оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетінің әдістері мен формалары, мұғалімнің оқу-тәрбие ісін басқару әдістері мен формалары, оқу-тәрбие үрдісінің диагностикасы) .

Сонымен қатар Г. Селевко педагогикалық технологияларды мәнділігіне, қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиалық жүйелік дыбыстар
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Интерактивті тақтаны орнату
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда АКТ қолдану
Интерактивті тақтаның құралдары
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар
Сабақта АКТ пайдалану жолдары
Интерактивті тапсырма және оны жасақтауға қолайлы бағдарламалық құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz