Тұрмағамбет Ізтілеуұлы


Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
Өз замандастар арасында «шығыс тілдерінің тірі сөздігі» атанған кәсіби тәжімәші Тұрмағамбет шайырдың соңында қалған терме, толғау, мінәжат, рубаи, айтыс, арнау, көңілқос, ұлықтау, арзу-хат, мақал-мәтел, нақыл сөз, мысал, хикая, дастандарына өзек болғанадамзат баласына ортақ алуан мәселерлерден, һәм ол оқыған шығыс әдебиеті үлгілері мен діни фәлсафалық кітаптар мазмұнынан парасатты да пайымды дінтанушы, кемел щығыстанушының дүниетанымынан нағыз оқымыстыға тән тылсым қасиеттерді танимыз.
Орысша оқымаса да дін ғылымына, ислами құндылықтардың туын көтереген - араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін еркін меңгерді. Діни оқу мен дүниелік пәндерді тұтас үйреніп, қадим негіздерін меңгере тұра, жәдидтік заманауи бағыттанда шет қалмаған.
Сыр бойы, Қармақшы өңірін жайлаған Кіші жүз әлім, шөмен, жетіру ішінде өзінің ортадан жоғарғы дәулетімен мал өсіріп, жан баққан Ізтілеу Қызылбай баласы Қыр мен Сыр арасындағы байтақ далада еркін өскен есті әулеттен. Ал Ізтілеудің қабірі қазіргі Қызылорда облысы, Төретам станциясынан 100 шақырымдай жерде Нұра, Қарақұм бетіндегі «Жеркіндік» деген белесте. Ерте көктемде көшіп бара жатқанда кенеттен дүние салған Ізтілеу осы жерге жерленіпті. Тұрмағамбеттің шешесі - Жұпар Ермағамбетқызы. Нағашысы Ермағамбеттің де ескіше хат таныған кісі екені айтылады. Бауырлары - Шайқы, Нұржан, Ислам, Хатша.
Тұрмағамбет алғаш өз аулында, Ораз ахунның шәкірті Алдашбай ахун мешітінде дәріс алған. Алдашбай ахун Сыр бойынан шыққан оқыған, діни дәрежесі жоғары, білімді адам болған. Оның туған ағасы Қожабай ахун да оқыған кісі. Алдашбай ахун Бұхара қаласында «Мир-Араб», «Көкелташ» медреселерінен 10 жыл оқып, тәфсир ғылымын меңгерген. Дін ғылымының ізіне түскен Тұрмағамбет Алдашбай ахунның батасын алғаннан кейін, Тапал, Қалжан ахундарға кездесіп «ифтидай» мен орта «рушдия» бітіреді. Медицина саласын оқыған Қалжан ахун өзі оқыған Бұхарадағы «Мир-Араб» медресесіне Тұрмағамбетті ол 1896 жылы, 13 жасында жібереді. 1896-1899 жылдар аралығының алғашқы үш жылында ол «Мир-Араб» медресесінен орта білім, қалған 1899-1905 жылдар ортасында «Көкелташ» медресесінде алты жыл білімін жоғарылатып, бас-аяғы тоғыз жылда қос медресені «Ұсылы қадим» - қадім (ескі) ғылымының негізінде оқып щыққан. Парсы, араб, түрік, шағатай тілдерін еркін меңгерген Тұрмағамбет елге - Сыр бойына келіп мектеп ашып, бала оқытады. Дін ғылымы мен дүнияуи білімі кемел Тұрмағамбеттің «ахунд» - насихатшы деген діни дәрежесі болған. Бірақ ол дәрежесін Кеңес үкіметінің кезінде айтпай, жасырған.
Ол Бұхарада Тәжік Ғылым академиясынның президенті Садриддин Айнимен бірге оқыған, екеуі пікірлес, бағыттас болған деген ауызша деректер бар. Садриддин Айни - ислам дініндегі сопылық ағымды қолдаған ғалым. Біз осы дерек және Тұрмағамбеттің шығармаларынан сопылық көзқараста болғанын байқаймыз және Тұрмағамбетті әулие деп айтсақ қате болмас. Себебі ақынның болашақты болжай алу қасиеті өз шығармаларынан да көрініс тапқан. Мұнда ислам қағидарларын жетік меңгерген көреген ақын өзінің қай жасында фәни тіршіліктен бақиға кететінін айтқан: «Ойланып ой көзімен қарағанда, Елудің алтауында тұр-ау өлу!» - талқаны таусылатын қысқа күнді алдын ала сезген. Есептеп қарасақ шын мәнінде 56 жасында қайтыс болған.
Қырқысып қырық қалған соң, келсе елу,
Елеуреп ұнамайды ойды бөлу.
Бөпелеп баққаныңмен өзіңді-өзің,
Қалпыңа қиын сауда қайтып келу.
Ойланып ой көзімен қарағанда,
Елудің алтауында тұр-ау өлу.
Көзден нұр, кеудеден күш кеміген соң,
Қайткенмен келмес қолдан жортып, желу.
Соңғы рет Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент түрмесінен уақытша кепілдікке босанып келген ол 1936 жылдың 15 мамырында өз ишаңрағында жатып, түрмеден алған ауыр соққының азабынан көз жұмады.
Бұған дейін де бірнеше рет: 1928 жылы жаппай тәркілеу кезінде «бай-құлақ» ретінде сотталған, 1932-1933 жылдары Кеңес үкіметіне «қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін» деген жаламен екі-үш мәрте тұтқындалған.
«Бар» мен «жоқ», «ал» менен «бер» бірге туған,
«Бар» мен «ал» өмір шекпей өлген удан.
«Жоқ» пен «бер» жұрт біткенді жүр аралап,
Жанына жолдас етіп ылғи қудан.
«Жоқ-жоқ», - деп жұрттан асқан байлар-дағы,
Құтылар қолға түспей қалың дудан.
«Бер-бер», - деп бір парақор бойыңды ерітіп,
Май алар ас қатықтық ұрттам судан.
Көзіңе кейпім күйкі көрінгенмен,
Құтқармас қуған аңын мен бір будан, -
Деп молла Тұрмұхаммед қолым қойдым,
Әулеті Кіші жүздің кете рудан.
Бұл жерде Тұрмағамбеттің философиялық көзқарастарын байқаймыз. Бар мен жоқ, ал мен бер бірге туған деген сөздерде, ақ пен қараның, жақсы мен жаманның бірге болатынын айтып тұр. Мысалы өмірде қуанышпен қайғының бірге болатыны сияқты. Бар мен ал өмір шекпей өлген удан деген сөзде айтпағы бай адамдардың жомарттығын айтып отырғандай. Ал жоқ пен бер жұрт біткенді аралап жүр дегені сұрамсақтықты айтып тұр. Яғни жоқ дегені жомарттық жоғалып, сараңдық көп екендігін меңзегендей. Бер дегені ел аралап жүрген жемқорлардың алдап сулап ақша тапқанын айтады.
Ой - терең, ойлар нәһән теңізден де,
Тың тұрған тіл сүзеген өгізден де.
Нәһәннан нар жұтатын нәпсің жаман,
Қанағат қылмайтын аз жегізгенге.
Игеріп осыларды ала алмасаң,
Ерлерім, ауруыңа ем ізденбе!
Дос тұтып дүниенің ерме ізінен,
Кемді күн «дәулетін-ай!» дегізгенге.
Сағымнан су табылмас, мұнан опа,
Көргенмен кеуілің жақын егізденде.
Онан да, оны қойып туралық қыл,
Нық тұтып ниетіңді негізденде.
Пайда не патша болып тақ мінгеннен,
Жай таппай жалтақтасаң сегізден де.
Ақыл - тон аңдағанға тозбайтұғын,
Ғылым - кен күнде өніп қозбайтұғын.
Иелік екеуіне еткендердің,
Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.
Ой - терең, ойлар нәһән теңізден де деген сөзге қарап нақылдан гөрі ақылды алдыңғы орынға қойғанын байқаймыз. Дәл осындай сөздер Шәкәрім шығармаларында да бар. Яғни
Ақыл құсы адаспай аспандаса,
Әлемде нәрсе болмас оған таса.
Жеті көк жерден оңай басқыш болып,
Ғарышқа қол жетеді қармаса.
Ей, Алла, ғафу айлап тайфиқ-тәубе,
Пендеңді бұлт шөгетін шығар тауға.
Кеуіліңнен кетірем деп иман нұрын,
Қылып жұр Ханнас малғұн қатаң қауға.
Қосылып нәсім оған, нарау тартып,
Түрі бар беретұгын ұстап жауға.
Шошынып сұм нәпсімнің сылайынан,
Ақылға келіп едім қорғалауға.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz