Мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі

п. ғ. д., профессор Торыбаева Ж. З.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру

5В010300 - «Педагогика және психология » мамандығы

Орындаған Бегман Алтынай

Ғылыми жетекшісі,

п. ғ. д., профессор Усманов А. А.

Түркістан - 2015

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 8

1. 1 Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері . . . 8

1. 2 Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың принциптері, міндеттері . . . 20

2 Мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі . . . 30

2. 1 Оқушылардың сабақта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мүмкіндіктері . . . 30

2. 2 Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары . . . 37

2. 3 Педагогикалық-тәжірибелік жұмыстың нәтижелері . . . 58

Қорытынды . . . 63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.

Табиғат әлемі - адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.

Тірі ағзалардың өзара және бейорганикалық табиғатпен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызамыз. Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлар, абиотикалық, биотикалық және антропогендік болып жіктеледі. Заттардың биохимиялық айналымы дегеніміз - олардың табиғаттағы алмасуы мен ауысып өзгеруінің циклді үрдісі болмақ. Табиғаттың өзіндік дамуына байланысты айтылған жүйелер арасында биохимиялық айналымның жылжымалы тепе-теңдігі орнығады. Адамның табиғат заңдарын ұстамауы өндірістік іс-әрекеттерінің әсерінен экожүйе бөліктері арасында тепе-теңдікті бұзады. Яғни, жер климатының біртіндеп, жылынып, озон қабатының тесілуі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің азаюы т. б. мысалы болады.

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-на себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбауы да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деді [1] .

Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен ластануы - адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі - экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.

Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі арытып, айналадағы ортаны бүлдіруде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, табиғат байлықтарын, көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп пайдалануда.

Қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат ара қатынастары жылдан жылға шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған себеп болып отыр.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” бағдарламасында халықтың денсаулығын көтеру стратегиясын міндетті түрде - таза(сау) қоршаған табиғи ортамен байланыстырады. Ұлттың болашағы болып табылатын спортпен айналысатын, есірткі заттар, ішімдік, темекі өнімдерін пайдаланбайтын, салауатты өмір сүруді жақтайтын және сау табиғи ортада өмір сүретін жас ұрпаққа үміт артады.

Қоғамдық өндірісті дамыту жолында адамдар табиғаттың байлығын әбден игерді. Сөйте келіп, оны тоздырып жүдетіп жібергенін де аңғармай, байқамай қалды. Солардың куәсі - қазақ жеріндегі Арал апаты, Семей полигоны, Амудария мен Сырдарияның суын жырымдап табиғатқа қиянат жасалуы. Өнеркәсібі дамыған бір қатар елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, енді адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.

Соңғы жылдары Қазақстан және Өзбекстан аймақтарында 3 млн. гектар жерде өсірілетін мақта және күріш дақылдарын Арал теңізін пайдаланып суландырып апаттық жағдайға соқтырды. Осының нәтижесінде суат бетіндегі су азайып тартылды, айналадағы жер құрғады. Сырдария өзенінің топырағы сортаңдалды, мал жайылым өрісі тартылып кетті, экологиялық жағдайдың азуы тұрғындардың денсаулығына, күнделікті тұрмысына үлкен әсер етті. Сондықтан, халық қоныс аударуға мәжбүр болды.

Ал енді Балхаш көлінің жағдайын айтсақ, көңіл толымсыз. Балхаш көлін қорғау туралы ұзақ жылдар бойы әңгіме болып келеді. Өйткені, ол көл өндіріс орындарының жауапсыздығынан ластанып кетті.

Қазір Шардара және Шәуілдір аймағындағы адамдар да өз денсаулықтарына алаңдаулы. Себебі, ол жерлерде уран өндірілуде.

Тағы бір толғандыратын мәселенің бірі - ауа тағдыры. Адамдар ауасыз күн көре алмайды, таңдауға мұршасы болмай қандай ауа болса да дем алуға мәжбүр. Егер тамақсыз 5 жеті, сусыз 5 күн өмір сүруге болса, ауасыз 5 минут та тұра алмайды.

Осы адам өміріне өте қажетті ауа жаратылыс (табиғат) жолдарымен және адамдар іс-әрекетінен ластанады. Атмосферадағы әр түрлі улы газдардың, соның ішінде көмірқышқыл газын сақтаудың жолы бар ма деген сұрақ туды. Бұған ғалымдар жер бетінде орманды көбейту арқылы ғана қарсы тұруға болатындығын дәлелдейді. Ал ормандар болса жазда көп әр түрлі себептен өртеніп жатады. Бурабайдың қарағайлары соңғы жылдары жиі өртке шалдығып тұрғаны біздерді көп толғандырады.

Қазір табиғатты қорғау ісі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналды. Жыл сайын 145 млн. тонна күкірт, 250 млн. тонна шаң-тозаң, 5 млрд м 3 көмір қышқыл газы, 1 млн. тонна қорғасын қосылыстары ауаны ластайды.

Жануарлар мен өсімдіктер саны азайып барады. Дүние жүзінде көптеген өзендер мен көлдер ластанып, тұщы су қоры кеміп келеді.

Экологиялық апаттардың көбеюіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы тамыздың 5 -ін айналадағы ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп жариялайды.

Міне осылай табиғат заңдарын білмеу, біле тұра онымен санаспау бос шығынға ұрындырып, қоршаған ортаға кеселін тигізіп, адамдардың өмір сүруін қиындататыны тағы бір рет дәлелденді.

Сондықтан, оқушыларға экологиялық тәрбие мен білім беру - бүгін де өзекті мәселелердің бірі. Себебі, Қазақстан Республикасында табиғатты қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдалану мәселесі мемлекеттің және Президенттің бақылауында. Қазақстан Республикасының Конституциясында да 38- бапта орын алған[1] . Онда “Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті. ” делінген[2] .

Егеменді республикамыздың 1991 жылы қабылданған “Табиғатты қорғау туралы” заңында[3] халыққа білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие және мәдениетті қалыптастыруға баса көңіл аударылды. Осыған орай, көпшілікке ғылыми түрде жүйелі білім берудің негізі мектеп қабырғасында қаланады.

Қазір экология ғылымы стратегиялық бағыты айқындалған ғылымдардың деңгейіне көтеріледі. Ғылым ретінде өзіндік әдіснамасы бар, зерттеу облысы мен әдістері қалыптасқан биология ғылымының бір саласына айналды. Сондықтан, өркениетті елдерде экология пәні оқытылып келеді. Ендігі жерде экология пәнін мектеп жүйесіне енгізу - бүгінгі күннің талабы. Өйткені, қазір “экология” сөзінің түсінігі тек биологиялық мағынамен шектеледі.

Сондықтан, экологиялық білім мен тәрбие беру- үлкен де абыройлы іс. Экологиялық мәдениетке үйрету оңай мәселе емес. Оған ұқыпты және жауапты іс деп қарау қажет. Біздің міндетіміз - экологиялық мәдениетке оқушыларды үйрету, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарауға, оны қорғауға тәрбиелеу.

Әрбір оқу пәні республикамыздың жас ұрпақтарын тәрбиелеуде барлық білім жүйесін түбірінен жақсартуды шешу мақсатына барынша үлес қосуға тиіс.

Қазіргі заманғы оқыту және тәрбиелеу ғылымының ең негізгі бағыты - экологиялық білім мен тәрбие беруді жүйелі ұйымдастыру болып табылады. Мұндағы басты міндет: табиғатты пайдалануда өнегелік және құқықтық принципті сақтау, өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын белсенді қорғауға, оқып үйретуге, табиғатты белгілі бір мөлшерде пайдалануды, экологиялық кері әсері туралы идеяларды насихаттауды жаңа көзқарас негізінде қалыптастыру.

Әрбір оқытушының, әсіресе, биология, география, химия, физика, бастауыш сыныпта дүниетану т. б. сабақтарда оқу материалдарын терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарды тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру басты міндеті.

Қазір елімізде «Жасыл ел» бағдарламасы жұмыс істеуде.

Соңғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласынан алдынан шыққан, табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні жоғалған алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес екендігі 2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында[4], 1997 жылғы Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында[5], 2003 жылғы ҚР экологиялық білім беру тұжырымдамасында[6] көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігі, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, осы конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді.

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі[7] .

Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен. Табиғат арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын педагогикалық құндылығын қалыптастыру жайлы Я. А. Коменский ескерткен.

Табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеуге қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев еңбектерінде көп көңіл бөлінген.

Ұлы Абай өз өлеңінде табиғат пен адам өмірін, тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған[8] . Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов балаға ең қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнының берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға үйретеді, -деген[9] .

Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасының, табиғат заңдылықтарын сақтамау салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-теңдігінің бұзылуын, экологиялық дағдарыстың болу себептерін Е. Мамбетқазиев, Е. Қонақбаев, Ю. Жданов т. б. өз еңбектерінде атап өткен.

Оқушыларға, студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі М. Н. Сарыбеков[10], А. Б. Айтжанова[11], А. Е. Манкеш[12, 13], З. С. Даутова[14] т. б. еңбектерінде зерттелген[6] .

Біз осы дипломдық жұмысымызды орындау барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіс зерттеулер жүргізген ғалым-педагогтар И. Д. Зверев[15], М. Н. Сарыбеков[16], Н. Е. Ильина[17] тағы басқалардың ой-пікірлерін басшылыққа алдық.

Зерттеу мақсаты : оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеп, оны қалыптастыру әдістемесін ұсыну.

Зерттеу нысаны : оқушыларға экологиялық тәрбие беру.

Зерттеу пәні : оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері :

  • оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктерін көрсету;
  • оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың принциптерін, міндеттерін айқындау;
  • сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдарын анықтау.

Зерттеудің көздері : оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру туралы философиялық, педагогикалық, психологиялық зерттеулер, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы (1997), Ел Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы(2012) т. б.

Зерттеу әдістері : тақырыпқа орай әдебиеттерді талдау, бақылау, әңгіме, анкета, эксперимент т. б.

Зерттеу базасы : Түркістан қаласындағы М. Әбенова атындағы орта мектебі.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері

Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Демек, адам баласы өмір сүріп отырған қоршаған ортаны бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қаупі төнді.

Сонымен бірге, қазіргі кезде адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жол табу және жастарға экологиялық тәрбие беру педагогика мен мектептің басты борышына айналуда.

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы ретінде оқушыны жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайды. Кезінде орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани және т. б. өз шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын білдіріп, жаратылыстану жайында бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасаған. Мәселен, Әл-Фараби «Ғылымдардың шығуы туралы" трактатында табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады [18] .

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесін шешуде прогресшіл педагогтарымыздың орны ерекше. Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, Г. Песталоцци, А. Гумбольдт классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Чех халқының атақты педагогы Я. А. Коменский «Тәрбиенің негізі - табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы» [19] ., - деді. Француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде «Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды», - деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: «табиғат, адамдар, заттар» деп есептеді[20] .

Н. Н. Герцен жас баланың жан дүниесін қалыптастырудағы табиғаттың маңызын көрсете отырып: «Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік», - деді[21] . Д. И. Писарев патриотизмді қалыптастырудағы табиғаттың мәнін ерекше бағалап, «өз денесін сүю және қорғауға адамға тән қасиет болғаны сияқты, дәл солайша өзінің балалық шағының 1-ші күнінен үйренгендерін, жақсы көрген сол адамдарды, сол жерді, сол өмір құрылымы мен ұғымды қорғауда оған тән қасиет», - деген болатын[22] . Орыс ағартушылары жас ұрпаққа табиғат туралы сапалы білім беру және адамның табиғи мінез-құлқын айқындайтындықтан, моральдық сапалардың қалыптасуына әсер ететіндіктен айрықша мән берді.

Қазіргі кезеңдегі қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасындағы қайшылықтар мектеп пен педагогиканың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып отыр. Оларды шешу қазір мектепте оқып жүрген ұрпаққа, табиғатқа деген теріс әсерлерді жоюға және болашақта бұл қатынасты тиімді ортаға бұруда нақты талап бере алады.

Классикалық педагогикалық табиғат туралы ғылыми білімдердің мазмұны, оларды ашу әдістері, табиғатты тану процесінде көзқарасты қалыптастыру, мектеп оқушысын табиғаттың әсерімен адамгершілік-эстетикалық дамыту, баланың табиғатпен өзара қарым-қатынасының оған білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы туралы қағидалар тұжырымдалған. Табиғаттың әсерімен балада гуманистік сезімдерді бекітудің педагогикалық құндылығын ұлы педагогтар Ж. Ж. Руссо[20, 25-б. ], И. Г. Песталоцци[23], Ф. А. Дистервег[24] ерекше атап көрсеткен.

Табиғатты және онымен қарым-қатынасы тек сөз жүзінде тар практицизм мен улилитаризм шеңберінде зерттеуге, мектепте табиғатты немқұрайлық оқытуға және оған мейірімсіздік қатынасқа қарсы орыс ағартушылары: В. Г. Белинский[25], А. И. Герцен[21, 56-б. ], Н. А. Добролюбов[26], Д. И. Писарев[22, 15б. ], Н. Г. Чернышевский[27] қарсы болды. Олар мектепте табиғат туралы толыққанды білімдердің жеке адамның адамгершілік моральдық қасиеттерінің қалыптасуына баланың табиғаттағы мінез-құлқын анықтайтынын атап көрсетті.

Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский баланың табиғатпен ара қатынасын кеңейтіп, табиғаттың тәрбиелеушілік әсерінің педагогикада төмен бағаланып отырғанына таңданыс білдірді[28] .

Қазіргі кезеңдегі экологиялық білім беру табиғат пен қоғамның біртұтастығы туралы олардың тарихи өзара байланысы адамның табиғатқа қатынасының әлеуметтік себептілігі туралы ілім әдістемесі негізінде құрылған.

Белгілі философтар В. Г. Афанасьев, В. В. Журавлев, А. Г. Спиркин, Г. С. Смирнова, А. Қасабеков, Ж. Алтаев т. б. жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беруде «қоғам-адам-табиғат» арасындағы дүние-танымдық сана формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Себебі, адамның тұрмыс-тіршілігінің әлеуметтік мәнге ие болуының нәтижесінде санасы дамып, жетіледі. Сана - адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, бағыт-бағдар беріп отырады. Ол әрекетінен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен - табиғи ортамен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен - табиғи ортамен қарым-қатынаста болып, сана-сезімінің дамуы, өзіне басқа адамдарға қоршаған заттық дүниеге көзқарас-пікірінің қалыптасуы жеке адамның жетілдірудің негізгі факторы болып саналады. Сонымен, адамның ақыл-ойы мен сана-сезім бірлігін дәлелдейтін тұжырым жеке тұлғаны экологиялық проблемаларға жаңама көзқараспен қарауға бағыттады.

Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің маңызын бағалай келіп, А. Е. Тихонова «табиғатты эмоциялық сезіммен қабылдау, оған деген эстетикалық қатынастың бастапқы негізі болып саналады. Мұғалімнің маңызды міндеті эстетикалық сезімді байыту ғана емес, сонымен бірге табиғатқа адал қатынастағы адамгершілік-эстетикалық жағын дамытуды, оның сұлулығын молайтуға ұмтылдыруда болып табылады», - деді[29] .

Сондықтан да адамның табиғат сұлулығына қатынасы эстетикалық қатынас деп қана емес экологиялық аспектідегі адамгершілік-эстетикалық қатынас деп қарастырған жөн. Табиғат пен көркем шығармалар арқылы бейненің ішкі үйлесімдігі экологиялық пен эстетикалық үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Демек, табиғатқа эстетикалық қатынасты оған деген адамгершілік қатынасты, «эстетикалық тәрбиені экологиялықтан бөліп қарастыруға болмайды».

Табиғат - сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да, «экологиялық жағы» еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас олқылықтар пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің ерекшелігі
Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологияльіқ дүние танымын қалыптастыру
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі
Биология сабақтарында мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру
Кіші мектеп оқушыларында экологиялық тәрбие қалыптастырудың жолдары
Бастауыш сынып окушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зерттелуі
Кіші мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудың экологиялық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz