Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы мәселелер



Жоспар

Кіріспе

І Тарау. Аграрлық нарық мәселелері.
1.1 Ауыл шаруашылығы нарықтық қатынастар жүйесінде.
1.2 Ауыл шаруашылық өнімдері мен азық.түлік нарығындағы сұраныс және ұсыныс.

ІІ Тарау Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы ерекшеліктер.
2.1 Ауыл шаруашылығы өнімдері және азық.түлік рыногіндегі баға белгілеу ерекшеліктері.
2.2 Тауар биржаларындағы ауыл шаруашылық сауда операциялары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Агробизнес кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметлерімен де айқындалады. Агробизнес кешені нарықтың әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын білдіреді, соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әр түрлі үлгілерін танытады.
Ауыл шаруашылығы өндірісі рыногінің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: ауыл шаруашылығы — рыноктік құрылым мен қарым-қатынас жүйесі әлі де сақталған, ерікті бәсекелестік рыногіне барлығынан жақын турған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмендегідей:
Біріншіден, ауыл шаруашылығы рыногінде тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп. Айталық, АҚШ-тың ауыл шаруашылығында 1987 жылғы соңғы халық санағына сәйкес фермерлік шаруашылықтардың саны 2 млн. 176 мың құрады. Бұл — олардың барлығын сөздің толық мағынасында фермерлік шаруашылықтарға жатқызуға болмаса да, аз сан емес.
Екіншіден, ерікті бәсекелестік рыногі болып саналатын ауыл шаруашылығы рыногінің белгісі ретінде әрбір жекелеген өндірушінің бағаға әсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға әсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды.
Ерікті бәсекелестік рыногінің үшінші маңызды белгісі — өнімнің біртектілігі және қалыптандырылуы. Өндіруші тек қана өз тауарын жарнамалап, тек өз өнімінің сапасын бөліп көрсете алмайды. Іс жүзінде бір фермердің астығы сорты мен сапасы жағынан басқа фермердің астығынан ерекшеленуі мүмкін, бірақ бұл астық бір сорттағы және сападағы қалыпқа түсірілген астық болса, онда одан ешқандай айырмашылықты табу мүмкін емес.
Ерікті бәсекелестік рыногінің төртінші ерекшелігі —бәсекелестікке бейімсіздеу жаңа фирмалардың рынокке келуі үшін кәдімгідей қолбайлау болатын барьердің жоқтығы.
Рынокке кіру барьері әр түрлі болуы мүмкін. Олигополиялық және монополиялық құрылымдағы салаларда оларға ең алдымен масштабтың жағымды тиімділігі жатады, басқаша айтқанда жоғары қуаттылықтағы өндірісте шығындарды азайту жәңе өнімнің бәсекелестікке бейімділігін арттыру.
Жоғарыда айтылғандарға орай көптеген фермерлік шаруашылықтарда мұндай барьер ауыл шаруашылығында жоқ. Рас, агроөнеркәсіп өндірісі дамыған батыстық елдердің ауыл шаруашылығында өндірістің концентрациялық өсуіне қарай бағыт байқалады және ірі фермалар ұсақ, әсіресе қаржы көп кететін ауыл шаруашылығы салаларымен салыстырғанда экономикалық басымдылығы бар екенін анық көрсетуде. Сондықтан да, жақын уақыттарда мұндай кіру барьерлері ауыл шаруашылығының дамуымен болуы мүмкін, бірақ, қазір ол жоқ, немесе өзін жеткілікті дәрежеде көрсетіп үлгерген емес.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. АБДУКАМАЛОВ О.А., ЧЕЛЕКПАЕВ Я.Д. Новые формы хозяйствонания в АПК и факторы их развития в условиях рынка.Изд. КазНИИНТИ, 1991 год.
2. АРХИПОВ А. Разгосударствление в аграрной сфере: необходимость, методы, последствия. Вопросы экономики. 1991, №6,с.81-91.
3. АРЫНОВ Е.М. О стратегии экономических реформ в Казахстане: Приоритеты и неотложные шаги. Алматы: КИСИ, 1993.
4. АУБАКИРОВ Я.А. Социально-экономические преобразования в сельском хозяйстве Казахстана. Алматы: „Казахстан" 1984 год.
5. АУТОВ Р.Р. Острые грани перестройки АПК. Изд.,Кайнар",1990 год.
6. АУТОВ Р.Р., ЕРТАЗИН X. и др. Проблемы перехода к регулируемым рыночным отношениям в АПК. КазСХИ, Алматы,1992, с.24.
7. АУТОВ Р.Р. и др. Совершенствование и внедрение новыхформ хозяйствования в АПК Казахстана в условиях перехода к рыночным отношениям. Изд. „Полиграфия". 1992 год.
8. БАКЛАЖЕНКО Г. Организация ассоциаций крестьянских хозяйств на селе. АПК: экономика, управление. 1992. с.2, с.27-32.
9. БАЛАБАНОВ И.Т. Новые формы организации предприятий.Ленинград, 1991, с.12В.
10. БАЛАНДИН С. Крестьянское хозяйство. М.ВО. „Агропромиздат", 1992. с-21.

11. БАШМАЧНИКОВ В.Ф. Первичные подразделения сельскохозяйственных предприятий: система формирования и функционирования. М. „Экономика", 1984. с.98.
12. БЕЛЯЕВ Б.А. Дефицит, рынок и управление запасами. М.:Изд. УДН, 1991. с.48-68. 94-109. 162.
13. БОУТВЕЛЛ В. Рынок и государство. АПК: экономика, упиравление. 1992, с.2, с.68-71.
14. БУРАКОВ С. Проблемы сочетания различных форм хозяствования и собствениости АНК. Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предпрятий. 1991. №10, с.21-23.
15. ВАСИЛЕНКО В.П., СОВЕРЧУК А.Л. Функционирование малых ферм в США. Экономика селъскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. 1993, с.1, П-14.
16. ГАЛУЗО П.Г. Очерк советской историографии аграрных отношений в Казахстане в период капитализма. Алматы, 1971.
17. ГЕГЕЛЬ. Сочиненин. Т.7. М.-Л.: Соцэкгиз, 1934.
18. ГЕНДЕЛЬМАН М.А.. ВОРОБЬЕВ А.П. Пути осуществления аграрной реформы. Вестник сельскохозяйствениой науки Казахстана. 1993 с.5-6, 7-12.
19. ГЕРЕЧИКОВ В.И. Демократизация управления и формы собственности. Социологические исследования. 1992, №2, с. 58-70.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу
нарығындағы мәселелер
Жоспар
Кіріспе
І Тарау. Аграрлық нарық мәселелері.
1.1 Ауыл шаруашылығы нарықтық қатынастар жүйесінде.
1.2 Ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік нарығындағы сұраныс және
ұсыныс.

ІІ Тарау Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы ерекшеліктер.
2.1 Ауыл шаруашылығы өнімдері және азық-түлік рыногіндегі баға
белгілеу ерекшеліктері.
2.2 Тауар биржаларындағы ауыл шаруашылық сауда операциялары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Агробизнес кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен,
технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана
емес, сонымен бірге нарықтық параметлерімен де айқындалады. Агробизнес
кешені нарықтың әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын
білдіреді, соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әр
түрлі үлгілерін танытады.
Ауыл шаруашылығы өндірісі рыногінің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар.
Оның ең бастысы мынадан көрінеді: ауыл шаруашылығы — рыноктік құрылым мен
қарым-қатынас жүйесі әлі де сақталған, ерікті бәсекелестік рыногіне
барлығынан жақын турған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның
негізгі белгілері төмендегідей:
Біріншіден, ауыл шаруашылығы рыногінде тәуелсіз өндірушілердің саны өте
көп. Айталық, АҚШ-тың ауыл шаруашылығында 1987 жылғы соңғы халық санағына
сәйкес фермерлік шаруашылықтардың саны 2 млн. 176 мың құрады. Бұл — олардың
барлығын сөздің толық мағынасында фермерлік шаруашылықтарға жатқызуға
болмаса да, аз сан емес.
Екіншіден, ерікті бәсекелестік рыногі болып саналатын ауыл шаруашылығы
рыногінің белгісі ретінде әрбір жекелеген өндірушінің бағаға әсер ете
алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық
бағаға әсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды.
Ерікті бәсекелестік рыногінің үшінші маңызды белгісі — өнімнің
біртектілігі және қалыптандырылуы. Өндіруші тек қана өз тауарын жарнамалап,
тек өз өнімінің сапасын бөліп көрсете алмайды. Іс жүзінде бір фермердің
астығы сорты мен сапасы жағынан басқа фермердің астығынан ерекшеленуі
мүмкін, бірақ бұл астық бір сорттағы және сападағы қалыпқа түсірілген астық
болса, онда одан ешқандай айырмашылықты табу мүмкін емес.
Ерікті бәсекелестік рыногінің төртінші ерекшелігі —бәсекелестікке
бейімсіздеу жаңа фирмалардың рынокке келуі үшін кәдімгідей қолбайлау
болатын барьердің жоқтығы.
Рынокке кіру барьері әр түрлі болуы мүмкін. Олигополиялық және
монополиялық құрылымдағы салаларда оларға ең алдымен масштабтың жағымды
тиімділігі жатады, басқаша айтқанда жоғары қуаттылықтағы өндірісте
шығындарды азайту жәңе өнімнің бәсекелестікке бейімділігін арттыру.
Жоғарыда айтылғандарға орай көптеген фермерлік шаруашылықтарда мұндай
барьер ауыл шаруашылығында жоқ. Рас, агроөнеркәсіп өндірісі дамыған
батыстық елдердің ауыл шаруашылығында өндірістің концентрациялық өсуіне
қарай бағыт байқалады және ірі фермалар ұсақ, әсіресе қаржы көп кететін
ауыл шаруашылығы салаларымен салыстырғанда экономикалық басымдылығы бар
екенін анық көрсетуде. Сондықтан да, жақын уақыттарда мұндай кіру
барьерлері ауыл шаруашылығының дамуымен болуы мүмкін, бірақ, қазір ол жоқ,
немесе өзін жеткілікті дәрежеде көрсетіп үлгерген емес.

І Тарау. Аграрлық нарық мәселелері.
1.1 Ауыл шаруашылығы нарықтық қатынастар жүйесінде.

Монополияландырылған рынокке тән басқа кіру барьері пайдаланылатын
техникаға патент алу болып табылады. Барьердің мұндай түрінің ерекше маңызы
ғылымды керек ететін жоғары технологиялық өндіріс салаларында өте жоғары.
Ауыл шаруашылығында да өндіріс ғылыми негізделеді, алайда олар әдетте
агробизнестің басқа салаларында пайдаланылады. Жаңа ғылыми ұсыныстар туралы
ақпараттар мемлекеттік қызметтермен жаппай масштабта таратылады. Сондықтан
да ауыл шаруашылығы өндірісінде барьердің мұндай түрі де іс жүзінде
болмайды. Монополистік бәсекелестік рыногінде тағы бір кіру барьерінің түрі
— интенсивті жарнама, оған орасан зор қаржы жұмсалады. Барьердің мұндай
түрінің ауыл шаруашылығында шектелуі жоғарыда айтып кеткеніміздей,
өндірілетін өнімнің біртектілігі мен қалыпқа түсірілгендігі болып табылады.
Ерекше кіру барьерінің белгілі бір салада болуы заңдық шектеу немесе
өндірістік ресурстарды еркін сатып алу және сатуға тыйым салуға байланысты.
Дей тұрғанмен, агробизнесі дамыған елдерде ауыл шаруашылығы ресурстарының
рыногі көп болуына сәйкес ауыл шаруашылығында мұндай да барьер жоқ.
Осы айтылғандардың барлығы ауыл шаруашылығының еркін бәсекелестік
сферасына жақын тұрғанын аңғартады. Бірақ, соған қарамастан олай деп
түсінуге де болмайды. Біріншіден, ауыл шаруашылығы мемлекеттік реттеуді
керек ететін аймақ болып табылады. Мемлекет белсенді қаржылық және несиелік
саясат жүргізіп, салық жүйесін анықтайды және проценттік үстемеге ықпал
етеді. Бұдан басқа, қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік
реттеудің маңызды жағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің ұсыныс деңгейіне, ал
сол арқылы нарықтық бағаға әсер етуі болып табылады.
Екіншіден, қазіргі заманғы агробизнесте ауыл шаруашылығы өндірушілерінің
өңдеу компанияларымен және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу жөніндегі
компаниялармен тікелей ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қарым-қатынасы кең
етек жаюда. Бұл жағдайда фермерлік өндіріс жалпы алғанда рынокке емес,
нақты әріптес-тұтынушыға бағдар ұстайды. Әрине, сұраныс пен ұсыныс
келісімдік баға деңгейіне әсер етеді, алайда контрактілер өндірушінің нақты
тұтынушыға мақсаткерлік бағдарын білдіретін болғандықтан, келісім-шарттық,
қарым-қатынастың іс-қимыл сферасы еркін бәсекелестік рыногінің аймағынан
шығып қалады.
Үшіншіден, барлық елдерде белгілі бір дәрежеде мем-лекеттік бақылау мен
реттеудің объектісі болып табыла-тын маңызды ауыл шаруашылығының ресурсы —
жердің рыногі шектеулі және ерекше.
Бүған қоса шаруапшлық бір мезгілде өндірістің сала-сы және адамдардың
тіршілік сферасы болып табылады. Фермерлік шаруашылық — техникасы,
өндірістік үйлері, малы және басқа өндіріс құралдары бар кәсіпорын ғана
емес, сонымен бірге фермердің мекен-жайы. Ферманы сату немесе сатып алу
тұрғылықты жерін немесе тіпті өмір салтын ауыстыруды білдіреді. Осының бәрі
ауыл шаруашылығы ресурстарының салыстырмалы түрде мобильдігін, белгілі бір
дәрежеде рыноктік барьер мен жеткіліксіз бәсекелестіктің белгісін
танытатындай.
Соған қарамастан ауыл шаруашылығы экономиканың барлык, ірі секторларының
ішінде ерікті бәсекелестік рыногіне бәрінен бұрын жақын тұр. Бұдан оның
агробизнестің және жалпы экономиканың басқа сфераларынан ала бөтен
ерекшелендіретін бірқатар мәнді факторларды байқауға болады, мұның өзі
фермердің жұмыс істеуі мен тағдырын айқындайды.
Ерікті бәсекелестік — бұл, ең алдымен, бағалық бәсекелестік. Бұл
бәсекелестік күрестің жалғыз қаруы өндірістің шығындарын азайту және өнім
сапасын арттыру болып табылатындығын білдіреді. Өнімнің өзіндік
құнын азайту және өнім өндіру көлемін көбейту — фермер табысын арттыратын
мүмкін бағыттар осылар. Іс-қимылдың мұндай моделі ауыл шаруашылығы өнімнің
рыногінде ұсыныстың деңгейіне мәнді әсер етпей қоймайды. Қатаң баға
бәсекелестігі өндірістің қарқынды өсуінің және агробизнес дамыған елдердің
ауыл шаруашылығының жоғары тиімділігінің бірден-бір факторы болып табылады.
Бұған мына факті дәлел бола алады: АҚШ-та село тұрғындарының үлесі соңғы 40
жыл ішінде 15%-тен 2%-ке дейін қысқарды. Осы уақыт ішінде фермерлік
еңбектің өнімділігі күрт өсті. Бір ауыл шаруашылық еңбеккері азық-түлікпен
және шикізатпен қамтамасыз ететін адамның саны 14 адамнан 96 адамға өсті.
Өсудің жоғары қарқыны жоғары техникалық және технологиялык, база,
өндірістің жалпы мәдениеті арқылы болады. Бұл үшін ауыл шаруашылығына
техника, жем, тыңайтқыш, жанар-жағар май шығаратын және қызмет көрсететін
салалар, ауыл шаруашылығына ғылыми зерттеулер жүргізетін салалар жұмыс
істеуі қажет. Дәл осы салалардың жоғарғы қарқынмен дамуы ауыл
шаруашылығының жоғары өнімділігі мен тиімділігін анықтайды. Осы жоғары
техникалық және технологиялық потенциалды пайдалану қажеттілігіне
фермерлерді мәжбүр ететін бәсекелестік бұл жағдайда күшті ынталандырушы
фактор болып табылады.
Ауыл шаруашылығына арналған материалдық-техникалық ресурстар рыногі, яғни
агробизнестің бірінші сферасына үш ірі сала кіреді: ауыл шаруашылық
машиналарын жасау, тыңайтқыш және химиялық дәрілер шығару, жем дайындау
өндірісі. Бүл салалар типті олиго-полиялық қүрылыммен мінезделеді, яғни
рынокте бірнеше ірі фирмалар болады.
Бұл фирмалардың іс-қимылы өндіріс көлемін анықтауда болсын, баға белгілеу
саясатында болсын өзара келісімде болады. Мұндай рыноктер үшін сондай-ақ
табиғи технологиялық монополия, айта қаларлықтай кіру барьері тән. Бағаны
бақылау мүмкіндігі бар, яғни оны барынша көп шығынның деңгейінен асырып
қоюға болады.
Міне, осылай жоғары бәсекелестік бейімділігі бар ауыл шаруашылық өндірісі
монополияландырылған салалардың өнімін тұтынушы болып табылады.
Агробизнестің бірінші сферасының рыногінде бағаның өсу мүмкіндігі — өз
өнімін бәсекелестік бағадан жоғары сатуға мүмкіндігі жоқ фермерлер үшін
үлкен проблема. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы үшін ерекше көкейтесті
мәселе сатып алатын ресурстар мен шығарылатын өнім арасындағы бағалардың
қатынасы — баға паритеті проблемасы болып табылады. Баға паритетін қолдау
үшін күрес — фермерлердің экономикалық саясат саласындағы талабының басты
элементі.
Өз кезегінде үлкен агробизнестің өнеркәсіптік компаниялары фермерлердің
тұрақты қаржылық жағдайын қолдауға мүдделі. Бір айта кетерлік жайт —
фермерлердің табысын мемлекеттік қолдау идеясы бірінші сфераның машина
жасау компанияларынан туған. Банкротқа түскен фермерге соқа сатуға
болмайды — дәл осы ұран АҚШ-тың фермерлік шаруашылықтарына мемлекеттік
қолдау көрсетудің себебі болды.
Фермерлерге көрсетілетін қызмет сферасының рыногі — дилерлік, жөндеу-
техникалық, агрохимиялық, мелиоративтік қызмет көрсетулер ресурстар
рыногімен тығыз байланысты. Қызметті әдетте техника, тыңайтқыш, жем және
тағы басқа өнімдер өндіруші компаниялар көрсетеді. Бүл сервистік
кәсіпорындар мен олардың филиалының жүйесі өте кең. Айталық, АҚШ-та ауыл
шаруашылық машиналары мен құрал-жабдық шығару жөніндегі бір жарым мыңнан
астам зауыт өз өнімдерін 16 мың бөлшек сауда нүктелері арқылы таратады.
Мұның өзі фермерлерге өндірістік к,ызметтің кез келген түрін көрсету
жөніндегі фирмаларды таңдауына мүмкіндік береді.
Агробизнестің үшінші маркетингтік сферасы өзінің құрамы және атқаратын
міндеті жағынан ғана емес, сонымен бірге нарықтық мәні жағынан да барынша
әр түрлі болып келеді. Маркетингтік сфера өз ішінде өнімнің мәні және
фирмалардың бәсекелестік іс-қимылы жөнінен рыноктің төрт үлгісіне бөлінеді.
Бірінші үлгі — шикізаттық азық-түлік тауарлар рыногі үн-жарма, қант шығару
сияқты салалар үшін негізгі және мәнді болып табылады. Оған өнімнің
салыстырмалы түрде біртектілігі, қалыпқа түсірілуі, тауарларды ірі
партиямен сату белгілері тән. Бұл жағдайда жекелеген өнім өндіруші фирмалар
үшін өнімді жарнамалау мәселесінде қиындықтар туындайды, ал баға белгілеу
бәсекелестікке жақын келеді.
Рыноктің екінші үлгісі — жоғары деңгейде өңделген азық-түлік тауарларының
рыногі. Азық-түлік тауарларының осы тобының көлемі дамыған елдерде соңғы он
жылдықта барынша интенсивті дамуда. Бұл рыноктік топта сатылатын өнімдер
біртектілік емес және барынша теңдестірілгендер қатарына жатады. Олар —
консервілер, кондитерлік және темекі өнімдері және басқа қабылдауға дайын
өнімдер. Тауарларды дифференциялаудың жоғары деңгейін бір заттың кең
көлемдегі сортта және сапасының әр түрлі мәнде болуымен түсіндіруге болады.
Алайда, тұтынушылар көзінше тауарларды жиі ауыстырған сайын олардың
арасындағы бәсекелестік те күшейіп, баға приоритеті үшін мүмкіндік аз
болады. Сондықтан да өнімге ерекшелік белгілер беруге ұмтылу, оны үқсас
тұтынушылық қасиеті бар тауарлар жиынтығынан бөлу азық-түлік фирмасының
рыноктік іс-қимылындағы мәнді белгі болып табылады.
Мұндай рынокте бәсекелестік күрестің маңызды қаруы — жарнама және тауарды
әр түрлі тәсілмен безендіру және ұсыну. Тауарлардың бұл тобының рыногі
бірнеше көш бастаушы фирмалар билік құратын жоғары дифференциалданған өнім
болып табылады.
Мұндай рынокке кіру барьері өте жоғары екендігі көзге бірден ұрып
тұрады. Бірқатар жағдайларда мұнда масштаб тиімділігі және пайдаланылатын
технологияға патенттер жұмыс істейді, алайда басты кіру барьері ретінде
жабыла жарнама жасау болып саналады. Бірқатар өнімдерді жарнамалау үшін
кететін шығын өнім құнының 20%-іне жетеді. Әрине, жаңадан пайда болған
фирмаға рыноктің молшылық жағдайында өзінің тауарымен рынокке ену өте қиын.
Бұл үшін жаңа тауардың көзге көрінетін нақты басымдылығымен қатар жарнама
сферасында орын алу үшін рыноктегі билік құрып үлгірген тауарға қарағанда
орасан зор қаржы жұмсауды керек етеді.
Агробизнес сферасьшың маркетингтік үшінші рыноктік топшасына төмен
деңгейде өңделген біртекті топ (мысалы, ет жартылай фабрикаттары және жаңа
сойылған ет, сүт өнімдері) жатады. Тауарды өңдеу деңгейі мен оны
дифференциялау деңгейінің арасында тығыз байланыс бар. Өнімді өңдеу деңгейі
төмен болған сайын оны дифференциялау және интенсивті жарнамалау үшін
мүмкіндігі аз болады және керісінше. Бұл рыноктік топқа кіру барьері
салыстырмалы түрде төмендеу, баға белгілеу мұнда бәсекелестікке жақын
жүзеге асырылады.
Рыноктің төртінші үлгісі — азық-түліктік сервис рыногінің рөлі дамыған
елдерде соңғы он жылдың ішінде арта түсті. Оған қоғамдық тамақтандырудың
шағын буфеттен бастап қымбат мейрамханаға дейінгі барлық түрі кіреді. Бұл
рынок біртекті емес және өзінің ерекшеліктері көп. Онда жарнама
мен монополияландырудың әр түрлі деңгейіндегі баға белгілеуді еркін
рыноктіктен монополиялыққа дейін өзгерте беретін бірнеше топшаны бөліп
көрсетуге болады.
Азық-түлік рыногінің тағы бір ерекшелігі ретінде оның бірнеше деңгейде
болуын айтуға болады. Рынок нан, сүт және қаймағы алынбаған сүт өнімдері
үшін — жергілікті; ет өнімдері, көкөніс және жеміс үшін — аймақтық;
консервілер және шеттен әкелінген азық-түлік үшін — ұлттық, болуы мүмкін.
Тез бұзылатын азық-түліктер рыноктің шекарасын тарылтады, ал
мамандандырылған транспорт пен сақтау қоймалары оны кеңейтеді. Рынок
деңгейінің есебі оны дұрыс бағалау және фермалардың қызметіне болжам жасау
үшін маңызды. Айталық, шағын азық-түлік дүкенінің немесе асхананың сәтті
жерде орналасуы оларды қымбат тұратын жарнамасыз-ақ, ұсынылатын азық-
түліктің бір қалыптағы жиынтығымен-ақ кішігірім монополистке айналдырады.
Жалпы азық-түлік рыногін талдай келе мынаны айтуға болады: агробизнесі
дамыған елдерде бұл рынок — салыстырмалы түрде фирмалардың көп бөлігі
қатысатын және жоғары азық-түліктік дифференциядағы, монополистік
бәсекелестіктегі рынок. Оның үстіне мұнда көш бастаушы фирмалардың тобы бар
екенін де айта кету керек. Баға бәсекелестігімен қатар мұнда жаппай
жарнамалау, азық-түліктік дифференциация және жақсартылған сервис сияқты
факторлар да үлкен маңыз алады. Ауыл шаруашылығының нарықтық құрылымы мен
маркетингтік сферадағы айырмашылық мынаған алып келеді: ауыл шаруашылығы
өнімдерінің жоғары бәсекелестік ұсынысы салалардың және рынок масштабына
байланысты монополияландырылған сұраныспен бетпе-бет келеді.
Азық-түлік фирмаларының ауыл шаруашылығы өндірісі мен фермерлердің
жағдайына әсері өңдеу және өткізу арналарын азайтудың малшеріне байланысты
барған сайын күшейіп, фермерді тамақ өнімдерін тікелей тұтынушыдан
алшақтатып барады. Бұл әсіресе тамақ өнеркәсібіне қатаң орнатылған
технология бойынша сапалы шикізат қажет болған жағдайда ерекше сезіледі.
Фермерлердің тамақ компанияларына технологиялық және экономикалық
тәуелсіздігі фермерлердің тек қана өндірістік-технологиялық аспектідегі іс-
қимылын шектеп қоймайды, сонымен бірге сатып алушының шартын қабылдауға
мәжбүр болатын фермердің табысын да шектейді.

1.2 Ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік нарығындағы сұраныс және
ұсыныс.

Сұраныс нарықтық экономиканың маңызды параметрлерінің бірі болып
табылады. Оның деңгейі өсуі және шапшаңдығы рыноктегі жағдай мен
өндірушілердің жайын анықтайды. Тауарлардың басқа түрлеріне қарағанда ауыл
шаруашылығының және азық-түліктің өнімдеріне сұраныстың арнайы оқып
үйренуді қажет ететін бірқатар ала бөтен ерекшеліктері бар.
Аграөнеркәсіптік кешен және барлық агробизнес үшін тамақ өнімдеріне
сұраныс негізгі түпкі мәселе болып табылады. Дәл осы сұраныс ауыл
шаруашылығы өнімдеріне сұранысты, ал сол арқылы ауыл шаруашылығына арналған
ресурстарға сұраныстарды айқындайды. Агробизнестің әр сферасында өндіріс
пен өткізудің арналарында тиісті буындардың тізбегін құруға болады. Азық-
түлікке деген негізгі сұраныс бөлшек сауда мен қоғамдық тамақтандырудың
тікелей тамақ өнеркәсібі немесе фермердің өніміне көтерме сауда сұранысын
қалыптастырады. Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығының өніміне сұраныс
жемге сұранысты айқындайды. Өндірістік мәндегі қызметке сұраныс көлеміне,
ресурстарға әсер етеді.
Ең алдымен азық-түлікке түпкі сұранысты айқындайтын факторларды немесе
сұраныстың детерминанттарын қарастырайық.
Кез келген басқа тауар сияқты сатылатын азық-түліктің көлеміне әсер ететін
негізгі фактор — оның бағасы. Басқа, тағы да бір маңызды детерминант
тұтынушының қаржылық табысы болып табылады. Жеке сұраныста жеке табыс,
жиынтық сұраныста жиынтық немесе орташа табыс маңызға ие. Бұдан кейін
сұраныстың тұтынушылық талғам және таңдау сияқты факторы келеді. Азық-
түліктің молшылық рыногі жағдайында талғам мен таңдауға әсер ететін
параметрлердің қатарына бәрінен бұрын жарнама, өнімнің беделі, өмір стилі,
отбасы құрамы жатады. Айталық, балалары бар отбасылар ас дайындауға көп
уақыт жұмсап, рацион мен өнімнің сапасына ерекше мән береді. Балалары жоқ
жас отбасылар қабылдауға дайын тағамдарды, консервіленген азық-түлікті жөн
көреді. 70-жылдары азық-түлік рыногі дамыған елдерде
мейрамханаларда, дәмханаларда тамақтану бедел болып саналды. Содан
болар, азық-түлік рыногінің осы секторының үлесі көбейді. Азық-түлік
сұранысының деңгейіне әсер ететін маңызды фактор ұқсас тауарлардың
бағасының көлемі мен динамикасы болып табылады. Ұқсас тауарларға бірін-бірі
өзара ауыстыратын және өзара толықтыратын тауарлар жатады. Бірін-бірі өзара
ауыстыратын тауарлар рыноктің толығуына тәуелді салыстырмалы ұғым болып
табылады. Азық-түлік тапшылығы жағдайында сары май мен маргарин бірін-бірі
өзара толықтырушы тауарлар болып қарастырылғанмен, рынок молшылығында
маргариннің әр түрлі сорттары өз бетінше азық-түлік ретінде қарастырылуы
әбден мүмкін. Аталмыш тауарға ұсыныс пен ауыстырушы тауардың бағасы
арасында тікелей байланыс болады: бір тауарға бағаның өсуімен тұтынушы
ауыстырушы тауар ретінде қарастыратын басқа тауарға сұраныс артады.
Бірін-бірі өзара толықтыратын тауарлардың қатарына екеуі бірдей немесе
жиынтық түрінде тұтынылатын тауарлар, мысалы, шай мен қант жатады. Олардың
біреуінің бағасы мен екіншісіне деген сұраныстың арасында айналмалы
байланыс бар. Азық-түлік сұранысының келесі детерминанты — тұтынушылық
күту. Оның рөлі тұрақсыз экономикалық немесе азық-түлік ситуациясы
жағдайында арта түседі. Мұны біздің республикамыздың мысалынан жақсы
байқауға болады. Бағаның өсуін күту мен саудадағы қордың азаюы 90-жылдардың
басында азық-түлік өнімдеріне, әсіресе ұзақ уақыт сақтауға келетін
түрлеріне сұранысты күшейткенін білеміз.
Тұтынушылар саны да жиынтық рыногінде сұраныстың көлеміне әсер ететін
параметрдің бірі болып табылады.
Азық-түлікке жеке және жиынтық, сұраныстың өсуіне әсер ететін маңызды
фактордың тағы бірі — сандық жағынан болсын, тамақтанудың тиімді құрылымдық
аспектісі жағынан болсын, тұтынудың қол жеткізілген деңгейі. Тұтынудың және
оның құрылымы тиімділігінің жоғары деңгейі жағдайында сұраныстың артатынын
күтудің қажеті жоқ және керісінше болуы да ықтимал.
Азық-түлікке түпкі (негізгі) сұранысты тұтастай талдай келе мынаны атап
өту қажет: ол агробизнес кешенінің басқа буындарындағы кез келген
сұраныстан ала бөтен ерекшеленеді. Тәуелсіз, ерекшеленген индивидтердің көп
болуы монополияландыруға жатпайтын сұранысты анықтайды. Оның үстіне тұтыну
рыногінің басқа секторларына қарағанда азық-түлік рыногі салыстырмалы түрде
берік және дәстүрлі рынок болып саналады.
Сұраныс деңгейін анықтайтын факторлардың ішіндегі барынша маңыздыларының
бірі — жоғарыда көрсетілгендердің алғашқы екеуі, дәлірек айтсақ, баға және
табыс болып табылады. Сұранысты зерттеудің классикалық жолы осы екі фактор
бойьшша жүзеге асырылады. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі сұраныс
көлемі өзгеруінің проценттік қатынасына тұтынушылық, табыс деңгейінің
проценттік қатынасымен айқындалады.
Көптеген азық-түлік тауарлары үшін табыс бойынша икемділік жағымды
жағдайда. Бұл табыс арту жағдайында азық-түлікке сұраныстың көбейгендігін
білдіреді. Табыс бойынша сұраныстың жағымды бейімділігіндегі тауарлар
жоғары категориялы немесе бірқалыпты тауарлар деп аталады. Егер икемділік
жағымсыз болса, онда тиісті тауарлар төмен категориялы тауарларға
жатқызылады. Табыс бойынша сұраныс бейімділігі жоғары болған сайын тиісті
саланы немесе тауарлық топты дамыту үшін жақсы болжам жасалады. Әрине, бұл
ескерту тұрақсыз әлуметтік-экономикалық жағдайда, тұрғындардың тұрмыс
деңгейлері төмендегенде өзінің күшін жоятындығы сөзсіз. Мұндай жағдайда
төмен сападағы азық-түлікке деген сұраныс өсуі мүмкін.
Сұраныстың табысқа тәуелді екендігін алғаш рет XIX ғасырда неміс
экономисі Энгель жазды. Энгель заңы бойынша, табыстың өсуімен оның тамаққа
жұмсалатын үлесі төмендейді, яғни азық-түлікке сұраныстың бейімділігі
табыстың артуымен төмендейді. Сонымен бірге азық-түлік емес тауарларға
жұмсалатын шығынның үлесі артып, ал табыстың одан әрі көбеюімен сән-
салтанат немесе беделді тауарларға жұмсалатын шығьшның үлесі артады. Энгель
заңын графикалық тұрғыда 10 схема түрінде көруге болады.
Азық-түлік тауарларының арасында да өнімді, бірқалыпты, төмен категориялы
және беделді деп бөлуге болады.
Табыс бойынша сұраныстың бейімділігі көп жағдайда тамаққа ақша шығынының
өсуінің ақшалай табысқа қатынасы ретінде өлшенеді. Алайда, бейімділікті
анықтаудың екінші тәсілі бар. Бұл жағдайда алым натуральдық көрсеткіштегі
сұраныс өсуіне қосылады. Бағалық факторды алу үшін осы екі бейімділік
көрсеткіштері салыстырылады. Баға факторының рөлі инфляция жағдайында өседі
(мысалы, біздің республикамызда қазіргі жағдайда болып жатқандай). Мұндай
жағдай азық-түлік сервисі дамыған елдерде де болуы мүмкін, бірақ мұнда баға
буып-түюдің құнының артуына және тауарды сату кезінде қызмет көрсетуге
байланысты өседі.
Сұраныстың маңызды мәні — оның тауар бағасының өзгеруіне реакциясы болып
табылады. Сұраныстың классикалық заңы бойынша тауар бағасын барлық тең
жағдайда төмендету сұранысты көбейтеді немесе керісінше, яғни баға мен
сұраныс көлемі арасында кері (жағымсыз) байланыс орнайды. Баға бойынша
сұраныстың бейімділік көрсеткіші сұраныс көлемінің проценттік өзгеруінің
бағаның проценттік өзгеруіне қатынасымен есептеледі. Азық-түліктің көптеген
бөлігі үшін баға жөніндегі сұраныстың бейімділігі әдетте қолайсыз. Жағымды
бейімділік жекелеген жағдайда төмен сапалы тауарлар бойынша да, сондай-ақ
беделді тауарлар бойын-ша да кездеседі. Соңғы жағдайда бағаның өсуі
тұтынушылар үшін азық-түлік сапасының артуы ретінде қабылданады. Азық-түлік
сұранысының бағалық бейімділігінің деңгейіне әсер ететін факторларды
қарастырайық. Олардың ең біріншісі — өнімді дифференциялдау деңгейі немесе
бірін-бірі өзара алмастыру. Аталмыш азық-түліктің өзіне жақын алмастырушысы
көп болған сайын оған сұраныстың бейімділігі де соғұрлым көп болады.
Шектелген жағдайда дифференциялданған өнім рыногінде шексіз алмастыру
болғанда ол біртекті тауарлар рыногіне айналады. Сұраныс жеткілікті
дәрежеде бейімді болып, ал сұраныс көлденең қисық сызықта қалады.
Сұраныстың бейімділік көрсеткішінің азық-түлікке тұтастай алғанда, азық-
түліктің кейбір топтарына және олардың әр түрлілігіне сандық қатынасы
осыған байланысты болады.
Міне, осылай төмендегідей заңдылықты айқындауға болады: азық-түлікке
сұраныс жалпы алғанда төмен бейімділікте, азық-түліктің кейбір тобына
(ет, сүт, конди-тер және т.б.) сұраныс үлкен бейімділікте, ал топшалардағы
тауарларға сұраныс баға бойынша одан да жоғары бейімділікте болады. Басқаша
айтқанда, баға бойынша сұраныс бейімділігі тағам өнімдеріне
дифференциялдану дәрежесіне қарай өседі.
Сұраныстың бағалық бейімділігіне әсер ететін келесі фактор — бұл
тұтынушының табысындағы аталмыш азық-түлікке кететін шығынның үлес салмағы.
Тұтынушы бюджетіндегі аталмыш азық-түлікке кететін шығынның үлесі көп
болған сайын оның бейімділігі де жоғарылай береді. Айталық, қымбат тұратын
етке баға өскен жағдайда, егер ол отбасылық шығында сүбелі үлесті көп
алатын болса, онда отбасылық бюджетке кәдімгідей әсер етуі мүмкін.
Сондықтан да оны тұтынуды азайту — заңдылық. Сонымен қатар аз
пайдаланылатын өнім (мысалы, уылдырық) қымбаттаған кезде, мұндай өнімді аз
пайдаланатын отбасының бюджеті мұны сезбеуі де мүмкін, бұл оны тұтынудың
деңгейіне де әсер етпейді және бұл жағдайда сұраныс өзгеріссіз қалады.
Сұраныстың бағалық бейімділігі сондай-ақ уақытша кезеңге де тәуелді
болады. Шешім қабылдау үшін уақыт кезеңі созылған сайын сұраныс әдетте
бейімдірек болады. Азық-түлікке деген сұраныстың консервативтігі сонда,
үйреншікті тауарға баға көтерілген кезде тұтынушы дәл осындай өнімді басқа
жерден көрмейінше және оны алмастыратын басқа тауарды таппайынша, әлгі
үйреншікті тауарды бәрібір сатып алады. Айталық, АҚШ-та сұраныстың бағалық
бейімділігінің коэффициенті қысқа мерзімді кезеңде 0,2%, ұзақ мерзімді
кезеңде 0,4% құрады.
Айта кететін жайт, тұтыну тауарларына сұраныс бейімділігінің сандық
параметрлері тіпті молшылық жағдайының өзінде де әр түрлі үлттык, рынок
үшін бірдей бола алмайды. Жоғарыда қарастырылған параметрлерден басқа
сұраныстың бағалық бейімділігіне әсер ететін факторлардың арасында тұтыну,
дәстүр, талғам, әдет құрылымдарының ұлттык, ерекшеліктерін айтуға болады.
Азық-түлікке түпкі сұраныс көрсеткіштерін қарастыруды қорытындылай келе,
агробизнестің барлық жүйесінің және тұтастай алғанда ұлттық экономиканың
даму деңгейін бағалауда оның ерекше орны бар екенін атап өту керек.
Мысалы, АҚШ-та тамаққа жұмсалатын шығынның үлесі отбасылық бюджеттің 12-15%-
ке жуығын құрайды. Агробизнес дамыған елдердегі азық-түлік сұранысының өсу
перспективаларын бағалай келе мамандар олардың одан әрі тұрақтануы мен
едәуір кеңейетін мүмкіншіліктері бар екенін тілге тиек етеді. Графикалық
тұрғыдан айтқанда, бұл бағалық түпкі азық-түлік сұраныстың оңға қарай
қисайған азғантай қозғалысының перспективасын білдіреді. Осындай жалпы
жағдайда азық-түлікке сұраныс және тұтыну құрылымында өзгерістер күтілуде.
Сондай-ақ жоғары деңгейдегі технологиялық өңдеуден өткен, қабылдауға дайын
азық-түліктің үлес салмағының арту тенденциясының сақталатындығы жөнінде де
болжам бар.
80-жылдардың аяғында 90-жылдардың басында Қазақстанда бағаны босатқанға
дейін азық-түліктің өте тапшылығы азық-түліктердің бағалық бейімділігінің
күрт төмендеуіне алып келді. Инфляцияны күту сұранысты шамадан тыс
арттырьш, бағаның өсуі азық-түлікке деген сұранысты төмендетудің орнына
қайта керісінше арттыра түсті. Баға босатылғаннан кейін және оның күрт
өсуінен соң азық-түлік таппылығы негізінен жойылып, бірқатар аймақтарда
тіпті біраз уақытқа жететін азық-түлік жинап алу байқалды. Тұрғындардың
бірқатар бөлігі үшін азық-түлікке бағаның өсуі табыстың өсуіне жағдай
жасады.
Агробизнес кешенінде сұраныс мәні агро азык,-түліктік кешенінің
нүктелерінің орналасуына байланысты едәуір аумалы-төкпелі болады. Түпкі
азық-түлік рыногінен алыстаған сайын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің
шикізаттық рыногіне жақындаған сайын шығарылатын және сатылатын өнімнің
ассортименті күрт қысқара береді. Сондықтан да сұраныстың бағалық
бейімділігі түпкі сұраныстан қашықтаған сайын және бөлшек сауда, көтерме
сауда, тамақ, өнеркәсібі сияқты тиісті тұтынушылардың көз алдында бір-бірін
өзара ауыстырушылық азайған сайын төмендеуі керек деп теориялық тұрғыдан
күту әбден заңдылық. Алайда әңгіме өз бетінше жұмыс істейтін әр түрлі
рыноктер туралы болып отырғандықтан, олардың әрқайсысында сұраныстың
шапшаңдығына өздерінің факторлар кешені әсер етеді, сондықтан да бейімділік
коэффициенттерін жәй салыстыру барлық кезде бірдей дұрыс бола бермейді.
Ауыл шаруашылығы рыногіндегі сұранысты, яғни фермерлік қожалықтардың
өніміне сұранысты қарастырайық. Бәрінен бұрын бұның қандай сұраныс екенін
атап өтейік. Көп жағдайда ауыл шаруашылығы шикізатын толық ауыстыратын
басқа шикізаттың болмау себебінен оның базалық бейімділігі өте төмен (АҚШ-
та — 0,2). Сонымен қатар өнімнің кейбір түрлері үшін бейімділік
көрсеткіштері біршама жоғарырақ болуы мүмкін.
Сұраныстың мәні фермерлік табыстың қозғалысына тікелей әсср етеді. Егер
өнімге сұраныс бейімірек болса, бағаны арттырган кезде тұтынушы сатып
алынатын өнім санының күрт төмендеуімен жауап береді, сондықтан да сату
көлемінің төмендеуін бағаның өсуімен жабуға болады. Бұл жағдайда фермердің
жалпы табысы төмендейді.
Көп ретте ауыл шаруашылығы өндірісіне тән бейімсіз сұраным жағдайында
әдетте сатылатын өнім көлемінің азаюынан болатын ысырапты бағаның өсуімен
жабады. Нәтижесінде фермердің табысы өседі. Керісінше, баға төмендеген
кезде тұтынушылар сұранымының сандық, жағынан өсуіне реакциясы барынша
нашар болады, сату көлемінің өсуі бағаны төмендетуден болатын ысырапты жаба
алмайды, сондықтан да фермерлердің табысы тұтастай алғанда төмендейді. Осы
жағдайдан шығатын қорытынды: фермерлер үшін үлкен өнім алу тиімді емес,
өйткені ол табыстың азаюына әкеледі.
Ауыл шаруашылысы өндірісі және оның рыногінің өзіндік ерекшеліктері тек
қана сұраныс мәнінен көрінбейді, сонымен бірге ұсыныстан да көрінеді.
Тұтас алғанда ұсыныстың детерминанттары барлық салалар үшін ортақ болып
табылады, бірақ ауыл шаруашылығында олар басқа сфераларда байқалмайтын
ерекшеліктермен танылады. Нарықтык, экономика жағдайында сұраныс көлеміне
сияқты ұсыныс көлеміне де әсер ететін негізгі фактор — баға. Ұсыныстың
классикалық заңы мынада: бағаны өсіру ұсыныс көлемін арттыруға алып келеді
және керісінше. Басқаша айтқанда, баға мен ұсыныстың арасында тікелей
байланыс бар.
Бағаның өзгеруіне ұсыныстың өзгеруінің белсенді болмауы сұраныстың
бейімділік көрсеткіші сияқты ұсыныс көлемі өзгеруінің проценттік
қатынасының баға деңгейі өзгеруінің проценттік қатынасына есептелетін
ұсыныс бейімділігінің көрсеткішімен анықталады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің
ұсыныс бейімділігі салыстырмаы түрде төмен. Бұл оның өндірістік циклдың
ұзақтығы өсімдіктер мен малдардың дамуының биологиялық параметрлерге
тәуелділігі, көптеген өндірістік ресурстардың иммобильдігі сияқты табиғи
ерекшеліктерімен байланысты. Осы бағытта ұсыныстың белсенді болмауына ауыл
шаруашылығы өндірісінің маусымдылығы жане оның ауа райы — климаттық
жағдайларға тәуелділігі әсер етеді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде
бейімділіктің осындай дорежесінде ерекшеленетін салаларды да бөліп
көрсетуге болады.
Жылы жайлық көкөніс өсіруде немесе құс өсіруде ұсыныстың бейімділігі
жоғары болуы мүмкін, оның есесіне астық өндірісінде (астық қоры жоқ кезде)
ұсыныстың бейімділігі өндірістік циклдың ұзақтығы мен климаттық жағдайдың
ауытқуына тәуелділіктің салдарынан өте төмен болуы мүмкін. Жеміс
шаруашылығында жеміс ағаштарын отырғызу мен жеміс беруге дейінгі аралықтағы
ұзақ уақытша интервалдың әсерінен ұсыныс бейімділігі тіпті төмен болуы
мүмкін.
Уақытша интервалдың ұзақтығы ауыл шаруашылығында ұсыныстың бейімділігін
анықтайтын аса маңызды фактор болып табылады.
Қысқа мерзімді кезеңде ұсыныстың бейімділігі дайындалып қойылған өнім
қорының болуымен анықталады. Рас, егер бұл өнім тез бұзылатын болмаса. Тез
бұзылатын өнімдер үшін (мысалы, жаңадан жиналған жемістер үшін) ұсыныс
бейімділігі ең төменгі болып саналады. Ал, жаңадан ғана жиналған құлпынайды
бір күннің ішінде сату керек болатын классикалық жағдайда ұсыныс
бейімділігі тіптен жоқ десе де болғандай. Мұндай жағдайда ұсыныстың сызығы
тігінен тік көрінеді.
Орташа мерзімді кезеңде ұсыныс бейімділігі біршама жоғары болады
(өндірістік циклдың мүмкіндіктері шегінде). Фермерлер өз еңбектерін барынша
интенсивтендіріп, өндірістік ресурстарды — жемді, тыңайтқыштарды суару үшін
суды және тағы басқаларын көбірек пайдалана алады. Алайда, ресурстарды
түпкілікті қайта бөлу, бұл кезеңде бәрібір болмайды.
Ұзақ мерзімді кезеңде ауыл шаруашылығы өнімінің ұсыныс бейімділігі өте
жоғары болады. Бұл енді өндіріс циклының ұзақтығы бойынша шектеудің
болмайтындығына, фермерлер өздерінің өндірістік ресурстарын ең тиімді
өнімді өндіруге топтастыра білгендікпен байланысты. Ұзақ уақыт мерзімде
салаға жаңа өндірушілер кіріп үлгіреді. Ресурстардың барынша жинақы және
кіру барьерлерінің толығымен болмауы жағдайындағы ерікті бәсекелестік
рыногінде ұүсыныстың бейімділігі өте жоғары деңгейде болып, ұсыныс сызығы
көлденең жатады. Бұл жағдай үшін сондай-ақ өндіріс шығындары тұрақты болып,
өспеуі қажет.
Егер ұсыныс бейімділігі жағымды көлемде болса, өндіруші табысы мен өткізу
бағасы бір бағытта өзгереді.
Ұсыныстың және оның бейімділігінің келесі детерминанты ауыл шаруашылығы
ресурстарына бағаның қозғалысы болып табылады. Олардың өсуі әдетте өндіріс
көлемі мен ұсыныстың төмендеуіне әкеледі және керісінше. Мысалы,
тыңайтқышқа бағаның өсуі тиісті ауыл шаруашылығы дақылдарының ұсынысын
қысқартуы мүмкін.
Сонымен бірге осы ереженің дұрыстығына қарамастан өндіріс ресурстарына
деген баға мен тиісті өнімнің ұсынысы арасындағы байланыс ұзақ мерзімді
кезеңде соншалықты осындай түзу сызықтағы мәнде болмауы мүмкін. Айталық,
ресурстарға бағаның өсуінің салдарынан белгілі бір өнім ұсынысының қысқаруы
қанағаттандырмайтын сұраныс тудырып, сату бағасын арттыруы мүмкін. Ал бұл
өз кезегінде ресурстарға бағаны өсіреді. Өйткені, ресурстарға сұраныс
өнімге сұраныстан шығатын сұраныс болып табылады.
Ұсыныстың детерминант қатарына сондай-ақ өндіріс технологиясының өзгеруін
де жатқызуға болады. Ресурс сақтайтын технологияны енгізген жағдайда
өндірістің шығындары азайып, фермердің табысы өседі. Мұның өзі оны өнім
өндіруді көбейтуге және тиісінше ұсынысты көбейтуге түрткі болады.
Ауыл шаруашылығында ұсыныстың көлемі мен динамикасына қосалқы және
бәсекелес өнім өндіру едәуір әсер етеді. Бұл технологияның ерекшелігіне
байланысты. Бір өндірістік цикл ішінде өнімнің бірнеше түрі шығарылса
немесе бір ғана ресурс пайдаланылса, технологияның ерекшелігі болып
саналады. Қосалқы өнімдерге бір ғана технологиялық циклге алынатын өнімдер
— қой еті және жүні, сүт және бұзау еті жатады. Қосалқы өнімге бағаның өсуі
оның қасындағы тауарға ұсынысты көбейтеді, мысалы, жүнге деген сұраныс пен
бағаңың өсуі рынокте қой етіне ұсыныстың өсуін туғызады.
Бұған қарама-қарсы баға динамикасы мен бәсекелес өнімдердің ұсынысы
арасындағы тәуелділік болып табылады. Оларға бір ресурс пайдаланылатын
өнімдер жатады. Мысалы, мал шаруашылығында бұл құс және шошқа еттерін
өндіру, себебі олардың рационының негізі астық болып табылады. Егіншілік
шаруашылығында бұған ұқсас технология бойынша бірдей техникалық құрал-
жабдықтарды, тыңайтқыштарды, химикаттарды пайдалану арқылы өсірілетін
дақылдар жатады. Кеңірек таратып айтсақ, барлық дала дақылдары негізгі
ресурс ретінде жерді пайдаланатын болғандықтан, өзара бәсекелестер болып
табылады. Сол бәсекелес өнімдердің бірінші қымбаттауы басқаларды өндірудің
азаюына және ұсыныстың кемуіне және керісінше — біреуінің арзандауы өндіріс
көлемін арттыруға және басқа бәсекелес тауарлардың ұсынысының көбеюіне алып
келеді.
Ұсыныс көлеміне тұрақты және ауыспалы қордың құрылымы да әсер етеді.
Қорды көп қажет ететін, тұрақты шығындары көп салаларда ұсыныс барынша
тұрақты және бағаның өзгеруіне аса иліге қоймайды. Мысалы, мал шаруашылығы
мен жоғары механикаландырылған егіншілік салаларында жағдай осылай.
Өйткені, негізгі қорға шығын о баста жұмсалып қойылады, сондықтан да фермер
өндірісті жалғастырып, оларды ақтау үшін тіпті бағалық конъюнктураның
қолайсыз жағдайында барынша тырысып бағады.
Сұраныс көлеміне сияқты, ұсыныс көлеміне де рыноктік конъюнктурадағы
өзгерістерді күту әсер етеді. Бұндай күтулерге шетелден сатып алу немесе
шетелге шығару үшін субсидия беру, саланы үкіметтің қолдауы, ауыл
шаруашылығы жылының ауа райы туралы ақпараттар жатады.

ІІ Тарау Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу
нарығындағы ерекшеліктер.
2.1 Ауыл шаруашылығы өнімдері және азық-түлік рыногіндегі
баға белгілеу ерекшеліктері.
Бәрімізге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
Кәсіпорындaғы мaркетингтік қызметті бaсқaру
Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері
Экономикадағы интеграциялық процестер
Сүт және сүт өнімдерінің өндірісін басқару
Тұтыну тауарлар нарығының қызмет етуінің негізгі тенденциялары және тұтыну тауарлар маркетингін жалпылау арқылы оның тиімділігін жоғарылату бойынша кешенді шаралар
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ауыл шаруашылығы нарығының жалпы бейнесі
Тәуекел жағдайында сүт өндіру мен өткізу стратегиясын оңтайландыру (ақмола облысының мысалында)
Шитті мақта мен мақта-талшығын өңдеумен айналысатын өңдеуші кәсіпорындардың маркетингтік басқару
Пәндер