Кеден төлемдерi



МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

I. Кеден төлемдерiнiң теориялық негiзi
1.1. Кеден төлемдерiнiң пайда болу тарихы
1.2. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерi, кеден бажы

II. Кеден төлемдерiн, кеден бажын есептеу, рәсiмдеу әдiстерi
2.1. Кеден төлемдерiн, кеден бажын есептеу әдiстерi
2.2. Кеден төлемдерiн, кеден бажын рәсiмдеу әдiстерi
2.3. Артық төленген кедендiк төлемдердi қайтару.

III. Қазақстан Республикасының кедендiк төлемдерiнің орындалуын жетілдіру жолдары

Қорытынды мен ұсыныстар

Пайдаланылған әдебиеттер
Кiрiспе
Кеденнiң аса бiр маңызды мiндетi- кедендiк алым - салық жинау. Мекеменiң экономикалық бағытын анықтайтын ерекше мiндетi болғандықтан сондай-ақ,, бюджетке кiретiн табыстың едәуiр бөлiгi алым - салықтан түседi. Кемелiне жеткен елдерде оның мөлшерi 20-25%, ал жаңа өркендей бастаған елдерде 80%-ке дейiн барады.
Бiздiң кеден саясатымыз Қазақстан Республикасының "Кедендiк тарих және алым - салық" Заңына, сыртқы экономикалық қарым - қатынас мәселесiне арналған Республика Президентiнiң жарлығы мен үкiмет шешiмдерi мен негiзделген. Ал сапасыз импортқа келетiн болсақ оған тосқауыл жасауға кеденнiң шамасы жетедi, мәселен бiз шетел арағына жанама және шекара салығын өсiрдiк те тұтынушылар мен арақ-шарап өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындарының мүддесiн қорғап отырмыз.
Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бiрлiгi кедендiк баждың өзiндiк ерекше ставкалары белгiленген тауарлар бойынша кедендiк баждар салуға араналған база болып табылады.
Кедендiк төлемдердi есептеу тәртiбiнде, кедендiк төлемдердi төлеушiлер дербес есептейдi және кеден iсi саласында құқық бұзушылық анықталғын жағдайда, төленуге тиiстi кедендiк төлемдердi есептеудi кеден органы жүргiзедi немесе өзгеде заң актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де жүргiзедi. Кедендiк төлемдердi есептеу үшін кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күнi қолданылатын ставкаларды пайдаланады,ал кедендiк баждарды есептеу Қазақстан Республикасының кедендiк тарифiне сәйкес сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодына және тауарлардың атауына сай келетiн ставкалар бойынша қолданылады. Кедендiк төлемдердi соның iшiнде тауарлардың кедендiк құнын айқындау мақсаттары үшін шет ел валютасын қайта есептеу жүргiзу талап етiлген жағдайларда, кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күнге немесе төленуi тауарлардың кедендiк ресiмделуiне байланысты емес, кедендiк төлемдер үшін төлем күнiне заңдарға сәйкес белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Я.Аубакиров . Экономикалық теория негiздерi. Оқу құралы. Алматы 1999
2. Байгiсиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. - Алматы: Санат, 1998.
3. Булатов А . Мировая экономика А: 2001.
4. Буглай В.Б. Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения. - М.: Финансы и статистика, 1996
5. Ломакин В. Мировая экономика. 1999
6. Мустафа Эрсунгур. Аймақтық экономика. 2000
7. Мустафа Эрсунгур. °лемдiк экономика және халықаралық экономикалық қатынастар. Т:2000
8. Н.°. Назарбаев. Қазақстан 2030 жолдауы
9. Спиридонов И.А. Миравая экономика.-М.: ИНФРА-М, 1998
10. Спиридонов С. Мировая экономика.-М: ИНФРА, 2000
11. Международные экономические отношения. Под.ред. Рыбалкина В.Е.-М.:1998
12. Нихат Батмаз. Макроэкономика. 2000
13. Семенов К.А. Международные экономические отношения.-М.: 1998
14. Д.М. Мадиярова. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауiпсiздiк.- А.:2000
15. Г.Н. Доғалова. Халықаралық экономика. –А.:2000
16. Фомичев В.И. Международная торговля.-М.,1998
17. Хлопов А. Теория международной торговли. МЭ и МЭО –N11,1997
18. Хасбулатов Р.И. Миравая экономика. – М.: ИНСАН, 011994.
19. Хазбулатов Б. Мировая экономика. 1998
20. Шмиттгофф К. Экспорт: право и политика международной торговли М., Юрид. Литература,1993

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

I. Кеден төлемдерiнiң теориялық негiзi
1. Кеден төлемдерiнiң пайда болу тарихы
2. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерi, кеден бажы

Кеден төлемдерiн, кеден бажын есептеу, рәсiмдеу әдiстерi

3. Кеден төлемдерiн, кеден бажын есептеу әдiстерi
4. Кеден төлемдерiн, кеден бажын рәсiмдеу әдiстерi

2.3. Артық төленген кедендiк төлемдердi қайтару.

III. Қазақстан Республикасының кедендiк төлемдерiнің орындалуын
жетілдіру жолдары

Қорытынды мен ұсыныстар

Пайдаланылған әдебиеттер

Кiрiспе
Кеденнiң аса бiр маңызды мiндетi- кедендiк алым - салық жинау.
Мекеменiң экономикалық бағытын анықтайтын ерекше мiндетi болғандықтан
сондай-ақ,, бюджетке кiретiн табыстың едәуiр бөлiгi алым - салықтан
түседi. Кемелiне жеткен елдерде оның мөлшерi 20-25%, ал жаңа
өркендей бастаған елдерде 80%-ке дейiн барады.
Бiздiң кеден саясатымыз Қазақстан Республикасының "Кедендiк
тарих және алым - салық" Заңына, сыртқы экономикалық қарым - қатынас
мәселесiне арналған Республика Президентiнiң жарлығы мен үкiмет
шешiмдерi мен негiзделген. Ал сапасыз импортқа келетiн болсақ оған
тосқауыл жасауға кеденнiң шамасы жетедi, мәселен бiз шетел арағына
жанама және шекара салығын өсiрдiк те тұтынушылар мен арақ-шарап
өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындарының мүддесiн қорғап отырмыз.
Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң
тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бiрлiгi кедендiк баждың өзiндiк ерекше
ставкалары белгiленген тауарлар бойынша кедендiк баждар салуға араналған
база болып табылады.
Кедендiк төлемдердi есептеу тәртiбiнде, кедендiк төлемдердi
төлеушiлер дербес есептейдi және кеден iсi саласында құқық бұзушылық
анықталғын жағдайда, төленуге тиiстi кедендiк төлемдердi есептеудi кеден
органы жүргiзедi немесе өзгеде заң актiлерде көзделген жағдайларды
қоспағанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де жүргiзедi.
Кедендiк төлемдердi есептеу үшін кеден органы кедендiк декларацияны
тiркеген күнi қолданылатын ставкаларды пайдаланады,ал кедендiк баждарды
есептеу Қазақстан Республикасының кедендiк тарифiне сәйкес сыртқы
экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодына және
тауарлардың атауына сай келетiн ставкалар бойынша қолданылады. Кедендiк
төлемдердi соның iшiнде тауарлардың кедендiк құнын айқындау мақсаттары
үшін шет ел валютасын қайта есептеу жүргiзу талап етiлген жағдайларда,
кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күнге немесе төленуi
тауарлардың кедендiк ресiмделуiне байланысты емес, кедендiк төлемдер үшін
төлем күнiне заңдарға сәйкес белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық
бағамын пайдаланады.

I.Кеден төлемдерiнiң теориялық негiзi
1.1.Кеден төлемдерiнiң пайда болу тарихы

Кеден төлемдерi Қазақстанға совет дәуiрiнде ғана келген, яғни ол
кезде 200 адамнан тұратан үш – ақ кеден бар едi, олардың өзi де
Мәскеуге бағынатын. Шекарасының шегi жоқ ұлан-байтақ елiмiзде кеден
қызыметтiн ұйымдастыру оңай шаруа емес едi. Сыртқы экономикалық
қарым - қатынастың қауырт дамуы, азаматтарымыздың шет елдерге,
шетелдiктердiң Республикамызға ағыл - тегiл келiп кетуi кеден
қызметiн реттейтiн заңды құжаттар мен шартты құжаттарды қабылдауға
мәжбүр етiп отыр. Бүгiнгi кеден қызметi, оның мән - мағынасы жайында
Қазақстандық кедендiк саясатының қалай iске асырылып отырғанын жалпы
айтқанда, бұл саясат қай елде болмасын, алдымен мемлекет мүддесiн
қорғайды. °р елдiң экономикалық тәуелсiздiгi оның iшкi, сыртқы
экономикалық,, кедендiк саясатының байсалды түрде iске аасыуына
байланысты. Егер нақпа-нақ келсек, кеденнiң негiзгi төрт түрлi
қызметтi бар. Бiрiншi, экономикалық iшкi сауда-саттықты қорғау,
ұлттық экономикаға жағдай жасау, бәсекенi қоздыру және монополияға
жол бермеу, алар жақ тұтыным мен берержақ ұсыныстарды реттеу,
инфляцияны тұқырту, қайта жаңғыртудың құрылымдық саясатын белгiлеп,
шетел капиталын тарту. Екiншi, сауда саясаты: кеден-тауар жолындағы
көпiр сияқты дәнекер, кiре жолының танымсыз әрi нәтижелi болуы
үшін жалпыға ортақ тәртiп ережесi қажет. Басқаша айтқанда, кеден
iс – әрекетiнiң ережесi мен мөлшекрi халықаралық бiр қалыпқа үндес
болуға тиiс. Тек сонда ғана елiмiз дүниежүзiлiк сауда-саттық көзiне
кедергiсiз жол табады. Үшiншi, статистика қызметтi: мемлекеттiк
қисап қажеттi ақпараттардың толықта нақты мәлiметтерiн жинақтап,
қадағалап отыру. Төртiншi, тәртiп сақтау: iшкi-сыртқы қаскейлермен ,
кеден ережесiн бұзушылармен күрес, есiрткi, қару-жарақ пен оқ-дәрiнi
шеттен алып, шетке шығаруға тиым салу, тарихи, көркемдiк мәнi зор
мәдени байлығымызды ұрлық қарлықтан сақтау, валютаның шетке шығып
кетуiне тосқауыл болу.
Кеденнiң аса бiр маңызды мiндетi- кедендiк алым - салық
жинау. Мекеменiң экономикалық бағытын анықтайтын ерекше мiндетi
болғандықтан сондай-ақ,, бюджетке кiретiн табыстың едәуiр бөлiгi
алым - салықтан түседi. Кемелiне жеткен елдерде оның мөлшерi 20-25%,
ал жаңа өркендей бастаған елдерде 80%-ке дейiн барады.
Бiздiң кеден саясатымыз Қазақстан Республикасының "Кедендiк
тарих және алым - салық" Заңына, сыртқы экономикалық қарым - қатынас
мәселесiне арналған Республика Президентiнiң жарлығы мен үкiмет
шешiмдерi мен негiзделген. Ал сапасыз импортқа келетiн болсақ оған
тосқауыл жасауға кеденнiң шамасы жетедi, мәселен бiз шетел арағына
жанама және шекара салығын өсiрдiк те тұтынушылар мен арақ-шарап
өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындарының мүддесiн қорғап отырмыз. Қай
елдi алмасаңызда импорт-экспортты реттеудiң бiрден бiр амалы-кеден
тарифы, сондықтан ол әрқашан сыныптай өтiмдi, сауда саттық
коньюнктурасына байланысты құбылмалы болуға тиiс.

1.2.Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерi, кеден бажы
Қазақстан Республикасында мынадай кедендiк төлемдер қолданылады:
-кедендiк баж ;
-кедендiк алымдар;
-алымдар;
-алдын ала шешiм үшін төлемдер.
Кедендiк төлеушiлер, кедендiк төлемдердi есептеу, төлеу, қайтару және
өндiрiп алу тәртiбi, сондай-ақ кедендiк төлемдер бойынша жеңiлдiктер
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады. Кеден
органдары демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк баждарды заңдарда
белгiленген тәртiппен және көрсетiлген жағдағларда алады. Төлеушiлер және
төлеу тәртiбi, жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзу
кезiнде кедендiк төлемдер Үкiмет белгiлеген жиынтық кедендiк төлем түрiнде
төленуi кеурек.
Кедендiк төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге бөлiнедi:
-салық салынатын тауарлардың кедендiк құнына процентпен
есептелетiн—адвалорлық;
-салық салынатын тауарлардың бiрлiгi үшін белгiленген мөлшерде
есептелетiн—ерекшелiктi;
-кедендiк төлемдер ставкаларының аталған екi түнiнде
ЖҮЗштастыратын—құрамдас бөлiгi болады.
Кедендiк баждар—тауарларды кедендiк режимдерде декларациялау кезiнде
төленедi, бЖҮЗларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының кедендiк
тарифiне сәйкес кедендiк баждарды төлейдi және кедендiк баждардың
ставкаларын Үкiмет белгiлейдi, олар ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк
30 күн өткен соң күшіне енедi.
Кедендiк алымдарға мыналар жатады:
-кедендiк рәсiмдеу үшін кедендiк алым;
-кедендiк iлесiп алып жүру үшін кедендiк алым;
-тауарларды сақтау үшін кедендiк алым.
Көрсетiлген iс-әрекеттердi орындағаны үшін кеден органдары шығындарының
құны кеден алымдарының мөлшерiн айқындау үшін негiз болып табылады.
Кедендiк ресiмдеу үшін кендендiк алым тауарлар мен көлiк құралдарын негiзгi
кедендiк ресiмдеу кезiнде кедендiк ресiмдеу үшін Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлеген мөлшерде кедендiк алым алынады. кеден органдары
тауарларыды кедендiк iлесiп алып жүру үшін белгiлеген мөлшерде кедендiк
алым алады және бiрнеше көлiк құралын кедендiк iлесiп алып жүру кезiнде
кедендiк алымның сомасы iлесiп алып жүруге қатысушылардың санына бара-бар
бөлiнедi.
Тауарларды сақтау үшін кедендiк алым иелерi кеден органдары болып
табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау
үшін белгiленген мөлшерде мынадай кедендiк алымдар алады:
-лицензия бергенi үшін алым;
-кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк атестатын бергенi үшін
алым жатады.
Осы белгiлеген алымдардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi
айқындайды. Лицензия бергенi үшін алым, кеден қоймасын құрғаны, бажсыз
сауда жасайтын джүзкен, бос қойма, уақытша сауда қоймасы, кедендiк
тасмалдаушы ретiнде қызметтi жүзеге асырғаны үшін берiледi. Тауардың
жжүзктемесiне, шығарылған елiн және кедендiк құнын айқындау әдiстемесiне
қатысты алдын ала шешiм қабылдағаны үшін белгiленген мөлшерде алдын ала
шешiм үшін төлем ақы алынады.

Кеден төлемдерiн, кеден бажын есептеу, рәсiмдеу әдiстерi

2.1. Кеден төлемдерiн, кеден бажын есептеу әдiстерi
Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң
тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бiрлiгi кедендiк баждың өзiндiк ерекше
ставкалары белгiленген тауарлар бойынша кедендiк баждар салуға араналған
база болып табылады.
Кедендiк төлемдердi есептеу тәртiбiнде, кедендiк төлемдердi
төлеушiлер дербес есептейдi және кеден iсi саласында құқық бұзушылық
анықталғын жағдайда, төленуге тиiстi кедендiк төлемдердi есептеудi кеден
органы жүргiзедi немесе өзгеде заң актiлерде көзделген жағдайларды
қоспағанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де жүргiзедi.
Кедендiк төлемдердi есептеу үшін кеден органы кедендiк декларацияны
тiркеген күнi қолданылатын ставкаларды пайдаланады,ал кедендiк баждарды
есептеу Қазақстан Республикасының кедендiк тарифiне сәйкес сыртқы
экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодына және
тауарлардың атауына сай келетiн ставкалар бойынша қолданылады. Кедендiк
төлемдердi соның iшiнде тауарлардың кедендiк құнын айқындау мақсаттары
үшін шет ел валютасын қайта есептеу жүргiзу талап етiлген жағдайларда,
кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күнге немесе төленуi
тауарлардың кедендiк ресiмделуiне байланысты емес, кедендiк төлемдер үшін
төлем күнiне заңдарға сәйкес белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық
бағамын пайдаланады.
Кедендiк төлемдердi төлеушiлерге мына тұлғалар жатады:
-тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өукiлеттiкктерi бар тұлғалар
немесе декларант;
-лицензия немесе кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк
атестатын алатын тұлғалар кедендiк төлемдердi төлеушiлер болып табылады.
Кедендiк баждарды төлеу мерзiмдерi өзгерген жағдайларды қоспағанда,
кедендiк баждар кедендiк декларация тiркелген күнге дейiн немесе тiркелген
күнi төленедi.
Егер кедендiк декларация заңдарға сәйкес айқындалатын мерзiмде
берiлмесе, онда кедендiк баждарды төлеу мерзiмдерi кедендiк декларацияны
беру мерзiмi өткен күннен бастап белгiленедi. Шартты тжүзрде шығарылған
тауарларды кедендiк баждар салудан босатуға байланысты мақтсаттардан өзге
мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оған
иелiк ету жөнiндегi шектеулердi бұзған күнi кедендiк баждарды төлейдi және
егер шектеулердiң бұзылған күнiн анықтау мжүзмкiн болмаса, кедендiк
декларация тiркелген күнi кедендiк баждарды төлеу мерзiмi болып есептеледi.

Кедендiк алымдарды төлеу мерзiмi кедендiк ресiмдеу үшін кедендiк
алымдар, кедендiк декларацияны тiркегенге дейiн немесе тiркеген күнi
төленедi және кедендiк декларация заңға сәйкес айқындалатын мерзiмдерде
берiлмесе, онда кедендiк декларацияны беру мерзiмдерi өтiп кеткен күннен
бастап төлеу мерзiмдерi өтедi, шартты түрде шығарылған тауарларды кедендiк
ресiмдеу үшін кедендiк алымдарды салудан босатуға байланысты мақсаттардан
өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және
оларға билiк ету бойынша шектеулердi бұзған күнi көрсетiлген алымдарды
төлеу мерзiмi болады немесе егер төлеу мерзiмiн бұзған күндi белгiлеу
мүмкiн болмаса, кедендiк декларация тiркелген күнiнде төлейдi. Кедендiк
алып жүру үшін кедендiк алымдар кеден органы кедендiк алып жүру туралы
шешiм қабылдағаннан кейiн, бiрақ кедендiк алып жүрудi ұйымдастырудың
басталуынан кешiктiрiлмей төленедi. Кеден органдары құрған кеден
қоймаларында және уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін
кедендiк алым осындай қоймалардың аумағынан тауарларды әкеткен күнi
төлейдi.
Лицензиялармен кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк
атестатын бергенi үшін алымдар, сондай-ақ алдын ала шешiм үшін төлем ақы
кеден органдары лицензияларды және кедендiк рәсiмдеу жөнiндегi маманның
бiлiктiлiк атестатын ресiмдеу үшін, сондай-ақ шешiм қабылдау үшін
белгiленген құжаттар мен қажеттi мәлiметтердi қабылдағанға дейiн төлейдi.
Кедендiк төлемдер қолма қол ақшамен және ақшасыз төлеу тәртiбiмен
төленедi. Кедендiк төлемдердi төлеушi не атынан кедендiк төлемдер
енгiзiлетiн төлеушiнi көрсете отырып үшіншi тұлға төлеуi мүмкiн және
кедендiк төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
Кедендiк төлемдер тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша
кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен
мемлекеттiк бюджетке аударылады. Артық төленген кедендiк төлемдердiң
сомасын қайтарып алу немесе есепке алу туралы төлеушiлердiң талаптары
бойынша талап қою мерзiмi 5-жыл болып белгiленедi.
Кедендiк төлемдердiң төленуiн бақылауға алынуы кеден органдарына
жүктелген кедендiк төлемдер бюджетке дұрыс есесптелуiне және уақытылы
еншiзiлуiне бақылауды кеден органы жүзеге асырады, сондай-ақ кедендiк
төлемдердiң бюджетке түсуiн есепке алу тәртiбiн кеден iсi жөнiндегi
уәкiлеттi орган бақылайды.
Кедендiк төлемдер бойынша жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының
кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кедендiк
төлемдерден босату түрiндегi жеңiлдiктер, сондай-ақ тарифтiк преференциялар
кедендiк жеңiлдiктер деп түсiндiрiледi. Кедендiк төлемдер бойынша
жеңiлдiктер өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен берiледi және
заңдарға сәйкес көделген жағдайларды қоспағанда дербес сипатта бола алмайды
немесе басқа нормативтiк құқықтық актiлерi мен кедендiк төлемдерi бойынша
жеңiлдiктер беруге тиым салынады.
Кеден iсi саласында кеңес беру кеден органдарының сыртқы
экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға Қазақстан
Республикасының кеден заңдарының ережелерiн түсiндiру болып табылады.
Кеден iсi саласында кеңес беру кеден органдарының орналасқан жерi
бойынша және кеден органдарының жұмыс уақыты кезеңiнде жүзеге
асырылады.
Кеден органдары кеңес берудi сыртқы экономикалық және өзге
қызметтерге қатысушылардан жазбаша өтiнiш алынған кезде оның iшiнде
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жазбаша нысанда
жүргiзiледi. Келiп түскен өтiнiштер кеден органдарында мiндеттi түрде
тiркелуге тиiс немесе жазбаша өтiнiштi қарау мерзiмi, заңдарда аталған
жағдайларды қоспағанда, ол тiркелген күннен бастап он жұмыс күнiннен
аспауға тиiс.
Бiрiлетiн кеңестiң дұрыстығы және объективтiлiгi үшін қосымша
құжаттар мен материалдар табыс етудi талап ететiн өтiнiштерге қатысты,
сондай-ақ кеден органдарының сол өтiнiштi қарау үшін, тауарлардың
шығарылған елi тауарды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелудi
және тауарды бұл аумақтан әкетудi тарифтiк және тарифтiк емес реттеу
шаралын қолдану мақсатымен анықталады.
Тауар толық өндiрiлген немесе белгiленген жергiлiктi дәрежеде қайта
өңдеу өлшемдерiне сәйкес жергiлiктi дәрежеде қайта өңделген ел тауардың
шығарылған елi болып есептеледi.
Тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаты үшін
егер оларды бөлiп көрсету қажет болса: елдер тобы, елдердiң кеден
одақтары, елдiң аймағы немесе бөлiгi тауардың шығарылған елi деп
есептелуi мүмкiн.
Белгiлi бiр елде толық өндiрiлген тауарлар және толық өңделген
тауарлар мыналар болып табылады:
- елдiң жер қойнауынан , оның аймақтық суларында немесе оның
құрлықтық маңайында өндiрiлген пайдалы қазбалар;
- белгiлi бiр елде туған және өсiрiлген немесе жиналған өсiмдiк
тектес өнiм;
- белгiлi бiр елде туған және өсiрiлген тiрi жануарлар;
- белгiлi бiр елде аңшылық және балық аулау кәсiпшiлiгiнiң
нәтижесiнде алынған өнiм;
- белгiлi бiр елдiң кемесi мен немесе оны жалға алған кемемен
алынған теңiз балық аулау кәсiпшiлiгi өнiмi мен теңiз
кәсiпшiлiгiнiң басқада өнiмi;
- белгiлi бiр елдiң қайта өңдеушi кемесiнiң бортында аталған
өнiмнен ғана алынған өнiм;
- белгiлi бiр елдiң теңiз түбiн немесе сол теңiздiң қойнауын өңдеуге
араналған ерекше құқықтары болған жағдайда, осы елдiң аумақтық
суларынан тыс жерлердегi теңiз түбiнен немесе теңiз қойнауынан
алынған өнiм;
- өндiрiстiк немесе қайта өңдеу жөнiндегi өзгеде операциялар
нәтижесiнде алынған қалдықтар мен металл сынықтары сондай-ақ сол
елде жиналған және тек шикiзат күйiнде қайта өңдеу үшін ғана
жарамды, пайдалануға болған бұйымдар;
- белгiлi бiр елге тиесiлi не оны жалға алған ғарыш кемелерiнде
ашық ғарышта алынған жоғары технологиялар өнiмi;
- белгiлi бiр елде аталған өнiмнен ғана дайындалған тауарлар;
- белгiлi бiр елде аталған өнiмдер өнiмiнен ғана өндiрiлген
тауарлар;
- белгiлi бiр елдiң аумағында өндiрiлген электр энергиясы.
Тауарды жеткiлiктi дәлежеде қайта өңдеу өлшемдерi:
-егер тауарларды өндiруге екi және одан көп қатысса, заңдардың
ережелерiне сәйкес жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiне сай
келетiн тауарларды қайта өңдеу немесе дайындау жөнiндегi соңғы
операцияларды жүзеге асырған ел тауарлардың шағарылған елi болып
есептеледi.
Тауарды белгiлi бiр елде жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеудiң
өлшемдерi мыналар болып табылады:
-сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша тауар
кодының тауарды қайта өңдеу нәтижесiнде болған алғашқы кез келген
төрт бөлiгiнiң денгейiнде өзгеруi;
-бұл операциялар орын алаған ел тауардың шығарылған елi болып
есептелуi үшін жеткiлiктi өндiрiстiк немесе технологиялық операцияларды
орындау;
-тауар құнының проценттiк үлесi түпкi өнiмiнiң бағасында тркелген
үлесiне жеткен кездегi тауар құнының өзгеруi;
-нақты тауарларға қатысты аталған жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
-адвалорлық үлес ережесi қолданылған жағдайда құн көрсеткiштерi;
-импортталған тауарлар үшін—бұл тауарлардың оларды түпкi өнiм өндiру
жүзеге асырылатын елге асырылатын елге әкелу кезiндегi келендiк құны
бойынша немесе импорталған тауарлардың шығу тегi белгiсiз болған
жағдайда олардың түпкi өнiм өндiру жүзеге асырылатын елдiң аумағында
алғашқы сатылуының құжат арқылы расталған бағасы бойынша, түпкi өнiм
үшін-сатушының тауарды тиеу, кедендiк ресiмдеу және ресiмдеу, экспорт
елiнен әкету шығыны қосылмайтын зауыт бағасы бойынша есептеп шығарылады.
Тауардың белгiлi бiр елде жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемiне:
-тауарды сақтау немесе тасымалдау кезiнде олардың сақталуын
қамтамасыз ету жөнiндегi операциялар;
-тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiндегi
операциялар;
-бекiту материалдарының көмегiмен не жапсыру, пiсiру дәнекерлеу
немесе желiмдеу арқылы тауар компоненттерiн құрастыру деп түсiнiлетiн
қарапайым құрастыру операциялары;
-егер түпкi өнiмнiң сипаттамалары араластырылған тауарлардың
сипатамаларынан ерекшеленбейтiн болса, әр түрлi елдерде шығарылатын
тауарларды араластыру;
-мал сою;
-жоғарыда аталған операциялардың екi немесе оданда көп санының
құрамдастырылуы сай келмейдi деп есептеледi.
Егер тауарлардың жекелеген түрлерiне немесе Қазақстан Республикасы
тарифтiк преференциялар беретiн қандай да бiр елге қатысты Қазақстан
Республикасыынң кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың шығарылған
елiн анықтауды ерекшелiктерi өзгеше ескертiлмесе, жалпы тәртiп
қолданылады, егер тауарларды қайта өңдеу немесе дайындау жөнiндегi
операцияларды жүзеге асыру нәтижесiнде сыртқы экономикалық қызметтiң
тауар номенклатурасы бойынша коды алғашқы кез келген төрт белгiнiң
денгейiнде өзгерген болса, тауар сол елде шығарылған болып есептеледi.
Бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрде жеткiзiлген тауарлардың
шығарылған елiн анықтау
Бiрнеше лек етiп жеткiзiлетiн бөлшектелген немесе құрастырылмаған
түрдегi тауарлардың шығарылған елiн анықтау кезiнде, егер өндiрiстiк
немес не көлiктiк жағдайлары бойынша оларды лек етiп тиеу мүмкiн
болмаса, сондай-ақ тауарлар легi тауар ретiнде қарастырылады.

2.2. Кеден төлемдерiн, кеден бажын рәсiмдеу әдiстерi
Кедендiк рәсiмдеудi жүргiзу кезiнде заңдарда белгiленген тұлғалар
кеден органдарына кедендiк мақсаттар үшін қажеттi құжаттар мен
мәлiметтердi беруге мiндеттi болып табылады және кеден органдары орындалуын
бақылауын кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңдары
талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажеттi құжаттар мен
мәлiметтердi талап етуге құқылы және кедендiк мақсаттар үшін қажеттi
құжаттардың тiзбесi және оларды беру мерзiмi заңдарда белгiленедi. Кеден
органдарының кедендiк рәсiмдеу кезiнде құжаттарда кеден органдарын
шешiмдерiн қабылдауға әсер ететiн негiзгi деректердi өзгертпейтiн қате
басылған жазбалар, техникалық немесе грамматикалық қателер болуы себептi
құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ, сонымен қатар кеден
органдарына кедендiк мақсаттар үшін қажеттi құжаттар электронды түрде
берiлуi мүмкiн. Бұл құжаттарды беру мен сақтау шарттарын кеден iсi
мәселелерiн жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
Кедендiк төлемдер салудан босату үшін жүктердi, багажбен жолаушыларды
тұрақты халықаралық тасмалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ
жол жүру кезiнде, аралық аялдама бекеттерiнде оларды пайдалануға қажеттi
немесе көлiк құралдары апаттарының зардаптарын жою үшін шет елден сатып
алынған материалдық—техникалық жабдықтау заттары, керек—жарақтар, отын,
азық-тұлiк тағы басқа мүлiктер жатады, теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн
Қазақстандық тұлғалар жалдаған теңiз кемелерiнiң өндiрiстiк қызметiн
қамтамасыз ету үшін кедендiк аймағынан тыс жерге әкетiлетiн
материалдық—техникалық жабдықтау заттары, керек жабдықтар, отын, азық тұлiк
және сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн
кәсiпшiлiк өнiмдерi, ұлттық және шет ел валютасы немесе Қазақстан
Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының алдын алу және ашу, тергеу
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамы объектісін анықтаудың кейбір мәселелері
Республикасының кеден аумағына әкелінуі
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Кедендік бақылау жүргізу кезінде құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі
Тауарлардың кедендік құнын айқындау
Кедендік қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Тауар мен көлік құралдарының кеден шекарасынан өту тәртібі
Пәндер