Қоғамдық дамуда металл ақша, оның басқа да ақша формаларына өзгеру себептері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I.ТАРАУ. АҚША . ЖАЛПЫҒА БIРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР РЕТIНДЕ
1.1 Ақшаның пайда болуы және қажеттiгi
1.2 Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналысы
II.ТАРАУ. ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДА МЕТАЛЛ АҚША, ОНЫҢ БАСҚА ДА АҚША ФОРМАЛАРЫНА ӨЗГЕРУ СЕБЕПТЕРІ
2.1 Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептері
2.2 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары
2.3 Бүгінгі таңдағы ақша формаларының дамуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай-талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады. Бүкіл қоғамның қызмет етуге ынталандыратын негізгі құрал ақша болып табылады.
Ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Ақша өзінің даму тархында көптеген даму сатыларынан өтті. Ол сонау ақшаның алғашқы белгілерінен бастап қазіргі замаңғы электронды, несие ақшаларына дейін сан алуан формаларға ауысумен және дамумен болды. Алайда қанша ақша формалары өз сипаттарын өзгерткенімен ақшаның металдық теориясы, яғни алтын мен күміс осы уақытқа дейін өзінің толық құнды ақша сипатынан айрылған емес. Металдық ақша айналысын құраған алтын мен күміс нағыз ақшаларды көрсете отырып ақшаға тән барлық қызметерді атқара алады. Бірақ қоғамның дамуына байланысты металдық ақша айналысы өзінің даму барысында қағаз және несие ақшаларға ауысты. Яғни қоғамдық дамуда қағаз және несие ақшаларға деген қажеттілік туындады. Металл ақшалар өзінің формасын сақтағанымен олар бүгінгі таңда нақты айналыста емес. Яғни металл ақшадан қағаз ақшларға өтудің өзіндік себептері бар.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын “Металл ақша айналысы және оның қағаз ақшаға өту себептері ” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi ақшаның экономикадағы маңыздылығын, оның бүкіл шаруашылықты ынталандыру қасиетін, металл ақша айналысының осы күнге дейінгі өзінің маңыздылығын жоғалтпау себебі және металл ақша айналысынан қағаз ақшаларға өтудің басты себептерін анықтау болып табылады.

1. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
2. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
3. “Қ.Р-ның вексель айналысы туралы” Қ.Р-ның Заңы // 28.04.1998ж.
4. «Деньги, кредит, банки» Учебник / Под. Ред. О.И Лаврушина, Изд.
2-е, - Москва: 1999г.
5. «Ақша, несие, банктер» Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж. - 466 б.
6. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, 2004 ж. – 248 бет.
7. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
8. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
9. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
10. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. / «Экономическая теория». - Санк- Петербург. - 2001. – 362 с.
11. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,
№ 9, 8- 2005 г. 2-3 стр.
12. Вестник КазНУ. Серия экономическая. №3. – 2005 г. 33-35 стр.
13. Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 18-21 стр.
14. А.К.Омарбаева “Ұлттық ақша өлшемiнiң валюталық бағамын реттеу жөнiндегi валюталық саясат” // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы №1, 2004ж.
15. «Статистикалық мәліметтер» // Банки Казахстан, 2005, 2006 г. 89стр.

I-ТАРАУ. АҚША – ЖАЛПЫҒА БIРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР РЕТIНДЕ
1. Ақшаның пайда болуы және қажеттiгi
2. Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналысы
II-ТАРАУ. ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДА МЕТАЛЛ АҚША, ОНЫҢ БАСҚА ДА АҚША ФОРМАЛАРЫНА
ӨЗГЕРУ СЕБЕПТЕРІ
2.1 Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептері
2.2 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары
2.3 Бүгінгі таңдағы ақша формаларының дамуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай-талай шығармалар жазылып, ақшаны
бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын
тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол
бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға
ұшыратады. Бүкіл қоғамның қызмет етуге ынталандыратын негізгі құрал ақша
болып табылады.
Ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына
байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге
ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы
объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу
құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны
ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және
олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi.
Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық
басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде
қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы
үздiксiз жасала бередi.
Ақша өзінің даму тархында көптеген даму сатыларынан өтті. Ол сонау
ақшаның алғашқы белгілерінен бастап қазіргі замаңғы электронды, несие
ақшаларына дейін сан алуан формаларға ауысумен және дамумен болды. Алайда
қанша ақша формалары өз сипаттарын өзгерткенімен ақшаның металдық теориясы,
яғни алтын мен күміс осы уақытқа дейін өзінің толық құнды ақша сипатынан
айрылған емес. Металдық ақша айналысын құраған алтын мен күміс нағыз
ақшаларды көрсете отырып ақшаға тән барлық қызметерді атқара алады. Бірақ
қоғамның дамуына байланысты металдық ақша айналысы өзінің даму барысында
қағаз және несие ақшаларға ауысты. Яғни қоғамдық дамуда қағаз және несие
ақшаларға деген қажеттілік туындады. Металл ақшалар өзінің формасын
сақтағанымен олар бүгінгі таңда нақты айналыста емес. Яғни металл ақшадан
қағаз ақшларға өтудің өзіндік себептері бар.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын “Металл ақша айналысы
және оның қағаз ақшаға өту себептері ” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi
ақшаның экономикадағы маңыздылығын, оның бүкіл шаруашылықты ынталандыру
қасиетін, металл ақша айналысының осы күнге дейінгі өзінің маңыздылығын
жоғалтпау себебі және металл ақша айналысынан қағаз ақшаларға өтудің басты
себептерін анықтау болып табылады.
I –ТАРАУ. АҚША – ЖАЛПЫҒА БIРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР РЕТIНДЕ
1. Ақшаның пайда болуы және қажеттiгi
Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы
бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату немесе
айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi, оны
өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын
қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi
алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,
онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны. Мұндай бұйым тауарлық
формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр
тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне
қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың
өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол
ақша”.
Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның
құны жасырын түрде болады. Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауарлар
формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-
бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға
айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары
қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай).
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ айырбас жиiленедi. Жалпы
тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардың бөлiнiп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп, құнның
толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде
өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп
жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады
және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша
формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық
эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын, әр түрлi тауарлар
қабылдады. Әрбiр тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға тартады.
Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың
бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды
аудандарда – жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе, ал
тундрада – бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар
келтiруге болады: латынның сөзi “пекуния” (ақша) “пекус (мал) сөзiнен
шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы “рупия”
негiзiнде жатыр.
“Капитал” сөзiнiң шығуы да малмен байланысты, өйткенi ескi герман
тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң
байлығын көрсеттi.
Солтүстiк халықтары ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде жүндi
пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып алу
барысындақ құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды.
Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде
бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ
“кари” көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бiр тұрақты
формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейiн өмiр сүре
отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ.
XX ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбiр
тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретiнде бақалшақтардың үш түрi:
ең арзаны – қара түстi (куррила), ақ түстi (галиа), аса қымбат -
қызыл түстi (ронго) пайдалынады.
Әлемде әр түрлi экзотикалық ақшалар болған. Королин аралдары тобына
кiретiн ява аралдарында осы күнге дейiн “феи” акша айналысыда
қызмет етедi. Олардың формасы дөңгелекше тас түрiнде келе отырып
диiрменнiң тасын еске түсiредi. Мұндай монеталардың диаметiрi бiрнеше
метрге жетедi. Сауда мәмiлесi орындалғаннан кейiн сатушыға феяға
бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп, өзiнiң белгiсiн соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде “құралдарды”
пайдалынған. Сонымен бiр құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екi қойға
теңестiрiлген.
Өнер мен жер игертушiлердiң бөлiнуiмен эквиваленттiң жетiлуi
жалғасты. Бөлiнушiлiк, бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк мiнездемелерi бар
эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсiмдiк өнiмдерi – зәйтүн майы,
күрiш, кофе, какао, құйма түрiндегi тұздар т.б.
Жалпы эквивалент ретiнде металдарда пайдалана бастады. Ежелгi
Спартта, Жапонияда, Африкада темiр, мырыш, қорғасын, мыс, күмiс алтын
түрiндегi ақшалар қолданалыды. Рим императоры Диониссий сиракуз және орта
ғасырдағы ағылшын карольдары мырыш ақшаларды құйды . Қытайда және
Ежелгi Римде мыс ақша ретiнде пайдаланылды . XYII ғасырда Солтүстiк
Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшектерiн қолданылады .
Металл ақшаларының артықшылығы олар - бiркелкi, төзiмдi,
ұсақталынады. Металл ақшалардың кен таралуымен ақша есебiнiң салмақтық
жүйесi нақтылана түстi. Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын
мен күмiске өте басталды, өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса
қажеттi сапаға ие .
Әрине, металдар бұған дейiнгi ақша формаларын бiрден ығыстырып
шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын
сақтап келдi. Темiр ақшалар күрек, таға, шынжыр, шеге және т.б
формаларда ұзақ уақыт бойы сақталынды. Грек ақшасының атауы “ драхма”
“бiр уыс шеге ” деген мағынаны бiлдiредi. Мыс ақшалар қазандық, құмыра,
қалқан түрлерiнде ғана айналысқа түстi. Күмiс және алтын ақшалар жүзiк,
сырға, бiлезiк түрiнде пайданалынды .
Бiрақ б.э дейiн XIII ғасырда салмағы көрсетiлген құймалар
пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бiрлiктерi
фунт стерлинг, ливр ( жарты фунт ), марка ( жарты фунт ) салмақ
бiрлiктерi атауымен аталады. Алғашқыда белгiлi массасы бар формасыз металл
ақшаларды кейiн келе әр түрлi массадағы бiркелкi формасы бар металл
ақшалар ауыстыра бастады .
Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең
болып табылады.
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар
өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар
айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр –
бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да
болмайды.
Бiрақ XVI ғасырдың басында ( 1516 ж.) утопиялық социализмнiң
негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң “Жаңа утопия аралы және мемлекеттiң
үздiк құрылымы туралы алтын кiтап” деген еңбегiнде: “Алдау, ұрлау,
тонау, кiсi өлтiру заң тәртiбiмен қатаң жазаланатынын кiм бiлмейдi,
әйтсе де бұл жөнiнде алдын ала ескертiлмеу мүмкiндiгi бар жерде алдымен
ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бiрге ақшаның жоғалуына
байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қағысы, қиыншылықтары және ұйқысыз
түндерi де ұмытылар едi. Егер ақша адам өмiрiнен алыстанатын болса,
онда тiптi ақша қажеттiлiгiнен туған кедейлiктiң өзi де жоғалар едi”.
Ол аздай Т. Мор тағы былай дедi: “Қай жерде барлық нәрсенi
ақша өлшемiмен өлшейтiн болса, онда ол жерде мемлекеттiк табыс және оның
дұрыс ағысының болуы мүмкiн емес”.
XIX ғ. Социал утопистерi – Прудон, Оуэн, Грей және басқалар
ақшаға терiс көз қараста болды. Прудон тауар өндiрiсiн сақтай отырып
ақшаның жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917)
кейiн, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқалған кезде ақшаны
жою сәтi келедi, яғни тарихтың өзi оыған алып келдi деген тұжырымдар
пайда бола бастады. Керек десеңiз ауыл шаруашылық өнiмдерiн өнеркәсiп
өнiмдерiне тiкелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында,
оның бәрi сәтсiз аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек
бiрлiктерi - тредаларды, ал ағылшын экономисi Смит Фалтьнер
энергетикалық бiрлiктердi - энедаларды пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейдi : ақшаларды жоя
отырып, бiз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкiн
немесе ең төменгi сатыға оралар едiк. Қанша дегенмен коммунизм - ол,
қиял сондықтан да ақша болған, олар бар және бола бередi.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi,
бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда
барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде

үздiксiз жасала бередi .
Жалпыға бiрдей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға
бекiтiлген. Алтынның басқа тауарлардың құндылығын бейнелеу
қасиетi, оның табиғи қасиетi емес. К. Маркс айтқандай: “Табиғат
ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берiлгген ”.
Алтын жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындау үшiн ең бiр
лайық тауар болып қалып отыр. Бiрiншеден ол ерекше табиғи сапаға
ие: бөлiнуi оңай, әдемi, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана “патша
арағында” ( 23 тұзды және 13 азот қышқылында еридi. Екiншiден ең
бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз
болуы, алтынға кететiн еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкелiп
соқтырады. Алтынды тұтынуға жылдан жылға өсуде. Ол әр түрлi
салаларда пайдалыналады – электроникадан бастап зергерлiк iстерге
дейiн, бiрде өте жұқа қалыңдықпен, бiрде балқытылған құймалар
күйiнде кездеседi .
Алтын өндiру қиын және капиталды көп қажет етедi . Қазақстанда
160 алтын кен орындары бар. Соның iшiнде 70-тен астамы жұмыс
iстеп тұр.
Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi
бiр эканомикалық қарым-қатынастарды көрсететiн, тарихи даму
үстiндегi эканомикалық категория болып табылады. Эканомикалық
категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен
көрiнiс табады. Оларға:
- Жалпыға тiкелей айырбастау ;
- Айырбас құнының дербес формасы ;
- Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi .
Жалпыңа тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану
кез-келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау
мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көретедi, яғни оның өтiмдiлiк қасиетi.
Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тек
қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi.
Кәсiпорындар жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып
алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процесстерiнiң жүруiмен
байланысты, жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың
көлемi едәуiр кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану
тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада
қолдану жағдайлары, олар несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық
берешектердi өтеу, мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру,
өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктер
несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б
Еңбектiң сытрқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған
еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшену мүмкiн құнын анықтау арқылы
көрiнедi.
1.2 Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналысы
Ақшаның металдық теориясы.
Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi
меркантелистер (Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен
өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау тән
болған. Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс, яғни
бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның
металдық теориясы фетишистiк сипатта, себебi бұл теорияның пайымдауынша
ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады,
ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын
ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз.
Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк қызметкер
М.М.Сперанский (1771-1839 ж.ж.) болып табылады. Ақша туралы оның
теориясының барлық пайымдауларының негiзi – ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша
деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды
күмiс деп санады. Ақшаның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ.
теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша
жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын
айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ. дүниежүзiлiк экономиканың
шеңберiне сыймады. Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң
болуын талап еттi. Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем
әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi.
Немiс экономистерi ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-
ақ металға айырбасталатын Ұлттық банктiң банкноталары да аталады деген. Ол
кездерi ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негiзделiп қолданылады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М.
Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын
енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон –
Вуде валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан.
Жекелей алғанда, АҚШ –тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес
кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады. 1981 жылдың
қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы
комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес
деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың
күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi.
Қағаз – несиелiк ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестiру
натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай
эквивалентке әкелiп соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық
тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi
құнының тым аса ұлғаюына әкелiп соқтырып, соның салдарынан ақшаның
айырбасталынуы тәрiздi аса маңызды қасиетiнiң (экономикалық бөлiнгiштiк)
жоғалуы т.б. пайда болды.
Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның
капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды
қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала
беруiмен сипатталады.
Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте – бiрте
монеталар пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы
монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы
кезеңдi сипаттайды.
Монета – ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен
бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi.
Монета бет жағы – аверс, келесi жағы – реверс, кесiндiсi – гурт болып
ажыратылады.
Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес
келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар
деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:
Биметализм – жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп
металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.
Металдық айналысқа байланысты аталып өткен екi ақша жүйесi –
биметализм және монометализмге тән.
Биметаллизм – бұл ақша жүйесiнде жалпы құндық эквивалент ролiн заңды
түрде екi металл атқарады. Алтын және күмiс монеталар кең көлемде
соғылысып, еркiн айналысқа түстi, биметаллизмнiң үш түрi бар:
Паралелдi валюта жүйесi, алтын және күмiс монеталар арасындағы
қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекiтiлдi;
Қосарлы валюта жүйесi, бұл қатынасты мемлекет анықтады;
“ақсақ” валюта жүйесi , күмiс монеталар алтын белгiсi болып
табылады.
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын
ақша жүйесi. Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын
монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның
ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны
бойынша айырбасталуы болып табылады.
Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда
банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына
айырбасталды.
Алтын девиз стандарты – Германияда, Авсралияда, Норвегияда және басқа
елдерде бекiтiлген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына
(девизiне) айырбасталатынын бiлдiредi. Сөйтiп, бұл стандарт бiр елдiң
валюталы басқа елдiң валютасына тәуелдiлiгiн көрсетедi.
Осылай, б.э. дейiн III – II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-
1852 ж.ж. аралығында – күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша
тұсында енгiзiлдi.
Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша” , яғни “ақ” сөзiнен күмiс
монетаның түсiне қарап шыққан.
Ақшаның номиалистiк теориясы.
Меркантелистердiң металлизмге қарсы iс әрекетiнен ақшаның
номиналистiк теориясы пайда бболды. Тауар өндiрiсi мен айналымының өсуiне
байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түрiндегi несиелiк айланыс
құралдарына жартылай ауыстыру бiртiндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы
металдардың арасындағы iшкi байланыстарды жоққа шығара отырып,
номиналистер құн белгiлерiнiң жүру құқығын негiздедi, ол үшiн олардың
металдық құрамын белгiледi.
Номинализмнiң негiзгi ережесi мынадай:
• Ақша идеалды есеп бiрлiгi болып саналады және олардың көмегiмен
тауарлардың айырбас құны анықталады;
• Бұл бiрлiк ешқандай да iшкi құнға ие емес;
Сонымен номиналаистер аұшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара
отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретiнде қарастырады. Адам
Смиттiң айтуынша, ақша – бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық
дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екi жақты мәнге ие
дп санайды:
• Қандай-да бiр заттың пайдалылығын көрсетедi;
• Басқа тауарды сатып алу мүмкiндiгi,
XIX ғ. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдiк
ете бастады. Бiрақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектiсiне
қағаз ақшалар жатады.
Номинализмнiң мәнi немiс экономисi Кнаптың (“Государсвенная теория
денег”, 1905 ж.) еңбегiнде жақсы берiлген. Оның негiзгi ережелерi
төменгiдей құрылған:
• Ақша – құқықтық тәртiптiң өнiмi, мемлекеттiк билiктiң туындысы;
• Ақша мемлекеттiк хартальдiк төлем құралы, яғни ол мемлекеттiң төлем
күшiмен жасалған төлем белгiлерi болып табылады;
• Ақшаның негiзгi қызметi – төлем құралы.
1929 – 1933 жж. Кономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрi қарай дами
түстi. Сөйтiп, Дж.М. Кейнс (1930ж. “Трактат о денгах”) алтын ақшаларды
“жабайылық сарқыншағы”, “арбаның бесiншi дөңгелегi” деп хабарлайды. Ол
идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуiн үнемi қамтамасыз етiп отыратын қағаз
ақшаларды жатқызды. Кнапп теориясының жеңiсi деп қарастырды. Кейнс барлық
өркениеттi ақшалар қарапайым түрiнде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге
асты деп санады.
Ақшаның номиналистiк теориясы жағында американ экономиксi П.
Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланыста
болса, ал алдағы уақытта ақшалар шартты белгiге айналуда деп сендiредi.
“Тауар ақшалардың дәуiрiн қағаз ақшалар алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның
мәнiн, iшкi табиғатын ашады. Ақша дегенiмiз ол жасанды әлеуметтiк
шарттылық”
Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективтi
заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндiрiстiң дамуымен
сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттiлiктерiмен байланысты.
Бiрақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғ. тән, яғни ол кездегi
терiден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы
терiсiнен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы император
меншiгiнде болған.
Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуы Шынғысханның немересi Хубила ханмен
байланыстырылады.
XVII ғ. алдындағы капиталистiк тауарлы өндiрiстiң дамуымен қағаз
ақшаның қолданылуы өрiс ала бастады. Қағаз ақшалар 1690 жылы Солтүстiк
Американың Британиялық отар елдерiнде, 1716 ж. Францияда, 1795 ж. АҚШ-та,
1762 ж. Австралияда пайда болды. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар 1769 ж. II
Екатерина тұсында пайда болды.
Сырттай қарағанда, қағаз блгiлерi мемлекет тарапынан жасалынған –
толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрiздi әсер етедi деген ой туады.
Шынында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуынан
көбеюi есесiнен пайда болды.
Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан бiртiндеп
бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған құн белгiсiнiң ақырғы формасы.
Қағаз ақша мемлекеттiң өз шығындарын табу үшiн шығарылатын, әдетте
металға айырбасталмайтын, ерiксiз номиналға ие ақша белгiсi.
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келедi, себебi, өзiнiң дербес құны
жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып
тұрған кезде ғана олар өздерiнiң сатып алу қабiлетiн сақтай алады.
Егер “нағыз” ақшалар айналыста өзiнiң меншiктi құнының арқасында
жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесiнде нарықтық құнға ие болады.
Мемлекет сол елдiң көлемiнде ғана оларға ерiксiз өзiндiк құн белгiлейдi.
Осылайша , Қазақстанда 1993 жылы ең iрi капюрда 100 теңге, 1994 жылы 200
және 500 теңгелiк капюрлар шығарылған болатын.
Ақшалар ешқашанда алтынға ауыстырылмаған. Бiрақ кейбiр жағдайларда
мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы
бойынша алтынға ауыстырған кездерi болған.
Қағаз ақшалардың өзiнiң меншiктi құны болмағандықтан да , олар айналыс
саласындағы ақшаның қызметтерiн толық құнды ақшалардың қызметтерi арқылы
атқарады.
Қағаз ақшалардың меншiктi құндарының болмауына байланысты олар
өздерiнiң жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемдi келедi.
Ақшаның құнсыздануы әр түрлi себептерге байланысты болады: бюджет
тапшылығын, әскери және басқа да өндiрiстiк емес шығындарды жабуға артық
ақшалардың шығарылуы; пассивтiк төлем балансының салдарынан алтынға
дүниежүзiлiк ақша ретiнде сұраныстын ұлғаюы; еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуi
және тауар массасының қысқаруы, т.б.
Мұның бәрi бағаның өсуiне әкелiп соғады. Жалпы алғанда қағаз
ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.
Қағаз ақшалар әрдайым көмекшi сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес
түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкiн емес, сондықтан да олармен қатар
несиелiк ақшалар жүредi.
Несиелiк ақшалар – бұл несие негiзiнде алтынның орнына келген құнның
қағаздай белгiсi. Несие ақшалар несие берушi мен несие алушы арасындағы
қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi және “төлем құралы формасы ретiнде
өмiр сүрудiң меншiктi формасын алады”.
Несие ақшалардың негiзгi түрлерiне: вексель, банкнота, чек, несие
карточкалары жатады.
Ақшаның сандық теориясы.
Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстiң ашқан ақша айналысының заңымен
реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға
арналған тауарлар массасы және атауы бiр ақша бiрлiктерiнiң айналыс
жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң болуын талап етедi.
Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебiнiң
ғалымдары, келесiдей тепе-теңдiктi белгiледi:
PY = TV+DV1
мұндағы: P – бағаның жалпы деңгейi;
Y - өндiрiс көлемi;
T – ақша белгiлерiнiң саны;
D – депозиттер;
V және V1 – ақшаның және депозиттiң айалыс жылдамдығы.
1929 ж. ұлы депрессиядан кейiн ақшаның сандық теориясы өзiнiң күшiн
жоғалта бастады, себебi кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты
экономиканы басқаруға көп көңiл бөлдi.
Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын,
американ экономистерiн монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырды,
себебi қазiргi кездегi монетаризм ақша массасы мен өндiрiс көлемiнiң
өзгерiсi арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны
реттеу және күтiлген өзгерiстердi анықтау үшiн қажеттi мерзiмдер арасында
пайда болуы мүмкiн үзiлiстердi ескере отырып, ақша массасын бiрқалыпты және
ұдайы реттеудiң өсу қарқынының “алтын” ережесiн ұсына бастад.
Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның
жалпы көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң көп бөлiгi қарыз
талаптары мен мiндеттемелерiн өзара есептеу арқылы жабу жолымен
түсiндiрiледi. Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi:
неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн
ақшаның аз саны қажет етiледi. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан
алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы
тұрақты ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы
ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:
Ас = Тб.с. – Нт.б.с. + Тс – От.м.с. А + АР
Ас – төлем құралы және айналыс құралы ретiнде қажеттi ақша саны;
Тб.с. – тауар бағасының сомасы;
Нт.б.с. – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы,
Тс – қарыз және басқа мiндеттемелер бойынша төлем сомасы;
Өт.м.с. - өзара есептескен талаптар мен мiндеттемелер сомасы;
АР – ақша резервтерi;
А – ақшаның төлем және айналыс құралдары ретiндегi айналымының орташа
саны.
Теңдiкте көрсетiлгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкiн
себептердiң бiрi ретiндегi тауарлар бағаларының едәуiр аз төленбеген төлемi
болып табылады.
Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажеттi ақша санын дәл анықтауға
мүмкiндiк бермейдi, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz