Кәсіпорында еңбекті нормалаудың ролі, мәні және әдістері



1. Кәсіпорында еңбекті нормалаудың ролі, мәні және әдістері
2. Еңбек нормаларының түрлері
3. Уақыттың жұмсалу ұзақтығына әсер ететін факторлар
Еңбекті нормалау – белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындауға қажетті уақыт мөлшерін белгілеу. Ол практикалық тұрғыдан уақыт нормасын, өнім нормасын және қызмет нормасын белгілеп, өндіріс орныныңэкономикалық өмірінде маңызды роль атқарады.
Ұйымдарда еңбекті нормалаудың мақсаты ғылыми жетістіктер мен үздік тәжірибені енгізу, олардың нормалардан уақтылы көрініс табуы нәтижесінде еңбек шығындарын азайту бойынша мақсаткерлік жұмыстарды жүргізудің негізінде оның өндірістік және еңбек әлеуетін тиімді пайдалануды, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбекті нормалау жөніндегі жұмыстар мынадай міндеттерді шешеді: өндірістің едәуір тиімді жағдайларын анықтау, оларды нормаларға бекіту және осы нормаларды игеру, сондай-ақ болашақ стратегиялық міндеттерді шешуге байланысты жұмыстарды: жалпы салалық деңгей бойынша еңбек шығындарының қол жеткізілген көлемін бағалауды, осы деңгейге қол жеткізу мүмкіндігін анықтау және оны төмендету жолдарын; техникалық және ұйымдық сипаттағы шаралар кешенін жүргізудің нәтижесінде еңбек шығындарын азайтудың экономикалық негіздемесін тексеруді жүргізу.
Өзінің экономикалық мәні тұрғысынан еңбек шарасы болып табылатын еңбек нормалары:
-еңбек пен өндірісті тиімді ұйымдастыру;
-ағымдағы және перспективалық жоспарлау;
-еңбек тиімділігін бағалау және еңбектің жоғары өнімділігін ынталандырудың негізі болу;
-еңбектің қалыпты қарқындылығы мен ауырлығын қамтамасыз етуге негіз болу;
-қызметкердің мүдделерін оған еңбек нормаларына сәйкес тапсырылатын жұмыстардың мазмұндылығы бөлігінде сақтау, оның кәсіптік-біліктілік жағынан өсу перспективаларының (еңбек карьерасы) кепілдігі қызметтерін атқарады.
Еңбекті нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру бойынша жұмыстарды нарық жағдайында жұмыс беруші жүргізеді. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын (тарифін) азайтуда еңбек нормалары рөлінің күшеюімен олардың қызметкердің мүмкіндігі мен қажеттілігіне бағытталуы тиістілігіне байланысты еңбекті нормалау мынадай қағидаттарға құрылуы керек:
- әрбір қызметкердің еңбек үлесін өлшеу және бағалауды қамтамасыз ететін еңбекті нормалау саласын барынша кеңейту (еңбекті нормалаудың жалпылығы);
- нормалар еңбектің қажетті шығындарын бейнелеуі керек және ұқсас ұйымдық-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстарға бірыңғай болуы керек;
- еңбек нормаларының ұйымдық-техникалық факторлармен қатар, экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік факторларды да ескеріп негізделуі;
- ғылым мен тәжірибенің үздік жетістіктерін ескеру;
- өнімге көп еңбек жұмсауды азайта отырып, «зерттеу — өндіріс — пайдалану» циклінің барлық стадияларында еңбек шығындарын үнемдеуге мақсатты түрде ықпал етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқару жүйесін қалыптастыру.
Еңбекті нормалау жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізу қажет және норманың барлық «өмірлік циклін»: қолданыстағы нормаларды талдау; жаңа нормаларды белгілеу (жаңа өнімге немесе қолданыстағы норманы жаңасымен ауыстыру); норманы игеру, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды, прогрессивті технологияны, жаңа техниканы енгізу жолымен перспективті бағыттарда қайта талдау және жұмыстарды жүргізуді қамтуы қажет. Осы Әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және Еңбекті нормалауды ұйымдастырудың негізгі принциптерін айқындайды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 2. Кәсіпорында еңбекті нормалаудың ролі, мәні және әдістері
1. Кәсіпорында еңбекті нормалаудың ролі, мәні және әдістері
2. Еңбек нормаларының түрлері
3. Уақыттың жұмсалу ұзақтығына әсер ететін факторлар

Кәсіпорында еңбекті нормалаудың ролі, мәні және әдістері туралы қазақша реферат
Еңбекті нормалау - белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындауға қажетті уақыт мөлшерін белгілеу. Ол практикалық тұрғыдан уақыт нормасын, өнім нормасын және қызмет нормасын белгілеп, өндіріс орныныңэкономикалық өмірінде маңызды роль атқарады.
Ұйымдарда еңбекті нормалаудың мақсаты ғылыми жетістіктер мен үздік тәжірибені енгізу, олардың нормалардан уақтылы көрініс табуы нәтижесінде еңбек шығындарын азайту бойынша мақсаткерлік жұмыстарды жүргізудің негізінде оның өндірістік және еңбек әлеуетін тиімді пайдалануды, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбекті нормалау жөніндегі жұмыстар мынадай міндеттерді шешеді: өндірістің едәуір тиімді жағдайларын анықтау, оларды нормаларға бекіту және осы нормаларды игеру, сондай-ақ болашақ стратегиялық міндеттерді шешуге байланысты жұмыстарды: жалпы салалық деңгей бойынша еңбек шығындарының қол жеткізілген көлемін бағалауды, осы деңгейге қол жеткізу мүмкіндігін анықтау және оны төмендету жолдарын; техникалық және ұйымдық сипаттағы шаралар кешенін жүргізудің нәтижесінде еңбек шығындарын азайтудың экономикалық негіздемесін тексеруді жүргізу.
Өзінің экономикалық мәні тұрғысынан еңбек шарасы болып табылатын еңбек нормалары:
-еңбек пен өндірісті тиімді ұйымдастыру;
-ағымдағы және перспективалық жоспарлау;
-еңбек тиімділігін бағалау және еңбектің жоғары өнімділігін ынталандырудың негізі болу;
-еңбектің қалыпты қарқындылығы мен ауырлығын қамтамасыз етуге негіз болу;
-қызметкердің мүдделерін оған еңбек нормаларына сәйкес тапсырылатын жұмыстардың мазмұндылығы бөлігінде сақтау, оның кәсіптік-біліктілік жағынан өсу перспективаларының (еңбек карьерасы) кепілдігі қызметтерін атқарады.
Еңбекті нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру бойынша жұмыстарды нарық жағдайында жұмыс беруші жүргізеді. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын (тарифін) азайтуда еңбек нормалары рөлінің күшеюімен олардың қызметкердің мүмкіндігі мен қажеттілігіне бағытталуы тиістілігіне байланысты еңбекті нормалау мынадай қағидаттарға құрылуы керек:
- әрбір қызметкердің еңбек үлесін өлшеу және бағалауды қамтамасыз ететін еңбекті нормалау саласын барынша кеңейту (еңбекті нормалаудың жалпылығы);
- нормалар еңбектің қажетті шығындарын бейнелеуі керек және ұқсас ұйымдық-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстарға бірыңғай болуы керек;
- еңбек нормаларының ұйымдық-техникалық факторлармен қатар, экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік факторларды да ескеріп негізделуі;
- ғылым мен тәжірибенің үздік жетістіктерін ескеру;
- өнімге көп еңбек жұмсауды азайта отырып, зерттеу -- өндіріс -- пайдалану циклінің барлық стадияларында еңбек шығындарын үнемдеуге мақсатты түрде ықпал етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқару жүйесін қалыптастыру.
Еңбекті нормалау жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізу қажет және норманың барлық өмірлік циклін: қолданыстағы нормаларды талдау; жаңа нормаларды белгілеу (жаңа өнімге немесе қолданыстағы норманы жаңасымен ауыстыру); норманы игеру, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды, прогрессивті технологияны, жаңа техниканы енгізу жолымен перспективті бағыттарда қайта талдау және жұмыстарды жүргізуді қамтуы қажет. Осы Әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және Еңбекті нормалауды ұйымдастырудың негізгі принциптерін айқындайды.

2. Еңбек нормаларының түрлері
Жұмысшылардың еңбегін нормалау кезінде еңбек нормаларының мынадай түрлері қолданылады: уақыт, өндіру, сан, қызмет көрсету нормалары, сондай-ақ нормаланған тапсырмалар.
Уақыт нормасы - бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс бірлігін орындау үшін белгіленген жұмыс уақыты шығындарының көлемі.
Өндіру нормасы - бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінде орындауға (жасауға, тасымалдауға және т.б.) міндетті белгіленген жұмыс көлемі (өнім бірлігінің саны).
Қызметкерлер санының нормасы - белгілі бір кәсіптік-біліктілік құрам қызметкерлерінің белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда нақты өндіріс қызметін немесе жұмыс көлемін орындауы үшін қажетті қызметкерлердің белгіленген саны.
Қызмет көрсету нормасы - бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінің ішінде қызмет көрсетуге міндетті өндірістік объектілер (жабдықтардың, жұмыс орындарының және т.б. бірліктері) саны.
Нормаланған тапсырма - бір қызметкер немесе қызметкерлер тобы жұмыс ауысымында немесе жұмыс уақытының өзге бірлігінде орындайтын жұмыстың белгіленген көлемі.
Басқарушылық нормасы - бұл белгілі бір ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда бір қызметкер басқаруға тиіс қызметкерлердің регламенттелген саны (бөлімшелер саны).
Еңбек нормалары жеке операцияға (операциялық нормаға) немесе операциялар тобына, жұмыстардың аяқталған кешеніне (ірілендірілген, кешенді норма) белгіленеді. Нормалардың дифференциация дәрежесі өндіріс типімен, өндірілетін бөлшектер (бұйымдар) партиясының көлемімен шығарылатын өнімнің ерекшеліктерімен, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру формаларымен айқындалады.
Ірілендірілген және кешенді нормалар өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) жоспарлы-есептік (есептік) бірлігіне, дайын бұйымға, буынға, бригадалық жиынтыққа, технологиялық оқшауланған операцияға, құрылыс кезеңі немесе объектісіне қарай белгіленеді.
Жұмыстарға белгіленген, ұйымдық-техникалық жағдайлары жағынан тұрақты еңбек нормаларымен қатар, уақытша және біржолғы нормалар қолданылады.
Еңбектің уақытша нормалары жаңа өнімді, техниканы, технологияны игеру, нормалар мен нормативтік материалдар болмаған кезде өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру кезеңіне еңбекті нормалау үшін белгіленеді.
Еңбек нормаларының қандай да бір түрін қолдану өндіріс жағдайына, еңбек сипатына және басқа да факторларға байланысты. Еңбек нормаларының негізгі ең көп қолданылатын түрі уақыт нормасы болып табылады, себебі жұмсалатын еңбек мөлшерін жалпыға ортақ өлшеуіші болып табылады. Жұмыс уақытының шығыны өндіру, қызмет көрсету және қызметкерлер саны нормаларының негізіне салынған.
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар - жұмыстардың элементтерін немесе кешенін орындауға, жабдықтың, жұмыс орнының, бригаданың, құрылымдық бөлімшенің және т.б. бірлігіне қызмет көрсетуге, сондай-ақ өндірістің нақты ұйымдық-техникалық жағдайы мен факторына байланысты өлшем бірлігі ретінде қабылданған өндірістік функцияларды немесе жұмыс көлемін орындау үшін қажетті қызметкерлердің санына жұмсалған еңбектің (уақыттың) регламенттелген мәні.
Нормативтік материалдарға мыналар кіреді:
* жабдық жұмысы режимінің нормативтері;
* уақыт нормативтері;
* регламенттелген үзілістердің нормативтері;
* қызметкерлердің саны нормативтері;
* қызмет көрсету уақытының нормативтері;
* еңбек процессінің элементтері бойынша сараланған және ірілену дәрежесі белгіленетін еңбек нормаларынан төмен уақыт, өндіру және қызмет көрсету нормалары.
Жабдық жұмысы режимінің нормативтері - жабдықтың жұмыс параметрлерін едәуір оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін регламенттелген өлшемдері. Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Металлургиялық цехта еңбекті ұйымдастыру
Еңбекті өлшеу және нормалау туралы
Еңбекті өлшеу және нормалау
Еңбекті ұйымдастырудың мәні
«УАТ» ЖШС сабын комбинатының еңбек өнімділігін талдау
Кәсіпорынның айналым қорларын басқару
КӘСІПОРЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын есептеу
Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
Қызметшілер санын анықтау
Пәндер