Тасмалдау шаруашылығын ұйымдастыру


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тасмалдау шаруашылығын ұйымдастыру

Қазақстанда теміржол көлігін реформалау әлі жүріп жатыр. «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның директорлар кеңесі мүшесі, Құрметті теміржолшы Нығметжан Есенғариннің мәлімдеуінше, елімізде қазір 35 мыңнан астам жүк вагоны бар. 2001 жылы олардың саны небары 8 мың болған. Бүгінде жүк тасымалының 40 пайызы жеке компаниялардың үлесінде. Қазір елімізде теміржол арқылы жүк тасымалдау жүйеге түскен деуге негіз бар. Тап осы іспен қазір 250 экспедиторлық компания айналысады. Ал ол компаниялардың 70 пайызы Қазақстан экспедиторлар ассоциациясына біріккен. Қазір рынокта локомотивтік тасу қызметінің нормативтік құжаттары жасалуда, сондай-ақ тасымалдаушылар үшін де осындай нормативтік құжаттар әзірленуде. Еліміз бұрынғы Кеңестер Одағы ішінде теміржол саласын реформалау қарқыны жағынан ешқайсысына есе жібермей келеді. Теміржолшылардың төл мерекесі мен «Түрксіб» магистралінің пайдалануға берілгеніне 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында кеңінен әңгіме болған тағы бір мәселе - Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалдау. 2015 жылға қарай екі елдің бір-бірімен жүк алмасуы жылына 18-20 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде. Мұндай болжам жасау негізсіз емес, өйткені екі елдің жүк алмасу деңгейі жыл сайын өте қарқынды түрде дамып келеді. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша, 11 миллион тонна жүк тасымалданса, биыл теміржолшылар бұл межені 14 миллион тоннаға жеткіземіз деп білектерін сыбанып отыр. Айтуға оңай болғанмен, бұл дегеніңіз өте ауқымды жүк. Жүк көлемі артқан сайын оған жұмсалатын қаражат та, жұмыс күші де артады. Оның қос мемлекетке түсер пайдасы да көбейе түседі. Дегенмен Ұлттық экспедиторлар ассоциациясының басшысы Нығметжан Есенғаринді алаңдатып отырған басқа нәрсе. Ол өткен жылы тасымалданған 11 миллион тонна жүктің шамамен 1, 8 миллиондайы ғана Қытайдың үлесіне тиеді. Ал қалғаны біздің тауар. Тауар болғанда да еліміздің қазба байлығы, шикізаты екендігіне қынжылыс білдіреді. Нығметжан Қабатайұлының айтуынша, 1988-1989 жылдары осы жолды ашу туралы жоспар жасалғанда бәрі керісінше ойластырылған. Жүк тасымалдау көлемі қытайлықтар жағында молырақ болатын. Халықаралық және өз есебіміз бойынша жүк тасымалдау көлемі 2015 жылдары шамамен 18-20 миллион тонна, ал 2020 жылға қарай 25 миллион тоннаға жетуі тиіс. Бірақ күнделікті тәжірибеге, іске қарағанда бұл көрсеткіш ойлағандағыдан әлдеқайда мол болуы әбден мүмкін. Негізі, тап осы теміржол магистралі арқылы Еуропадан Қытайға жүк тасымалдау да көзделген. Дегенмен бұл жоба әзірге тек арман ғана болып тұр. Олай деуіміздің себебі - «Достық» арқылы жүк тасымалдау қазақ-қытай, одан қалса, Ресей мен Орталық Азия мемлекеттері сауда қарым-қатынасынан артылмай келеді. Бір ғажабы, өсу қарқыны өте жылдам - жыл сайын 15-20 пайыздан кем емес.

Тасымалданған жүк - көлікпен тасымалданған жүктің тоннамен өлшенген көлемі.
Көліктің жүк айналымы - жүк тасымалдайтын көліктің тонна-шақырыммен өлшенген жұмыс көлемі (1 тонна жүкті 1 шақырым қашықтыққа жеткізу) . Ол тоннамен өлшенген тасымалданған жүк көлемі мен шақырыммен алғандағы тасымалдау ара қашықтығы көбейтінділерінің қосындысымен есептеледі.
Тасымалданған жолаушылар - белгілі бір мезгілдегі тасымалданған жолаушылар саны. Статистика жүйесінде жолаушылардың қатынауы жолаушылар тасымалдаудың бақылау өлшемі болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы - жолаушыларды тасымалдағандағы көлік жұмысының көлемі. Өлшем бірлігі болып жолаушы-шақырым қабылданған (жолаушыны 1 шақырым қашықтыққа жеткізу) және әрбір тасымалданған кезеңдегі жолаушылар саны мен шақырыммен өлшенген тасымалдау ара қашықтығы көбейтінділерінің қосындысымен есептеледі.

КӨлiк

Жүк тасымалдау - көлiкпен тоннамен тасымалданған жүк саны.

Көлiк жүк айналымы - көлiктiң жүк тасымалдау бойынша жұмыс көлемi, тонна-километрмен есептеледi (1 тонна жүктiң 1 километрге қозғалысы) . Тоннамен тасымалданған жүк көлемiнiң қосындыларын тасымалданған қашықтыққа (км) көбейтумен анықталады.

Жолуашы тасымалдау - белгiлi уақыт мерзiмiнде тасымалданған жолаушылар саны. Статистикада жолаушы тасымалдаудың бақылау бiрлiгi жолаушы-жол.

Көлiк жолаушы айналымы - жолаушы тасымалдау бойынша көлiктiң жұмыс көлемi. Есептiк бiрлiгi- жолаушы километр, яғни жолаушыны 1 км қашықтыққа жеткiзу. Әр тасымалдаудағы жолаушы санын қосып, тасымалданған қашықтыққа көбейту арқылы табылады (км) .

Жолаушы және жүк тасымалдау, жолаушы айналым және жүк айналым. Жалпы облыс бойынша темiржолдан басқа қызметтiң негiзгi түрi көлiк болып келетiн (ОКЕД коды 60-62) кәсiпорындар көрсеткiшi негiзiнде анықталады.

Автомобиль көлiгi бойынша заңды тұлғалардың қызметi туралы мемлекеттiк статистиканың тұтастай жүргiзiлген зерттеулер көрсеткiштерi кiредi, яғни коммерциялық жүк және жолаушы тасымалдайтын жеке тұлғалар орындаған жұмыс көлемi алынбайды.

Су көлігі департаменті “Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі №685-К бұйрығына сәйкес құрылған және оның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

• Департаменттің негізгі міндеттері:

• су көлігі саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

• Қазақстан Республикасының су көлігін дамыту мемлекеттік бағдарламаларын және тұжырымдамасын жетілдіру;

• су көлігін жүк тасымалдауда және жолаушылар тасымалдауда тиімді пайдалануға бағытталған іс-шараларды жетілдіру және іске асыру, сондай-ақ ішкі су жолдарын дамыту;

• су көлігі кәсіпорындары және мекемелерінің мемлекеттің басқа кәсіпорындары және мекемелері арасындағы қарым қатынасты үйлестіру, сондай-ақ басқа елдердің сәйкесті су көлігін басқару мемлекет аралық мекемелері және мемлекеттік бөлімшелерімен.

• Қазақстан Республикасы су көлігі қызметінің құқықтық тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық және басқада актілердің жобасын жасауға қатысу, олардың орындалуын қадағалау және бақылауды ұйымдастыру болып табылады.

3. Департамент өзіне қойылған міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді жүзеге асырады:

• су көлігі қызметін мемлекеттік реттеу;

• су көлігі мәселелерімен айналысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметін үйлестіру;

• су көлігі саласындағы көліктік саясатты жетілдіруге, халықаралық және мемлекет аралық мекемелердің жұмысына, ішкі су жолдарындағы кеме қатынасы және сауда мақсатында теіңізде жүзу мәселелері жөніндегі халықаралық келісім-шарттар, келісімдер және бітімдер жобасын жасауға қатысу;

• су көлігі үшін бөлінген бюджеттік қаражаттар шегінде, саланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша, сондай-ақ ғылыми-зерттеулік және жоба-құрылыстық жұмыстарға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру;

• жол шаруашылығы өнеркәсіптік кәсіпорындарын, порттарын, флоттарын және су көлігі материалдық-техникалық қоймасының басқада элементерін дамытудың басым бағыттарын анықтау, теңізде жүзу және кеме қатынасы қауіпсіздігімен, гидротехникалық құрылғыларды (шлюздерді) күтіп ұстаумен байланысты қызметтерді үйлестіру;

• су көлігі қызметін регламенттейтін салааралық және ведомствалық нормативтік актілердің бекітілуін және таратылуын үйлестіруді ұйымдастыру;

4. Қойылған міндеттер мен орындайтын қызметтеріне сәйкес Департамент құқылы:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында Министрлікті ұсыну және су көлігі мүддесіне қатысты барлық мәселелерді қарауға қатысу;

2) келіссөздерге, су көлігі саласындағы халықаралық қызметтестік бойынша келісім шарттар мен бітімдерге қол қоюға қатысу, сондай-ақ халықаралық бітімдерде ұсынылатын өкілеттілік шегінде Министрлікті ұсыну;

3) өз құзыреті шегінде су көлігі қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық және басқада актілерді жасау;

4) Министрлік жүргізіліміндегі су көлігі мекемелерін, ұйымдарын және кәсіпорындарын құру, қайта ұйымдастыру және жоюлар бойынша бекітілген заңнама тәртібімен ұсыныстар беру;

5) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылар кадрын қайта орналастыру мен таңдауға қатысу, оларды резервте қалыптастыру;

6) су көлігі мемлекеттік кәсіпорындарының еңбек ақы қорын, олардың басшыларының қызметтік ақы көлемін және сый ақы жүйесін, сондай-ақ республикалық қазыналық су жолдары кәсіпорындарының шығындар сметасын келісуге қатысу.

7) жарғыларды, су көлігі мекемелерінде және жарғы капиталында мемлекеттік қатысумен мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдар ережелерін жасауға қатысу.

5. Сала бойынша заңнамалық қор.

Қазіргі уақытта сала қызметі “Қазақстан Республикасының көлігі туралы заңына” және “Су кодексіне” сәйкес жүзеге асырылуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің қаржылық жоспарлары
Жүк тасымалдау тиімді моделдеу
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Жылқы тұқымдары
Агробизнес
Каспий маңы ойпатының табиғатының қалыптасу кезендері
Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер
Қант өндіру
Қазақстанның жылқы шаруашылығы
Аймақтарды мемлекеттік реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz