Құқықтық статистика негіздері



1. Абстракт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
2. Жалпы мәліметтер
3. Курстың мақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
5. Жұмыс оқу Жоспар:ынан көшірме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6. Оқу сабақтарының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7. Студентке арналған ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8. Оқу сағаттарының кридитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9. Лекция сабақтарының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10. Семинар сабақтарының жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11. СӨЖ.жоспары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12. ОБСӨЖ.сабақтарының жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік
бақылау жүйесі.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15. Пән бойынша оқу процесінің картасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
Қоғамның назар аударатын бір саласы, ол заңдармен қорғалатын және шешілетін қоғамдық қатынастардың жай-күйі болып табылады. Мемлекет, қоғам үшін немесе қазіргі заманғы азамат үшін аса қажетті болып саналатын әр түрлі қоғамдық қатынастарға кейбір адамдар тарапынан қарсы іс-әрекеттер жасау кездеседі. Бұл құқық бұзушылықтардың түрлері (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық құқықтық) және олардың ауырлық деңгейі, сонымен қатар ол құқық бұзушылықтар туралы жан-жақты сандық мәліметтер дайындау қажеттілігі туындайды.
Құқықтық статистика өмір шындығын нақты білдіре алатын қызмет болғандықтан, яғни қоғамның жақсы жақтарының дамуымен қатар, оның жағымсыз тұстарының да қарқынын көрсете алатындықтан, мемлекет ол статистикалық мәліметтерді пайдаланып, тиісті шаралар қолданады.
Статистикалық мәліметтер ашық және жариялы болуы керек. Кеңес үкіметі кезеңінде кейбір құқықтық статистикалық мәліметтер құпия ретінде бағаланып, жарияланбады. Қылмыстылық, қылмыскердің қайталануы (рецидив) тәрізді сандық мәліметтер құпия ұсталды. Себебі мұндай статистикалық материалдар сол кездегі социалистік қоғамды масқаралайтын, Кеңес үкіметі орнаған елде болуы тиіс жағдай-күйге қайшы келетін мәліметтер еді. Құқықтық статистикалық мәліметтердің мұндай құпиялығы 1990 жылдардың басжағында елді демократияландыру, жариялық процесінің нәтижелерінде алынды. Соның нәтижесінде халық өзі өмір сүріп отырған қоғамның шын бет-бейнесін анық көріп қана қойған жоқ, сонымен бірге құқықтық ғылымдар бойынша жүргізілген зерттеулер де тиісті статистикалық мәліметтерді пайдаланып, ғылым жағындағы зерттеулер нәтижесін әлеуметтік ортамен жақындастырды, һәм байланыстырды.
Статистиканың басты мақсатының бір болып табылатын, қоғамды әралуан сандық мәліметтермен қамтамасыз етуді іске асыру үшін, қазіргі уақытта кең мүмкіншілік ашылып отыр. Электрон есептегіш машиналарды пайдалану арқылы, бұрын мүмкін бола бермейтін белгілі бір құбылыс туралы жан-жақты статистикалық мәліметтерді шығаруға және таратуға болады. Бұл, әсіресе, криминологиялық және құқықтық ғылымдардың базасын күшейтуге, сондай-ақ құқық бұзушылықпен күрес жолындағы құқық қорғау органдарының қызметін тиімді жүргізуге жағдай жасайды.
Статистикалық қызметті, оның ішінде құқықтық статистиканы бірнеше деңгейде ұғынып және сондай деңгейлердегі зерттеулер, жұмыстар жүргізуге болады. Бұл оқулықта құқық қорғау оргнадарының қызметкерлері және ғылыми-зерттеу жүргізуімен айналысатын мамандар құқықтық статистика туралы жеткілікті деңгейде білімді болуы үшін қажетті тақырыптар қамтылып, оларға түсіндірме беріліп, талқылау жасалды.
1. ҚР Азаматтық Кодексі
2. ҚР Қылмыстық Кодексі
3. Құқықтық статистика С.Әпенов Алматы “Жеті жарғы” 2004 ж.
4. ҚР статистика жөніндегі агенттігі. 2001 жылдың Қаңтар – Желтоқсан айларында ҚР жасалған қылмыстың жекелеген көрсеткіштері туралы.
5. Основы математической статистикий для психологов 1972 г. СуходольскийГ.В.
6. Юридическая статистика М. Юрист 1999. Лунеев В.В.
7. “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ҚР Заңы”
8. Правовая статистика М Юрист 2000. Савюк Л.К.
9. Преступност и правонарушения (1991-1995 ) Статистический сборник 1996
10. Методологические и методические вопросы изучения и профилактики преступлении в крупных городах . М. 1979 г.
11. Об оценке степени общественной опасностий преступлении Хан-Магомедов Д. 1972 г.
12. Советская судебная статистика М. 1976 г. Остроумов С.С.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 109 бет
Таңдаулыға:   
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Құқықтық статистика негіздері пәні бойынша

050301 “Заңтану” мамандығының суденттері үшін әзірленген.

Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Типтік бағдарламаның индексі:

Оқу - әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған

№ Хаттама “ ”
2007 ж
Кафедра меңгерушісі

Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ Хаттама “ ”
2007 ж
Әдістемелік кеңесінің төрағасы

Мазмұны

1. Абстракт
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
2. Жалпы мәліметтер
3. Курстың мақсаты мен
міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. ... ... ... .
4. Курстың пререквизиттері,
постреквизиттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
5. Жұмыс оқу Жоспар:ынан көшірме
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6. Оқу сабақтарының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7. Студентке арналған ережелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
8. Оқу сағаттарының кридитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9. Лекция сабақтарының мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
10. Семинар сабақтарының
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .
11. СӨЖ-жоспары.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
12. ОБСӨЖ-сабақтарының
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
13. Студенттердің білімін бақылау түрлері: ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
а) бақылау сұрақтары
б) жазбаша бақылау жұмысы
в) тест сұрақтары
14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік
бақылау жүйесі.. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..
15. Пән бойынша оқу процесінің картасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. АБСТРАКТ
Оқу әдістемелік кешені “Құқықтық статистика негіздері” пәні
бойынша 050301 “Заңтану” мамандығының суденттеріне осы курс бойынша
оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық
қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік
технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре
отырып, пәнді меңгеру процесінде студентке білімін, машықтануын және
біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар
көрсетілген; ПС-практикалық сабақтар.
ОБСӨЖ оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ-
студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқыту бағдарламасы (Syiiabys), семестрдің басында әрбір студентке
беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының
артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі
дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты
қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына
негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пјнді толықтай меңгеру
үшін студент ұсынылған јдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп
жјне өзіндік жұмысынан барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан
тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.
Тестік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пјн бойынша
өз білімдерін тексеруге және рейтінгтік бақылауды тапсыруға, сынақ
емтиханды алуға арналған.

2. Жалпы мӘліметтер

Оқытушы Қуандықова К.Ж.
“Құқық” кафедрасы №1 корпус, 1-этаж, 102-кабинет
Телефон: -203
Кафедрада болу уақыты: 8.00 – 18.00

Өткізу уақыты және орны

№ Аты-жөні Сабақты өткізу, орны Байланыстырушы
мәлімет
Аудиториялық СӨЖ
сабақтар
1 Қуандықова Клара Уақыты ______ Уақыты ______ Тел: ___
Жақсыбайқызы Ауд _________ Ауд __________ ____
Каб:______
_
Корпус:______
_

3. пӘнді оқытудың мақсаты

Қоғамның назар аударатын бір саласы, ол заңдармен қорғалатын және
шешілетін қоғамдық қатынастардың жай-күйі болып табылады. Мемлекет, қоғам
үшін немесе қазіргі заманғы азамат үшін аса қажетті болып саналатын әр
түрлі қоғамдық қатынастарға кейбір адамдар тарапынан қарсы іс-әрекеттер
жасау кездеседі. Бұл құқық бұзушылықтардың түрлері (қылмыстық, әкімшілік,
азаматтық құқықтық) және олардың ауырлық деңгейі, сонымен қатар ол құқық
бұзушылықтар туралы жан-жақты сандық мәліметтер дайындау қажеттілігі
туындайды.
Құқықтық статистика өмір шындығын нақты білдіре алатын қызмет
болғандықтан, яғни қоғамның жақсы жақтарының дамуымен қатар, оның жағымсыз
тұстарының да қарқынын көрсете алатындықтан, мемлекет ол статистикалық
мәліметтерді пайдаланып, тиісті шаралар қолданады.
Статистикалық мәліметтер ашық және жариялы болуы керек. Кеңес үкіметі
кезеңінде кейбір құқықтық статистикалық мәліметтер құпия ретінде бағаланып,
жарияланбады. Қылмыстылық, қылмыскердің қайталануы (рецидив) тәрізді сандық
мәліметтер құпия ұсталды. Себебі мұндай статистикалық материалдар сол
кездегі социалистік қоғамды масқаралайтын, Кеңес үкіметі орнаған елде болуы
тиіс жағдай-күйге қайшы келетін мәліметтер еді. Құқықтық статистикалық
мәліметтердің мұндай құпиялығы 1990 жылдардың басжағында елді
демократияландыру, жариялық процесінің нәтижелерінде алынды. Соның
нәтижесінде халық өзі өмір сүріп отырған қоғамның шын бет-бейнесін анық
көріп қана қойған жоқ, сонымен бірге құқықтық ғылымдар бойынша жүргізілген
зерттеулер де тиісті статистикалық мәліметтерді пайдаланып, ғылым жағындағы
зерттеулер нәтижесін әлеуметтік ортамен жақындастырды, һәм
байланыстырды.
Статистиканың басты мақсатының бір болып табылатын, қоғамды әралуан
сандық мәліметтермен қамтамасыз етуді іске асыру үшін, қазіргі уақытта кең
мүмкіншілік ашылып отыр. Электрон есептегіш машиналарды пайдалану арқылы,
бұрын мүмкін бола бермейтін белгілі бір құбылыс туралы жан-жақты
статистикалық мәліметтерді шығаруға және таратуға болады. Бұл, әсіресе,
криминологиялық және құқықтық ғылымдардың базасын күшейтуге, сондай-ақ
құқық бұзушылықпен күрес жолындағы құқық қорғау органдарының қызметін
тиімді жүргізуге жағдай жасайды.
Статистикалық қызметті, оның ішінде құқықтық статистиканы бірнеше
деңгейде ұғынып және сондай деңгейлердегі зерттеулер, жұмыстар жүргізуге
болады. Бұл оқулықта құқық қорғау оргнадарының қызметкерлері және ғылыми-
зерттеу жүргізуімен айналысатын мамандар құқықтық статистика туралы
жеткілікті деңгейде білімді болуы үшін қажетті тақырыптар қамтылып, оларға
түсіндірме беріліп, талқылау жасалды.

4. Курстың пререквизиттері жӘне постреквизиттері
№ Пререквизиттер (Пәннің алдында Постреквизиттер, (пәнен кейін
міндетті түрде игерілуге өтілетін, осы пәнге сүйенетін
қажетті пәндер). пәндер)
1 Мемлекет және құқық теориясы Қылмыстық құқық
2 ҚР-ның Конституциялық құқығы. Қылмыстық іс жүргізу құқығы.
3 Азаматтық құқық Криминология
4 Рим құқығы Қаржылық құқық

5. Жұмыс оқу жоспарынан кӨшірме
№ Оқу жүктемесінің жалпы көлемі. Курстық Қорытын
Кредит жұмыс ды
саны бақылау
Апта Жалпы Соның ішінде
саны сағ
саны

Лекция Семинар СӨЖ ОБСӨЖ
1 Статистиканың ұғымы мен 1 1 1
мақсаттары.
2 Статистиканың әдістерінің 1 1 1
ерекшеліктері
3 Статистикалық жұмыстарды басқару 1 1 1
және оның міндеттері
4 Құқықтық статистика –құқықтық 1 1 1
қызметтің бір түрі ретінде.
5 Құқықтық статистиканың салалары 1 1 1
6 Құқықтық статистиканың өзге 1 1 1
ғылымдармен байланысы
7 Көп сандар заңы және ықтималдықтар1 1 1
теориясы туралы ұғым
8 Статистикалық 1 1 1
бақылау-статистикалық әдістің бір
түрі ретінде
9 Статистикалық бақылау жоспары және1 1 1
оның құрамы
10 Статистикалық бақылауды 1 1 1
ұйымдастыру және оның негізгі
құрамдары
11 Алғашқы есепке алу құжаттарының 1 1 1
ұғымы мен түрлері
12 Құқық қорғау органдарының есеп 1 1 1
беруі және статистикалық бақылау
мәліметтерінің сенімділігі
13 Статистикалық материалдарды 1 1 1
жинақтау және топтастыру
14 Статистикалық топтастырудың 1 1 1
түрлері және бөлу қатарлары
15 Статистикалық кестелер және 1 1 1
статистикалық мәліметтерді
графиктік тәсілмен бейнелеу
16 Абсолюттік және қатыстық шамалар. 1 1 1
17 Жиынтық құрылымын және динамиканы 1 1 1
сипаттайтын қатыстық шама
18 Жоспардың орындалуын, салыстыруды 1 1 1
және координацияны сипаттайтын
қатыстық шамалар
19 Орта шамалар және оларды құқықтық 1 1 1
статистикада қолдану
20 Орта арифметикалық және орта 1 1 1
геометриялық шамала
21 Орта прогессивтік және орта 1 1 1
гармониялық шамала
22 Іріктелген бақылау және оны 1 1 1
құқықтық статистикада қолдану
23 Іріктелген бақылаудың қатесін және1 1 1
іріктеуге жататын жиынтықтың
көлемін анықтау
24 Іріктелген бақылаудың бірліктерін 1 1 1
таңдау
25 Индекстер. 1 1 1
26 Динамикалық қатарлар 1 1 1
27 Динамикалық қатарларды қайта құру 1 1 1
28 Құбылыстардың өзара байланысын 1 1 1
статистикалық анықтау.
29 Статистикалық талдау және оны 1 1 1
құқықтық статистикада қолдану
30 Құқықтық статистикалық 1 1 1
мәліметтерді талдаудың негізгі
обьектілері
Барлығы : 30 30 30

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Экономика және құқық” факультеті

“Құқық” кафедрасы

“Құқықтық статистика негіздері” пәні бойынша
050301 “Заңтану” мамандығының студенттері үшін

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай 2007 ж.

9. лекция сабақтары

Тақырып І.

Статистиканың ұғымы мен мақсаттары.

(1 сағат)

Жоспар:

1. Статистиканың ұғымы және оның салалары
2. Статистиканың пәні және міндеттері

Лекцияның мәтіні:

“Статистика” ұғымы XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болып,
алғаш рет Германия университетінде пән ретінде қолданылды. Ол кездерде
статистика - мемлекетті сипаттайтын, оның ішінде мемлекеттің
жетістіктерін, ерекшеліктерін көрсететін таным ретінде бағалаған еді .
Жалпы, “статистика” ұғымы латын тілінің “Status” деген сөзінен шығып,
белгілі бір заттардың жағдайы, күйі легенді білдіреді. Бұл сөздің түбірінен
алынған “Stato” деген сөз “мемлекет” дегене ұғымды білдіреді.
Қазіргі кезде статистика белгілі бір қоғамдық құбылыстың сандық жағын
білдіретін таным ретінде қолданылады. Статистиканың мұндай мағынада
қолданылуын, ерте уақыттармен байланыстыруға болады. Ерте кездердің өзінде-
ақ, көптеген патшалықтарда нақты құбылыстардың санын білу туралы
қажеттілік болған. Мысалы патшалықтағы халықтың, әскердің саны, егін
түсімінің көлемі тәрізді т.б. әдеттегі құбылыстардың санын білу.
Кез келген мемлекет өзінің басты міндеттерінің бірі ретінде, өз
аумағындағы барлық қозғалысты, өмір тіршілігін бақылап отыруды көздейді. Ол
бақылау – сол мемлекет қоғамындағы барлық салаларға таралады. Нәтижесінде,
мемлекет мүддесіне сәйкес келетін немесе сәйкес келемейтін кейбір
жағдайлардың беті ашылады. Мысалы, бұрынғы уақыттармен салыстырғанда
қылмыстылықтың көп тіркелуі, мемлекетке бұл орайда тиісті шараларды
қолдануға негіз болады.
Статистика – тек қана қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейтін
таным болып табылады. Қоғамдық құбылыстар ретінде, белгілі бір уақыттарда
пайда болатын және белгілі бір уақыттарға дейін өмір сүре алатын
болмыстарды түсінуіміз керек. Қоғамдық құбылыстар қоғамдағы қозғалысты
білдіретін, ал кейбір түрлері бойынша қоғамды дамытуға немесе әлсіретуге
себепші болатын болмыстардан құралады. Қоғамдық құбылыстарға халықтың өсуі
немес олардың олардың арасындағы өлімнің деңгейі, өрт, көлік апаттары,
жұмысшылардың еңбек өнімділігінің деңгейі т.б. жатады. Міне осы тәріздес
қоғамдық құбылыстардың ішіндегі елеулі, маңызды деген түрлерінің саны
мемлекетті немесе халықты қызықтыруы мүмкін. Қоғамдық құбылыстар тек
белгілі бір қоғамды ортада, яғни қоғам бар жерде ғана кездесе алады. Қоғам
болу үшін, ол жерде ол қозғалысқа итермелейтін қоғам мүшелері яғни жан-
жақты болып көріне алатын адамдар немесе субьектілер тобы болуы керек.
Қоғамдық орта жоқ жерде қоғамдық құбылыстар пайда бола алмайды. Әйтсе де,
статистиканы адамның қатысуы болған жерлерде ғана қолданылады екен деп
түсінуге болмайды. Статистика- табиғат көзінің бір түрі ретінде деп санауға
болатын жан-жануарлардың да сандық жағын өз зерттеуінің обьектісі ретінде
ала алады. Сонымен, статистика – ең алдымен қоғамдық құбылыстарды, оның
сандық жағын зерттейді деп түсіну керек. Егер белгілі бір құбылыс қоғамдық
құбылыс ретінде бағаланбаса немесе қоғамдық құбылыстың қатарына жатпаса,
ондай құбылыстар статистиканың зерттеу обьектісіне жатпайды.
Статистика – қоғамдық құбылыстың мағынасын, мәнін, яғни түсінігін
зерттейтін таным саласы емес. Кез келген қоғамдық құбылыстың түсінігін,
мәнін, яғни түсінігін зерттейтін таным саласы емес. Кез келген қоғамдық
құбылыстың түсінігін, мәнін, мазмұнын ашуға, оны зерттеуге болады. Бірақ
бұл статистикада емес, сол құбылыстың түрін арнайы зерттейтін ғылымда
жүргізілетін жұмыс. Мысалы, экономикалық құбылыстардың түрлері, олардың
түсінігі, экономика немесе оған ұқсас таным түрлерінде ашылады. Немесе
қылмыс деген ұғымның не екенін, оның түсінігін, қылмыстың түрлерін
қылмыстық құқық ашады. Яғни статистика қоғамдық құбылыстар түрлерінің
мағынасын ашумен айналыспай, бірден дайын түсінікті қолданады.
Статистика қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейді дедік. Әрбір
қоғамдық құбылыс белгілі бір уақытта белгілі бір аумақта өз себептеріне
қарай пайда болатындықтан, олардың саны болады. Мысалы, перзентханада бір
адам дүниеге келді десек, бұл құбылыстың саны біреу, ал бір күнде он сәби
дүниеге келді десек, бұл құбылыстың 10 болады. Статистика осындай
құбылыстардың санын ала отырып, оларды осы ғылымда белгіленген әртүрлі
есептеу тәсілдеріне алады. Әр түрлі есептеу тәсілдеріне алу дегеніміз,
статистиканың қызмет көрінісі болып саналатын, қоғамдық құбылыстардың
сандық жағын зерттеу болып табылады. Қоғамдық құбылыстардың сандық жағын
зерттеу - статистиканың өзіне ғана тән, тек осы ғылым саласында ғана
кездесе алатын негізгі қызметі деп түсіну керек.
Статистика – қоғамдық құбылыстардың сандық жағын белгілі бір уақытқа
және кеңістікке (аумаққа) қарай зерттейді дедік. Бұл сөздің мағынасын
мынандай қарапайым мағында түсінуіміз керек. Зерттеуге алынатын құбылыстың
түрі қоғамдық құбылысқа жататындықтан, ол құбылыстар белгілі бір уақытта
және кеңістікте ғана пайда бола алады. Кез-келген пайда болған құбылыс
белгілі бір уақыттың, яғни белгілі бір жылдың, айдың, күннің еншісіне
жатады. Мысалы өрт оқиғасы болғанда, ол нақты бір күндері ғана пайда бола
алады. Сол болған өрт уақиғасы кейінгі статистикалық мәліметтерде белгілі
бір айдың , жылдың көрсеткішіне кіреді. Сондай-ақ кез келген қоғамдық
құбылыс белгілі бір аумақта жасалады. Жоғарыда келтіріліп отырған өрт
уақиғасы аумағы бойынша белгілі бір облыстың, ауданның жерінде ғана бола
алады және сол жердегі осындай уақиғаның санын білдіреді.
Статистикалық есепке, зерттеуге алынатын құбылыстардың санын қашан да
көптеп кездеседі. Себебі, ол құбылыстар сол қоғам үшін үйреншікті, кең
таралған, кездесуге мүмкіншілігі бар құбылыстар болып саналады. Егер ол
құбылыстың сол ортада пайда болуға мүмкіншілігі елеулі болса, онда ол
құбылыстың саны ай, жыл соңында жүздеп, мыңдап саналады. Демек,
статистикалық зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар қоғамға кең таралған,
жаппай кездесетін құбылыстар болуы керек. Мысалы, адамдардың дәрігерлік
көмек шақыртуы, құқық бұзушылықтың жасалуы, халықтың еңбекке тартылуы т.б.
Құбылыстың “жаппай таралған” деп танылуы, ол құбылыстың қоғамдағы
тұрақтылығын білдіреді. Сол тұрақтылығының арқасына ол құбылыстар жиі-жиі
пайда болып, саны елеулі түрде кездеседі.
Статистикалық есепке, тек саны өзгермелі, яғни үнемі өз ішкі
себептеріне қарай пайда болатын құбылыстар алынады. Егер белгілі бір
құбылытың саны ешқашан өзгермейтін болса, онда ондай құбылыстардың саны көп
болғанның өзінде статистикалық есепке де, оның зерттеуіне де алынбайды.
Мысалы, белгілі бір құбылыстың саны бұрынғы жылы 100, биылғы жылы да 100,
кейінгі жылы да 100 болып тіркеле беретініне толық сенім болса, яғни саны
ешқашан өзгермейтін құбылыс ретінде бағаланса, мұндай жерде статистика
керек емес. Себебі ондай құбылыстардың қоғамдық құбылыстарға да, жаппай
кездесетін құбылыстарға жатпайды. Мысалы планетаның, жер материктерінің,
аралдардың саны өзгермейді. Мұндай болмыстардың сандық жағын зерттейтін
ештеңе де жоқ. Осы жүргізілген тұжырымдардан статистиканың түсінігі былай
анықталады.
Статистика дегеніміз қоғамдық өзгермелі құбылыстардың сандық жағын
(сапасымен байланыстыра отырып) арнайы тәсілдерді қолдану арқылы зерттеп,
олардың сандық жағын бейнелейтін және сандық жағындағы заңдылықтарды ашатын
ғылым саласы болып табылады.
Келтіріліп отырған анықтамадан статистиканы қарапайым және күрделі
мағыналарда түсінуге болады. Қарапайым немесе тар мағынада, статистика –
қоғамға кең таралған қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейтін таным
түрі болып табылады. Ал күрделі немесе кең мағынада статистика – кез келген
салака жататын қоғамдық құбылыстарды бір жиынтыққа жатқызып, арнайы
белгіленген әдістерді қолдана отырып, олардың сандық жағындағы
заңдылықтарды ашатын таным немесе ғылым саласы болып саналады. “Сандық
жағындағы заңдылықтарды ашу” деген ұғым – белгілі бір құбылыстардың сандық
мәліметін келтіру арқылы, ол құбылыстың өзіне тікелей қатысты қоғамдық
құбылыстармен өзара байланыста болуын және сол әсер етуші құбылыстарға
қарай оның сандық жағында тиісті өзгерістер болуын білдіреді. Мысалы,
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мемелкет тарапынан әлсіз жүргізілгенде,
оның үстіне экономикалық дағдарыс орын алған жағдайда, ол қоғамда
қылмыстылықтың орын алу қисынды жайт. Мысалы, Қазақстанда қылмыстылықтың ең
қарқын алуы 1993 жылы байқалды, 1992 жылы 200873 қылмыс тіркелсе, 1993 жылы
206006, ал 10994 жылы 201796 қылмыс тіркелген. Бұл цифрлар қоғамның сол
кездердегі бейнесін көрсетеді. 1993 жылдарға дейін Қазақстанда экономикалық
дағдарыстың орын алуына байланысты, 1991 жылдардан бастап қылмыстылық үнемі
өсті. Ал 1993 жылдардан бастап, бұл салада мемелкеттің арнайы норматив тік
актілер қабылдауына, арнайы шаралар жүргізуіне байланысты, кейінгі жылдары
қылмыстылық азая бастады. Статистикада қоғамдық құбылыстардың сандық
жағындағы бірнеше заңдылықтар түрлері ашылады.
Статистика қазіргі кезде екі түрлі мағында қолданылады. Бұл екі
мағына статистиканың атқаратын негізгі қызметін білдіреді. Статистика
біріншіден есеп жүргізу ретінде қолданылса, екіншіден ғылым ретінде
қолданылады. Статистика өзінің бастапқы кезеңінде есеп ретіәнде
қолданылған, яғни мемлекеттердің ішіндегі әр түрлі қоғамдық болмыстардың
сандық мәліметін анықтау мақсатында пайда болған және қазіргі кезде де
статистика негізінен осы мақсатты іске асыру бағытында басым қолданылады.
Егер статистика қоғамдық құбылыстардың белгілі бір уақытқа және аумағына
қарай есебін жүргізу ретінде қолданылмаса, онда ол ғылым ретінде ғана емес,
тіпті өмір сүрмеген де болар еді. Мемлекет өз аумағындағы барлық салака
есеп жүргізеді және сол есептің көрсеткіштеріне қарай ол салаларға
байланысты алдағы міндеттерін анықтап, сол құбылыстың нәтижесі туралы
салалары тәрізді, қажеттіліктен пайда болған. Сондықтан статистиканың
тарихы көптеген ғасырларды қамтиды және ерте заңдарда-ақ өзінің өмір сүру
нышанын байқатқан.
Статистиканың жалпы теориясы салалық статистикалардың ғылыи
негізінде жетекшілік роль атқарады. Яғни статистиканың салалары бойынша
қызмет істейтін адамдар статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін,
біріншіден өз мамандықтарын меңгерген қызметкерлер болуы керек.
Статистиканың жалпы теориясы статистика ғылымының ұғымдарын
(статистикалық белгілердің түсінігі, түрлері, көрсеткіш, вариация,
заңдылықтар терминдерін анықтап, түсіндіреді) және статистикалық зерттеу
жұмыстарының әдістерін, сондай-ақ статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу
кезінде міндетті түрде қолданылатын бақылау, мәліметтерді жинақтау және
топтастыру, оларға талдау жасаудың негізгі түрлерін қарастырып, үлгі
ретінде ұсынады.

Әрбір таным саласының зерттейтін обьектісі және оларды зерттеу
әдістері мен құралдары болады. Танымдар өзара осы зерттеу обьектісіне,
әдістеріне, міндеттеріне, қағидаларына қарай ажыратылады. Әрбір ғылымның
пәні осы аталған жағдайларға қарай өзіндік ерекшеліктерге ие болып,
нәтижесінде жеке дара өмір сүру мүмкіншілігіне ие болады. Бұл ғылымды да
қарастыру алдында, оның зерттеу обьектісін және тиісті зерттеуін іске асыру
үшін қандай әдістер қолданантынын анықтау керек. Аталған жағдайлардың толық
түсінігін осы пәнді толық қарастырғанда, меңгергенде ашуға болады. Сондай-
ақ статистиканың пәні статистикалық зерттеуге алынатын заттармен, яғни
қоғамдық құбылыстардың ерекшелігін анықтаумен ғана емес, осы ғылым
саласының мазмұнында қарастырылатын әртүрлі әдістермен, ол әдістерді іске
асыру құралдарымен қарастырумен анықталады. Статистикалық зерттеудің заты -
әлеуметтік қоғамдық жаппай құбылыстардың сандық жағы болып табылады. Осы
критерийге қарай статистиканың салалары пайда болып және барлық статистика
салаларына ортақ болып келетін міндеттер мен мақсаттарды орындайды. Ал
статистика пәні деген ұғымды ашу үшін, қойылатын міндеттерді іске асыру
жолында қолданылуға, іске асырылуға тиісті барлық жұмыстардың мағынасын,
көлемін анықтау керек. Яғни статистиканың пәнін осы ғылымда толық
қарастыру, оқу кезінде ашуға болады.
Статистика пәні құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте
пайда болуына қарай есепке алуды оларды толық көлемде, яғни сол құбылыс
түріне жататын барлық уақиғаларды қамтуды мақсат етеді. Мұндай жаппай қамту
– статистикалық зерттеулердің нәтижелі, дұрыс жүргізілуіне байланысты ғана
емес, ол бұл пәннің өз ғылымын, қоғам қажеттілігі алдындағы міндетін дұрыс
атқаруына байланысты. Демек, статистика пәні қоғамдық құбылыстарды жекеше
зерттемейді, ол оларды толық көлемде қамтып, бір топқа, жиынтыққа жатқызып
барып қана олардың сандық жағының ерекшеліктеріне мән береді. Қоғамдық
құбылыстарды жекеше зерттеу, ол статистикалық емес сол құбылыстың
түсінігін, түрін, мағынасын ашуға ұмтылуды, яғни өзге ғылымдар салаларының
қызметін білдіреді. Ал, қоғамдық құбылыстарды жекеше алып, олардың сандық
жағын зерттеуде ешқандай мағына жоқ және ол статистиканы да, басқа ғылымды
да білдіре алмайды.
Статистика пәні қоғамдық құбылыстарды, процестерді сандық жағы
бойынша бір жиынтыққа алғанда, кейінгі өзінің зерттеуін мәнді, мағыналы,
дұрыс орындау үшін, олардың әр түрлі белгілерін қамти отырып алады. Ол
белгілер құбылыс үшін ерекше мағыналы, яғни сол құбылыс түріне ғана тән
белгілер бола алады, сонымен қатар сол құбылысқа тікелей тән болмаса да оны
қосымша тұрғыда сипаттай алатын белгілер болады. Мысалы демографиялық
статистикада адамның ұлты, жынысы, денсаулығы; құқықтық статистикада
жасалған құқық бұзушылықтың түрі, кінә нысаны, адамның жасы, мамандығы т.б.
белгілер. Статистикада осы тәріздес бір жиынтықтың өзінен, әрі қарай ол
құбылысты сипаттайтын белгілеріне қарай, жиынтықтың жүйесі пайда болады.
Статистикалық зерттеулерде бастапқы жиынтықты әр түрлі белгілеріне қарай
топтастыру арқылы, барынша көп кездескен белгінің сол құбылысқа әсер ету
себептілі, ол белгінің ролі анықталады.
Статистика пәні әлеуметтік – қоғамдық құбылыстардың жалпы санын,
олардың құрылысы туралы мәліметтерді ашып беруді ғана көздемейді, сондай –
ақ статистика пәні – алғашқы қарағанда тек кездейсоқтық ретінде бағалауға
болатын құбылыстардың сандық жағының кездейсоқтық емес, заңдылық екенін
немесе ол сандық мәліметтердің көлемі дұрысқа келетінін анықтайтын және
кейбір қоғамдық құбылыстардың даму қарқыны мен заңдылығын ашып көрсете
алатын пән. Статистиканың пәнінде аталған жайттарды ашып көрсетуге қажетті,
тек осы салада ғана кездесе алатын әдістерді анықтау, оларды жетілдіру де
қарастырылады. Әлеуметтік құбылыстар туралы бір тектес статистикалық
жиынтықтарды дайындау – статистика пәнінің негізгі міндеті емес, бұл
жиынтықтар қоғамның жан-жақты сұраныс талабын қанағаттандыра алатындай
қызмет көрсету жолындағы алғашқы қадамдарының бірі болып табылады.
Статистика мұндай бастапқы мәліметтердің ішкі құрылысына көңіл бөліп,
жиынтық жүйесінің, яғни оның құрамының сандық мәліметін анықтап беруді
ескереді.
Сонымен статистика пәні мынандай анықтамамен сипатталады.
Статистика пәні дегеніміз, біртектес әлеуметтік-қоғамдық
құбылыстарды, уақиғаларды белгілі бір уақытқа және орнына қарай арнайы
құралдармен, әдістермен сандық жағынан зерттейтін және зерттеуге алынған
құбылыстардың құрылымын ашатын, көрсеткіштерін талдайтын, олардың сандық
жағындағы заңдылықтарды, шындықты ашатын қоғамдық ғылымдардың бір саласы
болып табылады.
Статистиканың мақсаты әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағын
нақты уақытын және аумағына қарай тіркеуге алып, ол мәліметтермен халықты
қамтамасыз ету және зерттеуге алынған құбылыстардың сандық жағындағы тиісті
заңдылықтарды ашып беру болып табылады. Бұл екі мақсатты іске асыру
барысында статистика осы ғылым саласының міндеттері болып табылатын тиісті
құралдарды, әдістерді қолданады, әрі оны жетілдірудің жолдарын қарастырады.

Жалпы, статистиканың мақсаттары, қоғамдық құбылыстардың сандық
жағындағы заңдылықтардың пайда болуының себептерін және қоғамдағы атқаратын
негізгі қызметтерін білдіреді немесе қоғамның осы саладағы қажеттіліктерін
қанағаттандыруды көздейді.

Тақырып ІІ.

Статистиканың әдістерінің ерекшеліктері

(1 сағат)

Жоспар:

1. Статистикалық әдістер ұғымы
2. Статистиканың әдістемелері

Лекцияның мәтіні:

Әрбір ғылымының өз зерттеуін, танымдық қызметін іске асыру жолында
қолданатын және тек осы салаға ғана тән болып саналатын белгілі бір әдістер
болады. Мысалы, қылмыстық құқықтың негізгі мақсаты қылмыс болып табылатын
қылмыстық құрамдарды ашу болса, оны іске асыру жолындағы әдісі ретінде, ол
құрамдардың обьективтік және субьективтік жақтарына құқықтық талдау жасауды
қолданады. Осындай қызметті атқару арқылы қылмыстық құқық пән, ғылым
ретіндегі мақсатын іске асырады. Демек, әдіс ретінде, тиісті танымды
жүргізу үшін қолданылатын құралдарды, амалдарды түсінуіміз керек. Танымды
іске асыру мақсатында белгіленген әдістер қаншалықты дұрыс болса, ол таным
саласы соншалықты ғылым ретіндегі міндетін сапалы, әрі тиімді іске асыра
алады.
Статисканың әдістері де әлеуметтік қөоғамдық құбылыстарды өмірдегі
оның шындығына сәйкес тұрғыдан тануға бағытталған және соған жол сілтейді.

Статистикалық әдістерді қолдану арқылы зерттеу жүргізу, ол қоғамдық
құбылыстарды уақиғаларды жаппай, яғни санын барынша көбірек қамти отырып
зерттеуді білдіреді. Сондықтан статистикалық зерттеудің әдістері бұл пәнді
қарастыру барысында жиі кездеседі немесе статистикалық жұмыстың барлық
түрінде кездесуіне байланысты, үнемі қолданыста болады.
Статистиканың әдістері, зерттелуге жататын әлеуметтік құбылыстарды
жиынтық түрінде алып зерттеуді көздейді. Бұл статистиканың мақсатымен ғана
емес, оның пәнімен де сабақтас келеді. Өйткені, статистика құбылыстарды
жекеше зерттеуде өз мақсатына жете алмайтын таным түрі болып табылады.
Бірақ статистиканы ғылым ретінде тани отырып, оның ғылыми міндетін іске
асыру үшін қолданылатын әдістермен бірдей бағалауға болмайды. Ғылым ретінде
әрбір таным түрі белгілі бір мақсаттарға жетуді көздейді. Бұған әдістердің
тікелей қатысы жоқ. Ал сол мақсаттарға жету үшін белгілі бір әдіс, тәсіл,
құралдарды қарастыру, бұл ғылымның міндетіне емес, оның мазмұнына жатады.
Әдістерді ғылымның мақсаты, міндеттері мен бірдей бағалау дұрыс болмайды.
Мақсат, міндет бірінші орында ескерілсе, оған жету үшін қолданатын әдістер
келесі орындарда тұрады немесе жоғарыда келтірілгендей ғылымның
міндеттерінің бір бөлігін ғана иелене алады.
Әлеуметтік-қоғамдық құбылыстың белгілі бір уақыттағы және аумақтағы
құрылымын анықтау үшін, сол зерттеуге алынған құбылыстың өзінде болатын
белгілерді анықтау керек болады. Ол белгілер түрі, көлемі тағы басқа
ерекшеліктері бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, халық санағын
жүргізгенде әрбір адамның жынысына, ұлтына, жасына, еңбекке тартылғандығына
көңіл бөліп, оларды тиісті құжаттарға көрсетуге болады. Мұндай белгілер
жиынтыққа жатады. Әрбір жеке адамда міндетті түрде болады. Халық санағын
жүргізгеннен кейін халықты жасына, жынысына , ұлтына қарай топтастыруға
болады. Бұл жиынтықтың құрылымын білдіреді. Ал жиынтық құрылымының шын
мәнінде бар екенін аталған белгілерден байқауға болады. Әрбір адамның
жынысы, ұлты, кәсібі міндетті түрде болады. Құбылысты жаппай бақылағаннан
кейін ғана топтастыруды жүргізуге болады және топтастыру жұмысында тек
өмірден бар белгілер ескерілетінін жоғарыдағы мысалдан байқадық осындай
жұмыстар, әдістер орындалғаннан кейін ғана, осы сандық мәліметтерді, әрі
қарай әртүрлі жадайларды анықтау мақсатында математикалық есептеулерге
салуға болады. Мысалы, әрбір мың адамға шаққанға қанша жұмыссыз адамнан
келетінін әйелдер мен ер адамның бір-бірінен қанша есе аз немес көп екенін
анықтау.
Демек, статистиканың әдістері дегеніміз, әлеуметтік – қоғамдық
құбылыстардың сандық жағы туралы қорытылған, қойылған мақсатқа сәйкес
сандық көрсеткіштерді алу үшін, міндетті түрде жүргізілетін осы саладағы
ерекше қызмет жүйесі болып табылады.
Жоғарыда келтірілген мысалдан статистикалық зерттеу жұмыстары үш түрлі
жүйеден құралатынын аңғартуға болады. Олар:
1. Жаппай бақылау.
2. Мәліметтерді жинақтау және топтастыру.
3. Топтастырылған немесе өңделген мәліметтердің көрсеткіштеріне талдау
жүргізу.
Бұл әдістердің толық түсінігі, оларды іске асыру үшін орындалатын
жұмыстардың түрлері, қойылатын талаптар тағы басқа маңызды мәселелері
алдағы тарауларда жеке-жеке қарастырылады.
Кез-келген әлеуметтік қоғамдық құбылыстардың сандық жағын статистикада
белгіленген талаптарға сай зерттегенде бұл әдістердің ешқайсысын қалдырып
кетуге болмайды. Аталған әдістерді қалдырып кету зерттеудің сапалы
нәтижесіне жеткізе алмайды, яғни бір әдісті қолданбай тұрып келесі әдісті
қолдану мүмкін емес. Мысалы, Қазақстан Республикасында 2000 жылы 150720
қылмыс тіркелсе бұл санды әртүрлі белгілер қолданып топтастырмай тұрып әрі
қарай жан-жақты талдауға ала алмаймыз. Бұл санды тек өткен жылдағы
қылмыстылықтың жалпы санымен ғана салыстыруға болады. Бірақ осы 150790
қылмыстың өзінде құқықтық әлеуметтік, демографиялық белгілерге қарай,
көптеген ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктерді анықтау үшін алдымен сол
белгілерге қарай топтастыру керек. Одан кейін ғана әртүрлі талдау әдістерін
қолданып мұндағы жекелеген қылмыстар түрлерінің осы жиынтықтағы үлес
салмағын қылмыстылықтың коэффициенттерін тағы басқа мәліметтерді ашуға
болады. Яғни статистикалық әдістер барлық уақытта белгіленген кезектілік
тәртібімен қолданылады, және сонда ғана нәтижелі сапалы, дұрыс
ұйымдастырылған жұмысты білдіреді.
Келесі жайт, статистикалық әдістердің барлық уақытта біртектес, бірдей
тәртіппен жүргізілетіндігінде. Бұл әдістер барлық статистикалық зерттеулер
үшін ортақ әрі міндетті әдістер болып табылады. Жүргізіліп жатқан
статистикалық жұмыс қай салада болсын, ол құқық қорғау, денсаулық сақтау,
өндірістік салалар бойынша келтірілген әдістер кезектілігімен қолданылады.
Себебі, бұл әдістер қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттеуде
қолданатын ең тиімді әдістер болып табылдаы және бұл әдістер статистиканың
негізін білдіретін жалпы теорияда белгіленген.
Белгіленген әдістердің түгел қолданылуы ғана зерттелетін қоғамдық
құбылыстардың уақиғалардың жан-жақты сапалы талданғанын дұрыс зерттеудің
жүргізілгенін білдіреді.
Статистикалық әдістерді қолдану үшін, оның іске асырылуына жағдай
жасайтын әдістемелер белгіленеді.
Статистикалық әдістемелер ретінде, әлеуметтік қоғамдық құбылыстардың сандық
жағының құрылысындағы және ол құбылыстардың өзге құбылыстармен
байланысындағы заңдылықтарды ашуға қолданатын әдістерді іске асыру үшін
белгіленген тәсіл – құралдардың жүйесі алынады. Анығырақ айтқанда,
статистикалық әдістемелер белгіленген әдістерді іске асыратын құралдар
болып табылады.
Статистикалық әдістемелер – бұл ғылымның мақсатының бірі болып
табылатын, зерттеуден алынған сандық көрсеткіштің, өмір – шындығындағы
көрсеткішке сай келуін қамтамасыз етуіне бағытталған әрекеттерді білдіреді.
Бұл мақсаттағы әрекеттер, статистика әдістерінің мазмұнын қарайды және
аталған мақсатты іске асыруды жан-жақты болып кездеседі. Мысалы,
статистиканың бір әдісі болып табылатын бақылау әдісін, бақылауды
білдіретін әркеттер құрайды. Әрине, ол әрекеттер бұл бөлімде әдістемелер
ретінде бағаланғанымен, сол бақылау жұмысында ол әрекеттер нысан, түрлер,
тәсілдер деген ұғыммен кездеседі. Бақылауды іске асыратын әдістеме
ретінде қоғамдық құбылысты жинақтауға бағытталған, бір-біріне жекеше
жүргізілетін екі түрлі қызметті келтіруге болады. Яғни, статистикалық
бастапқы жиынтықты анықтау үшін бір салаларда төменгі лауазымды адамдардың
өзінен жоғары лауазымды адамдар алдында есеп беруі қолданылса, екінші
салаларда есеп беру емес, арнайы ұйымдастырылған бақылау жұмыс қолданылады.

Статистикалық әдістемелердің негізгі ерекшелігі, ол белгілі
уақытпен аумақта пайда болған зерттелуге жататын обьектілдердің сапалық
ерекшеліктерін қамти отырып, сандық талдау немесе зерттеулер жүргізу болып
табылады. Мұндай кезде математикалық есептеу тәсілдерін қолдану
статистикалық әдістемені іске асырудың бір құралы болып табылады.
Статистикалық талдау жұмысында қойылатын мақсатқа қарай, нақты
әдістемелерінің түрі қолданылады. Мысалы, біз белгілі құбылыстың орташа
дамуын анықтағымыз келсе онда статистикадағы орта шамалар деп аталған
үлгіні қолданамыз және сол тақырыпта келтірілген есептеу тәсілдерін
әдістеме ретінде қолдануымыз керек.

Тақырып ІІІ.

Статистикалық жұмыстарды басқару және оның міндеттері

(1 сағат)

Жоспар:

1. Қазақстан Республикасында статистикалық жұмыстарды басқару және оның
міндеттері
2. Статистика ғылымындағы арнайы ұғымдар

Лекцияның мәтіні:

Статистикалық жұмыстар қоғамдағы маңызды әлеуметтік қоғамдық
құбылыстарды мемлекет тарапынан бақылауға алу мақсатындла жүргілізіледі.
Мұндай, сандық жағын анықтау қажетті болып табылатын құбылыстар әр салалы,
құрылымы мен оны сипаттайтын белгілерде әртүрлі көлемде болуына байланысты,
олармен статистикалық жұмыстар жүргізуде күрделі болып келеді. Сондықтан
олардың қоғамдағы орнын, әсер етуші факторларын анықтауда қателіктер кетуі
әбден ықтимал. Осындай белгілі бір мемлекет аумағына таралып, оның кейін,
жағдайын бейнелейтін құбылыстар, сайып келгенде қоғамның мемлекеттің
бағасын деңгейін білдіреді. Сол себептен әлеуметтік экономикалық
құбылыстарды, уақиғаларды сандық жағынан есепке алып, оның ролін анықтау-
ең алдымен мемлекеттік жұмыс болып табылады және бір орталықтандырылған
қызмет түрі ретінде жүргізіледі. Бұл бір орталықтандырылған қызмет –
қоғамдық құбылыстарды сандық жағына есеп жүргізетін әртүрлі салалардағы
органдармен мекемелерге бақылау орнатып, оларға жетекшілік жасайды және
олардан түскен мәліметтерді тексеріп, өңдеп мемлекеттің шын жағдайын, күйін
анықтайды немесе ондай жағдайды, күйді білдіретін статистикалық
мәліметтермен қоғамды таныстырады. Мемлекет өзінің қоғамды бақылау
қызметін, әсіресе қазіргі кезде, яғни қоғамда экономикалық саяси реформа
жүргізілу кезінде күшейтуді көздейді. Себебі, бір қоғамнан екінші қоғамға
өту процессі жаңа қоғамдық қатынстарды, құбылыстарды тудыра алады және
ондай жаңа құбылыстардың көлемі, қоғамның дамуын немесе қоғамдағы зиянды
деп бағаланатын құбылыстардың қарқынын білдіреді.
Қазақстанда және оған таяу елдерде саяси-экономикалық өзгерістердің
орын алу, жаңа заңдардың шығып, қолдануына әкелді. Статистиканың негізгі
міндетінің бірі, ол қоғамның дамуынан қалмай, үнемі сол уақыттағы, сол
аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды шын бейнелеу болып табылады.
Соған сәйкес статистикада және салалалық статистикада өздерінің
әдітемелерін, ұйымдастырушылық жұмыстарын нақты қоғамдық жағдайды дұрыс
зерттеуге жарайтындай сапада реформалау, жаңарту үстінде. Мұндай жұмысты
тиімді іске асыру үшін, мемлекет 1997 жылғы 7 мамырда, “Мемлекеттік
статистика туралы” (2002 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып)
заң қабылдады. Аталған заң статитикалық қызметті мемлекеттік қызмет ретінде
тани отырып, мемлекеттік статистиканы барлық әкімшілік-аумақтық және
мемлекеттік құрылымдарда ортақ әдістемелер мен жоспарға сай жүргізілетін
бір тұтас жүйе ретінде таниды.
Мемлекеттік статистиканы бір орталықты жетекші орган түрінде жүргізу
үшін орталық атқарушы орган немесе өкілетті орган белгіленген және
жоғарыда аталған заңда ол органның құқықтары мен міндеттері белгіленген.
Барлық ведомствалық статистикалық жетекшілік жүргізетін өкілетті орган
ретінде, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі жұмыс
істейді.
Өкілетті органның құқықтарына мыналар жатады:
- статистикалық жұмыстың жоспары мен белгіленген көлемде және
мерзімдерде заңды ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінен
мемлекеттік статистикалық дұрыс есептерді қайтарусыз алу;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайда жеке
адамдардан, олардың экономикалық, әлеуметтік-демографиялық,
сонымен қатар кәсіпкерлік қызметінің жағдайын статистикалық
қорыту және талдау үшін дұрыс мәліметтер алу;
- Қазақстан Республикасының үкіметімен белгіленген тәртіпте
мемлекеттік статистикалық бақылауды жүргізу үшін ұйымдардың
лауазымды адамдарын тарту;
- Мемлекеттік статистикалық бақылау бағдарламасын дайындау және
бекіту;
- Мемлекеттік статистикалық регистрді, сондай-ақ статистикалық
мәліметтерді дайындауды жүргізу үшін, атқаратын қызметіне қарай
мемлекеттік органдардан алғашқы статистикалық мәліметтерді,
сондай-ақ басқа да мәліметтерді алу;
- Жеке кәсіпкерлерден және заңды ұйымдардан алғашқы және
статистикалық есептің тапсырылуын бақылауды іске асыру;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте
,мемлекеттік тапсырыс берілген кейбір статистикалық жұмыстардың
жүргізілуін қаржыландыруды іске асыру;
- Қазақстан Республикасының үкіметімен белгіленген өкілетті орган
туралы Ережеге сәйкес, басқа да қызметтерді атқаруға құқылы.

Өкілетті орган статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
мақсатында:
- статистикалық бақылау бағдарламасын бекіту негізінде
мемлекеттік органдардың статистикалыық қызметін басқарады;
- статистика саласында шет елдермен және халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастықты іске асырады,
- мемлекеттік статистикалық мәселелер бойынша нормативтік
актілерді шығарады.
Статистика жөніндегі агенттік белгіленген статистикалық мәліметтерді
жинау және өңдеу әдістері мен тәсілдері, нысандары және олардың берген
статистикалық көрсеткіштері ресми статистикалық мәлімет қана емес,
сонымен бірге стандартқа сай дайындалған мәліметтер болып табылады.
Өкілетті орган мемлекеттік статистиканың дұрыс ұйымдастырылуы,әрі
сапалы жургізілуі үшін, нақты мәліметтерді сақтауы тиіс немесе
статистикалық мәліметтердің сапалылығына байланысты негізгі
талаптарды белгілеп, олардың сақталуын бақылайды. Ол талаптар былай
анықталады:
- Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, дұрыстығы және
жеткіліктігі;
- Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық және
әлеуметтік процестерді және олардың даму тенденцияларын қорыту,
талдау және жан-жақты объективті қаралуы;
- Статистикалық мәліметтердің Қазақстан Республикасы заңдарында
белгіленген шекте ашық болуы және берілуі;
- Қолданылған әдістемелердің және келтірілген көрсеткіштердің
халықаралық деңгейде қолданылатын статистикалық стандарттармен
салыстыруға сәйкестігі;

Статистикалық қызмет әр салалы болуына байланысты агенттіктің құрамына
ведомствалыық статистикаларға арнайы жетекшілік жүргізетін және олардан
алынған мәліметтерді өңдеп, талдайтын бірнеше бөлімшелер жұмыс істейді.
Мысалы демографиялық, өндіріс, ауыл шаруашылығы, қаржы, денсаулық сақтау
т.б. бөлімдері жұмыс істейді.

Әрбір ғылым саласының, пәннің өз зерттеулерін жүргізу кезінде
қолданатын, өзіне ғана тән болып табылатын арнайы ұғымдары болады.
Статистиканың да өз қызметін белгілі бір уақыттар аралығында атқаруына және
ол үшін арнайы әдістерді, әдістемелерді қолдануына байланысты, тек
ғылымының осы түріне ғана тән болып табылатын арнайы ұғымдары,
категориялары болады. Ол ұғымдар мен категориялар осы ғылымның арнайы
құралдары болып табылады, яғни статистика өзінің мақсатына жету үшін,
белгілі бір ұғымдарды пайдаланады және қолданады. Мұндай статистикалық
зерттеулерде қолданылатын ұғымдар адамның ойынан шығарылған емес, керісінше
зерттеу обьектісінің өзінде бар, мазмұнында кездесетін, өмірде орын алған
құбылыстың құрамындағы түсініктер болып табылады.
Статистика ғылымындағы арнайы ұғымдар мен категориялар статистиканың
теориялық негізін құрайды және олардың жиынтығы статистикалық зерттеудің
негізгі қағидаларын білдіреді.
Статистика пәнін қарастыру барысында қолданылатын ұғымдар саны көп,
бірақ олардың ішіндегі кейбіреулері ерекше маңыздылығына, жиі
қолданылатындығына байланысты арнайы түсіндіруді, сипаттауды қажет етеді.
Олардың қатарына мыналар жатады: белгілер, статистикалық жиынтық, вариация,
статистикалық көрсеткіш, көрсеткіштер жүйесі және статистикалық
заңдылықтар.
Статистикалық белгілер ретінде, зерттеуге алынатын құбылысты
сипаттайтын, оның өзге құбылыстардан негізгі айырмашылығын білдіретін,
сондай-ақ кейде зерттеуге жататын құбылысқа тікелей қатыстылығы болмаса да
оны қосымша тұрғыда маңызын ашатын құрамдарды алуға болады. Әлеуметтік-
қоғамдық құбылыстардың кез келген түрі құбылыс ретінде бағалану үшін, олар
белгілі бір белгілерді иеленуі керек. Яғни құбылыстың түріне түсінік
берілгенде, міндетті түрде оның ерекше белгілері ескеріледі. Мысалы,
Қылмыстық кодекстің 9-бабында қоғамға қауіпті, зиянды, заң қорғайтын
қоғамдық қатынастарға, заңды мүдделерге қарсы бағытталған “қылмыс” деген
құбылысқа ұғым берілген. Яғни онда, “қылмыс – бұл жазалау қатерімен тыйым
салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде жасалатын іс-әркекет (әрекет немесе
әрекетсіздік)” делінген. Қылмыс - бұл әлеуметтік құбылыстың бір түрі
ретінде бағаланады және әлеуметтік тұрғыдан алғанда қоғамдық ортаға зиян
әкелетін теріс құбылыс. Қылмыстың ұғымы қылмыстық құқықта ғана емес,
әлеуметтану ғылымында да беріледі. Бірақ қылмыс құқықтық зерттелуге
жататын құбылыс болып табылатындықтан оның сапасын білдіретін белгілер
қылмыстық құқықта ашылады. Осы тәріздес әрбір құбылыстың анықтамасы оны
сипаттайтын, ерекшелігін бейнелейтін белгілермен анықталады.
Сонымен, статистикалық белгілер дегеніміз, құбылыстың өзіне ғана тән
ерекшеліктерін сипаттайтын және зерттеу жұмыстарында бақыланатын, өлшенетін
құрамы болып табылады.
Құбылысты жалпы сипаттайтын белгілер мен құбылыстың бірліктерін
сипаттайтын белгілердің арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар кездеседі.
Құбылыстың өзін ғана сипаттайтын белгілер, әдетте сол құбылыстың маңызын,
мазмұнын, ерекшелігін анықтайды. Мұндай белгілер ол құбылыстың өзге
қоғамдық құбылыстардан айырмашылығын білдіріп тұрады. Мысалы, әкімішілік
құқық бұзушылық пен азаматтық құқық бұзушылықты сипаттайтын белгілер.
Статистикалық белгілерді сандық және сапалық белгілер деп екіге
бөлуге болады. Бұлай бөлу, өзге ғылым салаларында да кездеседі. Мысалы,
қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылықтың белгілерін сандық және сапалық
деп бөлу зерттеу әдебиеттерінде кездеседі. Сапалық белгілер ретінде
құбылыстың құрылымын, түсінігін белгілі бір сапалық тұрғыдан сипаттайтын
белгілер алынады. Немесе сапалық белгілер сөз түрінде ғана анықталады.
Сапалық белгілерге құбылыстың жекелеген түрлерін сипаттайтын құрамдар, яғни
адамның жынысы, ұлты, мамандығы, білім деңгейі, жасаған қылмысының түрі
тәрізді т.б. белгілер жатады. Сапалық белгілерді статистикада кейде
атрибути втік белгілер деп те атайды.
Сапалық белгілердің бір көрінісі балама белгілер болып табылады.
Балама белгілер тек сөз түрінде ғана беріледі және бұл белгі – нақты бір
құбылыс белгісінің екі мағынадан тек бір мағынаға ие болуын білдіреді.
Мысалы, адамның жынысы - әйел немесе еркек, соттылығы – бұрын сотталған
немесе сотталмаған, отбасы жағдайы – үйленген немесе үйленбеген т.б. Мұндай
балама белгілер жекелеген адамдарға немесе жиынтық бірліктеріне
толтырылатын статистикалық карточкаларда кездеседі.
Сандық белгілер құбылысты немесе жиынтық бірліктерінің құрамын тек
белгілі бір шама түрінде сипаттауды білдіреді. Құбылыстың құрамын
сипаттайтын шамалар тек сан, цифр түрлерінде кездеседі. Сандық белгілер
адамның жасы соттылығының саны, келтірген материалдық зардаптың көлемі,
азаматтық талап арызының көлемі, қылмыстық істі тергеу уақыты т.б. түрінде
кездеседі. Мұндай белгілер тек белгілі бір сан түрінде ғана анықталады.
Статистикалық белгілер елеулі және елеусіз белгілер деп те бөлінеді.
Елеулі белгілер бұл құбылыстың түсінігімен байланысты болатын немесе оның
түсінігімен тікелей байланысты болмағанның өзінде, ол құбылысты жан-жақты
сипаттауда қолданыла алатын белгілер болып табылады. Мұндай белгілер
құбылыстың өзімен, оның мазмұнымен байланысты болмағанның өзінде, өзге
ғылымдардың зерттеу жұмыстарында қолданылады. Елеулі де, елеусіз де
белгілер статистикалық карточкаларда көрсетіледі. Қылмыстылықтың елеулі
белгілеріне қылмыстың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері
Жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары
Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық анықтау
Фармацевтикалық ғылымды дамыту
Фармакоэпидемиология және фармакоэкономика: анықтамасы, даму сатылары, негізгі принциптері. Экономикалық бағаны пайдалану, медицинада шешім қабылдаудың элементі
ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Вексель және вексель айналымы
Қылмыстарды ашуда және тергеуде ішкі істер органдарын ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
Сондыктан саясат субъектісі
Пәндер