Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері



1. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері
2. Мидағы артериалды гиперемия.
3. Артерия спазмының даму механизмі.
4. Ишемиядағы микроциркуляция.
5. Микротамырларда стазды түзетін қанның реологиялық қасиеттерінің өзгерістері.
6. Микротамырлардағы қан ағымының сипаттамасы.
7. Қанның веноздық тоқтауы.
Мидың артериалды гиперемиясы ми ұлпасының қанмен қамтамасыз етілуі жетіспеушілігінде дамиды (эпилепсияда, тырысуда, қан қысымы кенет төмендегенде, ми артерияларының бітелуінде). Ми ұлпасының ишемиясынан соң қайта қалыпқа келу кезеңінде айқындала түседі. Қан тамырларындағы қан көлемі көбейіп, бас қаңқа ішінің қысымын жоғарылатуы мүмкін, сол кезде магистралды артериялар компенсаторлы тарылып, бас сүйек ішінде қан көлемінің тұрақтылығы реттеледі.
Ишемия - әкелуші артериялардың бітелуінің әсерінен перифериялық және микроциркуляторлық қан тамырларында қан ағысының баяулауы, бұл жағдай коллатеральды тамырлар жетіспеушілігінде болады.
Артериялардағы қан кедергісінің жоғарылауының себептері – артериялардың ангиоспазмы, артериялардың толық немесе жартылай бітелуі, артерия қабырғаларының қабынуы, склерозы, сырттан қысылуы.
Артерия спазмының негізгі себебі тамырдың тегіс еттерінің қызметтік жағдайының бұзылуы, соның нәтижесінде қалыпты гуморальдық және жүйкелік әсер қан тамырларының ұзақ уақтылы жиырылуына әкеледі – ангиоспазмға.
Артерия спазмының даму механизмі.
1. Жасуша сыртындағы механизм – тамыр қабырғасында түзілетін, қанда ұзақ уақыт айналатын вазоконстрикторлы заттардың (серотонин, катехоламин) әсерінен артериялардың жиырылуы.
2. Мембранды механизм – артериялардың тегіс етті жасушаларының плазматикалық мембраналарының реполяризация процесстерінің бұзылыстары.
3. Жасуша ішілік механизм – жасуша ішіндегі кальций иондарының өтуінің бұзылысынан немесе қысқартушы ақуыздар – актин және миозиннің қызметінің өзгеруінен тегіс етті жасушалардың жиырылуымен сипатталады.

Эмболия – артериялардың эмболамен бекітілуі - эндогенді эмболалар – а) (жүрек қақпашаларынан) үзілген тромбтар,
б) жарақатта үзілген ұлпалар, ісіктер ыдырағандағы ұлпалар,
в) сүйек майлары, өкпеден түскен майлар.
Экзогенді эмболалар: ірі веналарға сырттан түскен ауа көпіршіктері оң жүрекшеге барғанда ауа көлемі үлкейіп, жүректің оң бөлігін толтырады. Барометр қысымы кенет түскен кезде пайда болатын газ көпіршіктері (сүңгушілер тез көтерілгенде).

Эмболиялар пайда болатын орындар:
-кіші қан айналу шеңберінің артерияларында
-үлкен қан айналу шеңбері артерияларында
-бауырдың қақапа вена жүйесінде
Склероздық өзгерістер – қан тамырдың тесігін тарылтады, артериялардың созылмалы қабынулары (артериит) қан жүрісін баяулатып, ишемияға әкеледі.
Әкелуші артериялардың сырттан қысылуы компрессионды ишемия тудырады (ісіктер, тыртықтар, басқа текті заттар, жгут). Мидың компрессионды ишемиясы бас сүйек ішкі қысымы көтерілгенде болады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары.
Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі
түрлері.
Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері
(Воронин В.В., Г.И. Мчеднишвили)
Белгісі Артериалды Ишемия Жергілікті қан Венозды қанның
гиперемия стазы тоқтауы
Тамырлар Артерия Артериялардың Микрососудтардың Кері қайтушы
жағдайы дилатациясы, бітелуі немесе кейбір кеңеюі, веналардың
капиллярлар жәнетарылуының стазы бітелуі немесе
веналардың нәтижесінде қысылуынан
екіншілік кеңуі капиллярлар және капиллярлар және
веналардың тарылуы веналардың
кеңеюі
Өтетін қан Көбейеді Азаяды Жоқ Азаяды
көлемі
Қанның ағу Сызықтық, Сызықтық, көлемдік Жоқ Сызықтық,
жылдамдығы көлемдік жылдамдығының азаюы көлемдік
жылдамдығының жылдамдығының
көбеюі азаюы
Ағзалар жәнеЖоғары Төмен Кенет жоғары Жоғары
ұлпалардың
қан
тамырларының
қанға толуы
Ағзаның, Ашық қызыл Бозғылт Қою қызыл Қою қызыл цианоз
ұлпаның түсі
Қызуы Жоғары Төмен Төмен Төмен
Ұлпа Жоғарылауы Төмендейді Тоқтайды Жоғарылайды,
сұйықтығыныңәлсіз, ісінуі қатты ісінеді
пайда болуы сирек

Мидағы артериалды гиперемия.
Мидың артериалды гиперемиясы ми ұлпасының қанмен қамтамасыз етілуі
жетіспеушілігінде дамиды (эпилепсияда, тырысуда, қан қысымы кенет
төмендегенде, ми артерияларының бітелуінде). Ми ұлпасының ишемиясынан соң
қайта қалыпқа келу кезеңінде айқындала түседі. Қан тамырларындағы қан
көлемі көбейіп, бас қаңқа ішінің қысымын жоғарылатуы мүмкін, сол кезде
магистралды артериялар компенсаторлы тарылып, бас сүйек ішінде қан
көлемінің тұрақтылығы реттеледі.
Ишемия - әкелуші артериялардың бітелуінің әсерінен перифериялық және
микроциркуляторлық қан тамырларында қан ағысының баяулауы, бұл жағдай
коллатеральды тамырлар жетіспеушілігінде болады.
Артериялардағы қан кедергісінің жоғарылауының себептері –
артериялардың ангиоспазмы, артериялардың толық немесе жартылай бітелуі,
артерия қабырғаларының қабынуы, склерозы, сырттан қысылуы.
Артерия спазмының негізгі себебі тамырдың тегіс еттерінің қызметтік
жағдайының бұзылуы, соның нәтижесінде қалыпты гуморальдық және жүйкелік
әсер қан тамырларының ұзақ уақтылы жиырылуына әкеледі – ангиоспазмға.

Артерия спазмының даму механизмі.
1. Жасуша сыртындағы механизм – тамыр қабырғасында түзілетін, қанда ұзақ
уақыт айналатын вазоконстрикторлы заттардың (серотонин, катехоламин)
әсерінен артериялардың жиырылуы.
2. Мембранды механизм – артериялардың тегіс етті жасушаларының
плазматикалық мембраналарының реполяризация процесстерінің
бұзылыстары.
3. Жасуша ішілік механизм – жасуша ішіндегі кальций иондарының өтуінің
бұзылысынан немесе қысқартушы ақуыздар – актин және миозиннің
қызметінің өзгеруінен тегіс етті жасушалардың жиырылуымен сипатталады.

Эмболия – артериялардың эмболамен бекітілуі - эндогенді эмболалар – а)
(жүрек қақпашаларынан) үзілген тромбтар,
б) жарақатта үзілген ұлпалар, ісіктер ыдырағандағы ұлпалар,
в) сүйек майлары, өкпеден түскен майлар.
Экзогенді эмболалар: ірі веналарға сырттан түскен ауа көпіршіктері оң
жүрекшеге барғанда ауа көлемі үлкейіп, жүректің оң бөлігін толтырады.
Барометр қысымы кенет түскен кезде пайда болатын газ көпіршіктері
(сүңгушілер тез көтерілгенде).

Эмболиялар пайда болатын орындар:
-кіші қан айналу шеңберінің артерияларында
-үлкен қан айналу шеңбері артерияларында
-бауырдың қақапа вена жүйесінде
Склероздық өзгерістер – қан тамырдың тесігін тарылтады, артериялардың
созылмалы қабынулары (артериит) қан жүрісін баяулатып, ишемияға әкеледі.
Әкелуші артериялардың сырттан қысылуы компрессионды ишемия тудырады
(ісіктер, тыртықтар, басқа текті заттар, жгут). Мидың компрессионды
ишемиясы бас сүйек ішкі қысымы көтерілгенде болады.

Ишемиядағы микроциркуляция.
Әкелуші артерияларда кедергілердің жоғарылауы ағзалардың
микротамырларындағы қысымның төмендеуіне және екіншілік тарылуына әкеледі.
Ұсақ артериялар және артериолаларда қысымның төмендеуі артериа венозды
қысымның айырмашылығының төмендеуіне, капиллярлардағы көлемдік, сызықтық
жылдамдықтың баяулауына әкеледі, микрососудтардың тесіктері бітеліп, жұмыс
істейтін капиллярлар саны азаяды. Ағзаға әкелінетін О2, қоректік заттар
азаяды, зат алмасу заттары жиналады. Тамыр қысымы төмен болғандықтан жасуша
сұйықтығы ұлпаға өтуі азаяды, жасуша аралық сұйықтық азайып, лимфа ағысы
тоқтайды.
Ишемиялық белгілері – ұлпаның қанмен қамтамасыз етілу дәрежесіне және
микроциркуляция өзгерісіне байланысты. Ишемия аймағы бозғылт болады (қан
тамырларының тарылуына, эритроциттердің аздығына байланысты). Ағза көлемі
кішірейеді (қан толуы азаяды, ұлпа сұйықтығы азаяды), температурасы түседі.
Ишемиядағы компенсаторлы жағдайлар қанның коллатеральды жолмен әкелінуіне
байланысты. Бұл ағзалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
«ЖҮРЕК –ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ
Жүрек-тамырлар жүйесінің патологиясы: аритмиялар, ақаулар
Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы
Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы және патогенезі
Патофизиология-2 пәнінен дәріс жинағы
Веналық капиллярлар
Серозды домбығып қабыну
Инфаркттың түрлері
Қанның микротамырлардағы ағу ерекшеліктері
Пәндер