Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі


Жоспар.
Кіріспе-3.
I Ақша қаражаттарының есебі . . . 4.
1. 1. Ақша қаражаттарының жалпы түсінігі . . . 4-8.
1. 2. Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі . . . 9-14.
1. 3. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі . . . 15-18.
II Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі . . . 19.
2. 1. Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары қозғалысының есебі . . . 19-23.
2. 2. Ақшалай баламалардың есебі . . . 24-25.
2. 3. Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты түгендеу . . . 26-27.
Қорытынды . . . 28-29.
Пайдаланған әдебиеттер . . . 30.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің»№4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»-деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілерінің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушылардың түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді»делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа ) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады»делінге.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
- Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу.
- Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
- Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативті құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақщамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық
есептік көрсеткішпен алып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіптеайырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егерде контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.
Ақша қаражаттары сақтау үшіе және заңды тұлғалар арасындағы есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттар- бұл банк мен клиентер арасындағы келісім-шарттың қатнастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін касса бөлмесі бөлме орналасып, жабдықталуы керек. Ақша қоймасы- бұл ақша қаражаттары және басқа құндылықтар мен құжаттарды сақтау мақсатында кассалық жұмыс үшін банктерде арнайы ұйымдастырылатын бөлме. Кассалық қойма есігі шікі жағынан жабылуы қажет. Әрбір кассирдің жұмыс орны кабиналармен бөлектенуі қажет. Кассирлердің столы құлыпталатын ұяшықтардан тұруы керек. Кассирлердің столы құлталатын сейфтермен, металл шкафтар немесе арнайы арбалармен қамтамасыз ету қажет. Кассирлер орнына уақытша шығып кеткен кездерінде қолма-қол ақшаларды ашық түрде тастап кетулеріне болмайды.
Айналым кассасының қолма-қол ақшасы сақталынатын ақша қоймасы үш кілпен және коды бар құлыппен ашылып, жабылады. Құндылықтың сақталуын жауапты лауазымды тұлғалар ақша қоймасын ашпсатан бұрын қауыпсіздік қызметі өкілінің қатысуымен есіктің зақымдалмауын, құлыптың ақаусыздығын тексеріп, одан кейін журналға қолдарын қоюы қажет.
Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте курдели қиындықтарға байланысту үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияны өтем паздығын дәл бағалау үшін қажет.
«Ақшалай қаражаттың қозғалысу туралы есеп» 4 бухгартерлік есеп стандартынада белгіленген. Ақшалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол ақша ретінде белгіленген. Ақшалай каражат қозғалысы-олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
«Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп» 7 қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.
Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын Кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Касса-бұл ақша сақталуын қамтамсыз етегін арнайы жабдықталған бөлме.
Операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің және
темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылдаған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін басшы оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады. Шартта қарастырылған тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері әкімшілік өкілі мен кассирдің қолымен бекітіледі. Кассир болмаған кезенде толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалық операцияларды атқарады.
I. Ақша қаражаттарының есебі.
1. 1. Ақша қаражаттарының жалпы түсінігі.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативті құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткішпен алып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары-бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шорттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары-бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшалаған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек(аванс) кітапшаларының шоттарын және баскаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жақдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді:қолма-қол ақшаны аударуды ; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей
дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін
ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен
белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім -шарт негізінде анықтайды; сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсрманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды) . Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады. Төлем тапсырманың нысаны 201 бетте келтірілген.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері(көрсеткіштері) көрсетіледі:
-төлем тапсырмасының нөмірі;
-төлем тапсырмасының жазылған күні;
-жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК)
-жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
-бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды(ЖК немесе КОd) -бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады:бірінші-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;
-бенефициар-аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
Алушы банкіге келіп түсті
№ 294 Төлем тапсырмасы
3 желтоқсан 2001 ж.
Соманы жазумен Он бес мың екі жүз отыз жеті тенге 00 тиын
(төлеуге жататын сомасы, жазумен жазылады)
Көрсетілген қызмет пен тауардың алынған күні 30. 11. 2001 ж.
Төлем арналымы: Ақпараттарды сақтағаны үшін төленетін тиесілі шоттар №2-7812
30. 11. 01, оның ҚҚС - 2101, 66 тенге
Клиенттің қолы Байтұрғанов Арқабай Алушы банкінің операция жасаған күні
(ақша жіберушінің қолы) «» 200 __ ж.
М. О. Тасыбаев Рысбек
(ақша жіберушінің қолы) (жауапты орындаушылардың қолы)
Ақшаны жіберуші кәсіпорын «Цемент» ААҚ - сы
СТН (салық төлеушінің тіркелген нөмірі) 600500019984
Банк алушы
ИИЖ (ЖТК)
9764680
Сомасы
15234-00
Банк АТФ .
(банк атауы)
Алматы қ.
(төлеуші және оның нөмірі)
БИК (БТК)
190501956
Бенефициар Nursat ЖАҚ
СТН 600400063768
Бенефициар банкісі
ИИЖ (ЖТК)
3467726
Қазақстан Халықтық банкі
(банк атауы)
Алматы қ.
(төлеуші және оның нөмірі)
БИК (БТК)
190501956
-банк-алушы-банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
-бенефициар банкісі-бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
-жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) -филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО) ;
-төлем арналымының коды -ҚР ҰБ нормативтік -құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
-бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды -салықтардың кері қайтаруда қойылатын код;
-Валюттелген күні-ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары:жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады:аванстық төлем,
яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер:жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолмен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі-депозиттермен қамтылған, ал екіншісі-қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мумкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану ) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына кол кою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамасыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан (бүлінген) деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады. Чекті чек ұстаушы төлеуге күні қабылдайды және төлеуге қабылдағаң ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған кұнін
есептемегенде. әдетте. 10 күннен аспайды. Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:-егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
-чектің мерзімі өтіп кетсе;
-төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе түзетулар бар болса) ; -чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
-чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек) ;
-чекте көрсетілген реквизиттер болса;
-чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
-чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
-чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтырылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердіңөңделеуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады. Ол акт төрт данада болады:
біріншісі-банкте қалса;
екіншісі-көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі-кошірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
төртіншісі-чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
1. 2. Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі.
Өзіндік балансы бар және меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды тұлға болып табылатын әрбір субъект Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000ж. 2маусымдағы №266 «Клиенттердің Қазақстан Республикасы банктерінде банктік шот ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулық» Қаулысына сәйкес бос ақшалай қаражатты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерде ағымдағы, корреспонденттелетін немесе жинақ шоттарын ашады.
Ағымдық және жинақ шоттары - жеке және заңды тұлғалардың заңды тұлғалардың жекеленген бөлімшелерінің (филиалдарының және өкілдіктерінің) банктік шоттары.
Корреспондейттік шоттар -банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Аударылымдық операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге корреспонденттік щоттар Ұлттық банктің операцияларға лицензиясы бар болса ғана ашылады.
Банктік шоттар банк шоты шарты бойынша ашылады.
Ағымдағы ннемесе корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747бап ) басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:
1. Қазақстан Республикасының Заңды тұлғалары-резиденттер мен олардың жекелеген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz