HTML тілі жайында


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- HTML тілі
- HTML тілінің тегтері
- Шегiнiс пен тiзiмдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сайт - Web-те жарияланған ақпараттық жоба. Сайтқа кіретін Web-ресурстар - бұл әр түрлі мазмұнды және әр түрлі форматтағы файлдар: НТML-құжаттар, қарапайым және форматталған мәтіндер, графика, аудио, видео, кесте және т. б. Сайт бір немесе бірнеше беттен тұруы мүмкін.
Үй беті дегеніміз - сұратуында Web атын көрсетіп, бірақ нақты беттің атын бермеген пайдаланушының сұратуы бойынша сервермен берілетін Web-бет. Web үй беті бар файлға index. htm немесе default. htm стандартты ат меншіктеледі. Үй беті - бұл Web-тің айнасы, сондықтан оны жобалауға және безендіруге ерекше мән беріледі, өйткені оның негізгі қызметі - пайдаланушыға Web-тің басқа беттері мен құжаттарына өтудің ыңғайлы әдістерін ұсынады.
Алғашқы бет -WWW-сервермен байланыс жасағанда - онда орналасқан кез келген мәліметтердің ең алғашқы, яғни бірінші беті тізімінен тұрады.
Web құжаттардың кәдімгі электрондық құжаттардан негізгі айырмашылығы - гиперсілтемелері болуында. Гипермәтiн - дегеніміз тышқан батырмасымен шерткенде қолданушы браузерінде Web-беттің келесі бір торабын ашатын ерекшеленген мәтін немесе графикалық объект.
Гипермәтіндік сілтемелер Web құжатын қарап отырғанда, оның басқа бөлігіне немесе басқа Web құжатына өтуге, немесе Интернет қызметтерінің біріне шығуға мүмкіндік береді. Әдетте, гиперсілтемеге сәйкес Web құжаты мәтіннің бөлігі көк түспен ерекшеленеді немесе асты сызылады. Гиперсілтемеге ауысқанда тышқан курсоры ашылған алақан пішінін қабылдайды. Егер мұндай нұсқағышпен гиперсілтемені шертсе, онда гиперсілтемеде көрсетілген адрес бойынша өтуі іске асырылады. Гиперсілтемеден бетке қайтқанда көк түс шие-қызылға ауысады. Түс ауысуы пайдаланушыға «пайдаланылған» гиперсілтемелерді қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Бөлімдерге сәйкес келетін реттелген құжаттары және ресурс беттерінің арасындағы алдын-ала жобаланған гипербайланыстары бар тақырыптық бөлімдердің мұндай жиыны сайттың логикалық құрылымы деп аталады. Ал физикалық құрылым дегеніміз - физикалық файлдардың сіздің сайтыңыз жарияланған буманың директориялары бойынша орналасу алгоритмі.
Үй бетіңдегі немесе web-сайтыңдағы барлық гиперсілтемелер дұрыс істеу үшін, барлық құжаттар дұрыс ашылу үшін және браузер ресурстың кейбір бөлімдерін ашқанда қателеспеуі үшін оның физикалық құрылымын құрғанда мына ережелерді сақтау қажет.
- Директориялар, HTML-құжаттардың аттарын және кеңейтілуін, графикалық файлдардың аттарын латын алфавитінің кішкентай әріптерімен белгілеу қажет. Сонымен қатар, құрған файлдар мен директориялардың аттарының ұзындығы 8 символдан аспауы керек.
- HTML-құжаттардың аттарын меншіктегенде, олардың аттары құжаттың мазмұнына сәйкес болу керек.
Браузер -гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған программа. Ол әркімнің таңдауы бойынша кәдімгі мәтіннің, статикалық бейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді.
Браузерлердің негізгі атқаратын қызметтері:
- Құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату, жинақталған құжаттың барлық бөліктерін жүктеу.
- НТML тілдердің тегтерін команда ретінде орындау (интерплитациялау), Web- парақтарды браузер жұмыс істейтін компьютердің мүмкіндіктеріне сәйкес бейнелеу және форматтау.
- Web-парақтарының құрамына кіретін мультимедиялық және басқа объектілерді бейнелеуге арналған, сондай-ақ программаны объектілердің жаңа типтеріне лайықтауға мүмкіндік беретін кеңейту механизмінің жабдықтарын көрсету.
- Басқа интернет қызметтерімен жұмыс істеуге арналған ішкі және жеке (автономды) құралдармен қатынас құруды ұйымдастыру.
Кең таралған қарап шығушыларға Web - браузер, Internet Explorer және т. б. жатады.
Сайттың тіршілік ету мерзімі мен оны көрермендердің қарау жиілігін өзгерту бірсыпыра себептерге байланысты болады, олардың негізгілері мыналар:
- Сайтты тұрақты толықтыру мен сүйемелдеу;
- сайт тақырыбымен айналысатын адамдар саны;
- мақсатты аудитория көлемі;
- бәсекелес сайттар саны.
HTML тілі
HTML тілі (HyperText Markup Language - гипермәтінді сипаттау тілі) гипермәтіндік құжаттарды көру үшін пайдаланатын қарап шығу программасының осы құжатты экранға қандай түрде шығаратынын аңықтауға арналған, арнайы пішіммен жабдықталған сипаттаудың жалпылама стандартты тілі.
HTML тілі құжаттың бастапқы мәтініне енгізілетін қарапайым командалар жиынынан тұрады, олар осы құжаттың экранда көрсетілуін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен кез келген мәтіндік редакторда даярланып, қарапайым ASCII - формасында сақталған құжатқа бірсыпыра HTML командалары қосылғаннан кейін ол Web - бет болып шыға келеді. HTML файлдары - * . htm немесе * . html деген кеңейтілуі бар кәдімгі мәтіндік файлдар. Сондықтан, оны құрастру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірін, мысалы Windows ортасындағы Блокнотты пайдалана беруге болады, ал оның нәтижесін - Web -беттерді экранда көру үшін Microsoft Internet Explorer браузерін қолданамыз.
Браузерде көрсетілген беттің НТМL- кодын редакциялау немесе көру үшін бет аймағының бос орнынына тышқанның оң жақ батырмасын басып, ашылған контексті мәзірден НТМL-кодын қарау (Просмотр НТМL-кода) пунктін таңдаңыз немесе Түр/НТМL-кодын қарау (Вид/Просмотр НТМL-кода) мәзір командасын орыңдаңыз. Нәтижесінде НТМL-кодын көру редакторының терезесі ашылады. Осы кодқа қажетті өзгертулер енгізіп, алғашқы атпен сақтаңыз. Барлық өзгертулерді браузер терезесінде көру үшін Түр/Жаңарту (Вид/ Обновить) командасын орындаңыз немесе F5 батырмасын басыңыз. Енді HTML тілінің негізгі ұғымына тоқталайық.
Тег - құжатты және оның құрылымын сипаттайтын және де құжат фрагменттерін браузер арқылы компьютер экранда орналастыруды басқаратын НТМL тілінің арнайы командасы.
HTML тегі бірінің соңында бірі нақты ретпен орналасқан элементтен тұрады:
- сол жақ бұрыштық жақшадан, яғни (<) «кіші» символынан;
- қиғаш сызық символынан / (слэш), яғни егер алдын-ала
/ (слэш) символы қойылса, онда тегті соңғы деп атайды, кері / (слэш) символы қойылса, онда тегті соңғы деп атайды, кері жағдайда бастапқы деп атайды.
- тег аттарынан, мысалы TITLE немесе PRE;
- қажет емес атрибуттардан. Тег атрибутсыз болуы мүмкін және бір немесе бірнеше атрибуттары болуы мүмкін, мысалы: ALIGN=CENTER;
- оң жақ бұрыштық жақшадан, яғни (>) үлкен символдан.
Тегтер атын жазуда үлкен және кiшi әрiптердi қолдана беруге болады. Тегтердің 2 түрі бар:
- бір элементті (жалқы) тег, белгілі бір әрекетті орындату үшін оны қажетті орынға жазып қою керек;
- екі элементті (қосарланған) тег, бұл ашылу және жабылу тегтері ортасындағы мәтінге ғана әсер етеді, мысалы: <H1>Сәлем</H1>.
Жабу тегтері (/) қиғаш сызық символымен басталуы тиіс. Мұндай жағдайда екі тег және олармен бөлінген құжат бөлігі HTML элементі деп аталатын блокты құрайды.
Көп тегтерде өздерiнiң атрибуттары бар. Олардың мiндетi - тегтердi толықтыру, яғни объектiлер, графиктер немесе мәтiндер әрекеттерiн толық сипаттауға мүмкiндiк бередi. Тегтің форматы : <тег атрибут=”мән” атрибут=”мән” . . . >
Атрибут мәні қос тырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ қос тырнақшаны жазбаса да болады. Жабылу тегтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды. Атрибуттарды бос аралық арқылы жазуға болады. .
HTML кодқа түсiнiктемелер енгiзуге болады. Түсiнiктеме мәтiнi бұрыштық жақшаға алынады. Бiрiншi бұрыштық жақшадан кейiн леп белгiсi және екi тире қойылады. Ал жабылатын бұрыштық жақшаның алдына тағы да екi тире қойылады:
<!--түсiнiктеме мәтiнi-->
Егер мәтін ішіне < (кіші) символын қою керек болса, онда < (less than ағылшын сөзінен бірінші әріптері бойынша) тізбегін колданамыз. Өйткені, HTML -тілінде бұл символ тегтің басын білдіреді. Сондықтан, оларды айыру үшін &-тізбектерін қолданамыз (оларды символьдық объектілер немесе эскейп-тізбектер деп те атайды) . ">" таңбасы > тізбегімен кодталады (кері жағдайда ол тегтің соңы деп есептеледі) . Сәйкесінше, "&" (амперсанд) символы & тізбегімен, қос тырнақшалар (") " тізбегімен кодталады.
Есте сақтаңыз : нүкте үтір - &-тізбектегі міндетті элементі. Тізбекті құратын барлық әріптер кіші әріптермен жазылуы тиіс.
ЭЕМ-де әр символдың өзінің коды бар. Қазіргі кезде көп жағдайда 256 символдан тұратын кодтық кестелерді қолданады, бірақ символдар саны жетіспейді. Сондықтан, код 1 байт емес 2 байт орын алатын кодтық кестелер бар (мысалы, UNICODE) . HTML-де базалық кодтық кесте ретінде UNICODE қабылданды. Ескерте айтатын жайт, HTML-мәтінде келесі тәсілмен символ атауының орнына оның кодын көрсетуге болады : &#символ коды; . Мысал ретінде символдар псевдонимдерінің тізімін (және олардың кодтары) көрсетейік:
HTML тілінің тегтері.
HTML құжаттың құрылымы
Жоғарыда айтылғандай HTML-құжат - бұл *. htm немесе *. html кеңейтілулер бар мәтіндік файл. Барлық HTML- құжаттарда ортақ құрылымы бірдей. Олар <html> тегiнен басталады және </html> тегімен аяқталады. Бұл блок iшiнде 2 блок бар. Бiрiншiсi <head> тегтердiң арасында орналасқан қызметтiк ақпарат, ал екiншiсi - <body> тегтердiң арасына алынған HTML құжатының негiзгi бөлiгiн қамтитын блок. HTML-құжаттың қарапайым түрі.
<!DOCTYPE HTML PUBLIC "-//W3C//DTD HTML 4. 0//EN"
"http://www. w3. org/TR/REC-html40/frameset. dtd">
<html>
<head>
қызметтiк ақпарат
<title>
бет туралы ақпарат
</title>
</head>
<body>
<h1>
құжаттың негiзгi бөлiгi
</h1>
</body>
</html>
Барлық HTML құжаттардың денесi мен басы бар. Бірінші жол (міндетті емес) құжат авторы қолданатын HTML тілінің версиясын көрсетеді. Қызметтiк ақпарат тегтерi:
- <html> . . . </html>- HTML-құжаттың басы мен соңы;
- <head> . . . </head>- қызметтiк ақпараттың блогын бастайды және сол блокты аяқтайды;
- <title> . . . </title>- шолушының тақырып қатарында көрсетiлетiн ақпарат блогын бастайды және аяқтайды;
- <body> . . . </body>- құжаттың негізгі бөлімінің тегтері орналасады;
- <h1> . . . </h1> - <h6> . . . </h6>- <hi> түрдегі таңба (мұнда i - 1 ден 6-ға дейінгі цифрлар) тақырыптың алты әртүрлі деңгейін cипаттайды. Бірінші деңгейдегі тақырып - ең ірі, алтыншы деңгейдегі, әрине - ең кіші;
- <meta>-қызметтiк ақпаратты қамтиды.
Жалпы айтқанда, пайдаланушыға HTML-құжаттың тақырыбы көрінбейді. Бірақта, онда кейбір қызықты өзгешеліктері бар. HTML-құжаттың тақырыбы meta-нұсқаудың шексіз санын енгізе алады. Meta- нұсқаудың әрбiр атрибуты деректер типi мен мазмұның анықтайтын name және content қос атрибуттарын қамтиды. Мысалы: <meta name="keywords" content="Интернет, HTML, WWW, басылым, гипермәтін">. Мұндай meta-нұсқау құжат мазмұның сипаттайтын, кілттік cөздерді қамтитын keywords айнымалысын анықтайды. <Meta name =Discription content=”беттің мазмұны”>- беттің қысқаша мазмұның сипаттайды.
Барлық тегтердi мiндеттерi бойынша мына топтарға бiрiктiруге болады: мәтінді форматтау, түсті таңдау, суретті, видеоны, дыбысты кірістіру, тізімдерді құру, бір құжат аралығында және басқа құжатқа сілтемені ұйымдастыру, беттерді бөліктерге бөлу және интерактивті элементтерді құру.
А бзацты үзбей-ақ, жаңа жолға көшетін таңба - <br>. К өлденең сызықты сипаттайтын тег - <hr> . Қосымша size (пикселде сызықтың қалындығын анықтайды) және width (экран енінен бастап сызықтың ұзындығын пайызда анықтайды) атрибуттарын қамтиды.
Мысал:
<html>
<head>
<title>Мысал</title>
</head>
<body>
<h1>Көлденең сызықтар</h1>
<hr size=2 width=60%><br>
< hr size =4 width=40%>< br>
< hr size =8 width=25%>< br>
< hr size =16 width=12%>< br>
</body>
</html>
Нәтижесі :
Мәтiндi форматтау тегі
Абзац тегі
<p> . . . </p>- абзацтың басы мен соңы
Мәтiндi туралау үшiн <p> тегiнiң атрибуттары
Аlign атрибутына төрт мәнді меншiктеуге болады:
<p align= left>- мәтiндi сол жаққа қарай туралайды;
< p align= right >- мәтiндi оң жаққа қарай туралайды;
< p align= center >- мәтiндi ортаға қарай туралайды;
< p align= justify>- мәтiндi екi шетiн бiрдей туралайды.
Мәтiндi форматтау, кәрiп өлшемi мен олардың түстерiн таңдау үшiн арнайы тегтердi қолдану қажет. Бұл тегтер қосарланған болады және олардың әрекеттерi тек қана жақшаға алынған мәтiн фрагментіне ғана таратылады.
- <b> . . . </b> -қарайтылған кәрiп және қарайтылған кәрiптi алып тастау;
- <i> . . . </i>-курсивпен жазу және курсивпен жазуды алып тастау;
- <u> . . . </u>-астын сызу және сызуды алып тастау;
- <tt> . . . </tt>-жазу машинкасына ұқсас әріптерді жазады;
- <em> . . . </em>-белгiлеу жәнебелгiлеудiалып тастау;
- <strong> . . . </strong>-күшейтiп белгiлеу және күшейтiп белгiлеудi алып тастау;
- <big> . . . </big>кәрiптi үлкейту және үлкейтудi алып тастау;
- <small> . . . </small>-кәрiптi кiшiрейту және кiшiрейтудi алып тастау;
- <sup> . . . </sup>-мәтiн жоғарыға қарай жылжиды және жылжуды алып тастау (жоғары индекс) ;
- <sub> . . . </sub>- мәтiн төменге қарай жылжиды және жылжуды алып тастау (төменгi индекс) .
Аталып өткен тегтерде атрибуттар жоқ, ал келесі тегте бірнеше атрибуттары бар: <font> . . . </font> - кәрiптi өзгерту және кәрiпті өзгертуiн алып тастау.
<Font> тегінің атрибуттары
- color= түстің аты- мәтiн түсiн өзгертеді. Мысалы:<font color=red> мәтiн </font>-мәтiндi қызыл түске бояйды;
- fage= кәрiп аты- кәрiп түрiн өзгертеді. Мысал:<font fage=Arial> мәтiн </font>-мәтiн Arial кәрiпiмен жазылады;
- size=кәрiп өлшемi- мәтін фрагментінің кәріп өлшемін өзгертеді. Мысал:<font size=4> мәтiн </font> -мәтiн 4 кәрiп өлшемімен жазылады.
Атрибуттарды еркін түрде бос аралық арқылы жазуға болады. Мысалы: < font size=4> fage=Arial color=red> мәтiн </font>.
Шегiнiс пен тiзiмдер
Беттiң шетiнен бастап шегiнiстердi әртүрлi тәсiлмен қоюға болады. Ең қарапайым тәсілдің бірі <pre> тегін қолданып, мәтін алдында қажетті бос орынды қою керек. Барлық бос орындар мен келесі жолға көшу <pre> және </pre> қосарланған тегтердiң арасында орналасады.
Тiзiмнiң екi түрi бар: маркерленген және нөмiрленген. Маркерленген тiзімдерге қолданылатын тегтер:
- <ul> . . . </ul>-тiзiмнiң басы және тiзiмнiң соңы
- <li>-тiзiм элементi
<ul>, <li>- тегтердiң атрибуттары
Нөмiрленген тiзімдерге қолданылатын тегтер:
- <ol> . . . </ol>-тiзiмнiң басы мен тiзiмнiң соңы
- <li>-тiзiм элементi
<ol>, <li> -тегтердiң атрибуттары
Егер тiзiмде нөмiрлеу ретiн ауыстыру керек болса немесе тiзiм элементiне нақты сан меншiктеу керек болса, онда арнайы атрибуттар қолданылады:
- skip=өткiзiп жiберiлетiн нөмiрлер саны. Мысалы: <ol skip=4>- келесi төрт нөмiрдi өткiзiп жiбередi;
- start= тiзiмдi нөмiрлеудi бастайтын нөмiр. Мысалы: <ol type=I start=3> нөмiрлеу III рим санынан басталады;
- value=берiлген тiзiм пунктiне меншiктелетiн нөмiр. Мысалы:<li value=13>
<li value=25>
Бұл жазуда 13 нөмiрден кейiн тiзiмде 25 нөмiр тұратының білдіреді.
Кесте
Кестелер ақпараты кестелік түрде ұсыну үшін қажет. Кесте < table > тегімен басталып, </ table >- тегімен аяқталады. Кестені құру кезінде мына кірістіру принципі қолданылады: < table > және </ table > тегтердің арасында кесте жиегінен тыс < caption > тақырыбы беріледі, < tr > жолдың басын аңықтайтын бірнеше элементтер қатары құрылады, ал осы элементтердің ішінде ұяшықты сипаттайтын < td > элементі және бастапқы ұяшықтарды (яғни кестенiң бағана мен қатарлардың тақырыбын) сипаттайтын < th > элементі орналасады.
< Тable > тегiнiң атрибуттары:
- align- құжат өрісіне қатысты кестенің орналасуын орнатады;
- width- кестенің ені. Оны беттің еніне байланысты пикселде (мысалы, width=400) немесе пайызда (мысалы, width=80%) беруге болады;
- border-ұяшық пен кестенің ішкі жиегінің енін орнатады (мысалы, border=4) . Егер атрибут орнатылмаса, онда кесте жиексіз көрсетіледі;
- cellspasing- кестедегі ұяшықтар жиектерінің арасындағы ара қашықтығын орнатады(пикселде немесе %, мысалы, cellspasing=2) ;
- cellpadding- мәтін мен ұяшықтар жиегінің арасындағы ара қашықтықты орнатады (пикселде немесе %, мысалы, cellpadding=10) .
<Th>, <tr>, <td > тегтердiң атрибуттары:
- nowrap-ұяшықтың ішіндегісі бір жолда көрсетілу керек екенін білдіреді;
- rowspan -бiрiгетін қатарлар санын көрсетеді. Мысалы, rowspan=2 екі қатарды бір ұяшыққа біріктіреді;
- colspan- бiрiгетін бағаналар санын көрсетеді. Мысалы, colspan=3үш бағананы бір ұяшыққа біріктіреді;
- <hr>-тiк сызықты құрады.
<hr> тегiнiң атрибуттары:
- size- сызықтың қалындығы;
- widht-пиксель немесе % сызықтың енiн орнатады (мысалы, widht=80%) ;
- height- пиксель немесе % сызықтың биіктігін орнатады (мысалы, height=40) ;
- valign- ұяшықтағы мәтіннің тігінен орналастырады. Мүмкін мәндер:valign=top(жоғарғы жақ бойынша туралау), valign=middle(ортаға қарай туралау), valign=bottom(төменгі жақ бойынша туралау) ;
- align- сызықтарды туралау. Мүмкін мәндер:left(сол жаққа қарай туралау), сеnter(ортаға қарай туралау), right(оң жаққа қарай туралау) .
Мысал:
<html>
<body background=Puzzle. jpg><br>
<table border=5 cellspacing=3>
<caption><b><Font size=4 color=E88CB7>Физикадан емтихан ведомосы</caption></b>
<tr><th bgcolor=silver> Тегі-Аты
<th bgcolor=silver> Шифр
<th bgcolor=silver> Физика
<tr><td> Ахметов А. Б.
< td>050609
< td>4
<tr>< td> Мамаев К. Т.
< td>050607
< td>5
</table>
</body>
</html>
Нәтижесі:
Жүгiртпе жол
HTML тілі бойынша әдеттегідей жазылған сөз тіркесінен жүгіртпе жол ұйымдастыруға болады. Жүгіртпе жолды қос < marquee > және </ marquee > - тегтердің ішінде орналастырады. Бұл тегтер арасындағы мәтiн, сурет немесе кез келген объектiлердiң фрагменттерi атрибут қай түрде анықтайды, сол түрде жылжиды.
< Marquee> тегiнiң атрибуттары:
- height-жүгірпе жолдың биiктiгi (пиксель немесе % берiледi) . Синтаксисі:< marquee height=сан>;
- width-жүгiртпе жолдың аумағының енi (пиксель немесе % берiледі) ;
- bgcolor-жүгiртпе жолдың фон түсiн анықтайды. Синтаксисі: < marquee bgcolor="түс">;
- direction- жүгiртпе жолдың жылжу бағытын көрсетеді: left- сол жаққа, right- оң жаққа, up- жоғарғыға, down-төменге . Синтаксисі:<marquee direction=" . . . ">;
- loop- жүгіртпе жолдың айналымын аңықтайды. n- атрибутының мәнiн көрсету кезiнде жүгiртпе жолдың айналым санын анықтайды: ал infinite - шексiз санын көрсетедi. Синтаксисі:<marquee loop=сан>;
- align-мәтiнде жүгiртпе жолдыtop- жоғары, middle-ортасына жәнеbottom-төменге орналастырады. Синтаксисі:<marquee align= . . . >;
- behavior -жүгiртпе жолдын шығару режимiн анықтайды:scroll- циклдiк айналым, slade- шығу және тоқтату, alternate- секiру. Синтаксисі: <marqueebehavior=" . . . ">
- scrollamount- жолдағы мәтiн немесе графиктiн жылжу жылдамдығы (1-3000) ;
- hspase-жүгiртпе жолмен оны қамтитын мәтiн немесе график аймақтарының арасындағы сол жақ және он жақ өрiстерiнiң енi (экран биiктiгiнен бастап пикселде немесе % берiледi. ) ;
- vspace-жүгiртпе жолдан бастап мәтiн немесе графикке дейiн жоғарғы және төменгi шегiну өлшемi;
- scrolldelay-жүгіртпе жолдың қадам арасында уақытша аралықты береді, ол арқылы жолды үзіп жылжуға мәжбүр етуге болады. Синтаксисі: <marqueescrolldelay=сан>.
Гиперсiлтеменi құру
HTML - құжаттың негiзгi артықшылығы мен айырмашылығы - бұл гиперсiлтеменiң бар болуы. Гипермәтін мәтіннің бір фрагментінен екінші фрагментке тез аусуға мүмкіндік береді.
HTML-де басқа құжатқа сiлтеменi құру форматы:
<a href= файл аты. кенейтiлуі>белсендi мәтiн
немесе сурет </a>
Мысалы: <a href="pr. htm">Мазмұнға көшу</a>
HTML-мәтіннің фрагменті құжатта Мазмұнға көшу белгіленген фрагментін пайда болуына әкеледі, оның үстінен тышқанмен басқан кезде pr. htm құжаты терезеде жүктеледі.
Егер файл басқа бумада жатса, онда оның жолын көрсету керек. Егер Интернет ресурсында сiлтеме құрылса, онда URL-ді көрсету қажет.
<a href= url адрес>белсендi мәтiн немесе сурет </a>
Мысалы: <a href=“h:\Tapsirma. html”>Информатика </a>
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz