Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік теориялары



І. Кіріспе
1. Негізгі бөлім: Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік теориялары
2. Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау
ІІ. Қорытынды
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта аталмыш ғылымның көптеген теориялары, ілімдері мен тұжырымдамалары қалыптасып, мектептері мен бағыттары негізделді. Олар әлеуметтанудың ірге тасын қалап, оның ғылым ретінде дамуына серпіліс берді. Осы тұрғыдан алғанда дүниежүзілік әлеуметтану дамуында классикалық кезеңнің аткарған рөлі мен маңыздылығы ерекше. Сондықтан бұл кезең әлеуметтанудың атасы О. Конттың, Г. Спенсердің, К. Маркстың, Э. Дюркгейм мен М. Вебердің ілімдерін жете түсінудің негізгі кілті іспетті.
XIX ғасырдың басында адамзаттың коғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет етуіне дәл талдау қажеттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділеттілік, өмірдің мәнісі, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне қанағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшылдары ез еңбектерін арнады. Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуына Ресейлік әлеуметтанушылар да белгілі бір мөлшерде өз үлестерін қосты. Соның негізінде Ресейде Батыс әлеуметтанушыларын бетке ұстап, қалыптасқан бірнеше мектептер мен бағыттар пайда болды.
Олардың көзқарастары мен ілімдерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар баршылык. Ресейлік әлеуметтанушыларды екіге бөліп қарауға болады. 1) XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресей әлеуметтануында қалыптасып, дамыған әлеуметтанулық ілімдерге көңіл қойылды. 2) XX ғасырда осы елде әлеуметтанудың даму процесінің қалай жүргені сөз етілді. Мұндағы көзқарастарды осындай екі сұрақтың төңірегіне топтастырып қарастыру олардың даму эволюциясын жете қадағалауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әртүрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды.
1. Ядов В.А. Размышления о предмете.// Социс.- 1990, №2
2. Серікбаева К. Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу түсінігінің мәні. // Саясат 2003, №10, 28-31 б.
3. Д.Өмірқұлова Нормативтік бейімделу ерекшеліктері. // Саясат 2003, №10, 32-34 б.
4. Димов В.М., Лесная Л.В. Актуальные проблемы образования. //СПЖ, 1995, №2
5. Қ.Әшекеева А.Байтұрсынов және білім мәселесі. //Саясат 2003, №10, 35-37 б.
6. Қошым-Ноғай Қ. АҚШ-тың оқу-ағарту бағдарламасының Қазақстандағы білім жүйесіне әсері. //Саясат 2003, №11, 24-28 б.
7. Ж.Ішпекбаев Жалпы мемлекеттік бәтуаластық – ұлттық қауіпсіздік кепілі. // Саясат, 2003, №11, 47-49 б.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
1. Негізгі бөлім: Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік теориялары
2. Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау
ІІ. Қорытынды
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта аталмыш ғылымның көптеген теориялары, ілімдері мен тұжырымдамалары қалыптасып, мектептері мен бағыттары негізделді. Олар әлеуметтанудың ірге тасын қалап, оның ғылым ретінде дамуына серпіліс берді. Осы тұрғыдан алғанда дүниежүзілік әлеуметтану дамуында классикалық кезеңнің аткарған рөлі мен маңыздылығы ерекше. Сондықтан бұл кезең әлеуметтанудың атасы О. Конттың, Г. Спенсердің, К. Маркстың, Э. Дюркгейм мен М. Вебердің ілімдерін жете түсінудің негізгі кілті іспетті.
XIX ғасырдың басында адамзаттың коғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет етуіне дәл талдау қажеттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділеттілік, өмірдің мәнісі, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне қанағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшылдары ез еңбектерін арнады. Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуына Ресейлік әлеуметтанушылар да белгілі бір мөлшерде өз үлестерін қосты. Соның негізінде Ресейде Батыс әлеуметтанушыларын бетке ұстап, қалыптасқан бірнеше мектептер мен бағыттар пайда болды.
Олардың көзқарастары мен ілімдерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар баршылык. Ресейлік әлеуметтанушыларды екіге бөліп қарауға болады. 1) XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресей әлеуметтануында қалыптасып, дамыған әлеуметтанулық ілімдерге көңіл қойылды. 2) XX ғасырда осы елде әлеуметтанудың даму процесінің қалай жүргені сөз етілді. Мұндағы көзқарастарды осындай екі сұрақтың төңірегіне топтастырып қарастыру олардың даму эволюциясын жете қадағалауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әртүрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды.
Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей патшалығының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан турлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды.
Қанаушылар олардың құнарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл жөне шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыстың жүмысшы-шаруа табынан, алдыңғы қатарлы интеллигенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей өкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.
Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесіңде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.
Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол, ашушы бір топ ұлы ойшылдар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарыңда ІПоқан Уәлиханов (1835-1865 ж.ж.), Ыбырай Алтынсарин(1841-1889 ж.ж.), Абай Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.) сияқты қоғамдық- саяси қайраткерлер, Әлихан Бокейханов (1870-1937 ж.ж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 ж.ж.), т.б. оқымыстылар болды.
Енді осы ұлы ойшылдар мен ғалымдардың, әлеуметтік- саяси қайраткерлердің көзқарастарына қысқаша тоқталайық.
Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау
Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді.Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды. Бұл зерттеулердің кебіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төр-тіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты емір тұтастығын түсінуге ми қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жуйелі қолданыла бастады, және де ол колданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.
"Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "По - зитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ре - тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді. Пла - тон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылы-мын саясат өнеріен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ға - сырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлык түрлерінде зерттеген жоқ, жэне, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік уғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.
Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктегре ұтымдылық сәүлесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғы - лымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептреі мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.
Конттан кейін әлеуметтану негізіен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам омірінің әлеу-меттік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін ізерлеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын тусіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық қубылыстармен танысып, сондайақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нетижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын. Сондықтан әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан ғана емес, Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол үшін тікелей әлеуметтік қубылыстардан индук-
циялық жолмен алынған өзге факторлар кажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның туғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі
ұғымдарының кейббіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог және психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді. Осылайша, эволюциялық негізде және эволюцияшыл ойшылдар еңбектерінің арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты. Ол адамдар қоғамын жаратылыстық себептілік арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты ғарыштық процестерден тыс тұқрған және өзі үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану коғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен кызметін эволюция процесінде қосыла карекет жасайтын тәндәк, өмірлік және психикалық себептердің карекеті деп түсіндіру болып табылады.
Осының бәрі тек әлеуметтік пошымдар мен метамарфозалардың физикалық түсіндірмелері екендігі айдан анық. Спенсердің өзі немесе оның ықпалымен басқа жазушылар тұжырымдаса да бәрібір,тұтас күйінде алғанда спенсерлік әлеуметтану, биологиялық және психологиялық деректер кеңінен пайдаланылғанына қарамастан, белгілі бір дәрежеге дейін қоғамның физикалық философиясы болып табылады.
Дегенмен, мұндай физикалық тәпсір әлі бүкіл эволюциялық әлеуметтануды құрамайды. Шынында да, әлеуметтану арнайы әлеуметтану ғылымдары зерттейтін әрқилы қоғамдардың негізінде жатқан бірлікті мойындауды талап етіп қана қоймайды, сондай-ақ ол әлеуметтік құбылыстарды түсіндірудің объективті немесе физикалық, субъективті немесе ырықтық негіздерінде бір негізгі қисын жатуға тиіс дегенді кесіп айтады. Осынау екі түсіндірме де бірнеше ғасырлар бойы экономикалық және саяси философия саласында бір бірімен күресіп келді. Аристотельдің "Саясатынан" бастап Боден, Монтескье және физиократтар нәсілдің, топырақтың, климаттың, тұқым қуалаудың және тарихи жағдайлардың объективті тәпсірленуін дамытты. Гроций, Гоббс, Локк, Юм, Бентам, Беркли, Кант және Гегель адам табиғатының, пайдалылықтың, этикалық императивтер мен мұраттардың субъективті тәпсірлерін жасады. Бірақ, осы екі тәпсір әлі ешқашан бетпе-бет қақтығысқан емес. Ой шектері ешқашан қоғамның өзінің бірлігін зерттеу әрекеттерімен де, тәпсір бірлігіне жету жөніндегі шын ғылыми әрекетпен де ой көкжиегін бұзған
емес. Борк өзінің саяси шығармаларында, арнайы болмаса да, шынында да осы бірлікке бәрінен көбірек жақындады.
Әлеуметтанушылар туралы қысқаша мәліметтер.

Огюст Конт (1798-1857) франция әлеуметтанушысы және философ. "Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт өзінің "По - зитивтік философия курсында" позитивтік философияның бір бөлігін қурайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ре - тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін қөлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді.
Герберт Спенсер (1820-1903) англиялық философ және әлеуметтанушы. Әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынанғана емес,Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол ушін тіклей әлеуметтік құбылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар қажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның туғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейбіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы
Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендері
Геосаясат
Жұмсақ регионализм - қатал регионализмге балама
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі девионтологияның орны
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам
Еуразияшылдық идея
Билік органдарын сайлау
Ресей Федерациясындағы муниципалды баскарудың дамуы
Демография пәніне кіріспе
Пәндер