Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлемақылардың экономикалық мәні
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлемақылардың экономикалық мәні
1.1 Мемелекеттік бюджеттің қалыптасуындағы төлемақылардың
экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлемақылардың
ерекшеліктері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
II Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.1 Жер учаскелерiн пайдаланғандығы үшiн төлемақыны есептеу мен төлеу
тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны
есептеу мен төлеу тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3 Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi
2.4 Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу мен төлеу
тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.5Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi ... .. 17
2.6 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақыны
есептеу мен төлеу тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.7 Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу мен төлеу
тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.8 Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу мен
төлеу тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.9Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру үшiн төлемақыны есептеу мен
төлеу тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Кіріспе
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет өндiрiстiк қатынастарыды бейнелеп, соған лайық метериалдық –заттық көрiнiс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында –бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда жүрiп жатқан нақты экономикалық процестерi мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi. Бюджет –қоры қоғамдық өнiммен ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнiң тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы өндiрiстi ұлғайтып, халыққа әлеуметтiк- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiнде қажеттердi қанағаттандыру үшiн мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнiң объективтi алғы-шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесiн бiлдiредi.
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Мемлекеттік бюджеттiң кiрiстерi (арнайы эканомикалық аймақтардың қаржы қорларына есептелетiн сомалардан басқа) олар салықтардан, алымдардан, төлемақылар мен мемлекеттік баждардан тұрады.
Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жѕзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып табылатындығында.
Салықтармен бюджетке төленетін басқа да төлемдер қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар басқа да төлемдер мемлекетпен бiрге пайда болды және мемлекеттiң өмiр сүрiп, дамуының негiзi болып табылады. Адамзат дамуының бүкiл тарихы бойына салық нысандары мен әдiстерi өзгердi, игерiлдi, мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен сұрау салуларына бейiмделдi. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүредi.
Мемлекетке түсетiн салық түсiмдерiнiң сипатты ерекшелiгi олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейiн иесiз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергiлiктi органдар белгiлейтiн түрлi мiндеттi мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады; бұған әлеуметтiк сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, соның iшiнде бюджеттен тыс қорларға төленетiн жарналар мен аударымдар жатады, олар белгiлi бiр, ұзақ мерзiмдi көлемде өнiмнiң, жұмыстың және қызметтер көрсетудiң өзiндiк құнынан, табыстан (пайдадан), еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелiнедi.
Салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен мазмұны олар атқаратын функцияда толық ашыла түседi. Жалпы қаржы категориясы түрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгiштiк функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретiнде қарастырған жөн.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi – ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы, мемлекеттiң кiрiстерiн және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады. Салықтарда басқа да төлемдер мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi, ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi, олардың түрлерi мен ролi қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгiлi философ Френсис Бэкон салықтарды басқа да төлемдерді төлеу – әрбiр азаматтың қасиеттi борышы деген едi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-шi бабында: заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әрi мiндетi болып табылады, - деп жазылған. Яғни бұл менің курстық жұмысымның маңызлыдығын көрсетеді. Курстық жұмысым үш бөлімне тұрады: жұмыстың бірінші бөлімінде төлемақылардың мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы экономикалық мәні онда 2001 жылдың 12 маусымынан қабылданған Жаңа Салық Кодексі және 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске қосылған Салық Кодексі бойынша Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 9 төлемақылардың мәні мен ерекшеліктерін, ал екінші бөлімінде алымдар мен төлемақыларды есептеу және рәсімдеу жолдары қарастырылды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Салық кодексі 2001 жыл( 2007 жылғы өзгертулер мен толықтыруларды қоса алғанда)
2 Аманбеков Б “Бюджет есептерi” Қазақстан қаражаты-1999 жыл. N8.
3 Амрекулов Н “Қаржы жүйесiн ұйымдастыру және бюджет жүйесi” Т.Экономика –2004 жыл.Оңтүстiк Қазақстан облысының және Қазақстан республикасының статистикалық мәлiметтерi.
4 Бюджет жүйесi туралы: Қазақстан Респубикасының Заңы.-Алматы: Юрист, 2006.- 8 б.
2 Аблиакимов К Бюджет-1999. “Баға және талдау” Іазхстанская правда 1998 жыл N12 .
3 5.А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г. ТОО Баспа.
4 6.Юткина Налоги и налогооблажения. Учебник.- Москва: Инфра, 1999.-224с.
5 11.Бабкина С. Новая налоговая политика: Финансы Казакстана.- 1999-N6, с 20-22.
6 19.Бухгалтерлiк бюллетенi, 2004ж, 1999ж N1-12
7 20.Аблиакимов К Бюджет-1999. “Баға және талдау” Казхстанская правда 1998 жыл N12 .
8 21.Салық жинауда салғырттық болмасын. І. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.
9 22.Салыққа салаутты көзқарас керек Зерде N3 2004ж.
10 23.Жүнiсова Н.А Бюджет саясаты. Саясат-2005-1.
11 24.Жанибеков С. Бюджеттiң орындалуын қалай көтеру керек. Қазақстан қаржысы1999 жыл N8 .
12 25. Мемлекеттiк салық саясаты Заң газетi. 1999 жыл 3 желтоқсан.
13 Бюджетке жаңаша қарау қажет. Қаржы-ақпарат.- N5- 03.2006
14 27.Салық және бюджет саясаты Қазақстан ХХI ғасырға жол 2004 ж. N2
15 28.Салық- халық несiбесi Еегемендi Қазақстан, 2004ж.1 қазан
16 29. Салық бюджеттiң қайнар көзi// Заң газетi 2004 жыл шiлде.
17 30.Облыс бюджетiнiң басты бағыты. Оңтүстiк Қазақстан N81.29.06.2006.
18 31.Қазақша - орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздiк: Под общ. Ред. А.К. Кусаинова. – Алматы: Рауан, 2004-288 с.
19 . Бурабаева О. Б., Ермекбаев Б. Ж. Жергiлiктi салықтар мен алымдар: Оқу құралы. – Алматы 1998 .
20Бурабаева О. Б., Ермекбаев Б. Ж. жергiлiктi салықтар

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлемақылардың
экономикалық мәні
1.1 Мемелекеттік бюджеттің қалыптасуындағы төлемақылардың
экономикалық мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5
1.2. Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлемақылардың
ерекшеліктері мен түрлері

7
II Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды
есептеу және рәсімдеу әдістері
2.1 Жер учаскелерiн пайдаланғандығы үшiн төлемақыны есептеу мен төлеу
тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны
есептеу мен төлеу

... ... ...13
2.3 Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi
2.4 Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу мен төлеу
тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.5Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi ... .. 17
2.6 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақыны
есептеу мен төлеу
тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...18
2.7 Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу мен төлеу
тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.8 Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу мен
төлеу

... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.9Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру үшiн төлемақыны есептеу мен
төлеу
тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет
өндiрiстiк қатынастарыды бейнелеп, соған лайық метериалдық –заттық көрiнiс
табады. Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қорында –бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда
жүрiп жатқан нақты экономикалық процестерi мемлекет жұмылдырып,
пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi. Бюджет –қоры қоғамдық өнiммен
ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнiң тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы
өндiрiстi ұлғайтып, халыққа әлеуметтiк- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс,
басқару жөнiнде қажеттердi қанағаттандыру үшiн мемлекет қарамағына түскен
бөлiгiнiң объективтi алғы-шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын
қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн
қозғалысының процесiн бiлдiредi.
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының
мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде
бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық
қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық
өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын
белгiлейдi.
Мемлекеттік бюджеттiң кiрiстерi (арнайы эканомикалық аймақтардың
қаржы қорларына есептелетiн сомалардан басқа) олар салықтардан, алымдардан,
төлемақылар мен мемлекеттік баждардан тұрады.
Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен
мiндеттерiн жѕзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бiр
бөлiгi болып табылатындығында.
Салықтармен бюджетке төленетін басқа да төлемдер қаржының бастапқы
категориясы болып табылады.
Салықтар басқа да төлемдер мемлекетпен бiрге пайда болды және
мемлекеттiң өмiр сүрiп, дамуының негiзi болып табылады. Адамзат дамуының
бүкiл тарихы бойына салық нысандары мен әдiстерi өзгердi, игерiлдi,
мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен сұрау салуларына бейiмделдi. Салықтар тауар-
ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесiнде
айтарлықтай өрбiдi. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық
жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүредi.
Мемлекетке түсетiн салық түсiмдерiнiң сипатты ерекшелiгi олардың сан
алуан қоғамдық қажеттерге кейiн иесiз пайдаланылуы болып табылады.
Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергiлiктi органдар
белгiлейтiн түрлi мiндеттi мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан
айырмашылығы болады; бұған әлеуметтiк сақтандыруға аударылатын қатаң
мақсатты аударымдар, соның iшiнде бюджеттен тыс қорларға төленетiн жарналар
мен аударымдар жатады, олар белгiлi бiр, ұзақ мерзiмдi көлемде өнiмнiң,
жұмыстың және қызметтер көрсетудiң өзiндiк құнынан, табыстан (пайдадан),
еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден
есептелiнедi.
Салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен мазмұны олар атқаратын
функцияда толық ашыла түседi. Жалпы қаржы категориясы түрғысынан салықтар
қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға
қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгiштiк функциясының құрамдас
қосалқы функциясы ретiнде қарастырған жөн.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен
саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi –
ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы, мемлекеттiң кiрiстерiн
және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.
Салықтарда басқа да төлемдер мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде
көрiнедi, ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi, олардың түрлерi мен
ролi қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттiң табиғатымен және
функцияларымен айқындалады. Белгiлi философ Френсис Бэкон салықтарды басқа
да төлемдерді төлеу – әрбiр азаматтың қасиеттi борышы деген едi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-шi бабында: заңды түрде
белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу
әркiмнiң борышы әрi мiндетi болып табылады, - деп жазылған. Яғни бұл менің
курстық жұмысымның маңызлыдығын көрсетеді. Курстық жұмысым үш бөлімне
тұрады: жұмыстың бірінші бөлімінде төлемақылардың мемлекеттік бюджеттің
қалыптасуындағы экономикалық мәні онда 2001 жылдың 12 маусымынан
қабылданған Жаңа Салық Кодексі және 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске
қосылған Салық Кодексі бойынша Қазақстан Республикасында қолданылатын
салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда
9 төлемақылардың мәні мен ерекшеліктерін, ал екінші бөлімінде алымдар мен
төлемақыларды есептеу және рәсімдеу жолдары қарастырылды.

1.1 Мемелекеттік бюджеттің қалыптасуындағы төлемақылардың экономикалық мәні
Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында
жекелеген ерекшеiктерi белгiленетiн айырықша салалары бар. Мәселен,
мемлекеттiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы
қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды. Бұл
қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат
қорын құрап, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей
қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
(Мемлекеттiк бюджет( деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттiк бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретiнде
объективтiк сипатқа ие. Оны бөлудiң дербес саласы ретiнде өмiр сүруiн
қоғамдық өндiрiстiң өзi айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған
ресурстарды қаже етедi. Қаражатты орталықтандыру бүкiл халық шаруашылығы
ауқымында қорлардың үздiксiз айналымын ұйымдастыру үшiн, жапы экономиканың
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қажет. Арнайы бюджет саласының құндық
бөлiнiсi мемлекеттiң табиғаты мен қызметiнен туындайды. Мемлекет
қаржыландыруға бүкiл қоғам ауқымында әлеуметтiк-мәдени шаралар өткiзуге,
қорғаныс мiндеттерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жалпы шығындарын жабуға
орталықтандрылған қаржыны қажет етедi.
Сөйтiп, мемлекеттiк бюджет ұдайы өндiрiстiң қажеттерiнен, мемлекеттiң
табиғатынан объективтi қажеттiлiк туындайтын болып табылады.
Экономика қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары
мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және
аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк
бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты
учаскелерiнде шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын
жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде (Мемлекеттiк бюджет(
айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға
қызмет етедi [4].
Нақты, объективтi бөлiстiң қатынастардың формасы болғандықтан айырықша
қоғамдық арналымды орындай отырып, мемекеттiк бюджет экономикалық категория
ретiнде көрiнедi.
Қоғамдық өнiмнiң тауар формасындағы қозғалысы мен тiкелей байланысы жоқ
құнды бөлiсi, одан алашақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндiрiспен
өндiрiстен тыс салаларда қаржы қатынастары тауар –ақша қатынастарымен
астасып жатады.

қаржы қорларына есептелетiн сомалардан басқа) олар мыналардан тұрады:
Мемлекеттік бюджеттің кірісін құрайтын салықтар мен басқа да міндеті
төлемдер
Мемлекеттік бюджеттің кірісі
Салықтар:
Корпорациялық табыс салығы
Жеке табыс салығы
Қосылған құнға салынатын салық
Акциздер
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi
әлеуметтiк салық
Жер салығы
Көлiк құралдарына салынатын салық
Мүлiкке салынатын салық
Алымдар:
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым
Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiктiркегенi үшiн алынатын алым
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi
мемлекеттiк тiркегенi ѕшiн алым
Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк
тiркегенi үшiн алым
Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн
алым
Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi
үшiн алым
Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым
Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы
Аукциондардан алынатын алым
Елтаңбалық алым
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым
Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн
пайдалануға рұқсат беру үшiн алым
Төлемақылар:
Жер учаскелерiн пайдаланғандығы үшiн төлемақы
Жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы
Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы
Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Кеме ж8ретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы
Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру үшiн төлемақы
Мемлекеттiк баж.
Кеден төлемдерi:
Кеден бажы
Кеден алымдары
Төлемақы
Алымдар
Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы
''Бюджет жүйесi туралы'' Заң мен тиiстi жылға арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы: мемлекеттiң жер
учаскелерiн өтемiн төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергенi үшiн жер
учаскелерiн пайдалану төлемақысы (бұдан әрi - төлемақы) алынады. Жер
учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беру тәртiбi Қазақстан
Республикасының заң актiсiмен белгiленедi.Жер қатынастары жөнiндегi
уәкiлеттi органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен
кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi
мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер табыс
етедi.Төлеушiлер: жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға алған
жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы: жер
үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi -
төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су
пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады. Арнаулы су пайдалану су қорын
пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсат беру
құжаты негiзiнде жүзеге асырылады. Су пайдаланудың арнаулы түрлерi
Қазақстан Республикасының су заңдарымен белгiленедi. Cу қорын пайдалану
және қорғау саласындағы өңiрлiк уәкiлеттi органдар есептi тоқсаннан кейiнгi
екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей облыстар, Астана және Алматы қалалары
бойынша салық комитеттерiне уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан
бойынша мәлiметтер бередi. Құрылыстарды, техникалық құралдарды немесе
құрылғыларды қолдана отырып, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды
жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар төлемақыны төлеушілер болып
табылады. Су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтiп бермей және судың
жай-күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды
қолданбай жүзеге асырылатын кеме тiркемесiнсiз ағашты ағызуға, рекреацияға,
жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға, жалпы су пайдалануға
төлемақы қолданылмайды.
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы: қоршаған ортаға эмиссия үшiн
арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады. Арнайы табиғат пайдалану
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн экологиялық
рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады. Экологиялық рұқсатта белгiленген
тәртiппен ресiмделмеген қоршаған ортаға эмиссиялар, жылжымалы көздерден
шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға
белгiленген эмиссиялар нормативтерiнен тыс қоршаған ортаға эмиссиялар
ретiнде қарастырылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
органның аумақтық органдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi
айдың 1-нен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына
уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.
Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен Қазақстан Республикасының аумағында
қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып
табылады.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы: Жануарлар дүниесiн
пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) табиғи еркiн жағдайда
мекендейтiн жануарларды табиғи ортадан айырғаны үшiн алынады. Жануарларды
ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда ен салу, сақина салу, көшiру,
жерсiндiру мен будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи
ортаға жiберген кезде төлемақы алынбайды. Жануарлар дүниесiнiң мынадай
санаттары: аңшылық объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi; балық
аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi; сирек кездесетiн және
жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерi; өзге де шаруашылық
мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерi (аңшылықтан және балық
аулаудан басқа) үшiн төлемақы белгiленедi. Аңшылық және балық аулау
объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң санаттары үшiн төлемақы
осы хайуанаттардың бағалы түрлерiне ғана белгiленедi.
Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың
бағалы түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi
белгiлейдi. Жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесiн басқару
жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады. Сирек
кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн
төлемдi әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға
рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң
тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық
бөлiмшелерi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен
кешiктiрмей облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық
комитеттерiне уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша
мәлiметтер табыс етедi.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар төлемақы
төлеушiлер болып табылады.
Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы: орманды пайдаланудың мынадай
түрлерi:
1) ағаш дайындағаны;
2) шайыр және ағаш шырындарын дайындағаны;
3) екiншi дәрежелi ағаш ресурстарын (қабықтарды, бұтақтарды,
томарларды, тамырларды, жапырақтарды, ағаш бүршiктерi мен бұталарды)
дайындағаны;
4) орманды жанама пайдаланғаны (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы,
аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бақша шаруашылығы
және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шипалы өсiмдiктер мен
техникалық шикiзат, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар,
жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсенiштерi мен түскен
жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру мақсатында,
рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттарында пайдаланғаны;
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы қажеттерi үшiн
пайдаланғаны;
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында
пайдаланғаны үшін алынады.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiде орман пайдалану құқығы Қазақстан
Республикасының орман заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген ағаш кесуге
рұқсат билетi мен орман пайдалануға орман билетiнiң негiзiнде
берiледi. Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу орман пайдалану орыны бойынша
банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы
ұйымдар арқылы аудару не қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде тиiстi
органда ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi.
Қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен
енгiзiлген төлемақы сомаларын бюджетке есептеу тәртiбiн уәкiлеттi
мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi белгiлейдi. Мемлекеттiк орман иеленушiлер тоқсан сайын, есептi
тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi
бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан
бойынша мәлiметтер бередi.
Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен орман
пайдалануды жүзеге асыру құқығын алған жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi
- орман пайдаланушылар) төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы:
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ғылыми,
мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, декреациялық және шектеулi шаруашылық
мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ
әкiмшілiгi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей
өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган
белгілеген нысан бойынша мәлiметтер бередi. Қазақстан Республикасының
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар
төлеушiлер болып табылады.
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы: байланыс саласындағы
уәкiлеттi орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi,
диапазондары) үшiн алынады. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс
саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттармен куәландырылады. Радиожиiлiк
спектрiнiң номиналдарын бөлу конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл орайда, конкурс қорытындылары
бойынша жеңiмпаз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен
және мөлшерде мемлекеттiк бюджетке бiр жолғы төлемақы енгiзедi. Заң
актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын
алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде
радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер төлеушілер болып
табылмайды.
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін
төлемақы: ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде қалааралық және
(немесе) халықаралық телефон байланысын беру құқығы үшін алынады.
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беру құқығы
байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады. Қазақстан
Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен құқық алған,
қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторлары болып
табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы: Қазақстан
Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн
алынады. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану
құқығы көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн рұқсат
құжатымен әрбiр күнтiзбелiк жылға берiледi. Тиiстi рұқсат құжаты болмаған
жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын нақты
пайдалану төлемақы сомасын өндiрiп алу және бюджетке енгiзу үшiн негiз
болып табылады. Көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган
келесi айдың 15-нен кешiктiрмей ай сайын салық органдарына уәкiлеттi
мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының кеме
жүзетiн су жолдарын пайдалануға рұқсат құжатын алған тұлғалар бойынша
мәлiметтер берiп отырады. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су
жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып
табыладыда, ал мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы жалпы
пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және Қазақстан
Республикасы аумағындағы елдi мекендерде плакаттар, стендiлер, жарық
түсiретiн табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiнде сыртқы
(көрнекi) жарнамалар объектілерiн орналастыруға және басқа да тұрақты
жарнамалар орналастыру объектiлерiне құқық үшiн алынады. Сыртқы (көрнекi)
жарнама объектiсiн орналастыру: жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде -
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр
мерзiмге автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн
құжат негiзiнде; елдi мекендерде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде -
жергiлiктi атқарушы органдардың елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама
орналастыру тәртiбi мен шарттары жөнiнде белгiлеген талаптарына сәйкес
берiлетiн рұқсат негiзiнде жүргiзiледi. Тиiстi құжаттарсыз жарнама
объектiлерiн орналастыруға тыйым салынады. Тиiстi рұқсат құжаттары болмаған
кезде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жарнама
объектiлерiне бөлiнген белдеуiндегi жер учаскелерiн нақты пайдалану және
(немесе) оларды елдi мекендерде орналастыру төлемақы сомаларын бюджетке
өндiрiп алу және енгізу үшiн негiз болып табылады. Жол органдары және
жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын, айдың 15-iнен кешiктiрмей салық
органдарына мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша рұқсат
беру құжатын алған тұлғалар жөнiнде мәлiмет бередi. Жарнама объектiлерiн
орналастырушы жеке және заңды тұлғалар (соның iшiнде жеке кәсiпкерлер)
төлемақы төлеушiлер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
органдары олардың өз функцияларын iске асыруына байланысты орналастырылған
сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша төлемақы төлеушiлер болып

2.1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы есептеу мен төлеу тәртiбi
Төлемақы сомасы жергiлiктi атқарушы органмен жасаған өтемiн төлеп
уақытша жер пайдалану шартының негiзiнде есептеледi. Төлемақының жыл
сайынғы сомалары жергiлiктi атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптарда
белгiленедi.
Шарт талаптары, жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда
жергiлiктi атқарушы орган төлемақы сомаларының есеп-қисаптарын қайта
қарайды.
Салық кезеңiнде төленуге тиiс төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда
көрсетiлген төлемақы ставкаларына және жер учаскесiн салық кезеңiнде
пайдалану кезеңiне қарай белгiленедi. Төлемақы мөлшерi жер учаскесi бойынша
есептелген жер салығының сомасынан кем болмайтындай мөлшерде белгiленедi.
Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес
белгiленедi.
Төлемақы төлеушiлер төлемақының ағымдағы сомаларын ағымдағы жылдың 20
ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешiктiрiлмейтiн
мерзiмде тең үлестермен бюджетке төлейдi.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнайы салық
режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлем сомаларын белгiленген тәртiппен
төлейдi. Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлем сомаларын
салықтың есептiлiк кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде
төлейдi. Белгiленген мерзiмдерiнен кейiн өтемi төленетiн уақытша жер
пайдалануға мемлекет жер учаскелерiн берген жағдайларда, төлеудің келесi
(кезектi) мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып
табылады. Уақытша өтеулi жер учаскесiн пайдалануға алған айдан кейiнгi
айдың 20-сынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төлейдi.Мемлекет өтемiн төлеп
уақытша ақы төлеп жер пайдалануға жер учаскелерiн төлемнің соңғы мерзiмiнен
кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 20-күнi
бюджетке төлем төлеу мерзiмi деп есептеледi. Өтемiн төлеп уақытша жер
пайдалану шартының мерзiмi бiткен немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол
бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiс төлемақы
сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап он бес күннен
кешiктiрілмей төленедi. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi
бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс.
Салық есептiлiгi: арнайы салық режимi қолданылатын қызметте
пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруші
заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушілердi
қоспағанда, ақы төлеушiлер, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық
органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есебiн табыс етедi. Төлеушiлер
ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 20
ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi. Салық кезеңi басталғаннан кейiн өтемiн
төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар шарт жасалғаннан
кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын
табыс етедi. Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы төлемдер сомасының есебiмен
бiрге жергiлiктi атқарушы органмен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер
пайдалану туралы шарттың нотариат арқылы куәландырылған көшiрмесi табыс
етiледi.
Одан кейiнгi кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi төлем
сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етiледi.
Төлеушiлерге - дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға
қолданылмайды.
Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған
немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органмен оны
бұзған кезде шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған (бұзылған) күннен бастап
күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей ағымдағы төлемдер сомаларының eceбi
табыс етiледi [20].
2.2 Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы есептеу
мен төлеу тәртiбi
Құрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана
отырып, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке
және заңды тұлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады.
Салық салу объектiлерi:
1. Төлемақы салынатын объектiлер:
1) мыналарды:
ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын каналдарда және ағынды
реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға
кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын
пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган растаған су шығындарын;
су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган заңнамада
белгiленген тәртiппен бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-
эпидемиологиялық су ағызу көлемiн;
су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында
жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi
орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi су жинау көлемiн қоспағанда, жер
үстi су көзiнен алынған судың көлемi;
2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;
3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi;
4) балық аулау көлемi және су пайдаланудың басқа да көлемдерi болып
табылады.
Су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтiп бермей және судың

Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.
Су жинаудың нақты көлемi cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган белгiлеген лимиттен асып кеткен жағдайда асып кеткен
бөлiгiнде үш есе ұлғайтылады.
Есептеу мен төлеу тәртiбi
Төлем сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген ставкаларды
негiзге ала отырып төлеушi дербес айқындайды.
Төлеушiлер (шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн
өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiнде бюджетпен
есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлерден басқа) нақты
пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлем сомаларын есептi айдан кейiнгi
айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын бюджетке енгiзуге мiндеттi.
Төлем рұқсат құжаттарында аталған арнаулы су пайдаланылатын жер
бойынша бюджетке төленедi. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарының
төлемақыны есептеу мен төлеу ерекшелiктерi:
1. Шаруа (фермер) қожалықтары және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi
заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды
жүзеге асыратын салық төлеушiлер төлем сомаларын төлеудi мына тәртiппен
жүргiзедi:
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезеңге
есептелген ағымдағы төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан
кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге есептелген сома есептi
кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде
төленедi.
2. Өнеркәсiп орындары өндiрiстiк қажеттер үшiн су шаруашылығы
жүйелерiнен алатын суға, ол тiкелей су шаруашылығы жүйелерiнен, басқа
өнеркәсiп орындарынан немесе тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет
көрсету ұйымдарынан келетiнiне қарамастан, төлемақы төлейдi.
3. Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары
өнеркәсiп орындарына берiлетiн судың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz