Жыр отымен бірге жанып өмірден өткен ақын



1 ЖЫР ОТЫМЕН БІРГЕ ЖАНЫП ӨМІРДЕН ӨТКЕН АҚЫН
2 Пайдаланылған әдебиет:
Cыр өңірі қашаннан хас таланттардың отаны болып табылады. Бұл өңірден түлеп ұшқан жырау, жыршы, шайырлардың, ақындардың санында шек жоқ, әсіресе, сыр бойының рухани орталығы болып есептелінетін Қазалы ауданы – ата–бабаларымыздан мирас болып келе жатқан ақындық дәстүрді іргелі жалғастырушы қасиет қонған ірі өнер ордасы, жыр қазанын қайнатқан қара шаңырақ. VIII-ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен ұлы Қорқыт бабалардан бастау алған Сыр бойының ақын-жыраулары өзіндік дәстүрімен өзге аймақтардан ерекшеленіп тұрады. Өлеңді өнердің пірі тұтып, басқа қонған бақ, абырой санап, оны аруақтай құрметтеп, жақсы жыр тудыруды басты мақсат тұтқан. Міне, осы жыр додасында ерен дарындылығымен суырылып алға шыққандарды халық - дүр ақын, Сыр сүлейлері деп атады. Олардың есімдері ел аузында жатталды.
Жалпы, Сыр сүлейлері туралы ғылыми еңбектер, мақала, очерктер соңғы жылдары көптеп жарық көруде. Ешқашанда Сыр сүлейлерінің шығармалары зерттеушілердің назарынан тыс қалып көрген емес. Әрине бұл қуанарлық жайт. Оларды атап өтер болсақ, Ешнияз сал, Балқы базар, Күдеріқожа Көшекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Дүр Оңғар, Кете Жүсіп, Құлан Алдабергенұлы, Шораяқтың Омары, Шәрі Сеңгірбайүлы, Тұрмағанбет, Жәмет жырау, Қали Нүрпейісов, Байназар Өтепов, Асқар Тоқмағанбетов, Әбділдә Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Әуелбек Қоңыратбаев, Зейнолла Шүкіров, Қалжан Нұрмақанов, Сейіл Боранбаев, Рүстем Жанаев, Балтабай Тәжімбетов т.б.
Қарасақал Ерімбет, Нұртуған секілді ірі шайырларымыздың есімдері аңызға айналып, бүгінде шығармалары Республика көлемінде кеңінен насихатталып жүр. Осындай ірі таланттар мектебінен шыққан жер-жерде, ауыл-ауылда қаншама сөз зергерлері бар. Олардың есімдері белгісіз, жырлары ел арасында, көнекөз қариялардың аузында жүр. Оларды зерттеп, жинақтау - біздің парызымыз.
Мен Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай кеңшарында дүниеге келген сатирик ақын Зейнолла Шыраев туралы, оның өлеңдері туралы ауыл адамдарынан ести жүріп, оның шығармашылық өнер жолы жайында зерттеу жұмыстарын жүргізуге бел будым.
З.Шыраев туралы мәліметтерді жары Мадина апайдан алдым. Кезінде аудандық «Ленин туы» (қазіргі «Тұран қазалы») газетінде, Республикалық «Ара» журналында, облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газеттерінде жарық көрген туындылары, еш жерде жарияланбаған қолжазбалары да ақынның жарынан табылды. Ақынның өмірі, шығармалары зерттелмеген, тың тақырып. Оны зерттеп, халыққа кеңінен насихаттап, есімін туған жерімізден түлеп ұшқан қаламгерлер қатарына қосып, шығармаларын алтын қорымызға енгізу мақсатында ақынның қолжазбалары мен мерзімдік баспасөз беттерінде жарық көрген туындыларына болашақ ұрпақ көзімен баға беріп, ғылыми әдеби талдау жасауды ұйғардым.
1. Сыр өңірі тарихы
Алматы «Атамұра» 1998 жыл
2. Н. Т. Мусабаев, А.Мусабаева
« Ортаймаған қазаны – қасиетті Қазалы» Алматы 1998 жыл
3. «Ара» журналы 1971 жыл
4. «Ленин жолы» газеті 4 қыркүйек,1966 жыл
5. «Ленин туы» газеті 1967 жыл
6. Ленин туы, 5 мамыр, 1968 жыл
7. Ленин туы, 1969 жыл
8. Ленин туы, № 22, 19 ақпан,1970 жыл
9. Ленин туы, 22 шілде, 1971 жыл
10. Ленин туы, №123 1976 жыл

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖЫР ОТЫМЕН БІРГЕ ЖАНЫП ӨМІРДЕН ӨТКЕН АҚЫН

Cыр өңірі қашаннан хас таланттардың отаны болып табылады. Бұл өңірден
түлеп ұшқан жырау, жыршы, шайырлардың, ақындардың санында шек жоқ, әсіресе,
сыр бойының рухани орталығы болып есептелінетін Қазалы ауданы –
ата–бабаларымыздан мирас болып келе жатқан ақындық дәстүрді іргелі
жалғастырушы қасиет қонған ірі өнер ордасы, жыр қазанын қайнатқан қара
шаңырақ. VIII-ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен ұлы Қорқыт бабалардан бастау алған
Сыр бойының ақын-жыраулары өзіндік дәстүрімен өзге аймақтардан ерекшеленіп
тұрады. Өлеңді өнердің пірі тұтып, басқа қонған бақ, абырой санап, оны
аруақтай құрметтеп, жақсы жыр тудыруды басты мақсат тұтқан. Міне, осы жыр
додасында ерен дарындылығымен суырылып алға шыққандарды халық - дүр ақын,
Сыр сүлейлері деп атады. Олардың есімдері ел аузында жатталды.
Жалпы, Сыр сүлейлері туралы ғылыми еңбектер, мақала, очерктер соңғы
жылдары көптеп жарық көруде. Ешқашанда Сыр сүлейлерінің шығармалары
зерттеушілердің назарынан тыс қалып көрген емес. Әрине бұл қуанарлық жайт.
Оларды атап өтер болсақ, Ешнияз сал, Балқы базар, Күдеріқожа Көшекұлы,
Әзілкеш Шымырұлы, Дүр Оңғар, Кете Жүсіп, Құлан Алдабергенұлы, Шораяқтың
Омары, Шәрі Сеңгірбайүлы, Тұрмағанбет, Жәмет жырау, Қали Нүрпейісов,
Байназар Өтепов, Асқар Тоқмағанбетов, Әбділдә Тәжібаев, Мұхамеджан
Қаратаев, Әуелбек Қоңыратбаев, Зейнолла Шүкіров, Қалжан Нұрмақанов, Сейіл
Боранбаев, Рүстем Жанаев, Балтабай Тәжімбетов т.б.
Қарасақал Ерімбет, Нұртуған секілді ірі шайырларымыздың есімдері
аңызға айналып, бүгінде шығармалары Республика көлемінде кеңінен
насихатталып жүр. Осындай ірі таланттар мектебінен шыққан жер-жерде, ауыл-
ауылда қаншама сөз зергерлері бар. Олардың есімдері белгісіз, жырлары ел
арасында, көнекөз қариялардың аузында жүр. Оларды зерттеп, жинақтау -
біздің парызымыз.
Мен Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай кеңшарында дүниеге келген
сатирик ақын Зейнолла Шыраев туралы, оның өлеңдері туралы ауыл адамдарынан
ести жүріп, оның шығармашылық өнер жолы жайында зерттеу жұмыстарын
жүргізуге бел будым.
З.Шыраев туралы мәліметтерді жары Мадина апайдан алдым. Кезінде
аудандық Ленин туы (қазіргі Тұран қазалы) газетінде, Республикалық
Ара журналында, облыстық Ленин жолы (қазіргі Сыр бойы) газеттерінде
жарық көрген туындылары, еш жерде жарияланбаған қолжазбалары да ақынның
жарынан табылды. Ақынның өмірі, шығармалары зерттелмеген, тың тақырып. Оны
зерттеп, халыққа кеңінен насихаттап, есімін туған жерімізден түлеп ұшқан
қаламгерлер қатарына қосып, шығармаларын алтын қорымызға енгізу мақсатында
ақынның қолжазбалары мен мерзімдік баспасөз беттерінде жарық көрген
туындыларына болашақ ұрпақ көзімен баға беріп, ғылыми әдеби талдау жасауды
ұйғардым.
Ақын есімін Қазалы ауданының 70 жылдық торқалы тойы қарсаңында
жазылған Ортаймаған қазаны - қасиетті Қазалы атты кітаптан кездестірдім.
Онда Қазалы қаламгарлері хақында жазған тарауында Марқұм З. Шыраев жыр
отымен бірге жанып өмірден өтті деген бір-ақ ауыз сөз бар, басқа ештеме
айтылмаған. Ол туралы көлемді мақала берілмесе де, осы бір ауыз сөзден-ақ
ақын есімінің халық көлемінен қалыс қалмағандығын аңғарғандай боламыз.
Ақын 1944 жылы, бұрынғы 1950 жылы Абай колхозы болып қайта құрылған
алты колхоздың бірі - Сарытоғайда дүниеге келген. Әкесі Шырай ағаштан түйін
түйген ұста болады. Әкеден жалғыз Зейнолланың бойына әке өнері дари
туылған. Зейнолла туған жері Сарытоғайда 4 жылдық, кейін Абайда 8 жылдық
мектепті бітіреді. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ Мұқағали, Қасым
шығармаларын сүйсіне оқитын Зейнолланың алғаш ақындық жолы басталады. Орта
мектепті бітіріп, қазіргі КМ-8 де оқып жүріп:
Жолсыздан ақылдылар жол таппай ма?
Ер жігіт жауды көрсе жалтақтай ма?
Жүрекке тура келген жалғыз оқтан,
Қашсаң да, қиналсаң да жан шықпай ма? - деп ішкі
толғаныстарды өлең болып өрледі.
Учелищені миханизатор мамандығы бойынша бітіріп, өз туған ауылында
тракторист болып еңбек етеді. Осындай тынымсыз да ауыр қайнап жатқан жұмыс
ортасында жүріп те, ақын қолынан қаламы түспеген екен.
Байлық сол он екі мүшең аман болса,
Еңбектен тойынбайтын жігер болса.
Шаттықпен еңбек етіп, терің төгіп,
Ағайын арасында ғұмыр болса - деп, бұл өлеңінде адал жар,
өсіп-өнген бала-шаға, жора-жолдас, достардың арасында аман-есен еңбек етіп
жүрсе, мұнан өзге бақыт, бақ, байлық болмас деп жырлай келе, туған
жеріміздің байлығы ақ күріші туралы:
Тұлғабайдың жасандырып түлеген,
Су аруы - сұлу дақыл, тұр егін.
Қос құдірет - жер мен судан нәр алған,
Ақ күріштің аты елге таралған – деп, қыста егістік жерін
даярлап, көктемде сеуіп, жаз бойы басы-қасында жүріп баптаған, сол үшін
аянбаған ел еңбеген дәріптейді. Халық мақтанышы болған күрішті жырына
қосқан ақын шығармалары бұл кезеңде облыстық, аудандық газеттерде жарық
көреді.
Ақын жан-жағындағы келеңсіз құбылыстарды, әділетсіздіктерді көре
жүріп, үндемей қала алмайды. Мұндай әжуа, сықақ, әзіл-қалжың өлең,
әңгімелері Ара журналына шығып тұрды.
Осындай келеңсіз жайттарды айта келіп, ақын Жеке шумақ өлеңінде
былай дейді:
Мінезім жақпас бәлкім біреулерге,
Әйтеуір айтпасын жұрт құрығыр деп.
О, тағдыр сондықтан да сұрайтыным,
Айнадай ар-ұяттың құлы қыл тек.
1971 жылы ауылдас Мадина апамен бас қосқан ақын, тұңғыш ұлы дүниеге
келген 1974 жылдан бастап денсаулығы сыр береді. Солай бола тұрса да
ақынның көптеген өмір, дүние, тіршілік жайындағы ойлары өлеңмен өріле
береді.
Осы науқас аяғы 1985 жылы ақынды төсекке таңады. Бірақ Зейнолла
ағаның қолынан бір сәтке де қаламы түспейді.
Көйлекті көп тоздырған талайың бар,
Қалт айтсам кешіріңдер, ағайындар.
Дүниеге көппен бірге келгенменен,
Тағдырдың талқысы жоқ мен көрмеген - деп ақын бұл өлеңінде
аурудың азабын көргенін айта келіп, артық кеткен жеріне кешірім сұрайды.
Осылайша, ауыра жатып та қалам тартқан Зейнолла аға бес жылға
созылған жүрек ауруынан 1990 жылы сегізінші шілдеде келмеске сапар шегеді.
Ақын туралы іздей келе оның қолыма түскен аз ғана дүниесіне үңілер
болсам, ақын қозғамаған тақырып болмаса керек.
Мәселен, ел бірлігі, адамгершілік, Отан сүйніштік, махаббат тақырыбын
жазған туындыларымен бірге қоғамдағы өрескел істер, адам бойындағы жат
қылықтарды әжуалау, мысқылдау арқылы саналы адам баласына үлкен ой
тастайды.
Ақынның жары Мадина апаның айтуына қарағанда Зейнолла ағамыз өте
тұйық, кез-келген адамға сырын ашып, көп сөйлей бермейтін, жұмбақтау адам
болса керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Аққу неге киелі
СЕЙСЕН МҰҚТАРҰЛЫНЫҢ ПОЭМАЛАРЫ
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Ақан сері
ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІНІҢ ЖЫРДАРИЯСЫ
Мұқағали Мақатаев
Шортанбай Қанайұлының Зар-заман толғауы
Махамбет Өтемісұлы туралы
Пәндер