«босанудан кейін туындайтын септикалық аурулар»


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: «Босанудан кейін туындайтын септикалық аурулар»
Пәні: Акушерия және гинекологиядағы мейірбике ісі
Мамандығы: 0302000 мейірбике ісі
Курс: 4
Уақыты (ұзақтығы) : 2 сағат
Құрастырған: Абдукасымова Э, А.
Шымкент, 2013
Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілді
«___» 2013 ж №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі
м. ғ. к., доц. м. а. Р. Т. Тлеужан
1. Тақырыбы: «Босанудан кейін туындайтын септикалық аурулар»
2. Mақсаты: босанудан кейінгі кезеңнің патологиясы ретінде дамитын септикалық аурулармен оқушыларды таныстыру.
3. Дәріс тезистері
Дәріс жоспары:
- Жіктелуі
- Бірінші сатының аурулары
- Екінші сатының аурулары
- Үшінші сатының аурулары
- Төртінші сатының аурулары
Акушерия тәжірибесінде шешілмеген күрделі мәселелердің бірі - босанғаннан кейінгі кезеңнің инфекциялық аурулары; оның жиілігі соңғы жылдары жоғарылауда (19, 7-75 %-ға дейін) . Бұл асқынудың жоғарылау себептері: әйелдің жалпы денсаулыгының төмендеуі (экономикалық-экологиялық жағдайларға байланысты), жүктілік пен босану асқынуларының артуы; ауру қоздыратын микробтардың біреу емес, бірнешсу болуы; ауруханаішілік-госпитальдық инфекцияның өсуі. Сонымен қатар, әйел босанғаннан кейін әлсізденіп, әр түрлі инфекцияға сезімтал келеді, оның организмінің иммунологиялық қасиеті төмендейді. Осы мезгілде ана организміне жарақаттанған босану жолдарынан жатыр мойын өзегі немесе қан, лимфа арқылы микробтар еніп, септикалық ауруларға душар стеді. Инфекция қоздырушылар: стафилококк, р-, гонококк, анаэробты бактериялар, ішек инфекциясы. Инфекция қоздырушылар әйел организмінің ішкі (эндогенді) және сыртқы қоршаған ортаның (экзогенді) микробтары болуы мүмкін. Жоғарыда аталған жағдайларга байланысты әйелдің иммунологиялық күші төмендеп, септикалык аурудыц белгілері мардымсыз, жасырын түрде өтіп, ұзақка созылады.
Босанғаннан кейінгі кезеннің септикалық аурулары А. В. Бартельс-С. В. Сазоновтың жіктеуі бойынша төрт сатыға бөлінеді.
І сатысы - инфекция ішкі жатыр мойны ернеуімен шектеледі: аралық, қынап қабырғасының, жатыр мойнының жаралары, жатырдың кабынуы.
ІІ сатысы - инфекция тек кіші жамбас қуысымен шектеледі: жатыр, жатыр маңының, жатырақ қосалқы бөліктерының, кіші жамбас іш пердесініц, жатыр, жамбас қан тамырларының қабынуы (метрит, параметрит, тромбофлебит, пельвиоперитонит) .
III сатысы - инфекция кіші жамбас қуысынан шығып қанға тарайды. Іш пердесінің қабынуы (перитонит), септикалық шок.
ІV сатысы - инфекция қан арқылы бүкіл денеге жайылады сепсис, септицемия, септикопиемия Босанғаннан кейінгі кезеңнің септикалық ауруларының барлық сатысында, алдымен ауруды қоздырған микробтың кдсиетін және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау қажет.
Бірінші сатысы. Әйел босанғаннан кейін босану жолдары жеңіл "жара-қаттану болады", жарақаттанады, көбіне аралық пен жатыр мойны жыртылады. Сол жарақаттарға инфекция түсетін болса, жара пайда болып, беті іріңдейді. Белгілері: сыртқы жыныс ағзалары қатты ауырып, қызарып, ісініп, қабынады. Аралық тігістері іріңдеп, ажырап, қанағыш келеді, екінші-үшінші күндері әйел денесінің қызуы көтеріледі (4-5 күнге созылады) . Емдеу жолдары: аралықтың тігісін алып тастап, жараны сутегі тотығымен жуып тазартады. Жараны іріңнен тазарту үшін, гипертониялық ерітіндіге малынған дәкеден күніне үш рет аралыққа түтікше қояды. Жараны іріңнен толық тазартқаннан кейін, синтомицин, грамицидин майларын қолданады. Осымен қатар, инфекцияға қарсы антибактериялық ем жүргізеді: пенициллин, ампициллин, оксациллин т. б. Жара тез жазылып, қалпына келуі үшін трипсин, химотрипсин ферменттерін және ультракүлгін сәулесін пайдаланады. Жара 12- 14-күндері толық жазылады, содан кейін аралыққа екінші реттігіс салуга болады. Босанғаннан кейінгі кезеңнің инфекция ауруларының ең жиі кездесстін түрі - жатырдың қабынуы (эндометрит) . Ауру басталған кезде жатырдың шырышты және етті қабаты қабынып, жараланып, іріңдейді.
Белгілері: босанғаннан кейін 3-4-күндері, ал кесар тілігінен кейін 1-3-күндері пайда болады. Дене қызуы 38-39°-қа дейін қөтеріліп, тамыр соғуы жиілейді (тамыр соғуының жиілігі дене қызуына сәйкес келеді) ; әйел безгек ауруындай қалтырайды. Жатырдың жиырылуы, қайта қалпына келуі төмендейді, қолмен ұстаған кезде жатыр ауырмалы, жатырдан шығатын сұйық зат қан-ірің аралас, сасық иісті болады. Бұл асқынуда жатырдың жиырылу қасиетінің төмендеуінен, немесе жатыр мойын өзегінің бітеліп қалуынан, кенде сүйық зат (ақ кір) жатыр қуысында жиналып, жатырды керіп, ауыртпалы толғақ пайда болады, бұны лохиометрия деп атайды. Осы кезде дененің улануы кушейіп, әйелдің қызуы көтеріледі, басы ауырады, қан құрамы өзгереді әсіресе-қанның ақтүйіршіктері мен СОЭ жоғарылайды.
Емдеу жолдары: Ем жан-жақты болуы керек. Біріншіден жатыр қуысы іда бала жолдасынын бөліктерінің қалдығын анықтайды (УДЗ зерттеуі арқылы) . Егер жатыр қуысында бала жолдасының қалдығы анықталса, жағыр қуысын тазалап, жатыр үстіне мұз қойып (10-15 минуттай), түрлі антибиотиктерді - канамицин, ампициллин, гентамицин, ампиокст. б. және улануға қарсы дезинтоксикациилық сұйықтықтарды (гемодез, реополиглюкин), сонымен қатар, әйелдін күш-қуатын көтеру үшін - белоктық заттар мен вигаминдерді кеңінен қолданады. Дененің тітіркеніп, түршігуін басу үшін - димедрол, пипольфен, супрастин; қызуын бәсендету үшін - амидопирин, аналгин, аспирин беріледі. Егер ауру оттегінсіз өмір сүретін микроб әсерінеп пайда болса, линкомицин, левомицитин, эритромицин енгізеді.
Ауру 8-10 күнге созылады, толық емдемесе инфекция одан әрі тарап, ауру асқынады.
Екінші сатысы. Параметрит. Бұл асқынудың белгілері босанғаннан кейін 10-12-күндері байқалады. Дене түршігіп, қызуы 39-40° жетіп, іштің төменгі жағы тартып ауырады және қан құрамы өзгереді. Қынаптық зерттеуде: жамбас пен жатыр қабырғасы арасында қозғалмайтын, қабыну ісігі анықталады, жатыр бөлек анықталмайды. Бұл қабыну ісігі үш-төрт апта ішінде қайта сорылуы немесе іріңдеуі мүмкін; іріндеген ісікті қынап арқылы дер кезінде жарып, ірінді сыртқа шығарады. Егер ірінді ісікті жармаса, ол әрі қарай бүйрек, қуық, тік ішекке дейін жайылып. өзі жарылады (бұл әйел өмірі үшін қауіпті асқыну) .
Жатырдың қосалқы бөліктерінің қабынуы. Бұл қабыну көбінесе сөз ауруларының әсерінен болады.
Ауру белгілері: босанғаннан кейін 7-10- күндері байқалады, әйелдің жалпы жағдайы нашарлап, денесі түршігіп, қызуы 39-40°-қа көтеріледі. Іштің төменгі жағы қатты ауырып, іш перденің тітіркену белгісі пайда болады. Қынаптық зерттеуде: жатыр қосалқы бөліктерінде ауырмалы шекарасыз қабыну ісігі анықталады, жатыр ісініп, үлкейіп, ісікке қарама-қарсы жаққа ығысады.
Емдеу жолдары: жан-жақты, жоғарыда аталған дәрі-дәрмектерді кеңінен қолданады, Ал қабыну ісігі іріңцеген жағдайда емі - хирургиялық.
Пельвиоперитонит. Аурудың белгілері босанғаннан кейін 3-4-күндері байқалып жедел басталады, дене қызуы 39-40°-қа көтеріледі, іштің төменгі жағы қатты ауырып, әйелдің жүрегі айнып, құсуы мүмкін. Ішпердесінің тітіркену белгісі пайда болады.
Қынаптықзерттеуде: жатыр ісініп үлкейеді, ауырмалы. Кабыну ісігі қайта сорылуы мүмкін немесе іріңді қуысқа айналады.
Емі: жан-жақты - антибактериялық, инфузиялық және десенсибилизиалық емдерді кеңінен қолданады; іріңдеген қуысты қынаптың артқы күмбезін тесіп ағызады (кольпотомия) .
Босанғаннан кейінгі тромбофлебит - жатыр мен жамбас қуысындағы қан тамырларының қабынуы
Бұл асқыну көбінесе жатырдың қабынуынан кейін пайда болады (7-8-күндері) . Дене қызуы 38-39°-қа көтеріліп, тамыр соғысы дене қызуына сәйкес келмейді. Қынаптық зерттеуде: жатыр ісініп үлкейеді, ауырмалы, жатырдан қан ағады. Жатыр қабырғасында жуандалған көк тамыр жолақтары анықталады. Бұл асқынуда - тромб үзіліп, өкпе артериясының эмболиясына душар етуі мүмкін.
Емдеу жолдары: инфекцияға қарсы дәрілерді - антибиотиктерді және гепарин, дикумаринді қолданады. Төсек тәртібін қатаң сақтау қажет.
Үшінші сатысы. . Перитонит - босанғаннан кейінгі ішпердесінің қабынуы екінші, үшінші, сегізінші күндері байқалады. Ішперде қуысында іріңді және іріңсіз сүйықтық пайда болады; дене ыстығы көтеріліп, тамыр соғуы жиілейді, іштің төменгі жағы ауырып, жүрек айну, қүсу пайда болады. Үлкен дәрет іште қатаяды, іш қатты кеуіп, іш перденің тітіркену белгілері анықталады. Бірақ ауру белгілері көбінесе жасырын түрде өтеді. Соңғы жылдары кесар тілігінен кейінгі ішпердесінің қабынуы өте жиі кездеседі (босанған әйелдер арасында 0, 47-0, 6% аралығында) .
Негізгі седептері:
1. Қағанақ суының мезгілсіз кетуі (12 сағаттан асуы) ;
2. Операция алдындағы қынаптық зерттеудің көптігі;
3. Босану әрекеттерінің ұзаққа созылуы;
4. Жатыр тігісінің ажырауы.
Перитониттің дамуы үш фазадан тұрады. Бірінші фазасы: бұл фазада іш қуысында сарысу жиналып, оған қанның ақ түйіршіктері мен фибрин қосылып қоюланып, іріңді-қанды сарысуға айналады. Сарысу қайтадан ішекке сіңбегендіктен, қанайналымы төмендеп, гиповолемия айқындалады, қанда натрий мен калийдің мөлшері азайып, ішектің қимылы әлсірейді.
Екінші фаза - улану. Бұл фазада қанайналымы бұзылып, қан іш қуысының көк тамырында бөгеледі; организмнің қорғаныштық, бейімділігі, бүйректің, бауырдың қызметі төмендейді, зат алмасу жүйелері бұзылып, ішектің қимылы тоқталып, әйелде жиі құсық пайда болады; уланудың артуымен қатар, мүшелердің қанайналымы бұзылып, бүйрек, бауырда дистрофиялық өзгерістер пайда болады, сөйтіп ұлпалық гипоксия өседі.
Үшінші фаза - терминалдық. Бұл фазада қан қысымы, жүректің соғуы төмендеп, бүкіл организмнің улануынан әйел сандырақтап, есінен танады, септикалық шок дамиды.
Кесар тілігінен кейінгі перитонипің каршикалық белгілері бірден анық болмайды, операциядан кейін бірінші, екінші күндері мардымсыз болады. Әйелдің жалпы күй-жағдайы нашарлап, тілі құрғап, ішек қимылы әлсірейді. Ішті шертіп көргенде шерту дыбысы әлсізденеді, ішек қимылы өте төмен немесе жоқтың қасы. Іш пердесінің тітіркену (Щеткин-Блюмберг) белгілері анықталмайды. Кесар тілігінен кейінгі жатырдың жиырылу қасиеті өте төмен, ауырмалы, жыныс жолдарынан қан және ірің аралас сасық сұйықтық ағады. Қан құрамы өзгереді: гемоглобин төмендейді, қанның ақ түйіршіктері, СОЭ жоғарлайды, нейтрофиль формуласы солға жылжиды. Организмнің улану салдарынан зәрде белок пайда болып, бүйректің қызметі төмендейді. Кесар тілігінен кейінгі іш пердесінің қабынуының негізгі ерекшеліктері:
1. Асқынудың клиникалық белгілері бірден анық түрде өтпейді; дене ыстығы көтерілмейді, іш перденің тітіркену белгілері анықталмайды.
2. Қорғаныш сатысынан, улану сатысына жедел көшеді.
3. Дәрігерлік көмектен кейін, ауру белгілері тез қайталанады.
Аталған ерекшеліктерге байланысты, егер кесар тілігінен кейін, 1-2-күндері улану белгілері пайда болса, бірден емді бастайды. Іш пердесінің қабынуын тек операциялық жолмен емдейді - жатырды түтікшелерімен және жатыр мойнын түгел алып тастайды (жатыр экстирпациясы) . Бұл операцияда қынаптың шетін бөлек тігіп, оны ашық қалдырады, қосымша түтікшелер қойылады. Операциядан кейін бүкіл организмнің жүйке - мүшелер қызметін қалпына келтіретін жан-жақты емдер қолданылады: диализ (іш қуысын дәрі-дәрмекпен шаю) ; қан және қанның әр түрлі құрамдары - мұздатылған плазма, эрмасса, глюкоза, гемодез, реополиглюкин, белок сүйықтықтары, десенсибилизаторлар - димедрол, супрастин, пипольфен және қанның реологаялық қасиетіне әсер ететін - трасилол, контрикал, гепарин; ішек қимылын дұрыстайтын - прозерин, церукал, гипертониялық клизма; жүректің, өкпенің, бауырдың қызметін жақсартатын (гликозидтерт. б. ) . Тәулікте венаға қүятын инфузионды ерітіндінің мөлшері үш литрден кем болмауы керек; сонымен қатар, венаға құйылған ерітіндіпің мөлшері, тәуліктік зор мөлшерімен сәйкестендіріліп отырады.
Септикалық шок - микробтардың ыдырап, оның уытының бүкіл организмге, қанға тарауынан кенеттен пайда болатын патологиялық құбылыс. Осының салдарынан қан тамырларының қызметі төмендеп, қанның ұюы артып, ұлпалар мен мүшелерде өттегі жетіспей, олардың қызметі бұзылады; жедел гемодинамикалықбүзылу байқалады. Сонымен қатар, қан құрамы өзгереді, қан қысымы төмендейді, зор азаяды, мидың, бауырдың, өкпенің, бүйректің тамырларында қан ұйып, олардың негізгі қызметтері томендеп нашарлайды. Негізгі мүшелерде морфологиялық және функционалдық өзгерістер байқалып, "шоктық өкпе", "шоктық бүйрек" анықталады. "Шоктықөкпенің" дамуы микроциркуляцияның, ал "шоктық бүйрек" оның қанайналымының бұзылуына байланысты. Асқазан-ішекте микроциркуляцияның бұзылуы асқазан-ішек ойық-жарасына душар етеді. Бұл құбылыстар көбінесе жүктілік, босану кезендерінің асқынуында, перитонитте, сепсисте жиі кездеседі. Септикалық шоктың екі сатысы бар:
1. Ерте сатысы - 6-8 сағат аралығы.
2. Кеш сатысы - бірнеше күннен бір жұмаға дейін.
Егер шоктың клиникалық белгілері кенеттен пайда болса - алғашқыда дене қалтырап, қызуы 39-40°-қа дейін көтеріліп, тамыр соғуы жиілейді. Екінші тәулікте дене қызуы төмен-дейді. Сырқат әйелдің тыныс алуы жиіленеді, суық тер шығып, өңі бозарып сұрланып, жалпы жағдайы нашарлайды. Қан құрамында - қанның ақ түйіршіктері көбейіп, СОЭ жоғарылайды, тромбоциттер азаяды.
Егер науқас әйел, септикалық шоктан шығарылмаса, қанайналымы қалыптастырылмаса, бүйректің қан тамырлары түйіліп, тоуліктік зор көлемі бұзылады. Кеш сатыпың клиникалық белгілері: қан қысымының төмендеуі ұлғаяды, әйелдің тыныс алуы жиіленіп, ентігу пайда болады, бет әлпеті шамалы когеріп, аяқ-қолдары мұздай бастайды; әйел әлсін-әлсін есінен танады. Әрбір тілген және дәрі еккен жерлердің бәрінен қан аға бастайды, қан ұйымайды. Тоуліктік зор азайып, бірден болмай қалуы мүмкін.
Септикалық шоктың ерекшеліктері:
1. Шоктың кенеттен пайда болуы;
2. Асқынудың ағысы - микробтың түріне, қабілетіне, күшіне байланысты;
3. Тәуліктік зәрдің азаюы немесе тоқтап қалуы.
Септикалық шоктың диагнозын анықтап, дұрыс ем жүргізу үшін төмендегі зерттеулерді қолданады:
1. Артериялық және орталық венозды кысымды әрбір 30 минут сайын және тыныс алу жиілігін бақылайды.
2. Тәулігіне 4 рет тік-ішек температурасын өлшейді (дене температурасымен салыстыру үшін)
3. Жалпы қан құрамын және тромбоциттердің санын зерттейді.
4. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын және қанда бактериологиялық зерггеу жүргізеді.
5. Сағат сайын зор мөлшерін және зәрде бактериологиялық зерттеу жүргізеді.
6. Қан сарысуында электролиттің, мочевинаның, креатиннің мөлшерін анықтайды.
7. Мониторлы бақылау (ЭКГ, жүрек соғуының жиілігін) жүргізеді
8. Кеуде және іш перде қуысына рентгенологиялық зерттеу жүргізеді.
9. Қан ұю көрсеткіштерін анықтайды (тромбоциттің, фибриногеннің т. б. санын) .
Емдері: септикалық шоктың негізгі емі - жүйке, мүшелердің қызметін жақсартуға, инфекцияға қарсы, инфекция ошақтарын жоюға бағытталған.
1. Септикалық ошақты ерте, тұтас жою.
2. Комплексті антибактериялық терапияны қолдану (цефалоспориндерді: цефотоксин, цефуроксин, цефпирон т. б. ) ; антиаиаэробты антибиотиктер (метронидазол, дифлюкан) .
3. Қан айналымындағы қан мөлшерін бір қалыпты ұстау үшін - глюкоза ерітіндісін, реополиглюсин, реоглюкин, аминазол, альбумин және құрғақ плазманы қолданады.
4. Тыныс алу жетіспеушілігін - оттегі терапиясы арқылы коррекциялан, қажет жағдайда трахеостомия ИВЛ жасайды.
5. Иммунотерапия (иммуноглобулин) .
6. Су-электролит алмасуының бұзылуын коррекциялау.
7. Антиагреганттар (курантил, компламин) және антикоагулянтгар - гепарин (2-6 ЕД тәулігіне, немесе 1000 ЕД сағатына венаға тамшылатып, немесе 5000-1 ЕД-ны тері астына әрбір 6 сағат сайын енгізеді (қан үю көрсеткіштеріне байланысты) .
8. Әйелдің ауыр жағдайын ескере отырып, септикалық шокта зонд арқылы қоректену режимін енгізеді.
9. Септикалық шокта - плазмаферез, гемофильтрация, гемо - немесе плазмосорбция жасайды.
Төртінші сатысы. Сепсис - патологиялық қалып, микроорганизмдердің ыдырауы салдарынан, оның уыты (токсиндері) септикалық тартып (3-5-күн аралығында), ірің пайда болады, емшек қол тигізбей қатты ауырады. Іріңдеу түрінің белгілері: дене ыстығы 38-39 0 -қа көтеріледі, қатты тітіркенеді. Әйелдің жалпы күй-жағдайы нашарлап, тілі кеуіп, тамыр соғуы жиілейді, қан құрамы қатты өзгереді. Босанғаннан кейінгі маститтің ерекпіелігі: қабынудың кеш дамуы, әйел үйге шыққанда (2-3-жұма аралығында) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz