Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы



Тақырып №1. Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі.
Тақырып №2. Шет елдердің Конституциясы.
Тақырып 4. Шет елдердегі саяси партиялар және саяси жүйелер.
Тақырып 5. Шет елдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйелері.
Тақырып 6. Шет елдердегі адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері.
2.2.БӨЛІМ. ШЕТЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІ.
Тақырып 7. Шет елдедегі мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі.
Тақырып 8. Шет елдердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі.
Тақырып 9. Шет елдердегі Үкімет.
Тақырып 10. Шет елдердегі сот билігінің конституциялық негіздері.
Тақырып 11. Шет елдердегі жергілікті басқару мен өзін.өзі басқару органдары.
Тақырып 12. АҚШ.тың конституциялық құрылымы.
Тақырып 13. Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері.
Шетелдердің конституциялық құқығының құқықтың саласы ретіндегі түсінігін,оның басқа құқық салаларынан қандай ерекшеліктері барын, шетелдердің конституциялық құқығының қайнар көздерін анықтап білу, шетелдердің конституциялық құқығының ғылым және оқу пәні ретіндегі түсінігін беру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.Шет елдердің конституциялық құқығы - оқу пәні.
2.Конституциялық құқықтың пәні.
3.Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері, олардың түрлері мен ерекшеліктері.

Конституциялық құқық – құқық саласы ретінде конституциядан, заңдардан, Президент жарлықтарынан және т.б. тұратын заңдық нормалардың үйлескен жүйесін көрсетеді, сондай-ақ белгілі бір қоғамдық қатынастарды қоғам мен мемлекеттің құрылу негіздерін, адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесін реттейді.
Белгілі бір мемлекеттің заң жүйесіндегі конституциялық құқық сол елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде ерекше орын алады. Конституциялық құқық кешенді түрде: адамдар мен азаматтар арасындағы, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді, басқару тетіктерімен мемлекеттің құрылысын анықтайды, мемлекеттік билік пен өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерін жүзеге асырады.
Конституциялық құқық нормалары - бұл басқа құқық нормалары сияқты ең алдымен мемлекеттің өзі үшін және қарым-қатынастың негізгі субъектілеріне арналып мемлекет тарапынан бекітілген жалпыға міндетті ережелер.
Конституциялық құқық нормаларының құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларында жазалау шаралары (санкция) аз кезігеді, ал егер олар кезіксе, көбінесе саяси түрде болады. Мысалы, Үкіметтің отставкаға кетуі, Президентті қызметінен босату және т.б.
Әрбір мемлекеттің конституциялық құқығы үлкен нормалардан тұрады. Оларды келесі негізде бөлуге болады:
1. Функционалдық (қызметтік) бағытта: реттеуші және қорғаушы нормалар. Конституциялық құқық нормаларының көбі реттеуші нормаларға жатады. Себебі, олар көбінесе қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Ал қорғаушы нормалар көбінесе тиым салуды білдіреді. Мысалы, Япония елінің Конституциясының 9-бабында «Мемлекетпен соғыс жүргізу құқығы танылмайды» делінген.
2. Құқық субъектілеріне әсер ету тәсіліне байланысты: басқарушы нормалар (Мысалы, Қытай Халық Республикасының Конституциясының 58-бабында «Барлық Қытайлық Халық Уәкілдік жиналысы және барлық қытайлық Халық Уәкілдік жиналысының тұрақты Комитеті – елде заң шығару қызметін атқарады» делінген), міндеттеуші нормалар (Мысалы, Германия Конституциясының 69-бабында «Федералдық Министр Федералдық Президенттің өтініші бойынша басқа адам қабылданғанға дейін жұмыс жүргізуді жалғастыруға міндетті» делінген), тиым салушы нормалар (Мысалы, Франнция Конституциясының 23-бабында «Үкімет мүшелерінің қызметі Парламент мандаттарының қызметімен сәйкес келмейді делінген).

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
2. БӨЛІМ. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

2.1. Бөлім. Шет елдердің конституциялық құқығының жалпы бөлімі.

Глоссарий (анықтама, сөздік)

1. Құқық саласы – біртекті белгілермен нақты бір қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
2. Құқық нормалары - мемлекет тарапынан бекітілген жалпыға міндетті
ережелер.
3. Құқықтық қатынастар – бұл құқықтық нормалармен реттелетін немесе
солардың негізінде пайда болған қоғамдық қатынастар.
4. Конституциялық заң – Конституцияның нормаларын нақтылайтын заңдар.
5. Жеке тұлғалар - азаматтар, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар,
сайлаушылар, депутаттар және т.б.
6. Заңды тұлғалар - мемлекеттер, оның органдары, территориялық
құрылымдар, мекемелер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, саяси
партиялар және т.б.
7. Соттық прецеденттер – белгілі бір істер бойынша сот шешімі үлгі
ретіндетанылып, әрі екіншіден осы іспетті істерді қарағанда басшылыққа
алынады.
8. Құқықтық доктриналар – атақты заңгер ғалымдардың еңбектері.
9. Конституция- әр бір мемлекеттің негізгі заңы.
10. Фактілік Конституция – шындығында бар қоғамдық саяси құрылыс
негіздері.
11. Заңдық Конституция – жоғарғы заңдық күшке ие, негізгі заң.
12. Демократиялық Конституция- жеке және заңды тұлғаларға еркіндік пен кең
құқықтар береді.
13. Авторитарлық Конституция – азаматтардың саяси құқықтары мен
еркіндіктерін шектейді.
14. Октраирленген Конституция – Монарх сыйға тартқан Конституциялар.
15. Октраирленбеген Конституциялар – жоғарғы заң шығарушы органдармен
немесе референдумда қабылданған Конституциялар.
16. Азаматтық – адамның белгілі бір мемлекетке саяси және құқықтық
тиістілігі.
17. Филиация – туылу жеріне орай азаматтық алу.
18. Натурализация – шетелдіктерді азаматтыққа алу.
19. Оттация – азаматтықты таңдау.
20. Бипатризм – қос азаматтық.
21. .Экстрадиция – басқа мемлекеттерге өз азаматтарын да, шетелдіктерді де
беруге тыйым салу.
22. Партия – азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің ерекше түрі.
23. Лоббистік ұйымдар – қысым жасайтын топтар.

Тақырып №1. Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және
жүйесі.
Шетелдердің конституциялық құқығының құқықтың саласы ретіндегі
түсінігін,оның басқа құқық салаларынан қандай ерекшеліктері барын,
шетелдердің конституциялық құқығының қайнар көздерін анықтап білу,
шетелдердің конституциялық құқығының ғылым және оқу пәні ретіндегі
түсінігін беру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.Шет елдердің конституциялық құқығы - оқу пәні.

2.Конституциялық құқықтың пәні.

3.Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері, олардың түрлері мен
ерекшеліктері.

Конституциялық құқық – құқық саласы ретінде конституциядан, заңдардан,
Президент жарлықтарынан және т.б. тұратын заңдық нормалардың үйлескен
жүйесін көрсетеді, сондай-ақ белгілі бір қоғамдық қатынастарды қоғам мен
мемлекеттің құрылу негіздерін, адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесін
реттейді.
Белгілі бір мемлекеттің заң жүйесіндегі конституциялық құқық сол
елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде ерекше орын алады.
Конституциялық құқық кешенді түрде: адамдар мен азаматтар арасындағы, қоғам
мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді, басқару тетіктерімен
мемлекеттің құрылысын анықтайды, мемлекеттік билік пен өзін-өзі басқарудың
негізгі принциптерін жүзеге асырады.
Конституциялық құқық нормалары - бұл басқа құқық нормалары сияқты ең
алдымен мемлекеттің өзі үшін және қарым-қатынастың негізгі субъектілеріне
арналып мемлекет тарапынан бекітілген жалпыға міндетті ережелер.
Конституциялық құқық нормаларының құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Конституциялық құқық нормаларында жазалау шаралары (санкция) аз кезігеді,
ал егер олар кезіксе, көбінесе саяси түрде болады. Мысалы, Үкіметтің
отставкаға кетуі, Президентті қызметінен босату және т.б.
Әрбір мемлекеттің конституциялық құқығы үлкен нормалардан тұрады. Оларды
келесі негізде бөлуге болады:
1. Функционалдық (қызметтік) бағытта: реттеуші және қорғаушы нормалар.
Конституциялық құқық нормаларының көбі реттеуші нормаларға жатады. Себебі,
олар көбінесе қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Ал қорғаушы
нормалар көбінесе тиым салуды білдіреді. Мысалы, Япония елінің
Конституциясының 9-бабында Мемлекетпен соғыс жүргізу құқығы танылмайды
делінген.
2. Құқық субъектілеріне әсер ету тәсіліне байланысты: басқарушы нормалар
(Мысалы, Қытай Халық Республикасының Конституциясының 58-бабында Барлық
Қытайлық Халық Уәкілдік жиналысы және барлық қытайлық Халық Уәкілдік
жиналысының тұрақты Комитеті – елде заң шығару қызметін атқарады
делінген), міндеттеуші нормалар (Мысалы, Германия Конституциясының 69-
бабында Федералдық Министр Федералдық Президенттің өтініші бойынша басқа
адам қабылданғанға дейін жұмыс жүргізуді жалғастыруға міндетті делінген),
тиым салушы нормалар (Мысалы, Франнция Конституциясының 23-бабында Үкімет
мүшелерінің қызметі Парламент мандаттарының қызметімен сәйкес келмейді
делінген).
3. Қоғамдық қатынастарды реттеу тәсіліне байланысты: материалдық нормалар
(Мысалы, Италья Конституциясының 53-бабында Мемлекеттік шығынға барлығы
қатысуға тиіс делінген. Бұл өкімет органдарының азаматтардан салық төлеуді
талап етуі.), процессуалдық (іс-жүргізушілік) нормалар (Мысалы, Франция
Конституциясының 48-бабында Жетісіне бір рет отырыс Парламент мүшелерімен
берілген сұрақтарды және Үкімет жауаптарын талдау үшін жүргізіледі
делінген).
4. Қолдану уақытына байланысты: тұрақты және уақытша нормалар. Көптеген
нормалар тұрақты болып келеді, олардың мерзімі белгіленбеген. Уақытша
нормалар, көбінесе нормативтік – құқықтық актілердің күшіне ену кезінде
қолданылады.
Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – бұл конституциялық
құқықтық нормалармен реттелетін немесе солардың негізінде пайда болған
қоғамдық қатынастар және конституциялық құқық субъектілерінің арасындағы
жекелеген қоғамдық байланыстар.
Конституциялық құқықтық қатынастар субъектілері екіге бөлінеді: жеке
тұлғалар және қоғамдық құрылымдар. Жеке тұлғаларға – азаматтар, шет ел
азаматтары, сайлаушылар, депутаттар және т.б. жатады. Қоғамдық құрылымдарға
– мемлекеттер, оның органдары, территориялық құрылымдар, мекемелер,
жергілікті өзін-өзі басқару органдары, саяси партиялар және т.б. жатады.
Кейбір мемлекеттерде конституциялық құқықтық қатынастар субъектісіне шіркеу
де жатады. Мысалы, Великобританияда шіркеудің бастығы мемлекет басшысы
(монарх) болып табылады, ал Лордтар палатасы отырысында оның тағайындаған
діни лордтары қатысады, шіркеу өзінің қызметіне байланысты заңдар шығару
құқығына ие.
Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз – шынайы
әрекет құбылыстары негізінде конституциялық құқық субъектілерінің құқықтық
байланысқа түсуі. Конституциялық құқықтық қатынастар объектісіне
әлеуметтік-экономикалық құндылықтар, жеке еркіндіктер мен игіліктер негізі,
меншік қатынастары, ұлттық және нәсілдік қатынастар, адамдардың негізгі
құқықтары мен еркіндіктері және т.б. жатады.
Конституциялық құқықтық реттеу дегеніміз – белгілі бір қоғамдық
қатынастарға оларды ретке келтіру, қорғау және дамыту мақсатында
нормативтік-құқықтық әсер етуді айтамыз. Ол белгілі бір мақсатқа
бағытталған сипатқа ие және белгілі бір құқықтық жүйенің құқықтық реттеудің
ерекше әдістерінің көмегі арқылы жүзеге асырылады.
Көп жағдайларда конституциялық-құқықтық реттеу субординацияның көмегімен
орындалады, яғни басқарушылық-бұйрық бастауы негізінде заңдық әсер ету:
міндеттеу және тиым салу.
Конституциялық құқықта координациялау (келісімдік) әдісі аз кездеседі. Ол
ерікті келісу қажеттілігіне негізделген, субъектілердің жеке белсенді
қызмет құқығын көрсетеді.
Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздеріне конституциялық
құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардан тұратын нормативтік актілер
жатады. Көптеген елдердің ең негізгі қайнар көздеріне негізгі заң
Конституция жатады. Келесі қайнар көздерге:
- Заңдар – конституциялық, органикалық, жәй;
- Мемлекет ішіндегі келісім-шарттар;
- Парламент палаталары регламенті;
- Мемлекет басшысының және атқарушы өкіметтің нормативтік актілері;
- Конституциялық бақылау органдарының актілері;
- Конституциялық әдет-ғұрыптар;
- Соттық прецеденттер;
- Құқықтық доктриналар;
- Діни қағидалар;
- Халықаралық құқықтық актілер жатады.
Шет елдердің конституциялық құқығы дегеніміз – бұл қоғам мен мемлекеттегі
адам жағдайын, қоғамдық құрылыстың негізін, мемлекеттік органдар жүйесінің
қызметі мен ұйымдастырылуы негізін реттейтін нақты бір елдің құқықтық
нормалар жүйесін айтамыз.
Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым ретінде – бұл әртүрлі теориялар,
ілімдер, көзқарастар, кітаптарда, мақалаларда, ғылыми баяндамаларда
берілген конституциялық құқық туралы сұрақтардың жиынтығы.
Шет елдердің конституциялық құқығын зерттеу – бұл белгілі бір жақтың
әлемдік тәжірибесін оқу. Мұнда басқа елдердің конституциялық құқық
мәселелеріндегі тәжірибелерін қарастырып қана қоймай, өз еліміздің
конституциялық құқығының өзіндік ерекшеліктерін мұқият талдап, шет елдік
құқық институттарының жақсы үлгілерін өзімізде пайдалануға, соған
керісінше, өзін-өзі ақтамағандарынан іргені аулақ салуға мүмкіндік береді.
Оқу пәні ретінде шет елдердің конституциялық құқығы Қазақстандағы барлық
заң институттарында оқытылады. Бұл пәннің мазмұны мен көлемі оқу
бағдарламасымен белгіленеді.
Шет елдердің конституциялық құқығы екі бөлімнен тұрады: жалпы және
ерекше. Жалпы бөлімде конституциялық құқықтың негізгі институттары
қарастырылады. Ал ерекше бөлімде жеке елдердің конституциялық құқық
негіздері қарастырылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Конституциялық құқық- құқық саласы ретінде нені білдіреді?

2. Конституциялық құқық дегеніміз не?

3. Конституциялық құқықтық нормалар дегеніміз не?

4. Конституциялық құқықтық нормалардың түрлерін атаңыз.

5. Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз не?

6. Конституциялық құқықтық қатынастардың субъектілеріне кімдер жатады?

7. Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілеріне нелер жатады?

8. Конституциялық құқықтық реттеу дегеніміз не?

9. Конституциялық құқықтың қайнар көздерін атаңыз.

10. Конституциялық құқық ғылым ретінде нені білдіреді?

11. Конституциялық құқық оқу пәні ретінде нені білдіреді?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып №2. Шет елдердің Конституциясы.
Шет елдердің Конституциясының түсінігі мен мәнін, мазмұны мен құрылымын
анықтап, Конституцияның қабылдануы мен өзгерту тәртіптерін,
Конституциялардың қандай ортақ белгілері барын анықтау.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.Конституцияның түсінігі мен мәні.
2.Шет елдердегі Конституцияның түрлері.
3.Шет елдердегі Конституцияны қабылдау тәртіптері.

Конституцияға жалпылама анықтама беретін болсақ, ол жоғарғы заңдық күші
бар және бір жағынан адам мен қоғам арасындағы негізгі қатынастарды
реттейтін, екінші жағынан мемлекеттік қатынастарды реттейтін, сондай-ақ
мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негізін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.
Конституция материалдық мағынасы жағынан, ең алдымен адам мен азаматтың
құқығы мен еркіндігін жариялайтын және кепіл болатын, қоғамдық құрылыстың,
басқару формасы мен территория құрылымын, биліктің жергілікті және орталық
органдарын ұйымдастыру негізін, олардың өкілеттігі мен қарым-қатынасын
көрсететін жазылған акт.
Бірақ материалдық мағынасы жағынан Конституция термині сирек
қолданылады. Көбінесе біз Конституция туралы формальды мағынада, яғни,
барлық басқа заңдарға қатысты жоғарғы заңдық күші бар заң немесе заңдар
тобы туралы айтамыз. Конституция бұл мағынада заңдардың заңы. Ол әдеттегі
заңдарды қабылдау жолымен өзгертілмейді.
Бұдан басқа Конституция заңдық және фактілік түсінікте қолданылады.
Заңдық Конституция материалдық мағынасы жағынан да - әрқашан қоғамдық
қатынастарды реттейтін белгілі бір құқықтық нормалардың жүйесі. Фактілік
Конституция – бұл шындығында бар қатынастар. Мысалы, 1968 жылы Чехославакия
Федерациясы туралы Конституциялық заң Конституциялық соттар жүйесін құру
туралы қатынастарды қарады, бірақ 1989 жылы бюрократияға қарсы революция
женгенге дейін бұл конституциялық соттар құрылмады. Сондықтан, заңдық
конституцияға сәйкес олар болады, ал фактілік конституцияға сәйкес – жоқ
болады.
Заңдық және фактілік конституциялардың арасында қайшылықтардың болуы -
әдетте заңдық конституциянв қабылдағаннан кейін болатын саяси күштердің
арақатынасындағы өзгерістердің нәтижесі болады.
Заңдық және фактілік конституциялардың арасында қайшылықтар заңдық
конституциялардың нормаларынынң бір бөлігінің жалған екенін көрсетеді. Бұл
жерде заңдық конституцияны фактілік қоғамдық қатынастарға сәйкес келтіру
немесе керісінше бұл қатынастарды жазылған заңдық конституцияға сәйкес
өзгерту қажеттілігі туындайды.
Конституция түсінігінің көп тараған мағынасы – формалды-заңдық.
Басқа сөзбен айтқанда жоғары заңдық күшке ие заң. Конституцияның жоғары
заңдық күші формальдық мағынада, біріншіден, оның нормалары әрқашан басқа
заңдардың жағдайын әсіресе атқару билігінің актілерімен жоғары тұрады.
Екіншіден, заңдар мен актілер конституцияда қарастырылған органдармен
қабылдануы қажет. Конституцияның жоғары заңдық күші материалдық мағынасы
жағынан, төменгі тұрған құқықтық нормалар деңгейі жағынан негізгі заңның
нормаларына сәйкес келуі қажет. Конституцияға мағынасы жағынан, формасы
жағынан қайшы келетін кез-келген акт заңды емес деп танылуы қажет.
Кез келген Конституцияның өзінің жоғарғы заңдық мәні мен қатар,
әлеуметтік-саяси мәні болады. Яғни, Конституция ол қабылданған кезде болған
саяси күштердің арақатынасын жазуды көрсетеді. Мұны қоғамның әр түрлі
бөлігінің саяси мүддесіне сәйкестендірілген қоғамдық келісім деп те атауға
болады. Мұндай әр бөлік – қоғамдық тап, әлеуметтік қабат, территориялық,
ұлттық немесе басқа қауымдардың саяси күресте өзінің әлеуметтік мүддесін
қорғайды. Оны қандай дәрежеде бір пікірге келтірсе, сондай дәрежеде
конституцияда көрініс табады.

Конституция формасы – бұл конституциялық нормалардың көрінісі және
ұйымдастырылу тәсілі. Конституция формасы ішкі форма және сыртқы форма деп
бөлінеді.
Конституция уақытша және тұрақты болады. Уақытша конституция әдетте
белгілі бір мерзімге қабылданады. Мысалы, таиланд Конституциясы 1959 жылы
тұрақты конституцияны қабылдағанға дейін күшінде болды. Көп елдердің
конституциясы тұрақты конституция болып табылады. Алайда, бұл тұрақтылық ол
Конституцияға өзгертулер, толықтырулар енгізуге, тіпті қайта қарауға бөгет
бола алмайды.
Конституциялар демократиялық және авторитарлық деп те бөлінеді.
Демократиялық конституциялар еліндегі азаматтардың әр түрлі бірлестіктеріне
еркіндік пен кең құқықтыр беруімен көзге түседі. Ал, авторитарлық
конституциялар негізінен азаматтардың саяси құқығы мен еркіндігін шектеп,
тіпті тыйым да салуымен ерекшеленеді.
Ең алдымен Конституция формасын, оның бір немесе бірнеше нормативтік
актілерден тұратындығына байланысты анықтаймыз. Конституцияны құрайтын
актілер бірнеше нормативтік-құқықтық актілерден тұрса да, олардың
барлығының жоғарғы заңдық күші болады.
Егер Конституция конституциялық сипаттағы барлық некгізгі сұрақтарды
реттеуші бірыңғай жазылған акт болса, онда оны кодификациланған (бір жүйеге
келтірілген) деп анықтауға болады. Егер бұл сұрақтар бірнеше жазылған
актілермен реттелінсе, онда Конституция кодификацияланған емес.
Конституция құрамын қарастырған кезде кодификацияланған сипаттағы
конституцияны қарастырамыз, яғни бірыңғай, жалғыз құжатта барлық жоғарғы
заңдық күші бар нормаларды қамтуын. Оның құрамы: преамбула (кіріспе),
негізгі бөлім, қорытынды, өтпелі және қосымша жағдайлар.
Преамбулада әдетте конституцияның мақсаты, оны қабылдаудың тарихи
жағдайы, кей кезде мемлекеттік саясаттың құқығы мен еркіндігі немесе
басқару басы жарияланады. Конституцияның бұл бөлігі саяси және идеологиялық
жоспарда маңызды. Преамбуладағы жағдай құқықтық норма болып табылмайды,
бірақ конституцияның басқа жағдайын түсіндіру мен қолдануда нормативтік
мағынасы болады.
Конституцияның негізгі бөліміне құқық пен еркіндік туралы, қоғамдық
қрылыстың негізі туралы, мемлекеттік органдар жүйесі мен дәрежесі туралы,
мемлекеттік рәміздер туралы, конституцияны өзгерту тәртібі туралы нормалар
енеді.
Қорытынды жағдай әр түрлі нормаларды қамтиды. Мұнда әдетте
Конституциның күшіне ену тәртібі бекітіледі. Кей кезде, егер Конституцияның
негізгі бөлімінде реттелінбесе, конституцияны өзгерту тәртібі немесе
мемлекеттік рәміздер туралы нормалар енеді.
Өтпелі жағдайлар бірден жүзеге асырылмайтын жекелеген конституциялық
нормалардың әрекет ету уақытын, ескі конституциялық институттарды жаңамен
ауыстыру уақыты мен тәртібін анықтайды.
Қосымша жағдайлар түсіндірме нормалардан тұрады.

Біз конституцияны төмендегінше жіктейміз:

- қабылданған негізгі мәтіндерін заңгерлердің дайындау тәсіліне
қарай;
- конституцияны өзгерту (қайта қарау) реті бойынша.
Қабылданған негізгі заңның мәтіндерін заңгерлердің дайындау тәсілі
бойынша Конституция екі топқа бөлінеді:
- жазылған;
- жазылмаған.
Жазылған конституция бірыңғай құжат түрінде құрылады. Оларға мысалы,
Германияның Негізгі заңы, Испания Конституциясы, Ресей Федерациясының
Коснтитуциясы, Қырғызстан Конституциясы кіреді. Жазылған конституция
(ерекшелік сипаты) бірнеше мемлекеттік-құқықтық актілерден тұрады. (Канада,
Израиль).
Жазылмаған конституция Англия мен Жаңа Зеландияда ғана бар. Дегенмен,
жазылмаған конституция нормалары нақты көптеген елдердің мемлекеттік-
құқықтық актілерінде де кездеседі.
Өзгерту (қайта қарау) реті бойынша да конституцияларды екі топқа:
бейімді және қатаң деп бөлеміз.
Бейімді Конституция өзі қабылданған, өзгертілген, толықтырылған жай
парламент заңдары іспетті принциппен өзгертіле береді.
Қатаң Конституция болса негізгі заңның өзінде қарастырылған ерекше
тәсілмен өзгертіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Конституция дегеніміз не?
2. Фактілік Конституция дегеніміз не?
3. Заңдық Конституция дегеніміз не?
4. Конституцияларға қандай сипаттарын тән?
5. Конституцияның түрлерін атаңыз.
6. Преамбула дегеніміз не?
7. Конституцияның негізгі бөлімінде нелер қарастырылады?
8. Конституцияның қорытынды және өтпелі ережелер бөлімі қандай нормаларды
қамтиды?
9. Жазылған Конституцияларды қабылдаудың түрлерін атаңыз.

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып № 3. Шетелдердегні мемлекет формасы мен басқару формасының
ерекшеліктерін, монархиялық басқару мен республикалық басқарудың сипаттарын
анықтау, басқару нысандарының түрлеріне анықтама беру. Шетелдік
мемлекеттердің территориялық-саяси құрылымы түсінігін, оның формасының
классификациясын, унитарлық және федеративтік мемлекеттердің ерекшеліктерін
сипаттау.

Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.Басқару нысандары. Монархия, түсінігі және мәні.
2.Мемлекеттік құрылым нысандары, оладың жіктелуі.
3.Шет елдердегі саяси режимдер, түсінігі және түрлері.

Басқару нысандарына анықтама берудің маңызы өте зор. Өйткені, ол
мемлекеттің мәнін айқындайды. Сөйтіп, мемлекеттік биліктің жоғары
органдарының құқықтық жағдайлары мен құрылысын ашып береді, сондай-ақ
кейінгілердің мемлекет басшысынан қаншалықты заңды және нақты тәуелділігін
көрсетеді.
Дүние жүзінде басқарудың екі нысаны бар. Олар: монархия және
республика.
Монархия – елді мемлекеттік заңды басқаруды тек бір адамның жүзеге
асыратынын, оның мемлекеттік жоғары лауазымды мұрагерлік тәртіппен
иеленгендігін білдіреді.
Монархия абсолютті және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолютті
монархияға барлық мемлекеттік биліктің монарх қолына топтасуы тән. Қазіргі
кезде абсолютті монархия, мысалы, Сауд Арабиясы королдігінде (мемлекет
басшысы және рухани көсем - король), Ватиканда (Мемлекет – Қала Ватиканда
заң шығарушылық және сот билігі папа қолында болады. Оны кардиналдар
коллегиясы өкілдікке сайлайды.)
Конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және
парламенттік.
Дуалистік монархияда екі саяси ұйым – феодалдық монархия мен
буржуазиялық парламенттің болуы тән. Монарх үкіметті тағайындайды.
Парламенттің заң шығарушылық өкілеттігі монарх тарапынан шектелген, өйткені
жоғарғы палатаны монархтың өзі тағайындайды, әрі ол тыйым салу құқығына да,
парламентті тарату құқығына да және тағы басқаға да ие. Дуалистік монархия
Иорданияда (Иордания Хашимиттер корольдігі, мемлекет басшысы - король),
Кувейтте (Кувейт мемлекеті, мемлекет басшысы - әмір, ол билеуші Сабахтар
әулеті мүшелерінен сайланады), Тайландта (Тайланд корольдігі, мемлекет
басшысы – король) және тағы басқа елдерде бар.
Парламенттік монархия. Парламенттік монархияда монарх билігі заң
шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын
шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің
қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке
сенімсіздік вотумын көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса
парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламенттік
сайлау өткізуді белгілейді. Парламенттік монархияның дуалистік монархиямен
салыстырғанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жайында біздің
ойымызша, белгілі бір елдің мемлекеттік тәжірибесін оқып-зерттеу барысында
ғана нақты пікірлер айтуға болады. Қазіргі кезде осындай басқару түрі дүние
жүзі елдері ішінде, мысалы, Англияда (Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның
Біріккен корольдігі, мұндағы ресми мемлекет басшысы - королева), Бельгияда
(Бельгия корольдігі, мемлекет басшысы - король), Данияда (Дания корольдігі,
мемлекет басшысы монарх. 1972 жылы қаңтарда ғана Маргрета II мемлекет
басшысы болып сайланды), Испанияда (бұл елде парламенттік мұралық монархия,
мемлекет басшысы - король), Норвегияда (Норвегия корольдігі, мемлекет
басшысы - король), Канадада (мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы деп
нақты көрсетілген, ол генерал-губернаторды өзі тағайындайды), Жапонияда
(мемлекет пен халық бірлігі нышаны - император), Люксембургте ( Люксенбург
ұлы Герцогтығы, мемлекет басшысы – ұлы герцог) орныққан.
Республика – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын негізінен халық
болып табылатын басқару нысаны.
Республикалық басқару негізінен екі түрге бөлінеді: президенттік және
парламенттік.

Президенттік республиканың басты сипаты – президент қолына мемлекет
басшысы мен атқару билігінің басшысы өкілеттіліктері шоғырланады (мысалы,
Аргентина, АҚШ, Өзбекстан).
Президенттік республиканың алғашқы тарихи әрі үлгілі түрі АҚШ болып
табылады. Бұл елде президенттік институт 1787 жылығы Конституция негізінде
енгізілген. АҚШ-тың мемлекеттік билігі тиым салу мен қарама-қайшылық
принципі негізінде құрылған. Бұл тиым салу мен қарама-қайшылық принципі АҚШ
конституциясының жобасын жасаушы авторлардың бірі Дж.Мэдисонға тиесілі.
Ешбір уақыт ықпалына түспеген бұл идея мемлекет басқару ісіндегі бірден-бір
сәтті қадам болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері біріне-бірі
тәуелсіз, бірақ әрі өзара байланысты болып, әрбірі жеке алғанда қалған
екеуімен шектеліп отыратын еді. Бірінің ниетіне екінші бірі қарсы тұратын
ниетті құруымыз қажет, - деп Мэдисон текке айтпаған. Міне, осы қанатты
сөзі АҚШ саясаты мен саясаттануында альфа мен омега (яғни бас-аяғы) болып
отыр. Мэдисон тыйым салу мен қарама-қайшылық жүйесіне мемлекет тарапынан
қиянат етушілікті болдырмайтын тетік енгізе білді. Сөйтіп тәуелсіз халықты
өкіметтен ажыратып әрі өкіметтің де төменнен жасалған қысымға қатты
бағынышты болмауы жағын да қарастыратын реттерді ойластырды.
Тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі төмендегідей 6 негізгі
ережелерден тұрады:
1. Барлық шаттарда тең құқыққа ие болады. Жалпы халықтық үкімет бұлардың
бірде-біреуіне арнайы жеңілдіктер бере алмайды.
2. Басқарудың үш органы жүзеге асады. Олардың бірі – заңдар шығару үшін,
екіншісі – оны орындау үшін, ал үшіншісі – құқықтық мәселелерді шешу үшін
құрылады.
3. Заң алдында барлық азаматтар тең, бай да, кедей де, әлеуметтік
дәрежесіне қарамай, өз құқықтырының заңмен қорғалуын талап ете алады.
4. Үкімет адамдардың емес, заң өкіметі болуы тиіс. Заңнан жоғары ешкім де,
ешнәрсе де жоқ. Бірде-бір өкімет қызметкерінің билікті конституция немесе
заңда рұқсат етілгеннен өзге жағдайда пайдалануына болмайды.
5. Халық конституцияны өзгерте отырып, үкімет билігін өзгерте алады.
6. АҚШ аумағында АҚШ-тың конституциясы, конгресс заңдары мен келісім-
шарттары ең жоғарғы заңдар болып табылады.
Парламенттік республикада ең алдымен мемлекеттік биліктің жоғары
органдары жүйесінде парламенттің үстемдік ету сипатыкөрінуі шарт. Мұндай
елдерде парламент сайлауында жеңіп шыққан саяси партиялар жетекшілерінен
тек парламент қана құрады. Қазіргі кезде, мысалы, Австрия, Индия, Израиль,
Түркия, ФРГ елдері прарламенттік республика болып табылады.
Басқарудың аралас нысандары. Басқарудың мұндай нысандарда парламенттік
те және президенттік республиканың да белгілері болады. Осындай басқару
нысанына ие Франция Республикасы. Бұл елдің Конституциясына сәйкес елдің
жоғары лауазымды басшысы – Президент. Францияда 1962 жылы Президентке
тікелей сайлау енгізген. Мемлекет басшысы тарапынан үкімет құрылады әрі ол
тек президент алдында ғана жауап береді. Президент өкіметті басқаруды
жүзеге асырады; Премьер-министр тек министрлер кеңесі қарайтын құжаттарды
даярлауды қамтамасыз етеді.
Сол секілді басқарудың да аралас нысандары кездеседі. Мысалы, монархия
және республика элементтерінің аралас түрі.
Мемлекеттік құрылым нысандарын анықтауда мына жәйттерді көздеген
мақұл: белгілі бір елдің территориялық аумағы қалайша түзілген, ол қандай
бөліктерден құралған, оның құқықтық жағдайы қандай және аумақтық басқару
органдары мен мемлекеттің орталық органдары арасындағы қарым-қатынас, т.б.
қалайша құрылған.
Мемлекеттік құрылым нысандары негізінен екі түрде: унитарлық
(біртұтас) және федеративтік (құрама) болады.
Унитарлық мемлекеттер қатарына: Бельгия, Греция, Қырғызстан
Республикасы, Этония, Түркіменстан, Украина, Армения, Жапония, Польша және
тағы басқалар жатады. Унитарлық елдер төменгі негізгі сипаттамрмен
ерекшеленеді:
- конституция бірлігі;
- мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының бірыңғай жүйесі;
- азаматтық бірлігі; құқықтық жүйе бірлігі; сот жүйесінің бірлігі;
- мемлекеттік рәміздерінің бірлігі;
- унитарлық мемлекет аумағы тәуелсіз мемлекет сипаттарына ие емес
әкімшілік-аумақтық жеке бірліктерге бөлінеді.
Сол секілді басқа да унитарлық мемлекеттер (Ұлыбртиания, Испания,
Италия, Дания, Финляндия) бар. Олардың мемлекеттік құрылымы елінің кейбір
аумақтарында автономиялы әкімшіліктері болуымен ерекшеленеді. Атап
айтқанда, Ұлыбритания құрамына Шотландия мен Солтүстік Ирландия енеді, олар
шектеулі автономиялық құқықтарды пайдаланады. Шотландия өзіне керегінде
өзінің құқықтық және соттық жүйесіне өзі ие әрі өз шіркеуі бар. Ал,
Солтүстік Ирландияға аумақтық жартылай автономиялы құқық берілген, ол
өзінің екі палатадан: қауымдық палата (52 мүшесі бар, олар 5 жыл мерзімге
тікелей дауыс беру арқылы сайланады) және сенаттан (қауымдық палата
сайлайтын 26 мүшеден), кабинеттен (премьер-министр бастаған 8 министр)
тұрады. Солтүстік Ирландияда атқарушы билікті губернатор атқарады.
Федерация – заң жүзінде дербес мемлекеттік құрылымнан тұратын (шаттар,
жерлер, провинциялар, республикалар және т.б.) өзінің әкімшілік-аумақтық
бірлігі бар, федерация субъектілері болып табылатын мемлекет. Мемлекеттік
құрылымның федеративтік түріне жататын елдер: Ресей, АҚШ, Германия, Канада,
ФРГ, Мексика, Бразилия, Индия, Англия және т.б.
Мемлекеттік құрылымы федеративті тұрғыдағы елдерге төмендегі негізгі
сипаттар жатады:
- федерация аумағы фелерация субъектілері аумағынан құралады;
- әдетте, федерация субъектілеріне өз конституцияларын жасауға құүқық
беріледі. Мысалы, АҚШ-тың барлық 50 штаты өзінің конституцияларына ие.
Сондай-ақ, Ресей Федерациясының барлық республикаларының өз конституциялары
бар. Ал Индияда тек екі шаттың ғана (Индия 25 шаттан құралған) өз
конституциялары бар. Швейцария Конфедерациясы (Швейцария) – федеративтік
парламенттік республика. Ол 23 кантондардан құралып, оның үш кантоны жарты
кантондарға бөлінген, Әрбір кантонның өз конституциялары бар. Алайда,
кантондардың құқықтары федералдық конституция тарапынан шектелгенін айта
кеткеніміз жөн.
ФРГ-нің Конституциясында жерлер конституциясы конституцияға сәйкес
келуі тиіс;
- федерация субъектісі заң актілерін шығаруға құқықты (дегенмен,
жалпыфедерациялық заң үстемдігі принципі сақталып, оны орындау барлық
федерация субъектілеріне міндетті);
- Федерация субъекті өзінің құқықтық және соттық жүйесіне ие (мысалы,
АҚШ);
- қос азаматтық белгіленген (мұндай ережелер АҚШ, Швейцария, Австрия
конституцияларында және ФРГ-нің Негізгі заңдарында бар). Бірақ, кейбір
федеративтік мемлекеттерде (Ресей, Индия, Малайзия және т.б.) тек одақтық
азаматтық танылады;
- федерацияларда парламент, әдетте, екі палаталы (төменгі палата
барлық федерацияның мақсат-мүддесін, ал жоғарғы палата- федерация
субъектілерінің мақсат-мүддесін көздейді).
Мысалы, Ресей Федерациясы құрамына мынадай субъектілер кіреді: 22
республика, 6 өлке, 49 облыс, федералдық мағынадағы 2 қала (Мәскеу, Санкт-
Петербург), 1 автономиялы облыс (Еврей), 10 автномиялық округ енеді.
Республика мәртебесі Ресей Федерациясының Конституциясымен және әрбір
белгілі республика конституциясымен айқындалады. Әрбір республика Ресей
Федерациясының мемлекеттік тілімен (орыс тілі) біргі бір қатарда өздерінің
мемлекеттік тілін белгілеп, билік органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында, республикалық мемлекеттік мекемелерде қолдануға құқықты.
Ал, өлке, облыс, федералдық мағынадағы қала, автономиялық облыс,
автономиялық округ мәртебелері өлке, облыс және тағы басқа тарапынан заңды
түрде қабылданған әрбір субъектілер Жарғысына сай келетін етіліп Ресей
Федерациясы Конституциясында анықталады.
Сол секілді автономиялық облыс, автономиялық округтердің заң шығарушы
және атқарушы органдарының ұсынуымен автономиялық облыс, автономиялық
округтер жайлы федеральдық заң шығарылуы мүмкін.
Ал, өлке немесе облыс құрамына кіретін автномиялық округтер қарым-
қатынасына келсек, олар автономиялық округтің мемлекеттік билік органдары
арасындағы заңдары мен келісімдері арқылы, демек, дәл осылай өлке немесе
облыстың мемлекеттік билік органдарымен реттеледі.
Ресей Федерациясы субъектісінің мәртебесі Ресей Федерациясы мен оның
субъектісінің өзара келісімдері бойынша федеральдық конституциялық заңдарға
сай өзгертілуі мүмкін.
Ресей федерациясы Конституциясы Ресей федерациясының тікелей өзі
жүргізетін (71-бап), болмаса Ресейдің өз субъектілері бірігіп жүргізетін
(72-бап) жәйттерді Жан-жақты ашып көрсетеді. Осы елдің Конституциясының 76-
бабына сәйкес: Ресей Федерациясында жүргізілетін істердің бәрі Ресей
Федерациясының барлық аумағында тікелей қолданыс табатын федеральдық
конституциялық заңдар мен федералдық заңдар арқылы жүзеге асады. Ал, Ресей
Федерациясы мен оның субъектілерінде бірлесе жүргізілетін жәйттер үшін
федеральдық заңдар және соларға сәйкес шығаратын заңдармен және т.б.
нормативтік құқықтық актілер қабылданады.
Ресей федерациясының тікелей өзі жүргізуінен тыс немесеРесей
Федерациясы мен оның республикалық, өлкелік, облыстық, федеральдық
мағынадағы қалалық, автономиялық облыс және автономиялық округтері өз
алдына заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер қабылдап, өздерінің
құқықтық реттеулерін өздері жүзеге асырады. Егер де, федеральдық заңдар мен
Ресей Федерациясы субъектілерінің нормативтік құқықтық актілері арасында,
жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес келмейтін қарама-қайшылықтар болса,
онда Ресей федерациясыв субъектілерінің нормативтік құқықтық актілері
күшіне кіреді. Ресей Федерациясы субъектілерінің заңдары мен тағы басқа да
нормативтік құқықтық актілері Ресей Федерациясы жүргізетін жәйттер бойынша
шығарылған немесе Ресей Федерациясы мен оның субъектілерінде бірлесе
жүргізілетін істерге сай қабылданған заңдарға қарама-қайшы келмеуі тиіс.
Ал, қарама-қайшы болған жағдайда федеральдық заңдар күшінде болады.
Шет елдердің заң әдебиеттерін оқып-зерттеу барысында біз мемлекеттік
құрылым нысандары ішіндегі өте кең таралғаны – федерация екеніне көз
жеткіземіз. Дегенмен, мемлекеттік құрылымның унитарлық нысаны басты орынға
ие. Сөйтіп, мемлекеттік құрылымның белгілі бір нысаны белгілі бір елде сол
елдің тарихи, әлеуметтік, ұлттық, географиялық және т.б. жағдайларына
байланысты өрбиді. Мемлекеттік құрылым нысандары әрдайым анықталғанымен еш
уақытта да кенеттен тап болған уақиғалардың нәтижесі бола алмайды.
Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың Конституция белгілеп берген
негізгі принциптері, әдістері және жүзеге асыру жүйелері жиынтығы сол
белгілі бір елдегі саяси режимді нақтылап береді.
Саяси режимдер демократиялық және автономиялық болып екіге бөлінеді.
Демократиялық режимде мемлекеттік билік қоғам мүшелерінің көпшілік
бөлігінің қатысуы және өз еріктері бойынша жүзеге асырылады. Демкортаия
деген ұғым пайдаланылған кезде халық пен билік бірлігін танып, дәлірек
айтқанда мемлекетке және мемлекеттік билікке біріккен халық деп есептеу
дұрыс. Міне, осыдан келіп халықтық биліктің нысаны мен маңызын, оның озық
жақтары мен бағыныс тәртібін анықтауға болады.
Авторитарлық режимде мемлекеттік билік жеке адамның не болмаса билеуші
олигархия тарпынан жүзеге асырылады. Мұндай режимде қабылданатын кез-келген
шешім күштеу аппартаы тарапынан өмірге енгізіледі.
Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекет формасы мен басқару формасының түсінігін айтыңыз.

2. Мемлекет формасы дегеніміз не?

3. Басқарудың қандай түрлері бар?

4. Монархиялық басқару дегеніміз не?

5. Республикалық басқару дегеніміз не?

6. Абсолютті монархия дегеніміз не?

7. Конституциялық монархияның қандай түрлері бар?

8. Республикалық басқарудың қандай түрлері бар?

9. Тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі қандай негізгі ережелерден
тұрады?

10. Басқарудың аралас нысаны дегеніміз не?

11. Мемлекеттің территориялық-саяси құрылымы дегеніміз не?

12. Унитарлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?

13. Унитарлық мемлекеттерге тән сипаттарды атаңыз.

14. Федеративтік мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?

15. Федеративтік мемлекеттерге қандай сипаттар тән?

16. Саяси режимнің мәні нені білдіреді?

17. Саяси режимнің қандай нысандары бар?

18. Демократиялық режим дегеніміз не?

19. Авторитарлық режим дегеніміз не?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып 4. Шет елдердегі саяси партиялар және саяси жүйелер.

Шетелдердегі саяси партиялар ұғымын және оның мәнін, саяси партиялардың
құрылымын және жүйелерін анықтау.

Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Шет елдердегі саяси партиялар, олардың міндеттері мен функциялары.

2. Шет елдердегі саяси партиялардың ұйымдастырушылық құрылымының негізгі
түрлері.

3. Шет елдердің саяси жүйелері.

Қазіргі кезде әлемдегі барлық елдерде екі мыңнан астам саяси
партиялар бар. Мысалы, Францияда -10, Қытайда -9, Данияда -8, Италия мен
Норвегияда -7, Литвада -30, Ресейде – 60-тан астам саяси мақсат-мүддені
көздейтін партиялар мен басқа да азаматтық бірлестіктер бар.

Мемлекеттерді жеке-жеке алып қарағанда олардың қоғамдық өміріне
қатысты саяси партиялардың ролі мен орны әрқашан да біркелкі әрі бір
мағыналы емес. Осыған қарамастан демократиялық елдердегі саяси партиялар
мемллекеттік билікті жүзеге асырудың ажырамас элементтеріне айналып,
айтарлықтай еңбек етуде.

Әрине, саяси партиялар, мысалы Еуропада буржуазиялық революциямен
тікелей байланыста пайда болып, жүзеге асты. Нәтижесінде өкілдіктерін
сайлаумен жүзеге асыратын халықтық өкілдік, яғни, халық билігі жүйесі
құрылды.

Бірте-бірте қоғамдық топтардың жіктеле түсуі, әлеуметтік қарама-
қайшылықтың шиеленісі, қоғам өмірінің саяси жағдайларына қалың
көпшіліктің белсенді қатысулары себепті партиялардың ролі күшейе түсті.
Саяси қозғалыстарда жетекшілік орын иеленген олар, енді өз мақсматтарын,
басты мүдделерін ашық қоя бастады, яғни парламент пен үкімет қатарына өз
өкілдіктерін өткізу жолында көп орынға ие болуға тырысып, мемлекеттік
органдар қызметіне булгілі бір саяси қысым жасауға ұмтылды. Міне,
сондықтан да саяси партиялардың басты мақсаты кәсіподақтардан, басқа да
қоғамдық бірлестіктерден осындай тұрғыда өзгешеленеді. Ал, кәсіподақтар
саяси өмірге арасласуды басты мақсат тұтпайды.

Саяси партия – азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің ерекше түрі
саналады әрі өздерінің құрылуының және қызметінің басты мақсаты етіп
мемлекеттік билікті жүзеге асыруды көздейді.

Өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру жолында саяси партиялар өздерінің
билікке келуіне дауыс берумен сайлауда көмектесетін сайлаушыларының,
яғни, өз тараптастарының мақсат-мүдделерін жүзеге асыруға бар көңілдерін
бөледі.

Конституциялық құқық теориясына сәйкес саяси партияларды
институттандыру бір-бірімен өзара байланысты екі тәсілмен жүзеге
асырылады:

- конституцияландыру (яғни, Конституцияда олардың негізгі принциптері мен
мәртебесін жариялау);

- заң шығаруды институттандыру (яғни, арнайы заңда немесе басқа да заң
шығарушылық актілерде саяси партиялардың құқықтық жағдайларын көрсету).

Қазіргі дәуірде көптеген мемлекеттер өз конституцияларында өз
шамалары келгенше саяси партиялардың мәртебесін инститтуандырады. Бұл
қатардан тек қана АҚШ-ты шығарып тастауға болады. Себебі, бұл елде саяси
партияларға қатысты ережелер тек штаттар конституциясында бар. Ал, АҚШ
Конституциясының өзіндегі ережелерден де, кейінен қосылған 26
түзетулерден де бұл жайлы арнайы сөз жоқ..

Шет елдердегі саяси партиялардың мәртебесін конституцияларндыру.
Мысалы, Болгария Республикася Конституциясына сәйкес:

- партия азаматтардың саяси еркін қалыптастырып, ашық көрсетуге
жәрдемдеседі;

- бірде-бір жеке партия мемлекеттік тұрғыдан жарияланып немесе
бекітілмейді;

- саяси партиялардың ұйымдасу тәртібі мен тоқтатылуы және олардың қызмет
шарттары заңмен реттеледі;

- нәсілдік, тектік немесе сенім-нанымдары негізінде, сондай-ақ мемлекеттік
билікті күшпен тартып алу мақсатын көздеген бірде-бір саяси партия –
партия болып құрыла алмайды.

ФРГ-ның Негізгі заңы партия халықтың саяси еркін қалыптастыруға
қатысады деп жазады. Елдгеі демократиялық құрылыстың негізіне нұсқан
келтіретін немесе нұсқан келтіруі немесе оны жоюы мүмкін, яки болмаса,
ФРГ-ның өмір сүруіне қауіп туғызатын партиялардың қызмет етуіне тыйым
салынады.

Италия Конституциясы азаматтарға ұлттық саясатты айқындауда
демократиялық жолмен жәрдемдесетін партияға ерікті түрде бірігулеріне
құқық береді.

Ал; Франция Конституциясы бойынша саяси партиялар дауыс беру
арқылы тұрғындардың өз еріктерімен көңіл білдірулеріне жәрдемдеседі, өз
қызметін ұлттық тәуелсіздік пен демократияның принциптерін құрметтей
отырып ерікті түрде құрады.

Саяси партиялардың құқықтық жағдайларын заңды институттандыру
төмендегі ең маңызды мемлекеттік мәселелер реттеуге жатады:

- саяси партияның атауын анықтау;

- партия қызметінің ұйымдастырылуы мен тоқтатылуы және оның өзін-өзі
таратуы шарттары мен тәртібі;

- партияның идеологиялық және бағдарламалық құжаттарына, сондай-ақ оның
ұйымдастыру құрылымы мен қызметінің тәсілдеріне қойылатын талаптар;

- қаржылану көздері (партия қызметінің материалдық қмтамасыз етілуі);

- өкіметпен өзара қарым-қатынасы;

- сайлауға, сондай-ақ өкілетті органдардың қызметіне қатысуы міндеттеледі.

Саяси партиялар мен ұйымдар жайлы басқа елдерде көптеген (мысалы,
Автрия, Италия, Грузия, Испания, Молдава Республикасы, Португалия, және
т.б.) заңдар қабылданған. Мәселен, Мексика Құрама Штаттары (1976 ж.)
саяси ұйымдар мен сайлау жүйесі хақында федеральдық заң қабылдап, онда
заматтарға саяси партиялар мен саяси ассоциацияларға бірігу еріктілігіне
кепілдік береді. Мұнда саяси партиялар саяси ұйымдардың негізгі түрі
болып табылады.

Көптеген елдерде саяси партиялардың қызметі заңды түрде
айқындалмаған. Мысалы, Сауд Арабиясында тіпті саяси партия құруға
тырысудың өзіне өлім жазасы беріледі. Ал, кейбір елдерде мемлекеттік
төңкерістер нәтижесінде көптеген саяси партияларға тыйым салынған.
Көптеген Африка елдерінде әлі күнге дейін бірде-бір ресми саяси партиялар
жоқ..

Саяси партиялардың құрылысын ұйымдастыруға көптеген фактілер әсер
етеді, алдымен сол партияның өзіндік ерекшелігі, сондай-ақ тарихи, ұлттық
ерекшеліктері әсер етеді.

Саяси партияларды құруда екі негізгі әдіс орын алған. Оның бірі –
ұйымдастыру құрылысына қарай – ұйымдаса дайындалған, ал екіншісі –
ұйымдаса дайындалмаған партиялар болып табылады.

Бірінші топқа жататын партиялар өзінің нақты ұйымдасуымен және
тәртібімен көзге түседі. Бұларда әрбір партия мүшесі партиялық құжаттарын
алады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, Жарғыда қаралған партия
талаптарына қатаң бағынады. Оның үстіне партия өзінің кәсіпкерлік
аппаратын құрып алады. Партия көсемі басқарған орталық басқарма барлық
партиялық істерде шешуші роль атқарады. Мұндай партияларға мүшелікке ену
жекелеп те, ұжымды түрде де жүзеге асады.

Осындай партиялар тобына Австрия халық партиясы, Индияның ұлттық
конгресі, ФРГ-ның христиан-демократиялық одағы, Швеция орталығы партиясы,
Жапонияның либеральдық-демократиялық партиясы және т.б. жатады.

Ұйымдаса-дайындалмаған партиялардың ең алдымен көзге түсетін
сипаттарының бірі – ресми мүшеліктерінің (жазып алынған) жоқтығы. Өздерін
осындай пратияның мүшесімін деп санайтындар ұйымдасқан түрде олармен
байланыса алмайды: олар партиялық құжаттарын алмаған, сондықтан да
партияға алу жарнасын, мүшелік жарналарын төлемеген, партиялық тәртіп
оларға таралмаған болады. Партияның мұндай мүшелері көбінесе, сайлауда
сол партия үшін дауыс беретін сайлаушылар болып саналады.

Әдетте, ұйымдаса дайындалмаған партиялардың тармақталған
аппараттары болады. Ондағы қызметшілер сол партиялардың саясатын өмірге
енгізетін негізгі тетігі болып табылады. Мұндай саяси партиялардың
қызметі негізінен сайлаушылардың дауысы үшін сайлаулық күреске алып
барады. Осы аттылған ұйымдаса-дайындалмаған партиялардың үлгісі ретінде
АҚШ-ғы республикалық және демократиялық партияларды айтуға болады. Бұл
екі партия да өте үлкен саяси ұйым ретінде көрінеді. Партия мүшелері деп
алдыңғы сайлау кезінде сол партияның өкілді тізіміне дауыс берген барлық
сайлаушылар жалпы айтыла береді. Сондықтан да партия мен оның мүшелері
арасында ұйымдасқан байланыс болмайды.

Шетелдердің партиялық жүйелері өздерінің шектен тыс әр түрлілігімен
ерекшеленеді. Бұл оларда әлеуметтік, ұлттық, тарихи, діни және басқа да
белгілі бір мемлекетке тән ерекшеліктерінен көрінеді.

Партияларды жіктегенде олардың әлеуметтік-саяси белгілеріне, қандай
әлеуметтік мүддені білдіретініне, өздерінің және қоғам алдына қандай
мақсаттар қойып, оған қандай саяси жолдармен жететіндеріне баса көңіл
қояды.

Партиялық жүйелер: көп партиялық, екі партиялық, бір партиялық
болып бөлінеді:

1. Монополиялы биліксіз партиялардың көп партиялық жүйесі. Мұндай
жағдайда бірде-бір партия жеке дара парламентте көпшілікке ие бола
алмайды. Сондықтан, әр түрлі саяси одақтар құруға мәжбүр болып, өкімет
орнатуды көздейді. Италияның партиялық жүйесі дәлме-дәл үлгі болады.
Мұндай жүйелер Бельгия, Дания, Нидерланд елдерінде және басқа да елдерде
бар.

2. Монополиялы билікті көппартиялық жүйе. Жүйенің бұл түрінде
парламенттік көпшілік бір партияға ғана тән болып, ол бір партиялық
үкімет түзеді. Мұндай партиялық жүйе, мысалы, Жапонияда қалыптасқан. Онда
екі палатада да буржуазиялық либеральды-демократиялық партия үстемдік
дәрежеге ие.

3. Екі партиялық жүйелер. Екі партиялық жүйенің өзіне хас айрықша
ерекшелігі болып саяси аренада басты екі партияның монополиялы үстемдік
етуі саналады. Олар билікте бірін-бірі алма-кезек алмастырып отырады. Бұл
партиялардың бірі сонда басқарушы рөлін атқарса, екіншісі оппозициялық
рөл ұстанады. Олар оқтын-оқтын орын алмастырады. Мұндай жүйе басқа
партиялардың құрылуына бөгеттік жасап, сайлаушыларды нағыз сайлау
мүмкіндіктерінен мақрұм қылады.

4. Бір партиялық жүйе негізінен ресми түрде бір саяси партия
монополиясы үстемдік еткенде жүзеге асады. Мысалы, Габонда билеуші әрі
жалғыз партия – Габон демократиялық партиясы, Гамбия Республикасындағы
төрт партияның ішіндегі билеушісі – Халықтық прогрессивтік партия, Панама
Республикасында, шамамен он саяси партия мен ұйымдардың арасындағы,
үстемдік иесі – Панаманың Нағыз партиясы.

Бақылау сұрақтары:
1. Саяси партия дегеніміз не?
2. Саяси партияларды институттандыру қандай тәсілдермен жүзеге асырылады?

3. Саяси партиялардың құрылысын ұйымдастыруға қандай фактілер әсер етеді?

4. Саяси партияларды құрудың екі негізгі әдісін атаңыз.

5. Партиялық жүйелерді атаңыз.

6. Монополиялы биліксіз партиялардың көп партиялық жүйесі нені білдіреді?

7. Монополиялы билікті көппартиялық жүйе нені білдіреді?

8. Екі партиялы жүйенің ерекшелігі қандай?

9. Бір партиялық жүйе нені білдіреді?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
Тақырып 5. Шет елдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйелері.

Шетелдердегі сайлау құқығының түсінігін, мәні мен принциптерін, сайлаудың
ұйымдастырылу және өткізу тәртіптерін, Референдум ұғымын және онда
қойылатын мәселелердің түрлерін анықтап білу.

Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1.Сайлау құқығының түсінігі мен қағидалары.
2.Сайлау жүйелерінің түсінігі мен түрлері.
3.Референдум.

Демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі – оның азаматтарының
лауазымды адамдар мен мемлекеттік билік органдарын, сондай-ақ жергілікті
өзін-өзі басқару органдарын сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысуы болып
табылады. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 3-бабына сәйкес
референдум мен еркін сайлаулар халық билігінің жоғары көрінісі болып
саналады. Эстония Республикасы Конституциясының 56-бабында бұл елдегі
жоғарғы мемлекеттік билікті халықтың өзі дауыс беруге құқылы азаматтары
арқылы:

1) Мемлекеттік жиналысқа сайлау жолымен;
2) Референдум жолымен (жалпыхалықтық дауыс беру) жүзеге асырылатыны
жазылған.
Көп елдердің саяси өмірінде сайлаудың рөлі мен мағынасы бірдей емес.
Сайлау халықтық егемендіктің бір көрінісі болып табылады, өйткені оларды
пайдалана отырып, азаматтар мемлекеттің жоғарғы өкілді органдарын
қалыптастырады (мысалы, Парламентер, мемлекет басшысы, жергілікті өзін-өзі
басқару органдары).
Сайлаудың төте және жанамалы түрлері болады.
Төте сайлауда сайлаушылар кандидаттар үшін тең құқықта, тікелей дауыс
беруге қатысады.
Жанама сайлауда сайлаушылар белгілі кандидаттарға дауыс бермейді, тек
оны іріктеушілерге дауыс береді. Мысалы, АҚШ президентіне, Финляндия
президентіне, Эстония президентіне (бұл жағдайда президентті іріктеушілер
коллегиясы мемлекеттік жиналыс мүшелерінен, яғни, парламент және барлық
жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің өкілдерінен тұрады. Бұлардың бәрі де
Эстония Республикасының азаматтары болуы тиіс).
Сайлаудың тағы бір түрі аймақтық, жергілікті сайлаулар болады, онда
жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланады.
Сайлаудың соңғы түрі кезекті және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлт топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау
Нормативтік - құқықтық акт
Мемлекет функцияларының түсінігі,құрылымы
Құқық қатынастары туралы
Саяси жүйе теориясының авторы
Сайлау алдындағы үгіт
Құқық - қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу жүйесінде
Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігінің құқықтық қатынас үшін маңызы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
Пәндер