Ыбырай Алтынсарыұлы және Абай Құнанбайұлы


Ыбырай Алтынсарыұлы және Абай Құнанбайұлы
Ыбырай Алтынсарыұлы (1841-1889) . Көрнекті ағартушы, қоғамдық қайраткер, жаңашыл педагог 1841 жылы қазан айында 20-сында (жаңаша күнтізбемен - қарашаның 2-күні) дүниеге келді. 1844 жылы әкесі ерте қайтыс болғаннан кейін, жас ЬІбырай атасы Балғожа биден тәрбие алды.
1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген Ыбырай жас кезінен-ақ білімге құштарлығын көрсетті. Мектепте орыс, араб, татар және парсы тілдерінен, басқа да негізгі пәндерден үздік нәтиже көрсеткен болашақ ағартушы Орынборда айдауда жүрген әр текті интеллигенция өкілдерімен танысты. Жасынан жаңалыққа құштар болған Ыбырай Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының көрнекті өкілі В. В. Григорьевпен жақындасты. Оның пәтерінде жиі болып, бай кітапханасын пайдаланды.
Мектепті үздік бітіргеннен кейін 1857 жылы Ыбырай өзінің атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды. Ал 1864 жылы Торғайдық жанында Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларын оқытуға арналған мектепте оқытушы болып жұмыс істеді. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде. Ы. Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарастары да қалыптасты. 1867-1868 жылдарда өлкені басқарудағы әкімшілік-саяси реформалардың отаршылдық мазмұнына жете мән бермеген Алтынсарыұлы - отаршылдық өзгерістерді қазақ халқына пайдалы іс деп қарсы алды. Патша үкіметінің қанау саясатын өз шығармаларында жеткізіп сынағанмен де, белгілі ағартушы отаршылдық әкімшілердің халыққа озбырлығын дәйекті сынамады. Әрине, ауыл ортасынан шыққан ЬІбырай қазақ еңбекшілерінің екі жақты езуге душар болғанын балалық шағында да, Торғай уездік басқармасында іс жүргізуші қызметінде де өз көзімен көріп, халықтың басынан кешіріп отырған ахуалын жақсартуды әрдайым ойлағанына оның көптеген мысал, әңгімелері дәлел. Бай, феодал топтардың көргенсіз қылықтарын әзілдеген Ыбырайға жиі орынсыз жала да жабылатын. XIX ғасырдың екінші жартысында әсіресе патша үкіметінің қазақ шаруаларын өз қоныстарынан ығыстырып, шұрайлы жерді орыс қонысшыларына үлестіруі Ыбырай тарапынан сан рет наразылық туғызды. Жергілікті баспасөз беттерінде ол патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатын сан рет әшкереледі.
Ыбырай Алтынсарыұлының тарихи сахнаға келуі, кейінгі ұрпақтарға есімінің терең із қалдыруы, ең алдымен оның ағартушылық қызметімен байланысты. XIX ғасырда ресми түрде халыққа білім беру жүйесінде арнайы қызметте болған, ағартушы өзінің білімін, байланыстарын, қолындағы мүмкіндікті қазақ жастарын сауаттылыққа шақырудан аянбады.
1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына қызметке тағайындалды. Әрине, 1868 жылғы Қазан айының 21 күні патша бекіткен Далалық облыстарды басқару жөніндегі "Уақытша ережелер" бойынша Елек, Қостанай (Николаевск), Ырғыз, Торғай уездерін, сонымен қатар Орынбор өндрінің бірқатар жерін алып жатқан кең ауданда әр түрлі буындағы оқу орындарының жұмысын ұйымдастыру оңай болмады. Тағы да баса көрсететін бір мәселе - ағартушының қызмет бабы жағынан облыстық губернаторға тікелей тәуелділігінін, оның ағартушылық қызметіне шек қойғаны. Сондықтан да оның ағарту, халықтың сауатын ашу жөніндегі шаралары губернатордың елегінен өтетін. Өзіне тиісті құқықтарды Торғай облысы жағдайында қалыптасқан саяси және қоғамдық жағдайға сәйкес пайдалана білген Алтынсарыұлының басты үлесінің бірі қазақ жастарын азаматтық білімге тарту еді.
Патша үкіметінің халыққа білім беру саласындағы отаршылдық саясаты үдеп тұрған кезде педагогикалық басқару қызметін жандандырған Ыбырай Алтынсарыұлы қазақ ауылдарын аралап, өз көзімен көрген олқылықтарды тұсуге күш салды. Әсіресе бір кесел болғаны, сауаттылықты алға бастыруда қаражаттын, жетіспеуі. Алтынсарыұлы қазақ ауылдарында жиі болып жаңа оқу орындарын ашу үшін ақша жинастырды, жастарды тәрбиелеуге, оқу ісін ұйымдастыру ісіне пайдалануға ерекше көңіл бәлді.
Ы. Алтынсарыұлының ісін жолға қоюдағы терең із қалған жарқын істерінің бірі- қол өнершілік, ауыл-шаруашылық мектептерді ұйымдастыруы. Қазақ аулының шаруашылық, әлеуметтік өмірінде капиталистік құбылыстардың біртіндеп орын ала бастауы, өндіргіш күштерді, табиғат байлықтарын игеретін мамандар әзірлеуді талап етті. Жергілікті жастар арасынан қолөнершілік, ауылшаруашылык, және басқа да мамандықтар бойынша білгір адамдарды даярлаудағы ағартушынын, қызметі бір бөлек. Өсиетінде өзіне қарасты жерді Торғай к, аласындағы ауылшаруашылық мектептін, қарамағына қалдырған шешімі де әр сала-лық мектептердін, жұмысын жолға қоюға ерекше мән бергендігі еді.
Ыбырай қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат ұйымдастыруы оның педагогикалық саладағы ауыз толтырып айтатын жетістігі. Бастауыш мектептерде сауаттылықты ашу үшін ұстаздар дайындайтын арнайы оқу орындарын ұйымдастырды. Алғашында Троицкіде негізі салынған, кейіннен Орынборға көшірілген мұғалімдер даярлайтын мектеп өз кезіндегі алдықғы қатарлы оқу орындарының бірі болды. Ағартушының жиілетіп ауылдық облыстық мектептерді ұйымдастыруы, мұғалімдерді қалауы бойынша сараптап таңдап алуы облыстық чиновниктердің наразылығын туғызды. Тіпті ағартушыны жауапқа тартуды талап еткен ұсыныстар да болды.
Қазақ аулында педагогикалық істің әлсіз дамуы, арнайы көмекші оқу құралдардың тапшылығы Алтынсарыұлының орыс демократиялық оқу жүйесінің тәжірибесін кең пайдалануға себепші болды. Белгілі педагог ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармаковскийдің және ұлы жазушы Л. Н. Толстойдың тағы да басқа ойшылдардың педагогикалық мұрасын кең пайдаланды. Ыбырай орыс-қазақ мектептеріне арнап екі оқу құралын жазды. "Қырғыз хрестоматиясы", "Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық" атты еңбектері сол кезде орыс тілінде оқитын қазақ жастарына арналған. Алайда ағартушының "Қырғыз хрестоматиясы" ғасырлар бойы сақталынып келген, әсіресе ауылдарда кең тараған, үйреншікті араб графикасын ығыстыруға себепші болды. Орыс алфавиті негізінде құрастырылған бұл оқу құралын патша чиновниктері басқа да далалық облыстардағы ауылдық мектептерде пайдалануға мүдделі болды. Әрине, Еділ бойында, Сібірде, Орта Азияда және Қазақстанда миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы Н. И. Ильминскиймен тығыз байланысты болған Алтынсарыұлы осы белгілі адамның әсерін қабылдамай қоймады.
Ыбырай Алтынсарыұлы педагог, жаңашыл ағартушы болып қойған жоқ, сонымен қатар кейінгі ұрпақтарға мұра қалдырған ғалым-этнограф. Әсіресе Алтынсарыұлының көңіл аударған саласы - қазақ халқының әдет-ғұрпы. Рулық-патриархалдык, тұрмыстағы жағымсыз қылықтарды мейлінше әзілдеген ағартушы мазмұны жағынан өткір шығармаларында әдепсіздікті де мейлінше сынады. Ауыл өмірін көптеген әңгімелерде арқау еткен ғалым-педагог осы салада көптеген ой-пікірлерін ұсынды.
Ыбырай сонымен қатар қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жариялауда белгілі болды. Қазақ халқының тарихы жөнінде де мәліметтер жинаған ағартушы өз шығармаларының әсіресе тәрбиелік мәніне көңіл аударды. Ол отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. Көпшілікке белгілі "Қыпшақ Сейітқұл" атты әңгімесінде Торғай өзені бойында жатақшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысқан қазақтардың өміріндегі өзгерістердің уағыздаушысы болды. "Талаптың пайдасы", "Байлық неде" сияқты прозалық шығармаларының мазмұны жаңа өмірді көксеген ағартушының арманы.
Абай Құнанбайұлы (1845 - 1904) - қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл ақын Абай (Ибраһим) 1845 жылы Семей облысының Шыңғыс тауында дүниеге келді. Абайдыд әкесі Қүнан-бай - Тобықты руъшьщ старшыны болды. Жас Абай тәрбиесі үшін йнасы Ұлжанның орны ерекше еді. Абай деп анасының еркелеткен аты кемеңгер ақынды кейіннен әлемге жария етті.
Алғашында Абай өз аулында жалдамалы молдадан білім алды. Кейін ауқатты Құнанбай баласын Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға берді. Медреседе ол шығыс әдебиетін көп оқыды, қаладан орыс мектебіне де барып жүрді. Мектепте жүрген кезінде өзі де ақындық талабын көрсете бастады. Алайда ел билеу ісіне балаларын да тартқысы келген шонжар Құнанбай Абайдыд қаладағы білімін аяқтатпай алып кетті. Ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған ол, әкесі Құнан-баймен жолы бір емес екенін әбден түсінді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz