11-15 ғасырлардағы Испания


11-15 ғасырлардағы Испания
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мазмұны
[жасыру]
1 Арабтармен күрес. 2 Реконкиста. 3 Испанияның бірігуі. 4 Католик шіркеуі. 5 Инквизиция және күпірлерге қарсы күрес. 6 Пайдаланған әдебиет[өңдеу] Арабтармен күрес.
711-714 жылдары Пиреней арабтар өз үстемдігін орнатты. Бұл атады. Себебі олар Солтүстік келген болатын. Арабтар мұнда 756 жылы Кордова әмірлігін құрып, оны 929 жылдан бастап тәуелсізхалифаттықдеп жариялады. Тек түбектің солтүстігіндегі шағынАстурияоблысы ғана тәуелсіздігін сақтап қалған еді.
КейінИспаниядеп аталған Вестгот корольдігінің арабтар иелігіне көшкен бөлігі гүлденген өлкеге айналды. Шаруалар бірсыдырғы жеңілдіктер алды. Соның арқасында Испанияның ауыл шаруашылығы жедел қарқынмен дами түсті. Арабтар бірсыпыра жаңа дақылдар өкеліп, өсіре бастады. Арабтар кеңінен қолданған суару каналдарының жүйесі егіншіліктің өркендеуіне септігін тигізді. Испанияда мал шаруашылығымен қатар қолөнер кәсібі де дамыды.
Альгамбра сарайы
Пиреней түбегінің арабтар үстемдік құрған жерінде қалалар да жедел дами бастады. Араб әмірлігінің астанасыКордова қаласыЕуропаның аса іріқолөнер, саудажәнемәдени орталықтарыныңбіріне айналды. Онда үлкен кітапхана мен университет болды. Медицина, математика, географияғылымдары дамыды. Араб Испаниясында көркемөнер мен әдебиет гүлденген кездеБатыс Еуропамәдениеті әлі өте төмен деңгейде болатын. Арабтар Кордовада таңғажайып мұсылмандар мешітін, Альгамбра сарайынсалдырды.
[өңдеу] Реконкиста.
Арабтардың, олар әкелген озық ислам дінінің табыстары католик шіркеуіне көзге шыққан сүйелдей көрінді. Сондықтан да бұл шіркеу иелері жергілікті христиан дініндегі халықты арабтарға қарсы айдап салып отырды. Бұл арабтарға қарсы күресреконкистадеп аталды. Ол «қайтарып алу» дегенді білдіретін. Реконкистаның орталығы түбектің солтүстігіндегі христиандык Астурия, Галисия және Баскония иеліктері, сондай-ақ шығыстағы Испан маркасы болды. Реконкистаның барысында Пиреней түбегінің солтүстігінде Кастилия және Арагон, Пиренейде Наварра корольдіктері құрылды. Түбектің батысында Кастилиядан Португалия корольдігі бөлініп шықты. 1030 жылы Кордова халифаты бірнеше ұсақ тәуелсіз кінәздіктер мен әмірліктерге бөлініп кетті.
1085 жылы Леон мен Кастилияның королі VI Альфонс әскері Толедоны басып алды. Заллактағы шайқаста біріккен мұсылман әскері христиан жасақтарын талқандады. Арабтардың бұл жеңісі реконкистаны біраз уакытқа тоқтатты.
Алайда арабтар арасындағы алауыздық пен бытыраңқылық 1212 жылы олардың испандық-христиандық мемлекеттерден жеңілуіне әкеп соктырды. Арабтардың осы жеңілісінен кейін реконкиста қайта күшіне енді. Арабтар Пиренейдің қиыр оңтүстігіндегі Гранада әмірлігін ғана иемденіп қалды.
[өңдеу] Испанияның бірігуі.
1479 жылы Арагонның королі Фердинанд Кастилия ханшайымы Изабеллаға үйленді. Екі корольдік бірігіп, Испан королъдігі деп атала бастады. 10 жылдық соғыстан кейін, 1492 жылы Фердинанд пен Изабелланың біріккен әскері Гранаданы басып алды. Пиреней түбегі арабтардан қайтарып алынды. Осылайша реконкиста аяқталды. Пиреней түбегінде Испания және Португалия корольдіктері құрылды.
Испаниядағы корольдік билік әлеуметтік топтар өкілдерінің жиналыстарын өткізумен шектелді. Ол жиналыс кортес деп аталды. Кортес үш топтың өкілінен түрды. Бір топты -дін иелерінің, екінші топты -дворяндардың, үшінші топты қала тұрғындары мен шаруалардың өкілдері құрады.
Испанияда король билігі күшейе түсті. Ол феодалдардың билігіне біраз шектеу қойды. XV ғасырдың соңында король өкіметі ірі феодалдарды теңге шығару, ішінара соғыстар жүргізу құкыктарынан айырды. Көптеген ірі шонжарлардың жерін қазынаға алды.
Арабтар билігі кезінде еврейлердің тұрмыс жағдайы өте жақсы еді. Пиренейде испандық король билігі орнаған соң 1492 жылы еврейлер Испаниядан қуылды.
[өңдеу] Католик шіркеуі.
Пиреней түбегіндегі мемлекеттерде, әсіресе Испаниядакатолик шіркеуініңрөлі күшті болды. Реконкистаны өз мақсатына пайдалануға тырысып, шіркеу оны христиандардың мұсылмандарға қарсы діни күресі деп көрсетті. Дінбасылар реконкистаға қатыса отырып, арабтардан қайтарып алынған жерлерді өз иелігіне айналдыруға тырысты. Ол жерлердегі шаруалар аббаттар мен епископтарға тәуелділікке түсті. Ал дінбасылары сондай шаруалардан әскери құрамалар жасақтап, соғысқа аттандырып отырды.
[өңдеу] Инквизиция және күпірлерге қарсы күрес.
Испан корольдері өз мемлекетін таза христиандар еліне айналдыру мақсатын көздеді. Дінбасылардың байлыққа ұмтылуын сынап, христиандыққа қарсы пікір айтушылар күпірлер деп жарияланды. Олармен күресу үшін 1480 жылы инквизиция құрылды. Оны қатыгез, зұлым Томас Торквемада басқарды. Елді қатыгездік пен қара түнек жайлады. Қанды инквизиция кезінде Испанияда 23 мың еврей өлім жаза- сына кесілді, 200 мыңы тәркіленді.
Нидерландыда 50 мың адамның басы шабылды. Испаниядағы бұл күпірлерді қырып-жою аутодафе деп аталды. Ол «намыс ісі» дегенді білдірді. Аутодафе қаланың орталық алаңында үлкен шіркеу мейрамы ретінде өткізілетін. Оған король мен өкімет басшылары қатысатын. Сондай-ақ аутодафе өткізілетін алаңға өкімет бүкіл қала халқын жинайтын. Сөйтіп күпірлерді қинап өлтіру арқылы халықты католик шіркеуіне қарсы шықпауға «тәрбиелейтін».
Іскер де білімді еврейлер мен маврларды, католик шіркеуіне қарсы пікір айтушы христиандарды осылай қанға бояп жазалау, елден қуу Испанияның экономикалық дамуына орны толмас орасан зиян келтірді. [1]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz