Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Тарау Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы
1.1 Балалар бақшасында тілді дамытудың психологиялық мазмұны мен ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне байланыстылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ІІ Тарау Тіл дамыту әдістемесінің психологиялық негіздері
2.1 Балалар бақшасында тіл дамытудың психологиялық әдістері
мен тәсілдеріне жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Балаларға тіл дыбыстарын айту дағдыларын дамытудың
психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3 Балабақшада тіл дамытудың психологиялық әдістерін ойын
арқылы дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Зерттеудің өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет. Сонда кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын-жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады.
Зерттеудің мақсаты: Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасы мен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», — деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский.
Зерттеу міндеті: «Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттеуі осы жұмыстың зерттеу міндеті болып табылады.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Психиканың бір жастық сатыдан екінші сатыға дамуы танымдық процестердің, сөйлеудің сондай – ақ сезімталдық еріктік сфераның жетілуін көрсетеді. Тілді дер кезінде және сапалы менгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалануы қажет
1. Федоренко Л.П., Фомиева Г.А., Лотарев В.К. «Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы» Алматы, 1981 [1]
2. Адамбаева Ж. «Орыс мектебінің бастауыш сыныптарында тіл дамыту» Алматы, 2000. [3]
3. Адамбаева Ж. «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарындағы тіл датыту жұмыстары» алматы, 1978. [4]
4. Баймұратова Б.Б., Едепбаева З.Д. «Изучаем казахский язык Куншуак» әдістемелік құрал. Алматы, 2007. [7]
5. Өтебаева Г. «Ересектер тобындағы балалардың тіл дамуын анықтау тәсілі» //Отбасы және балабақша// 2003. №1 1013 б[5]
6. Аяпова Т. «Сөз мағынасының қалыптасу үрдісінде» //Бастауыш мектеп// №7 2003. 19-28 б. [2]
7. Абдуллина Г. «Тіл мен сөйлеу» //Бастауыш мектеп// №11 – 2005
13-15 бет [8]
8. Сардарова Ж «Бастауыш мектептің тіл сабақтарында дамыта оқыту ерекшеліктері» //Бастауыш мектеп// №9 – 2003. 8-9б. [2]

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Тарау Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы
1.1 Балалар бақшасында тілді дамытудың психологиялық мазмұны мен
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне
байланыстылығы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ Тарау Тіл дамыту әдістемесінің психологиялық негіздері
2.1 Балалар бақшасында тіл дамытудың психологиялық әдістері
мен тәсілдеріне жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Балаларға тіл дыбыстарын айту дағдыларын дамытудың
психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..23
2.3 Балабақшада тіл дамытудың психологиялық әдістерін ойын
арқылы
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін
тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет.
Сонда кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы
бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ
барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын-
жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады.
Зерттеудің мақсаты: Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін
меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту
үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасы
мен байланысты. Өз заманында Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі,
ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс, — деп
көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский.
Зерттеу міндеті: Тіл немесе тіл дамыту — пән аралық түсінік: ол
лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі.
Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-
бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл
материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттеуі осы жұмыстың зерттеу
міндеті болып табылады.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Психиканың бір жастық сатыдан екінші
сатыға дамуы танымдық процестердің, сөйлеудің сондай – ақ сезімталдық
еріктік сфераның жетілуін көрсетеді. Тілді дер кезінде және сапалы менгеру
балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының
алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге
келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің
жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге
деген мүмкіндіктерін толық пайдалануы қажет
Зерттеудің практикалық қолданымы: Бүгінгі таңда мектепке дейінгі
педагогика саласында бала тілінің даму барысын тексеріп-зерттеу мәселесі
толық шешілді деп айта алмаймыз. Көпшілік жағдайда әдістемелік еңбектерде
бала тілінің дамуындағы кейбір кемшілік тұстарды ғана анықтауды басшылыққа
алатын жекелеген әдіс-тәсілдер көрсетілумен шектелінуі, ал жалпы, мектепке
барар алдындағы бала тілінің даму деңгейін қандай өлшемге сүйеніп талдау
қажет екендігі, белгілі-бір жас кезеңінде бала тілінің дамуының шамасы осы
деп есептеуге болатын көрсеткіштер жөнінде нақты мәліметтер жоқтың қасы.

І Тарау Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы
1.1 Балалар бақшасында тілді дамытудың психологиялық мазмұны мен
ұйымдастырылуы
Баланың жасына қарай дамуы мынадай сатылардан өтеді: сәбилік шақ, ерте
балалық шақ, мектепке дейінгі шақ, бастауыш мектеп жасы, жеткіншектік
шақ, бозбалалық шақ, есею.
Бала организмі жасына қарай дамуыдың әрбір сатысында белгілі бір дене
өлшемімен және құрылысы мен әрі белгілі бір психикалық мүмкіндіктерінмен
ерекшеленеді.
Психиканың бір жастық сатыдан екінші сатыға дамуы танымдық
процестердің, сөйлеудің сондай – ақ сезімталдық еріктік сфераның жетілуін
көрсетеді. Тілді дер кезінде және сапалы менгеру балада дұрыс психиканың
қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты
болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен
бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және
баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық
пайдалану.
Алғашқы жас сатысында баланың тілін дамытуға назар аудару маңызды,
өйткені осы кезде баланың миы жедел өсіп, оның қызметі қалыптасады. Орталық
нерв жүйесінің қызметі оның табиғи қалыптасуы кезеңінде жаттықтыруға оңай
бейімделетіндігі физиологтарға белгілі. Жаттықтырусыз бұл қызметінің тіл
дамуы тежеліп, тіпті мәңгі тоқтап та қалады.
Тіл үшін,—деп жазады профессор М. М. Кольцова,— дамудың мұндай киын-
қыстау кезеңі бала өмірінің алғашқы үш жылы болып табылады: осы кезге
қарай негізінен мидың анатомиялық сөйлеу желісінің жетілуі аяқталады, бала
ана тілінің басты грамматикалық формаларын меңгереді, мол сөз қорын
жинайды. Егер алғашқы үш жылында сәбидің тіліне тиісті қыруар күш-жігер
жұмсауға тура келеді.[1. 25-28б].
Баланың қалыптасуы көбіне педагогикалық ықпал етуге және оның қаншалықты
ерте басталуына байланысты. Осыны ескере отырып, біздің елде балалар
бақшалары (сәбилік және балабақша топтарымен) бастауыш, орта және жоғары
мектептердің іргетасы, аса маңызды буындарынын бірі ретінде халық ағарту
жүйесіне енгізілген.
Балалар бақшасы балалардың жан-жақты дамуын — дене, ақыл-ой, адамгершілік
және эстетикалық тәрбие беру мәселелерін алдына мақсат етіп қояды, оны
тілді үйрету процесі кезінде жүзеге асырады.
Ясли мен балалар бақшасындағы мектепке дейінгі сәбилер мен балаларды
тілге үйретудің мазмұны, жұмысты ұйымдастыру мен оқытудың негізгі әдістері
Балалар бақшасындағы тәрбие программасында анықталған.
Мектепке дейінгі жастағы және сәби баланың үйренген тілінің мазмұны сезім
органы арқылы қабылданған, санасында көрініс берген қоршаған болмыс болып
табылатындығы белгілі: оның өзі, денесінің бір бөлігі, жақын адамдар, өзі
тұратын бөлмесі, ол тәрбиеленетін балалар бақшасының ішкі бөлмесі, аула,
парк, жақын маңдағы көшелер, қала адамдардың еңбек процестері, әлі және
тірі табиғат. Мектепке дейінгі ересек балалардың сөзінің мазмұнына
айналадағы адамдар, табиғат жөніндегі аламның парызын түсінумен байланысты
этикалық ұғымдар, қоғамдық өмірдің құбылыстары, мерекелер кіре бастайды.
Сондықтан Балалар бақшасындағы тәрбие программасы тілді дамыту жұмысын
балаларды айналадағы ортамен таныстыру жөніндегі жұмыспен, сондай-ақ
көркем әдебиетпен біріктіреді және осы жұмыстың формасын анықтайды.
Программада... тілді оқытудың негізгі екі формасы аталған: біріншісі —
тәрбиешінің балалар бақшасының басқа қызмет-керлерімен еркін сөйлесуі,
әңгімелесуі арқылы балалардың тілін дамыту жұмысы, екіншісі — тілді
дамыту жөніндегі арнайы сабақтар.
Балалар бақшасында баланың еркін сөйлеу: а) тұрмыста (таңертеңгі, кешкі
жуыну, тамақ ішу т. б.), б) серуендеу кезінде, в) ойын процесі кезінде, г)
айналадағымен танысқанда (қоғамдык өмірмен және жылдың барлық мезгілінде
табиғатпен танысқанда), д) еңбек процесі кезінде (шаруашылық-тұрмыстьгқ,
қол еңбегі, табиғатта еңбек еткенде), с) мерекелер мен
көңіл көтеру кездерінде, ж) мынадай арнайы сабақтар кезінде: математнкалық,
сурет салу, мүсіндеу, құрастыру, дене тәрбиесі, музыкалььқ сабақтарда
қарапайым түсініктерді қалыптастыру кезінде болады. [3. 146-181б].
Еркін сөйлесіп тіл үйренуге, қарым-қатынас пен танысу, сондай-ақ өз мінез-
құлқын басқара білу құралы ретінде тілді үйренуге баланы анағұрлым
қабілетті ете түсу үшін үш жастан бастап тілді дамыту жөнін дегі арнайы
сабақтар енгізіледі. Сабақ үстінде бала өзінің сөйлеу қимылын тәрбиеші
көрсеткен үлгімен оның айтқан сөзімен (не істеу керек? және қалай істеу
керек?) салыстыруға үйреніп, оқу іс-әрекетін басқа балалармен бірігіп
орындай білуді үйренеді:түсін

діруді, әңгімені, музыканы бәрі бірге
тыңдауды, суретерді диафильмдерді бірге көруді әңгімелесе білуді,
дидактикалық ойындарға қатысуды, бірігіп ән салуды үйренеді; ол белгілі бір
объектіге назар аударуға, өзін-өзі ұстай білуге, кезекпен сөйлеуге
үйренеді. Сабақ үстінде балалар (болмыс құбылыстарындағы қарым-қатынастарды
білдіретін жаңа сөздермен және грамматикалық формалармен бірге) жаңа білім
алады, оқу жұмысын сөзбен ескерту мәліметтеріне сәйкес орындауға, өз
жұмысын бағалай білуге үйренеді. Сабақтарда балаларды тәртіпті болуға
үйретеді. Программада,.. балалардың әрбір жас кезеңіне арналған баланың
тілін дамыту жөніндегі арнайы сабақтардың мазмұны: Айналадағымен таныстыру
және тілді дамыту, Табиғатпен таныстыру және тілді дамыту, Тілді
дамыту, Көркем әдебиет, Ана тілі деген рубрикалармен беріледі.
Айналадағымен және табиғатпен таныстыру сабақтарында балалар бақылаған
заттар мен құбылыстар, олардың іс -әрекеті, белгілері, қарым-қатынасы
зерттеу объектісін құрайды, ал тәрбиешінің, ата-ананың балалар көрген
нәрсені атаған сөздері олардың лексикасын байытудың бірден-бір көзі олардың
диалогтік және монологтік тілін дамытудын өзіндік күш берушісі болып
табылады.
Көркем әдебиетпен таныстыру жөніндегі сабақтарда баланың тілін байытудың
негізгі көзі көркем шығарманың тексі болады (оны тәрбиеші балаларға оқып
немесе әнгімелеп берді), ал тәрбиешінің тексті түсіндірудегі сөйлеген сөзі
оған қосымша болып табылады.
Балалар бақшасындағы тәрбие программасында көрсетілген Тілді дамыту
сияқты сабақтар балаларға өз сөзін аңғаруға, оған объективті болып жатқан
құбылыс ретіпде қарауға сөздің сапасын бағалауға бірте-бірте үйретуге
көмектесу мақсатын көздейді.
Ана тілі деп аталатын және мектепке дайындалатын топта ғана
жүргізілегін сабақтарда сауаттылықтың бастамасы беріледі.

1.2 Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне
байланыстылығы
Баланың сөйлеу тілінің қызметі — ен алдымен мидың көптеген саласының
үйлескен қызметінің нәтижесі. Мида естіген сөзді ұғынады, онда дыбыстар
мен тілдік дыбыстардың тіркесінің артикуляциялануы үшін қажетті озғалыс
программасы қалыптасып, осы жерден сөйлеу бұйрық жолданады. Атап
айтқанда, сөйлеу мүшелері (ауыз куысы және мұрын, тіс, ерін, тіл, көмей,
өкпе) - бұл орталығы ми болып табылатын сөйлеу механизмінің атқару
мүшелері; ми дамығанда баланың сөйлеу мүшелерінің бұлшык еттері де дамнды.
Алғашында сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттері балаға көнбейді, ол ана тілінің
дыбыстарын қиналып айтады, өсе келе ол барынша таза, сөз тіркестерін
барынша еркін айтады, яғни ми, сөйлеу бұлшық еттеріне бұйыру салалары
дамыған сайын, балада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерін еркін меңгеру
қабілеті дамиды. [2. 18-19б].
Артикуляциялық мүшелердің қозғалуының әсерінен сөйлеушінің бұлшық
етінің түйсінуі – бұл субъективтік қабылдаудағы тіл материясы болып
табылады, ауызекі тілде бұлшық еттің түйсінуге мұнан басқа елестету
(образдарды) түрінде қатысатын есту сезімі және іштей сөйлеуде жатады.
Белгілі бір дыбыстардың комплексін сөз деп қабылдауда үйренген, яғни оны
болмыстың белгілі бір құбылысы деп түсінген, бала сол сөзден есту және
бұлшық ет түйсігін есте сақтап қалады. Бала әлі де болса өзінің
артикуляциялық мүшелерінің меңгере алмағандықтан, ол ең алдымен сөзді
(сөйлеуді) естуді, ал одан кейін барып оны айтуды үйренеді. Алайда сөздің
естілу образы мен оның бұлшық еттік образы балада бір мезгілде пайда
болады: алғашқы кезде бұлшық еттік образдың дәл болмайтындығы басқа
мәселе. Белгілі бір сөздерді дұрыс айта алмайтын үш, тіпті төрт жастағы
олардың дұрыс естілу образын білетіндігі және ересектер мұны бұзып
айтқанда аңғаратындығы белгілі.
Демек, әрбір адам үшін сөздің сезімдік негізі – бұл оның есту және
бұлшықеттің (сөйлеу қимылының) сезінуі. Физиологтардың мәліметте-ріне
қарағанда, миға берілетін нақ осы сөйлеу қимылы миды (оның бел-гілі бір
учаскелері) сөйлеу органы ретінде жұмыс істеуге мәжбүр етеді екен.
Тәрбиеші үшін мына фактіні білу қажет. Баланы сөз дыбыстарын артиклдеуге
просодемаларды модульдеуге үйрету керек, яғни оның тілдік материясын
үйренуіне көмектесу керек, әйтпесе ол тілді үйрене алмайды. Бұл заңдылық.
Жоғарыда артикуляциялық органдар – тіл, ерін, тіс, дауыс шымылдығы, өкпе,
ал жазба тілді игеруге – қол, қалам ұстаған қолдың саусағы екендігі
айтылады. Бірақ қолдың саусақтары жазба тіл орган болып қана табылмайды,
сонымен бірге ауызекі тілдің дамуына да әсер етеді. Бағзы замандарда
алақай – ау, алақай!, сауысқан, және тағы сол сияқты балаларға арналған
күлдіргі өлеңдер шығарған, халық арасынан шыққан талантты адамдарға
саусақтардың бұл ролі өте ертеден-ақ белгілі болған; бұл өлеңдерде анасы
күтуші кісі баланы саусақпен жұмыс істеуге талпындырған.
Соңғы жылдары физиологтар жасаған эксперименттер баланың саусаңы сөйлеу
қимылының мүшесі ретінде роль атқаратындығын дәлелдеді және бұл құбылыстың
себептерін түсіндіреді.
Сонымен халықтық күлдіргі өлеңдерді жасаушылар тәжірибесі мен оны
дәлелдейтін ғылыми эксперимент балаларды дұрыс сөй-леу қимылына үйрету
керек екендігін, ал сөйлеу қимылына ынта-ландыруға қол саусағының нәзік
қимылын жаттықтыру көмек-тесетіндігін көрсетеді. Бұл білімді тәрбиеші
балаға тіл үйретудің тәсілін тыңдағанда (немесе жаңасын жасағанда)
пайдалануы керек. [4. 85-91б].
Балалардың тілін дамытуда олардың тыныс алуын дұрыс жолға қою маңызды
роль атқарады. Әрине, сөз дыбыстары просодемалар артикуляциялық органдардың
белгілі бір қалыпты жағдайында, бірақ міндетті түрде өкпеден шыққан ауа
толқыны артикуляциялық органдар арқылы өткенде ғана пайда болады. Ауа
толқыны алдымен тыныс алуға арналған демек, бала бір мезгілде тыныс алуға
да, сөйлеуге де үйренуі керек. Алғашқы жылдарда бұл оңай емес, міне, осы
жерде кәсіби білімі бар тәрбиеші көмекке келуі керек. Тәрбиеші сәбилерге
арнап тартымды ойын ұйымдастыра алады (мысалы, Үлпілдекті үрлейік.
Қөңілді дауыспен қүлейік), ол ойын балалар үшін байқалмайтын маңызды оқу
жұмысына айналады. Сөйлеу аппаратын жаттықтыру әр түрлі эмоциялық жағдайда
және сайып келгенде сөздің стильдік дифференциясы дағдыларын білдіру үшін
дауыс модуляциясын дамытуға көмектесуі керек. Балалар, тіпті 7 жасында,
әрине, стиль деген терминді әлі тіпті білмейтін кездің өзінде-ақ, сөздің
дыбыстық жағының стилистикалық айырмашылығын (эмоциялық бояуын) түсіне
бастайды. Жоғарыда айтқанымыздай, баланы сөйлей білу стиліне үйрету,
сонымен бірге оның бойында мінез-құлық этикалық нормасын тәрбиелеу болып
табылады. Мәселен, Балалар бақшасындағы тәрбие программасы үш жастағы
бала үшін сыпайы амандасуды, қоштасуды, алғыс айтуды өтініш жасай білуді
қарастырады. Әлгі айтылған мағынадағы сөздер сыпайы интонациямен айтуды
талап етеді, бала оны ересектердін сөздерінен естіп, оған ой жүгіртіп
еліктеуге үйренуі тиіс. Айналасындағы ересек адамдарға деген баланың
ықыласы, достығы мейірімділігі сол адамдардың іс-әрекетін олардың, сөйлеу
интонациясымен салыстыра алатын және олардың ісі мен интонциясына еліктей
алатын мүмкіндігі болса ғана дамиды. Әрине балаларға жағымды интонацияны
жағымсыз интонциямен салыстырғаннан кейін ғана түсінікті болады.
Жағымсыз сезімнің немесе мінез-құлықтың қасиетін білдіретін
интонацияларды тәрбиеші сәбилерге, мәселен, қара ниет күштің өкілдері
әрекет ететін әлде бір ертегіні инсценирозкалай отырып көрсетуте тиіс,
өйткені олардың сөздері арқылы дөрекілікті қатыгездікті, сараңдықты және т.
б. ести алады - мұның бәрін балалар жаман ретінде қабылдайды да, бұған
еліктегілері келмейді. [8. 48-54б].

ІІ Тарау Тіл дамыту әдістемесінің психологиялық негіздері
2.1 Балабақшада тіл дамытудың психологиялық әдістері
мен тәсілдері және олардың түрлері
Ана тілін үйренудің заңдылығы бірқатар қабілеттердің дамуы
процесінде ішкі сезім арқылы жүзеге асырылады. 1) өзінің сөйлеу органы
бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті— сөздің дыбысын
артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды
есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру
қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің
мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды
бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу
процесінде сөздің мағы-налық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін
есте сақтау қабілеті. [2. 74-80б].
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай
жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның психнкасы жан-
жақты дамиды. Лингвзистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл
үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты
болып табылады.
Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан екінші а д а м ғ а б е р у
мақсатымен орындалатын үйренушімен үйретушінің іс - әрекетін ай тады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер
тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі,
әңгімелеп беру (кұрастыру) әдісі.

Еліктеу әдісі
Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді, бірақ әр түрлі
етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден гөрі біршама
қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп
сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді,
сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстын артикуля-циясы мен модуляциясы) және
мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т. б. көрсететін дыбыс
комплекстерінің мәліметін салыс-тырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық
норма денгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу (сақауланбау,
шолжаң-дамау) аса маңызды.
Бұл әдісті (колдануды сәби шағынан бастап, кейінгі шақтарда (тек балалар
бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгенде де) жалғастырып отырады.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық,
баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде еріксіз түрде болуы
мүмкін.
Еліктеу әдісі бұдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез -
келген ойын үстінде пайдаланылады.
Заттармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орыннан екінші орынға
ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап көреді, бұрайды,
заттарды бақылайды және олардың сақасын, қимылын атайды. Мұнда да тәрбиеші
баламен сөйлесуге, оны жетелейтін сұрақтар беруге тиіс. Мынау қандай шар?
Кішкентай ма? Көк пе? Мына машина жүре ме? Әлде тоқтап қалды ма?
Автомобиль қалай белгі береді? Паровоз ше? Пароход ше? — деп сұрайды
ересек адам. Бала жауап бере отырып тәрбиеші сұрағанда айтқан сөзді
қайталайды: Кішкентай, Жүреді, Би-би!, Ту-ту!, Гу-у-у!. Сол
арқылы баланың лексикасы кеңейе түседі.
Баланың құрылыс салуына көмектесе отырып, тәрбиеші құрылыстың затын,
оның бөлшегін атайды, құрылыста нәтижеге жетуге қажетті өзінің іс -
әрекетін атайды.
Мысалы, бала ересек адамның көмегімен конструктордың тетіктерінен
машина құрастырады.
— Леня, біз не құрастырамыз? Автомобиль ме? Қандайын? Волганы ма?
немесе жүк машинасын ба?
— Жүк машинасын,
* Алдымен бізге доңғалақтар керек. Леня, доңғалақтарды бере қойшы. Сен
не әкелдің?

* Доңғалақтар... Әкелдім.

Өте жақсы. Міне, рамасы. Кел, раманы доңғалақтарға коялық. Енді кабинасын
орнатайық...
Осылайша ізденіп, мотор, капот, руль, қорап өз орындарына орнатылады. Өзі
құрасгырған автомобильдің бөлшектерін, өзінің істеген іс-әрекетін айта
отырыпқ бала тәрбиешінің сөзіне еліктейді.
Сюжетті драмалық—рольдік, режиссерлік ойын процесінде тіл дамыту үшін
қолайлы жағдай ерекше көп болады.
Рольдік ойында бала ересек адамдардың өміріндегі өзі байқаған немесе
әнгімелерден білетін, есінде қалған әр түрлі жағдайларды қайталайды: мамам
балаларды тамақтандырып отыр, тракторшы жер жыртып жүр, электр монтері
немесе газ жөндеуші, немесе сантехник тұрғындардың шақыруымен үйге келді,
мұғалім мектепте балаларды оқытады космоновт айға ұшады және т. б. Бала
ересек адамның қимылында сол қимылмен айтылатын сөзін де қайталайды.
Режиссерлік ойында бала өзі роль алмай, оны осы оқиғаға қаты-сатын
ойыншыктарға бөліп береді; сюжеттерді — балалар бақшасы, аэродром, зоопарк,
парад, ұрыс және с.с. балаға оның өмірлік тәжірибесін ескере отырып,
тәрбиеші айтып береді.
Сюжетті ойындар үйренген тілдік материалды бекіте түсуде тамаша
жаттықтыру болып табылады. Балалар алдарына әдейі белгілі бір өмір
жағдайында айтылған ересектердің сөзін немесе ертегі кейіпкерінің сөзін дәл
қайталап айтуды мақсат етіп қояды. Қимыл ойындары, ойындар әдетте
балалардың тілін жаттаған әзіл-оспақпен, әндермен, санамақтармен байыта
түседі. Жаттау тәрбиешінің сөзіне еліктеу процесінде жүргізіледі, тәрбиеші
балалармен бірігіп ойнайды және алдынан әзіл-оспақты, санамақты өзі айтып,
өлеңді де өзі әңдетеді. Бала-ның ойын кезіндегі сөйлеу мөлшері оның жас
шамасына байланысты. Мысалы, балалардың бірінші жылында ойнайтьгн Алақай -
ау, алақай! ойыны ересектердің сөзбен сүйемелдеуімен ғана ойналады, бала
оның тек қимылына ғана еліктейді (алақанын соғады, қолын басына қояды т.
с). Үш жасар балалар Қарағай ойынын ойнағанда, тәрбиешімен бірге ән салып
қана қоймайды, сонымен бірге тәрбиешіге ілесіп ойынның ережесін: Бәріміз
шеңбер жасап тұрайық. Қолдан ұстасайық. Айналып жүрейік! Бәріміз де
отырайық! Аяқтың ұшына тұрып, қолдарымызды көтерейік! Шеңберді кеңітейік!.
Шеңбер жабық болсын! —деп қайталайды. Ересек балалар қимыл ойындарын өз
беттерімен ойнай алады, рольді жеребе тастау, санамақ оқу арқылы бөліседі.
[5. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ақыл ойы кем балалармен жүргізілетін ерте түзету жұмыстары
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың танымдық ерекшеліктері
Тіл кемістігін топтастыру
Жазбаша тілдің бұзылуы
Ерекше білім беру қажеттілігіне анықтама беру. Ерекше білім қажет ететеін балалар тобы
Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының халық ауыз әдебиеті арқылы сөз қорын молайту
Ерте балалық шақтағы баланы түрлі ойындар арқылы бала тілін дамыту
«Ақыл-ой кем балалармен коррекциялық түзету әдістерін жүргізу»
Сөйлеу тілдің жүйелі кемістігі бар мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзету жұмысы
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттамасы
Пәндер