ҚР мемлекет және құқық тарихы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
2. 2 Лекция сабақтарының тезистері
№ 1 лекция Тақырыбы: ҚР мемлекет және құқық тарихының зерттеу пәні мен әдісі
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін де бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегенін, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін де білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халық жаңа жағддайға бейімделіп келді. Ежелгі сақ тайпалары, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері мен түрік қағанаты дәуіріндегі мемлекеттер, Шыңғысхан шапқыншылығынан кейін өмір сүрген көптеген мемлекеттер Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың мемлекеттері болды.
Қазақстан атауымен аталған Қазақ хандығы 300 жылдай өмір сүрді. Міне осы мемлекеттердің бәрі де бүгінгі Қазақстан Республикасының байырғы халықтары - қазақтардың әр кезеңіндегі мемлекеттік бірлестіктер болған деп айта аламыз.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, оның саяси-әлеуметтік дамуы үшін еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттер мен олардың құқықтық жүйелерінің ерекшеліктерін оқып үйренудің маңызы зор. Осы орайда елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: “Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиатының бастауларын түсінгеніміз жөн”, - діннің мәні ерекше. Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысы бар. Оларда қазіргі қазақтардың түпкі ата-бабалары өмір сүрді және осы территорияны болашақ ұрпақтары үшін жан-тәнімен қорғап, үлкен өркениетті іздер қалдырды. Қазақстан жерінде өмңр сүрген түрлі мемлекеттер белгілі бір заңдылықтарға сәйкес пайда болып, гүлденіп, содан соң дағдарыстарға ұшырап тарих қойнауынан кетіп отырды. Олардың пайдаға асар тәжірбиелері мен сабақ болар үлгілері ұрпақ үшін қасиетті, қажетті дүние.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрслысы мен құқықтық қатынастарының даму ерекшеліктерін зерттейді. Бұл мемлекеттердің негізі бір қазақ халқы болғандықтан, олардың саяси-құқық тарихы бүгінгі Қазақстан Республикасына тікелей байланысты болмақ.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихи және құқықтық ғылым болып табылады. Ол қоғам тарихының бір бөлігі болғандықтан мәдениет тарихы, әдебиет тарихы, техника тарихы, т. б. салалық тарихи ғылымдармен қатар тұрады, тарих ғылымының жалпы заңдылықтарын басшылыққа алады.
Құқық ғылым ретінде ол Қазақстандағы мемлекет пен құқық тарихын, олардың әрбір тарихи кезеңге сәйкес заңдылықтары мен ерекшеліктерін, пайда болуы мен жойылуын хронологиялық реттілікпен зерттейді.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы т. б. салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Заң ғылымының көрсетілген салалары тарихилық принципі тұрғысынан Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихынан бастау алады, әрі болашақта саяси-құқықтық тарихтың объектісіне айналады.
Осы оқу құралын жазу барысында бұған дейін жарық көрген “История государства и права Казахской ССР” Ч. 1. Алматы. 1982., Ч. 2: Алматы. 1984. атты екі бөлімді оқу құралын, бес томдық Қазақ ССР тарихын, т. б. көптеген тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттер пайдаланылды.
№2лекция Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар олардың саяси-құқықтық қатынастары
- Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы. Әскери демократия
- Сақ тайпаларының қоғамдық-саяси құрылысы.
- Ежелгі ғұндардың мемлекеті.
- Үйсіндер мен қаңлылардың мемлекеті.
1) Алғашқы қауымдық құрылыс адамдардың тарихының ең ұзақ кезеңі. Адамдар тас дәуірі, мыс дәуірі, қола дәуірі сияқты ондаған мың жылдарға созылған кезеңдерді бастан өткізді. Тарихты бұлай дәуірлеу өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға және жетілдіруге байланысты болған.
Адамдар тас дәуірінде табиғаттың дүлей күшіне қарсы бірігіп күресу үшін тобыр ретінде өмір сүрді. Тобыр тәртіппен реттелмейтін адамдардың тобы. қажеттігі адамдарды біріктірді. Некенің түрі топтық неке болды.
Рулық қоғам туыстас адамдардың қауымдастығы. Экзогамиялық неке - ру ішінде некеге тыйым салыну. Рулық қоғамда биологиялық емес әлеуметтік көрсеткіштер үстемдік құра бастады.
Адамдар арасында тұрақты неке мен отбасы қалыптасты.
Жақын рулардың бірлестігінен тайпалар құрылды.
Адамдар игеруші өндірістен біртіндеп жер және мал шаруашылығына көшіп, өздері өнім өндірушілерге айналды. Артық өнімнің пайда болды.
Ру мүшелері бір-бірімен тең болды. Руды рулық қоғамдағы биліктің жоғарғы органы - халық жиналысында сайланған ақсақалдар басқарды.
Патриархалдық отбасы - ер адамның - әке билігінің үстем етуі.
Рулық қоғамда қатынастар моральдық, адамгершілік нормалармен, әдет-ғұрыптар және дәстүрлермен реттелді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі - әскери демократия кезең. Әскери демократияға тән ерекшеліктер: рулар мен тайпалар арасында соғыстар мен қақтығыстардың болуы, қоғам өмірі әскери-соғыстық сипат алды; әскери көсемдердің ролі артады. әскери көсемдер әлі де халық жиналысына тәуелді болды. Бірақ, меншіктің пайда болуы, байлықтың шоғырлануы, үнемі жалғасқан соғыстар жағдайында әскери демократия рулық қоғамның шеңберінен шығып, әскери көсемдер жеке билігін орната бастады. Әдет-ғұрып пен дәстүрдің орнына құқық пайда болып, рулық қоғамды мемлекет ауыстырды.
2) Б . э. д. 8-3 ғғ Қазақстан мен Орта Азия жерлерінде сақ тайпалары өмір сүрді. Бұл әскери демократияның гүлденуі және мемлекеттің қалыптасу кезеңі. Алғашқы мемлекеттік белгілер байқалды. Рулар тайпалар тайпалық одақтарға бірікті. Тайпалық одақ - алғашқы мемлекеттік құрылым. Оларды көсемдер немесе сақ патшалары басқарды. Сақ патшасы - әскери басшы, ол соғыс және бітім мәселесін, көшіп-қону, көрші елдермен қарым-қатынастарды реттеді.
Б. э. д. ІV- ІІІғғ. сақтарда мемлекеттіліктің ең басты белгілерінің бірі - жазу пайда болған.
Көшпелі өмірдің, сыртқы жаулармен күрестің ықпал етуімен сақтар бірлестігі әлі де буыны бекімеген, әскери демократиямен шектелген құрылым болды.
3) Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі, көшпелі тайпалар мемлекеттігінің алғашқы көрінісі - ғұндардың мемлекеті.
Ғұндар туралы алғашқы деректер б. э. д. ІVғ. Қытай жазбаларынан кездеседі. .
Б. э. д. ІІІғ. басында ғұндар әскери көсем Тауманның басшылығымен үлкен көшпелі мемлекет құрды. Қытай деректері ғұндардың мемлекет басшысын шаньюй деп атаған. Ғұндардың өзі патшаларын тәңірқұты деп атаған. Ұлы Мөде тұсында мемлекет мейілінше күшейді.
Б. э. д. 59ж. ғұндар дағдарысқа ұшырап екіге бөлінді. Ғұндардың оңтүстік бөлігі Қытайдың қоластына кіруге мәжбүр болды. Сволтүстік бөлігі Қазақстан мен Орта Азияға, одан әрі Европаға қоныс аударды. Ғұндар соы өңірде алаңдармен, қаңлылармен және үйсіндермен араласты.
Ғұндардың империясы жоғарыдан төменге дейін түгелдей әскери және азаматтық билік жымдасқан үлгісі болды.
Мал отбасының меншігі болған. Әр отбасы мал бағатын белгілі бір территорияға ие болған. Ол территорияны бүкіл ру болып қорғаған. Ғұндарда әмеңгерлік жүйе өмір сүрген. Ұрлық жасағаны үшін отбасы мүшелері түгел жауап беретін.
Ғұндар көшпелі өркениетке енгізделген көшпелі мемлекеттік құрылымның негізін қалады. Алғаш рет әдет-ғұрыптарды заңдастырып, көшпелі әдет-ғұрып негізін салды.
4) Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдарды құрушы ежелгі үйсін және қаңлы тайпалары.
Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түпкірінен Дұңхуаң және Чилан тауы аралығынан б. э. д. ІІғ. шамамен 160ж. көшіп келген. Ол кезде үйсіндерді Нәнді би басқарған. Жетісуда үйсіндер өз мемлекетін құрды.
Үйсін мемлекетінің басшысы күнбегі болды. Ол мемлекетті өзі тағайындаған әскери әкімшілік ұлықтар арқылы басқарды. Үйсіндерде тақ әкеден балаға мұрагерлікке беріліп отырды. Тақ үшін мұрагерлер арасында қанды күрестер жиі болып тұрған.
Ру мен тайпаларды күнбегі тағайындаған бектер басқарды. Бүкіл үйсін елі сол қанат, оң қанат және орта деп үш әкімшілікке бөлінді.
Үйсіндермен қатар бір кезеңде көрші болып Қаңлы мемлекеті өмір сүрді. Б. Э. Д. ІІІ-ғасырдан бастап қаңлылар Сырдарияның орта алқабы Қаратау өңірін мекендейді. Қаңлыларға Ташкенттен Хорезмге дейінгі өлкелер қараған.
Қаңлы елінің басшысын хан деп атаған. Кейбір деректерде оны яғбу, жабғу деп атаған. Ханның билігі азаматтық істерге де, әскерге де жүрген. Қаңлы мемлекеті өз ішінде бес иелікке бөлінген, оларды ханның өкілдері басқарған. Бұл иеліктер өздерінің орталық қалаларының атымен аталған.
Деректерде қаңлылардың жазба заңы болғандығы айтылады. Олардың заңы хан сарайында сақталады. Осы заң бойынша қылмыстыларды жазалайды. Заңда өрескел ауыр қылмыс жасағандардың тұқымы құртылады, одан соңғылары өлім жазасына үкім етіледі, ұрлық істегендердің қолы кесіледі делінген
Қаңлылар Қазақстан жерінде алғашқы мемлекеттік құрылым құрып, мәдениет пен өнердің, шаруашылықтың дамуына үлес қосты.
№3 лекция Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер
- Түрік қағанаты дәуіріндегі саяси-құқықтық қатынастар
- Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің, Найман және Керей ұлыстарының қоғамдық-саяси құрылысы.
1) ІV-ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде Көне Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип - түрік тілдес халықтардың іргесі қаланды.
Бірінші қаған Құтлұқ болды. Оны Елтебер қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі, әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлыптастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691-716) екінші Түрік қағанаты өзінің әскери-саяис қуатының гүлдену дәрежесіне жетті. Түрікте Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлер Соғды жерлеріне дейін барды. Білге мен Күлтегін қағандардың тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы екінші Түрік қағандығы құлап, Ашина әулетінің билігі тоқталды.
Ерте түрік мемлекеттері дамыған қоғамдық-саяси жағдайда өмір сүрді. Түріктердің қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілаеі болды. Мемлекетті қаған биледі. Қаған- әскери қолбасшы саналды. Сондай-ақ қаған жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп-қону бағыттарын анықтады. Қаған мемлекеттегі жоғарғы сот билігін жүргізуші де болды. Елдегі құқықтық тәртіптің ережелерін бекітті.
Түрік қағандары Ашина әулетінен (династиясынан) тарағандардан ғана сайланатын. Қағанның жанында қаған кеңесі болған. Қаған билігі билеуші әулет ішінде ағадан жасы үлкен ініге мұраға беріліп отырған. Түрік қағанатында қағаннан соң ұлығ, жабғу, тегін, шад, елтебер, тархан, бек, бұйрық, тұтық т. б. сияқты көптеген лауазым иелері болған. Осыған қарағанда қағандықта көп сатылы билі органдары болса керек. Жабғу, тегін, шад сияқты жоғары лауазымдарға қағанның балалары мен туыстары тағайындалды. Оларды қаған сайлап отырды.
Түрік қағандығында қағаннан бастап ру-тайпа бастығы бектерге дейін жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған.
Түрік қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Түрік қағанаттары рулық-тайпалық құрылымдарды сақтап қалды. Көшпенді халықтардың құқығы әдет-ғұрыпқа негізделген құқық болды. Көшпелі мемлекеттің де әдет-ғұрып құқығының да алғаш рет кемеліне жеткен кезеңі түрік қағанаттарының дәуірі болды деуге толық негіз бар.
2) Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің, Найман және Керей ұлыстарының қоғамдық-саяси құрылысы.
Түрік қағанаттарынан соң Қазақстан территориясында Қарлұқ мемлекеті (756-940), Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қарахан мемлекеті (942-1210), Қарақытайлар мемлекеті (1228-1213), Найман және Керей ұлыстары, Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы - 1219) сияқты мемлекеттер өмір сүрді. Бұл мемлекеттерді Түрік қағанаттарының заңды жалғасы деуге болады. Себебі Түрік қағанатындағы халықтар кейін осы мемлекеттердің құрамына кірді. Олардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті, діни наным-сенімдері де ұқсас болды. Түргеш, сонан соң Қарлұқ қағандықтары кезінде Қазақстанға ислам дінін таратушы араб әскерлері кірді. Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дінге айналды.
Қарлұқ қағандығы (756-940) VІІІ ғасырдың ортасында түргештердің орнын басу үшін қарлұқ тайпалары мен оғыздардың күресі нәтижесінде пайда болды. Қарлұқ мемлекетінің басшысын жабғу, кейінірек қаған деп атады. Қарлұқтардың мемлекеттік жүйесі ұлыстық-тайпалық сипатта болып, орталық билігі күшті болмады. Орталықтың нашар болып, аймақтардың мықты болуы қарлұқ қағанының құлауына себеп болды.
Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы) тайпалары ІХ-Х ғасырларда оғыз тайпаларының одағы құрылды. Оғыздар 24 тайпадан тұрды. Өз ішінде оғыздар әрқайсысы 12 тайпадан тұратын екі бөлікке: бузуктарға және ұшықтарға бөлінді. Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысынан Еділдің төменгі ағысына дейінгі жерде көшіп-қонды. Астанасы Жаңакент қаласы болды.
Оғыз мемлекетінің басшысы жабғу деп аталды. Жоғары билік мұраға қалдырылды. Күл-еркін - жағбудың орынбасарлары болды. Жабғуды тайпа өкілдерінен тұратын кеңес сайлады. Оғыз әскерлерінің қолбасшысын сюбашы деп атаған.
Оғыз басшыларының қатаң салық саясаты халықтың наразылығын тудырды. Бір жағынан селжұқтардың, екінші жағынан қыпшақтардық соққысынан оғыздардың мемлекеті ХІ ғасырдың басында құлады.
Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы) . ІХ ғасырда Алтай мен Сырдария аралығындағы көптеген тайпаларды біріктірген Қимақ мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің саяси ядросы Шығыс Қазақстан жерінде тараған имақ (қимақ) тайпасы болды. Қимақ одағы алғашында 7 тайпадан тұрды. Кейінірек 12 тайпаға жетті. Қимақтар бірлестігі конфедерациялық мемлекет болды.
Қимақтардың басшысын алғашында шад-тұтық, онан кейін жабғу, қаған деп атады. Қаған тайпаларға өз өкілдерінен басшылар тағайындады. Соңынан қимақтардың 11 тайпаларының басшылығы мұраға қалдырылды. Осылай ұлыстық-тайпалық жүйе қалыптасты. Мұны өзі жергілікті тайпа басшыларының сепартизмін күшейтті. ХІ ғасырдың басында Қимақ конфедерациясындағы қыпшақ тайпаларының күшеюіне байланысты Қимақ мемлекеті құлады.
Қазақстан мен Орта Азияда терең із қалдырған елдің бірі Қарахан мемлекеті. Мемлекеттің негізін салушы Сатук Богра хан (915-955) . Қарахан мемлекетінің шекарасы шығыста Қашғарға, оңтүстікте Мәуереннахрға, солтүстікте Балқаш көліне, батыста хорезмге дейін созылып жатқан ірі ел болды.
Мемлекет көптеген ұлыстарға бөлінді. ХІ ғ. 30-жылдарында мемлекет екіге бөлінді. Батыс хандығының орталығы Бұқар болып оған Мәуереннахрдан Ходжентке дейінгі жерлер қарады. Шығыс хандықтың астанасы Баласұғын болып, оған Тараз, Шаш, Испиджаб қалалары, Ферғана, Жетісу және Қашғар өлеклері қарады.
Қарахан мемлекеті бір жағынан селжұқтардың, екінші жағынан қарақытайлардың шабуылынан құлады.
Қарахан мемлекетінде әскери басшылық әкімшілік басшылықтан бөлінді. Мемлекеттің әкімшілік құрылымы көп сатылы (иерархиялы) принциппен құрылды.
Мемлекеттің жоғары билеушісінің құрметті атағы Арслан (арыстан) және Боғра (бура) деп аталды. Бүкіл елдің әскери, әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын басқаратын лауазым иелері бұғырыш, обғұ, туксин сияқты үш жүйеге жіктелді. Хан сарайындағы (аппаратындағы) қызметтердің белгілі штаты болды. Субаш (қолбасы), бек, ұлыққажин (бас кеңесші), ялауаш (елші), батықшы (хатшы), қабих (сарай күзетінің бастығы), хорұқшы (есік күзетшісі), ағшы (қазынашы), аспаз т. б. болды.
Қалалар мен қыстақтарды мехторлар, әкімдер мен райыстар басқарды. Пошта бастығын - саһипбарида, салықшылар бастығын - мустауфа деп атады.
Хан өзінің туыстары мен жақындастарына аймақтар мен қалаларды сыйға тарта алды. Мұндай сыйлықты “икта”, сыйлық иесін “иктадар” деп атады. Ханның келісімімен “иктадарлар” өзіне сыйға тартылған жерлерден бұған дейін мемлекет пайдасына алынатын салықты өздерінің пайдасына жинауға құқық алды.
Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы - 1219) . ХІ ғ-ң басында қимақ қағандығының орнына қыпшақ хандығы келді. Қыпшақ даласын Дешті-Қыпшақ деп атады. Олар Ертістен Жерорта, Қара теңізге дейін жетті. Оңтүстікте Хорезм мемлекеті мен Кавказға дейін жетті. Дешті-Қыпшақ екі қанатқа бөлінді. Батыс қыпшақтары Еділден батысқа қарай созылған жерлерді жайлады. Оларды тоқсоба руынан шыққан әулет биледі. Шығыс қыпшақтары Ертіс пен Еділ өзендерінің арасын жайлады. Мұнда елбөрілі руынан шыққан әулет биледі.
Қыпшақ қоғамындағы жоғары мемлекет билеушісі хан болды. Хан әскери және азаматтық билікті қолында ұстады. Ханның ставкасы Орда деп аталды. Ханның билік етуші аппараты көп сатылы басқарушы органдар арқылы мемлекетті басқарып отырды. Оң қол деп аталған батыс қыпшақтарының орталығы Жайық өзенінің бойындағы Сарайшық қаласының орнында болды. Сол қанат немесе Шығыс қыпшақтардың орталығы Сығанақта орналасты. Хандықтың орталығы - хан ордасы Торғай даласында көшіп қонды.
Ханнан кейін тархан, басқақ, бек т. б. лауазым иелері болды. Оларды хан тағайындайтын.
Қыпшақ мемлекетінде әскердің ролі ерекше болды. Ру - тайпа басшылары өз дәрежесіндегі әскер басшылары болып есептелді.
Қыпшақ қоғамында әлеуметтік жағынан теңсіздік орын алды. Малға, өндіріс құралдарына жеке меншік болды. Қыпшақ хандығының тарихи сахнадан кетуіне моңғолдардың шапқыншылығы себеп болды.
Наймандар мен Керейдің ұлыстары Алтай, Ертіс, Моңғолия жеріне созылып жатты. 840 жылы Ұйғыр мемлекеті құлаған соң, наймандар мен керейлер күшейе бастайды да, көшпелілер конфедерациясының құрылуы басталды. Олардың бірлескен ханы далай-хан деп аталды.
1125 жылы керейлер, 1143 жылы наймандар өздерінің тәуелсіз хандықтарын құрды. Керей хандығы ванхан деген атаққа ие болған Тоғарылдың кезінде, наймандар Таян ханның, Бұйрық және Күшлік ханның кезінде нығайды.
Керейдің ханы Тоғарыл (1171-1203жж. ) Шыңғыс ханның әскерінің соққысынан қирады.
Наймандардың ханы Таян және оның ұлы Күшлік хан да моңғолдармен соғысты. Шыңғыс ханның әскерінен шегінген Күшіліктің әскері 1212 жылы Жетісуға басып кіріп, Шыңғыс ханның әскері 1218 жылы Жетісуға басып кіргенше созылды.
Наймандар мен керейлердің мемлекеттері басында тікелей атадан балаға мұраға беріліп отыратын хан отырды. Ру-тайпа басшыларын хан тағайындадаы. Қоғам өмірі мейілінше әскерилендірілді.
Керейлер мен наймандардың шаруашылығының негізгі түрі көшпелі мал шаруашылығы болып, малға жеке меншік болды.
№4 лекция Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттердің саяси-құқықтық жағдайы
- Шыңғыс хан империясының саяси жағдайы және ұлы жасақ (ясы) заңдары.
- Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері
- Моғолстан, Әбілқайыр хандығы және Ноғай Ордасының саяси құрылысы
1) Шыңғыс ханның (1156-1227) басшылығымен құрылған моңғол империясының дүниеге келуіне байланысты. Шыңғыс хан 1206 жылы император болып жарияланды. Мемлекеттің басты кәсібі жаулаушылық саясатын жүргізу болды. Моңғол әскерлері Қытайды, Кореяны, Сібір халықтарын, Керей және Найман хандықтарын, Қыпшақ хандығын, Хорезм мемлекетін, Ауған, Иран, Кавказды, Орыс жерлерін, Шығыс Еуропа мемлекеттерін түгелдей жаулап алып жермен-жексен етті. Моңғолдар жаулаған жерлерде Шыңғыс ханның ұрпақтарының билікте болуы ресми заңдастырылды. Басқа әулеттің билікке қол сұғуға құқы болмады. Артықшылықты пайдаланатын Шыңғыс әулетінен тараған ұрпақтар жалпы ақсүйек - төрелер, ал ру- тайпа басындағыларын сұлтандар деп атады. Шыңғыс ұрпақтарының ел билеу дәстүрі зорлықпен және насихатпен қоғамдық санаға сіңіріліп дәстүрге айналды.
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт ұлына бөліп берді. Бұл жерлер ұлыстар деп аталды. Үлкен ұлы Жошының ұлысына Ертіс өзенінен батысқа қарай монғалдардың атының тұяғы жеткен жерлер берілді. Сонда Шығыс, Орталық, Батыс Қазақстан немесе еліміздің көпшілік бөлігі Жошы ұлысына кірді.
Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайға Жетісу, Сырдарияның бойымен және Мәуереннахр берілді. Үшінші ұлы Үгедейге батыс Монғолия мен Тарбағатай өңірі берілді. Кіші ұлы Төлеге шаңырақ иесі ретінде Монғолия және Қытай берілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz