Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық тұлғалар


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Институты

Тарих-филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық тұлғалар

Орындаған: 0307- қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығы, 403- топ студенті

Садықбекова Раушан

Ғылыми жетекшісі:

ф. ғ. к., доцент Ілиясова Н. Ә

Сарапшысы:

ф. ғ. к., доцент Ермекова Т. Н

Қорғауға жіберілді:

«___» 2007 ж

Хаттама № «__»__ 2007ж

Кафедра меңгерушісі: ф. ғ. к., доцент Ермекова Т. Н

Алматы 2007

Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық тұлғалар

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім.

1. Қатысымдық тұлғалардың теориялық негізі

2. Сөздің тілдік қарым-қатынаста атқаратын қызметі

2. 1. Сөз ─ тілдік тұлға

2. 2. Еркін тіркестер─ тілдік тұлға

2. 3. Сөз ─ қатысымдық тұлға

2. 4. Еркін тіркестер қатысымдық тұлға

3. Қатысымдық тұлға мен тілдік тұлғаны ажырату

жолдары

4. Тілдік бірліктердің коммуникативтік қызметі

4. 1. Сөйлем және тілдік қатынас

4. 2. Фразеологизмдер ─ қатынас құралы

4. 3. Мәтін және тілдік коммуникация

Қорытынды

Кіріспе

Лингвистикада тілдік тұлға туралы проблема қаншалықты күрделі болса, соңғы жылдары зерттеу нысаны бола бастаған қатысымдық тұлға жөніндегі мәселе одан да күрделі.

Жалпы лингвистика тарихында кейбір тілшілер қатысымдық тұлғаларға сөзді, сөйлемді жатқызса, кейбір ғалымдар тексті жатқызады. ( Кандинский Б., Наер В. )

Қатысымдық тұлға тілдік тұлғаларға қатысты болғанымен, онымен бірдей емес. Қатысымдық тұлға туралы тікелей байланысты ерекшеліктерді қамти келіп, белгілі бір ойды тиянақты жеткізу оған жауап алу, сөйлеу, сөзді қабылдау, оның мағынасын түсіну, әр түрлі экспрессивтік - эмоциональдық күйді таныту тағы басқа - сол сияқты мәселелермен тығыз бірлікте қарастырылады.

Қатысымдық түлғаның жұмысы жалпы сөйлеу процесімен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан келгенде, сөйлеудің шартты сөзге, тіркеске және сөйлемге байланысты. Сөз белгілі бір мағынаны білдіру арқылы басқа сөзбен байланысқа түседі де тіркестің құрамына енеді. Содан адам ойын екінші біреуге жеткізеді. Сөйтіп, өзара түсінісуге жол ашылады.

Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғаға қатысты В. Л. Наердің пікірі мүлде өзгеше. В. Л. Наер бірде - бір тілдік тұлға қатысымдық тұлға бола алмайды, өйткені олар өзара байланысты болғанымен, әр бөлек құбылыстар дейді . . . « . . . коммуникативным единицам нет места среди системных единиц языка. И наоборот. Эти единицы разноплановые, хотя и тесно взаймосьвязанные ».

« . . . нередко отождестьвляются понятия информации и коммуникации и особенно информативности и коммуникативности. Эти две пары понятий соотносятся друг - другом как явление и свойство, и таким образом, являются понятиями различными, разноплановыми » - дейді. /1. 9/.

В. Л. Наердің тілдік тұлғалар қатысымдық тұлға бола алмайды деген көз қарасын қуаттау қиын оның үстіне хабар, ақпарат ( информация ) тек бір нәрсені білдіреді деп кесіп айту да бір жақты.

Мәселен, кейде хабар баяндау мағынасымен шектеліп қана қоймайды, сол хабардың қабылдану дәрежесіне сай жауапқа да, әрекетке де ие болады. Онда ол бір мағынаны ғана емес, (В. Л. Наер атап өткендей ) бірнеше мағлұматты әрі хабарлап, әрі оған қайыра жауап беруді қажет етеді. Мұндай жағдайда информация коммуникацияға айналады.

Сөйте тұра, бұл автор « Өрт! » деген сөз қатты айтылса, ол болған жағдайда хабарлау ғана емес, жәрдемге шақыруды да білдіреді деп, алдында өзі айтқан « сөз қатысымдық бірлік емес, тек тілдік бірлік », деген өз пікіріне өзі қайшы келеді. / « Так единица языка действительно обретает статус коммуникативной, но само по себе, она токовой не является ». /1. 10/

Бірақ бәрі бір хабарды жеткізу де, оған жауап күту де сол бір ғана тұлға - сөз арқылы болып тұратынын ескермейді. Сөз дербес қолданылғанда атаулық мағынаға ие болып, ал контексте қатысымдық рөл атқарып тұр. Осы ретте қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдерді алсақ онда сөз жеткізейін деген хабарды баяндап, белгілі бір ойды білдіреді.

Сонымен, бұл автордың пікірінше, қатысымдық тұлғаға жататын - адамның ойын толық тұтас жеткізетін тек - мәтін / текст /. Бірақ осыған қарамастан, автор тағы мынандай пікір айтады: « Но как бы то не было исследователи придерживаются того мнения, что языковые единицы представляют собой единицы коммуникаций » /1. 10. /

Біздің ойымызша, тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғаның ең басты айырмашылығы олардың атқаратын қызметі мен қолданылу өрісіне байланысты.

Жоғарыдағы ерекшеліктерін саралап алғаннан кейін, енді қатысымдық тұлғаларға қандай единицалар жататынын айтуға болады. Тілдік қатынаста өзіндік орны мен маңызы бар қатысымдық тұлғалар: сөз, фразеологиялық тіркестер, сөйлем және мәтін.

Негізгі бөлім.

1. Қатысымдық тұлғалардың теориялық негізі

Сөзді қатысым құбылысына қатысты қарастырғанда, негізінен, оның сөйлеу мен сөйлесуге байланысты ерекшеліктеріне назар аударуға тура келеді. Мұнда ол адамдардың тілдік қарым - қатынасында жүзеге асатын, пікірлесуге негіз болатын, өзара түсінісуге мүкіндік жасайтын қатысымдық элемент тұрғысынан сөз болады.

Сөздің сөйлеу процесіндегі орны мен қызметі көптеген лингвистердің назарына іліккен. Сол себепті сөздің әр түрлі ерекшеліктеріне қатысты берілген анықтамалардың мазмұны түрліше болып келеді. Мысалы, көрнекті лингвист - ғалым Фердинанд де Соссюр: « . . . Слово, несмотря на все трудности, связанные с определением этого понятия, есть единица, неотступно представляющаяся нашему уму нечто центральное в механизме языка» - дейді. / 2, 143/

Сөздің басты - басты ерекшеліктерін сөз ете келіп, лингвист ғалымдардың көпшілігі сөздің сөйлеу процесіне қатысты түрліше тілдік қатысымдық қасиеттерді меңгеретініне ерекше назар аударады. Мысалы: А. А. Леонтьев бұл туралы: « Именно слово является минимальной функциональной единицей речевого восприятя » - / 3, 185 / десе, тура осы пікірді П. В. Чесноков айна қатесіз былай қайталайды: « … можно считать слово минимальной функциональной единицей речевой деятельности вообще» - дейді. / 4, 285/

Сол сияқты Б. Н. Головин: « Слово - это наименьшая смысловая единица языка, свободно воспроизводимая в речи для построения высказываний » /5, 70 / - деп, сіздің ойды жеткізудегі маңызын атап көрсетуге тырысса, Ю. В. Фоменко сөзден басқа единицалардың тілдік қарым - қатынастағы рөлін мүлде жоққа шығарады: « Коммуникативная деятельность человека протекает не на базе фонем, слогов и морфем /не говоря о словосочетаниях/ и на базе слов» / 6, 42 /.

Жалпы Ю. В. Фоменконың сөзге қатысты түйген тұжырымдарының көпшілігі А. И. Смерницкийдің пікірімен ұштасып жатады.

Сөз туралы А. И. Смерницкий: « Не случайно человеческий язык не редко называют языком слов: ведь именно слово, на их общей совокупности, как словарный состав языка, являются тем строительным материалом, без которого немыслим никакой язык, и именно слово изменяется сочетается в связанной речи по законам грамматического строя данного языка » - деп /7, 10/, сөздің нақтылы ерекшеліктерін көрсетуге тырысса; Ю. В. Фоменко: «Слова - это номативная единица языка, используемая как стройтельная материал для предложения », - дейді \6, 41\.

Сөздің екі қасиеті: формасы мен мазмұны, яғни дыбыстық таңбасы мен мағынасы да қатысымдық процесте түрліше қарастырылады. Мысалы, В. Л. Наер: « Отдельные языковые единицы, даже, например, лексически, ничего конкретного передовать не спосовный »; « Лексические единицы, например, сами по себе ничего конкретного не сообщают; они являются лищь знаками, замищающими определенные предметы, явления, отнощения, свойства и. т. п. или репрезентирующими их абстрактное отображенное »\1, 6\ - деп, сөздің тілдік қарым - қатынастан тыс уақытта таңбадан басқа ешбір нақтылық белгісі мен мазмұны жоқ десе, Ю. В. Фоменко: « Слово обладает признаком самостоятельности; в отличие от фонемы и морфемы, оно дапускает изолированное употробление в естественной речи.

Слово обладает признаком воспроизводимости: оно не строится в процессе коммуникаций, а извекается из памяти как единица готовая, заранее данная » \6, 42\ - деп, екенін атап көрсетеді.

Сөз - сөйлеу, пікір алысу үрдісіндегі ең басты тұлға. Сөз жеке тұрғанда, заттың, сынның, қимылдың т. б. атауы болып номинативті қызмет атқарса, тіл арқылы қарым - қатынастық қызмет атқарады. Тіптен контекссіз дербес қолданып, грамматикалық тұлға ретінде әртүрлі дауыс ырғағымен айтылса да әрі хабарлау, әрі қабылдау мәніне ие болады.

Осындай жағдайлардың барлығында сөз белгілі бір ойды білдіре келіп, екінші адамның санасы арқылы қабылданады. Қандай болсын хабарды, деректі, ойды қабылдаған адам оған жауап қайтаруға тырысады. Тілдік қарым - қатынаста жұмсалып, қатысымдық байланысқа түскен сөз айтылар ойға қатысты нақтылы мағынаны білдіреді және басқа тұлғалармен бір тұтас жұмсала келіп, тиянақты ойды, и мазмұнды көрсетеді.

Әрине, тиянақты ойды жеткізетін басты тұлға - сөйлем, сөз мағынаны білдіргенімен, тұтас ойды білдіре алмайды деген тууы мүмкін. Сөйлем - негізгі қатысымдық тұлға бола келіп, сөзден құралады. Сөз жеке тұрғанда бірнеше мағынаны ( тура, ауыспалы, синонимдік т. б. ) білдіргенімен, сөйлемнің құрамына енген кезде, айтылар ойға қатысты нақтылы бір мағынаны көрсетеді де ортақ мақсатқа, жеткізілер мазмұнға қызмет етеді. Мұндай жағдайда сөздің атаулық тұлғадан гөрі қатысымдық тұлғаға тән белгілері басым рөл атқарады.

І. Аханов сөз бен сөз тіркесін сөйлемнің құрылымдық элементтері деп таниды: « Сөйлем ойды айтып жеткізудің негізгі құралы болып саналады. Мұнан, әрине, сөз бен сөз тіркесінің коммуникативті қызметке қатысы жоқ деген ұғым тумауға тиіс. Мұндай қызметті олар да атқара алады. Бірақ сөзбен сөз тіркесі коммуникативті қызметті өздігінен, жеке дара күйінде емес, сөйлем арқылы, сөйлем құрамында қолдану арқылы атқара алады. Сөз де, сөз тіркесі де сөйлемнің құрамында қолданылғанда, оның құрылымдық элементтері ретінде қарастырылады ».

Демек, тілдік қарым - қатынаста ауызша түрде қолданылғанда, ондағы қатысымдық бегілерді дауыс ырғағы, интонация атқарады да, жазбаша түрде жұмсалғанда, қатысымдық қызметті тыныс белгілері атқарады.

Сөйлеу процесіндегі сөздің ерекшелігі - ол обьективтік шындық пен өмірге байланысты ұғымдарды сананың қабылдауы нәтижесінде ойда бейнелейді де, тілдік қатынаста іс жүзіне асырады, дыбысталу арқылы сыртқа шығарады. Сонымен қатар іс әрекет жүріп жатқан ортаның әсерін, адамның көңіл - күйінде қосса білдіреді. Тілдік қарым - қатынаста жұмсалатын сөздің бірнеше қасиеттері бар:

  1. Сөз адам санасында бейнеленген ұғымның жарыққа шығуын қамтамасыз етеді.
  2. Сөз басқа қатысымдық тұлғалардың жасалуына ұйытқы болады.
  3. Сөз өмір шындығын нақтылы мағына арқылы түсіндіре келіп, адам ойының екінші біреуге жеткізілуіне әсерін тигізеді.
  4. Сөз адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыруға негіз болады.

Демек, сөз мағынаны, ұғымды, сезімді, ойды білдіре келіп, тілдік қарым - қатынасты жүзеге асырушылардың барлығына аса қажет қатысымдық тұлға болып табылады.

2. Сөздің тілдік қарым-қатынаста атқаратын қызметі

Сөйлеу процесіндегі сөздің ерекшелігі объективтік шындық пен өмірге байланысты ұғымдырды сананың қабылдауы нәтижесінде ойда бейнелейді де, тілдік қатынаста іс жүзіне асырады. Сөздің тілдік қатынаста өмір сүруі екі аспектіде көрініс табады. Бірінші, сөз тілдік тұлға ретінде қатынас құралына айналады, екінші қатысымдық тұлға ретінде қатынас құралына айналады.

Сөзді тілдік әрі қатысымдық тұлға деп тануда негізге алынатын басты критерий мағына категориясы. Сөз бен мағына - шындық болмысқа тән қасиеттер мен құбылыстардың адам санасында дерексізденіп, абстракцияланған формасы. Ол тілді тұтынатын әрбір адамның санасында өмір сүреді, таным процесінде шешуші рөл атқарады, нәтижесінде тіл мен ойлаудың бірлігін құрайды. Бұл жөнінде Қ. Жұбанов былай дейді: « Ой деген адамның өзі жайлы, болмаса төңіректегілер жайлы білгені. Сөз деген сол білген нәрселердің аты. Сондықтан адамдар заттар мен құбылыстардың аттарын (сөздерді) айтып білдіреді, яғни ойын сөзбен білдіреді». \8, 151\

Ғалымның пікірінде сөздің екі түрлі танымдық қасиеті көрініс тапқан: біріншіден, сөздер шындық болмыстағы заттар мен құбылыстардың атауын білдіреді; екіншіден, шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар туралы хабар береді. Мұны тілдің биоәлеуметтік қызметі тұрғысынан былайша түсіндіруге болады: сөзді айтқан кезде адам санасына ең әуелі, ол қандай құбылыстың атауы екені туралы сигнал келеді. ( Заттық атау ма, сындық атау ма, қимылдық атау ма, мезгіл атауы ма, мөлшер атауы ма? ) Одан кейін оның мағынасы туралы хабар келеді. (Қандай зат, қандай қимыл, қандай мезгіл, қандай мөлшер т. б. ?) Бұл коммуникативті лингвистикада сөзді тілдік тұлға және қатысымдық тұлға деп тануға негіз болады .

2. 1. Сөз ─ тілдік тұлға

Сөз ─ өте күрделі тілдік единица. Оның күрделі табиғатын ашып айқындау үшін, ең алдымен сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының ара қатынасын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдіретін ұғымның ара қатынасын айқындап алу қажет. Сөздің екі жағы бар: оның бірі - сөздің дыбысталу жағы, екіншісі - сөздің мағыналық жағы. Дыбысталу ( тіл дыбыстарының тіркесі ) сөздің материалдық жағын құрастырса, мағына (мазмұн ) сөздің идеялдық жағын құрайды. Екі жақ - дыбысталу мен мағына сөздің бір - бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі - сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Демек сөз - дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица.

Тілтанымдық тұрғыдан алғанда, сөздердің атауды анықтайтын қызметін номинативтілік қасиет деп атаймыз. Номинативтілік қасиетіне байланысты сөздер атауыштық мәнге ие болады. Тіліміздегі әрбір сөз белгілі бір заттар мен құбылыстардың атауын білдіріп тұрады. Бұл сөзді тілдік тұлға деп тануға негіз болды. Сөзді атағанда немесе оқысақ, біз қай зат не құбылыстың аты екенін танимыз. Бұл ұғыммен тікелей байланысты болады.

Сөзді тілдік тұлға деп түсіну үшін оның жалпылаушы қызметіне назар аудару қажет. Сөз жеке затты немесе құбылысты ғана емес, сонымен бірге біртектес заттардың тобын да атайды. Мысалы, бала, қыз, қария, ана, ағаш, топырақ деген сөздер зат атауын білдірсе, қызыл, жасыл, сары, көк т. б түр түс атауларын, он, жиырма, отыз т. б сан атауларын, бар, кел, айт, жүр т. б қимыл атауларын, кеше, бүін, ертең т. б мезгіл атауларын білдіріп тұр.

Әрбір сөз - белгілі бір құбылыстың аты. Сол себептен, олардың әрқайсысына тән белгілі мағынасы бар. Бірақ бұл мағыналар өзі білдіретін зат пен құбылысты табиғи жолмен емес, сол ұғымды білдіретін белгі ретінде жұмсалады да, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей түсінікті болып тұрады.

Тіл білімінде ұғымнан сөзді және оның мағынасын ажырататын басты белгілер деп мынадай ерекшеліктерді көрсетеді.

1. Сөз біткеннің бәрінде белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігі болады. Бұл бірлік кездейсоқ кезде емес, тілдің фонетикалық заңдарына орайласып жасалады. Тілдің дыбыстық жағы оның материалдық жамылышын, оның физикалық формасын құрайды. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбыстық құрылымының бірлігі туралы заңдылықты қазақ тілінің фонетикасы үйретеді. Тілдегі екпін ұғымы да сөздің фонетикалық белгісіне жатады. Қазақ тілінде атауыш сөздер, яғни есімдер мен етістіктердің қалыпты екпіні бар. Көмекші сөздердегі екпіннің дербестігі жоқ, сол атауыш сөздердің біреуінің ықпалында болады. Әрбір тілдегі дыбыстар сөз жасаудағы негізгі элемент ғана емес, бір сөзді екінші сөзден, бір тілді екінші тілден ажырату үшін үлкен қызмет атқарады. Бұлар белгілі заңдылықпен үнемі дамып отырады. Қазақ тілінің даму процесі халқымыздың басынан кешкен тарихи кезеңдерімен байланысты.

2. Белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігі ие болған сөздердің бәрі де белгілі бір мағынаны білдіреді. Фонема мен сөздің айырмашылығы сөзде белгілі мағына болады, ал фонемада еш мағына жоқ тек сөз құрамында мағына ажыратушылық рөлі бар.

3. Әрбір сөз сол тілдің грамматикалық заңдарына бүтіндей бағынып, соған тән тұлғаларға ие болып, солардың түр - тұрпатының біреуінде ғана көріне алады. Сондықтан да сөз грамматикалық жағын біртұтас тұлғаланған единица деп есептеледі. Бұл жағынан сөз бен сөз тіркестерінің түбірлі айырмашылықтары бар. Еркін сөз тіркестері де, тұрақты сөз тіркестері де бір тұтас граматикалық тұлғаланған единица деп қаралмайды.

4. Дербес сөз болу үшін оның құрылым құрылысына ешбір өзгеріс ендіруге, басқаша өзгертуге келмейтіндей болуы қажет. Яғни сөздің құрылымдық тұйықтығы тұтас сақталуы керек. Сөздің мағыналық бөлшектерінің аралығына бас артық ешбір дыбыс, ешбір сөз енбеуге тиіс. Еркін сөз тіркестерінде мұндай принцип сақталмайды.

5. Морфема және сөз тіркесі мен сөйлемнен сөздің енді бір өзгешелігі сөз белгілі бір сөз табынан телінді болады. Белгілі бір сөз табына жатпайтын ерекше сөз тілде өмір сүрмейді. Лексика - грамматикалық жағынан белгілі сөз табына қатысты болуы сөздің табиғатына біткен негізгі белгісінің бірі деп есептеледі.

6. Сөз қайда және қашан қолданылсада даяр күйіндегі тұтас дүние ретінде пайдаланылады. Еркін сөз тіркесі мен сөйлем нақ сөйлеу үстінде қарастырылады. Ал сөз керісінше, тілде бұрыннан бар даяр қалпында сөйлем мен сөз тіркесінің құрамына кіреді. Сөздің даяр тұрған тұтас единица ретінде жұмсалу қасиеті идиом мен фразаға жақындасады. Алайда сөз бен фразеологиялық орамдар дәл бірдей болмайтындығы, өзі - өзінен түсінікті болса керек.

Сөздің лексикалық мағынасы заттың, құбылыстың нақ өзі болмағанымен, ұғым арқылы түсірілген солардың бейнесі деп есептеледі. Сондықтан сөздің мағыналарын саралағанда ең алдымен оның ең алғашқы негізгі мағынасын табуға тырысады.

Сөздің нақтылы мағынасының өзі бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отыратын шартты ұғым. Сондықтан да бұлар белгілі контекске бағынышты, тәуелді болып тұрады. Қосымша немесе туынды мағына негізгі лексикалық мағынаның бөлініп - жарылып қолданылуы, соның ұшқындап таралуы. Сөйтіп, негізгі лексикалық мағына мен парапар болып, терезесі теңеліп белгілі контекске түспей - ақ, қалай айтылса түсінікті болып тұра берелді.

Сөз - лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да, сөзжасам тұрғысынан да жан - жақты зерттеліп келе жатқан тұлға.

Сөз тілдік түлға ретінде жұмсалып, қатысым әрекетіне түскенде дербес сөздер ретінде қолданылады. Атауыштық мәннен денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық мағыналар тарайды да, денотаттан негізгі мағына мен абстракт мағына; сигнификаттан тұрақты мағына мен контекстік мағына; коннотаттан ауыспалы мағына мен келтірінді мағыналар тарайды.

Негізгі, абстракт, тұрақты мағынада тұрған сөздер тілімізде номинативті қызмет атқарады, яғни олар белгілі бір зат, сын, сан, қимыл, мезгіл, сапаның т. б атаулары ретінде номинативті мәнді білдіреді. Контекстік мағына тұрған сөздің мәні тек контекст ішінде ғана айқындалып, ондай сөздер тілде стилистикалық қызмет атқарады. Ауыспалы, келтірінді мағынада тұрған сөз экспрессивті-эмоционалды мәнде жұмсалып, тілде бейтарап қызмет атқарады. Денотат - болмыстағы заттар мен құбылыстарға, сапа мен қасиеттерге, жағдайлар мен әрекеттерге берiлген атаудың ерекше заттық-ұғымдық қасиетін анықтайды.

Сигнификат - болмыстағы заттар мен құбылыстарға, сапа мен қасиеттерге, жағдайлар мен әрекеттерге берiлген атаудың ерекше қасиеттерін анықтайды.

Коннотат - болмыстағы заттар мен құбылыстарға, сапа мен қасиеттерге, жағдайлар мен әрекеттерге берiлген атаудың ерекше бейнелi, көркемдік қасиетін анықтайды. Олай болса, денотат атаулық ұғымды анықтайтын семантика, сигнификат - атаулық ұғымды анықтайтын қасиеттердің мазмұнын анықтайтын семантика, коннотат - атаулық ұғымды анықтайтын ерекше қасиеттердің экспрессивті мәнін анықтайтын семантика. Бұлар сөздің атауыштық мәнін анықтайтын құрылым болғандықтан, әрбір сөз дербес атау ретінде жұмсалғанда осы мағыналардың бірінде тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл біліімінде
Жақты сөйлемдер
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгерту әдістемесі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілдесім бірліктерінің коммуникативтік және прагматикалық ерекшеліктері
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі
Білім беру үрдісінде субъектінің қатысымдық құзыреттілігін дамыту
Тілдік қатынас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz