Балалардың қан мен қанайналым жүйелерінің жас ерекшеліктері



1. БАЛАЛАРДЫҢ ҚАН МЕН ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
3. ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ
4. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
5. ЖҮРЕК.ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
6. ЖҮРЕК.ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ОНТАНАТАЛДЫ КЕЗЕҢДЕ ДАМУЫ
7. САРЫСУ (ЛИМФА) ЖҮЙЕСІНІҢ ТАМЫРЛАРЫ
8. КӨКІРЕКТІК САРЫСУ ӨЗЕГІ
9. ОҢ ЖАҚ САРЫСУ ӨЗЕГІ
Ағзада қанның маңызы мен міндеті. Қан, сарысу (лимфа) жєне ұлпа сұйықтықтары ағзаның ішкі ортасы болып табылады. Ол ортада жасуша, ұлпа жєне мүшелердің тіршілік іс-єрекеттері жүреді. Ағзадағы қан мен оның міндеттері төмендегідей:
1. Қан – ағзадағы су тұрақты-лығын – жасушаға суды єкелу жєне одан тұрақты түрде жоғалатын (тыныс кезінде, бөліну кезінде суды толықтыру арқылы сақтайды.
2. Қан – ағза ұлпаларына қорек-тік зат жеткереді. Асқорыту бары-сында жіңішке ішектердегі бүрлер арқылы қанға қоректік заттар өтеді, олар қызылтүйіршіктер (эритроцит-тер) жєне ақтүйіршіктер (лейкоцит-тер) көмегімен ағза бойына тасиды.
3. Қан – жасушалар арқылы от-тегін єкеледі жєне көмірқышқылын єкетеді, қан қылтамырлары арқылы көмірқышқыл газын береді, оттегін сіңіреді де, єр түрлі мүшелердің жєне ұлпалардың қылтамырларынан өткенде ұлпа жєне жасушаларға оттегін береді де көмірқышқыл газын сіңіреді.
4. Қан – ағзадан қалдық өнімде-рін єкетеді, жасуша жєне ұлпалар-дың тірлік іс-єрекетінің барысында бірқатар қалдық өнімдері, тіпті ағза-ға зиянды заттар пайда болады. Бұл қалдықтар алдымен ұлпа сұйықты-ғына одан кейін қанға өтеді. Олар қан арқылы бүйрек жєне тер бездері-не келіп, олар арқылы сыртқа шығарылады.
5. Қан – ағзадағы сұйықтық (гу-моралды) байланысын іске асырады.
Қан єртүрлі мүшенің іс-єрекетін реттейтін жєне қоздыратын, химиялық заттарды бүтін денеге тарқатады. Бұл – гормондар.
6. Қан – ағзаға түскен зиянды қоздырғыштардан бөгде денелерді сақтайды. Қанның ақтүйіршіктері (лейкоциттер түрлі зиянды жєндік-терді қоршап алып оны денесіне қорытып жояды. Улары (токсиндері) ерекше заттар – антитоксиндер арқылы усыздандырады.
7. Қан – ағзадағы жылу реттеуге (терморегулярияға) қатысты. Тағы да қан арқылы дене қызуы бір мүшеден пайда болған жылуларды басқа мүшелерге алмастыру жолымен, тоңып қалған (тері, тыныс) мүшелерде жылу реттеледі.
Қан мөлшері. Ересек адамның жалпы қан мөлшері оның дене салмағының 6-8%, яғни 5-7 л (салмағы 70 кг.) тура келеді. Балаларда ержеткендерге қарағанда қан мөлшері көп болады. Нєрестеде ол дене салмағы бойынша есептегенде 10-20% дейін, ал емізулі балада – 9-13% дейін, 6-16 жас аралағында 7% тең болады.
Қалыпты жағдайда қанайналы-мында 40-45% қан тамырларында жүреді, ал басқа бөлігі қан қоймаларында (депо): бауырдың қылтамырларында, көкбауырда жєне теріасты шелінде (клетчаткада), олар ағзадан дене қызуы күшейген кезде, қара жұмыс істегенде, қан аққан кезде т.б. беріледі. Артериалды қан ағу кезінде қанның жоғалу мөлшері 1/3 – ½ тең болғанның өзінде қанның қысымы шұғыл түсуінен өлімге душар етеді.
Қанның құрамы. Қан сарысу-дан (плазмадан, сары реңді жартылай тұнық сұйықтық) жєне пішінді элементтерден: қанның қызылтүйір-шігі немесе эритроциттер, қанның ақтүйіршіктері немесе лейкоциттер жєне қантақташалары немесе тромбоциттерден құралған (27-сурет).
13 қан мөлшерінде шамамен 4-5 млн. қызылтүйіршік, 6-10 мың ақтүйіршіктер жєне 300-400 мың қантақташалары болады. Қызыл-түйіршік (эритроциттер) пішіні бойынша дөңгелек тапа нанға ұқсайды, олар шамамен 4 ай ғана өмір сүре алады. Олар үздіксіз қан жасайтын мүшелерден (сүйектің қызыл кемігі, көкбауыр) туындап отырады. Қызылтүйіршік жас кезінде ядросы болады, ал ересектенгенде ядросы жоғалады. Ағзадағы қызыл-түйіршіктердің беттерінің жалпы көлемін есептегенде єрбір адамның денесінің сыртқы бетінен 1500 есе артық, ол шамамен 3000 м, яғни 1/3 га тең екен.
Қанның қызылтүйіршігінде қы-зыл түске боялатын гемоглобин заты болады, ол екі бөліктен: ақуызды – глобиннен жєне темір құрамы бар – гемодан тұрады. Гемоглобин берік қосылмаған оттегінен түзіледі. Осыған байланысты ағзада гемоглобин оттегін тасушы болып саналады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Х ТАРАУ

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАН МЕН ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖАЛПЫ МЄЛІМЕТ

Ағзада қанның маңызы мен міндеті. Қан, сарысу (лимфа) жєне ұлпа
сұйықтықтары ағзаның ішкі ортасы болып табылады. Ол ортада жасуша, ұлпа
жєне мүшелердің тіршілік іс-єрекеттері жүреді. Ағзадағы қан мен оның
міндеттері төмендегідей:
1. Қан – ағзадағы су тұрақты-лығын – жасушаға суды єкелу жєне одан
тұрақты түрде жоғалатын (тыныс кезінде, бөліну кезінде суды
толықтыру арқылы сақтайды.
2. Қан – ағза ұлпаларына қорек-тік зат жеткереді. Асқорыту бары-сында
жіңішке ішектердегі бүрлер арқылы қанға қоректік заттар өтеді, олар
қызылтүйіршіктер (эритроцит-тер) жєне ақтүйіршіктер (лейкоцит-тер)
көмегімен ағза бойына тасиды.
3. Қан – жасушалар арқылы от-тегін єкеледі жєне көмірқышқылын єкетеді,
қан қылтамырлары арқылы көмірқышқыл газын береді, оттегін сіңіреді
де, єр түрлі мүшелердің жєне ұлпалардың қылтамырларынан өткенде
ұлпа жєне жасушаларға оттегін береді де көмірқышқыл газын сіңіреді.
4. Қан – ағзадан қалдық өнімде-рін єкетеді, жасуша жєне ұлпалар-дың
тірлік іс-єрекетінің барысында бірқатар қалдық өнімдері, тіпті ағза-
ға зиянды заттар пайда болады. Бұл қалдықтар алдымен ұлпа сұйықты-
ғына одан кейін қанға өтеді. Олар қан арқылы бүйрек жєне тер
бездері-не келіп, олар арқылы сыртқа шығарылады.
5. Қан – ағзадағы сұйықтық (гу-моралды) байланысын іске асырады.
Қан єртүрлі мүшенің іс-єрекетін реттейтін жєне қоздыратын, химиялық
заттарды бүтін денеге тарқатады. Бұл – гормондар.
6. Қан – ағзаға түскен зиянды қоздырғыштардан бөгде денелерді
сақтайды. Қанның ақтүйіршіктері (лейкоциттер түрлі зиянды жєндік-
терді қоршап алып оны денесіне қорытып жояды. Улары (токсиндері)
ерекше заттар – антитоксиндер арқылы усыздандырады.
7. Қан – ағзадағы жылу реттеуге (терморегулярияға) қатысты. Тағы да
қан арқылы дене қызуы бір мүшеден пайда болған жылуларды басқа
мүшелерге алмастыру жолымен, тоңып қалған (тері, тыныс) мүшелерде
жылу реттеледі.
Қан мөлшері. Ересек адамның жалпы қан мөлшері оның дене салмағының 6-8%,
яғни 5-7 л (салмағы 70 кг.) тура келеді. Балаларда ержеткендерге қарағанда
қан мөлшері көп болады. Нєрестеде ол дене салмағы бойынша есептегенде 10-
20% дейін, ал емізулі балада – 9-13% дейін, 6-16 жас аралағында 7% тең
болады.
Қалыпты жағдайда қанайналы-мында 40-45% қан тамырларында жүреді, ал
басқа бөлігі қан қоймаларында (депо): бауырдың қылтамырларында, көкбауырда
жєне теріасты шелінде (клетчаткада), олар ағзадан дене қызуы күшейген
кезде, қара жұмыс істегенде, қан аққан кезде т.б. беріледі. Артериалды қан
ағу кезінде қанның жоғалу мөлшері 13 – ½ тең болғанның өзінде қанның
қысымы шұғыл түсуінен өлімге душар етеді.
Қанның құрамы. Қан сарысу-дан (плазмадан, сары реңді жартылай тұнық
сұйықтық) жєне пішінді элементтерден: қанның қызылтүйір-шігі немесе
эритроциттер, қанның ақтүйіршіктері немесе лейкоциттер жєне қантақташалары
немесе тромбоциттерден құралған (27-сурет).
13 қан мөлшерінде шамамен 4-5 млн. қызылтүйіршік, 6-10 мың ақтүйіршіктер
жєне 300-400 мың қантақташалары болады. Қызыл-түйіршік (эритроциттер)
пішіні бойынша дөңгелек тапа нанға ұқсайды, олар шамамен 4 ай ғана өмір
сүре алады. Олар үздіксіз қан жасайтын мүшелерден (сүйектің қызыл кемігі,
көкбауыр) туындап отырады. Қызылтүйіршік жас кезінде ядросы болады, ал
ересектенгенде ядросы жоғалады. Ағзадағы қызыл-түйіршіктердің беттерінің
жалпы көлемін есептегенде єрбір адамның денесінің сыртқы бетінен 1500 есе
артық, ол шамамен 3000 м, яғни 13 га тең екен.
Қанның қызылтүйіршігінде қы-зыл түске боялатын гемоглобин заты болады,
ол екі бөліктен: ақуызды – глобиннен жєне темір құрамы бар – гемодан
тұрады. Гемоглобин берік қосылмаған оттегінен түзіледі. Осыған байланысты
ағзада гемоглобин оттегін тасушы болып саналады.
Қанның қызылтүйіршіктері-нің тұнба реакциясы. Қызыл түйіршікті тұндыру
жылдамдығын анықтау үшін Панченков шыны түтігін пайдаланады. Қан ұйып
қалмас үшін алдымен шыны түтіктің ішіне лимон қышқыл натрийін құйып, қанды
араластырып арнайы құралға (штативке) тігінен қояды. 1 сағат өткенде оның
қызылтүйіршік-терінің тұнған мерзімін анықтайды. Сау єйелдерде оның тұну
уақыты 7-12 ммсағатына, ал ер кісілерде 3-9 ммсағатына тең.

27-сурет. Қан құрамы

Қанның ақтүйіршіктері (лейко-циттері – реңсіз жасуша, ядро жєне
протоплазмасы бар. Қанның ақтүйір-шіктері сүйектің қызылкемігінде, сарысу
түйіндерінде жєне көкбауыр-да түзіледі. Ақтүйіршіктер қанда шамамен 3-4 күн
ішінде ғана өмір сүреді. Қанның ақтүйіршіктері ағзада өз бетінше қимылдап
жылжиды.
Оларды үлкен 2 топқа: дақты ақтүірішктер немесе гранулоциттер, дақсыз-
агранулоциттер болып бөлі-неді. Ақтүйіршіктер амеба тєрізді, жалған
аяқтарын шығарып жылжи-ды. Қанның ақтүіршігі қылтамырдың қабырғалары арқылы
өтіп қан ағу жүйесінен шығады да дененің барлық бөліктеріне бара алады.
Денеге өткен қарапайым жєндік-терді, ақтүіршіктер жан-жағынан қамтып
ұстайды да денесіне дарытып жібереді. Бұл жағдай ақтүйіршіктің жебірлігі
(фрагоцито-зы) деп аталады.
Бұл құбылыста И.И.Мечников ашқан. Оның көрсеткеніндей жыл-жып жүретін
жасуша – ақтүйіршік – қатты бөлшектерді ұстап алып қорытып жіберуге
қабілетті. Осының салдарынан олар ағзада қорғаныш-тық қызметін атқарады.
Осыған байланысты жасуша бөгде заттарды ұстап және қорыту қабілеттілігін
жебір немесе фагоциттер деп атаған. Жебір немесе фагоцитоз ілімі үшін
И.И.Мечников Нобель сыйлығының жүлдегері атанған.
Қанның тақташалары – тромбоциттер. Олардың көп бөлігі қоймаларда
(депода): бауырда, көкбауырда, өкпеде болады. Олар осы жерден қанға (қажет
болған кезде) өтеді. Қан тақташаларының өмір сүру мерзімі 8-10 күн
шамасындай. Тромбоциттердің қыз-меті – қан ұюына қатысу. Олар бөгделердің
бетіне жабысып желім-денеді, осының нәтижесінде зақым-данған тамырларда
қантақташа-ларынан (тромбоциттерден) түзілген ақтақташалар (тромболар)
пайда болып тамыр зақымдары бітеледі. Соңында оларда фибрин жіпшелері
шығарылады. Цитоплазмада түзілген заттардан қалыңдау (ретрациясы) болады.
Қанның тақташаларының құрамында 9 түрлі факторлар қан-ның ұюына қатысады.
Тромбоцит-тердің мөлшері азайған кезде қан ағу уақыты шұғыл ұзарады.
Қанның жас ерекшеліктері. Ересек адамның қанында пішінді элементтердің
қатынасы белгілі дәрежеде тұрақты болады. Бұл пішінді элементтердің
тұрақтылығы, олардың үздіксіз жаңаланып және бұзылғандары орнына келуі, қан
жасайтын мүшелер арқылы және қан тарату орнын толтырып отырады. Бұндай
мүшелерге: жілік майы (сүйек кемігі), бауыр, көкбауыр және сарысу (лимфа)
түйіндері жатады. Сарысу түйіндерінде және көкбауыр-да қанның
ақтүйіршіктері, ал сүйектердің қызыл кеміктерінде қанның қызылтүйіршіктері,
қанның тақташалары және ақтүйіршіктердің кейбір түрлері түзіледі. Бауыр мен
көкбауырда қанның қызылтүйіршік-тері бұзылып отырады.
Қан жасайтын мүшелердің дамуы. Қан жасайтын мүшелер ерте ана құрсағының
ішінде, бауырда, көкбауырда және жілік майларында жасалады.
Бауыр. Ағзаның эмбрионалды дамуында бауыр қан жасайтын мүше ретінде
үлкен маңызы бар. Эмбрион-ның 5 аптасында бауыр қан жасайтын орталық болып
саналады. 20 аптаға жеткенде бауырдың қан жасайтын ошақтарының саны азаяды.
Ана құрсағының кезеңінің соңында бауырдың қан жасайтын дәуірі тоқталады,
бірақ кейде туғаннан кейін 1 ай немес 1 жылға дейін оның қызметі сақталуы
мүмкін.
Көкбауыр (талақ). Көкбауыр – тақ мүше. Оның көлемі қан толуына және
белсенді қан жасау қызметіне байланысты болады. Ол сол жақ қабырға астында,
көкіректің астыңғы жағына таман орналасқан. Көкба-уырдың сырты ішпердемен
жабыл-ған. Шел астында жабылатын дәнекер қабы бар. Қаптан мүшенің ішіне
баратын дәнекер перделері – трабекулдары созылып жатады. Дәнекер
перделерінің арасында көкбауырдың болбыры (пульпасы) жатады, ол қоңыр-қызыл
түсті болады. Болбырдың негізін құрайтын ретикулды ұлпасы болып ол күшті
қантамырымен жабдықталған. Көк-бауыр болбырында ашық боялатын лимфоидты
ұлпа аралшықтары болады, осы жерде қанның ақтүйіршіктері дамиды.
Адамда көкбауырдың бастамасы ана құрсағында эмбрион 1 айлық ақырында
асқазанның үлкен иініне жақын шамада, шажырқай қалта қабырғасының
қалыңдаған түрінде түзіледі. Эмбрион 3 айлық болғанда көкбауырда кең
веноздық қойнауы (синусы) дамиды да лимфоидты ұлпалары аралшықтарға
бөлінеді. 3 айда бұл қойнаулар қызылтүйіршік-термен толады да көкбауыр
өзінің қызыл түсіне келеді.
Көкбауырдың әр түрлі бөлікте-рнің даму қарқыны әр түрлі. Көкбауырдың
қабы 13-14 жасында құрылысы бойынша ересектерге жақындайды. Туылғаннан 1
жасқа дейін 1 және 2-ші қатардағы трабекулдердің қарқынды өсуі, одан кейін
7-8 жаста біркелкі өсу, ал 9 жаста қайтадан қарқынды өсуі байқалады.
Дәнекер ұлпа перденің (трабекулдың) соңғы қарқынды өсуі жыныс жетілу
кезеңінде (16-20 жаста) өтеді.
Ақ болбыр көпіршік (фоллику-ла) мөлшерінің көбеюі 1 және 10 жас
аралығында кездеседі, одан кейін олардың кері дамуы (инволюциясы)
басталады. Олардың шұғыл төмен-деуі 20-21 жаста болады. Көкба-уырдың қан
жасайтын іс-әрекетінде қанның қызылтүйіршігі және қанның ақтүйіршігіндегі
дақты нейтрофил-дері ерте тоқталады.
Нәрестеде көкбауырдың салма-ғы (массасы) дене салмағы мен ұзындығына
байланысты өзгереді. Мысалы, дене массасы 2,5 кг, дене ұзындығы 32 см
болғанда, көкбауырдың массасы 7,6 г; дене массасы 3,5 кг, дене ұзындығы 36
см, көкбауырдың салмағы 11,1 г тең.
Н.П.Гундобин (1906) көрсетуі бойынша көкбауырдың салмағы жә-не өсуімен
бірдей жүреді. Нәрестенің көкбауыр салмағы бойынша есеп-тегенде алғаш
айларында көкба-уырдың салмағы екі есе, 1 жасқа келгенде 3 есе, ал 10 жасқа
келгенде 10 есе артады.
Көкбауырдың қанмен жабдық-талуы көкбауыр артериясы арқылы жүреді, ол
мүшенің қақпасына ене майда дәнекер перделердің (трабе-кулдердің)
артерияларына тармақта-лады. Көкбауыр болбырынан (пульпасынан) веноздық
қанның қайтуы, вена жүйесі бойынша орындалады.
Көкбауырдың жүйкеленуі күн тәрізді өрімнің сезімтал жүйке талшықтары
және ганлиядан кейінгі жүйке талшықтармен жүйкеленеді.
Сүйек кемігі. Сүйек кемігі ана құрсағындағы баланың алғашқы екі айында
бұғана сүйегінде басталады және 3 айлығына жалпақ сүйектерде – жауырын,
астау (жамбас) сүйектерінде, омыртқаларда, бассүйектерінде кешігіп түтікті
сүйектерде түзіле бастайды. Сүйек кемігі ана құрсағы кезінде 4 айлығынан
қан жасау жұмысына кіріседі де, 6 айлығында сүйек кемігі ең негізгі қан
жасайтын мүшелер қатарына қосылады.
Нәресте туылған кезде барлық сүйектердің қуысы қызыл кемікпен толған
болады, ал 3-4 жаста онда жекелеген май элементтері пайда болады. 7 жасқа
келгенде жіліктердің диафиздерінде (екі басына) қызыл кемік шоғырланады. 15
жаста жілік майға толады, ортан жіліктің жоғарғы 13-нен басқасы. Жалпақ
сүйектерде, қабырғаларда және төсте сүйек кемігі 30 жастан асқанда пайда
болады. Сүйектің қызыл кемігі қан жасайтын бөлігі болғандықтан ұзын жілікті
сүйектер-дің және жалпақ сүйектердің кемікті заттарынан тұрады. Ересек
адамдардың ағзасындағы жалпы сүйек майының салмағына шаққанда 50% сүйектің
қызыл кемігіне тең болады.
Сарысу (лимфа) түйіндері. Түйіндер тамырдың ұзына бойына тарқалып
орналасады. Сарысу түйін-дерінің бастамасы дене аймағының әр түрлі
бөлігінде әр түрлі мерзімде басталады. В.К.Демидов (1960) көрсетуі бойынша,
ана құрсағында баланың 2 айлығының соңында өкпелік сарысу түйіндерінің
бастамасы басталады, 3 айлығында – кеңірдек маңы және мойында, 4 айлығында
– қолтық, көкірек үсті және шат, 5 айлығында – өкпе ішінде және өңештің
ұзына бойындағы түйіндер түзіледі. Қалған түйіндер-дің тобы толығымен
туылғаннан кейін дамиды. 4-8 жасқа дейін ретикул-эндотелиалды жүйесінің
қарқынды дамуы және туберкул қойнау (синусы), ал тағы да түйіндердің қатты
және жұмсақ заттары дифференцировкасы қалып-таса бастайды. 8-ден 12 жасқа
дейін түйіндердің мүше есебінде қалып-тасуы аяқталды.
Түйіндердің артериялық қанмен жабдықталуы түйіннің қақпасы арқылы келіп,
тармақтарға бөлініп, біреулері трабекул және қабына, ал басқалары –
көпіршікке (фолликул-ға) және жұмсақ бауларға таралады. Сарысу (лимфа)
түйіндері қақпадан кірген тамырлармен бірге және кез келген түйін
беттерінің бөлігін жүйкелендірілуі жүйке тармақшала-рымен іске асады.
Сарысу (лимфа) түйіндері қан жасау, тосқауыл, сүзіктік және жебрлік (фагоци-
тарлық) қызметтерімен бірге сарысудың ағуын тәртіпке келтіруге қатысады.
Қан жасайтын мүшелердің жас ерекшеліктері. Ана құрсағын-дағы эмбрионның
қан жасауы үш кезеңге бөлінеді. 1-ші кезеңі эмбрионның 2-ші айының ақырына
дейін созылады. Қан жасайтын ошақтары өт қалташықтарында және шоғырланған
көкбауыр жасушала-рында құралады. Бұл бөлекетрде бос тамырлар түзіледі де
соңынан қылтамыр торларына айналады.
Осы тамырлардың қабырғасы-нан алғашқы қан жасушалары бөртіп шығады.
Олардың алғашқы қызыл-түйіршіктері, гемоглобині бар болып қалыптасады.
Ақтүйіршіктер бұл кезеңде өндірілмейді.
Эмбрионның 2 айлығының соңында бауырдың қан жасау іс-әрекеті басталады
да осыған лайық қан жасаудың ІІ – бауырлық – кезеңі. Бұл кезеңде белсенді
қызылтүйір-шіктер пайда болады, ал ақтүйіршіктер мен қантақташалары
(тромбоциттер) аз дәрежеде түзіледі.
Алғашқы сарысу (лимфа) жасушаларының түзілуі қызыл және ақтүйіршіктерге
қарағанда кештеу түзіледі. Көкбауыр мен сарысу түйіндері – мүше болып
оларда лимфоциттердің жетілуі басталады. Көкбауыр мен сарысу түйіндерінде
лимфоциттің түзілуімен қабат қызылтүйіршіктер мен дақты ақтү-йіршіктер
өндіріледі. Эмбрионның 2 айлығында алғашқы сүйек кемігі дифференцияланады,
ал 4-5 айлығында сүйек кемігі дамып қан жасайтын мүшеге айналады.
ІІІ кезеңі (эмбрионның 4-5 айлық дамуына тура келеді) сүйек кемігінің іс-
әрекеті кезінде көкбауыр мен сарысу түйіндерінің мүше ретінде
қызылтүйіншікпен дақты ақтүйіршік терінің өндірілуінің тоқталатымен
сипатталады. Қалған өмірінің барлығында олар дақсыз ақтүйіршіктерді –
лимфоциттерді бе-реді. Осылардан басқа ақтүйіршіктер көпіршіктерде
(фоликулада) лимфа-тикалық аппарат көптеген мүшелерде түзіле бастайды.
Сонымен, эмбрионның ІІІ кезеңінде қан жасушаларының түзіліп дамуы
көкбауырда, сарысу түйіндерінде, кілегейлі қабаттың лимфатикалық
көпіршігінде, бауыр-да және барлық сүйек кемігінен тимустың сабақты
жасушасына ауысады да, олар Т – лимфоциттерге дифференцияланады.
Келесіде дақты ақтүйіршіктер, қызылтүйіршіктер және қан тақташалары тек
сүйек кемігінде түзіледі, ол алғашқы 3 жасқа дейін барлық сүйектерде қызыл
түсті болады, 4 жасында қызыл кемікті майға алмаса бастайды. Жыныс жетілу
кезеңінде қызыл кеміктер тек жалпақ сүйектерде және ұзын түтікті
сүйектердің эпифизінде сақталады, соның үшін, осы сүйектерде қан жасау
сақталады. Дақсыз ақтүйір-шіктер туылғаннан кейін эмбрион-ның ІІІ
кезеңіндегідей көкбауырда түзіледі. Түрлі дертке ұшыраған балаларда
(мысалы, асқындаған және созылмалы жұқпалы аурулар) эмбрион кезінде дамыған
қан жасайтын ошақтарында кез клген уақыттарында орнына келуі мүмкін. Ақ
және қызылтүйіршіктердің туындайтын ошақтарының түзілуі бауырда,
көкбауырда, сарысу түйіндерінде, айырша безінде, бүйректерде, ішектерде
т.б. болады, басқаша айтқанда, балалар үшін эмбрионалды қан жасауға өту
оңай екенімен сипатталады. Басқа жағынан қарағанда балаларда қан жасау
жүйесі жетілменегендіктен, оларда ішкі және сыртқы әр түрлі әсерлердің
арқасында қан денешік-терінің түзілуі оңай бұзылады. Әсіресе балалардағы
қызылтүйір-шіктердің пайда болуы оңай бұзылады, олардың қанда саны да және
гемоглобин мөлшері де кемиді. Балалар өмірінде кездесетін, тамақтануы
бойынша саны мен сапасының жетіспеуі балаларды шамадан тыс немесе
жеткіліксіз далада жүргізу, оларды қан аздық себептеріне душар болады.
Иммунды реакцияның жас ерекшеліктері. Ағзаның өзінде түзілетін немесе
сырттан түсетін бөгде жасушалар немесе заттардан қорғанатын мүшелер мен
ұлпаларды біріктіретін иммунды жүйе болып саналады. Мүшелер, иммунды
жасушаларды түзгенде бірінші кезек ақтүйіршіктерді, ал тағы да плазмо-
циттерді айтады, олар иммундық барыста ағзаға енген бөгде заттарды жібермей
және онда пайда болған жасушаларды іздеп тауып жояды (Р.В.Петров). Иммунлық
жүйе мүшелеріне (лимфоидты мүшелерге) қазіргі көрсеткіштер бойынша, ағза-
ның қорғану реакциясын атқаратын, пайда болған жасушаларды жоюға
(лимфациттер, плазматикалық жасу-шалар) қатысады. Иммундық мүшелер
лимфоидты ұлпалардан құралған.
Иммундық жүйе мүшелеріне сүйек кемігі, тимус, лимфоидты ұлпаның
шоғырлануы мүшелерінің қуысты қабырғаларында орналасқан, тыныс және несеп-
жыныс аппараты, жіңішке ішектердің қатпарлы табақшалары, көкбауырдың дара
лимфоидты түйіншектері, ішкі мүше-нің қабаттары, сарысу түйіндері, көкбауыр
жатады. Сүйек кемігі, тимус олардың сабақты жасуша-сынан ақтүйіршіктер
дифференция-ланғандықтан иммунды жүйенің орталығы болып саналады, басқалары
иммуногенездің шеткі мүшелері деп аталады.
Тимус немесе айырша безі иммуногенезді ұйымдастыратын ор-талық болып
саналады, оларда қан арқылы сүйек кемігінен келетін сабақты жасушалар
жетіледі және Т-лимфоциті дифференцияланады.
Тимус денесінің жоғарғы жағында, алқа тәрізді сүйегінің артында, көкірек
қуысының аралығында орналасқан. Бұл без оң және сол жақ бөліктерге
бөлінеді. Оларды болбыр (борпылдақ ұлпа қаптайды. Әрбір бөліктің ортасында
жұмсақ зат бар, оны қыртысты зат қаптайды. Бұл екі зат бірінен-бірі айқын
шектелмеген. Қыртыстың домалақ ядролы дөңгелек жасуша-лары – ақтүйіршік
(лимфоцит), ал жұмсақ затта миллиондаған эпители жасушаларынан түзілген
Гассаля денешіктері болады. Сөйтіп айырша без эпители және сарысу ұлпалары-
нан түзілгендіктен, лимфоциттер тимуста иммундық қасиеті бар Т-
лимфоциттерге айналады.
Айырша без жаңа туылған балада (әсіресе 2 жас шамасында) үлкейе
бастайды. Ал 13-15 жас арасында өте аз өзгереді. Оның салмағы 2 жаста 20 г,
10-15 жаста 37 г-ға жетеді де кейін біртіндеп кішірейеді. 16-20 жаста 25 г,
21-35 жаста 22 г, ал 50-90 жаста 13,4 г болады.
Тимустың (айырша без) қыз-меті: кәмелетке жеткенше жасөспі-рімдердің
жыныс бездерінің дамуын тежеп тұрады. Тимустан бөлінетін гормон тимозин
қанмен келген лимфоциттерді ағзаға зиян келтіретін бөгде денелерді жоятын
иммундық Т-лимфоцитке айналдыруға және түйін бездері мен көкбауырдың
қызметін атқаруға да белгілі дәрежеде септігін тигізеді.
Балалар мен жасөспірімдерде тимус қолға жұмсақ сезіледі, сұрғыш-қызғылт
түсті. 10 жасына дейін қыртысты заттары жұмсақ заттарынан көбірек болады.
10 жасында екеуі теңеседі.
Әрі қарай тимустың қыртысты, жұмсақ және болбыр заттары теңесіп, май
ұлпалары пайда болады. Келешекте жан-жағынан дәнекер ұлпалардың өсуі
байқалады. Егер нәрестеде дәнекер ұлпа тимустың массасына қарағанда 7% , ал
20 жаста ол 40% (май ұлпасын қосқанда), ал 50 жаста 90% дейін жетеді.
Бала алғашқы 3 айында толық дерлік жұқпалы ауруларды қабыл-дамайды.
Одан кейін біртіндеп ондай қасиеті азая бастайды да, бала ағзасы 9 айға
жеткенде барлық жұқпалы ауруларды қабылдай беретін болады. Бұл
айтылғандардың себебінде (әсіресе 3 айға дейін) жұқпалы ауруларға берілмеу
себебі бала тәнтірлігінің ареактивтілігі болуына байланысты. Баланың
ареактивті-лігіне көп себептерді көрсетуге болады. Бұған мысал ретінде
қанды-ірің іш өтуден улану, пневмококкты және тифозды антигендер т.б.
айтуға болады. Ареактивтіліктің себебі функционалды жетілмеуі және жүй-ке
мен гуморалды механизмі нашар, тағы да ретикуло-эндотелиалды жүйенің
элементтері әлі жетілмеген-дігінде болып саналады. Осы жағдайлардың
барлығын есепке алғанда, нәрестені өз анасының уызын беру одан кейін де, 3
айға дейін өз анасының сүтімен емізу, одан кейін де 9 айға дейін өз ана
сүтімен емізу түрлі жұқпалы ауруларға берілмей, өсіп-дамуына тікелей ана
сүті екені дәлел бола алады. Сондықтан да табиғи өз анасының сүтімен
балаларды өсіру тиімді болатыны сөзсіз.
Шеткі қандардың жас ерекше-ліктері. Нәрестеде қанның мөлшері ересек
балаларға қарағанда көбірек. Балаларда қанның үлес салмағы азды-көпті
тұрақты және жасына байланысты емес, нәрестені есепке алмағанда, оның үлес
салмағы шамалы көбірек (1,060 – 1,080), біршама ересек балаларға қарағанда
(1,055 – 1,062) тең болады.
Туылғаннан кейінгі кезеңде қанның салыстырмалы түрде қанның тұтқырлығы
алғашқы күндері жоғары (12,4). Одан кейін қан тұтқырлығы жасына қарай
төмендейді. 1-ден 12 айға дейінгі балалар үшін – 4,6; 1 жастан 3 жасқа
дейін – 4,57, 3 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін – 4,6 болады.
Нәрестеде қанның қызылтүйір-шігінің тұну жылдамдығы өте төмен – орташа 2
ммсағат, 1 айдың соңында ол ересек адамдардікіндей сипатқа келеді (3-9
ммсағ). Жасына қарай қызылтүйіршіктің тұну жылдамдығы әдетте өзгермейді де
2-ден 17 ммсағат аралығында болады.
Қанның химиялық құрамы ақуыз тұрақтылығымен және салыстыр-малы түрде
жасына қарай өзгермеуімен ажыратылады, ал қандағы холестерин құрамы жасына
қарай көбейеді. Балаларда қандағы гликоген деңгейі орташа шамамен 16,6 мг%
кезінде 11,7-ден 20,6 мг аралығында болады.
Қанның тұзды құрамы онтогенездік дәуірінде мөлшері жағынан өзгереді, ал
сапа жағынан өзгермейді. Балдарда 1-3 жасында қандағы кальций құрамы 7,1-
15,12 мг% аралығында, орташасы 11,28 мг% тең. Балаларда сарысудағы натрий
құрамы 1 жасында орта есеппен 145 мг-эквл. Балаларда 6-дан 18 жасқа дейін
–280-350 г%. Қандағы калий деңгейі 1 жаста ересек адамдардың деңгейіне
тура келеді.
Нәрестеде қандағы фосфордың мөлшері орташа 4,57 мг% жетеді, емізулі
балалардың жасында – 5,29 мг% , ал балаларда қандағы цинктің құрамы 1
жастан 13 жасқа дейін ересектерге қарағанда төмен. Осы-лардан басқа,
балалардың қанында мыс, кремний, титан, марганец, темір және т.б.
кездеседі.
Қандағы ферменттердің белсен-ділігі амилаздардың, катализдардың және
липаздардың ал тағы да трансаминаздардың 1 күнінен 1 жас бойына жүйелі
түрде артады. Осы кезде ферменттердің белсенділігі не түрлі факторлар
себепші болады: емізу тәсілдері, тіршілік жағдайы, ауру сырқаттары т.б.
Балаларда 7-18 жас шамасына дейін қандағы амилаз белсенділігі
төмендейді. Мәселен, балалардың 7-8 жасында ол 182 (қант бойынша), 11-12
жаста – 97, 15-16 жаста – 84, 17-18 жаста – 74, ересектерде – 30-40 жаста –
50-ге тең.
Қан ұю жүйесінің онтогенезі. Қанның ұю жүйесі ағзаның тәнтанулық
(физиологиялық) жүйе-сіндей эмбриогенез кезеңінде және ерте онтогенезінде
жетіліп қалып-тасады. Қанның ұю жүйесі деп – мүшелердің синтездеуші,
өнімдеуші және жоюшы факторлары қанның ұюы және ұюға қарсы (бауыр,
көкбауыр, өкпе, сүйек кемігі, тамырлар қабырғасы) салыстырмалы түрде
тұрақты немесе қандағы осы факторлар динамикалық теңдікті, мүшенің
функционалды жағдайын және жүйке сұйықтың (гуморалды) механизмі біркелкі
болғанымен анықталады.
Белгілі жас кезеңінде (эмбрио-налды, ерте, постнаталды, толған және
кәрілік) қанның ұю барысы өзінің ерекшелік сипаты болады.
Эмбрионалды кезеңін есептеме-генде қанның ұюы балалардың алғашқы
күндерінде баяу, ал 3-тен 7 күндерде қанның ұюы жылдамдайды және ересек
адамдар үшін тағайындалған нормаға жақындайды.
Мектепке дейінгі балаларда, жасөспірім мен ержеткен уақытта ұю кезеңі
жеке ауытқуы орташа алғанда бірдей сандарға тура келіп: ұюдың басталуы 1-2
минут аралығында, аяқ-талуы 3-4 минут аралығында болаты-ны
байқалған.Нәрестенің қанындағы фибриноген концентра-циясы анасы-на
қарағанда төмен. Бір күннің бойында фибриногеннің концентра-циясы
көтеріледі де 14 күнде ересектерге тән деңгейге көтеріледі.
Өмірдің әр түрлі жағдайында және іс-әрекетіндегі қанның өзгеруі. Ағзаның
ішкі ортасы салыстырмалы түрде тұрақты болғанына қарамастан, оның жоғары
талаптар және іс-әрекеттер қоюына байланысты, әр түрлі жас кезеңінде
өздеріне лайықты қан жүйесі жағынан жауап беріледі.
Сабақ үстемесінің әсері. Сабақ үстемесінің әсерінен орталық және ерекше
(вегетативті жүйке жүйесінің функционалды кейбір жылжулары байқалады.
Сонымен сабақ үстеме-сінің әсерімен 12 жасқа дейінгі балаларда
ақтүйіршіктердің (лейко-циттердің) саны көбейеді. Байқаған реакцияға қайта
бөлу механизмімен байланысты, ол қан элементтерінің жасалуының күшеюі-не
байланысты емес.
Балалардың (7-11 жаста сабақ үстемесі кезінде қызылтүйіршік-тердің тұну
реакциясы (ҚТР) бастапқыға қарағанда төмендейді. Бастапқы ҚТР жоғарысы
төмендейді, ал ҚТР-дің төменгісі жоғарылайды. Тағы да тұтқырлығы бастапқы
көрсеткіш төмен болса, оқу күнінің аяғында оның артқаны (орташа 3,7-ден 5,0
тең) оқу күні бойында балалардың қаны әсіресе 8-11 жастарда қандағы қант
деңгейі өзгереді, тағы да қанның ұюы шұғыл көтеріледі. Сонымен, ой жұмысы
бірқатар заңды қанның физика-химиялық қасиетін өзгертеді.
Дене үстеме жұмысының әсері. Бұлшықет жұмысы ағза жүйесіндегі бірқатар
тәнтірліктік (физиологиялық) іс-әрекеттердің қайта құрылуына, сондай-ақ қан
жүйесі де әсер етеді. Жасөспірімдер мен жігіттердің дене (бұлшықет)
жұмысының іс-әрекетінен кейін миогенді лейкоцитоз (ақтүйіршіктер санының
көбеюі) байқалады. Жігіттер мен бойжеткендерде (16-17 жаста) аз уақытта
және де қарқынды бұлшықет іс-әрекеті кезінде (жүгіру, жүзу және велосипедті
50 км айдау) гемоглобин мөлшері азда болса өзгереді.
Бұлшықет іс-әрекеті барлық жастарда айқын тробоцитоз (қан тақташаларының
көбеюі), бұны А.А.Маркосян (1955, миогенді тромбоцитоз деп атаған. Миогенді
тромбоцитоздың екі фазасы кезінде: біріншісі, аз қашықтық кезіндегі
бұлшықет іс-әрекетінде, томбоцито-грамманы жылжытпай қан түйіршік-терінің
саны көбейеді, екіншісі, әдетте қарқынды және ұзақ бұлшықет іс-әрекеті
кезінде қан тақташаларының санының көбеюі-мен бірге оның тромбоцитограммасы
да жас формаларына жылжуы байқалады.
Дене жұмысы кезінде (әсіресе қарқынды кезінде), бұлшықет құрысуы кезінде
ҚТР жылдамдайды (3-23 ммсағ). Жігіттер мен бойжеткендерде 16-17 жаста
қысқа уақытты жұмыс кезінде қанның тұтқырлығы айтарлықтай өзгермей-ді, ал
ұзақ әрі қарқынды бұлшықет құрысуынан (велосипед тепкенде) қанның
тұтқырлығы айқын көбейеді.
Қанның ұю уақыты да бұлшықет құрысуынан кейін, ол әр түрлі жастарда
бірдей деңгейде уақытты қысқарады, мысалы жасөспірімде 12-14 жаста,
ержеткендерде 16-18 жаста және кәмелетке толық жеткендерде 25 жаста болады.
Бірақ қанның ұю жылдамдығының қайтып орнына келуі жасөспірімдер мен
ержеткен-дерде ұзақтау өтеді.

ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Тамырлар жүйесі қантамырлар және сарысу (лимфа) тамырлар жүйесіне
бөлінеді. Қантамырлар немесе жүрек—тамырлар жүйесіне: жүрек, қолқа, күре
және майда артериялар, қылтамырлар (капил-ляр), артериялар, вена қылтамыры,
ұсақ және ірі веналар, ұсақ және қуысты веналар жатады. Олардың бойымен қан
ағады. Олар әр түрлі диаметрдегі серпімді түтік болып саналады (28, А-В
сурет).
Сарысу (лимфа) жүйесіне сарысулық саңлауы, сарысулық қылтамырлары,
сарысу тамыры, сарысу түйіндері және сарысу жолдары жатады. Олар арқылы
сарысу немесе лимфа ағады, қанайналымның веноздық бөлігі болып саналады.
Жүрек. Жүрек қуысты, бұлшықетті мүше, сүйір пішінді, көкірек қуысының
сол қуыс бөлігінде, алдыңғы аралықта орналасқан. Жүректің салмағы шамамен
300 г. Жүректің қабырғасы үш қабат: ішкі – эндокард, ортаңғы – микард және
сыртқы – эпикардтан құралады. Жүрек үлпершегімен қапталған – бұл перикард
немесе үлпершек. Сыртқы қабат (эпикард) және үлпершек (перикард) аралығында
саңлау тәрізді бостық – үлпершек (перикард) қуысы бар, ол қуыста шамалы
мөлшерде сір сұйықтығымен толған.
Адамның жүрегі – төрт қуыс-тан (камерадан) тұрады. Ол ұзына бойына
жатқан пердемен өзара байланыспайтын болып екі жартыға: оң және сол болып
бөлінген. Оң жақ жартысында венозды қан, сол жағында – артериалды қан
ағады. Жүректің әр жартысының өзі екі қуыстан (камерадан): жоғарғысы –
құлақша және төменгісі – қарынша, олар өзара бір-бірімен құлақша қа-рынша
(атриовентрикулярлы) тесік-пен қа-тынасып тұрады. Алдыңғы құлақшалардың
қабырғасында жүректің құлағы, ал қарыншалардың ішкі беттерінде жүректің
бұлшықетті қабатының шығыңқысы – бұлшықетті емізікшелері болады. Сол
қарыншаның қабырғасы оң жағына қарағанда әжептєуір қалың.
Оң құлақшаға жоғарғы және төменгі қуысты веналар және жүректің өзінің
жалпы веноздық тамыры құяды. Сол құлақшаға төрт өкпелік веналар ашылады.
Оң жақ қарыншадан өкпелік күретамыр (бағанасы) шығады, ал сол жағынан
артерия тамырының ең үлкені – қолқасы шығып, бүтін ағза-ға артериялық қан
береді. Жүректің оң жартысында, құлақша мен қарын-шаның арасында үшжақ-
таулы қақ-пақша, сол жартысында құлақша мен қарынша аралығында –
екіжақтаулы қақпақша, тағы да өкпелік күрета-мыр және қолқаның басталатын
жерінде жартылай қақпақшалары бар. Жүректің қанмен жабдықталуы, екі тәждік
(қоронарлық) артерия-ларымен жабдықталады.
Артерия. Артериялық тамырлар деп – жүректен мүшелерге қанды алып баратын
тамырларды айтады. Олар жуанды-жіңішкелі болып қабырғалары серпімді болады,
шыққан тамырлар мүшелерге баруына орай біртіндеп ұсақталады.
Қылтамыр. Қылтамыр атына лайық өте майда тамырларды құрайды, оларды
микроскоппен ғана көруге болады, олардың саны өте көп. Қылтамыр қабырғалары
арқылы қандардан ұлпаларға түрлі қоректік заттарды және оттегіні, яғни
ұлпалы зат алмасуы және газ алмасуы іске асады.
Вена немесе көктамыр. Вена тамырлары деп – мүшелерден жүрек-ке апаратын
тамырларды айтады. Олар салыстырмалы түрде жіңішке, әрі қабырғаларының
серпімділігі аз. Веналардың қақпақшалары болады. Жүрекке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың биологияны оқуға қызығушылығын арттыру жолдары
Қан жүйесінің маңызы мен мөлшері қандай
Өсу мен даму заңдылықтары. Нерв жүйесінің физиологиясы және оның жастық ерекшеліктері
Балалар мен жасөспірімдердің морфофункционалдық даму ерекшеліктері
Жоғары жүйке қызметінің және қозғалыс белсенділік деңгейінің әртүрлілігімен балалардың және жасөспірімдердің бейімделу мүмкіндігі
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУЫНЫҢ ДАМУЫ
Физиология дамуының қысқа тарихы
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жүйесі
БАЛАНЫҢ ТУЫЛҒАННАН КӘМЕЛЕТКЕ ДЕЙІНГІ ӨСІПДАМУЫ, ТӘН-ЖАН ТӘРБИЕСІ МЕН ГИГИЕНАСЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер