Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері
1.1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың
қалыптасу көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.2. Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі ... ... ... ... ... ... .. 9
1.3. Кәсіпорын капиталының құнын басқарудың
нарықтық экономикадағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
2. Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау
2.1. Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... .. 14
2.2. Капитал көздерінің құнын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3. Қапиталдың жалпы құнын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
3. Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру
3.1. Қазақстандық кәсіпорындарда капиталдың
қалыптасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23
3.2. Кәсіпорындардың капиталды қалыптастыру тәсілдерін
жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорындардың өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында кәсіпорындар қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені кәсіпорындардың өз иықтарына жүктеп отыр.
Кәсіпорындардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, кәсіпорындар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады. Алайда, меншікті капитал кәсіпорындардың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті кәсіпорындар өз қызметі барысында шеттен қаражаттар тартуларына мәжбүр болады. Дәлірек айтсақ, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың басты шарты болып табылады.
Кәсіпорындар үшін оңтайлы капитал құрылымын қалыптастырудағы ең маңызды сұрақтар – бұл қажетті қаржы ресурстарын қандай бағамен тарту керек екендігі. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайларындағы басты стратегиялық мақсаты өзінің ағымды және келешектегі нарықтық құнын арттыру және оны қолдау болып табылады, ал бұл жетістікке жетудің бірден бір жолы – капиталдың құнын тиімді басқару. Капитал құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын қызметінің тиімділігі де соғұрлым төмендей береді және керісінше. Сол себепті кәсіпорынның қаржы менеджерлері капитал құрылымын қалыптастыру көздерінің құнын анықтауға үлкен назар аударулары қажет. Міне, осы соңғы мәселе курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың капитал құрылымын және оның құнын анықтаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оңтайлы капитал құрылымын қалыптастыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өз алдына келесідей негізгі сұрақтарға жауап табуды міндет қойып отыр:
- кәсіпорындардың капиталының экономикалық негіздерін қарастыру;
- кәсіпорындардың капиталының құрылымын және құнын бағалау және талдау әдістемелерін игеру;
- қазіргі таңдағы қазақстандық кәсіпорындарда капиталды қалыптастыруды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Аталған міндеттерді орындау үшін жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда кәсіпорынның қаржы ресурстарының түсінігі мен оларды қалыптастыру көздеріне, кәсіпорын капиталының түсінігі мен жіктелуіне, нарықтық жағдайларды капитал құрылымы мен құнын басқарудың маңыздылығына арналады.
Екінші тарау барысында кәсіпорын капиталының құрылымын талдау және құнын бағалау әдістері игеріледі.
Үшінші тарауда қазақстандық кәсіпорындардағы капитал қалыптасуының бүгінгі таңдағы ерекшеліктері мен оны жетілдіру мәселелерін қарастыратын боламыз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Арыстанов А., «Корпоративные облигации как инструмент долгосрочного финансирования», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2001, №12
2. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001
3. Жуйриков К.К., «Роль и значение финансового капитала в рыночной экономике», Банки Казахстана, 2004, №9
4. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 1998
5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
6. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003
7. Үмбетәлиев А., «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Алматы – 2002
8. Турганалиев Е., «Управление стоимостью капитала в системе корпоративного финансового управления», Финансы Казахстана, 2002, №6
9. Тургулова А.К., «Особенности формирования заемного капитала на практике казахстанских предприятий», Финансы Казахстана, 2004, №6
10. Шеремет А.Д., «Теория экономического анализа», Москва – 2003
11. Шим Джей. К, «Финансовый менеджмент», Москва – 1997

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 4
1. Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері
1.1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың
қалыптасу көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі ... ... ... ... ... ... .. 9
1.3. Кәсіпорын капиталының құнын басқарудың
нарықтық экономикадағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2. Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау
2.1. Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... .. 14
2.2. Капитал көздерінің құнын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3. Қапиталдың жалпы құнын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
3. Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды
жетілдіру
3.1. Қазақстандық кәсіпорындарда капиталдың
қалыптасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2. Кәсіпорындардың капиталды қалыптастыру тәсілдерін
жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорындардың өзінің қаржылық-
шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз
мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында кәсіпорындар
қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің
және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда
нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені кәсіпорындардың өз
иықтарына жүктеп отыр.
Кәсіпорындардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде
қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік
ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын
табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине,
кәсіпорындар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың
кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі
болып табылады. Алайда, меншікті капитал кәсіпорындардың экономикалық-
әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті
кәсіпорындар өз қызметі барысында шеттен қаражаттар тартуларына мәжбүр
болады. Дәлірек айтсақ, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың
басты шарты болып табылады.
Кәсіпорындар үшін оңтайлы капитал құрылымын қалыптастырудағы ең маңызды
сұрақтар – бұл қажетті қаржы ресурстарын қандай бағамен тарту керек
екендігі. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайларындағы басты
стратегиялық мақсаты өзінің ағымды және келешектегі нарықтық құнын арттыру
және оны қолдау болып табылады, ал бұл жетістікке жетудің бірден бір жолы –
капиталдың құнын тиімді басқару. Капитал құны неғұрлым жоғары болса,
кәсіпорын қызметінің тиімділігі де соғұрлым төмендей береді және керісінше.
Сол себепті кәсіпорынның қаржы менеджерлері капитал құрылымын қалыптастыру
көздерінің құнын анықтауға үлкен назар аударулары қажет. Міне, осы соңғы
мәселе курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың капитал құрылымын және оның құнын
анықтаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оңтайлы
капитал құрылымын қалыптастыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы
мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өз алдына келесідей негізгі сұрақтарға
жауап табуды міндет қойып отыр:
кәсіпорындардың капиталының экономикалық негіздерін қарастыру;
кәсіпорындардың капиталының құрылымын және құнын бағалау және талдау
әдістемелерін игеру;
қазіргі таңдағы қазақстандық кәсіпорындарда капиталды қалыптастыруды
жетілдіру жолдарын қарастыру.
Аталған міндеттерді орындау үшін жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші
тарауда кәсіпорынның қаржы ресурстарының түсінігі мен оларды қалыптастыру
көздеріне, кәсіпорын капиталының түсінігі мен жіктелуіне, нарықтық
жағдайларды капитал құрылымы мен құнын басқарудың маңыздылығына арналады.
Екінші тарау барысында кәсіпорын капиталының құрылымын талдау және
құнын бағалау әдістері игеріледі.
Үшінші тарауда қазақстандық кәсіпорындардағы капитал қалыптасуының
бүгінгі таңдағы ерекшеліктері мен оны жетілдіру мәселелерін қарастыратын
боламыз.

қалыптасу көздері
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің
шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен)
қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.
Қаржы ресурстары дегеніміз, жалпы алғанда, – бұл кәсіпорынның
қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті
қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады.
Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала
объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды
қалыптастыруға бағытталады.
Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету – бұл өндіріс
барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы
болып табылады. Бір сөзбен айтқанда кәсіпорынның қаржы ресурстарының
көздерін қалыптастыру деп кәсіпорын капиталының қалыптасу процесін айтады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тартуының ішкі және сыртқы көздері болады.
Ішкі қаржыландыру көздері дегеніміз – бұл кәсіпорын қызметі барысында
қалыптасатын меншікті қаражаттардан қалыптасады. Бұлардың қатарына
кәсіпкерліктен алынған табыс, амортизациялық аударымдар, кәсіпорынның
активтерін сатудан немесе қажетсіз мүлікті, қосалқы бөлшектерді сатудан
түскен қаражаттарды жатқызуға болады.
Ішкі қаржыландыру көздерімен қатар кәсіпорындар сыртқы қаражат көздерін
тартуға да мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаржыландыру көздері дегеніміз
өндіріске қажетті қаржы ресурстарының сыртқы инвесторлар мен кредиторлар
салымдары есебінен қалыптасуын білдіреді. Сыртқы қаражат көздерін тартудың
негізгі нысандары – құнды қағаздар эмиссиясы, банктік несиелер тарту,
коммерциялық несиелер тарту, лизингтік және факторингтік операциялар,
қайтарымсыз және демеушілік қаржылық көмектер алу және басқалар болып
табылады.
Қаржы ресурстарының қалыптасу көздері түсінікті түрде 1.1-суретте
бейнеленген.
Ішкі қаржыландыру көздерінің құрамында табыстың маңызы ерекше. Табыс –
меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар
жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында
қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму
перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша
шешімдер қабылдайды. Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің
және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.
Амортизациялық аударымдар негізгі құралдар мен материалдық емес
активтердің тозу құнын көрсетеді. Амортизациялық аударымдар өндірістік
актив толық істен шыққанша амортизациялық қорға жинақталып, кәсіпорын
қызметі үшін қосымша бос қаражаттарды қалыптастырады. Кәсіпорынның табысы
жеткіліксіз немесе оның басым бөлігі акционерлер арасында бөлуге түскен
жағдайларда амортизациялық аударымдар өндірісті қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Қаржы ресурстарының сыртқы көздеріне тоқталатын болсақ, кәсіпорындар
үшін қаражаттар тартудың алуан түрін таңдауға мүмкіндіктері бар. Сыртқы
қаражат көздерінің құрылымында құнды қағаздар эмиссиясы кеңінен
қолданылады. Құнды қағаздар эмиссиясының мақсаты – қажетті қаражаттарды
барынша аз уақыт ішінде тарту болып табылады. Құнды қағаздардың бастапқы
және қосымша эмиссиялары болады. Бастапқы эмиссия кәсіпорын құрылар кезде
орын алады. Қосымша эмиссия қаржылық қиындықтарға душар болып, қосымша
қаражаттарға мұқтаж болған жағдайда жүзеге асырылады.
Кәсіпорындар өз қызметін қаржыландыру үшін құнды қағаздардың көптеген
түрлерін шығара алады (облигациялар, акциялар, опциондар, фьючерстер,
варранттар), алайда солардың ішіндегі ең кеңінен қолданылатыны – бұл
акциялар мен облигациялар.
Акция – бұл оның иегеріне (акционерге) дивиденд түрінде кәсіпорын
табысына және жойылар кезінде кәсіпорын мүлкіне құқық беретін құнды қағаз.
Акциялар кәсіпорын құрылар кезде шығарылады, сондай-ақ меншікті капиталды
ұлғайту туралы шешім қабылданған жағдайда қосымша акциялар шығарылуы
мүмкін.
Облигация – бұл қарыздық құнды қағаз болып табылады. Қосымша қаражаттар
қажет болған жағдайда кәсіпорындар облигациялар шығару арқылы белгілі бір
мерзімге және пайыздық төлемдер төлеу негізінде несие беруші тұлғалардың
қаражаттарын тарта алады.
Кәсіпорындардың ақша қаражаттарына мұқтаждығы банктік несиелер арқылы
да қанағаттандырыла алады. Несиелеу кәсіпкерлікті қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етудің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Банктік несие
дегеніміз – бұл кәсіпорындарға белгілі бір мерзімге арнайы пайыздық
мөлшерлемелер бойынша мақсатты қолдануға банктердің берген қаражаттары
болып табылады. Әдетте несиені кепілдендіру нысаны оның құнын анықтайды –
несиені кепілдендіруге берілген мүлік неғұрлым сенімді (өтімді) болса,
соғұрлым несиенің құны да төмен болады, демек кәсіпорын несие бойынша
төмендетілген пайыздық мөлшерлемелерге үміт арта алады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптастырудың тағы да бір нысаны –
коммерциялық несиелер тарту. Коммерциялық несиелеу деп, жалпы алғанда,
кәсіпорындардың бір-бірін өзара несиелеуін айтуға болады. Тауарды сатып алу
барысында сатып алушы кәсіпорын өндіруші кәсіпорынмен есеп айырысу мерзімін
белгілі бір уақытқа кейін қалдырады, өз кезегінде сатушы кәсіпорын
көрсеткен қызметі үшін мәмілеге пайыздық үстеме ақы қосуға құқығы бар.
Демек, коммерциялық несие – тауар нысанындағы несие болып табылады.
Коммерциялық несиені қолданудың бірқатар артықшылықтары бар: тауардың
сатылуын жылдамдатады; айналым қаражаттарының айналымдылығын арттыруға
септігін тигізеді; банктік несиелермен салыстырғанда қарыз алушы кәсіпорын
үшін арзан қаражат көзі болып табылады; кәсіпорындарға бір-біріне қаржылық
жәрдем көрсетуге септігін тигізеді. Көптеген шағын кәсіпорындар үшін
коммерциялық несиелер қаржыландырудың бірден-бір көзі болып табылады.
Қазіргі таңда кең етек жайып келе жатқан қаржыландырудың тиімді көзі –
лизингтік несиелер. Лизинг дегеніміз – бұл мүлікті сатып алумен және оны
белгілі бір мерзімге ақылы негізде жалға берумен және лизинг алушы тұлғаның
мүлікті толық өтеу мүмкіндігімен байланысты инвестициялық қызмет түрі болып
табылады. Лизинг өндірістік құралдарға инвестициялар салуды ұзақ мерзімді
қаржыландырудың тиімді нысаны болып табылады. Лизинг кәсіпорынға өзінің
ақша айналымында өзге бір кәсіпорынның қаражаттарын ұзақ мерзім ішінде
қолдануға мүмкіндік береді. Лизинг кәсіпорынды техникалық қайта құру
әрекеттерінде ерекше роль атқарады.
Кәсіпкерлік қызметті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің тағы бір
жолы – факторингтік операциялар болып табылады. Факторинг – тауарды сату
және сатып алу барысында кәсіпорындар арасында пайда болған, алайда әлі
өтелмеген дебиторлық қарызды талап ету құқығын факторингтік компанияға
немесе банктің факторингтік бөлімшесіне ұсынумен байланысты қатынастар
болып табылады. Факторингтік компания кәсіпорынды қажетті қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етіп, оның балансындағы дебиторлық қарызды өндіріп
алу құқығын өз қолына алады. Сәйкесінше, факторингтік компания өз қызметі
үшін кәсіпорыннан пайыздық төлемдер талап етеді.
Факторингтік операциялар есеп айырысуды жылдамдатуға, кәсіпорынның
айналым қаражаттарын үнемдеуге, сондай-ақ ағымды активтердің айналымдылығын
арттыруға септігін тигізеді. Факторингтік қызметтер, бірінші кезекте,
дебиторлық қарыздың уақтылы өтелмеуіне байланысты қаржылық қиындықтарға жиі
кездесетін шағын кәсіпорындар үшін өте қолайлы. Осылайша, факторингтің
кәсіпорындар үшін бірқатар артықшылықтары бар.
Қаржы ресурстары кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық және қаржылық
қызметтері барысында қолданылады. Олар үнемі қозғалыста болады, сол
себепті өзгеріп отырады.
1.2. Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі
Кәсіпорынның өндірістік процесті дамытуға бағытталған қаржы ресурстары
оның ақшалай нысанындағы капитал болып табылады. Қаржы ресурстары
кәсіпорынның жалпы қаражаттарының жиынтығы болса, капитал – осы
қаражаттардың өндіріс барысына салынған бөлігі. Осыдан келе, кәсіпорын
капиталы дегеніміз – бұл кәсіпорынның өндірістік айналымына салынған және
осы айналымнан табыстар алып келетін ақша қаражаттары болып табылады.
Қаржы ресурстары мен капитал арасындағы басты айырмашылық –
кәсіпорынның қалыптасқан қаржы ресурстары оның капиталынан көп немесе тең
болады. Қаржы ресурстары мен капиталдың тең болуы кәсіпорынның барлық қаржы
ресурстары өндіріске инвестицияланғанын және оның ешқандай қаржылық
міндеттемелерінің жоқтығын білдіреді. Сәйкесінше, егер қаржы ресурстары
капитал көлемінен үлкен болса, онда кәсіпорынның тартылған қаражаттары
өндіріс барысында толық қолданылмай жатқандығының куәсі болады.
Капитал кәсіпорынды құрудың және дамытудың басты экономикалық базасы
болып табылады, өйткені ол кәсіпорын активтеріне инвестицияланған
материалдық, материалдық емес және ақшалай қаражаттардың жалпы құнын
сипаттайды. Өндіріс барысында қызмет етуі арқылы капитал кәсіпорын
иелерінің, басшыларының, жұмысшыларының, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін
қамтамасыз етеді. Сол себепті де ол кәсіпорынды басқарудың негізгі
объектісі болып табылады, ал оны барынша тиімді қолдану қаржы
менеджментінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Кәсіпорын капиталының құрамы оның бірнеше белгілері бойынша жіктелуімен
сипатталады (1.2-сурет).
Кәсіпорынға қатынасы бойынша меншікті және қарыз капиталды бөліп
көрсетуге болады. Меншікті капитал дегеніміз – бұл кәсіпорынның құрылу
барысында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі
қаржы ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншінде қалатын
қаражаттары болып табылады. Меншікті капиталдың құрамына жарғылық
капиталды, резервтік капиталды, түрлі қорларды, бөлінбеген табысты
жатқызуға болады.
Қарыз капитал дегеніміз – бұл кәсіпорынның өндіріс барысына
орналастырылған қаражаттарының сырттан тартылған түрлері болып табылады.
Қарыз капиталдың құрамына өндірісті қаржыландыру үшін қайтарымды негізде
тартылған ақша қаражаттары мен басқа да құндылықтар
кіреді. Капиталдың барлық нысандары белгілі бір мерзімде қайтаруды талап
ететін кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады.
Инвестициялау объектілері бойынша негізгі және айналым капиталын бөлуге
болады. Негізгі капитал кәсіпорынның негізгі құралдар мен материалдық емес
активтеріне салынған қаржы ресурстары болып табылады. Айналым капиталы,
сәйкесінше, кәсіпорынның қаржы ресурстарының айналым қаражаттарына салынған
бөлігі болып табылады.
Қолдану мақсаттарына қарай капиталдың келесі түрлері кездеседі:
өндірістік, несиелік және спекулятивтік капитал. Өндірістік капитал
кәсіпорынның өндірістік активтеріне салынған қаражаттарын сипаттайды.
Несиелік капитал кәсіпорынның инвестициялық қызметі барысында қолданылатын
қаражаттарын (банктерге депозиттер салу, облигациялар сатып алу және
т.с.с.) сипаттайды. Спекулятивтік капитал кәсіпорынның сатып алу – сату
операцияларында, яғни баға айырмасына негізделген операцияларында
қолданылады.
Өндірістік процеске қатысу нысанына қарай капиталдың жіктелу механизмі
түсінікті түрде 1.3-суретте берілген.
Өндірістік процестің бірінші кезеңінде ақша нысанындағы капитал
кәсіпорынның ұзақ мерзімді және айналым активтеріне инвестицияланады,
осылайша ол өндірістік нысанға ауысады. Екінші кезеңде өндірістік капитал
өнім өндіру барысында тауарлық нысанға ауысады. Үшінші кезең - өнімді
сатуға байланысты тауар нысанындағы капиталдың ақша нысанындағы капиталға
ауысу кезеңі болып табылады. Сонымен қатар капитал қозғалысының нысандары
өзгерген сайын оның құны өзгеріске ұшырап отырады.

нарықтық экономикадағы маңызы
Нарықтық жағдайларда қаржыны басқару принциптері кәсіпорындар үшін аса
маңызды мәселе болып табылады. Стратегиялық даму тұрғысынан кәсіпорын
шеңберінде қаржыны басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның нарықтық құнын
арттыру. Кәсіпорынның нарықтық құнының өсуі оның табысты қызметінің
нәтижесі және әрі қарай даму үшін қаржы ресурстарын тартудың алғы шарты
болып табылады. Қаржыландырудың қандай да бір көзін тарту кәсіпорын үшін
шығындармен байланысты: акционерлерге дивидендтер төлеу, банктерге – несие
бергені үшін пайыздар, инвесторларға – капитал салымдары үшін пайыздық
табыстар және т.с.с. төлемдер мен шығындар. Қандай-да бір қаражат көзін
тартуға байланысты жұмсалған шығындардың жалпы сомасы капитал құнын
анықтайды.
Капитал құнының концепциясы қаржы менеджменті теориясының базалық
негізі болып табылады. Бұл концепция тек қаражаттар тартуға байланысты
шығындарды есептеп қоюмен ғана сипатталмайды. Кәсіпорынның инвестицияланған
капиталы кәсіпорынның нарықтық құнын арттыруға қол жеткізетін табыстар алып
келуі керек.
Кәсіпорын капиталының құны және кәсіпорынның нарықтық құны
ұғымдарының арасында өзара байланыс бар. Кәсіпорын капиталының құны
акционерлердың, кредиторлардың және инвесторлардың алдындағы
міндеттемелерді өтеу бойынша шығындарды сипаттайтын қатысты (салыстырмалы)
көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорын құны акционерлік және қарыз
капиталдардың құндық бағасын абсолюттік көрсеткіш бойынша сипаттайды.
Капитал құнын анықтау қажеттілігі келесі жағдайлармен түсіндіріледі.
Біріншіден, бұл көрсеткіш кәсіпорын қызметін ұзақ мерзімді
перспективасы тұрғысынан сипаттайды. Мәселен, меншікті капиталдың құны
потенциалды инвесторлар үшін инвестициялар салудың тартымдылығын көрсетеді;
қарыз қаражаттардың құны кәсіпорынның ұзақ мерзімді несиелер тартку
мүмкіндіктерін анықтап береді.
Екіншіден, капиталдың жалпы (орташа салмақталған) құны капитал
салымдарының бюджетін әзірлеу барысында шешуші көрсеткіштердің бірі болып
табылады.
Үшіншіден, капитал құны қаржылық инвестициялардың тиімділін
қалыптастыруда базалық көрсеткіш ретінде қарастырылады. Инвестициялардың
тиімділік өлшемін кәсіпорын өзі белгілейтіндіктен, жекелеген қаржы
құралдарының табыстылығын бағалау барысында салыстыру базасы ретінде
капитал құнының көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш қаржылық
инвестициялардың нақты табыстылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар осы
инвестициялардың нақты бағыттары мен түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Төртіншіден, кәсіпорын капиталының құны қаржылық леверидж механизмін
қолдану арқылы капитал құрылымын басқару барысында қолданылады. Қаржылық
леверидждің деңгейі қарызға тартылған қаражаттардың көлемі мен олардың
құнынан тәуелді. Қаржылық леверидж кәсіпорынның қаржылық тәуекелін
арттырады, сәйкесінше акциялар бойынша табыстың артуына алып келеді. Сол
себепті, акционерлердің игілік жағдайын барынша арттыруды мақсат ете
отырып, осы мақсатқа қол жеткізетін капитал құрылымын қалыптастыру керек.
Сәйкесінше, капитал құрылымын кәсіпорын құнына әсер етуі тұрғысынан
қарастыру қажет. Оңтайлы капитал құрылымы оның құны барынша төмен болған
жағдайда қалыптасады.
Кәсіпкерлік қызмет тұрақты болған сайын, өндіріс барысы кеңейген және
контрагенттермен байланыс артқан сайын, нақты бір кәсіпорын және оның
бизнесі үшін оңтайлы капитал құрылымы, яғни меншікті және қарыз
қаражаттардың оңтайлы қатынасы қалыптасады. Осы оңтайлы құрылымды қолап
тұруға жұмсалған шығындардың жалпы сомасын сипаттайтын көрсеткіш кәсіпорын
капиталының құнын көрсетеді және қаржы теориясы мен тәжірибесінде
капиталдың орташа салмақталған құны деген атаумен белгілі. Бұл көрсеткіш
кәсіпорынның өз қызметіне салынған қаражаттардың қайтарымдылығын, олардың
рентабельділігін анықтайды.
Тұрақты қызмет етіп тұрған және өзінің қызметін қаржыландырудың
қалыптасқан жүйесі бар кәсіпорындарда капиталдың орташа салмақталған құны
қосымша қаражаттар тарту нәтижесінде біршама уақыт бойында өзгеріссіз қалып
отырады, алайда белгілі бір шегіне жеткенде оның мөлшері арта бастайды.
Сонымен, кәсіпорын капиталының құнының деңгейі аталған кәсіпорынның
нарықтық құнын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Қолданыстағы
барлық қаражат көздерінің құнын төмендету кәсіпорындарға өздерінің нарықтық
құнын арттыруға алып келеді, сәйкесінше, егер қаржыландыру көздерінің құны
неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынның нарықтық құны да соғұрлым өз деңгейін
төмендетіп алады. Бұл, бірінші кезекте, ашық үлгідегі акционерлік
қоғамдардың қызметіне қатты әсер етеді, өйткені олардың акцияларының
бағасының артуы немесе кемуі капитал құнының, сәйкесінше, төмендеуіне
немесе өсуіне байланысты болып келеді. демек, капитал құнын басқару
кәсіпорынның нарықтық құнын арттырудың өзінше дербес бағыттарының бірі
болып табылады.

2.1. Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау
Кәсіпорынның капиталының құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады:
капиталдың орналасу тұрғысынан (активтер) және оның қалыптасу көздері
тұрғысынан (меншікті капитал және міндеттемелер).
Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау барысында активтер олардың
өтімділік деңгейіне қарай топтастырылады, ал меншікті капитал мен
міндеттемелер олардың төлем мерзімдерінің деңгейіне қарай топастырылады.
Аталған көрсеткіштерді динамикалық тұрғыдан талдау (көлденең, немесе
деңгейлес, талдау) кәсіпорын капиталының өсуін немес кемуін және өсу
қарқынын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалға, активтер құнының динамикасы
кәсіпорынның өндірістік қуаты туралы ақпараттар береді.
Кәсіпорын капиталын құрылымдық талдау (тікелей, немесе сатылас, талдау)
да ерекше маңызды. Бұл кәсіпорын қызметінің өндірістік бағыты туралы
мәліметтерді түйіндеуге мүмкіндіктер береді.
Кәсіпорынның активтерін динамикалық және құрылымдық талдау арнайы
талдау кесетесін құру арқылы орындалады. Мұндай талдаудың мысалы кәсіпорын
активтеріне байланысты 2.1-кестеде берілген
2.1-кесте
Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымы
мың теңге
Көрсеткіштер Жылдың басы Жылдың соңы Ауыт-қуӨсу
ы (+.–)қар-қыны,
%
Сомасы Үлесі Сомасы Үлесі
1 2 3 4 5 6 7
Активтер, барлығы 2265 100,0 2914 100,0 +649 128,7
Негізгі құралдар 1465 64,7 1971 67,7 +506 134,5
Ағымды активтер 800 35,3 943 32,3 +143 117,9
- материалдық 600 26,5 653 22,4 +53 108,8
құндылықтар
- дебиторлық қарыз 85 3,7 94 3,2 +9 108,2
- ақша қаражаттары 115 5,1 196 6,7 +81 170,4
Кестенің мәліметтері бойынша аталған кәсіпорынның жалпы салынған
капиталы жыл соңында 2914 мың теңгені құрап, жыл ішінде 649 мың теңгеге,
немесе 28,7% артқанын байқаймыз.
Кәсіпорын активтерінің артуына, бірінші кезекте, негізгі құралдар мен
ақша қаражаттарының өсуі себеп болып отыр. Негізгі құралдардың көлемі жыл
басындағы 1465 мың теңгеден жыл соңында 1971 мың теңгеге дейін, яғни 134,5%-
ға өскен. Бұл кәсіпорынның өзінің өндірістік потенциалын арттыруға
бағытталған инвестициялық саясатты ұстанып отырғанын көрсетеді.
Ақша қаражаттары талданып отырған кезеңде 81 мың теңгеге немес 170,4%-
ға өскен. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің өсуіне
байланысты баланс өтімділігін қамтамасыз етуге септігін тигізетіні сөзсіз.
Демек, кәсіпорын қосымша қаражаттар тарту барысында кредиторлар үшін
сенімді қарыз алушы ретінде қарастырылатыны белгілі.
Өндіріске салынған капиталдың түрлерін басқарудың өз мазмұны мен
мақсаттары бар. Бұл өз кезегінде капиталдың меншікті және қарыздық болып
бөлінуіне де байланысты. Сол себепті капитал құрылымын талдау барысында
зерттеушілер үшін кәсіпорынның активтері қандай қаражат көздерінен
қалыптасқаны туралы мәліметтер маңызды болып табылады. Бұл талдаушылар үшін
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, қарыз қаражатардан тәуелділігін, не
болмаса қаржылық тәуелсіздігін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
кәсіпорын активтері мен олардың қалыптасу көздерін салыстыра отырып,
мүдделі тұлғалар кәсіпорынның өтімділігі, несие қабілеттілігі туралы
шешімдер қабылдауына жауаптар табады.
Меншікті және қарыз капиталдың (міндеттемелердің) талдау мысалы 2.2-
кестеде берілген.
2.2-кесте
Кәсіпорынның меншікті капиталы
және міндеттемелері

Капитал көздері, барлығы 2265 100,0 2914 100,0 +649 +128,7
Меншікті капитал 1932 85,3 2468 84,7 +536 +127,7
Қарыз капитал 333 14,7 446 15,3 +113 +133,9
- ұзақ мерзімді – – – – – –
несиелер
- қысқа мерзімді 81 3,6 169 5,8 +88 +208,6
несиелер
- кредиторлық қарыз 252 11,1 277 9,5 +25 +109,9
2.2-кестенің мәліметтерінен байқайтынымыз, кәсіпорынның меншікті
капиталы мен қарыздық міндеттемелері (жалпы қаржыландыру көздері) талданып
отырған кезеңде 2265 мың теңгеден 2914 мың теңгеге дейін, яғни 649 мың
теңгеге, немесе 128,7%-ға өскен.
Капитал көздерінің динамикасына көз салатын болсақ, онда меншікті
капиталдың 536 мың теңгеге, немесе 127,7%-ға артқанын аңғарамыз. Бұл
аталған кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алынатын табысы
меншікті капиталды ұлғайтуға жетерлік деңгейде екенін, яғни кәсіпорын
қызметінің тиімді екенін білдіреді.
Қарыздық міндеттемелер жыл басындағы 333 мың теңгеден жыл соңында 446
мың теңгеге дейін, немесе 133,9%-ға өскен. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді
несиелерінің жоқ екенін, өзінің қызметін толық қысқа мерзімді несиелер мен
кредиторлық қарыз есебінен қаржыландыратынын байқаймыз.
Сонымен қатар, қаражат көздерінің құрылымына көз жүгіртетін болсақ,
онда кәсіпорын өзінің өндірістік қызметін негізінен меншікті капитал
есебінен қаржыландыратынын көреміз. Мәселен, меншікті капиталдың жалпы
капиталдағы үлесі жыл басында 85,3%-ды құраса, жыл соңында 84,7%-ды
құраған, яғни оның үлесі 0,6%-ға азайып кеткен. Алайда, қарыз капиталдың
үлесінің аз екендігін ескерсек (сәйкесінше 14,7% және 15,3%), аталған
өзгерістердің кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізе
қоймайтыны анық. Керісінше, бұл кәсіпорынның қарыз қаражаттар тарту
потенциалының жоғары екендігінің айғағы болып табылады.
2.2. Капитал көздерінің құнын бағалау
Капитал құны кәсіпорындардың өзінің активтерінің нарықтық құнын қалыпты
деңгейде сақтап қалу үшін ұсанатын табыс мөлшері болып табылады. Қаржы
менеджерлері капитал құнын білу келесідей сұрақтар үшін маңызды: капитал
салымдары туралы шешімдер қабылдау; капиталдың оңтайлы құылымын
қалыптастыру; ұзақ мерзімді қаржылық лизингтік несиелер тарту; ескі
облигацияларды жаңа обликацияларға ауыстыру; айналым капиталын басқару.
Кәсіпорын капиталының әрбір қалыптасу көзі өзінің құнына ие болады.
Капиталдың құрамдас бөліктерінің құнын келесідей тәртіппен анықтауға
болады:
ki – салық салынғанға дейінгі қарыз капиталдың құны;
kd = ki (1- t) – салықтан кейінге қарыз капиталдың құны, мұнда t –
салық мөлшерлемесі;
kp – артықшылығы бар акциялардың құны;
ks – бөлінбеген табыстың құны (капиталдың ішкі құны);
ke – қарапайым акциялардың құны (капиталдың сыртқы құны);
ko – кәсіпорын капиталының жалпы немесе орташа салмақталған құны.
Қарыз капиталдың құны. Қарызға тартылған капиталдың салық салғанға
дейінгі құнын (ki) есептеуге болады. Бұл үшін облигациялар бойынша ақша
ағындарынан келетін ішкі табыс мөлшерін (немесе өтеу кезіндегі табысты)
есептеу керек. Облигациялардың табыстылығын есептеудің қарапайым формуласы
келесідей:
(2.1)
мұнда I – жылдық пайыздық табыс төлемі; M – облигацияның номиналдық
құны; V – облигацияны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz