Оқушыларды ауызша есептеуге үйрету



1 Оқушыларды ауызша есептеуге үйрету
2 ӘДЕБИЕТТЕР
Қазір техниканың дамыған заманы. Бұрынғы есепшот, басу мәшинесі секілді техникалық құралдардың орнына қазір калькуляторды, компьютерді пайдаланып жүр. Мәселен, осы калькулятордың көмегімен кез келген есепті жылдам, әрі оңай шешеді. Оқушылар осы құралға үйір болып алды. Негізінде калькулятордың ешқандай пайдасы жоқ. Технологиялық жетістік деп кейде мұғалімдерге оны оқытуды жүктейді. Соңғы кездері осы жөнінде ғалымдар «калькулятор оқушылардың ойлау жүйесін шектеп жатыр» деп дабыл қағуда. Калькулятор - оқушылардың есеп шығарудағы ой-өрісіне, санасына, жалпы психологиясына қаншалықты кері әсерін тигізетіндігі белгілі. Мектеп қабырғасында оқушылардың оны қолданбағаны дұрыс.
XXI ғасырдың қазіргі балалары бөлу, көбейту, қосу, азайту амалдарынан түзілген жай есептерін тек қаламның көмегімен қағаз бетіне түсіріп отырады, олар ауызша есептеп шығару әдісін ұмыта бастағандай.
Сондықтан, бастауыш сынып математикасын оқыту үдерісінде есеп шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың бірден-бір бағыты оқушыларды есеп шығаруға үйрету.
Математика бағдарламасында мұғалімнен оқушыларда ауызша және жазбаша есептеулердің берік дағдысын қалыптастыруын талап етеді.
Ауызша және жазбаша есептеулер әдісі нумерация, арифметикалық амалдар қасиеттері, амалдар нәтижелері мен компоненттері арасындағы байланыстар туралы білімге, сондай – ақ компоненттердің біреуінің өзгеруінен амалдар нәтижелерінің өзгеретіндігі туралы білімге негізделген. Бірақ ауызша және жазбаша есептеу әдістері арасында елеулі айырмашылықтар да бар:
1) Ауызша есептеулер жоғарғы разрядтың бірлігінен бастап орындалады.
2) Ауызша есептеулерде аралық нәтижелер есте сақталады.
3) Пар сандармен жүргізілетін ауызша есептеулер әдісі мысалдың ерекшелігіне және қолданатын қасиетіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін, ал жазбаша есептеулер әрбір арифметикалық амал үшін қабылданған дәл алынған ереже бойынша орындалады.
4) Ауызша есептеулерде есептің шешуі жолға, ал жазбаша есептеулерде бағанға жазылады.
5) Ауызша есептеулер әдетте, екі таңбалы сандарға жзүргізіледі ал жазбаша есептеулер ауызша есептеу қиын болған жағдайда ғана көп таңбалы сандарға жүргізіледі.
Оқушыларды есеп шығаруға үйрету математиканы оқытудағы ең қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Оқушыларға бір ғана математикалық есепті шығаруда оның неғұрлым тиімді, үнемді шығару жолдарын табу мақсатында бірнеше тәсілдерді қолдану ұсынылуы мүмкін. Бұл мақсатқа жету үшін теориялық қағидаларды, сол сияқты есеп шығарудың әдіс пен тәсілдерін еске түсіру керек, бұл құралдардың бәрін есепте баяндалған ситуацияларға пайдалануға мүмкіндігі тұрғысынан талдау жасалуы керек. Осылай оқушыларды есепті шығарудың тиімді тәсілін іздестіру үрдісімен қаруландыру керек.
Оқушыларды есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып жоғарылаған сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік қалыптаса бастайды. Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім.
Оқу үдерісінде дайын білімді жай ғана беру оқушының ой-өрісінің дамуына теріс әсер ететіндігін Е.В.Ильенков атап көрсеткендей, «ми мен ақыл ой-өрісті кеміс етудің ең бір дұрыс тәсілі - білімді формалды жаттау» [1]. Ешкімге құпия емес, математика күрделі де қиын пән. Математиканы жаттауға болмайды, оны түсіну керек. Ал, егер математика оқушыға түсініксіз және сабақ бірыңғай жүргізілсе, онда пәнді қалай түсінуге болады? Міне, осы жерде педагогикалық тапқырлық керек, бір ғана мақсат оқушыны пәнге қызықтыру. Математиканы оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыруда және олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізетін жұмыстың әртүрін пайдалану керек. Осының негізінде математика сабақтарында тапқырлыққа берілетін материалдардың негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту, ойлау әрекетін белсендіру, ой-өрісін кеңейту болып табылады. Олардың түрлері әртүрлі болып келуі мүмкін: ребустар, қазақ халқының ауызша есептері, өлең-есептер, викториналар т.б.
1. Нұғысова А. Болашақ математика мұғалімдерін оқушылардың есеп шығару іскерліктерін қалыптастыру жұмысына дайындау. –Алматы, 2002.
2. Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы. -Алматы, 1978.
3. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. -Алматы, 1981.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Оқушыларды ауызша есептеуге үйрету
Научить школьников устному счету

Қазір техниканың дамыған заманы. Бұрынғы есепшот, басу мәшинесі
секілді техникалық құралдардың орнына қазір калькуляторды, компьютерді
пайдаланып жүр. Мәселен, осы калькулятордың көмегімен кез келген есепті
жылдам, әрі оңай шешеді. Оқушылар осы құралға үйір болып алды. Негізінде
калькулятордың ешқандай пайдасы жоқ. Технологиялық жетістік деп кейде
мұғалімдерге оны оқытуды жүктейді. Соңғы кездері осы жөнінде ғалымдар
калькулятор оқушылардың ойлау жүйесін шектеп жатыр деп дабыл қағуда.
Калькулятор - оқушылардың есеп шығарудағы ой-өрісіне, санасына, жалпы
психологиясына қаншалықты кері әсерін тигізетіндігі белгілі. Мектеп
қабырғасында оқушылардың оны қолданбағаны дұрыс.
XXI ғасырдың қазіргі балалары бөлу, көбейту, қосу, азайту амалдарынан
түзілген жай есептерін тек қаламның көмегімен қағаз бетіне түсіріп
отырады, олар ауызша есептеп шығару әдісін ұмыта бастағандай.
Сондықтан, бастауыш сынып математикасын оқыту үдерісінде есеп шығара
білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың бірден-бір бағыты
оқушыларды есеп шығаруға үйрету.
Математика бағдарламасында мұғалімнен оқушыларда ауызша және жазбаша
есептеулердің берік дағдысын қалыптастыруын талап етеді.
Ауызша және жазбаша есептеулер әдісі нумерация, арифметикалық
амалдар қасиеттері, амалдар нәтижелері мен компоненттері арасындағы
байланыстар туралы білімге, сондай – ақ компоненттердің біреуінің
өзгеруінен амалдар нәтижелерінің өзгеретіндігі туралы білімге
негізделген. Бірақ ауызша және жазбаша есептеу әдістері арасында елеулі
айырмашылықтар да бар:
1) Ауызша есептеулер жоғарғы разрядтың бірлігінен бастап орындалады.
2) Ауызша есептеулерде аралық нәтижелер есте сақталады.
3) Пар сандармен жүргізілетін ауызша есептеулер әдісі мысалдың
ерекшелігіне және қолданатын қасиетіне байланысты әр түрлі болуы
мүмкін, ал жазбаша есептеулер әрбір арифметикалық амал үшін
қабылданған дәл алынған ереже бойынша орындалады.
4) Ауызша есептеулерде есептің шешуі жолға, ал жазбаша есептеулерде
бағанға жазылады.
5) Ауызша есептеулер әдетте, екі таңбалы сандарға жзүргізіледі ал
жазбаша есептеулер ауызша есептеу қиын болған жағдайда ғана көп
таңбалы сандарға жүргізіледі.
Оқушыларды есеп шығаруға үйрету математиканы оқытудағы ең қиын, әрі
күрделі мәселелердің бірі. Оқушыларға бір ғана математикалық есепті
шығаруда оның неғұрлым тиімді, үнемді шығару жолдарын табу мақсатында
бірнеше тәсілдерді қолдану ұсынылуы мүмкін. Бұл мақсатқа жету үшін
теориялық қағидаларды, сол сияқты есеп шығарудың әдіс пен тәсілдерін еске
түсіру керек, бұл құралдардың бәрін есепте баяндалған ситуацияларға
пайдалануға мүмкіндігі тұрғысынан талдау жасалуы керек. Осылай оқушыларды
есепті шығарудың тиімді тәсілін іздестіру үрдісімен қаруландыру керек.
Оқушыларды есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ
басталып, сынып жоғарылаған сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік қалыптаса
бастайды. Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге
мәлім.
Оқу үдерісінде дайын білімді жай ғана беру оқушының ой-өрісінің
дамуына теріс әсер ететіндігін Е.В.Ильенков атап көрсеткендей, ми мен ақыл
ой-өрісті кеміс етудің ең бір дұрыс тәсілі - білімді формалды жаттау [1].
Ешкімге құпия емес, математика күрделі де қиын пән. Математиканы жаттауға
болмайды, оны түсіну керек. Ал, егер математика оқушыға түсініксіз және
сабақ бірыңғай жүргізілсе, онда пәнді қалай түсінуге болады? Міне, осы
жерде педагогикалық тапқырлық керек, бір ғана мақсат оқушыны пәнге
қызықтыру. Математиканы оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының пәнге
деген қызығушылығын арттыруда және олардың математикалық қабілеттерін
дамытуға септігін тигізетін жұмыстың әртүрін пайдалану керек. Осының
негізінде математика сабақтарында тапқырлыққа берілетін материалдардың
негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту, ойлау әрекетін белсендіру,
ой-өрісін кеңейту болып табылады. Олардың түрлері әртүрлі болып келуі
мүмкін: ребустар, қазақ халқының ауызша есептері, өлең-есептер,
викториналар т.б.
Бастауыш сынып оқушыларын ауызша есептеуге үйрету уақыт үнемдеу
тұрғысынан да тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен
есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны,
ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт
жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен,
олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол [2].
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын
жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп
шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.

Мысылы, оқулықта көрсетілмеген ауызша есептеудің жолдарын көрсетсе,
мысалы, екі таңбалы 5-пен аяқталатын (15, 25,...,95) сандарының
квадраттарын немесе өзін-өзіне көбейтуді қалай есептеуге болатынын
түсіндіру және оны есеп шығуда қолдана білуге машықтандыру:
15х15=225
Мұнда бірліктері 5-пен аяқталғандықтан 5х5 көбейтіндісі 25, ал алдыңғы
сандары, яғни ондықтары 1 және 1, оның біреуіне 1-ді қосып, қосындыны
екінші 1-ге көбейтеміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика ауызша есептеу тәсілдері
МАТЕМАТИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі
Оқушыны есеп шығаруға үйрету
Математиканы оқыту процесіндегі есептердің функциялары
Бастауыш сынып оқушыларын есептер шығаруға үйрету
Ауызша есептеу тәсілдері
Бастауыш мектепте оқушының есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру
Математика пәні мұғалімі
Пәндер