Оғыздар және ғұндар


Жоспары:
1. Оғыз мемлекеті
2. Қарахандар мемлекеті
Оғыздар және ғұндар
Амударияның солтүстік аймағында тұркілердің пайда болуы VII ғасырға жатады. Араб жаулап алушылары сол VII ғасырдың өзіңде-ақ Қарлұқтарды Бадахшаннан "тауып алған" еді. Содан бері Бадахшанда өзбектің Қарлұқ руы тұрады. .
Араб географтары Амударияның солтүстігіңде өмір сүрген бірден-бір тұркі тұқымы халаадж халқы деген болатын. Қазір халаадждар (хазарлар) иранда тұратын тұркілер арасында да кездеседі.
VI-VIII ғасырлардағы Тұркі империясынан кейін оғыздардың батысқа жасаған жорықтарының алғашқысы IX ғасырдың аяғындағы печенегтер соғысы еді. Печенеггер өзге оғыздардан ерте бөлінген. IX ғасырдағы араб географтары печенеггер оғыздардан бөлініп шыққанға дейін-ақ жеке халық болған дегенді айтады. Ол кезде печенегтер хазарлардың шығыс көршісі болған.
922 жылы Ибн Фадлан Бұл елден печенегтердің аздаған қалдықтарын ғана тапқан. Олардың негізгі бөлігі хазарлар мекенін кесіп өтіп, оңтүстік Ресейге барып тұрақтанған. Бұл жерде печенегтер Святославь заманынан бастап Киевке үнемі қауіп төндіріп отырған. Печенегтердің Руське жасаған жорықтары және оларға орыс князьдарының қарсы күресі женінде жылнамаларда жиі айтылады.
Оғыздар Каспий-Арал өнірінде VII ғасырда пайда болды. Шамамен VIII ғасырдың орта шенінде оғыздар Жетісудан Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі алқаптарына қарай жылжи бастаған. Ал IX-X ғасырда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағында оғыз этносы бірте-бірте қалыптасты. Оғыздардың этникалық құрамында Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген ежелгі тұркі тайпалары болды. Олар Жетісу мен Алтайдағы көшпелі және жартылай көшпелі рулар мен тайпалардан еді.
IX ғасырдың соңы мен X ғасырдың ортасында Арал және Каспий теңіздері маңындағы аймақтарда Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталығы Янгикент (Жаңакент) қаласы болды.
Оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі ағысына дейінгі байтақ өлкені мекендеді. Олар Ырғыз, Жайық, Ембі, Ойыл өзендерінің алқабында, Сырдария мен Қаратаудың бөктерінде көшіп-қонып жүрді. Негізінен Арал теңізі маңында, Каспийдің солтүстігі мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендеді. Орта Азияға, Шығыс Еуропаға, Шығыс Қазақстан мен Монғолияға баратын керуен жоддары-ның тоғысқан жеріне орналасқан Янгикент қаласы X ғасырда гүлдену шегіне жетті. Мемлекет басында жоғарғы екім - "яғбу" (оғыздарша - жағбу) тұрды. Олардың орынбасарлары күл-еркіндер деп аталды. Жағбу сөз жүзіңде хан болып сайланғанымен, іс жүзінде мемлекет билігі атадан балаға мирас болып қалып отырды.
Оғыздардың бас хандары әскери демократия кезінде халық жиналыстарының қайталанған тұрі іспеттес кеңестерде сайлаңды.
Жағбу мемлекетінде оғыз ескерлерінің бас жетекшісі (лауазымы - "сю баши") үлкен рөл атқарды. Оның есімін еуропа оқымыстылары арабтық емле ережесінің негізінде "Селжук" деп атап кеткен. Тұркі фонетикасьшьщ зандарында қарама-қайшы келеттн атау еуропалық тарихи ғыльщда осьшай қалыптасып кетті. (1992 жылдан бері Егеменді Тұрікмен мемлекетінің президенті Сапармұрат Ниязов өз елінде президенттік лауазыммен бірге "сю баши" (тұрікмен басы) деп те аталады) .
Оғыздар мемлекетінің саяси өміріңде сюбашы ("селжук") араласып, кейде жағбуға да қарсы шығып отырды. Каспий-Арал өңіріңцегі оғыздардың мемлекеті өзінің саяси және әлеуметгік құрылымы жағынан феодалдық мемлекет болды. Мүнда ескі ру-тайпалық институттар жойьшып, феодалдық қатынастар дамьщы. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың басында Оғыз мемлекетінде тұрақты салық жүйесі қолда-нылды. Мемлекетте белгілі басқару аппараты қалыптасты. Оғыздардың басым көпшілігі негізінен көшпелі малшаруашылығымен - қой, жылқы, түйе, сиыр өсірумен, аң аулаумен шүғыдданды. Ибн Фалах (X ғ. ) 10 000 жылқысы бар оғыз ақсүйектерінің болганын жазады. Көшпенділермен қатар, отырықшы, жартылай отырықшы оғыздар да болды. Олар Мақмуд Қашқаридің айтуышпа Сырдария алқабындағы қалаларды - Қарнақ, Сүткент, Сығанақ және Фарабты мекендеді. Отырықшы оғыздар негізінен егіншілікпен, қол-өнерімен айналысты, тұрлі аяқ киім тікті, ыдыс, әшекей бүйымдар жасады. Оғыздардың шаруашылығында зат айыр-басы мен сауда маңызды орын адды. Жетісу, Хорезм, Мауреннаһрмен сауда жасауда Сырдария алқабывдағы қалалар - Янгикент, Сауран елеулі рел атқарды. Оғыздар шетке мал, ет, тері, аң терісін, малахит шығарып, соғыс кезінде қолға түскен адащардан құл саудасын өрістетгі. X ғасырда оғыздар арасына бірте-бірте ислам діні тарады.
965 жылы оғыздар Киев Русімен одақтасып, Каспий теңі-зінің Солтүстік-шығыс жағалауларыңцағы жерлерді иемденген ежелгі Хазар қағандығын талқандады. 986 жьшы оғыздардың жабғуы орыс княздарымен бірге Еділ - Кама Бұлғарларын күйрете жеқді. Мүның бәрі оғыз мемлекетінің саяси қуаты-ның артуына жағдай жасады.
Алайда шамадан тыс ауыр салыққа наразы болған басқа тайпалар мен феодал-ақсүйектердің езгісіне қарсы болған халықтың біріккен қозғалыстары X-XI ғасырларда Оғыз-дардың мемлекетін дағдарысқа үшыратьш, құддырауға түсірді. Ішкі қайшылықтар әлсіреткен Оғыз мемлекетін XI ғасырдың ортасьшда қыпшақтар талқавдады. Оғыздың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүсгік орыс далаларына қоныс тепті. Селжуктар бас-қарған басқа бір бөлігі Алдыңғы Азия елдерін жаулап алды.
Кейіннен бірнеше мемлекет пайда болды (Селжук мем-лекеті - Селжук өулеті билеген мемлекет, ең ірі Конии сүлтандығы) . Ал оғыздың солтүстік-батыстағы бөліктері бер-тін келе Еділдің төменгі ағысындағы Бұлғарлармен (татар-лармен), оңтүстік бөлігі Ораддағы башқұрттармен қосылып, сіңісіп кетті.
Сырдария, Арал алқаптарындағы және оңтүстік Каспий маңын мекендеген оғыз тайпалары казақ тарихында айтарлықтай із қалдырды. Тарихи деректерде оғыздар қазақтың арғы тегінің бірі ретінде аталады.
Оғыздар - тарихи тұрғыда тұрікмендердің, езбектердің, қарақалпақтардың түпкі аталарының бірі.
Сонымен огаздар тұрікхалықтарының ішіңцегі өсіп-өнген мол тармағы еді. Сондай-ақ үзына тарих бойында саяси тұрғьщан да, мәдени тұрғыдан да аса маңызды рөл ойнаған бір тармағы болатын. Оғыздар печенектерді батысқа ығысты рып жіберген соң олардың орнын нық басып тұрақтады да мүсьшман дінін қабылдап, әйгілі Селжук мемлекетін құрды. Османлыларды өз ішіне алғанда күллі орта шығыс пен Анадолыда бой кетерген мемлекеттер мен бекеттердің бір, екеуін айтпағанда барлығын дерлік оғыздар құрғандығы белгілі. Бұлардың ішінен бір атасы негізгі қауымнан оқшау-ланып, Балқанға дейін шығандап кетгі. Оларды Византиялық жазбалацвда "Үз" деп жазып кедді. Ал орыс жазбалары XI ғасырдың орта шенінде Қара теңіздің оңтүстігінде бой көрсетісен оғыздар тобын Төрк деген атпен атай бастады.
Оғыздардың Балқанға кіруі және соңғы шоғы. Асал мен Хазар аймағында тұрып жатқан оғыздардың бір бөлігі солтүстіктегі қыпшақтардың қысымымен батысқа үдере көшуге мәжбүр бодды. Осы Оғыздар тобы тоқтаусыз ілгерілей отырып:, Дунай жағалауына және ол жерден Балқан өңіріне жетіп тоқтады. Тракия мен Македонияны жаулап алады. Сол кезде аяқ астынан түсе қалған қатты суықтың арты қатерлі жұқпалы дертгің таралуына үласып, уздарды бүтіндей есеңгірете титықтатып кетті. Осы орайды пайдаланған жергілікті халықтар мен ежелгі дүшпандары Печенектердің шабуыдщарына төтеп бере алмай, быт-шыт бола жеңіліп, тозып кетті. Оғыздардың аман қалған азын-аулақ бөлігі Балқан мен Македонияға жетіп орнықты. Бірақ уақыт өте келе олар да бетен: халықтар арасында еддігін сақтап қала алмай бүтіңдей сіңісіп кетті.
Оғыздың XI-XIII ғасырларда Закавказье мен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы Әзірбайжан, тұрік, гагауыз халықтарының этногенезіңде маңызды рөл атқарды және тұркі халықтарының қалыптасуына үлкен үлес қосты.
940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж. ) . Негізін салған Сатұқ Боғра хан (915-955) . 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды.
Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30-ж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталыпы Бұқарда болған, қарауына ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі - қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.
Арслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады.
1056 ж. Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-1102) - Қашғар, Баласағұн мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжұқ сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz