Мүсірәлі баба – қазақ елінің рухани қайраткері



Мүсірәлі баба – XYIII ғасырда Тәуке ханмен тең дәрежеде танылған, Алты алашқа пір болып, бас Әзіреті қызметін атқарып, әз Тәукеден «Суфы Әзиз» атағын алған рухани қайраткер. Бұл есім Алла тағаланың тура жолымен жүруге, қазақ халқын ақиқаттың ақ жолына үндегендіктен де күні бүгінге дейін ұмытылмай ел есінде сақталып келеді. Ел арасында «Мүсірәлі ишан», «Мүсірәлі ахун», «Мүсірәлі керейт қожа», «Мүсірәлі көріпкел, әулие», «Мүсірәлі Суфы Әзиз» атауларымен белгілі болса, софылық атауы – Шейх Мүсәпир-Әлі ибн Мүсірәлі. Жергілікті Сыр өңірінің қазақтары – Сандаулы Керейт Мүсірәлі деп танып, біледі.
Енді қолда бар деректерді сараптасақ, Мүсірәлі бабамыздың шежірелік таралуы мынадай: Керейт – Ақсақал – Қоспембет – Сандаулы – Кене – Дулат – Таз. Таздан – Бидас, Жандос. Жандостан – Жәдік. Жәдіктен – Мүсірәлі.
Мүсірәлінің атасы Бидас Тәуке ханның сарайында қызмет жасаған батыр адам болған. Бұл жөнінде де берілген:
«Ізденіп тайпа төре әулетінен,
Тәукедей хан сайлаған ақсүйекті.
Атамды қара Бидас «хан атаға»
Тұрған жан бір дауыспен қабыл етті.
Мекеңнің «Шежіре ақбар» кітабында
Бұл сөзді анда Жүсіп баян етті»
Қазақ жұрты Тәукені хан сайлар алдында тоқырау үстінде екен. Қашанда қазақ ханды төре тұқымынан, яғни, Шыңғыстың ұрпақтарынан сайлап отырған. Сол тұстарда қазақтар төре, қожа тұқымдарына өкпелі болады.
Қазақ жұрты бір ес жиғанда батуаласады. Жақсы жайсаңдары бір ұйғарымға келіп: «Төреден хан сайланбасын, қожадан пір сайланбасын» деген байлам жасайды. Көп күндер мәслихат жүріпті. Ақыры қазақтың өз ішінен хан сайланса, ел бөлінеді, себебі туысқа, руласқа тартпайтын жан болмас дегенге ойысыпты. «Төреден хан сайлаймыз. Қасына қара қазақтан пір сайлаймыз» деп бәтуаға келген екен.
Хан және пір! Бір-бірінсіз ешбір іс шешілмесін! – деп тоқтамға келген екен. Сөйтіп Тәукені ақ киізге көтеріп, хан сайлайды. Тәуке жас болғандықтан мемлекетті ер жеткенше билейтін «Регент» тағайындайды. Халық қалауы «Аталық» болуға лайық кісілер: қаракете Текей батыр және Бидас батырға түседі.
Құрылтайда Текей батыр дауысқа түспей жолын Бидасқа беріпті. Сонымен кемеңгер Бидас аталық қазақтың ордасын Үргеніш қаласына көшіріп, қазақтың шекарасын Иранға дейін кеңейтеді [, 50 б.].
Бидас Аталық басшы болған соң, мемлекеттік басшылыққа көптеген жаңалық енгізді. Ол үш жүздің тайпа билері ортасынан «Төбе» биді сайлады. Төбе би тайпа билерімен бас қосып, мемлекеттік мәслихаттар ұйымдастырды.
Пірлік басқару үш түрлі мәдениетке бақылау жүргізіп, назар аударды. Олар:
1. Жалпы адамзаттық мәдениет.
2. Діни мәдениет.
3. Софылық мәдениет.
1. Жалпы мәдениет: Мыңдаған жылдар бойғы адам жасаған амал, әрекет жиынтығын нығайтып, жетілдіру, қоғамдық ішкі және сыртқы саясатты дамыту.
2. Діни мәдениет: мұнда діннің тәртіптерін, ереже қағидаларын, бір сөзбен айтқанда, исламның шариғаттарын жалпы халықтық, мемлекеттік дәрежеге көтеру.
3. Софылық мәдениет: Адамды кәсіпкерлікке баулу. Демек, әрбір адам өнер-білімге қалаған саласы бойынша шеберленуге тиіс. Кәсіп иесін ең жоғарғы шеберлік дәрежесіне дейін баулу. Әскери істе кісіні төзімділікке, шалт қимылды, әскери өнердің білімпазы етіп шығару қадағаланды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
2.1.2 Мүсірәлі баба – қазақ елінің рухани қайраткері
Мүсірәлі баба – XYIII ғасырда Тәуке ханмен тең дәрежеде танылған, Алты
алашқа пір болып, бас Әзіреті қызметін атқарып, әз Тәукеден Суфы Әзиз
атағын алған рухани қайраткер. Бұл есім Алла тағаланың тура жолымен жүруге,
қазақ халқын ақиқаттың ақ жолына үндегендіктен де күні бүгінге дейін
ұмытылмай ел есінде сақталып келеді. Ел арасында Мүсірәлі ишан, Мүсірәлі
ахун, Мүсірәлі керейт қожа, Мүсірәлі көріпкел, әулие, Мүсірәлі Суфы
Әзиз атауларымен белгілі болса, софылық атауы – Шейх Мүсәпир-Әлі ибн
Мүсірәлі. Жергілікті Сыр өңірінің қазақтары – Сандаулы Керейт Мүсірәлі деп
танып, біледі.
Енді қолда бар деректерді сараптасақ, Мүсірәлі бабамыздың шежірелік
таралуы мынадай: Керейт – Ақсақал – Қоспембет – Сандаулы – Кене – Дулат –
Таз. Таздан – Бидас, Жандос. Жандостан – Жәдік. Жәдіктен – Мүсірәлі.
Мүсірәлінің атасы Бидас Тәуке ханның сарайында қызмет жасаған батыр адам
болған. Бұл жөнінде де берілген:
Ізденіп тайпа төре әулетінен,
Тәукедей хан сайлаған ақсүйекті.
Атамды қара Бидас хан атаға
Тұрған жан бір дауыспен қабыл етті.
Мекеңнің Шежіре ақбар кітабында
Бұл сөзді анда Жүсіп баян етті
Қазақ жұрты Тәукені хан сайлар алдында тоқырау үстінде екен. Қашанда
қазақ ханды төре тұқымынан, яғни, Шыңғыстың ұрпақтарынан сайлап отырған.
Сол тұстарда қазақтар төре, қожа тұқымдарына өкпелі болады.
Қазақ жұрты бір ес жиғанда батуаласады. Жақсы жайсаңдары бір ұйғарымға
келіп: Төреден хан сайланбасын, қожадан пір сайланбасын деген байлам
жасайды. Көп күндер мәслихат жүріпті. Ақыры қазақтың өз ішінен хан
сайланса, ел бөлінеді, себебі туысқа, руласқа тартпайтын жан болмас дегенге
ойысыпты. Төреден хан сайлаймыз. Қасына қара қазақтан пір сайлаймыз деп
бәтуаға келген екен.
Хан және пір! Бір-бірінсіз ешбір іс шешілмесін! – деп тоқтамға келген
екен. Сөйтіп Тәукені ақ киізге көтеріп, хан сайлайды. Тәуке жас
болғандықтан мемлекетті ер жеткенше билейтін Регент тағайындайды. Халық
қалауы Аталық болуға лайық кісілер: қаракете Текей батыр және Бидас
батырға түседі.
Құрылтайда Текей батыр дауысқа түспей жолын Бидасқа беріпті. Сонымен
кемеңгер Бидас аталық қазақтың ордасын Үргеніш қаласына көшіріп, қазақтың
шекарасын Иранға дейін кеңейтеді [, 50 б.].
Бидас Аталық басшы болған соң, мемлекеттік басшылыққа көптеген жаңалық
енгізді. Ол үш жүздің тайпа билері ортасынан Төбе биді сайлады. Төбе би
тайпа билерімен бас қосып, мемлекеттік мәслихаттар ұйымдастырды.
Пірлік басқару үш түрлі мәдениетке бақылау жүргізіп, назар аударды.
Олар:
1. Жалпы адамзаттық мәдениет.
2. Діни мәдениет.
3. Софылық мәдениет.
1. Жалпы мәдениет: Мыңдаған жылдар бойғы адам жасаған амал, әрекет
жиынтығын нығайтып, жетілдіру, қоғамдық ішкі және сыртқы саясатты дамыту.
2. Діни мәдениет: мұнда діннің тәртіптерін, ереже қағидаларын, бір
сөзбен айтқанда, исламның шариғаттарын жалпы халықтық, мемлекеттік дәрежеге
көтеру.
3. Софылық мәдениет: Адамды кәсіпкерлікке баулу. Демек, әрбір адам өнер-
білімге қалаған саласы бойынша шеберленуге тиіс. Кәсіп иесін ең жоғарғы
шеберлік дәрежесіне дейін баулу. Әскери істе кісіні төзімділікке, шалт
қимылды, әскери өнердің білімпазы етіп шығару қадағаланды.
Сосын Бидас батырдың енгізген ережесінің бірі Мамандар таза қазақ
балаларынан, қазақи тәрбиеде дайындалсын – деген жарлығы болды.
Арабтанудан, парсыланудан қорғанды. Бидас батырдың бұл реформалары
мемлекетті заң күшімен билеуге жол ашты. Яғни, Жеті Жарғыны қабылдауға
мүмкіндік туды. Кемеңгер Бидас батыр Аталық көп жылдық мол тәжірибесін, әрі
сопылық білімін Тәуке ханға тәлім-тәрбие беруге жұмсады.
Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясындағы анықтамасы: Пір, діндар. Азан
шақырып қойған аты Мүсірәлі. Руы керейт болғанымен дінге шын берілген
сопылығымен тақуалығына орай Әжіқожа, ал оның ұрпақтары керейтқожа аталып
кеткен [334, 644 б.].
Ал, Н. Ерниязұлы мақаласында былай деп баяндайды: Халық бертін келе
Керейттің Мүсірәлі аталығын өзге қожалардан иеленіп алып, Қазақтың қожасы
деп кеткенге ұқсайды. Сірә, бұл күллі Кіші жүз қауымдастығының Мүсірәлі
әулетіне деген ерекше ықылас-ілтипатынан туған сүйіспеншілігі болса керек
[335, 2 б.].
Қазақтың Кіші жүзі Әлімұлы, Байұлы, Жетіруға бөлінетіні белгілі. Жетіру-
Табын, Тама, Кердері, Керейт, Рамадан, Жағалбайлы және Телеу болып
тармақталады. Сонда, Мүсірәлі бабамыздың керейт руынан шыққандығын, кейін
халық Керейт қожа атап кеткендігін анықтаймыз.
Мүсірәлі Жәдікұлы Бұхар хандығына қарасты, Тамдыбұлақ аймағындағы
Керізбұлақ деген жерде дүниеге келеді. Алла мүсіркеп берген деп есімін
Мүсірәлі қояды [336, 3 б.].
Қазіргі қолда бар деректер, бабамыздың тікелей ұрпағы болып саналатын
Қ. Ашанұлы 1639 жылы туылған десе [338], Сыр өңірі тарихын зерттеуші Ш.
Әшімұлы 1667 жыл дегенді айтады [339, 205 б.].
Ел арасындағы 1680 жылы Тәуке хан ақ киізге көтеріліп хан сайланып, бас
Әзіреті қызметіне Мүсірәлі тағайындалғанда 17 жасар еді – әңгімесіне
сүйеніп, 1662-1663 жылдары туылған деген тұжырымымыз қисынға келіңкірейді.
Ауыл молдасынан сауатын ашқан Мүсірәлі, кейін Қожа Ахмет Иассауи
медресесінде, Үргеніш қаласындағы Көгелташ медресесінде 12 жыл оқып,
ақиқатты (Алланы) тану тағлиматының яғни ғылымның ахуны деген жоғары
дәрежелі атақ алып шығады. Ахун немесе ақын сөзінің шығу төркініне
үңілсек, “Ахун” сөзінің этимологиялық шығу төркініне Л. Будагов:
“мұсылманның діни адамы, оқытушы (молда)” [340, 113 б.], В. Радлов: “үлкен
молда” [341, 98 б.], Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік, мұсылман дін
иесі – деген түсінік береді [342, 21-22 бб.].
Бұдан Мүсірәлі бабамыздың қазақтардың рухани өмірінде ислам дінін
уағыздап, ұлт санасын нұрландырып, ізгілікке, имандылыққа шақырғанын
көреміз. Тарихи деректерде, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи
медресесінде Иассауи ілімі бойынша қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ
балаларына ақиқатты тану пәнінен дәріс бергендігі айтылады. Ең ерекшелігі-
Тұран тарихында тұңғыш рет бес уақыт намаздың арнайы оқылатын сүрелерінен
өзгесін қазақ тілінде оқытқан. Діни қағидалардың қазақ тіліндегі үлгісін
алғаш рет оқу бағдарламасына енгізген де Мүсірәлі бабамыз көрінеді.
Халықтан түскен қаржыға жер-жерде мешіт, медресе тұрғызып, ер балалармен
тең дәрежеде қыздардың да оқып білім алуларына жол ашады.
Ғылыми таным мәселесінде, Мүсірәлі бабамыздың жеке басының аса дарынды
да қабілетті тұлға екендігін, жаратылыс ерекшелігін, қадір-қасиеті мен сыр
сипатын аша білуіміз керек. Мүсірәлі бабамыздың табиғи дарындылығымен, тума
талантына қоса Алла тағала берген әулиелік, көріпкелдік те қасиеті болған.
Бұл жөнінде Тәуке ханға бас Әзіреті қызметіне тағайындалғанда берген
сұрақтардың жауабынан, шарттардан білуге болады. Әз Тәуке Қазақ хандығының
саяси құрылымын бекіте түсу үшін, дінді мемлекеттік идеологияның бір
тармағы ретінде пайдаланған.
Әр адамның ұлттық санасын нұрландырып, ізгілікке-имандылыққа бастайтын
рухани басшы сайлауда, бас Әзіреті қызметіне кімді ұсынамыз деген үлкен
мәселе көтеріледі. Бұл орынға Ұлы жүзден – Айқожа имамды, Орта жүзден –
Шортанбай қожаны, Кіші жүзден – Мүсірәліні, Қарақалпақтан – Күнқожаны,
Қырғыздан – Бекқожаны, Өзбектен – Асадулла қожаны ұсынады. Хан Кеңесінің
басшылары шешімнің әділ болуын ойлап, өзара ақылдасып, мынадай қорытындыға
келеді. Діни орталықтың басшысы, әрі бүкіл қазаққа пір болуға лайық
санайтын үміткерге алты сұрақ беріліп, үш шарт қойылады.
Хан Кеңесінің басшысы Сасық би үміткерлерге төмендегі сауалдарды
ұсынады:
1. Адам байлық пен әділдіктің рахатына кенелу өміріне қашан жетеді?
2. Құдай деген сөз қай халықтың тілінен алынған?
3. Мәңгілік бұзылмайтын, әлсіремейтін күш бар ма?
4. Мына бір уыс топырақ қай жердікі?
5. Шеті шіріген мына ағаш қайдан алынған?
6. Мына сарғайып кепкен ортан жіліктің тегін анықтап беріңіздер?
Бұған толық, дұрыс жауапты Мүсірәлі береді. Ол жауаптар мынадай:
1. Адам, Сіз айтқандай, рахатқа, мәңгілік өмірге Хақ тағала
дәргейіне (қасына) оралғанда жетеді.
2. Қазақ тіліндегі Құдай деген сөз парсының Куло деген сөзінен
шыққан.
3. Мәңгілік әлсіремейтін, бұзылмайтын күш – Құдайдың құдіреті.
Сондықтан да Құдай мәңгі тірі. Құдайдың жолы, Құдіреті еш уақытта
өзгермейді, әлсіремейді, бұзылмайды.
4. Мына бір уыс топырақ Нұратаның жеріндегі Нұрата әулиенің қабірінің
басындағы ағып тұрған мөлдір бұлақтың жайынан (балшығынан) алынған. Мына
шеті шіріген ағаш – Нұх пайғамбардың кемесінің сынығы. Есім ханды қырқынан
шыққанша суға осы топыраққа бір шымшым тұз қосып, шомылдырған. Қалған
топырақтарды осы орауымен Қожа Ахмет әулиенің мешітінің төріндегі текшеге
қойған.
Мұхаммед пайғамбар Арша қалаға Алланың әмірімен ұшып бара жатқанында бір
бұлақтың басындағы қабірден аспанға қарай жеті түрлі реңдегі арайлы нұр
шашырап тұрғанын көреді.
Апырым-ай, Алланың көзі – Күннен жерге нұр түсетін еді. Бұл қандай
киелі керемет екен? - деп ойланады.
Сонда Жәбірейіл періште пайғамбарға айтыпты: Бұл – туғанында Қыдыр ата
маңдайынан сипаған, бар өмірін Аллаға құлшылық жасауға арнап, халыққа
береке-бақыт тілеумен өткерген Нұратаның қабірінен шығып, әлемге арайланып
тарап тұрған шапағат нұры. Бұл нұр тек Құдайдың сүйген құлы, ақиқаттың
жаршысы, пәк көңілді, тазаланбай жер баспайтын, зердесі таза адамға
көрінеді.
Осы жеті түрлі шапақтың Нұратаның қабірінен шығуы тоқтағанда ақырзаман
болады. Он сегіз мың ғаламның барлығы Алланың құзырына жиналады, қыл көпір
алдында істеген істеріне есеп береді – дейді.
-Нұратаның дүниеге келгеніне биыл отыз екі ғасырға жуықтады. Киелі
бабамыз Нұрата 107 жасында Алланың аманатын тапсырып, о дүниелік болған.
5. Мына шеті шіріген ағаш – Нұх пайғамбардың кемесінің сынығы. Кеме Нұх
пайғамбарға Алла арнайы жіберген пейіште өсетін пофер бәйтерегінен
соғылған. Алла жер жүзін топан суға бастырғанда, Нұх пайғамбар осы кемеге
Адам Ата мен Хауа Ананың сүйегін, он сегіз мың әлемнің бір ұрғашы, бір
еркегін жұп-жұп етіп отырғызып, топан суда жылы жаққа қарай жүзе береді.
Сол кезде төбесі судан шығып тұрған Қазығұрт тауына жетіп, кемесін
тоқтатқан Нұх пайғамбар кемедегі Алланы мойындаған сексен адамды, он сегіз
мың ғаламның жұптарын құрлыққа шығарып жібереді. Кеменің тышқан кеміріп
тескен жерін алып тастап, Қазығұрт тауында өсетір шынар ағашымен жамаған.
Адам Ата мен Хауа Ананың сүйегін Абдул-Қайыс Тауындағы, Байатул-Мухаддес
деген жерге апарып жерлеу үшін, құбылаға қарай кеменің желкенін көтеріп,
жолға шығады.
Мұхаммед пайғамбардың беріп кеткен аманат құрмасын тапсыру үшін Қожа
Ахметті іздеп Түркістанға келген Арыстан баб әулие жас, жетім Қожа Ахметтің
тілегін орындап, оның шешесіне қосылып, неке суын ішеді. Сөйтіп, Тұран
еліне тұрақтап қалған Арыстан баб әулие, Алланы тану жолы – ислам дінін
насихаттап, ел аралап жүріп, Қазығұрт тауындағы Нұх пайғамбардың кемесі
тоқтаған жерге келеді.
Осы жерді көзден өткеріп, аралап жүріп, киелі кеменің сынығын – мына
ағашты танып, тауып алады. Арыстан баб әулие Нұх пайғамбардың кемесінің
сынығын өзінде сақтаған. Өмірден түңіліп, алдына шаршап келген кісілерге ол
аса мейіріммен қараған. Алланың жарылқайтын шапағаты есепсіз, тәубе
қылыңдар, жақсылықтан күдер үзбей, Алладан қайырымдылық тілеп, адал еңбек
етіңдер! деп кеменің сынығын алдына қойып отырып, жабыққандардың тағдырына
ізгілікті қуанышқа бастайтын болжау айтады екен. Сөйтіп, ол адамдардың пәни
дүниеде, Алла берген берекелі ғұмырда қайғысыз жасауын тілейді екен.
Арыстан баб дүниеден өтерінде бұл ағаштың (кеменің сынығын) әрі баласы,
әрі шәкірті Қожа Ахмет Яссауи әулиеге беріп кеткен. Мұхаммед пайғамбардан
артық жасауды өзіне күнә деп есептеген Қожа Ахмет әулие 63 жасқа шыққанда
дүниенің тіршілігі мен жарығынан қол үзіп, жердің астына қылуетке түсіп
кетеді. Ол Алланың нұрлы сипатын, дін иесі – Мұхаммед пайғамбардың пәк
дидарын көруге ынтызар ғашық болып, қалтқысыз – ибадат жасап, Хикмет
кітабын жазып, осы ағашты басына қойып жатқан. Қожа Ахмет әулие көз
жұмарында ғұламаларды, шәкірттерін шақырып алып:
– Мен өлем, жаназа намазымды қазақ халқының перзенті, таһаратсыз жер
баспаған, үйіне бала-шағасының бір күнге жететін нәпақасынан артық ешнәрсе
апармаған, бес күндік дүниенің байлығына қызықпаған, бар өмірін мешітке
арқалап отын тасумен өткерген Тама Қарабура шығарады – деп тапсырады.
Қожа Ахмет әулиенің өсиеті бойынша, оның жаназа намазын оқыған Тама
Қарабура әулие бұл ағашты қылуеттің төріндегі текшеге қойдырған еді. Бұдан
екі жыл бұрын Сіз ауыр дертке тап болғаныңызда, Нұх пайғамбардың, Арыстан
баб, Қожа Ахмет әулиелердің рухына құран оқып, ауруыма шипа болғай – деп
осы ағашты алып өзіңізде сақтап жүрсіз, - дейді Мүсірәлі софы алдында
отырған Сасық биге қарап.
Кепкен ортан жілік Әмір Темірдің қолбасшысы болған Тама Қарабура
әулиенің ұрпағы Дәулет батырдың ат орнына жорыққа мінетін айыр өркешті,
қара шудалы, қара бураның киелі сүйегі ретінде сақталып келеді.Өзінде алпыс
жігіттің күші бар, жолбарыстай қаһарлы, бір сөзді, кішіпейіл, жай адамға
аса мейірімді Дәулет батыр қара шудалы бурасына мініп ентелеп келген талай
дұшпанды сабасына түсірген, қанын судай ағызып келмес сапарға аттандырған.
Дәулеттің адалдығына, ерлігіне риза болған халық оны құрметтеп,
Қарабуралы батыр, Қарабура батыр деп атайды. Уақыттың өтуімен оның Дәулет
аты ұмытылып, Тұран елінің жылнамасына Тама Қарабура батыр деп жазылып,
аты тарихта қалады. Тама Қарабура батыр 72 жасында қайтыс болады.
Қарабура батыр о дүниелік болар алдында Созақ өңірінің игі азаматтарын,
ағайындарын, балаларын шақырып, қоштасқанда былай деген екен:
– Мен ана ауылдың сыртында жайылып жүрген айыр өркешті Қара бурамен отыз
бес жыл бірге жасап, жолдас болдым. Қара бураны ат орнына міпіп, талай
қатерлі өмірдің қиын сәттерінен аман өтіп, осы күнге жеттім. Бураның
даңқымен рас атым ұмытылып, Қарабура батыр атандым. Бұл жануар қартайды.
Менен кейін қалса, қойшы-қолаңның, отын-су тасыған ауыл адамдарының
жетегінде азап көріп өледі.
Сондықтан менің жаназасына осы бураны сойыңдар. Етін сылып алып, асып,
қара сорпасына тойыңдар. Басы мен сүйегін тұтасымен аяқ ұшыма қойыңдар –
деген екен. Қарабура батырдың жаназа намазын оқыған Едігенің немересі Тымыр
ишан бураның оң жағындағы ортан жілігін көмдірмей, теберік ретінде алып
қалған.
Батырдың өсиетін орындамай, бураның ортан жілігін алып қалғаны үшін
Тымыр ишан әртүрлі дертке шалдығып, перзенттері өзінен бұрын көз жұмып,
қайғылы өмір кешеді. Көз алдына ортан жілігін іздеген Қарабура елестеп,
ұйықтай алмайтын делбе болады.
Бір күні Тымыр ишанның ауылына Бұхар жеріндегі Қорасан қожаның ұрпағы,
кітап ашып, зікір салып емдейтін тәуіп келеді. Тымыр ишан тәуіпке кітап
аштырады. Тәуіп кітап ашып отырып, Әруағыңнан айналайын Едігенің ұрпағы
екенсің. Өзіңнің бір әнтек істеген ісіңнің себебінен осы жағдайға
ұшырапсың. Енді ол киелі сүйекті денесіне қоса алмайсың. Қолыңдағы ақ
шүберекке орап сақтап жүргенің – ойсылқараның сүйегі. Малды иесіне табыс
ет – деген. Сүйекті сол адамның көзі тірі ұрпағына тапсырсаң, өлінің
әруақтары тыныш болып, ауруыңнан айығасың – дейді.
Тымыр ишан тәуіптің айтқанын орындап, бір малын жетектеп барып, Қарабура
батырдың немересі Шотқара биге болған жағдайдың түгін қалдармай айтып, ақ
шүберекке ораулы бураның ортан жілігін тапсырған еді. Сол заманнан бері бұл
ортан жілік Созақ өңіріндегі Тама елінің киелі мүлкі ретінде сақталып
келеді. Бұл жілікті қайдан, кім, не себепті Түркістанға, осы жиынға алып
келгенін болжай алмай отырмын, - деп сөзін аяқтайды [, 41-45 бб.].
Толыққанды жауапты Мүсірәлі беріп, хан көңілінен шығады.
Осы сауалдардан өткеннен кейін, үш шарт ұсынылады.
Бірінші шарт: буаз сиырдың ішіндегі бұзаудың түр-түсін, жынысын ажырату.
Ұлы жүзден келген Айқожа ақ төбелді ұрғашы қызыл бұзау десе, Шортанбай
ақ құйрықты ұрғашы қызыл бұзау дегенді айтады. Сонда Мүсірәлі тұрып, ақ
құйрықты екені рас, бірақ құйрықтың ұшы төбесіне оратылып жатыр, – депті.
Сиырды сойып, тексеріп көрсе, бұзаудың ұрғашы әрі қызыл екені рас болып
шығады. Құйрығының ұшы ақ екен де, құйрық оралып келіп, маңдайда тұр екен
[344].
Екінші шарт негізінде жанып тұрған от ішінде отырып шығу, Мүсірәлі
Ағаларым үшін отқа мен түсіп көремін. Егер мен жанбай шықсам, бұларда отқа
түсіп жанбай шыққан болады – дейді. Сөйтіп, отқа өзі түсіп, аман шығады.
Оттан шыққан кезде, шапанының оң етегі үш жерден сарғайған екен.
Сонда Мүсірәлі: Қайбір күні дәрет төгіп тұрған түйенің ық жағынан
өткенде ойыма кіпарат алып едім. Сонда шекпеннің етегіне дәрет тиген болуы
керек, – деген екен.
Соңғы шарты – ең ауыры өлген адаммен тілдесу рәсімі. Бұл рәсімнен
Мүсірәліден басқалары бас тартады. Сол сәтте Сайрамда сансыз әулиелер бар,
олармен сөйлесуге болады, олардың барлығы дерлік тірі адамдар ғой – деп,
қабірде жатқан әлгі жандарға келіп, әр қайсысына жеке-жеке тоқтап, дұға
жасап, жеті адаммен сөйлескен екен. Күні бүгінге дейін Керейттердің Жеті
өлікке жан бергендер – деп аталуының себебі де осында.
Осымен, сұрақтар мен шарттардан тұратын сынау жұмысы тоқтаған. Тәуке
ханның өзі бастап, күллі қазақ халқы бірауыздан 17 жасар Мүсірәліні бас
Әзіреті етіп сайлайды. Алқалы жиында сөз алған Сасық би:
– Ұлы Тұран әмірлігін құрған, Тұран жұртының келешегін ойлап, тыным
көрмей, бар өмірін ат үстінде өткерген Әмір Темір Көреген қайтыс болғаннан
кейін, қилы заманның сан түрлі аласапыранының толқынымен ажарап кеткен алты
арыс Тұран елі өз еркімен қайтадан бірігіп, Түркістанда шаңырағын көтеріп
отыр. Белгілі ханы, әзіреті, ұраны, байрағы, астанасы бар, ұлы даланың иесі
мемлекет болдық. Елбасы болған Тәуке Жәңгірұлы Әмір Темірдей әділетті, түп
бабасы Шыңғыс хандай қаһарлы, халыққа қамқор, дұшпанға мейірімсіз, Аяз
бидей ақылдың кені, көреген ақиқаттың ақ жолынан ауытқымайтын ұлы парасат
иесі ұлағатты хан болғай – деген тілек үмітпен Әз Тәукені хан деп атауды
алты би ұйғарып, сіздерге ұсынады. Билердің шешімін құптасаңыздар, бүгіннен
бастап Жәңгірұлы Тәукені Тұран жұртының әділетті Әз Тәуке ханы деп атаймыз.
Асқақтап есіргендердің көз алдына дін иесі Мұхаммедпайғамбардың жолымен
Алланы келтіріп, халыққа адалдықты үйретіп, Құдайдың берген кеңшілігінде
тату-тыныш жасауды насихаттайтын бүкіл Тұран жұртының пірі Мүсірәлі софы
әзізді ұлықтаймыз!
Ханымыз – әз Тәуке,
Дініміз – ислам,
Әзіретіміз – Сопы әзіз(Мүсірәлі),
Туымыз – қылшашақты жасыл байрақ,
Бас қаламыз – Түркістан,
Мақсатымыз – ұлы Түркістан ислам дәулетін құру.
Бұл ұлы мұратқа жеткізген ел бірлігінің басқұры мықты болғай.
Азаттық, теңдік, ынтымақ жолы шаңғытпағай,
Алланың досы, дін иесі Мұхаммед пайғамбар – халық қызметшісі.
Алла тағала таудай талабымызды оңғарсын. Алдымыздан ақ жарылқап күн
туғай, Қыдыр ата жолдасымыз, Ғайып-Ерен қырық шілтен шылауымызда болғай! –
деп сәт-сапар тілеп, бата береді.
Ғайып ерен – мұсылмандар арасында сопылық ілім ықпалымен тараған түсінік
бойынша, ерекше қасиеттерге қол жеткізген әулиелер. Қазақтар әдетте
құдаймен қоса ғайып ерен, қырық шілтен, ғаусыл-ғиас тағы басқа әулие-
пірлерді рухани көмекке шақырады.
Бұл жөнінде В. Радлов : ...Ойдан келген он қожа,
Қырдан келген қырық қожа.
Ол қожаның ішінде,
Әзірет Қожа,
Жеті өлікке жан берген
Жанағат жанды тең көрген – деп, Мүсірәліні атап көрсетсе [345, 71 б.],
Ә. Диваев: Енді біз осы жерде тоқсан екі баулы өзбектен шыққан
әулиелер аттарын келтіріп, қайсысына кімнің пір болғанын, кімнің-кімнен
шыққанын көрсетеміз.
...Ахун Азиз-Керейт руынан еді.
Дегенмен, мұның бәрін бір Алла біледі – деп келтіреді [346, 4 б.].
Бұл орайда Ә. Кекілбаев: Биге құлақ асса, сардарға бағынса, пірге
табынды. Хан ауысса да, пір ауыспады. Тәуке хан сайланғанда пір де бірге
сайланып, үш ұлыстың пірлері жұрт алдында аруақ салыстырып, керейт Сұпы Әжі
(Мүсірәлі) дүние салғаннан кейін жалпы қазақтық пір сайланған емес – дей
отыра [347, 7 б.], Үркер романында да береді: Осы жолы да, әз Тәукені
күллі қазаққа ортақ хан сайлап, сұпы Әжіні күллі қазаққа пір сайлап, Жеті
Жарғының жосығын қабылдаған ұлы жиын аяқталғасын да жиылған жұрт[348, 82
б.].
Найман Тоқтарқожаның баласы Байжігіт айтты дегенде де:
Е-е-еһ! Әз-Тәукені хан сайлап,
Әз-Тәукені хан сайлап.
Сұпы-әзізді пір сайлап,
Қонды бүгін Ақсарбас,
Әйтеке бидің төріне – деп берілгенін көреміз [349, 138 б.].
Енді Мүсірәлі пірдің киелі шаңырағы қайда тігілуі керек деген айтыс-
тартыс басталады.
Сол кезде үш арыс елдің басшыларына Мүсірәлі Жәдікұлы төрелік айтады.
Қазақтың үш биі – Әйтеке, Төле, Қазыбек, қарақалпақ Сасық би, Мұхаммед би,
қырғыз Қоқым би бүгін кешкілік аттарының ертоқымын алып, тұсап жіберсін.
Мен де шұбар төбел атымды сол аттардың қасына жіберемін. Ертемен өздерің
барып көріңдер. Менің атым қай бидің атымен бірге жусаса, сол бидің елінің
ортасында болайын. Тағы бір шартым – Төле, Қазыбек, Әйтекеге тігілген үйдің
қайсысының төбесіне таң ата құс қонса, сол бимен бірге жүретін болам дейді.
Ертеңінде азанда үш би қожа-төрелерімен, хан сарайының адамдарымен жиналып
барып қараса, Әйтеке бидің жорғасы мен Мүсірәлінің аты қанаттасып бірге
жайылып жүр екен. Сол кезде Әйтеке биге арналып тігілген үйдің шаңырағына
бір құс келіп қонады.
Енді көпшіліктің арасынан қырғыз Қоқым би жаңа дау шығарады. Әйтеке би
мен Мүсірәлі көп жылдан таныс, ел аралап бірге жүреді. Сондықтан аттары да
аралас, қоралас. Мүсірәліге басқа ат сатып әперу керек. Оны хан сарайының
қызметкерлері де қолдап, Мүсірәлі софыға өрісі, үйірі бөлек басқа ат сатып
алып береміз. Кешкілік ауылдың шығысындағы көлге жеті атты бірге жібереміз.
Ертең азанда барып көреміз. Сонда кімнің атымен пірдің аты қасынысып, жусап
тұрса, сол бидің елінің ортасынан піріміздің киелі керегесін жаямыз – деп
қырғыз Қоқым би төрелік айтады. Сөйтіп, кешке жіберген аттарды ертеңіне
қараса, тағы да Мүсірәлімен Әйтеке бидің аттары қанаттасып жусап тұрғанын
көреді. Бұл ретте қарақалпақ Мұхаммед би дау шығарып, келісімге келмейді.
Әйтеке бидің аты ақта пішілген. Байталдан да жуас мал, айғырлығы жоқ.
Басқа аттардың бәрі жат үйір малға тарпаңдығы бар айғырлар. Сол себепті
Мүсірәлі софының аты Құлақасқамен жақындасып, жусап тұр.
Енді ол Әйтеке биге басқа айғыр ат алып беріп, оларды қайтадан бірге
жіберейік – деген ұсыныс айтады. Бұл да пәтуалы, жаны бар сөз екен - деп
келісімге келген билер Әйтеке биге өрісі, үйірі бөлек алты жасар
Торыайғыр атты алып беріп, өріс өзгертіп, аттарды жібереді. Азанда мал
өріске беттегенде келсе, Әйтеке би мен Мүсірәлінің аттары қанаттасып,
қасынысып, жусап тұрғанын көреді.
Ордаға қайтып келгесін Сасық би Тәуке ханға үш ретте де Мүсірәлі софының
аты, Әйтеке бидің атымен бірге жусап тұрғанын мәлімдейді. Тәуке хан: Тұран
елінің жарықтық әулиесі, Алты Алаштың пірі Мүсірәлі софы әзиз іргесін әр
жылы ел жайлауға шығып, көктемдегі хан кеңесін, құрылтай жиынын өткергенше
Кіші жүздің ортасында болады. Кіші жүз еліндегі алты алаштың пірі Мүсірәлі
софы әзиздің алдына барып, батасын алып отыратын боламыз, - деп ұйғару
шығарып, жарлық береді.
Әрі Мүсірәліні қазақ елінің сол кездегі орталығы Түркістанға жақын Сыр
бойындағы Жент қаласына көшіріп әкелуді талап етеді. 1680 жылы тамыз айында
Мүсірәлі Жәдікұлы отбасы өзіне жақын ағайындарымен бірге Жент қаласына
жақын (Жент – Ақмешіт ) Сыр бойына қаракесектің ортасына келіп қоныстанады
[350].
Алшынның үш атасы – Кете, Әлім, Шөмен жиналып, 1680 жылы қыркүйек айының
ортасында ат тұяғы жетер жердегі халықты шақырып, бір өңкей ақ түйе, ақ
сиыр, көк қой, боз жылқы сойып, ел бірлігіне арнап, үлкен мереке өткізеді.
Мүсірәлі бабамыз Жеті Жарғы заңына да үлес қосқан. Заң баптарын
шариғат нұрымен айшықтап, мұсылмандық талаптар енгізген.
1. Бүкіл дүниені жаратушы Алла алдында барлық пенделер (адамдар) тең
құқылы. Ислам дінін таныған, мойындаған, өз ықтиярымен мұсылмандық
жолды ұстанған әрбір адам Алланың бұйрықтары мен қағидаларын
бұлжытпай орындауға міндетті.
2. Тіл – әрбір адамның тіршіліктегі түсінісіп, ұғынысып, бір-бірімен
қарым-қатынас жасауының құралы. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана
тілін білу, қадірлеу-адам жанының сұлулығы, отандастар алдындағы
борышы. Тіл – иманның кілті. Әрбір адам отбасында, ел алдында,
көпшілікке түсінікті, Алланың берген ана тілімен, Аллағы сыйынып,
тәубеге келіп, жақсы сөздер айтса, ол адамның тәубесі қабыл болып,
күнәсі жеңілдейді. Туған анасынан үйренген ана тілін, халқының
тілін терең біліп, қадірлеп өсу-жас ұрпақтың ел алдындағы
перзенттік парызы.
3. Өмір – Алланың адамға берген сыйы мен бақыты. Өсімдік, жан-жануар,
тау-тас, теңіз, су, ну орман, оларды көтеріп тұрған жер –
Жаратушының адамға тарту еткен сыйы, ырызығы-несібе, қажеттілігі.
Әрбір адам табиғатпен үйлесім тауып, тепе-теңдікті сақтап, сол
Тәңірдің бергенін қастерлеуге міндетті.
Аллаға құлшылық етіп, жаратқан ие парыз еткен міндеттерді орындап отыру
– азаматтық борыш.
4. Туыстық жеті атадан аспай құда-жекжат болып, қыз алып, қыз беруге
тиым салынсын.
5. Әр адамның қаны таза, жүрегі мейірімді, ұлтжанды, парасатты болып
өсуі үшін аралас некеге тиым салынады.
6. Ел теңдігі, ру, жесір, жер дауы, басқа да тұрмыстық кикілжіңдер
Жеті Жарғы қағидалары аясында шешіледі. Жеке адамдардың,
батырлардың, күш иелері мен билік иелерінің өзімшілдікпен әлсіз
жандарды басынуына, өш алуына, қан төгуіне тиым салынады.
7. Ел бірлігін сақтау, дінге беріктік, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу –
әрбір ұлт азаматының міндеті.
8. Өш алу, қан төгу арқылы қарымта қайтаруға тыйым салынсын!
9. Отбасының бірлігін сақтап, ел-жұртына адал болуды Алла адамға сый
етіп тартқан.
10. Әрбір даулы іс Жеті Жарғыны басшылыққа алып отырып, шешімін
тапсын.
Мүсірәлі софы әзіздің жарлығы Жеті Жарғымен бірдей халық тұрмысында
кеңінен қолданылған.
Бабамыз уағыздаған тағылым-танымдар бүгінгі күнге дейін өзінің тәрбиелік
мәнін жойған жоқ. Халықты ислам дініне шақырған. Міне, бұдан Мүсірәлі
бабамыздың қазақ халқының болашағын көріпкел көрегендікпен пайымдағанын
көреміз. Сонымен қатар, Мүсірәлі бабамыз барлық мұсылман азаматтарына
мынадай өсиет қалдырған...
...Ұлтын, ана тілін қастерлеп, ислам дінін аялау парыз. Халыққа аға болуға
талапты азаматтар ең әуелі ұлттық дәстүрге орай киініп, ана тілінде сөйлеп,
туған елінің төл перзенті екенін сыртқы пішінімен де, дінімен де, ділімен
де танытып, бар ықылас көңілін ақиқатқа бұруы шарт. Бөтен елдің жылтырағына
қызығып, санаңды кірлетсең құрғақта қайырлап қалған балықтың азапты күйін
кешесің!!!
Алла тағала 18 мың ғаламды жұбымен жаратып, өсіп-өнуіне жағдай жасаған.
Дүниеқұмарлар жаратылыс заңын бұзып, есекті байталға шаптырып, қашыр деген
буданды күш-көлік ретінде пайдаланып жүр.
Адалды араммен араластырып, екі жануардың өсіп-өну жолын бұзып, тудырған
қашардың мінезі – теріс-тарпаң, шайтанның арбауына түскен, өсіп-өнбейді.
Себебі ол – Алла жаратқан он сегіз мың әлемнің есебінде жоқ мақұлық. Өмірі
азапта өтіп, төрт түлік малдың есебіне жете алмай, жарық дүниемен қош
айтысады. Бір таңқаларлығы – оның өлімтігін ит те, құс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Сыр өңірі ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметі
Бекет атаның ұрпақтары
Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы Төле бидің ролі
Төле бидің сөзге тоқтауы
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі
Қазақ халық музыкасы
Қазақтың ұлы билері
Киелі өңірдегі өнегелі тұлғалар
Әнет шешеннің халық жадында сақталған өнегелі сөздері
Пәндер