1930-шы жылдардың ақырындағы Қазақстандағы қуғын-сүргін саясаты



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Тарау. Қазақстан сталиндік репрессия жылдарында.
1.1. Қазақстанда жаппай репрессияның басталуы,себебі ... ... ... ..12
1.2. Ұлттық зиялы қауым өкілдері . репрессия құрбандар ... ... ... 18
2. Тарау. 1937.1938 жылдардағы жаппай қуғын.сүргін саясатының зардабы.
2.1. Тарихтың бұрмалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
2.2. Зұлмат залалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
2.3. Сталинизм тепкісінен тентіреген сәбилер тағдыры ... ... ... ... 62
2.4. Қазақстандағы лагерлер жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..82
Сілтеме әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 85
Кеңестік дәуіріндегі әкімшіл-әміршіл жүйенің билігі кезінде тарихи оқиғаларға, басшы қызметкерлердің әрекеттеріне әділдік пен зорлыққа берілетін баға келісіліп-пішіліп өңі өзгертіліп берілгені белгілі. Шындық бұрмаланды. Барлық оқиғалар баспасөз беттерінде бірінші басшының қалауына, ниетіне сәйкестендіріліп берілді. Сөйтіп, тарих солардың айтуынша жазылды.
Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарих ғылымының негізгі міндеті – Отан тарихын объективтік тұрғыдан қайта қарап, отарлық кезең мен коммунистік жүйе дәуірінде қатаң саясаттың нәтижесінде оның елеусіз қалған, жасырынған, бұрмаланған тұстарын қалпына келтіру болып табылады.
Қазақстан тарихының „ақтаңдақ” - немесе бұрмалауға душар болған мәселелері әсіресе ХХ ғасырдың оқиғаларымен тығыз байланысты. Бізге бүгінгі күні тәуелсіздікке ие болған республиканың тарихындағы „ақтаңдақ” болып зерттелмей келген қайғылы күндерімізді көз алдымызға әкелетін оқиғалардың бірі 1930 жылдардағы қуғын-сүргін саясаты. Жаппай қуғын-сүргін мен террор бұрынғы кеңестік жүйенің әпербақан саясаты болды. 1930 жылдардың екінші жартысында Қазақстанда орын алған Сталиндік саяси террор, қуғын-сүргін тарихта „ақтаңдақ беттер” деп аталады. „Ақтаңдақтар” деген терминнің өзі алғаш рет 1987 жылдың ақпан айынан бастап қолданыла бастады. Бірақ оған қарап тарихтың бұрыс түсіндірілген беттерін зобалаң оқиғаларын зерттеуге бұрын ұмтылыс болмады деуге болмайды. Әсіресе 1956 жылғы партияның ХХ съезінен кейін кейбір мәселелер анық ашыла бастады.
1937-1938 жылғы саяси қуғын-сүргіннің құрығы ең әуелі алаш қозғалысының көсемдеріне, қазақ халқының маңдайына біткен арыс азаматтарына салынды. Қазақстандағы жасырын „контреволюциялық ұйым” кеңес үкіметін құлату мақсатын көздеген деген айыппен Алаштың 44 азаматы сотталды. Олардың ішінде А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов сынды қазақтың жайсаңдары жазықсыз жапа шекті. /1/.
Бұл саяси террор халыққа үлкен зардап, қайғы , зорлық-зомбылық, қуғын-сүргін әкелгені анық. Соғыссыз, майдан шебін аттамай-ақ бейбіт заманда қаншама адам атылды, жойылды, қырылды.
1930 жылдардың ойраны басталғанына 70 жылдан астам уақыт өтті. Алуан азамат, қыруар қызымыздан айрылдық. Қаншама жесірлер сыңсып, жетімдер зар қақты. Ұзақ уақыт қазақтың өткені жоқ, болса да шолақ деген пікір таңылып кеді. Шындық бұрмаланып қазақ ақын-жапзушыларымен тарихшыларының еңбектері болмашы себептермен сыналды, айыптар тағылды. Сөйтіп қазақтың діні, тілі тарихы, мәдениеті көп артта қалды. /2/.
Жалпы тарих жетістіктерімен ғана емес ауыр да қатал сабақтары мен зердеде үнемі жатталып, жаңарып отыруға тиіс өткен шақтар мен дәуірлер тізбегі. Тарихи сананы да қалыптастыратын да тарихтың өзі.
Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіз мемлекетіміздің халқы үшін сонау ауыр жылдардағы саяси қуғын-сүргін саясатын дұрыс зерттеу өзекті мәселелердің бірі. Тоталитарлық режимнің толық көрінісі том-том болып жатқан архивтердегі қылмыстық істерді қайта қарап, келер ұрпаққа толық шындықты жеткізі баршамызға парыз.
1. Қозыбаев.М. Ақтаңдақтар ақиқаты, А.,1992, 32, 234, 236-б.
2. Омарбеков Т. ХХ-дағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. “Чикентерор” А. 2001. –320 б.
3. Геллер, Некрич. Утопия у власти. История Советского Союза с 1917 года до наших дней. КН.1.Лондон. 1982, 321-б.
4. Назарбаев.Н. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын, //Егемен Қазақстан газеті, N-7 қаңтар, 1998.
5. Бектұров.Ж. ‘’Қайран абзал ағалар’’,- Нәубет, А., Жалын 1930, 171-б.
6. Қожакеев.Т. Қасірет,- “Зауал”, Алматы, “Жазушы”, 1991, 68-б.
7. Көкен.А. Советтердің жазалау саясаты қалай жүзеге асырылды? //Түркістан газеті, N-17 , 1997.
8. Большевик Казахстана журналы, 1932, N-1, 87-б-Кәкішев.Т. ‘’Қағидаға айналған қателер’’,- Нәубет, А.,1990, 123-б.
9. Бұл да сонда. 130-б.
10. Бектұров.Ж. Айыбы не ағалардың? //Қазақ әдебиеті, N-6, 1998
11. Сыздықова.М. А.Байтұрсынұлы-ағартушы-ғалым, қоғам қайраткері,-“Зауал”, А., “Жазушы”,1991, 141-б.
12. Бұл да сонда. 109-110-б.
13. Бұл да сонда. 112-б.
14. Қозыбаев.М Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар //Егемен Қазақстан газеті, N-12, 1996.
15. Бектұров.Ж. Қайран абзал ағалар,-“Нәубет”, А., “Жалын” 1990, 152-б
16. Бұл да сонда. 157-158-б
17. Бұл да сонда. 159-б
18. Бұл да сонда. 173-б
19. Бұл да сонда. 171-б
20. Қазақстан тарихы; Ақтаңдақтар А., 1991, 226-б
21. Социалистік Қазақстан, 12 ақпан, 1991
22. Тәтімов.М. Зұлматтың ауыр зардабы,- Зауал, А., 1991, 63-б
23. Қожакеев.Т. Жыл құстары, А., Қазақстан, 1991, 116-б
24. Мамырұлы.К. Қазақ тарихы, А., “Ғылым”, 1995, 208-б.
25. Кәкішев.Т Қағидаға айналған қателер, //”Большевик Казахстан” журналы, N-1, 131-б.
26. Бұл да сонда. 132-б
27. Бұл да сонда. 133-б
28. Бұл да сонда. 207, 208-б.
29. Тәтімов.М. “Зұлматтың ауыр зардабы”,- А, 1991, 65—б
30. Тасымбеков.А. Жан дауысы, Алматы: Жалын, 1994, 171-б
31. Бұл да сонда. 63-б
32. Қайназаров.Е.Қ., Қайназарова.А.Е. История Казахстана с древнейших времен до наших дней А., 1992, 164-б.
33. Т.Омарбеков. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері, -“Үлкен террор” А.,2001, 304-б.
34. Бұл да сонда. 305-б.
35. Бұл да сонда. 306, 307-б
36. Бұл да сонда. 310-б
37. Успенский В.Д. Тайный советник вождя //Ақиқат журналы N2, 1997
38. Сабыров.С. Қазақстан тарихы 175, 189-б
39. Столичное обозрение, 1995, 24 август
40. Қожакееев.Т Қасірет,-“Зауал”, А., “Жазушы”, 1991,69-70-б
41. Бұл да сонда. 74-б
42. Бұл да сонда. 75,76-б
43. Бұл да сонда. 77-б
44. Мамырұлы.К Қазақ тарихы, А., “Ғылым”, 1995, 208-б
45. Тасымбеков.А. Жазықты ма апалар -“Нәубет”, А.,1990, 193-б
46. Қозыбаев.М. Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар //Егемен Қазақстан газеті,1994
47. Әбдіров.М. Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын, “Жалын”, 1998, 101-б
48. Қойлыбаев.Б. Жазықсыз жапа шеккендер А., 1990, 50-б
49. Нұрғалиева.Л Қазақ баспасөзі-тарих ақтаңдақтары туралы, //Қазақ тарихы журналы, N-3, 1996, 53, 56-б
50. Мырзалиев.Қ. “отызыншы жылдар ойраны”-Нәубет, А., “Жалын”, 1990, 274-б
51. Рой.Медведев. Сталиннің серіктері, Алматы, 1993. 30-б.
52. Қойгелдиев.М., Омарбеков.Т Тарих тағылымы не дейді Алматы “Ана тілі”, 1993
53. История Казахстана: белые пятна. Сб.ст.сост.Абылхожин.Б. А., Казахстан, 1991, 25-б
54. Қожакеев.Т “Қасірет”,-Зауал, А., “Жазушы”, 1991, 79-б
55. Бұл да сонда. 80-б
56. Бұл да сонда. 84-б
57. Бұл да сонда. 87-б
58. Р.Сүлейменов 30-50-ші жылдардағы репрессия. // “Социалистік Қазақстан” газеті. 25.08.1998.
59. Қ.Мырзалиев “Отызыншы жылдар ойраны. Нәубет”. - А., “Жалын”, 1990, 274-б
60. Бұл да сонда. 275, 276-б
61. Бұл да сонда. 281-б
62. С.Әсіп Қазақстан қасіреті Алматы Қазақстан 1994, 52-б
63. Омарбеков.Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті, А., 9
64. А.Тасымбеков. “Жан дауысы”. Алматы, 1994. 34-35 бб.
65. Бұл да сонда.
66. М.Қозыбаев Тарих зердесі. Алматы, 2001.
67. Ә.Әбдіәкімұлы Алматы, 1997. 238-246 бб.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім беру министрлігі.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Магистрлік диссертация

Тақырыбы: 1930-шы жылдардың ақырындағы Қазақстандағы қуғын-сүргін саясаты.

Мамандық 0204

„Қазақстан тарихы”

Магистрант: Жұматаева Динара
Ғылыми жетекшісі:
т.ғ.д.,профессор С.Мадуанов.

Түркістан

2004ж

Тақырыбы: 1930- жылдардың ақырындағы
Қазақстандағы қуғын-сүргін саясаты.

Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Тарау. Қазақстан сталиндік репрессия жылдарында.
1. Қазақстанда жаппай репрессияның басталуы,себебі ... ... ... ..12
2. Ұлттық зиялы қауым өкілдері - репрессия құрбандар ... ... ... 18

2. Тарау. 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін
саясатының зардабы.
1. Тарихтың бұрмалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 48
2. Зұлмат залалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
2.3. Сталинизм тепкісінен тентіреген сәбилер тағдыры ... ... ... ... 62
4. Қазақстандағы лагерлер жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..82

Сілтеме әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 85

Кіріспе

Кеңестік дәуіріндегі әкімшіл-әміршіл жүйенің билігі кезінде тарихи
оқиғаларға, басшы қызметкерлердің әрекеттеріне әділдік пен зорлыққа
берілетін баға келісіліп-пішіліп өңі өзгертіліп берілгені белгілі. Шындық
бұрмаланды. Барлық оқиғалар баспасөз беттерінде бірінші басшының қалауына,
ниетіне сәйкестендіріліп берілді. Сөйтіп, тарих солардың айтуынша жазылды.
Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарих ғылымының негізгі
міндеті – Отан тарихын объективтік тұрғыдан қайта қарап, отарлық кезең мен
коммунистік жүйе дәуірінде қатаң саясаттың нәтижесінде оның елеусіз қалған,
жасырынған, бұрмаланған тұстарын қалпына келтіру болып табылады.
Қазақстан тарихының „ақтаңдақ” - немесе бұрмалауға душар болған
мәселелері әсіресе ХХ ғасырдың оқиғаларымен тығыз байланысты. Бізге бүгінгі
күні тәуелсіздікке ие болған республиканың тарихындағы „ақтаңдақ” болып
зерттелмей келген қайғылы күндерімізді көз алдымызға әкелетін оқиғалардың
бірі 1930 жылдардағы қуғын-сүргін саясаты. Жаппай қуғын-сүргін мен террор
бұрынғы кеңестік жүйенің әпербақан саясаты болды. 1930 жылдардың екінші
жартысында Қазақстанда орын алған Сталиндік саяси террор, қуғын-сүргін
тарихта „ақтаңдақ беттер” деп аталады. „Ақтаңдақтар” деген терминнің өзі
алғаш рет 1987 жылдың ақпан айынан бастап қолданыла бастады. Бірақ оған
қарап тарихтың бұрыс түсіндірілген беттерін зобалаң оқиғаларын зерттеуге
бұрын ұмтылыс болмады деуге болмайды. Әсіресе 1956 жылғы партияның ХХ
съезінен кейін кейбір мәселелер анық ашыла бастады.
1937-1938 жылғы саяси қуғын-сүргіннің құрығы ең әуелі алаш
қозғалысының көсемдеріне, қазақ халқының маңдайына біткен арыс азаматтарына
салынды. Қазақстандағы жасырын „контреволюциялық ұйым” кеңес үкіметін
құлату мақсатын көздеген деген айыппен Алаштың 44 азаматы сотталды. Олардың
ішінде А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов
сынды қазақтың жайсаңдары жазықсыз жапа шекті. 1.
Бұл саяси террор халыққа үлкен зардап, қайғы , зорлық-зомбылық, қуғын-
сүргін әкелгені анық. Соғыссыз, майдан шебін аттамай-ақ бейбіт заманда
қаншама адам атылды, жойылды, қырылды.
1930 жылдардың ойраны басталғанына 70 жылдан астам уақыт өтті. Алуан
азамат, қыруар қызымыздан айрылдық. Қаншама жесірлер сыңсып, жетімдер зар
қақты. Ұзақ уақыт қазақтың өткені жоқ, болса да шолақ деген пікір таңылып
кеді. Шындық бұрмаланып қазақ ақын-жапзушыларымен тарихшыларының еңбектері
болмашы себептермен сыналды, айыптар тағылды. Сөйтіп қазақтың діні, тілі
тарихы, мәдениеті көп артта қалды. 2.
Жалпы тарих жетістіктерімен ғана емес ауыр да қатал сабақтары мен
зердеде үнемі жатталып, жаңарып отыруға тиіс өткен шақтар мен дәуірлер
тізбегі. Тарихи сананы да қалыптастыратын да тарихтың өзі.
Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіз мемлекетіміздің халқы үшін сонау ауыр
жылдардағы саяси қуғын-сүргін саясатын дұрыс зерттеу өзекті мәселелердің
бірі. Тоталитарлық режимнің толық көрінісі том-том болып жатқан
архивтердегі қылмыстық істерді қайта қарап, келер ұрпаққа толық шындықты
жеткізі баршамызға парыз.

Тақырыптың зерттелуі

Қазақтың ұлттық зиялы азаматтарын, олардың мұрасын зерттеудің аса
зор қажеттілігі бар. Олардың творчествосы-халқымыздың рухани байлығының бір
саласы, тарихымызбен мәдениетіміздің мазмұнын құрайтын, байлығын көрсететін
мұра. Әрі адамдарымыздың саяси санасының, қоғамдық пікірдің өсуін,
кемелденуін аңғартатын дерек.

Тарихшыларымыз қазақ, ақын жазушыларын, әдебиетіміз бен
мәдениетімізді кең қарастырып киелі еңбектер жариялады. Бұл халқымыздың
тарихын, рухани байлығын молайтып, еңсесін көтеріп тастады. Ал кезінде
қоғамдық пікірдің жетекшілері болған қайраткерлеріміз туралы зерттеулер
жоқтың қасы. Бұл орайда тірілер парызы бүгінге дейін өтелген жоқ. Олардың
рухы алдында борыштымыз.
Елбасының Н.Ә.Назарбаев “жадымызда жатталсын, татулық дәйім
сақталсын” деп аталатын еңбегінде: “1937 жыл қоғамдық татулық пен саяси
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы,”-деп жариялады. Н.Ә.Назарбаев
аталған еңбегінде: “Сөйтіп, қоғамдық татулық пен саяси қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу жылы да артта қалды. Алайда еліміздің қоғамдық
өміріндегі жарқын да есте қаларлық осы оқиға көп ретте біздің бәріміздің өз
тарихымызды терең түсініп, тұщынуымызға, бүгінгі болмысымызды дұрыс
пайымдаумызға, ортақ мұратқа жету жолында тығыз топтасуымызға жәрдемдесті.
“Өлі риза болмай, тірі байымайды”,- дейді қазақ.
Сол шейіт болғандардың әруағы қолдар, тірілердің рахметі қолдар деп
ойлаймын елімізді.
Менің атыма, заң шығарушы және атқарушы биліктің жоғары органдары
басшыларының атына қазақстандықтардан мемлекетіміздегі тұрақтылықты
нығайту, өткенімізді терең зерделеу және тоталитарлық жүйенің қаракетін
әшкерелеу жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажет деген тілек білдірген
хаттар мен жеделхаттар көптеп келіп түсіп жатыр.
Осы орайда, мұның өзі менің жеке өзімнің ой-ниетіммен толығымен
сәйкес келетінін айтуға тиіспін. Үстіміздегі 1998 жылды өз жарлығыммен
“Халық бірлігі мен ұлттық тарих”жылы деп жариялауым да сондықтан”,-деп, бұл
еңбегінде 1937-38 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін саясатына ерекше тоқталып
өтеді 3.
Осындай тарихи тақырыптан әрбір жоғарғы білімді азаматтың сабақ
алып, білгені ләзім. Отанымыз егемендік алып, капиталистік жүйемен дамып
жатқан кезеңде, сол 1937-38 жылдардағы Сталиннің “жеке басқа табынушылық”
саясаты кезінде Қазақстанның ұлттық зиялы қауымдарының жаппай қуғын-
сүргінге ұшырап жазықсыздан-жазықсыз нақаққа ұшырағандардың қыр-сырын
білгеніміз жөн.
Әсіресе, қазақ тарихшылары бұл тақырыпқа кейінгі кезде ғана ден қоя
бастады.
Жазушы Ш.Мұртазаев, Дм.Снегиндер Т.Рысқұлов пен Ораз Жандосов
өмірінен роман жазды. Т.Кәкішев Сакен Сейфуллин өмірінен жазды. Бірақ бұл
шығармалардың көбісінде алынған ызаны,жұртшылықтың көңіл кегін басатын отты
сөздер әлі де аз.
Ұлы Абайдың :
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл,
Не жазып кетсе жайы сол,
Жек көрсеңдер өзің біл,-
дейтін ұшқыр ойына лайық әлі онша сүбелі еңбектер жазылған жоқ. Бұған
сол баяғы жеке адамға табыну тұсының маңдайға ұрып, қорқытып тастаған темір
шоқпары бөгет болып келеді. Сталиннің, оның төңірегіндегі қанқұйлы
қаскойлердің зұлымдықтарын жеріне жеткізе айта алмай келеміз.
Ғалым Д.Волкогонов өзінің “Даңқ пен қасірет” деген еңбегінде
сталинизмнің құрбаны болып 3,5-4 млн адам репрессияға ұшырады, оның 500-600
мыңы атылды,- деп мәлімдейді. Ал ғалым Р.Медведев болса, атылғандар 1.млн
деп жобалайды. 1938 жылы 5-ші мамырда “Правда” газеті бұл жөнінде абақтыға
жабылғандардың саны 5 миллион деді.
Бізде Л.И.Мирзоян, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Қ.Жұбанов, С.Меңдешов,
С.Асфендияров, Ә.Досаев, О.Исаев және де өзге еңіреген ер өрендеріміздің
өмірінен әзірге тартымды еңбек жоққа тән. Біз бұл ардақты ағаларымызды
кімнің, ненің борышына бердік? Бұлардың айыбы, жазығы не? Бұл ардақты
азаматтарымыздың обалы кімнің мойнында? “Қара құзғын” деп аталатын қара
машинамен не түнделетіп, не жұмысына қуып келіп, жұрттың көз алдында
қаумалап алып әкетіп жатты. Тергеусіз, сотсыз атып, жоқ қылып жіберді.
Жазықсыз азаптап, қинады. Бала-шағаларын үйлерінен қуып, қаңғыртып,
тентіретіп жіберді. Тіпті социалистік құрылыс орнатқан абзал ағаларымыздың
осы күні сүйектерінің де қайда қаусап қалғанын ешкім білмейді. Осындай
өрендерімізді қанға тұншықтырған жендеттердің ешбіреуін жазаламай алмадық,
қайта солардың көбі “Еңбек, партия ардагерлері” деп аталып жүр 4.
1937-38 жылдардағы қуғын-сүргын саясаты бүкіл Қазақстанды түгелге
дерлік шарпыды. Бұл тарихи кезең туралы терең мағлұмат алып, жан-жақты ой
қорытуыма академик Манаш Қозыбаевтың “Ақтаңдақтар ақиқаты” деп аталатын
1992 жылы жарық көрген еңбегі үлкен септігін тигізді.
Қазақстан Рсепубликасы ғылым академиясының академигі М.Қозыбаевтың
бұл еңбегіндегі 234-ші бетіндегі “Сталин және Қазақстан” деп аталатын
тақырыбында жаппай репрессия туралы маңызды мағлұматтар береді. Және осы
академик Манаш Қозыбаевтың “Егемен Қазақстан” газетіне жарияланған “Ғасыр
қасіретін арқалаған арыстар” деп аталатын тақырыбын пайдаландым. Бұл
еңбегінде 1937-38 жылдары жазықсыз жазаланған қайраткерлеріміз Сакен
Сейфуллин мен Бейімбет Майлин, І.Жансүгіровтың қилы-қиын өмірлері мен
қызметтері жайлы көптеген маңызды мағлұматтар берілген. Захардин Қыстаубаев
құрастырған “Нәубет” публицистикалық ой-толғаулар, Алматы “Жалын”
баспасынан 1990 жылы шыққан кітаптан, осы диплом жұмысын жазу барысында
көптеген маңызды мағлұматтар қолдандым. Онда 122 бетінде Тұрсынбек
Кәкішевтің “Қағидаға айналған қателер”, 146- бетінде Жайық Бектұровтың
“Қайран абзал ағалар”, 190-бетінде Армиял Тасымбековтың “Жазықты ма
апалар?”, 213 бетінде Әзілхан Нұршайықовтың “Қарғамайын десем жалмауызым”,
274-бетінде Қадыр Мырзалиевтің “Отызыншы жылдар ойраны” атты еңбектерін
пайдаландым. Бұл кітапта сонау 1937 жылдың қаңтарынан бастап, кешегі 1953-
ші жылға дейін созылған жеке басқа табыну, халықты жаппай қуғын-сүргінге
ұшырату, оның зардаптары мен жеке басқа табыну кезінде жазықсыз жапа
шеккендердің тағдыры жайында сыр шертеді.
Келесі кітап Бейбіт Қойшыбаевтың “Жазықсыз жапа шеккендер” деп
аталатын Алматы “Қазақстан” баспасынан 1990 жылы жарық көрген монографиясы.
Халқымыздың тарихында “ақтаңдақ” аталған 1937-ші жылдың оқиғалары елу жыл
өткен соң анықтала бастады. Жазықсыз жапа шеккендердің ұзын саны әзірге
нақты белгісіз.
Жазушы Бейбіт Қойшыбаев бұл кітабында қазақтың зиялы азаматтарының
1937-38 жылдардағы тағдырын баяндайды. Мұнда: Ахмет Байтұрсынов,
Т.Жүргенов, С.Асфендияров, Н.Мирзоян, Н.Төреқулов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов
туралы деректер бар.
Сонымен қатар диплом жұмысымды жазуға үлкен үлес қосқан тағы да бір
кітап “История Казахстана: “белые пятна” құрастырушы Б.Абылхожин, Алматы
“Қазақстан” баспасынан шыққан шығармалар жинағы.
Бұл кітапта бізге осы күнге дейін беймәлім және аз зерттелген тарих
тұстары туралы маңызды мәліметтер келтірілген. Бұл кітаптан Н.М.Дружининнің
“Во имя научной истины” естелігі және К.Нұрпейісовтың “История одного дела”
деген мақаласын пайдаландым. Бұл екі мақалада көрнекті тарихшы-ғалым
Ермұхан Бекмахоновтың 40-50-ші жылдардағы ауыр тағдыры суреттеледі.
Сонымен қатар аталған еңбектерден басқа Қазастанның қоғамдық саяси
журналы “Ақиқиттан” тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбековтың
“Үлкен террор” деп аталған замана зұлматына арналған мақаласын қолдандым.
Мақалада шетелдік тарихшылардың Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың
саны мен көлемі жөніндегі ғылыми деректер келтірілген.
Келесі еңбек Темірбек Қожакеевтің “Жыл құстары” деп аталатын Алматы
“Қазақстан” баспасынан 1991жылы жарық көрген кітабы. Темірбек Қожакеев бұл
кітабында тарихымыздың қара беттері аталып отырған 1937-38 жылдардағы
репрессияда құрбан болған зиялы қауым туралы сыр шертеді.
Бұл кітаптың 112-ші бетінде “Дара дарын” Нәзір Төреқұлов туралы, 123-
бетте “Тумасынан большевик” Абдолла Асылбеков туралы, 217-бетінде
“Арылмаған адалдық” Рахымалы Байжасаров туралы қайраткерлердің өмірлері мен
қызметтері жайында баяндалады.
Бейбіт Қойшыбаев құрастырған “Зауал”, Алматы “Жазушы” баспасынан
1991 жылы жарық көрген кітабы. Бұл кітаптың 38-ші бетінде Мақаш Тәтімовтың
“Зұлматтың ауыр зардабы” (демографиялық талдау) және 68-ші бетіндегі
Темірбек Қожакеевтің “Қасірет” деп аталатын мақаласын пайдаландым.
Мақаш Тәтімов 1937-38 жылдардағы құрбан болғандардың саны мен көлемі
жөнінде өзінің “Зұлматтың ауыр зардабы” атты еңбегінде терең талдап,
айрықша көңіл бөледі.
Темірбек Қожакеев осы “Қасірет” деп аталатын мақаласында: “1937-38
жылдардағы жаппай қуғын –сүргін саясатына кім кінәлі екенін және бұл
қуғындау саясатына тек Сталин мен оның жандайшаптары ғана кінәлі емес, бұл
қуғын-сүргінге ұшыратуға өзіміздің кейбір адамдар (қазақтар), баспасөз
органдары мен туысқан халықтардың жекелеген өкілдері себепші болды”,-дейді
5.
“Қазақ тарихы” журналының бірінші нөмірінде 1996 жылы жарияланған
Ә.Тәкеновтың “Қазақ тарихының зары” деп аталатын және осы журналдың үшінші
нөмірінде жарияланған Ләйлә Нұрғалиеваның “Қазақ баспасөзі-тарих
“ақтаңдақтары” туралы” деп аталатын мақаласын да пайдаландым. Және бұл
әдебиеттерден басқа да көптеген баспа материалдары мен әдебиеттерді
пайдаландым. Осы аты аталған ғалымдар мен жазушылардың ғылыми еңбектері көп
материал қамтып, еңбек етуіме үлкен себебін тигізді.
Бұл дипломдық жұмысты жазудағы мақсатым: сталиндік қуғын-сүргіннің
1937-38-ші жылдардағы тұсына кеңінен тоқтала отырып, оның қазіргі уақытқа
дейін тарихқа, әдебиетке, мәдениетке тигізген зардабын дұрыс ұғыну үшін
демократиялық көзқараспен баяндау; тарихтың “ақтаңдақ” беттеріне тереңірек
үңілу, ғылыми, тарихи ой-тұжырымдар жасау болып табылады.
Тақырыптың құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі тұжырымдалынды, проблеманың зерттелу
дәрежесі сипатталынды, зерттеудің мақсаты, құрылымы туралы айтылады.
Жалпы диплом жұмысы екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда Қазақстанда
жаппай репрессияның басталуы мен себебі және ұлттық зиялы қауым өкілдерінің
репрессия жылдарындағы қилы-қиын тағдыры, олардың тарихқа, әдебиетке,
мәдениетке тигізген, қосқан зор үлестері мен қалдырған мұралары қаралады.
Ал, екінші тарауда 1937-38 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін саясатының тарихи
зардаптары, тарихтың бұрмалануы, әдебиетке тигізген әсері, зиялы қауымның
көрген қасіреті тағы да басқа зұлмат залалдары жайлы айтылады.

1 Тарау. Қазақстан Сталиндік репрессия жылдарында

1.1. Қазақстанда жаппай репрессияның басталуы

1937 жылғы нәубетке елдің көрген қайғы-қасіреті Сталинмен
байланысты, әрине Сталиндік репрессия деп аталуы да сондықтан.
Бірақ халықты қырып жою науқаны Сталин билік басына келмей-ақ, Совет
өкіметі орнасымен қолға алынған еді. Байтақ елге керемет үрей әкелген жан
түршігерлік зұлымдықты бастаған пролетариат көсемі Лениннің өзі болды.
Жазалау саясатын жүргізудегі Лениннің рөлі ерекше болғандығын атап айтуымыз
керек. Өйткені большевиктік “қызыл қырғын” Лениннің көзі тірісінде басталды
және басшылығымен жүзеге асырылды. Бұл тарихи факт.
Советтік тарихшылардың айтуынша, бұл науқан 1918 жылдың күзінде Ленин
мен Урицкийге қастаңдық жасаумен байланысты дейді. Ал шын мәнінде жаңа
өкімет қазан төңкерісі болысымен 1917 жылдың 5-ші қарашасында Совнаркомның
халыққа арнаған үндеуінде күш көрсетуге дайын екенін байқатып қалды.
Террорды жүргізудің механизмін жасауға ұмтылыс сол кезде жасалды да
ұйымдастыру жағынан шешілуі 1917 жылдың желтоқсанында ВЧК және оның
аймақтық құрылымындары есебінде көрініс тапты.
Азамат соғысы басталмастан бұрын патша аримиясында қызмет атқарған
офицерлерді және жалпы “большевиктік пиғылдан тыс элементтерді” тап жауы
есебінде қыру қолға алынды. 1918 жылдың қантарында орыс офицерлері он-ондап
емес, 200-300-ден қатарға тұрғызылып, пулеметпен атылған 6.
Мұнан кейін кезек Қызыл Армияның өзіне келді. РКП(б) Орталық
Комитетінің 1918 жылдың кезіндегі науқаны “Бұрын қай жерде, қай уақытта
болғандығына қарамастан Оңтүстік майданда, нағыз сатқындар мен
саботажниктерге ғана емес, барлық қорқақтарға,бас сауғалаушыларға,
салғырттық байқатушыларға және қызыл террор жүргізуге міндеттіміз”-
делінген.
Қорқытып-үркітуден қызметшілер де сырт қалған жоқ. 1918 жылдың 28
маусымындағы “Ірі кәсіпорындарды мемлекет мүлкіне айналдыру” декретте “егер
қызметшілер өз бетімен жұмыстан кетіп қалса немесе саботаж жасаса кінәлілер
революциялық сотқа тартылады”- деп күш көрсетті.
30-шы жылдарда еліміздің барлық жерінде бірдей социалистік қатынастар
орнады. Жер, фабрика мен заводтар, колхоздар мен совхоздар мемлекеттік
меншікке айналды. Бір жағынан, шаруалар жерден айрылып жатты. Мемлекеттік
меншіктің негізінде жұмысшы табының колхозшы шаруа мен халық
интеллигенциясының одағы нығайтылды. Алайда бұл одақтың экономикалық негізі
болмады. Елде бюрократтық орталықтандыру орын алып, 1936 жылы ол КСРО
Конституциясында бекітілді. Республикалардың егемендігі іс-жүзіне
асырылмады. Республикалардың заң шығару жөніндегі инициативасы болмады,
бұдан одақтың халық комиссариаттарының үстемдігі ықпалын тигізді.
“Социализм жеңіске жеткен сайын тап күресі күшейе берді”- деген
Сталин теориясы біздің елімізде саяси қараңғылықты шегіне жеткізді, ғылыми,
әдеби, мәдени қателіктерге ұрындырды, жеке адам құқығы барған сайын аяққа
тапталды. Басқа пікір айтқан адамның халық жауы қатарына жатқызылуы мүмкін
болды. Бүкіл идеология жалған сөйлеуге, тарихты бұрмалауға апарып соқтырды.
Оның зардаптарын басқалармен қатар, Қазақстанның ғылымы мен тарихы көрді.
Теңіз өзеннен, өзен-бұлақтан бастау алатыны сияқты, біздің бүкіл
тарихымыздың, оның ішінде партияның, азаматтың, әдеби-мәдени тарихымыздың
бұрмалануы осы залалды қаулыдан басталды. Әрине бұған дейін де
талпыныстар болған, ал мына қаулы ресми түрде қабылданған шешім болды.
Онда: “Буржуазные и мелкобуржуазные теории оказывают влияние и на некоторых
научных работников-членов партии. Отдельные коммунисты в своих работах
часто повторяют те же буржуазные и мелкобуржуазные теории. Так тов.Рыскулов
в своей книжке “Киргизстан” повторяет вслед за алашординцами и
колониаторами легенду о добровольном переходе в подданство царизму
угнетенных масс Средней Азии. Тов Сейфуллин в своей художественном
творчестве воспевает старую феодально-родовую культуру (“Кокчетав”). Тов
Тогжанов в своих работах по казахской литературе допускает грубые ошибки,
скатываясь на немарксисткие позиции Плеханова в литературоведении”-делінді
7.
Е.Федоров, Б.Кун, С.Аманжолов пен А.Байтұрсынов тағы басқалардың
тарих пен этнография, оқу жайындағы еңбектерінде троцкистік
бұрмалаушылықтарға іш тартатын, буржуазиялық революциялық социалистік
буржуазияға ұласуы жөніндегі В.И.Ленин көзқарасына немқұрайлы қараушылықты,
ұғынбаушылықты түзету қажеттілігіне назар аударылды. Сырт көрінісі
жөнделі, тіпті дұрыс сияқты. Алайда, кейінгі ғылыми зерттеулерде тарихты
бұрмалау процессі осыдан бастау алып, қаулаған өрттегі бар ой-санамызды
өзінің дегеніне бұрып әкетті.
Қаулыны жүзеге асырудың алғашқы сөзін Мұстафа Қайыпназаров ҚазАПП
съезіндегі баяндамасында (1932 жылы 26 ақп) айтса, Өтебай Тұрманжанов
“ҚазАПП-тың 1-съезі не деді?” атты мақаласында: “Алашорда оқығандары
төңкеріске дейін де, төнкерістен кейін де қазақ еңбекшлерінің,
пролетарияттың дұшпаны болды дейміз (“Әдебиет майданы” журналы, 1932, N4,
3-бет) деп шығандатып жіберді.
Бірлескен қаулы да аты аталған Ғаббас Тоғжанов өзінің қатесін түзету
мақсатымен, “Большевик Казахстана” журналының 1932 жылғы 5 санында
“Байтұрсынов және байтұрсыновшылдық туралы” мақала жазып, бұрыннан айтып,
жазып келген ойларынан теріс айналды. Енді жеке адамдардың әр қилы
пиғылдары, революцияға көзқарасы, Алашорда өкіметінің нақты іс-әрекеттері
дегендер былай қалып, қазақ еңбекшілерінің империализмге, ақ патшаға қарсы
қозғалысқа қатысқан қатыспағанының өзі саудаға түсе бастады. Осы негізгі
ой, яғни алаш қозғалысының оған қатысқан қазақ интелегенциясының еш уақытта
империализмге, патшаға қарсылық жасалғаны былай тұрсын, оған тіпті өрескел
қорытынды жасалды. Бұл авторлар “Алаш” партиясы, “Алашорда” өкіметі мен
алаш қозғалысы, қзақ интеллегенциясы дегенге ешбір айырма жасамай, ғылыми
адалдық пен ұятты белге түйді. Осындай ожарлыққа ешкім қарсы шыға алмады.
1937 жылы Қазақстан Компартиясының 1-съезінде бұл ой нығыздай айтылып,
партия тарихына жазылды.
Сонымен әуелінде, ғылыми қателіктен басталған ой-пікір енді бұлжымас
қағидаға айналып, ресми сипат алды. Бұл тұжырымнан басқа ой-пікірдің бәрі
саяси ғылыми қателік деп саналып, қуғын-сүргінге түсірілді. Жалғыз ұлт-
азаттық қозғалысының ғана емес, бүкіл өткен тарихымыздың бар оқиғалары мен
тартыстары осы көзқарасқа лайықталып, баяндалуға тиісті болды және күні
бүгінге дейін солай болып келеді.
30-шы жылдардың бас кезінде “Ұлы” Сталиннің социализм жеңген сайын
тап күресі күшейді деген теориясын Ф.И.Голощекин жетекші қызметкерлерді,
ғылыми және әдеби, қоғам интеллегенцияларын бөлектеп, бір-бірлеріне қарсы
қойып, ыдырату арқылы дәлелдеді. Осыған байланысты ғылыми база керек болды.
Бұл –бір.
Екінші, “Алтау араз болса, ауыздағы кетеді” дегендей, қоғам
алдындағы ұлы мақсат-мұраттарын біріктіре алмай, тоз-тоз болып кеткен ұлт
интеллегенциясы өзінің тарихтағы рөлін атқаруда табандылық көрсете алмады.
Олардың арасындағы шенқұмарлық пен алауыздық түпке жетті.
Үшіншіден, осының бәрі 1930, 1937 жылдардағы репрессияның “дайындығы”
болды. Ұстау, жазалау үшін қажетті деректер мен мағлұматтар Голощекин
тұсында “қорланып” жинала берді. Әбден еркінсіп алғандар осының бәріне
идеологиялық сипат беріп, теориялық негіз тапты, тарихты бұрмалады.
Төртіншіден, 19 ғасыр мен 20 ғасыр көгіндегі қазақ интеллегенциясының
тағдыр-талайы арнайы зертелуіне жеке адамға табыну кезінде қалыптасып
қалған қағидалар қырсығын тигізді. Қазақ интеллегенциясына “Алаш
интеллегенциясы” деп айдар тағылса, екіншіден, буржуазиялық қылмыстылар
патша заманында әдейі таратумен 1897 жылғы санақта сауаттылығы 8,1 процент
болған ел надан, қараңғы, мәдениетсіз болып шыға келді 8.
С.Брайнин мен Ш.Шафидоның 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыстан
ешқандай революциялық элемент таппай қазақ оқығандарының совет еліне
пайдалы істерінен зияны көп болды деген түсінікті айрықша насихаттауы жеке
адамға табынудың ең сорақы да қылмысты түрі-халық жауларын аластау
процессіне ұласып кетеді. Оның үстіне, сонау патша заманында әдейілеп бойға
сіңірген партиягерлік пен тайпалық алауыздық, жүз, рулық түсінік-
танымдарды Ф.И.Голощекин, И.Курамысов, Ғ.Тоғжанов, О.Исаевтар “керемет”
пайдалана білді. “Кіші Октябрьді өткізу” барысынды “Қазақстан партия
ұйымдарын большевизациялау” тұсында республиканың кадрлар корпусын
ыдыратып, бірін-біріне әдейі жауықтырып қойды, ырың-жырыңды күшейтті,
сондықтан Садуақасов пен Ходжановтың топ-жігін былай қойғанда, Қазақстанда
небәрі бір жылдай (1926ж) ғана істеген Тұрар Рысқұловтың, әкімшілік іске
ұмтылмай, творчестволық еңбекке бірыңғай берілгеніне қуанып жүрген
С.Сейфуллиннің, халыққа өнер-білім нұрын шашудан артық қызмет жоқ деп
білген С.Меңдешовтың тағы да басқалардың “щиналары” лай судан балық аулап
үйрегендері үшін таптырмайтын амалға айналды. Жаңа заманды өз қолдарымен
жасаған азаматтар 1937 жылы оп-оңай “халық жауы” болып шыға келгенде,
қанаты жаңа қата бастаған, қоғамдық-әлеуметтік іске енді араласа
бастағандардың есі шығып, айтқанға құлақ асты. қайсыбіреулері шен-шекпен
үшін “белсенділік” танытты.
1937 жылы қазақтың әдеби-мәдени жұртшылығы жаңа мәдениеттің негізін
қалағандармен қатар, сорпа бетіне шыққандарын түгелімен, партия совет
орындары-өзінің ойын айта білетін азулы да билікті қызметкерлерін ғана
емес, тіпті дұрыстап хат танығандардын да “ит-жеккенге” айдатты.
1937 жылдың бар теперішін өз басынан өткізген Жайық Бектұровтың
“Ж.Шаяхметов Қазақстан Орталық партия Комитетін басқарғанда, Ахметжан
Қойшығұлов сияқты шаш ал десе бас алатын әпербақандарды тым еркінсітіп
жіберді. А.Қойшығұлов Оңтүстік Қазақстан облыстық НКВД бастығының
орынбасары болғанда, Ә.Досовтай, Ә.Ералиндей талай басшы коммунистерді
соққыға жығып, репрессия жылдарының құрбаны еттті. Міне, осы А.Қойшығұлов
кезінде Қызылорда облаткомы председателі, Қазақстан Орталық партия
Комитетінің секретары болды. Төменгі, жоғарғы партия ұйымдарына отыз
жетінші жылдардан кейін, көбісі еш дайындықсыз осы Қойшығұловтар онан әрі
арамдыққа баулыды,”- деп жазғаны осыдан 9.
Осы кезде одақтың ішкі істер Халық Комиссариаты құрамында қуғын-
сүргін шараларын қолдану үшін жер аудару, түзету лагерьлерінде тұтқында
ұстау, КСРО-дан тыс жерлерге жіберу үшін “Ерекше Кеңес” құрылды.

2. Ұлттық зиялы қауым өкілдері-репрессия құрбандары

Жаппай қуғындаудың салдарынан ең алдымен азамат соғысының аяғына
қарай Кеңес өкіметі тұғырнамасына көшіп, кейінгі жылдары оған шамасы
келгенше қызмет ете бастаған қазақтың зиялылары азап шекті. Жүсіпбек
Аймауытов, Әлихан Бөкейханов, А.Ермеков, Ж.Досмухамбетов және Алаш
партиясының басқа да көптеген қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады.
1930 жылғы сәуір айының төртінде Қазақ КСР ОГПУ алқасы Кеңес әдебиетінің
негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарды. РКФСР
жоғары сотының көшпелі сессиясы талантты суретшілер мен инженерлер
Т.Буддаш, С.Б.Галдгор, С.А.Баграков, М.Тынышбаев және басқаларды сотқа
тартып, тергеу жұмысын жүргізді.
Бұларға социализмді “қаралаушылар” идеологиялық “диверсия
жасаушылар”, “ұлы табыстарға күйе жағушылар”, деген саяси айыптар тағылды.
Жазақсыз жазаланғандардың қасіреті, тағдыры туралы Шыңғыс Айтматов
“Ғасырдан да ұзақ күн” (“Боранды бекет”) романында нанымды, жақсы суреттеп
берген.
30-шы жылдардың өзінде-ақ жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың
құрбандары болғандарды қоғамнан бөліп ұстау үшін Қазақстан лагерьлер
өлкесіне айнылдырылған болатын.
Қазақстанда саяси қуғын-сүргін үш толқын болып өтті. Бірінші толқын
қазақ зиялыларының ең жетекші тобын әсіресе алаш қозғалысының көсемдерін
жалмады. Әлихан Бөкейхановтан басқалары түгелге жақын тұтқындалды. Олардың
ішінде Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмухамбетов, Мұхаметжан
Тынышбаев, Халел Ғаббасов, Әлімхан Ермеков, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек
Аймауытов, Мұхтар Әуезов сынды қазақтың жайсандары жазықсыз жапа шекті.
Қазақстандағы жасырын контреволюциялық ұйым совет өкіметін құлату мақсатын
көздеді деген айыппен алаштың 44 азаматын бір-біріне байлап-матап соттауы,
Мағжан жасаған әдеби “Алқа” ұйымының бағдарламасын соған дәлел етуі, Әнуар
Паша, Заки Валидимен байланыста болды деуі қазаққа ақыл-сана сепкен
ұлыларды сахнадан шығару амалы болатын. Отаршылдардың да, оның құрығын
сүйреткен большевиктердің де басқа елді билеп-төстеу үшін алдымен
зиялыларын ауыздықтауға тапқан амалдар еді. Бұрын шен-шекпенге таластырып
келгендер, енді өздерінің арам пиғылына кеңестік заманда топтық жіктелісті
сылтау қылды.
Ең әуелі түркістандықтар мен қазақстандықтарға бөлшектеп, араларына
шекара жасап қойды. Ол аз болған соң 1924 жылы Орта Азия бес республика
құрып, әрқайсысына ұлттық теңдік бергенсіп, бір-бірінен іргесін алыстатып
тастады. Түрік ауыз бірлігі болмасын, тұтас Түркістан идеясы өмір сүрмесін
деген патша саясаты коммунистук қызыл сөзбен оп-оңай жүзеге асты да, ел-
жұртты пантуркизм, ұлтшылдық, түрікшілдік дегендермен қорқытты. Кеңес
өкіметі сахнадан кеткенше әлгі үріктіргіш жалауды әлсін-әлсін бұлғандатып
ұлыдержавалық шовинизмнің бет пердесі, жамылғысы етіп келгенін енді анық
біліп отырмыз.
Қазақтың ұлы азаматтары бұл саясаттың мәнін сонау Қазан төнкерісінен
бері айтып, жазып келген болатын. Оған Ахмет Байтүрсыновтың 1919 жылы
“Жизнь национальностей” газетінде “настолько понятно было киргизам
февральская революция, настолько же непонятной показалось им Октябрьская
(социальная) революция. С какой радостью встретили они первую революцию, с
таким же ужасом пришлоось им встретить вторую. Такое отношение киргизов к
той и другой революции весьма естественно и понятно... об идеальном-
теоретическом социализме и коммунизме нам не приходилось, ибо фактически не
удостоились еще и тех гражданских прав, которыми даже при царском
правительстве рабочие и трудовое крестьянство русского происхождения” десе,
осы ойын 1922 жылы бұдан гөрі ащылау тұздықтады. “Бас өзгерді, бастық
өзгерді, төбе, өзгерді, төре өзгерді, басқасы әлі қарап тұр. Қазақ көрген
қорлық пен зорлық көбеймесе, кеміген жоқ. Қазақты бұрын жегендер әлі де
зорлық қылып отыр. Қазақ мәдениеті орыстан кеш болған соң жем болатыны
сөзсіз. Сондықтан бауырмал десін, қазақшыл десін, ұлтшыл десін, оған құлақ
аспай бұрынғы жолдан таймау керек”деген ой қазақ зиялыларының әсіресе алаш
азаматтарының көкейінде сайрап тұрған болатын.
Осы тар заманның құрбандарының бірі, тіл ғылымының білгірі, қазақтың
ұлттық тіл білімі деп аталатын ғылым саласының ірге тасын қалаушы ғалым,
еңбегі ерекше ағартушы-педагог, қазақ халқынынң рухани дүниесін көтеруге
көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас кеңес үкіметінің басшы
органдарында жауапты қызмет атқарған қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов.
Ол 1873 жылы 15-ші қаңтарда Торғай даласындағы Сарытүбек деген жерде
дүниеге келген.
Ахмет Байтұрсынов демократтық-ағартушылық бағытты өзінің азаматтық
міндеті мен ұстаған жолының негізі деп санап, білім ғылымнан кенже қалған,
мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол марғаулықтан оятып алып шығуда
күрес жолының мақсаты етіп қояды.
Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі мен қазақ филологиясы саласындағы
еңбегі репрессиядан кейінгі кезеңнің өзінде де кейде ашық, кейде тұспалдап
жоғары бағаланып келді. Академик жазушы Ғ.Мүсірепов: “Осы ғасырдың басында
тұңғыш әліппеміз жасалды”, деп 1979 жылы жазғанда 10, ол айтып отырған
А.Байтұрсыновтың еңбегі еді. Есімі дүние жүзіне мәлім аса беделді турколог,
академик А.Н.Кононов октябрь революциясына дейінгі отандық туркологтердің
библеографиялық сөздігін жасағанда: “Ахмет Байтұрсыновты отандық
туркологтердің қатарында көрсетті де, оны жетілдірген қазақ алфавитін
жасаушы, қазақ тілінің фонетикасын, морфологиясын, синтаксисін зерттеп,
оқулықтарын түзуші, қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихын зерттеуші” 11
деп танытады.
Демек Совет Одағына, тіпті дүние жүзіне тараған бұл құнды көрсеткішті
пайдаланушылар Ахмет Байтұрсыновты революцияға дейінгі Россия
туркологтерінің бірі деп білді.
Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов, біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі
мен оқулықтардың авторы, соңынан із қалдырған жаңашыл ағартушы, ол жазған
мектеп оқулықтары 1914-15 жылдардан 1927-28 жылға дейін пайдаланып келді.
Екіншіден, Ахмет Байтұрсынов- араб графикасына негізделген қазақ
жазушыларының реформаторы. Бұл жазуда үстіміздегі ғасырдың 10-шы жылдарынан
бастап 20-шы жылдардың соңына дейін (латын әрпіне көшкенше) қазақ
мәдениетіне, оқу-ағартуына өте жақсы қызмет етті.
Үшіншіден, Ахмет Байтұрсынов- қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші
тұңғыш филолог-ғалым және Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың
бірі.
Төртіншіден, Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқына, жас кеңес үкіметіне
адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері.
Міне, қазақ халқының абзал ұлдарының бірі 20 ғасырдың бас кезіндегі
үлкендей шағын топ-демократтық бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі,
ең беделді өкілі, бір емес екі рет жазғырылып, сталиндік режимнің құрбаны
болған Ахмет Байтұрсыновты осылай танимыз және бұл танымға оның саясат пен
идеология майданының белгілі кездеріндегі қайшылықтары жаңсақ басқан
қадамдарын ескере келіп, бұл таным-бүгінгі күнгі демократия мен
әділеттіліктің жемісі дейміз. Бұл халыққа сіңірген адал еңбегінің тарихта
өшпенділігінің айғағы болады 12.
Қазақ халқының бас бостандығы, мемлекеттігі үшін, өзін-өзі билеу, өз
елінде сұлтан болу үшін күрескен арыстың бірі-Міржақып Дулатов болды.
М.Дулатовтың қызметі 20 ғасырдың басындағы Қазақстандағы “Алаш
партиясымен”, “Алаш орда” өкіметінің тарихымен тығыз байланысты. Ол
революцияға дейін Қазақстанда кеңінен танылып халық үшін еңбек еткен және
жалпы демократиялық прогрессивті бағыт ағымында болған алғашқы қазақ
интеллигенттерінің бірі.
М.Дулатов 1885 жылы 25-ші қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай
уезіне қарайтын Сарықола болысында дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше хат
таныған шаруа кісі болған. Міржақып 8 жасында ауыл молдасынан хат таныған.
Екі жылдан кейін ауыл мектебінде орысша оқиды. Ол 2 жасында анасынан, 12
жасында әкесінен жетім қалған. 1897 жылы Торғай қаласындағы 2 кластық орыс-
қазақ мектебіне түскен. Кейін оқытушы даярлайтын курсты аяқтап мұғалім
болады. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдікпен бірге өз білімін қоса
жетілдірген. Оның әлеуметтік, саяси шығармашылық қызметі осы кезден
басталады. Әлеуметтік, саяси жағынан алғанда бұл кезең патшалық Ресейдің
қазақ даласына отаршылдықты күшейтіп халық жағдайының нашарлаған тұсы
болатын. Өлкедегі халық санының 13- бөлігі өзге ұлт өкілі болды. Бұл
жағдай сол кездегі көзі ашық қазақ зиялыларына қозғау салды. Алғашқы
ағартушы ағаларының дәстүріне сәйкес бұхара арасында насихат жұмысын
жұргізуден бастады. Яғни ұйқыдағы халықты оятуға кіріседі. 1904 жылы
Дулатов пен Байтұрсынов бірігіп халық арасында үндеулер жазды. Бұл үндеулер
алаш ұлдарын патшаға қарсы күреске шақырды. Осы жылдары Міржақып пен Ахмет
Омбы қаласында Ә.Бөкейханов, Ахбаевтармен танысып жасырын үйірмеге
қытысады. Дулатов 1905 жылы Қарқаралыдағы демонстрацияға қатысады. Ол сол
кездегі орыс-жапон соғысын сынап “жұмбақ” деген мысал жазады. 1905 жылы
Оралда 5 облыстың съезі өтіп бұл съезде “қазақ конституциялық
демократиялық” партиясы құрылады. Съезге қазақ-татар қоғам қайраткерлері
қатысады. 1905 жылы 25 желтоқсанда Орал қаласынан шығатын “Пікір” газетінде
программа жарияланады. Съезде дін бостандығы, ұлт мәдениетінің дамуы, тіл
теңдігі туралы мәселе айтылады. 1906 жылы Міржақып делегация құрамында
Санкт-Питербург қаласына келді.
Міржақып бұл қалада Сералы Лапин, М.Шоқай, Х.Досмухамбетовпен
кездеседі. 1907 ж “Серке” газетінің алғашқы саны жарық көреді. Газеттің
бірінші санында Міржақыптың қазақ жастарына арналған өлеңі басылып шығады.
1907 жылы 3 маусымда патша өкіметі Қазақстанды мемлекеттік думаға қатысу
правосынан айырып қазақтардың заң жүзінде өзін-өзі билеу мүмкіндігінен
айырды. Патша өкіметі Орта Азия, Қазақстанды “бұлар әлі мемлекет ісіне
араласуға жетілмеген, өзін-өзі билей алмайтын халық” деген шешім шығарды.
Осы оқиғаға сәйкес “3-ші июнь законы және қазақ” деген мақаласында Міржақып
думаның әділетсіз екендігін сынады. 1909 жылы “Оян қазақ” жинағы қазақ
халқының азаттық жолындағы манифесіндегі роль атқарған кітап. 1911 жылы
қазақ ауылшаруашылығын аралап насихат жүргізген кезінде қамауға алынады.
Міржақып бір жарым жыл көлемінде түрмеде болады. “Оян қазақ” кітабы сынға
алынып халыққа таратылмады.
1913-18 жылдары жарық көріп тұрды. 1917ж Дулатов, Байтұрсынов “Алаш
партиясын” құрып бағдарламасының жобасын жасады. Бүкіл Қазақстандық 2-ші
съезде Алаш партиясы, алаш өкіметін құрды. Бұның басқару құрамында 15 адам
мүше болды. 1920 жылы Ташкентте Түркістан Республикасының органы “Ақжол”
газетінде жұмыс атқарды. Ол жерден қудаланып 1921 жылы Семейде сотта судья
қызметін атқарды. 1922 жылы қамауға алынып кейін босатылды. Орынборда 1922-
26 жылы халыққа білім беру институтында мұғалім болды. Қазақ мемлекеттік
баспасында бөлім бастығы және “Еңбекші қазақ” газетінде жұмыс істейді. 1928
жылы желтоқсанда тағы да тұтқындылады. Ұзақ жауап алғаннан кейін 1929 жылы
маусымда Бутырка түрмесіне жабылады. 1930ж 4 сәуірде ату жазасына
бұйырылады. 1931ж 9 ақпанда Соловки лагеріне әкеледі. Міржақып Беламор
каналын қазып, азапқа түседі, тәни және рухани жағынан жәбірленуге
шыдамаған өр мінез Міржақып 1935ж 5 қазанда қайтыс болады. Сүйегі елге 1993
жылы оралғанда жалғыз “Егемен Қазақстан” газетінен басқа басылымдар селт
етпеді.
Сөз жоқ С.Сейфуллин, Б.Майлиндер жаңа заман жаршылары. Олар кешегі
жаңа экономика саясаты кезінде халық шаруашылығы қалпына келіп, бес алты
жылда мал басы екі есе өсіп, қалың қазақ сауаттана бастаған шақта
кооперативтік социализмнің тегеурінгі күшін көрді. Ал Сәкеннің өз басына,
халық басына күн тудырған сол социализм емес-ті, ол казармалық социализм,
тоталитарлық социализм. Сакеннің армандаған социализмі ол Фрэнсис Бэконның
“Жаңа Атлантидасы”, Т.Компонеллоның “Күн қаласы”, Асан Қайғының “Жер
ұйығы”, Маркс пен Энгельс ойлаған әділет, теңдік, бостандық орнаған қоғам.
И.В.Сталиннің өзі шығыстың шыңғысы екенін мойындаған күрескер күштің
құдыреті дабылын отты жүректің жалынын, азаттық күресінің ағынын өмірінде
бойтұмар қылып кеткен ұлтжанды, ұлтқанды заңғар шын мәнінде батыл да батыр
Тұрар Рысқұлов, өзі тірісінде қазақ әдебиетнің, оның мәдениетінің, пірісі,
ең ірісі, дарыны мен алыбы, шын мәніндегі пайғамбары аталған дарынды
С.Сейфуллин, шашасына шаң жуытпас, қазақ поэзиясының құлагері атанған Ілияс
Жансүгіров, халықтың өзіндей, жүрегіне ұялаған сөзінде, ұлық болсаң кішік
болып өткен, тірі кезінде барша еліне, ұлан байтақ жеріне бас жазушы
аталған Бейімбет Майлин өмір сүрген заманының жалпы көрінісі осындай 13.
Асуы болса да шатқалы көп, өзені болса да өткелі жоқ, тауларының
панасы жоқ, ханы көп болса да қайырымы жоқ, наласы көп заманда өмір сүріп,
ұлылығын таныта білді.
Отызыншы жылы ашылған қазақтың коммунистік университінде қазағы,
орысы бар 250-дей коммунист оқыды. Өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі,
Совнарком төрағасының бірінші орынбасары, 1935 жылғы қаңтарда Қазақстан
Орталық атқару комитетінің төралығына сайланған Ұзақбай Құлымбетов партком
бюро мүшелігіне сайланды. Ұзақбай Құлымбетов білімді, парасатты кісі. 1935
жылы, Сочиде демалыста жүріп, сонда ауырып жатқан Н.Островскийге барып,
Қазақстанның он бес жылдық құрметіне шақырылған значок пен дәстүрлі қазақ
шапанын азамат соғысының қаһарман жазушысына сыйлықққа тартты. Сол сыйлық
Н.Островскийдің Сочидегі музейінде әлі де ілулі тұр 14.
1933 жылы Қазақстанға Мирзоян жолдас келгенде, Кеңес Одағы мен Қытай
арасында Халықаралық жәрмеңке ашылды. Аштыққа ұшыраған қазақ еліне Қытайдан
көп мал сатып алынды. Осы жәрмеңкеге Қазақстаннан Ұзақбай Құлымбетов жолдас
басшылық етті. Ол осы сапарында Жетісу өлкесіндегі Қытай шекарасындағы
көптеген көне ескіркіштерді суретке түсіріп, бұл тарихи мұраларды сақтау,
қорыққа алу мәселесін көтерді. Мұны кейін надан, қаскүнем жалақорлар:
“Құлымбетов ескі зираттарды дәріптегісі, қорғағысы келді”,- деп осы
игілікті істі жамандыққа жорытты.
Қазақстан Одақтас республика болып құрылғанда, Ұзақбай Құлымбетов
жолдас Москвада Бүкілроссиялық Кеңестер съезінде қазақ халқы атынан жалынды
сөз сөйледі. Қазақстанның өз алдына шаңырақ көтеріп, терезесі тең, дербес
одақтас республика болуына орыс халқының көрсеткен көмегінің зор екенін
асқан мақтаныш сезіммен айтты. Сөйткен Ұ.Құлымбетов арада бір жыл өткенде,
“халық жауы” болып шыға келді. Халқы үшін аянбай жұмыс істеп, зор үлесін
қосқан Ұ.Құлымбетов 1937 жылғы репрессияның жазықсыз құрбаны болды.
Аяулы азаматтарымыздың бірі Т.Жүргенов 1933 жылы С.Меңдешовтың орнына
халық ағарту комиссары болып бекітілді. Оның алдында ол Өзбек ССР оқу халық
комиссары болған. Алматыға Лениншіл коммунист Л.И.Мирзоян жолдас келген соң
республикамыздан тысқары жүрген біраз басшы қазақ қызметкерлерін
Қазақстанға шақыртты.
Темірбек Жүргенов қазақша сөзге сәл шорқақтау, орысша өте жетік
білетін. Республикада күллі мәдениет саласын сол тікелей басқарды, күрделі,
сүбелі мақалаларды орысша жазды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1936 жылы
Москвада өткен алғашқы тамаша он күнділік Темірбек Жүргенов тікелей
басқарды. Міне, сол кездегі басшы қызметкерлердің өз міндетіне, мемлекет
ісіне жан салуы осындай еді.
Темірбек Жүргеновті 1937 жылдың жаз айында, Қазақстан Компартиясы 1
съезі кезінде қамады. Үш-төрт кісі Темірбекті өз кабинетінде тұтқынға алды.
НКВД адамдары Темірбектің үстелінің суырмасынан чек кітапшыларын алды.
Т.Жүргеновтің ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовке “Шахнаманы” аудартып, айдаудан
келген оқымысты А.Байтұрсыновқа қазақ тілі ғылымының тарихын, Питербург
университетін бітірген ескі интеллигент Бақытжан Қаратаевқа Қазақстанның
Россияға қосылу кезеңін жаздыртып жүрген. Жаңағы чек кітапшаларында осы
кісілерге ақша берген түбіршектер бар екен. Әрине, Темірбек Жүргенов
жолдасқа бұл ол кезде үлкен айып, айғақты зат еді. Осылайша Темірбек
Жүргенов “халық жауы” болып осы қаралы жылдың құрбаны болды.
Садықбек Сапарбаев Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол 1919 жылдан
партия мүшесі. 1921 жылы Коммунистік жастар одағы атынан БКП (б) оныншы
съезіне делегат болып қатысқан. Ол партиямыздың 15 және 16 съезіне делегат
болған. Қызметінің ұзын-ырғасы: Қызылорда, Қарсақбай аудандық, Ақмола,
Гурьев округі, Ақмола губерниясының, Батыс Қазақстан облыстық партия
комитеттерінің бірінші секретары, Шығыс Қазақстан, Қарағанды партия
комитеттерінің екінші секретары, Қазақстан кәсіподақтары Советінің
председателі, Қазақстан өлкелік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің
меңгерушісі. Көрнекті публицист, қоғамдық қайраткер. Ол Жетісу, Орта Азия
комсомол ұйымдары тарихынан, колхоз құрылысы, Ақмола округіндегі конфиске
науқаны қорытындысы жөнінен көптеген тартымды мақалалар, очерктер жазды.
В.И.Лениннің, Н.И.Бухариннің еңбектерін аударуға қатысты, әдеби сынға да
араласты.
Садықбек Сапарбеков округ тараған соң, Қарсақпайға аудандық партия
комитетінің секретары болды. “Еңбекші қазақ” газетінде “Жаңа толқын”
тәрізді мақалалары жарық көрді 15. Қарсақпай-ол тұста республикамыздағы
не бары үш-төрт қана кәсіпорындардың жұмысшы табы ошақтарының бірі. Мұнда
көрнекті мамандар-инженерлер мен геологтар бар. Олардың бірі-Қаныш Сәтбаев.
Осы күнгі көрнекті ақынымыз Әбділда Тәжібаев; “Садықбек Сапарбеков 1931
жылы мені Алматыдан Қарсақпайға алып кетті. Сондағы “Қызыл кенші” газетіне
мені әдеби қызметкер етіп сайлайды. Ол жылдарда бұл ауданға қазіргі Ұлытау,
күллі Жезқазған маңы түгел қарайды. Мен Садықбек ағамен еріп Ұлытау жаққа
да барып қайттым. Садықбек сол кезде бір қалың дәптерге роман жазып жүрген.
Әрине, оның күллі қағаздарымен бірге бұл қолжазба да құрып кетті 16.”
1932 жылы республикада жаңадан алты облыс құрылғанда, С.Сапарбеков
Семейге Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші секретары болып
барды. Тек сол кезде құрылған МТС, совхоз саяси бөлімдерінің жұмыстарына
байланысты бір асыра сілтеуде С.Сапарбеков орнынан алынып, Оңтүстік
Қазақстан облысы құрамындағы Қызылорда аудандық партия комитетінің
секретары болды.
Садықбек Сапарбаев көп кешікпей, өзі ертеде губкомды басқарған
Қызылжарға Қарағанды обкомының екінші секретары болып барды. 1936 жылы
С.Сейфуллиннің әдеби еңбегінің жиырма жылдығы тойланғанда, “Социалистік
Қазақстан” газетіне “Біздің Сакен” атты мақала жариялады.
Халқына қаншама қызмет еткен қайраткер Садықбек Сапарбеков 1937 жылы
18 қарашада Алматыда қонақ үйде тұтқынға алынды, зұлым заманның құрбаны
болды.
Әбілқайыр Досов-азамат соғысы ерлерінің Семейде губерниялық атқару
комитетінің председателі, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан обкомдарының бірінші
секретары, БКП(б) Орталық Комитетінде, Бүкілроссиялық Орталық атқару
комитеті президиумының мүшесі болып жауапты қызмет атқарған көрнекті
қайраткер. Көп кешікпей СССР Жоғарғы Советінің 1937 жылғы 12
желтоқсанындағы сайлауы алдында, Шымкентте Әбілқайыр Досов қамауға алынады.

Сұлтанбек Қожанов Шымкентке жақын белгілі Түркістанда 1894 жылы
туылған. Ол 1920 жылы партия мүшесі. Содан бастап ол Орта Азия аймақтарын,
Қазақстанның Сырдария, Жетісу өлкелерін біріктіретін Түркістан республикасы
қайратты басшыларының бірі, Түркістан Орталық атқару комитеті бюро мүшесі,
осы республиканың жер-су, оқу, ішкі істер халық комиссары, ол БКП(б)
Орталық Комитетінің аппаратында жауапты қызмет атқарды. Сұлтанбек 1924-25
жылдары Қазақстан өлкелік комитетінің секретары, өмірінің соңына дейін,
яғни 1937 жылы сталинизмнің оғына ұшқанша, Өзбекстан Компартиясы Орталық
Комитетінің, Орталық Атқару Комитетінің мүшесі. Сұлтанбек Қожанов-белгілі
публицист, көптеген мақалалардың, кітапшалардың авторы “Ақжол” газетінің
редакторы, ақын Мағжан Жұмабаевтың соңғы жинағына алғы сөз жазған.
Сұлтанбек Ташкенттегі осы күнгі әр алуан жоғарғы оқу орындарының алғаш
ұйымдастыушы жігерлі қайраткер, ол Орта Азияда, күллі елімізде мақта
шаруашылығын басқарушылардың бірі.
Сұлтанбек Қожанов өткір, білгір, алғыр, турашыл коммунист болған.
Сұлтанбекті кезінде В.И.Лениннің өзі жақсы білген, оның сөзін, ұсынысын ұлы
көсем қаты ұнатқан. Өмірінің жиырма жылдан аса уақытын Қазақстанда,
Өзбекстанда Совет Өкіметін орнатуға, оны нығайтуға, ғасырлар бойы тепкіде
езілген бұрынғы теңсіз халықтарға білім беруге, оларды жаңа мәдениетке
жеткізуге сарп еткен жалынды қайраткер Сұлтанбек Қожановтың өмірін жазықсыз
қиып жіберуі өкінішті.
Жүсіпбеков Хамза Қарағанды облысының Нұра ауданында 1900 жылы дүниеге
келген. Жасында Омбыда оқыған. Сол кезде Сәкен Сейфуллин, Абдоллла
Асылбеков маңына топтасқан жаңашыл, көзі ашық жастардың бірі. Ол 1920 жылы
Коммунистік партия қатарына кіріп, бірден Қазақстандағы революцияшыл
қозғалысқа белсене қатысқан қайраткер Хамза Жүсіпбеков Көкшетау уездік,
Ақмола, Бөкей губерниялық партия комитеттерінің секретары, Қазақстан
өлкелік партия комитетінің транспорт жұмысы жөнідегі секретары, Қазақстан
Республикалық кәсіподақтары советінің председателі, ол өмірінің соңында,
яғни 1937-38 жылдары заңсыз опат болғанша, Қазақстан заң халық комиссары,
Қазақстан көркем әдебиет баспасының директоры болды. Хамза бірнеше жыл бойы
өлкелік партия комитетінің бөро мүшесі болып сайланды. Ол партиямыздың 12,
17 съезінің делегаты.
Хамза Жүсіпбеков әдебиетке тікелей ат салысқан қалам қайраткері де
болды. Оның жеке кітапша болып шыққан “Қарсақпай” атты очеркі Қазақстандағы
қазақ жұмысшы табы еңбегі мен өмірін сипаттаған алғашқы тартымды
еңбектердің бірі болды. Хамза Қазақ кеңес жазушылары ұйымын құрусуға, оны
нығайтуға тікелей қатысты. Ол бірқатар ғылыми, әдеби еңбектерді қазақ
тіліне аударды. Солардың бірі- К.Маркстің “Еңбек ақы, баға және пайда”
дейтін теорилық еңбегі болатын.
Аты аталған қайраткер республика жұртшылығына ертеден белгілі, тек
бірлі-жарым болмаса көпшілігі жеке адамға табынушылық кезеңінің құрбаны
болған, өздері қан жұтып, бала-шағалары қасіретке ұшыраған, біразының үрім-
бұтағы азып-тозып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
Қазақстан Үлкен террор жылдарында
Қазақстандағы 1937-1938 жж. жаппай саяси репрессия шаралары мен салдарлары
Зайсан ауданында қуғын - сүргін әрекеттерінің көрініс ала бастауы
ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары
Саяси қуғын - сүргін құрбандары
Оңтүстік Қазақстанда 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін
Сталиндік репрессия және қазақ зиялылары
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихы мәселелерін зерттеу
Қазақстандағы саяси репрессия
Пәндер